Ғылым
Облыс әкімі Шэньси провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті.Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік.Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Аталған саланың үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7% - дан астамын құрайды және 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947421
Облыс әкімі Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947441
Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды.Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947720
Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты 04.03.2025
Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.Екінші айналымда ол италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948067
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды 04.03.2025
Теміртауда қазіргі заманғы техника және жабдықтармен жабдықталған жаңа өрт сөндіру депосы ашылды, бұл құтқарушыларға төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Онда 48 маман жұмыс істейтін болады.Депо ашу қажеттілігі бұрыннан бар. Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүктемесі үлкен. Жазғы кезеңде құтқарушылар шақыруларға тәулігіне 30–35 рет шығады. Мәселе облыс әкімдігінің қолдауымен шешілді. 1993 жылы салынған бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.Депоның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.– Қосымша қаражат депоны заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ құтқарушылардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Біз ТЖ қызметінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды жалғастырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларға жаңа арнайы техниканың кілтін табыс етті. Депо паркі төрт автоцистернамен, жедел әрекет етуге арналған екі қызметтік автомобильмен, қайықпен, сондай-ақ заманауи автосатымен толықтырылды.– Теміртауда мұндай өрт сөндіру бөлімі болған емес. Көлемі, техникамен жабдықталуы, атқарылған жұмыстардың деңгейі мен сапасы тұрғысынан да мұнда құтқарушыларға жағдай жасалған, пәтерлер, жатақхана бар. Осының бәрі жедел әрекет етуге серпін беріп, қызметтеріміздің сапасын арттыруға тиіс, – деп атап өтті Шыңғыс Арынов. – Жаңа өрт сөндіру депосының ашылуы – қаланың, оның тұрғындарының және өнеркәсіптік кешеннің қауіпсіздігіне қосқан үлесі.Ғимаратты қайта жөндеу кезінде өрт сөндіру депосының қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Үшінші қабатта әкімшілік блок орналасқан.Бірінші және екінші қабаттар оқу сыныптарына, акт және тренажер залдарына, жуыну бөлмелеріне, асханаға берілген. Сондай-ақ, депо ғимаратында екі қызметтік пәтер бар, олар толық жабдықталған.Онда екі жас отбасы тұрады.– Енді барлық құтқарушылар бір жерде тұрады. Мұнда Теміртау ТЖ басқармасының қызметкерлері, өртке қарсы қызмет, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен құтқарушылары болады. Бұл барлық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Теміртау ТЖБ бастығының орынбасары Владислав Карушулаков.Жаңа өрт сөндіру депосы Теміртаудың шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соның ішінде көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар, Qarmet болат департаменті және Шығыс аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.Сондай-ақ, депоның орналасқан жерін ескере отырып, ол республикалық трассаға жақын орналасқан, қызметкерлер жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға тез арада көмек көрсетуге бара алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948071
Қарағандыда қысқы Азия ойындарының жеңімпаздары марапатталды 04.03.2025
Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық спринтте жеңіске жетіп, жеке жарыста чемпион атанды. Ал квартет құрамында күміс алды. Алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның ерлер құрамасының құрамында қарағандылық Александр Борисевич ойнады.Қарағанды облысының әкімдігінде Азия ойындарының чемпиондары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.Олар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Аймақ басшысы мен қарағандылықтардың атынан спортшыларды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтады.– Сіздер Қарағанды өңірінің спорттық дәстүрі мықты екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз - өңірдің жақсы имиджі ғана емес, сонымен қатар ең алдымен өскелең ұрпақ үшін үлгі және спортпен айналысуға ынталандыру. Болашақта да біздің облысымызды, елімізді ұлықтауды жалғастырасыздар деп күтеміз, – деп атап өтті Әлібек Әлденей.Теміртау тумасы, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Владислав Киреев биатлонмен 16 жыл айналысып келеді. Ол Раис Хайрутдиновтың жетекшілігімен жаттығады. Республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері және жеңімпазы. 2022 жылы Пекинде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан.– Харбиндегі жеке жарыстарда жеребе тастау нәтижесінде соңғы болып өнер көрсететін болдым. Бұл тиімді позиция болды. Мәреге жеткен бетте құттықтай бастады. Бірақ толқуым ұзаққа созылды. Подиумға шыққаннан кейін ғана «жеңдім!» дегенге сене бастадым. Оның үстіне бұл күні Қазақстанда екі медаль болды, – деп бөлісті Владислав Киреев. – Астана әуежайында бізге салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Бізді қолдағаны қуантады. Одан әрі нәтижелер тек өседі деп үміттенемін.Басты мақсат – 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу. Алда биатлоннан Әлем кубогының үш кезеңі күтіп тұр – Чехия, Словения және Норвегияда. Алдағы халықаралық жарыстар 6 наурызда басталады.Александр Борисевич қарағандылық хоккейдің барлық жүйесінен өткен. Кезінде түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғаған. Ұлттық құраманың құрамында ол алғаш рет өнер көрсетіп отырған жоқ және ұзақ уақыт тұрақтауға үміттенеді.– Қысқы Азия ойындарында бірінші орын алу міндетіміз болды, оны орындадық. Финалда жапондармен ауыр ойын болды, бірақ біз жеңдік. Бұған дейін турнир иелері - Қытай құрамасын жеңген болатынбыз. Мамыр айында Швеция мен Данияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құрамаға іріктеуден өтуге үміттенемін, – деді Александр Борисевич. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948083
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды 04.03.2025
Егембердиев Нартай Әлібекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.1990 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман шаруашылығы», 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2014 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ инженері болып бастаған.Әр жылдары «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы»-ның сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның сарапшысы қызметтерін атқарған.2021 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның бас сарапшысы лауазымында еңбек етіп келді.2023 жылғы мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948503
Облыс әкімі Байзақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады 04.03.2025
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында Сарыкемер ауылындағы кәріз суларын тазарту жүйесінің жұмысымен танысты.Мамандардың айтуынша, алдымен кәріз сулары сорғы станциясына түседі. Сүзгіден өтіп, тазарту қондырғыларына жіберіледі. Барлық сатыдан өткен соң, қолданыстағы суару арнасына құйылып, суармалы алқапты ылғалдандырылуға пайдаланылады. Қондырғының сыйымдылығы 550 м³ құрайды.Мұнда 3 оператор еңбек етеді.Облыс әкімі нысан жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Бұдан соң 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің сапасын тексерді. Бұл баспаналар ақпан айының басында ел игілігіне тапсырылған. Құрылыс жұмыстарын «Бином» ЖШС жүргізген. 5 қабатты қос үйдің жалпы ауданы 6 624 шаршы метр, мұнда 1-3 бөлмелі пәтерлер қарастырылған.Ербол Қарашөкеев баспана мәселесін шешу маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, аудан әкімдігіне тұрғын үй құрылыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.Айта кетейік, Байзақ ауданында биыл 39,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде (2024 жылы- 38,7 мың ш.м.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948565
Қазақстанда дәрігерлердің тапшылығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 19%-ға төмендеді 04.03.2025
2024 жылы дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға - 4 864-тен 3 954 маманға дейін қысқарды, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға, 4 820-дан 4 505-ке дейін төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында.Ең тапшы мамандардың тізімінде терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар мен педиатрлар қалуда.Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында ауылда әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда өткір тапшы мамандықтар бойынша 207 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер жүргізілді.Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнына келген 544 дәрігер, оның ішінде 2024 жылғы 226 түлек әлеуметтік қолдау шараларын алды.Медицина қызметкерлерін, оның шеңберінде 164 мың маманды құқықтық қорғау мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы Заң қабылданды.Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарды даярлауға квоталарды 1500-ден 2500 орынға дейін ұлғайтты және мамандарды өңірлер бойынша біркелкі бөлу үшін кадрларды есепке алудың ұлттық жүйесін (КЕЖ 2.0) енгізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/948092
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай батырдың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті 04.03.2025
Облыс әкімі Қобда ауданына жұмыс сапары кезінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жері «Әлия» ауылында болды.Әлия ауылы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде мыңнан астам тұрғын бар. 100 жылдық мерейтойға орай ауылдағы Мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұған облыстық бюджеттен 74,4 млн теңге бөлінді. Мәдени ошақтың есіктері жаңаланып, едені мен шатыры ауыстырылды, қабырғалар әктеліп, жаңа плиткалар төселді, бейнебақылау камералары орнатылды, көше жарығы қойылып, тротуарлары алынып, ауласы абаттандырылды.Ауылдық модельдік кітапхана да осы мәдени нысанның ішінде орналасқан. Халықтың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, театрландырылған қойылымдар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылады.Кітапханашы Кенжегүл Князова мерген қыздың 100 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада батырға арналған еске алу кешін және өзге де танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.Сондай-ақ, өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие орталығында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.Орталық 2005 жылы Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай ашылды. Мұнда батыр қыздың өмірі мен ауыл тарихына арналған жәдігерлер қойылған мұражай бар.Жөндеу барысында орталық ғимараты толығымен жаңғыртылды. Қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды, су және электрмен жабдықтау жүйесі ретке келтірілді, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Плиталар төселіп, жылыту қазандығы жаңаланды.Аймақ басшысы бұл орталықтың жастарға патриоттық тәрбие беруде және даңқты батыр қыз туралы құнды тарихты сақтап қалуда маңызы зор екенін атап өтті. Мәдени орда жас ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік пен олардың бойында патриотизмді тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948146
БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ 04.03.2025
Шымкентте көлік қозғалысын оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар кептелістерді азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.– Атап айтқанда, бүгінде Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтағы бағыттар өзгерді. Бәйдібек би және Арғынбеков көшелері арқылы айналмалы жолға қосылатын автокөліктер 2 жолақтан да өтуге мүмкіншілік қарастырылып, жол таңбалары сызылды.– Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында жол қозғалысы бағыттарына өзгерістер енгізілді. Яғни, Шаяхметов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына екі жолақтан оңға бұрылуға мүмкіншілік жасалып, жол белгісі орнатылды.– Арғынбеков – Назарбеков көшелерін жалғайтын «Рахима плаза» сауда үйі маңындағы көшемен екі бағытты көлік қозғалысы ұйымдастырылды.– Бәйтереков көшесінен Н.Назарбаев даңғылына солға бұрылуға қосымша секция орнатылды.– Шаяхметов көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында Шаяхметов-Арғынбеков көшелерінің қиылысында қосымша секция орнату жоспарлануда. Шаяхметов көшесіне келе жатқан кезде сол жаққа бұрылуға арналған қосымша секция кептелістерді азайтуға және қозғалысты оңтайландыруға көмектеседі.Қала көшелеріндегі көлік ағынын реттеу, қозғалысты оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948060
Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 04.03.2025
Бүгін ұлы ақын, өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 179 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы тау тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағылымды шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ақын, ақындар, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері мен тараздықтар қатысып, тұлға рухына тағзым етті. Айта кетейік, бүгін бір ғасырдың куәсі болған Жыр Алыбының туған күніне орай «Баласағұн» ОКЗ-де дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948014
Қазақстандық тасымалдаушы Астанадан Самарқандқа тұрақты әуе рейстерін іске қосады 04.03.2025
QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астанадан Самарқандқа Түркістан транзитімен тұрақты рейстер ашады. Бұл бағыт бойынша алғашқы ұшу 1 мамырға жоспарланған.Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері келесі кесте бойынша ұшады:- бейсенбі:IQ369 Астана 16:15 – Самарканд 20:00 (Түркістандағы түйісу 1 сағат);Самарқанд IQ510 21:00 – Астана 01:30 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);жексенбі:IQ369 Астана 07:25 – Самарканд 11:00 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);Самарқанд IQ510 12:00 – Астана 15:30 (Түркістандағы түйісу 40 мин.).Рейстер канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 өндірісінің жайлы және заманауи ұшақтарымен орындалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946724
Қарағандыдағы Ten Qogam әлеуметтік бейімделу орталығы жұмысын қайта бастады 04.03.2025
Аз ғана үзілістен кейін Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет көрсете бастады. Әлеуметтік тапсырысты тағы да Qamqor Plus мүгедектер қоғамдық бірлестігі алды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар алдағы үш жыл бойы қажетті көмекті тегін ала береді дегенді білдіреді.Орталықтың негізгі мақсаты – Қарағандыда тұратын 18 жастан асқан мүгедектерге ақпараттық және ресурстық қолдау көрсету. Орталық үш жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам мен еңбек ортасына кірігуіне жағдай жасау үшін белсенді жұмыс істеп келеді. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және психологиялық қолдау, заң көмегі.– Орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, – деп түсіндірді орталық басшысы Нияз Сүндеталиев. – Бұл жерге өзінің проблемасымен келген мүмкіндігі шектеулі адам шешім қабылдай алады. Біз жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімімен және басқармасымен, қалалық және облыстық әкімдіктермен, Еңбек ұтқырлығы орталығымен тікелей өзара іс-қимыл жасаймыз.Өмірдің түрлі аспектілері бойынша көмек алуға болатын бірыңғай кеңістік құру идеясы мүгедектігі бар адамдардың өмірін жеңілдету ниетінен туындады. Олардың бірі бола тұра, Нияз Сүндетәлиев мүгедектер үшін «қолжетімді» ортаның қаншалықты қол жетімсіз екенін сезінді.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының пікірінше, мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік көмек сұрап келгендермен жедел байланыста бола алады.– Бұл жоба мемлекеттік органдар мен мүгедектігі бар адамдардың сұраныстарын біріктіру және проблемаларды жедел шешу үшін көпір болып табылады, – деп есептейді Қарағанды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытнұр Талипова. – Болашақта бұл жоба бұдан да жақсы нәтижелер көрсетеді деп ойлаймын.Орталық жұмысының құрамдас бөлігінің бірі психологиялық көмек көрсету және қолдау көрсету. Психолог қатысушыларға олардың мықты жақтарын анықтауға, мансаптық жоспар әзірлеуге және жаңа жұмыс орнында жұмыс іздеуге немесе бейімделуге байланысты ішкі кедергілерді еңсеруге көмектесетін жеке кездесулер өткізеді.Ашылу күні орталықта кеңес алуға келгендерге психологиялық тренинг өткізілді.– Бізге ең бастысы қарым-қатынас жетіспейді. Көбісі төрт қабырғаға қамалып, үйінен ешқайда шықпайды, – дейді мүгедектігі бар қарағандылық Меруерт Смағұлова. – Мүгедектікке дейін мен әдеттегідей өмір сүріп, жұмыс істедім. Қазір де жұмыс істегім келеді, сондықтан осы жерге көмек сұрап келдім.Ten Qogam-ды үлгі етіп, Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарында осындай орталықтар құрылады.Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы Қарағанды қаласы, Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығының ғимараты, Тәттімбет көшесі, 709, 5 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946884
Қарағандылық оқушылар АҚШ-та робототехникадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды 04.03.2025
«Мұрагер» МЛИ-ның екі командасы бірден Гран-при мен робототехника бойынша беделді әлемдік турнирге жолдамаға ие болып, 1–11 (12) сынып оқушылары арасында First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship халықаралық жарыстарында жеңіске жетті.Чемпионат 2014 жылдан бері өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде командалар саны 20-дан 400-ге дейін өсті. Жарысқа Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Қазақстанның барлық өңірлерінен мықты командалар қатысты.Биыл чемпионат робототехника, инженерия және дрондар жарысы бойынша жарыстарды біріктірді, олардың арасында Aspan Cyber Race, Aspan Drone Competition, Aspan Whoop Race және Aspan Drone Race бар. Қатысушылар First Lego League (4–16 жас) және First Tech Challenge (16–18 жас) сияқты бағыттарда машықтарын көрсетті.Су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық проблемаларына арналған жарыстарға Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының төрт командасы қатысты. FIRST LEGO League Challenge санатында «M2T» командасы Autonomous genius award номинациясын алды, ал Rasslexx командасы Гран-при мен Хьюстондағы (АҚШ) әлемдік кезеңге жолдаманы жеңіп алды.– Біз Rasslexx командасымен бірге инновациялық жобаны - адамның кеме бортынан құлауын қадағалайтын GPS-трекерді ұсындық. Егер ол орын алса, трекер капитанға белгі беріп, дәл координаттарын береді, ал детектор-камера арқылы суға құлаудың қайдан және қалай болғаны көрінеді, – деді оқушыларды чемпионатқа алып барған мектеп менторы Жанәділ Шәкәрім.FIRST Tech Challenge категориясында FTC роботтарының сайысы қызу өтті. Бірақ мектептің Jeltoqsun командасы Inspire award және Winning alliance partner award номинацияларынан басқа, Хьюстонда өтетін әлемдік кезеңге жолдама алды.– Біздің командада қазылар алқасын бағалаудың барлық критерийлері бойынша үздік болып шыққан инновациялық жоба болды, – дейді Жанәділ Шәкәрім. – Біздің жобаның ерекшелігі роботтың өзінде ғана емес, сауатты жазылған кодтарда, соның арқасында ол өз миссияларын тұрақты орындады. Бір тапсырмаға сәйкес, біздің роботтарымыз картадан өтіп, екі жарым минут ішінде 15 миссияны орындауға тиіс болатын. Бұл жерде біздің команданың нәтижесі үздік үштікке енді.Сонымен қатар, мектеп жоғары жетістіктері үшін Recognition award номинациясы бойынша марапатталды, ал 11-сынып оқушылары Руслан Огай мен Алина Әнірова Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға төрт жылдық грант алды. Қазір оқушылар қандай факультетке оқуға баруды таңдау алдында тұр.Ал Jeltoqsun командасының капитаны Ақбар Ермеков АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бірінде оқу грантына бүкіл әлем бойынша іріктелген жиырма үміткерлердің қатарына енді.– Мен робототехникалық жарыстарға 8-сыныптан бастап қатысамын және қазірдің өзінде үлкен табыстарға қол жеткіздім. Қарағандыдағы Roboland байқауына қатысып, Алматыға, Астанаға, американдық Вустер қаласына бардым. Біз барлық жерде сәтті өнер көрсетіп, марапаттарға ие болдық. Осының бәрі болашақтағы өмірлік жолдарды да анықтауға көмектесті: ІТ саласында жұмыс істегім келеді, – деп бөлісті Ақбар Ермеков.– Біздің оқушылар тек мектепті ғана емес, біздің облысты да 3 мыңнан астам оқушы қатысқан халықаралық жарыстардағы жетістіктерімен танымал етті, – деп атап өтті «Мұрагер» МЛИ директоры Нұрғазы Өтебаев.Қазақстандық оқушылар халықаралық аренада бірнеше рет әлем алтынын жеңіп алды: жас инженерлер Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үздік деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946984
Қарағанды облысында шығындарды оңтайландыру үшін бірқатар басқармаларды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды 04.03.2025
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс ХХІІІ сессиясында өңірді басқарудың жаңа схемасын бекітті. Қайта ұйымдастыру жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және шығыстарды оңтайландыру үшін жүргізіледі.— Өңірді басқарудың қолданыстағы схемасына өзгерістер енгізу шығыстарды оңтайландыруды, бейінді емес функцияларды қысқартуды және бюджет қаражатын үнемдеуді көздейді, — деп атап өтті Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиев.Бiрнеше басқарма бiрiктiрiледi: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; кәсіпкерлік және өнеркәсіп; қаржы және мемлекеттік активтер. Сондай-ақ сыртқы байланыстар функциясы бар туризмді басқару құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947093
Балқашта демалыс орындары көбейеді 04.03.2025
Қарағанды облысының Балқаш қаласында жергілікті билік туристер ағынын арттыру үшін жағдай жасауға тырысып жатыр. Өткен жылы үш жаңа демалыс аймағы пайда болды, биыл тағы алтауы қосылуы мүмкін.Бұл туралы Балқаш әкімі Сапар Сатаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.Оның айтуынша, өткен жылы Балқаш курорттық аймағында демалушылар саны 30%-ға жуық өсіп, 121 мың адамды құраған. Туристерді 99 нысан қабылдады.— Өткен жылы үш демалыс аймағы пайдалануға берілді. Биыл жалпы инвестиция сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын алты туризм нысанын іске қосу жоспарланған, — деді Сапар Сатаев.Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы басталады. Демалыс аймақтары орталық сумен жабдықталады.Сонымен қатар, биыл жағажай мен қала жағалауын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.Балқаш әуежайын қайта жаңарту жалғасуда. Қазір арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы және аэровокзалды қайта жаңарту жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.«БалқашTourfest» фестивалі дәстүрге айналды. Өткен жылы оған 30 мыңнан астам адам жиналды. Биыл одан да көп болады деп күтілуде.— Фестивальдің басты мақсаты — Балқаш қаласының брендін туристік орталық ретінде қалыптастыру және ілгерілету, — деп атап өтті қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947219
Қарағанды облысында Алғыс айту күні қалай атап өтілмек 04.03.2025
Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні. Ол 2016 жылы қазақ халқына өткен ғасырдың 30–40-шы жылдары қоныс аударушыларға көрсеткен қонақжайлылығына алғыс білдіру үшін құрылған болатын. Қарағанды облысында бұл күні концерттер, қайырымдылық акциялар, фестивальдар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және т. б. шаралар өтеді. Қарағанды28 ақпанда сағат 12:00 Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қолөнер – рухани жан серігің» көрме-жәрмеңкесі ашылады. Ол 28 ақпанда сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ 1 және 2 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.1 наурызда сағат 10:00 Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Адамгершілік – асыл қасиет» өңірлік форумы басталады. Форумда «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының басталуы ресми түрде жарияланады.Осы күні сағат 12:00-де қаланың орталық алаңында Тәуелсіздік стеласына гүл қою рәсімі өтеді.Сағат 14:00 Достық үйінде «Мэрцишор-2025» XI румын фольклорының фестивалі басталады. Фестивальдің хедлайнері Молдованың еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ болады. Сонымен қатар, гала-концерт, румындардың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тұрмыс заттарының көрсетілімі, кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Кіру тегін.1 наурызда сағат 12:00 теміржолшылар мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Бір ел – бір халық» халық тұрмысы фестивалі өтеді.Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында «Рахмет саған – туған ел» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Теміртау28 ақпанда сағат 15:00 Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған фестиваль ашылады. Іс-шара қонақтары заманауи Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың тағамдарымен, киімімен, тұрмысымен және дәстүрлерімен интерактивті түрде таныстырылады.1 наурызда сағат 11:00 Металлургтер мәдениет сарайында FOLK SYMPHONY этнофолькоркестрінің қатысуымен «Алғысым шексіз еліме» атты мерекелік концерт өтеді. Сарань1 наурыз күні сағат 11:00 Мәдениет үйінде «Жақсылық жаса» атты салтанатты концерт өтеді.1 наурызда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алғыс айту күніне арналған «Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты іскерлік конференция өтеді. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жұмысының қорытындылары талқыланады.Осы күні қалада «Мың алғыс!» акциясы өтеді. Шахтинск1 наурызда «Жүректен жүрекке» меценаттарға құрмет көрсету рәсімі өтеді.Осы күні «Ақсүйек» спорт клубында ұлттық және үстел ойындарынан жарыстар өтеді.Сондай-ақ, Алғыс айту күні қалада мұқтаж жандарға қажетті заттар мен азық-түлік жиынтықтарын тарату және жалғыз басты зейнеткерлердің ауласын қардан тазарту бойынша қайырымдылық акциялары өтеді. Қарқаралы28 ақпанда Жандарбекова атындағы мәдени-ойын-сауық орталығының сахнасында «Мың алғыс саған, Қазақ елі» атты концерт өтеді.Сонымен қатар, 1–3 наурыз аралығында Алғыс айту күніне орайластырылған бес асық ойыны, шаңғымен жүгіру және волейбол жарыстары өтеді.Аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, мерекелік концерттер, жарыстар ұйымдастырылады. Абай ауданы28 ақпанда «Достық, бірлік және келісім ою-өрнегі» фестиваль-байқауының жеңімпаздары марапатталады.Сондай-ақ, 1 наурызға қарай ауданда көрмелер, қайырымдылық акциялары мен челлендждер өтеді. Ақтоғай ауданы28 ақпанда аудандық мәдени-демалыс орталығында Алғыс айту күніне орайластырылған мерекелік концерт өтеді.Сондай-ақ, аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттер мен қайырымдылық акциялары өтеді. Нұра ауданы28 ақпан күні сағат 11:00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдени диалогтың бірегей үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Бұқар жырау ауданы28 ақпанда «Әртүрліліктегі бірлік» атты дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, мерекеге орай қайырымдылық акциялары мен челлендждер ұйымдастырылады. Приозерск1 наурызда қала көшелерінде тұрғындарға ыстық шай таратылады. Сондай-ақ, Алғыс айту күніне орай сурет байқауы өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947269
Қарағандыда құтқарушы-әскери қызметшілер жаңа арнайы техника алды 04.03.2025
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Қарағандыдағы Мартбек Мамыраев атындағы 52859 әскери бөлімінде ТЖ министрі Шыңғыс Арынов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты. Әскери қызметшілерге жауынгерлік әзірлік пен жеделдікті арттыратын жаңа арнайы техниканың кілті табыс етілді.Бөлімге КамАЗ және Toyota Hilux базасындағы әскери-құтқару автомобильдері берілді. Бұл отандық өндіріс техникасы. Өтімділігі жоғары машиналар заманауи талаптарға сай жабдықталған.– Ведомствоның құтқару әскери құралымдарын заманауи техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету – бұл төтенше жағдайлармен күрестегі жеделдіктің және тиімділіктің кепілі. Біз кез келген сын-қатерлерге, соның ішінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайын болу үшін материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудамыз, –деп атап өтті Шыңғыс Арынов.Министр азаматтық қорғанысты жаңғырту және техникалық жарақтандыру басымдыққа ие болып қалатынын атап өтті. Биыл 72 бірлік техника, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жеке құрамға арналған заманауи киім-кешек, керек-жарақ сатып алынды.– Бүгінгі таңда біздің әскери бөлімге 22 заманауи техника берілді. Бұған дейін парк 2015 жылы жаңартылған болатын. Қазір бізде даму бойынша жұмыстар жүріп жатыр, келесі жылы тағы да жаңа техниканың легі күтілуде, – деді М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің командирі Бағлан Кенбейлов.Шыңғыс Арынов пен Ермағанбет Бөлекпаев офицерлер мен сарбаздардың қызмет жағдайымен танысты.ТЖМ азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік ТЖ-дан қорғау, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындайды.Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Мереке Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен бекітілді. Оның мақсаты – азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және ұлттық құтқару қызметінің беделін көтеру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947684
Жеңіске дейін 100 күн: Қарағандыда музыкалық челлендж өтеді 04.03.2025
Қарағандыда ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске дейін 100 күн» атты музыкалық челлендж қарқын алуда. Жобаның бастамашысы – Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігі.Челлендж аясында бірінші болып Қарағанды джаз оркестрі өнер көрсетті, ол қаланың сауда орталықтарының бірінде соғыс жылдарындағы композицияларды орындады. Олардың музыкасы тыңдаушыларға өткенді еске алып, атмосфераны жылумен және батырлардың ерлігіне деген құрметпен толтырды. Эстафетаны Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі қабылдады. Акцияның келесі қатысушысы «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі.Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығының ғимаратында ұжым қазақтың дәстүрлі күйлері мен әндерін ұсынды. Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ержан Базарбеков өзінің ерекше орындауымен көрермендерді тәнті етті, ал халықаралық конкурстардың лауреаттары Дулат Аханов пен Нұрлытаң Саятқызы орындаушылық шеберлігімен көрермендердің көңілінен шықты.Концерттен кейін ансамбль эстафетаны Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрге табыстады.Ұйымдастырушылар жобаға қатысқысы келетіндерді ардагерлерге музыка арқылы алғыс білдіріп, өткеннің ерлік оқиғаларын еске түсіруге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947691