Enbekshi QazaQ

Ғылым

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті 14.02.2025
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялар, дөңгелек үстел, дәстүрлі сенбіліктер және т.б шаралармен қатар қайырымдылық іс-шаралары да ұйымдастырылуда.Бүгін, 5 ақпанда Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында аулаларды, үй кіреберістерін, жүретін жолдарды қардан тазалау жұмыстары атқарылды. Шараға студенттер мен жастардан құралған еріктілер атсалысты.«Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы : «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, қарт кісілердің жүріп-тұруын жеңілдету үшін ауланы толықтай қардан тазарттық. Бұл игі іс - ардагерлерге қолдау білдірудің бір көрінісі. Қарттар өз кезегінде еріктілерге алғысын жеткізіп, осындай қамқорлық қоғамдағы мейірімділікті арттыратынын айтты», - дейді.Көмек алған зейнеткердің бірі Гвоздикова София Файзрахмановна: «Мен үшін бұл - үлкен көмек. Аула тазалау маған оңай емес, бүгін еріктілер келіп, барлығын ретке келтірді. Осындай игі істер көп болсын!», - деді ризашылығын білдіріп.Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді өткізілді, жалпы сенбіліктер мен экоакцияларға 252 мыңнан астам адам қатысты.Осы ауқымды экожобаны іске асыру басталғаннан бері облыс бойынша жалпы 2 322 бірлік техника жұмылдырылды, 12 822 тонна қоқыс шығарылды, 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткішті тазарту жұмыстары жүргізілді және 56 мыңнан астам қылқан жапырақты және қатты ағаш көшеттері отырғызылды.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды.Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәлімет бойынша Фототілші: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/931554
Облыстық құлақтандыру жүйесі тексеріледі 14.02.2025
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары және қонақтары! Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 6 ақпан күні сағат 11:00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электродабылдар қосылатынын хабарлайды. Осыған орай сіздерден сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД төтенше жағдайлар орын алған кезде электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады. Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:- радио және теледидарды қосыңыз; - шұғыл хабарды тыңдаңыз; - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз. Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:- көшедегі дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдарынан берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз; - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/931649
«Жетісу» волейбол қыздар командасы ел Чемпионатының IV турындағы алғашқы ойында жеңіске жетті 14.02.2025
Кеше Талдықорғанда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXXIII чемпионатының IV тур ойындары басталды. Волейбол ойындары «Жастар» Спорт сарайында өтіп жатыр. «Жетісу» командасының түркістандық «Тұранмен» болған ойынын облыс әкімі Бейбіт Исабаев, жетісулық жанкүйерлер тамашалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Жетісу» төртінші турдың өз алаңындағы алғашқы ойынында «Тұран» командасын 3:0 есебімен (25:14, 25:18, 25:16) ұтты. Сөйтіп, жетісулықтардың бірінші ойындағы қадамы сәтті болды. Тур барысында Карина Денисова мен Перизат Нұрбергенова командаға әрқайсысы 16 ұпайдан алып беріп, үздік ойын үлгісін көрсетті.Ойын аяқталған соң облыс әкімі Бейбіт Исабаев команда ұжымын жеңісімен құттықтап, волейболшыларға қолдау білдірді.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, осы турда «Жетісу» волейбол командасы алты ойын өткізеді, соның бірінші - «Тұран» командасымен болған жарыс. Алда жетісулық қыздар «Ақтөбе», «Қарағанды», «Алматы», «Ару-Астана», «Грация KZ» командаларымен бақ сынасады. Жетісулықтардың бұл ойындары күнделікті кешкі сағат 18:30-да «Жастар» Спорт сарайында өтеді.Атап өтсек, төртінші тур ойындары 12 ақпанға дейін жалғасады. Әзірге турнир кестесіне «Жетісу» командасы 20 жеңіс, яғни 61 ұпаймен I орында тұр. Чемпионаттың қорытындысы наурызда өтетін плей-офф ойындарынан кейін анықталады.Еске салсақ, өткен жылы «Жетісу» волейбол клубына Талдықорғанда оқу-жаттығу орталығы және инвестордың қолдауымен тұрғын үй салынып, қолданысқа берілген болатын. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/932265
Жетісу облысының шалғайдағы Лепсі ауылына биыл ауыз су жүйесі тартыла бастайды 14.02.2025
Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56 елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылы Қоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі қазір қолданыста емес.«Лепсі ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобада 49,4 км сумен жабдықтау желілерін, 2 сорғы станциясы мен 2 резервуар, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станция, дизельді электр станциясын салу көзделген. Бүгінгі таңда мердігер ұйым анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ауданның ауа райы жағдайын ескере отырып, сәуір айында бастау жоспарланып отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.Атап өтсек, Алакөл ауданында өткен жылы Бибақан ауылы орталық ауыз су жүйесіне қосылса, Теректі, Көктұма, Екпінді ауылдарында су желісіне жаңғырту жүргізілген болатын. Сол сияқты Тоқжайлау ауылында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қазір су жүйесін тексеру және іске қосу жұмыстары жұмыстары жалғасып жатыр.Жалпы Жетісу облысында 2025 жылдың аяғына қарай орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 331-ге жетеді немесе орталық су жүйесімен қамту деңгейі 92,5% болады деген жоспар бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/932696
Жетісуда «Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары өтіп жатыр 14.02.2025
Жетісу облысында азаматтық қорғаныс жүйесін көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға дайындау және халық пен аумақтарды су тасқыны қаупі кезінде қорғау бағытындағы іс-қимылдарды пысықтау мақсатында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оқу-жаттығу аясында барлық аудан мен қалада су басу қаупі жоғары учаскелерде практикалық шаралар өткізілуде. Жаттығу барысында қорғаныс нысандарын нығайтуға және су тасқыны жағдайына дайындыққа ерекше назар аударылуда. Су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шарасына аудандардың азаматтық қорғаныс қызметтері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және инженерлік техникасы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев арнайы барып, тиісті қызметтер мен инженерлік техниканың жеке құрамын тексерді.Мәселен, Тастөбе ауылындағы мектеп базасында 40 орынға есептелген, алдағы уақытта 300-ге дейін кеңейтілуге мүмкіндігі бар эвакуациялық пункт ұйымдастырылған. Мұнда ТЖ кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін асхана мен медициналық пункт қарастырылған.Сол сияқты Тастөбе ауылының маңына Қаратал өзенінің арнасын нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.«Қазіргі кезде осы учаскеде үйінді бөгет салу және өзеннің жағалау сызығын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі кезеңде су деңгейі көтерілген жағдайда бұл шаралар жағаның бұзылуына жол бермейді және ауылды су басудан сақтайды. Бұл жұмысқа 40 арнайы техника мен 85 адам жұмылдырылды. Жұмыс аяқталуға жақын», - деді Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.Көктемде су тасу қаупі бар өзендердің бірі - Көксу ауданындағы Мұқаншы өзені. Осы күні оқу-жаттығу аясында өзеннің сол жақ жағалауын шамамен ұзындығы 150 метрге дейін нығайту, дамбының қорғаныс функцияларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Сол сияқты Көксу ауданы Балпық би ауылында тұратын қарт адамдар мен көп балалы аналардың аулаларында қар шығарылып, су өткізу құбырлары мен арық желілері тазаланып, ретке келтірілді.«Көксу ауданы бойынша су тасқыны қаупіне дайындық аясында 21 қабылдау пункті бар, олар 5150 адамды қабылдай алады. Бүгінгі оқу-жаттығу шараларына 28 техника мен 84 адам тартылды», - деді Көксу аудандық ТЖБ бастығы Манат Тұрымов.Осы орайда Төтенше жағдайлар мамандары облыс тұрғындарын үйлерінің маңындағы арық желілері мен құбыр өткелдерін тазартып, судың еркін өтуін қамтамасыз ету арқылы су тасқынының алдын алу шараларына атсалысуға шақырады. Бұл шаралар тасқынның алдын алуға және тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.Жалпы Жетісу облысында төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындарды қабылдайтын 235 эвакуациялық пункт бар.Еске салсақ, «Көктем - 2025» РКШО шарасы кеше басталған, бүгін, яғни 7 ақпанда аяқталады. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотоcуреттерді «Бастау» газетінің редакциясы мен Жетісу облысы ТЖД ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/933474
Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды 14.02.2025
Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасы мен«Jetisu Digital» IT-hub қолдауымен "Samsung" компаниясы "Python" бойынша тегін офлайн курсын іске қосады. Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға. Қайда? «Jetisu Digital» IT-hub, Талдықорған қ., Қонаев көшесі, 47. Сабақтар қашан өтеді?1-топ: сейсенбі және бейсенбі, 15:00 – 17:00.2-топ: сейсенбі және бейсенбі, 17:00 – 19:00.Курс ұзақтығы: 4 ай. Нәтижесі:Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру;Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар;Сертификаттар және үздік студенттерге "Samsung"-тан бағалы сыйлықтар. Қалай жазылуға болады?Тіркеуден өтіңіз 👉 https://samsung-campus.kz/Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз! Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады. Қатысып үлгеріңіз! Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/933771
Қамысты ауданында жаңа пәтерлердің кілті табысталды 14.02.2025
Қамысты ауданында тұрғындарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қамысты ауылында қайта жаңғыртудан өткен үш көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды.Жаңа баспаналар аудан орталығында, Ержанов көшесінде орналасқан. Пәтерлерге қызметтік салада еңбек ететін мамандар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қоныстанды. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.Аудан мамандары үшін жаңа баспанаҮш үйдің бірі толығымен аудан мамандарына қызметтік тұрғын үй ретінде берілді. Мұнда 12 отбасы қоныстанды. Солардың бірі – Сұлтан мен Сания Бектімісовтер. Олар Қостанай жоғары медициналық колледжін бітіріп, Қамысты ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандар. Сұлтан жедел жәрдем фельдшері болып еңбек етсе, Сания аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде қызмет етеді.— Бізге баспана берілгеніне қатты қуаныштымыз. Барлық жағдай жасалған, өмір сүруге өте ыңғайлы, – дейді ерлі-зайыптылар.№18 өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары Амангелді Серік те бұл оқиғаның оның отбасы үшін маңыздылығын атап өтті. Бұрын олар жалдамалы пәтерде тұрса, енді өз үйлері бар.Кезекте тұрғандарға қолдауҚалған екі үй тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. Мәселен, Виктория Спека төрт баласымен бірге үш бөлмелі кең пәтерге ие болды.— Бұл сәтті төрт жыл күттік. Енді әр баламыздың жеке кеңістігі болады. Бұл – біздің үлкен арманымыз, – дейді Виктория.Ал жаңа пәтер иесі Андрей Рязанов бұл оқиғаны ең үздік жаңа жылдық сый деп атады.Әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуыҚамысты ауданының тұрғындары Мемлекет басшысына қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірлерде қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.Қостанай облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/931912
Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды 14.02.2025
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанай облысына жұмыс сапарында өңірдің бірнеше нысандарын аралап, жергілікті өнеркәсіптің даму барысымен танысты.Министр KIA автомобиль зауытында болып, онда жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы жаңа өндіріс құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ, шойыннан жүк техникасына арналған автокомпонет шығарытын "KamLitkz" зауытында болды. Министр мұндай кәсіпорындардың өңір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін маңызды рөл ойнайтынын айтты.Сондай-ақ, Қостанайдың символына айналып, отандық өндірістің мақтанышы болып саналатын "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасын да назардан тыс қалдырмады. 1974 жылдан бастап зауыт кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, тәулігіне 240 тоннадан астам өнім шығарады. Өз кезегінде Арман Шаққалиев ақпан айында өтетін Қазақстанның Тегерандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды."Сату географиясын кеңейту зауытқа қуаттылықты арттыруға көмектеседі және «Made in KZ" брендін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді", - деп атап өтті сауда министрі.Сондай-ақ, министр танымал ірімшіктер мен сүзбелермен қоса, «Новый день» брендімен өнім шығаратын "Милх" ЖШС жаңа зауытына барды. Арман Шаққалиевтың айтуынша қазақстандық сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Осы тұста министр отандық өндірісті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Одан бөлек Жол картасына сәйкес жаңартылған «Саяхат» базарына да ат басын тіреді. Модернизация сауда мен тұтынушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл Қостанайдағы 3 базар жаңартылады.Қостанайға сапары барысында министр өңірдің бизнес өкілдерімен кездесіп, сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау және салық реформасы туралы сұрақтарға жауап берді. Арман Шаққалиев сауда субъектілері үшін мемлекеттік көмектің шараларын, соның ішінде сауда объектілерін салу және жаңғырту үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы баяндады. Осы мақсатта бюджеттен 5.27 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Қостанай облысында «Даму» қорымен 22 жобаның пулы құрылып, оның 18-і мақұлданған. 6 жоба бойынша кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 529 млн теңге несие алған, оның 57 млн теңгесі субсидияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/933865
Қарағандыда жеңіл атлетикадан турнирде екі рекорд орнатылды 14.02.2025
Қарағандыда 49-шы рет жас спортшылар арасында (2008–2009 ж. ж.) Еңбек ері, аты аңызға айналған шахтер Яуда Мұсағалиевті еске алуға арналған республикалық мемориал өтті. Жарыс барлық қаза болған кеншілерге арналған. Оған Көкшетау, Сәтбаев, Петропавл қалаларынан, Саумалкөлден және Қарағанды облысынан 200-ден астам спортшы қатысты.Екі жоғары жетістікке қол жеткізілді.Ә. Молдағұлова атындағы спорт интернатынан Алина Головина осы біріншілікті рекордтық уақытта – 7.43 секундта 50 метрге кедергілермен жүгірді. Ал Георгий Козьма тосқауыл арқылы жүгіруде 6.90 нәтиже көрсетіп, Виталий Земстың жетістігінен асып түсті. Жігіт - Теміртаудағы спорт интернаты филиалының өкілі.Қарағанды облысының Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері осы турнирде үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал спорт әулетінің өкілі Ярослав Засимович те бар. Ол биікке секіруден қола медаль жеңіп алды.– Мен алдымен күреске әуес болдым, бірақ кейін атам мен ағамның секіргенін көрдім де, отбасылық істі жалғастыруды шештім. Мен құрама командаға кіруді қалаймын. Алда Қазақстан чемпионаты бар. Мені атам жаттықтырып жүр. Әлеует бар деді, – дейді Ярослав.Спортшының тәлімгері – әйгілі Сергей Геннадьевич Засимович, кеңестік жеңіл атлет және Еуропаның экс-рекордсмені (1984 ж.). Оның ең үздік нәтижесі – 236 сантиметр – әлі күнге дейін биікке секіру бойынша Қазақстанның рекорды болып қалуда.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932093
Қарағандының өткені мен бүгіні туралы Қала күніне арналған тарихи экскурсиядан білуге болады 14.02.2025
Қала күніне орай Қарағандыда «Қазыналы Қарағанды» тарихи экскурсиясы өтеді. Онда кеншілер астанасының өткені, шағын ауылдың индустриялық және мәдени орталыққа қалай айналғаны туралы білуге болады.Барлық тілек білдірушілер шақырылады:- 10 ақпанда сағат 14:00 «Сарыжайлау» кинотеатрына;- 12 ақпанда сағат 14:00 теміржолшылардың мәдениет сарайында;- 13 ақпанда сағат 15:00 Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында;- 14 ақпанда сағат 14:00 «Молодежный» мәдениет сарайында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932234
Мүгедектігі бар қазақстандықтардың 59 мыңнан астам тапсырысы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы орындалды 14.02.2025
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде 37 мыңы оңалтудың техникалық құралдарына, 4,3 мыңы ымдау тілі қызметіне, 17,6 мыңы жеке көмекші қызметіне, 0,7 мыңы шипажай-курорттық емделу бойынша жүгінген. Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 нөмірі бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.Портал техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні дербес таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жасауға болады. Тапсырыс берілген техникалық құралдарды жеткізу немесе өздігінен алып кетуге болады.Мүгедектігі бар қазақстандықтарға протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар ұсынылады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932339
«Инвестиция орнына тариф»: Қарағандыда биыл Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта құру аяқталады 14.02.2025
Қарағандыда жылумен жабдықтау сапасын жақсарту жалғасуда. Өткен жылы Оңтүстік-Шығыстағы жылу қуаттарының тапшылығын жою үшін үшінші жылу құбырының құрылысы аяқталды. Биыл Майқұдықта инвестициялық бағдарлама бойынша Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта құру аяқталуы тиіс.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша тұтынушылар алдында есеп беруді тапсырды. Тарифті қалыптастыруға қандай жайттар әсер ететіні туралы «Теплотранзит Караганды» компаниясы хабарлады.Қарағандыда орталық жылу жүйесіне 4690 үй қосылған, олардың жартысына жуығы көп қабатты үйлер. Жылу желілерінің ұзындығы – 448 км. Коммуникациялардың тозуы әлі де жоғары – 71,2%. Бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жаңғырту жүргізілуде. Шаралар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жылу шығындарын азайтуға және жылумен жабдықтау жүйесінің тозуын азайтуға бағытталған.1 ақпаннан бастап жылумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістер Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрықтарымен бекітілді.«Бағаның көтерілуі «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инвестициялық бағдарламаны іске асыруға, стратегиялық тауар құнының өзгеруіне (нормативтік шығындар үшін электр энергиясы мен жылу энергиясы), сондай-ақ көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты», – деп түсіндірді компанияда.«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қаржы директоры Алданыш Күніспеков осы жылғы жобалар туралы айтып берді.– Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта жаңарту 2023 жылдан бастап жүргізіледі. 1,6 шақырымның 500 метрі қалды. Биыл ол толығымен аяқталуы тиіс. Күтілетін нәтиже – жылумен жабдықтауды жақсарту, жылу желілерінің сенімділігін арттыру, шығындарды азайту, – деп хабарлады ол.– Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 28-ші шағын ауданда орамішілік желілер мен сорғы станциясын қайта жаңартуды бастаймыз. Желілердің ұзындығы – 1,37 км. Жоба екі жылдық, 2026 жылға көшеді. Оны іске асыру осы аудандағы жаңа құрылыстарды жылуға қосуға мүмкіндік береді.«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры Андрей Ляпуновтың айтуынша, наурыз айының соңында Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларын үшінші жылу құбырына қосу жоспарланып отыр.– Қазір ол тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Біз сорғылардың, автоматиканың жұмысын тексереміз, – деді ол. – Жалпы, билікпен бірлесіп қаланы жылумен жабдықтауды жаңғыртуды жалғастырудамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932584
Әлеуметтік бизнес: Мемлекеттік қолдаудың арқасында қарағандылықтар арт-кеңістік пен түзету орталығын ашты 14.02.2025
Мүмкіндігі шектеулі қарағандылық Аделина Битюкова мемлекеттік грант алып, шығармашылық адамдар үшін арт-кеңістік құрды. Мұнда сурет салуға, тафтингпен айналысуға, киімдерді кастомизациялауға болады. Өткен жылы өңірде әлеуметтік осал санаттағы 178 адам өз ісін ашу және дамыту үшін мемлекеттің қолдауына ие болды.«Среда» арт-кеңістігінде бүгінде бес адам жұмыс істейді. Көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы балалар студияда тегін оқиды.– Біз құммен және суда сурет салумен, кастомизациямен, тафтингпен (кілем кестелеу өнері) айналысамыз. Ол қазір Еуропада өте танымал. Дәл осы тафтинг жабдығына грант алынды, – дейді Аделина. – Біз үнемі дамып, орталығымызды жаңа бағыттармен толықтырып келеміз.Гранттарға көбінесе білім беру және оңалту орталықтары, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер өндірісі, шаруа қожалықтары ашылады.Ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы Шынар Тен NeuroTen балалар дамуының нейрокоррекциялық орталығын ашты. Гранттық қаражат оған жаңа әдістемелерді енгізуге көмектесті.– Алынған ақшаға біз сенсорлық-динамикалық кубқа арналған металл конструкцияны және бейімделген дене шынықтыруға арналған мүкәммалды сатып алдық. Бұл элементтер балалардың вестибулярлық және тактильдік жүйесін дамытуға көмектеседі. Нормотипті балаларда мұндай дағдылар балалар алаңдарында табиғи түрде қалыптасады, ал ерекшеліктері бар балаларға олардың дамуы үшін арнайы жағдайлар жасау қажет, – деп түсіндірді Шынар.Әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды гранттық қолдау бағдарламасына көп балалы отбасылар, мемлекеттік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары, қандастар, қоныс аударушылар қатыса алады. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелу немесе үш жылдан аспайтын жеке кәсіпкер мәртебесіне ие болу керек. Міндетті шарт – «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсынан өту.Гранттар қайтарымсыз негізде 400 АЕК-ке дейін мөлшерде бір рет беріледі (2025 жылы сома 1 572 800 теңгені құрайды). Бұл қаражат қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнесті іске қосуға байланысты басқа да шығындарға бөлінеді.– Жобадағы ең бастысы, барлық грант алушылар бұрын жұмыссыз болған. Енді олар өз бизнестерін табысты жүргізіп қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуда, – дейді Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов.Биыл әлеуметтік әлсіз санатқа жататын ісін жаңа бастаған 183 кәсіпкерді қолдау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933092
Қарағанды облысында Қарқаралы петициясының 120 жылдығына арналған жинақ таныстырылды 14.02.2025
Биыл Қарқаралы петициясына қол қойылғанына 120 жыл толады. Осы күнге орай «Алаштың Қарқаралысы» жинағы таныстырылды. Оған Қазақстан ғалымдарының зерттеу жұмыстары кірді. Кітап Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді.– Бұл Қарқаралы петициясының 120 жылдығына арналған үлкен оқиға болды. Онда көптеген тарихи фактілер бар. Бұл кітап өткен ғасырдың басындағы маңызды тарихи оқиғаға арналған ескерткіш болып табылады. Мен өзім өлкенің тарихын зерттеймін, алты кітап шығардым. Қарқаралыны терең зерттеу жалғасын табады деп үміттенемін, – деп атап өтті өлкетанушы-ардагер Саят Оспанов.Тарихи мәліметтерді еске салайық: 1905 жылғы 25 шілдеде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесінде патша үкіметінің отарлануына қарсы петиция қабылданып, Николай II-ге жолданды, Оған 15 мыңға жуық адам қол қойды. Петицияға қол қойған және ықтимал құрастырушылардың арасында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев және басқалары болды. Бұл құжат барлық проблемаларды қамтып, ұлттық қозғалыстың бағдарламалық мақаласына айналды.– Кітапта Қарқаралы тарихына ғана емес, халық тарихына, соның ішінде тәуелсіздік тарихына қатысты көптеген фактілер көрсетілген. Дәл осы Қарқаралыда «Алаш» қозғалысының қайраткерлері тұрған тәуелсіздіктің бастаулары бар екені анық айтылған. Өлкенің тарихы үшін қазақ зиялы қауым өкілдерінің халық бостандығы үшін күресі Қарқаралы жерінде басталғаны маңызды, – дейді Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Сатбек Сламбеков.Жинақтың тұсаукесерінде ғалымдар, өлкетанушылар, тарих мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының Қарқаралы петициясы мен «Алаш» қозғалысы туралы баяндамалары тыңдалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933278
«Таза Қазақстан»: Қарағанды жастары экологиялық сын-қатерлерді талқылауда 14.02.2025
Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Қарағанды Жастар ресурстық орталығының комьюнити- орталығында табиғат және экология мәселелеріне арналған «Табиғатты аяла» кездесуі өтті. Ол 30-ға жуық қатысушыны, соның ішінде студенттер, белсенділер, экологиялық ұйымдардың өкілдері және планетамыздың болашағына немқұрайлы қарамайтын жандардың басын қосады.Спикерлер өзекті экологиялық проблемаларды, адам қызметінің табиғатқа әсерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заманауи бастамаларды қозғады, сондай-ақ жастардың осы процестердегі рөлі туралы айтты.Қалалық мәслихат депутаты және экобелсенді Василий Климаков экология саласындағы мемлекеттік бастамалар, табиғатты қорғау шаралары және экологиялық проблемаларды шешуге қоғамдық қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.Биолог-оқытушы Денис Сирман климаттық өзгерістерге және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңыздылығына ғылыми көзқарасымен бөлісті.Болашақ эколог Мәдина Әсетқызы еріктілер қозғалысы, жастардың экоакцияларға қатысуы және біздің әрқайсымыз экологиялық жағдайды жақсартуға қалай көмектесетініміз туралы айтып берді.Кездесу жаһандық экологиялық мәселелерді талқылау үшін ғана емес, сонымен қатар идеялар алмасу алаңына айналды. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті және табиғатты қорғау бойынша бірлескен жобалар әзірледі.Жастар қоршаған ортаны қорғау үшін қабылдай алатын практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды. Онда барлық ниет білдірушілер қатыса алатын нақты экологиялық акциялар талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933341
9 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті 14.02.2025
2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті.Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 849 курс жариялады, оның 307-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.Қантар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Кассир», «Построение отдела продаж в отеле», «Страховой агент», «Пішу және тігу» және «Продавец».Платформада маркетинг және БАҚ, туризм, қаржы және бухгалтерлік есеп және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: (8-7172) 95-43-17 (ішкі. 877, 878, 888).Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933422
Қарағанды облысында «Жайдарман» мектеп лигасының ең көңілді және тапқыр командасы анықталды 14.02.2025
Бұқар жырау ауданында «Жайдарман» әзілкештер ойыны барысында облыстың 13 мектеп командасы үздік атанды. Үштөбе ауылының өскелең ұрпағы нң көңілді және тапқыр деп танылды. Олардың әзілдері, суырыпсалма әзілдері мен көріністері көрермендер мен төрешілердің көңілінен шықты.«Жайдарман» өңірлік мектеп ойындары лигасы жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырушылар мен көрермендердің пікірінше, ойынға қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетті.– Бұл ойын қатысушылардың да, жанкүйерлердің де есінде қалатын жарқын оқиға болды, – деді Бұқар жырау ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры Мейірлан Қали.Бірінші орынды Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылының «Қырмызы қыздары» командасы иеленді. Бас жүлде – 150 000 теңге.Екінші орын Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылының «Торайғыр» командасына бұйырды. Топ мүшелері 100 000 теңге алды.Үшінші орын Қарқаралы ауданының Теректі ауылының «Теректі Еркелері» ойыншыларына берілді және сыйлық 50 000 теңгені құрады.«Үздік ойыншы» номинациясында «Joketok» командасынан Манерхан Бөкейхан жеңіске жетті – оның харизмасы мен шеберлігі көрермендерді де, төрешілерді де тәнті етті.Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылының жас тұрғыны, «Көз тимесін» командасының жетекшісі Аяру Ерланқызы «Үздік капитан» атанды.Бүгінгі таңда «Жайдарман» тек ойын ғана емес, шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған платформа. «Жайдарманда» 120 мыңнан астам жас қазақстандық ойнайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.И количество участников с каждым годом становится больше. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933481
Кеншілердің Мәдениет сарайында авторлық әндердің концерті өтеді 14.02.2025
Қарағанды халық композиторлар клубы 16 ақпанда сағат 12:00-де баршаны туған қаласына арналған «Еске алайық» концертіне шақырады. Композицияларды авторлар орындайды. Қарағандылықтар мен қала қонақтарын Мәдениет сарайында хор сыныбында күтеді. Кіру тегін. Композиторлар халық клубы 1975 жылы құрылған. Оған Қарағанды, Абай қалаларынан, Топар, Жарық, Молодежный, кенттері мен Доскей және басқа ауылдардан келген әуесқой әншілер, музыканттар мен композиторлар кіреді. Қазіргі уақытта клуб жетекшісі Татьяна Поверникова. Ол – вокалист, хормейстер және «Астана», «Доченька», «Репрессия» және басқа да композициялардың авторы. Қарағанды халық композиторлар клубы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған елім – тірегім» атты патриоттық әндер жинағын басып шығаруымен де танымал. Оған Сарыарқа туралы әндер енді. Биыл Қарағанды қаласына 91 жыл толады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933538
6 февраля 2025 года - Всемирный день выборов 14.02.2025
https://qyzyljartv.kz/ru/news/43518Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/931417
Аграрлық инновациялар: СҚО-да жетекші халықаралық сарапшылар бас қосты 14.02.2025
Бүгін «Тұқым-2025. Қызылжар» халықаралық конференциясы диқандардың, отандық және Еуропа мен көршілес елдердің сарапшыларын біріктірді. Конференцияға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен "Қазақстанның Еңбек Ері" Геннадий Зенченко қатысты. Қатысушылар қазақстандық және шетелдік өндірушілер ұсынған жоғары маржиналды дақылдардың тұқымдары көрмесімен танысты.Сапалы тұқым — жоғары өнімділіктің негізі. Былтыр шаруалар жақсы өнім алды, бұл агротехнологияларды сақтау, элиталық тұқымдарды себу және мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Селекция да маңызды рөл атқарады — солтүстікқазақстандық ғалымдар жаңа «Семеновна» атты бидай тұқымын шығарды, ол қатал климатқа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Өңірдің ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді: заманауи сүт кешендері, қой фермалары мен бордақылау алаңдары ашылуда. Осыған орай, жемшөп өндірісін дамыту және жемшөп дақылдарының өнімді сорттарын енгізу ерекше маңызға ие.Конференцияда отандық және шетелдік сарапшылар тұқым сапасын өсіру, заманауи селекция технологияларын енгізу, инновациялық өңдеу әдістері, сорттарды жақсарту мәселелерін талқылады. Шетелдік және отандық селекцияның перспективті ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттары таныстырылды."Халықаралық конференция тәжірибе алмасу, тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері мен болашағын талқылау үшін маңызды алаңға айналып, аграрлық сектордың дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді", - деп жазды өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/932149