Мүгедектігі бар қазақстандықтардың 59 мыңнан астам тапсырысы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы орындалды

Мүгедектігі бар қазақстандықтардың 59 мыңнан астам тапсырысы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы орындалды

14.02.2025 23:50:05 550

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде 37 мыңы оңалтудың техникалық құралдарына, 4,3 мыңы ымдау тілі қызметіне, 17,6 мыңы жеке көмекші қызметіне, 0,7 мыңы шипажай-курорттық емделу бойынша жүгінген. Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 нөмірі бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.
Портал техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні дербес таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жасауға болады. Тапсырыс берілген техникалық құралдарды жеткізу немесе өздігінен алып кетуге болады.
Мүгедектігі бар қазақстандықтарға протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар ұсынылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932339