Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қарағандының Ақындар одағы өзінің алғашқы жинағын таныстырды 01.02.2025
Қарағанды қаласының Ақындар одағы өткен жылы STELLAR әдеби клубының базасында құрылған. Шығармашылық қоғамдастық облыстың түрлі қалаларынан келген поэзия әуесқойларын біріктірді. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.– Біз желтоқсан айында жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесерін өткіздік. Біздің қоғамда қазір түрлі жастағы 23 ақын бар. Ақындар кешін, көрмелер өткіземіз. Әлемге әйгілі ақындардың құрметіне театрлық тақырыптық суреттемелер ұйымдастырамыз. Өткен жылы қазақтың көрнекті ақыны, жазушы және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтілді. Біз оның құрметіне ақындар кешін өткізіп, әдеби кездесулердің бірін «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасына арнадық. Болашақта Қазақстанның басқа қалаларына ақындық кештермен баруды жоспарлап отырмыз, – дейді Қарағанды Ақындар одағының жетекшісі, STELLAR әдеби клубының негізін қалаушы Алёна Куринная.Тұсаукесерде авторлық өлеңдер орыс және қазақ тілдерінде орындалды. Жинаққа 19 автордың шығармалары енген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925061
«Үздік идеялар»: Қарағандыда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды 01.02.2025
Қарағанды облысының педагогтары қазақ тілі мен әдебиеті теориясы бойынша сайысқа түсіп, мектептерде осы пәндерді қалай тиімді оқыту керектігі туралы ойларымен бөлісті.Ләззат Бәйішқызы атындағы «Үздік идеялар» байқауының облыстық кезеңіне Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 43 мұғалім қатысты. Олардың барлығы бұрын өткен байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары атанды. Қатысуға қазақ және орыс тілдерінде оқытатын педагогтар жіберілді.Облыстық байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар эссе жазуы тиіс еді. Екіншіден – қазақ тілі теориясы бойынша сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ үзінділер бойынша қазақ классиктерінің шығармаларын атау. Үшінші тур педагогикалық идеялар мен оқыту әдістемесін талқылауға арналды.Сәттаров атындағы Қарағанды мектеп-лицейінен Әсем Қызырова қазақ тілінде оқытатын мұғалімдер арасында бірінші орын алды.– Жалпы тапсырмалар күрделі, қызықты болды. Дұрыс жауап беру үшін тіл теориясын, қазақ классиктерінің шығармаларын терең білу керек. Маған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпосынан үзінді келді. Байқаудың үшінші турында мен Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізудің маңыздылығы туралы өз идеяларыммен бөлістім. Мұндай байқаулар өте маңызды. Олардың арқасында біз пән мұғалімдері тәжірибе алмасып, идеялармен бөлісе аламыз. Жас мамандар үшін бұл өте құнды және қажет, – деп есептейді Әсем Қызырова.Орыс тілінде оқытатын мектептерде жұмыс істейтін педагогтар арасында Бауыржан Момышұлы атындағы Қарағанды ОМ мұғалімі Жанар Төлеуғазы бірінші орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925104
Қарағандылық 15 джитсер Қазақстанның ұлттық құрамасына енді 01.02.2025
Алматыда джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатына 1600 спортшы жиналды. Қарағандылықтар 26 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 9 күміс және 11 қола. Біздің өңірдің он бес джитсері ұлттық құраманың құрамында халықаралық аренада ел атынан өкілдік ету құқығына ие болды.Турнирге Қарағанды облысынан 80 спортшы қатысты, олардың қатарында бірнеше мәрте жүлдегерлер мен түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары - жасөспірімдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы Асанәлі Абаев, сондай-ақ халықаралық және ұлттық ареналардағы жетістіктерімен танымал Жігер Алматай мен Асылмұрат Сағындық бар. Чемпионатта біздің облыстан келген халықаралық дәрежедегі төреші Елеукен Бек-Мұхаммед те төрелік етті.– Біз үшін басты міндет өзімізді танытып, Қазақстанның ұлттық құрамасына қатысуды қамтамасыз ету үшін тамаша нәтиже көрсету болды, – деп атап өтті Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағамбетов. – Біздің спортшылар түрлі жас және салмақ санаттарында көптеген марапаттарға ие болып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, нағыз жауынгерлік рухын да көрсетті. Айталық, Асанәлі Абаев қарсыластарына ұпай жинауға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Әрбір жекпе-жекте ол басым болды.Алда джитсерлерді түрлі сайыстар күтіп тұр. Ақпан айында спортшылар Азия чемпионатына, ал күзде Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына қатысады. Қарағандылықтар жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін Karaganda BJJ Open Championship-2025 үй турнирі де маңызды кезең болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925127
Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтті 01.02.2025
Демалыс күндері бос орындар жәрмеңкесінде Теміртау тұрғындары жұмыс тапты. Оған 200-ге жуық жұмыс іздеуші қатысып, олардың 70-і жұмысқа орналасуға жолдама алды.Түрлі қызмет салаларындағы 30 кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде Qarmet және Qarmet Service, «ҚазАрматура» зауыты, «ҚазЭнергоМаш» корпорациясы бар. Сондай-ақ, прокуратура өкілдері мен пробация қызметінің инспекторларынан кеңес алуға болады.– Бізде халықтың түрлі санаттары үшін жұмыс орындары бар. Біз ЖОО түлектері мен NEET жастарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандарға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Сонымен қатар, қалада «Алтын жас» бағдарламасы да сәтті жұмыс істеуде, зейнеткерлер бұл жобаға үлкен қызығушылық танытуда. Бос жұмыс орындары баршаға жеткілікті, – дейді Теміртау қаласының Мансап орталығының директоры Мақсат Төлеутаев.Мансап орталығы өкілдерінің айтуынша, мұндай жәрмеңкелер ай сайын өткізіледі. Сонымен қатар, Теміртау тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жұмыссыздарға арналған бағдарламалар туралы көбірек білуі үшін ашық есік күндерін ұйымдастыру жоспарланған.Бүгінгі таңда enbek.kz Электрондық еңбек биржасында қала бойынша 1400-ге жуық бос жұмыс орны қолжетімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/925326
Жетісу облысында «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесі азайтылады 01.02.2025
Биыл Жетісу облысының аудан-қалаларында жылумен жабдықтаудың бірнеше маңызды жобасы іске асырылады. Бұл ретте Талдықорған қаласында қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандықтың құрылысы қолға алынса, жеке инвестиция есебінен «Басқуат» қазандығының базасында газ турбиналық станция салынуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі кезде жыл бойы жұмыс істейтін аталған қазандықтың жүктемесін тағы 30% азайтуға мүмкіндік туады. Атап өтсек, бұған дейін қаладағы жылу желілерін қайта жаңғырту және нысандарды кварталдық қазандықтарға қосу есебінен «Басқуаттың» жүктемесі 12% төмендетілген еді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 2024-2025 жылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Өңірдегі әлеуметтік саланың 1330 нысанына және 1682 көп қабатты тұрғын үйге жылу үздіксіз беріліп келеді. Облыстың жылумен жабдықтаушы кәсіпорындары мен бюджеттік сала объектілері түгелдей отынның нормативтік қорымен қамтылған. Өңірде халықтың жылыту маусымындағы көмірге деген қажеттілігі 428,5 мың тонна. Бүгінге дейін аталған қажетті көлемнің 98%-ы тұрғындарға сатылды. Жылыту маусымына дайындық барысында 2 турбинаға, 40 қазандыққа, 156 км су құбыры желісі мен 13,5 км жылу жүйесіне, 1,1 мың км электр желісіне және 134 трансформаторлық қосалқы станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілген.«Биыл жылу жүйесінің бірқатар жобасы қолға алынады. Мәселен, жеке инвестиция есебінен Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығының базасында қуаты 26 МВт электр энергиясын және 19 Гкал/сағ жылу энергиясын беруге жететін газ турбиналық станцияның 1-ші кезегін келесі жылыту маусымына дейін іске қосу жоспарланған. Жоба 5 кезеңде жүзеге асырылады. Оны іске асыру нәтижесінде 315 МВт электр және 252 Гкал/сағ жылу энергиясы өндіріледі. Жоба 2027 жылы толық аяқталды деп күтілуде. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен Текелі қаласында қуаты 21 МВт болатын жаңа бу-газ қондырғысын орнату арқылы қолданыстағы ЖЭО-ны жаңғырту және кеңейту жобасының бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, бюджет қаржысы есебінен Талдықорған қаласында қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандық салынып жатыр. Оның құрылысы 2025 жылғы қазан айында, яғни келесі жылыту маусымы басталғанға дейін бітеді деп жоспарланып отыр», – делінген облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының хабарламасында.Жалпы өңірде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жалпы қуаты 540 Гкал/сағ болатын 24 негізгі энергия объектісі жұмыс істейді. Жылу желілерінің ұзындығы - 393 км.Еске салсақ, биылғы жылыту маусымының қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар тұратын 1039 жеке тұрғын үйге улы газды анықтайтын датчиктер қойылды. Ал 2022-2024 жылдар аралығында осындай датчиктер 5 мыңға жуық үйге орнатылған болатын. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/925444
2025 жылы Ақтөбе облысында 965 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда 01.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысы қаралды.Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев өңірде тұрғын үйді іске қосу қарқыны жағынан өсім бар екенін атап өтті. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста 964 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған, бұл жоспарланған межеден 14 мың шаршы метрге артық. 2025 жылы 595,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үй, 354,7 мың шаршы метр көппәтерлі үй салу жоспарлануда. Ақтөбе мен Алға қалаларында 142 мың шаршы метр немесе 1 857 пәтер салу жоспары бар. Жалпы, 965 мың шаршы метрді құрайды.Тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 49 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 22 ауыспалы білім беру нысандарының құрылысы жалғасады және IT Хабты қоса алғанда, 3 жаңа жоба іске асырылады. Сондай-ақ, Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталады.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысан халық игілігіне беріледі. Биыл Жаңақоныстағы ауруханаға жапсарлас құрылыс жұмыстарын аяқтау, Жемде дәрігерлік амбулатория және Қобда ауданы Өтек ауылында медпункт салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, Хромтауда мәдениет үйінің құрылысы аяқталмақ. Бұдан өзге, облыс орталығында 5000 орындық көпфункционалды спорт кешені мен стадионның жобасы әзірленуде. Шалқар, Хромтау, Кеңқияқта дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Шұбарқұдық және басқа да бірқатар ауылдарда бассейндер тапсырылады.Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, 2025 жылға жоспарланған барлық нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Асхат Шахаров кіреберіс жолдарды, тротуарларды салу және әлеуметтік нысандарды жарықтандыруды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.«Барлық құрылыс жобаларының белгіленген мерзімде және жоғары сапа деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылуын бақылауды күшейту қажет. Бұл тек мерзімдерді сақтауға ғана емес, бөлінген ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне де қатысты, өйткені бұл жобалар өңір және жалпы ел тұрғындарының игілігіне бағытталған», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925212
2025 жылы Ақтөбе өңірінде газ тартылып, сумен қамтылатын елді мекендердің саны белгілі болды 01.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауылдық елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев облыстағы 319 елді мекеннің 172-сі газдандырылғанын, бұл 53,9% құрайтынын айтты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 21 басталған жобаның 8-і толығымен аяқталған, 13-і – 2025 жылға ауыспалы жобалар қатарында. Осы жобаларды іске асыра отырып, 9,8 мың тұрғыны бар 23 ауылға көгілдір отын тартылады. «QazaqGaz Aimaq» инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылын газдандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, жақын арада 2,6 мың халқы бар тағы 6 ауылға газ жеткізіледі.«2025 жылдың соңына қарай 196 елді мекенге газ беріледі, бұл ауылдардың жалпы санының 61,4% құрайды. Бұдан басқа, 2025–2027 жылдарға 4,7 млрд теңгені құрайтын 9 жаңа жобаға өтінім берілді. Оларды іске асыру арқылы 206 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Арысұлан Айтбаев.Спикер атап өткендей, былтырғы жылдың желтоқсан айында Ақтөбеде магистральдық газ құбырының үшінші тізбегінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта газ құбырының учаскелерін толтыру және оны жұмыс қысымына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті сағатына 526,5 мың м3 дейін ұлғайтылады, бұл қаланы қосымша табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Елді мекендерді сумен жабдықтауға келер болсақ, бүгінгі таңда 319 ауылдың 291-і ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 91,2% құрайды. 28 ауылда су ұңғымалары қолданылады. Ел Президентінің халықты 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмалары аясында биыл Ақтөбе облысында бұл көрсеткіштерді 302 елді мекенге немесе 94,7%-ға жеткізу көзделген.«Ақтөбе қаласының тұрғын алаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Сарыбұлақ» және «Моисеев» сорғы станцияларын салу бойынша екі ірі жоба әзірленді. Екі жоба да мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бағытталған. Осы жобаларды іске асырғаннан кейін қалаға тәулігіне қосымша 70 000 м3 су келіп түседі, бұл тұрғын алаптарды сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді», - деп нақтылады басқарма басшысы.Су құбыры желілерінің тозу проблемасын шешу үшін облыс бойынша 13 жобаны іске асыру көзделген. Бұдан басқа, «Aqtobe su-energy group» АҚ 12,2 шақырым су құбыры желілерін қайта жаңартпақ, осылайша облыс орталығындағы желілердің тозу деңгейін 29,5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.Облыс әкімі сумен жабдықтау және газдандыру бойынша басталған барлық жобалардың мерзімінде аяқталуын тапсырды.«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына барлық басталған жобалардың орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырамын. Газдандыру және сумен жабдықтау жоспарланған мерзімде аяқталуы керек және ешқандай жоба себепсіз кейінге қалдырылмауы тиіс. Өңірде газбен және сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған барлық жоспарланған іс-шаралар жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Мемлекет басшысының әрбір тұрғынды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндеттерін орындауға ықпал етеді. Барлық басталған жобаларды қатаң бақылауда ұстау қажет», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925396
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 01.02.2025
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетов тағайындалды. Ол 1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары: 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану», 2014 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт бойынша Комитетінің референті болып бастаған. 2011-2014 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Денешынықтыру департаментінің бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеген. 2014-2018 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы, қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы болып қызмет еткен. 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларын басқарған. 2020-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Республикалық сурдо футбол және футзал федерациясының Президенті қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925014
Мәулен Әшімбаев СҚО кәсіпорындары мен креативті орталықты аралады 27.01.2025
Өңірімізде жұмыс сапарымен болған ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев облыс орталығындағы кәсіпорындарды, атап айтқанда «Nord Panels» ағаш өңдеу зауыты мен «Зеленый Север» жылыжай кешенін аралады. Жаңа зауыт ағаш өнеркәсібін дамытып жатса, ал жылыжай тұрғындарды жергілікті көкөніспен қамтамасыз етуде. Мәулен Әшімбаев креативті индустрия орталығында SKO Hub-тың резиденттерімен кездесіп, олардың бастамалары мен жобаларымен танысты. «Sensitive» би ансамблімен кездесу ерекше болды: ансамбль мүшелері өз өнерлерін көрсетті, ал жобаның жетекшісі Ольга Ростовщикова инклюзияның балалардың шығармашылық дамуына маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/924778
Қарағанды туристік клубы белсенді туризмге тегін оқытуға шақырады 27.01.2025
Қарағанды облыстық туристік клубы белсенді туризмге үйрету және бірінші күрделілік санатындағы жаяу жүргіншілер сапарының жетекшілерін даярлау үшін топ жинауда.Оқытуды тәжірибелі нұсқаушылар жүргізеді. Сабақтар тегін. Таныстыру сабағы 28 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді.Сондай-ақ, туристік клуб спелеотуризмді оқыту тобына (саяхат және үңгірлерді зерттеу) қабылдау туралы хабарлайды. Оқыту тегін.Таныстыру сабағы 31 қаңтарда сағат 18:00 өтеді.Сұрақтармен WhatsApp: +7-705-587-24-34.Оқыту Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 12 үй, бірінші қабат (оңға) мекенжайы бойынша жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924683
ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 26.01.2025
Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Мегаполис басшысы жаңа ғимаратты аралап, спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар осындай маңызды жобаларды жүзеге асыру жастар арасында спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Айта кету керек, спорт мектебі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген майталман спортшыларды тәрбиеледі. Олардың арасында Елена Шалыгина мен Софья Берульцева бар.2400 шаршы метрден асатын жаңа төрт қабатты спорт кешеніне грек-рим және еркін күрес, дзюдо, кикбоксинг, каратэ, самбо және фитнес сабақтарына арналған алты мамандандырылған зал кіреді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924652
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ 26.01.2025
Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған.Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған.Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924650
Облыс әкімі Ақтөбедегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тексерді 26.01.2025
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығының негізгі су объектілері мен су тасқыны қауіпті учаскелерін бағамдады. ТЖ департаментінің командалық-штабтық машинасы мен пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен өңір басшысы Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шықты.Қазіргі уақытта ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Жұмыстарды «ZNS Group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді, жобаның құны – 117,55 млн теңге.Асхат Шахаров Сазды су қоймасының ағымдағы жөндеу барысын да тексерді. Мұнда су жинақтаушы орынның түбін бөлшектеу, екі қатарлы арматурамен бетон құю және мұздан қорғайтын қабырғаны орнату жұмыстары аяқталған.Қаланы жұмыс бабымен аралау қорытындысы бойынша әкім жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді және неғұрлым осал аумақтарда қорғаныс бөгеттерін салуға кірісуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924627
«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады 25.01.2025
Екі спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысандарға барып, жөндеу жұмыстарыныңбарысын тексерді.«Шағала» бассейніне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен қазір сот талқылауларыжүріп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, комиссияның шешімімен біз бұл мекемені ашамыз. «Достық» спорт кешені де жөндеуден өтті. 1 ақпанға дейін мердігер жұмыстыаяқтайды. Алдағы аптада балалар өз сабақтарынжалғастыра алатындай екі бассейн ашылады», - деп түсіндірді облыс әкімі.«Достық» спорт кешеніне күрделі жөндеуді «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыс құны – 388,12 млн теңге. Ал «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 млн теңге жұмсалды.«ГрадСтройСервис» ЖШС жұмысты толық көлемдеорындамағандықтан, сотқа шағым түсірілді.Айта кету керек, ғимараттар жөнделген кезде, үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін жеке бассейндерді жалға алуға келісімшарттар жасалып, жас жүзушілер спортпен айналысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924611
Ақтөбе облысында хоккейді дамытуға 956 млн. теңге бағытталды 25.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаров №5 «Олимп» БЖСМ-не де барды, онда хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бойынша балаларға арналған секциялар жұмыс істейді.Өткен аптада «Олимп» хоккей модулінде жылу алмастырғыш істен шыққан-ды. Осыған байланысты мұз үстіндегі сабақтар тоқтатылды. Сәйкесінше, жаңа жабдықты сатып алу немесе ескі жабдықты жөндеу мәселесі күн тәртібінде болды. «Бүгінде жылу алмастырғыш жөнделді. Жаңа жабдықты да сатып алу жоспарлануда. Ескі құрылғы істен шыққан жағдайда, балалар жаттығуларын үзбеуі үшін оны жаңасына ауыстырамыз», - деп түсіндірді Асхат Шахаров.Жылу алмастырғышты сатып алуға демеушілерді тарту жоспарлануда.Сондай-ақ, хоккей бойынша өңірде ересектер, жастар және балалар командалары құрылғанын атап өткен жөн. 2024-2025 маусым ойындарына «Aqtobe» хоккей клубының жеті командасы қатысуда. Қазіргі уақытта ерлер командасы 7-орында, жастар командасы 5-орында, балалар командалары 2-ден 6-орынға ие. 2025 жылға арналған хоккейдің бюджеті 956 млн. теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924612
Ақтөбеде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды 25.01.2025
Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында балаларға арналған екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.Облыс әкімі Асхат Шахаров спорт нысандарының балаларды қабылдауға дайындығын тексерді. Қызылжардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Ерзат»ПрК мердігерлік ұйымы салды. Жобаның құны - 557,97 млн теңге. Спорт нысаны 500 баланы қабылдауға қауқарлы. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жекпе-жек бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ жүз орындық трибуна бар. Ясныйда да дәл осындай кешен ашылады.«Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында жергілікті балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылады. Жұмыс үшін жаттықтырушылар құрамы таңдалды. Ақпан айында біз Балауса, К.Нокин және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл кешендер балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне айналады.Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жастарды спортпен шұғылдануға ерекше назар аудару керек. Бұл бағытта біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды және балалар мен жастарға барлық жағдай жасауды жалғастырып келеміз», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924613
ШЫМКЕНТТЕ ЫНТЫМАҚ-2 ЖӘНЕ БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ 25.01.2025
Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты.Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Аталған шағын аудандарды газдандыру аясында 6000-нан астам абонент көгілдір газға қол жеткізді. Бозарық шағынауданында 1500-ге жуық, Тұран шағынауданында 4500-ден аса тұрғын үйге газ берілді.Қала әкімі халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттар екеніне тоқталды.«Елдімекендерді жоспарлы газдандыру экологияны жақсартуда және орнықты дамытуда, қолайлы орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деді Ғ.Сыздықбеков.Табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924602
Мұғалжар ауданы Темір көпір ауылының жастары өз құрдастарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырды 25.01.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде Мұғалжар ауданының жастары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және абаттандыруға бағытталған республикалық акцияның өткізілуін талқылады.Жастар жыл бойы сенбіліктерге және жасыл желектерді отырғызуға белсене атсалысты.«Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз, себебі соның арқасында ауыл таза әрі әдемі күйге енді. Барлығы қоршаған ортаға қамқорлық жасауы керек және жастардың осы процестерге белсенді қатысуы маңызды. Осындай бастамалармен біз экожүйені жақсартып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасай аламыз, сондай-ақ жастардытабиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға тәрбиелейміз. Тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталады», - деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дәулет Серікбаев.Облыс әкімі жас ауыл тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.«Таза Қазақстан» акциясы - бұл жай ғана бастама емес, бұл біздің өмір сүру үшін таза және жайлы орта құруға қосқан ортақ үлесіміз. Президент еліміздің әрбір өңірі өз аумақтарының экологиясын жақсартуға және абаттандыруға қатысу керек деген міндет қойды. Жастардың осы өзгерістердің алдыңғы қатарында болуы маңызды, өйткені сіздер – еліміздің болашағысыздар. Сенбіліктер мен көгалдандыру шараларына қатысып қана қоймай, сонымен қатар қоқыстарды бөлек жинау, жасыл аймақтарды құру және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту бастамаларына белсенді қатысу қажет.Өзіміздің және басқа да тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу маңызды, өйткенібалаларымыздың болашағы бізге байланысты. Осындай жобаларға қатысу арқылы сіздер өзгелерге үлгі көрсетернағыз көшбасшы боласыздар. Сіздердің көмектеріңізбен біз өңірімізді және елімізді таза әрі әдемі ететінімізге сенімдімін», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924582
Классика мәңгі сақталады: Қарағандыдағы байқауда оныншы сынып оқушылары Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер оқыды 25.01.2025
"Адамның бойындағы балалық ар-ұжданы - дәндегі бүршік сияқты: бүршіксіз астық өспейді. Әлемде бізді не күтіп тұрса да, адамдар туылып, өліп жатқанда шындық мәңгі сақталады... " – жазушы Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Ақ кеме» повестінен үзінді. Дәл осы шығармадан үзінді орындағаны үшін Қарағандының № 95 мектеп-гимназиясының оныншы сынып оқушысы Богдан Багиров ІІІ қалалық Айтматов оқулықтарында Гран-при алды.Богдан әдебиетті жақсы көреді және түрлі үйірмелерге белсенді қатысады. Ол театр студиясында шұғылданады және ондағы сабақтар зияткерлік жарыстарда жеңіске жетуге септігін тигізгенін айтады.– Бұл байқау маған көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Барлығы достық атмосферада, өте жоғары деңгейде өтті, – дейді жеңімпаз. – Басқа қатысушылардың оқыған үзінділері арқасында Айтматов шығармаларының мағынасын сезіне алдым.Айтматов оқулары әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда өтті. Байқауға Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына деген сүйіспеншілік біріктірген қала мектептерінің 24 оныншы сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды: оқу шеберлігі, мәтін көңіл-күйін жеткізу, тәсілдің бірегейлігі және жалпы әсер. Сонымен қатар, барлық қатысушылар Айтматовтың шығармалары бойынша тестілеуден өтті. Жеңімпаз балл сомасы бойынша анықталды.Байқауға қатысу үшін Богдан Багиров өзінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Назыровамен бірге «Ақ кеме» повестінен үзінді таңдаған.– Мен Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын ұнатамын, олар терең мағынаға ие, – дейді оқытушы. – Онда автор балалардың тағдырын іштей бастан өткергендей көрсетеді. Айтматов шығармаларының даналығы мен сұлулығы маңызды өмірлік құндылықтарға – мейірімділікке, махаббат пен өзара түсіністікке үйретеді.Қазылар алқасы Богданның сөзіндегі мәтінді түсіндірудің эмоционалдылығы мен тереңдігін бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924333
Жетісу облысында тағы 19 көпбалалы отбасы мемлекеттік қордан тұрғын үй алды 25.01.2025
Бүгін Жетісу облысында кезекте тұрған 19 көпбалалы отбасы Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығынан баспаналы болды. Өткен жылдың соңынан бері мұнда 74 отбасы қоныс тойын тойлады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасы бойынша аталған коттедж қалашығының проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда. Ол негізінен құрылыс сапасына байланысты мәселелер. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салынып бітпеген үйлердің құрылысы аяқталуда. Барлығы 204 проблемалық коттедж анықталды. Барлық ескертулер мен кемшіліктер жойылғаннан кейін 25 коттедж өткен жылдың соңында кезекте тұрғандарға тапсырылды, ал тағы 30 коттедж өткен аптада тапсырылды. Бүгін кезекте тұрғандарға тағы 19 кілт табыс етілді. Қалғандары кезең-кезеңмен пайдалануға берілетін болады. Жалпы, биыл коттедж қалашығының құрылысын толық аяқтау жоспарланған.Бақытты қоныс иелерінің арасында жеті баланың анасы Әлия Аталықова да бар. Оның отбасы бүгін армандаған кілтке ие болды:- Баспана кезегінде 15 жыл тұрдым. Бала-шағаммен бір жалдамалы пәтерден екіншісіне үнемі көшу қиын болды. Біз ұзақ күткенімізге қарамастан, бүгін біздің отбасымызда үлкен және бақытты қоныс тойы өтті. Сол үшін барлық қатысушыларға шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа қоныс иелеріне амандық тілеймін, - деді көпбалалы ана.Айта кететін жайт, Жетісу облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Талдықорған қаласының өзінде өткен жылы кезекте тұрғандардың ішінен 1283 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал биыл 1400-ден астам тұрғынды қамту жоспарланған. Жалпы, биыл облыс орталығында жаңа шағынаудандарда тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, жылу желілерін, арық желілерін қайта жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары жалғасады. Қаланың ескі шағынаудандарының архитектуралық келбетін жаңартуға, үйлердің шатыры мен қасбетін қайта жаңартудан бастап, аула аумақтарына дейін назар аударылатын болады. Оның үстіне Талдықорғанды жаңа саябақтар мен скверлер көріктендіре түседі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/924146