Ғылым
ШЫМКЕНТ: I, II ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА КӨЛІК КАРТАЛАРЫ ТЕГІН БЕРІЛУДЕ 15.02.2025
Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 14 санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілді. Ол үшін бұл жолаушылар көлік карталарын алып жүру қажет. Осыған байланысты Абай, Тұран аудандары әкімдіктерінде және Avtobys жүйе кеңсесінде көлік карталары сатылуда. Карта бағасы - 550 теңге. Тегін жүретін қала тұрғындары «Avtobys» жүйесінің жаңа карталарын 5-10 минутта оңай ала алады.Сонымен қатар, жүйенің операторы әлеуметтік картаны сатып алмай, барлық жеңілдік санаттары үшін тегін виртуалды тарифке қосылу мүмкіндігін ұсынады.І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік мәртебесі бар тұлғаларға көлік карталары тегін беріледі.Көлік картасын алу үшін қажетті құжаттар:- Жеке куәлік түпнұсқасы.- Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мөрі басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы жеке басын куәландыру үшін ұсынылады).- 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет.- Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.Көлік карталары төмендегі мекен-жайларда сатылады:Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көшесі №12а.Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы №3.Avtobys жүйе кеңсесінде, Бәйдібек би даңғылы №24Б.Колл-орталық: +7 (775) 007 50 50Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936713
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ: 6- КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ 15.02.2025
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 16,3 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Бұл қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытуда іске асырылып жатқан ірі нысандардың бірі.Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Қонаев даңғылының бір бөлігі, Оңтүстік айналма жолына дейінгі аралығында құрылыс жұмыстары аяқталып, көше жарықшамдары толық іске қосылды. Жобаға сәйкес 6 -кезеңнің ұзындығы 2 шақырым, 6 қозғалыс жолағы бар.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936724
ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 27 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ 15.02.2025
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес аудан аумағында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандағы жалпы саны 626 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. Өткен жылы аулаларға 21 ойын алаңшасы салынса, биыл осындай 27 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Жаңа ойын алаңшалары Сайрам, Нұртас,Тассай, Қызылсу, Тұран, Бозарық, Нұрсәт, Мирас, Шапағат елді мекендерінде бой көтереді.Нұрсәт, Шапағат, Нұртас шағынаудандарында биыл үш ашық спорт алаңшасы салынады. Жергілікті халықтың өтініші бойынша Нұртас,Тассай, Таскен, Сайрам, Шапырашты, Өтеміс, Мәртөбе,Мирас, Шапағат, Қайтпас елді мекендерінде 16 орынға ирригациялық жүйелер жүргізіледі.Қала көркін арттыратын нысандардың бірі - гүлзарлар. Былтыр ауданда 7 гүлзар салынған, биыл 11 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда. Өткен жылдың басты жетістігі ауданда 320 көшенің жарықтандырылуы болса, биыл 351 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Онымен қоса осы жылы Тұран,Мирас, Шапағат, Нұртас, Мәртөбе, Алтын Орда және Сайрам елді мекендерінде жалпы саны 138 көшеге асфальт төселеді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936730
Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 15.02.2025
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.Әлеуметтік нысанның ашылуына облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, спорт ардагерлері мен саңлақтары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.Жаңа спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба құны - 446 млн. 774 мың теңге.Ғимарат 2 қабатты. Мұнда ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында дәл осындай спорт кешенін салынады деп күтілуде.Айта кетейік, Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені (демеушілердің есебінен салынған) және 103 спорт алаңшасы бар.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызға жетті.Бүгінде 503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/936691
Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыс белсенді жүзеге асуда. 2004 жылдан бері Сенек ауылында басталған құм тоқтату жұмыстары, кейіннен Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарында жалғасын тапты. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – ауылдарды көшпелі құмнан қорғау, яғни сексеуіл өсіру арқылы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру.Деректерге жүгінсек, Ұштаған ауылында 2007, ал Тұщықұдықта 2012 жылдан, сондай-ақ Шебірде 2016 жылдан бері сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, әр ауылда 2021 жылға дейін жалпы 3329 гектар жасыл белдеу пайда болған .- 2022 жылы бұл алқап Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-нің құрамына берілді. 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды және Сауысқан ауылдарында 134 гектар аумақты құм көшкінінен қорғау бойынша 6 жылдық жоба жасақталды. Жобаның бірінші кезеңінде 2022-2024 жылдар аралығында 60,34 гектар аумаққа 203 634 түп сексеуіл мен жүзгін ағаштары отырғызылды. Бұл кезеңнің шығымдылығы 85-90% құрады. Екінші кезеңде 2025-2027 жылдары қалған 73,74 гектар аумаққа 248 887 сексеуіл мен жүзгін ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары негізінде, Бейнеу ауданының Тәжен, Сыңғырлау, Сам, Тұрыш және Ақжігіт, Қарақия ауданының Сенек және Бостан, Маңғыстау ауданының Жармыш және Ақшымырау, Түпқараған ауданының Таушық елді мекендеріндегі қауіпті эолдық процестердің даму қаупін анықтау мақсатында жобалар әзірленді,- деп атап өтті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасар Хайдар Тулеушов.Жергілікті бюджеттен 72,5 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жоба 2025-2032 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Жалпы 10 ауыл бойынша жобаның құны 2 968,0 млн. теңгені құрайды.Қорытындылай кетсек, 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен аталған ауылдардың шөлейттенуіне қарсы сексеуіл өсіру жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, жердің құнарлылығын арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге бағытталған. Маңғыстау облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар тек экологияны қорғап қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын да жақсартуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936456
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акцияларды белсенді түрде өткізуді жалғастыруда.12 ақпан күні Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде студенттердің қатысуымен кездесу өтті.Кездесуге өңірге белгілі экологтар К.Осин, А.Козыбаков, аталмыш университеттің 120-дан астам студенттері, ауыл әкімдері мен қала және аудандардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты. Шара барысында өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер, оларды шешу жолдары және табиғатты қорғауға жеке үлестің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің табиғи байлығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологияның ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету және оларды қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке тарту.«Маңғыстау табиғаты» ҚБ төрағасы Адильбек Козыбаковтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы халық арасында экологиялық мәдениетті дамытуда үлкен рөл атқарады:– Бүгін біз жастардың экологиялық шараларға қатысуы тек аумақтарды тазарту емес, табиғатымыздың болашағына саналы үлес қосу екенін көріп отырмыз. Әрбіріміз қоршаған ортаны сақтау сияқты үлкен істің бір бөлігі бола аламыз. Баршаңызды қала аумағындағы кез келген экологиялық шараларға қатысуға шақырамыз. Сіздің белсенділігіңіз – таза әрі экологиялық қауіпсіз Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.Сонымен қатар, кездесуден кейін студенттер университеттегі қалдықтарды өңдеу цехына экскурсия жасап, жұмыстарымен танысты. Өткізілген экскурсияға қатысты «Пакетная фабрика» ЖШС жетекшісі Мамед Афандиев:– Жастар – еліміздің болашағы және экологиялық мәселелерді шешу міндеті дәл соларға жүктеледі. Мұндай кездесулер тек экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті тәрбиелеуге де ықпал етеді. Аталған шара көптеген жастарды өңірдегі экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға ынталандыратын бастама болады деп үміттенеміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Маңғыстауды одан әрі таза және экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыра аламыз, - деп өз пікірін білдірді.Сондай-ақ, экскурсиядан кейін студенттер университет аумағындағы жылыжайға барып Жапон софорасы ағашының тұқымын отырғызды.Жапон софорасы ( Sophora japonica L.) – дәрілік құнды өсімдік, жемісі қабынуға қарсы және жараны жазатын әсерге ие. Табиғатта биіктігі 25 метрге дейін жететін ағаш. Қазіргі кезде Маңғыстау жерінде сынақтан сәтті өтіп, кең ауқымда көгалдандыруға қолданылып жүр.Сондай-ақ, студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың бірі:– Өңірдегі экологияны жақсарту үшін не жасай алатынымызды білу біз үшін өте пайдалы болды. Мұндай кездесулер мен акциялар бізді әрекет етуге және айналамыздағы табиғатты қорғауға шабыттандырады, - деді.Акция аясындағы іс-шаралар жылы әрі продуктивті атмосферада өтіп, жастардың экологиялық жауапкершілікке деген ұмтылысын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936462
Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті 15.02.2025
Қостанай облысы Жітіқара ауданының прокуратурасы шекара қызметімен бірлесіп, Аққарға ауылының маңындағы Оңтүстік Тоқтаров кен орнында тіркеусіз және рұқсатсыз бағалы металдарды іздеумен және өндірумен айналысатын ауданның екі тұрғынын анықтады.Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалды, олар сотқа жіберілді. Сот заң бұзушыларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл салды, сондай-ақ мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллион теңгеден асатын екі металл іздегішті тәркіледі.Заңсыз құрылыс - бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі мүмкін үлкен бұзушылық, сондықтан заңдар мен тәртіпті сақтау экологияны сақтауға және табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.Дереккөзге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/935289?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/936142
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ КАМАЛ ОРМАНТАЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ 15.02.2025
Бүгін елдің медицина жұртшылығы орны толмас қазаға ұшырады. 89 жасқа қараған шағында Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Сәруарұлы Ормантаев өмірден озды.Камал Сәруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында туған. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицинада өз жолын бастады. 1968 жылы ол бүкіл ғылыми мектептің дамуына негіз қалап, осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1980-1993) болды.Өзінің айрықша еңбек жолында ол мыңдаған баланың өмірін сақтап қалу үшін 20 000-ға жуық күрделі операция жасады. Оның еңбегінің арқасында 1500-ден астам практика дәрігері даярланды, олардың көпшілігі Қазақстанда және одан тыс жерлерде үздік мамандар болды.Еліміздің медицина жұртшылығы отандық медицинадағы орны мен рөлі шын мәнінде бірегей болып табылатын қазіргі заманның ең үздік хирургтарының бірі болған ұлы дәрігердің, педагогтың өмірден озуына қатты қайғыруда. Камал Ормантаевтың есімі Қазақстан медицинасының шежіресіне алтын әріптермен жазылған.Оның даналығы, біліктілігі және өз мамандығына деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігі онымен жұмыс істеу құрметіне ие болған дәрігерлердің көптеген ұрпақтары үшін үлгі болып қала береді.Денсаулық сақтау министрлігі Камал Сәруарұлы Ормантаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біздің тәлімгеріміздің, ұлы балалар дәрігерінің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/936402
АЛМАТЫДАҒЫ ФОРУМ: 2024 ЖЫЛЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 22%-ҒА ӨСТІ 15.02.2025
Қазақстанда өткен жылы отандық фармацевтикалық өнімді өндірудің үлесі 22%- ға, 171,6 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте соңғы 7 жылдың ішінде фармацевтика саласына тартылған инвестициялардың көлемі 9,5 есеге ұлғайды, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Алматыдағы 2-ші Қазақстандық фармацевтикалық форумға қатысушылардың алдында.Дәрілік заттардың отандық өндірісін дамыту және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті және елдер аумағында өндірісті оқшаулауға жаңа әзірлемелер бойынша шаралар көзделеді.«Дәстүрге айналған кезекті қазақстандық фармацевтикалық форум мхемлекет пен инвесторлар үшін денсаулық сақтау саласына инвестициялар тартуға жағдай жасауға және еліміздің фарминдустриясын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған өзара қолайлы шешімдерді әзірлеудің пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.Форумның жұмысына реттеуші органдардың, фармацевтикалық секторға қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті фармацевтикалық компаниялардың 200-ден астам өкілдері, «СҚ-Фармация» ірі кәсіпорындарының, «QazBioPharm» ҰХ, Қазақстанның халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының басшылары қатысады.Форумның алаңында Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелері мен фармацевтика саласын дамыту, сондай-ақ «жалғыз терезе» шеңберінде дәрілік заттар нарығына шығу процестерінің реинжинирингі мәселелері талқыланды.ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің өкілдері дәрілік заттарды таңбалауды енгізу нәтижелері, жеткізу тізбегінің ашықтығына және халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне әсері туралы ақпаратты ұсынды. Фармацевтикалық қызметтің басым бағыттарымен қатар форумның жұмысында ББҚ, оның ішінде импорттық өнім айналымын мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Сондай-ақ Қазақстанда дәрі-дәрмектерді ілгерілетуде диджитал-шешімдерді қолдану тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды, Қазақстанның фармацевтикалық нарығында баға белгілеу мәселелері көтерілді, дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудегі реттеуші талаптарды үйлестіру, ұлттық және ЕАЭО стандарттарын тиімді интеграциялау үшін жағдайлар жасалды, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін қалыптастыру қағидаттары туралы ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/936547
Қазақстан кәсіпкерлерін Венгриядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз 15.02.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылдың 17-20 наурыз аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өтетін Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.Миссияға қатысу үшін 2025 жылдың 25 ақпаны сағат 18:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/tXNAwZ31wJ8e4uYu5. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 778 418 06 61, +7 778 674 88 47.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/936540
Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды 15.02.2025
Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеде қала мен облыс мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Қадам Life» жаңа жобасы басталды.Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім табуға көмектесу.Жоба бойынша колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластастар және кездесулерге қатыса алады.Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.Бүгін қаламыздағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Колледж негізінен техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық береді, сондықтан оқушыларға түрлі техникалық құрал-жабдықтардың қолдану процесі көрсетілді. Оқушылар өздері қызықтыратын сауалдарға жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936405
Алтынемел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті 15.02.2025
Жыл сайынғы қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК, Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар мекен ететіні анықталды. Ал, Алтынемелдегі құландар саны 3,6 басты құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта жіберуге мүмкіндік береді.Мәселен, былтыр 87 бас жануар "Алтын дала", "Іле-Балқаш" резерваттарына және "Созақ" орманшылығына аттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты-еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайты Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/936184
Ақтөбе облысында 160 мың га пайдаланылмаған жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда 15.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде суармалы жерлерді ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселелері қаралды.Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Ержанов айтып өткендей, биыл мемлекет меншігіне 160 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 219,063 мың га жер қайтарылды. Мұның есебінен облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мал басының көбеюіне байланысты елдімекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың га құрайды.Сондай-ақ, 100 метрлік шекара белдеуінде орналасқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынған. Әйтеке би, Қобда, Хромтау және басқа да бірқатар ауданда учаскелерді ерікті түрде беру үшін шаруашылық құрылымдарымен келіссөздер жүргізілуде.Айта кету керек, жер учаскелері конкурс арқылы беріледі. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар арқылы жалпы ауданы 467,7 мың га құрайтын 376 учаске, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мақсаттарға арналған учаскелер берілді. Бюджетке 161,1 млн теңге түсті.Бұдан өзге, өңірде 125 қалпына келтіру жобасы аясында 3 млн 903,1 га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл Мәртөк және Қобда аудандарында 7 мың гектар жерге геоботаникалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.Асхат Шахаров аудандар мен облыс орталығының әкімдері суармалы жерлердің ұтымды пайдаланылуына жауапты екенін атап өтті.«Жер мәселесі өте маңызды және жауапты. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жер учаскелерін алу процесі нақты рәсіммен реттелетінін нақты түсінуі тиіс. Біз жерді мақсатсыз бере алмаймыз, ол үшін конкурстар мен аукциондар бар. Аудан әкімдері жергілікті жерлерде осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, яғни тұрғындар қайда және қандай конкурстар өткізілетіні, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу қалай жүргізілетіні туралы хабардар болуы қажет. Біз үшін ең алдымен көкөністерді, жем-шөптерді өсіру және мал шаруашылығына жайылымды қамтамасыз ету үшін жерді тиімді пайдалануға назар аудару маңызды. Сонымен қатар, жерді қалпына келтіру және оны мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын жалғастыру қажет. Жер бар, алайда біздің міндетіміз – оны барлық көзделген нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып, мақсаты бойынша пайдалану», - деп атап өтті әкім жиын барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936098
Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде. Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935853
ҚАЗАҚСТАНДА В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГ ЕНГІЗІЛУДЕ 15.02.2025
Қазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда.В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі - оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады.Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935924
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ 15.02.2025
Бүгін Шымкентте балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жаңа кардиохирургия бөлімшесі ашылды.Қалада балалар санының көптігін ескере отырып, бөлімшенің ашылуы операцияларды күту уақытын қысқартуға және жақын маңдағы өңірлерден күрделі диагнозы бар балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Шымкентте 500 мың бала тұрады, оның 1400-і жүрек кемістігі бар диспансерлік есепте тұр. Биыл 67 балаға операция жасалды, 43 балаға шұғыл хирургиялық түзету қажет.«Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы білікті мамандарды даярлауға, жаңа бөлімшелер ашуға, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиохирургиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасын» бекітті. Біз жүрекке немесе медициналық көмектің басқа түрлеріне операция жасауды қажет ететін әрбір баланың оны уақтылы және толық көлемде алуына ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Шымкент қаласында ашылған кардиохирургиялық және онымен байланысты қызметтер жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.Ақтөбе және Түркістан облыстық балалар ауруханаларының базасында өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталықтарын құру жоспарлануда. Бүгінде балалар кардиохирургиялық көмегі еліміздің 6 өңірінің 10 бөлімшесінде, ал облыстық деңгейде Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстық балалар ауруханаларында көрсетіледі.Қазақстан - Орталық Азиядағы туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз ел. 2024 жылы республикада 2474 операция, оның ішінде 317 жаңа туған нәрестеге жасалды. Барлық операциялардың жартысы бір жасқа дейінгі балаларға тиесілі.Оң жақ жүрекшенің құлақшасынан өкпе артериясының неоқақпақшасын жасауды қоса алғанда, озық технологияларды енгізу арқылы біздің мамандар Фалло тетрад және өкпе атрезиясы сияқты ең қиын жағдайларды сәтті шешуде. Биыл осындай 23 операция жасалды.Халықаралық конференцияның жұмысына Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның мамандары, ғылыми және республикалық орталықтар, практикалық дәрігерлер қатысады.Форумның шеңберінде қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында мастер-класс өтеді, онда бүгін кадр ресурстарын дайындап, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алғаннан кейін кардиохирургия бөлімшесі өзінің кардиореанимациясымен және операциялық блогымен ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935985
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны ел игілігіне берілді 15.02.2025
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені және 103 спорт алаңшасы бар. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды.Жиында спорт саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың хабарлауынша, 2024 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді. Оның 9-ы қолданысқа беріліп, биыл қалған 6 спорт нысаны табысталады.Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Демеушілердің есебінен 3 ауылдық елді мекенде спорт кешені ашылды.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызды құрады.Жалпы облыста 2 353 спорт нысаны бар.Биыл 8 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алады деп күтілуде.Өткен жылы спорт саласының шығындарына 15,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 17,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамытуға 460, 9 млн. теңге жұмсалады.Бүгінде 28 872 спортшымен 1 195 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.18 спорт түрі бойынша 6 871 бала (5-17 жас аралығындағы) спорт секцияларына тегін қатысып жүр.Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, тұрғындарды дене шықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 285 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.2024 жылдың қорытындысы бойынша 4 034 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 363 мың жамбылдық қамтылды.503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Облыс спортшылары 1 797-і медальді қанжығасына байлады (алтын - 658, күміс - 570, қола - 569).Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан Елдос Сметов чемпион атанса, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болды.V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 17 жамбылдық спортшы сегіз спорт түрі бойынша ел намысын қорғады. Нәтижесінде қоржынға 7 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль түсті.Сондай-ақ басқарма басшысы баяндамасында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, байрақты бәсекелерді жоғары нәтижеге қол жеткізу, бәсекелестікті арттыру, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне кеңінен тоқталды.Облыс әкімі бұқаралық спортты дамыту мәселесіне көңіл бөліп, спортпен шұғылданушылар санын және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін одан әрі арттыру бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді. Спорт нысандары халыққа қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс.Ербол Қарашөкеев өңірдегі спорт нысандарының жай-күйіне ерекше назар аударды. Ол дене шынықтыру және спорт басқармасына құрылысы жүріп жатқан және қолданыстағы спорт нысандарын жүйелі түрде зерделеуді, ондағы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, сондай-ақ 2028 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырды.Басқосу барысында Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің спорт саласын дамыту туралы есебі тыңдалды.Сондай-ақ облыс әкімінің Шу ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуы барысы қаралды.- Халық көтерген мәселелерге құлақ асып, шешу жолдарын қарастыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деп облыс әкімі кеңесті түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/935998
ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛДЫ 15.02.2025
Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.Қала тұрғындарын жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік құқығын құрметтеуге және заңнаманы сақтауға шақырамыз. Бизнесті жүргізу үшін жер учаскелерін басып алу заңды бұзып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікке, әлеуметтік тәртіпке және аймақтың дамуына да қауіп төндіреді.Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.Шымкент қаласы әкімінің баспапөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935917
ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ТАРИХИ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ 15.02.2025
ІХ Қысқы Азия ойындары, Харбин (Қытай)Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды!Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады.Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935922
ХАБАРЛАНДЫРУ! 15.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары немесе орынбасарлары мен аудан әкімдері немесе орынбасарларына ұсыныстар мен өтініштерін білдіре алады. Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10 Күні: 12.02.2025ж Уақыты: 11:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935925