Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қарқаралы ауданында жабағы жарыс өтті 16.01.2025
Қарқаралы ауданының Қоянды және Ақшоқы ауылдарының он үш жас тұрғыны жарысқа қатысты. Олардың бәрі жабағыларын мініске үйретіп, өздері жаратқан.Жарысқа 1975 жылы Қоянды ауылының жалпы білім беретін мектебінің түлектері демеушілік етті.– Түлектеріміз бұл жарыстарды жастарымыздың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырды. Қазіргі заманғы балалар көптеген қолжетімді ойын-сауықтардың, технологиялардың арқасында дәстүрден алшақтап кетті. Біз бұлай болғанын қаламаймыз. Өткен жарыстар қатысушыларға да, қонақтарға да ұнады. Менің ойымша, жасөспірімдердің ат жарысымен айналысуға деген ықыласы арта түседі, – дейді Қоянды ауылының спорт нұсқаушысы Нұрлыбек Қалиев.Жарыс қорытындысы бойынша Шыңғыс Рымхан мен оның Көгершін атты жабағысы бірінші орынға ие болды. Шыңғыс дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Екінші орынды Ернар Қуанышбек пен оны Мустанг атты жабағысы иеленді. Ернарға қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды.Үздік үштікті Айдос Исмаил мен Тайбурыл тұйықтады. Үшінші орын үшін Айдосқа жылқы сулығы табыс етілді.Қалған қатысушылар да құр қол қайтпады.Ауыл әкімшілігі мен меценаттар алдағы уақытта да осындай жарыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Келесі жарыс ақпан айының ортасына жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919053
Ермағанбет Бөлекпаев: "Сіздерге үмітіміз зор! Жұмыс қолдары жетіспейді" 16.01.2025
Қарағанды облысы жұмысшы мамандарды даярлау орталығына айналуға ұмтылуда. Өңірде тірек орындарын айқындай отырып, колледждерді кластерлеу басталды. Сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін білім мен өндіріс арасындағы байланыс нығайтылады.Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жетекші колледждердің басшыларымен кездесу барысында жұмысшы мамандықтардың имиджін арттыру, кадрлар даярлауды жетілдіру үшін не қажет екенін талқылады.– Мемлекет басшысы биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Біз үшін бұл өте маңызды – индустриялық өңір, жаңа өндірістер ашылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сіздерге үмітіміз зор! Жұмысшылар жетіспейді. Жергілікті мектеп түлектерін оқыту ғана емес, колледждерге басқа облыстардан оқуға келушілердің санын арттыру міндеті тұр, – деді облыс әкімі. – Біз бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Егер біз тірек колледждерді таңдасақ, оларды толық жарақтандыру керек. Содан кейін оқытудың сапасы мен жұмысқа орналастыруды талап ету керек.Облыста 52 колледж 126 мамандық бойынша жұмысшы кадрлар даярлайды. Кадрларды бiрлесiп даярлауға 300-ден астам орта және iрi кәсiпорындар қатысады.«Жас маман» жобасы бойынша колледждер базасында заманауи жабдықтармен жабдықталған 14 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Биыл су шаруашылықтары бойынша Теміртау жоғары политехникалық колледжінде, өрт сөндіру-құтқару пәндері мен парамедицина бойынша Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде екі жаңа мектеп ашу жоспарлануда.Кездесуде материалдық-техникалық базаға, дуальды оқытуды дамытуға, жатақханалардың жетіспеушілігіне қатысты проблемалық мәселелер де көтерілді.Колледж басшылары алдағы жоспарлар мен әлеует туралы айтып берді.– Атауға сүйене отырып, кейбіреулер біз ауыл шаруашылығы үшін мамандар дайындаймыз деп ойлайды. Бірақ олай емес. Бұл сала бойынша бізде бір ғана мамандық бар: механизаторлар, сондай-ақ дәнекерлеушілер, механиктер, аспаздарды оқытамыз. Пришахтинскіде орналасқанбыз, негізінен жергілікті балалар оқиды, – дейді Қарағанды агротехникалық колледжінің директоры Мүбарак Хасенов. – Кәсіби бағдар беру жұмыстарын қайда дүниеге келсем, сол жерде керек болғаным қағидасымен жүргіземіз. Біз жергілікті өндіріске талдау жасадық, Пришахтинскіде қызмет көрсететін кәсіпорындар көп екенін байқадық. Олармен байланыс орната бастадық, келісімшарт жасаймыз.Саранда оқушылар үшін дәнекерлеу ісі бойынша бейінді сыныптар ашылмақ. Бұдан басқа, индустриялық аймақтың дамуымен бұрын ешқашан дайындалмаған мамандар қажет болды.– Жаңа кәсіпорындар салынуда. Біз де заман талабына сай жаңа мамандықтар ашуға тырысамыз. Saran индустриалды аймағының кәсіпорындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. «Полимерлік өндіріс технологиясы», «Тоңазытқыш компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану», «Құбыр өндірісі» мамандықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Саран жастарының басқа өңірлерге бармауын, бізге басқа қалалардан келуін қалаймыз, – деп бөлісті Саран техникалық колледжінің директоры Алина Есімханова.Ермағанбет Бөлекпаев тірек колледждер бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты дұрыс қалыптастыру үшін еңбек нарығының әлеуетін кешенді талдау қажеттігі туралы айтылды. Алдағы уақытта аймақ басшысы колледж басшыларымен кездесулерін тұрақты түрде жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919094
Бұқар жырау ауданындағы барлық ауылдар 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмек 16.01.2025
Бұқар жырау ауданында биыл сапалы ауыз су мәселесін толық шешу көзделген. Бес ауылда жұмыстар жүргізілуде.2024 жылдың қорытындылары мен биылғы жоспарлар туралы аудан әкімі Ерлан Құсайын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.– Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. Бүгінде біздің ауданда халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 99% -ды құрайды. Мақсат - таяу уақытта көрсеткішті 100% -ға жеткізу. Өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарында және Қушоқы кентінде су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ескі Тұзды, Стан және Севан ауылдарында суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады. Жаңаауыл және Бірінші Май ауылдарында су құбыры желілері жөнделеді. Осылайша, жыл соңына дейін ауданның барлық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған, – деп хабарлады Ерлан Құсайын.«Ауыл – Ел бесігі» жобасы да өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға көмектесуде. Бұқар жырау ауданының 68 елді мекенінің 46-сы осы жобаға енгізілген. Өткен жылы 19 жоба іске асырылды. Мысалы, Ғабиден Мұстафин ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылды, Үштөбе және Доскей ауылдарында клубтар салынды. Сегіз елді мекенде жолдар жөнделді.Биыл жобаны жүзеге асыру жалғасады. 14 жоба жоспарланған. Олардың қатарында Қушоқы ауылындағы ДСК, Көкпекті ауылындағы клуб құрылысының аяқталуы бар. Жолдарды жөндеу Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті, Атамекен ауылдарында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/919349
ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда. 16.01.2025
ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда.Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/919023
ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ 15.01.2025
Бүгін түркістандық педагогтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Ұстаз» фильмін тамашалады. Кинотуындының өңірдегі таныстырылымында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, фильм директоры Думан Алтынбекұлы, продюсері Әбіл Әділбек пен басты рөлді сомдаған актерлері сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы беделі жоғары екенін алға тартты.– Бүгінгі таңда жаңа заманның талабы да күшейіп, әлем елдерімен бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мақтанатын да тұстарымыз жоқ емес. «Ұстаз» фильмі осы ұлы мамандықтың қиындығы мен қызығы мол әр сәтіне терең үңілдіреді. Ұстаз есімінің ең ұлағатты, ең қадірлі мамандық екенін бүгінгі «Ұстаз» фильмі тағы да дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильм облыстың барлық аудандарындағы педагогтарға көрсетілуде, – деді Ертай Кенжебекұлы.Белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген фильмнің сценарийін марқұмның жары Гүлмира Зербай жазған. Туындыда өз ауылына қайтып ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалды. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі тәсіл қолданады. Оқушыларды арман-мақсатқа жетуіне шабыттандырады.Айта кетейік, фильмнің мақсаты – қоғамдағы педагог мәртебесін көтеру. Толықметражды кино бір айға жуық уақыт ішінде Жетісу облысында түсірілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918325
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ 15.01.2025
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, газбен қамту жұмысы қарқынды. Бұл ретте Сайрам ауданында да жүйелі іс атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 42 елді мекеннің 37-сі табиғи газбен қамтылған. Ақарыс және Оймауыт елді мекендерінің табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бұл елді мекендер Құтарыс пен Қызалжар елді мекендерінің құбырына тәуелді болуына байланысты құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады. Өткен жылы аудандағы елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, Көлкент, Құтарыс және Қызылжар елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда аудан бойынша газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Айта кетейік, барлық елді мекендерге газ тарататын 3 дана газ таратушы станция бар. Нақтырақ айтсақ, Ақбұлақ ауылында орналасқан «Самсоновка», Жібек жолы ауылында орналасқан «Свердлов», Нұржанқорған ауылында орналасқан №20 «Жаңақоғам» газ тарату станциялары бар.Сонымен қатар ауыз сумен қамтуда да ілкімді іс бар. Елді мекендерге тұрақты ауыз су беру үшін өткен жылы Сайрам ауданындағы 14 нысанға аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда нысандардың құрылысы аяқталған. Облыстық бюджет есебінен Жібек жолы ауылының ауыз су құрылысы аяқталса, 2 нысан құрылысы биылға өтпелі. Жібек жолы ауылындағы су құбыры желісін күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су тұрақты берілуде. Сондай-ақ Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл Арыс ауылдық округіне қарасты Нұржанқорған және Қожақорған ауылдарында ауыз су құбырларын салу жұмыстары аяқталмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918334
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарланған. Осы ретте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған тұрғын үй саласына жауапты басшылар, бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілісте өңір халқын тұрғын үймен қамту, ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру, әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту, тұрғын үй мәселелерін шешу, оның ішінде жалдау ақысын субсидиялау тетіктерін енгізу, заңдағы жаңа өзгерістерді жүзеге асу барысы қаралып, қазіргі жай-күйі талқыланды.– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Жаңа заңға сәйкес, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Президент тұрғын үй салуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жоба әзірлеңіздер, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Өткен жылы 1 174 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 578 арендалық пәтер және 2 078 ипотекалық пәтер беру жоспарлануда. Жалпы Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 7 567 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу және инвесторлар тарту керектігі айтылды. Жиналыста көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы басшылық назарында болады. Мемлекет тарапынан жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсету жалғасады.Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Жаңа Заңға сәйкес, осы жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918603
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА 15.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгін аудан аумағындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді.500-ге жуық тұрғын мен жергілікті кәсіпкерлер, 15 техника жұмылдырылған сенбілік барысында саябақтар мен гүлзарлардың, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазартылып, көшелер мен арық-атыздардан тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Ағаштардың түптері әктеліп, көшеттер отырғызылды.– Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, әрбір тұрғын өз ауласын, үйіргелік жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуі арқылы жыл бойы жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918605
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 15.01.2025
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласының және Жетісай, Сауран, Келес, Отырар аудандарының тұрғындары келді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, несие жабу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайын қозғады. Сонымен қатар денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу сияқты бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Бейсенбай Тәжібаев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918607
«Ерекше бақ»: Теміртау тарихи-өлкетану музейі Юрий Варыгиннің көрмесінің ашылуына шақырады 15.01.2025
«Қарағанды» фотоклубы биыл алғашқы көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі қарағандылық фотошебер Юрий Варыгиннің абстракционизм және субреализм стиліндегі жұмыстары ұсынылады. Ашылу салтанаты 16 қаңтарда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Кіру тегін. Авторлық фотокөрме «Ерекше бақ» деп аталды. "Қалайша ойлау және талдау, армандау, қиялдау, шығармашылықпен айналысу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтпауға болады? Біздің керемет планетамызды қалай сақтап қалуға болады? Бұл мәселелердің барлығы көпшілікті алаңдатады. Олар фотокөрменің авторы Юрий Варыгинді де толғандырып отыр", – делінген аннотацияда. Экспозиция 5 ақпанға дейін жалғасады. Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы келесі мекен-жайда орналасқан: Металлургтер даңғылы, 28/4.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918304
Ақмола облысында құрылысы ұзаққа созылған мектеп пайдалануға берілді 15.01.2025
Біржан сал ауданының Бұланды ауылындағы мектеп оқушылары үшінші тоқсаннан бастап жаңа мектепте оқуды бастады. Бүгін Бұланды мектебінің 80 орындық жаңа ғимаратына 56 оқушы мен мектеп ұжымы қадам басты. Жаңа мектеп заманауи стильде салынған және барлық қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Әр кабинетке интерактивті тақталар орнатылған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзия кабинеті бар. «Мектеп ғимараты жарық әрі кең. Мұнда білім алатын оқушылар заманауи талаптарға сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз», – деп атап өтті ата-аналар. Айта кетейік, Бұланды ауылының мектебі 2019 жылы апатты деп танылып, 2021 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған. Құрылыс кезеңінде мектеп оқушылары орман шаруашылығы ғимаратында оқыған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917762
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНІП, СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ 15.01.2025
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау керек екенін айтты. Бұл ретте Түркістан облысында сапалы кадрларды даярлау үшін студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынған. 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлем артты. 1 айға 1 студентке орта есеппен 33 943 теңге қарастырылған. – Студенттердің шәкіртақысы 2024 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 50 пайызға көтерілді. Яғни, 43 575 теңгеге жетті, ал үздік оқитын білім алушыларға 50 110 теңге беріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар үшін 56 646 теңге қаралған. Мүгедектерге берілетін жеңілдіктерге келсек, көз бен құлақ диагноздары барлар үшін шәкіртақының 75% қосымша көмек ретінде беріледі. Бұл – студенттерді әлеуметтік қолдаудың ең басты жаңалығы. Сондай-ақ жылына 2 рет әр жетім балаға 200 мыңнан теңгеден астам қаржы киім-кешектерге арнайы бөлінеді. Студенттер үшін жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жылына екі рет әр балаға 8 мың теңгеге жуық қаржы жолақы ретінде беріледі, – дейді Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова. Түркістан облысында 43 колледжде 5 701 студент тегін жатақханамен қамтылған. Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін күнделікті бір реттік ыстық тамақтануға 734 теңге, орта есеппен 1 айға 14 680 теңге беріледі. Студенттерге салауаттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық көмектер де қарастырылған. Айта кетерлігі, өңірдің экономикалық басым салаларына кадрлар даярлауда облыста 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымды жұмыс істеуде. Оның 28-і – мемлекеттік, 22-сі – жекеменшік. Тегін кәсіптік білім беру гранттары саны жыл сайын артып келеді. 2023-2024 оқу жылында 15 350 мемлекеттік тапсырыспен орын бөлінсе, биылғы оқу жылында 15 525 грант қарастырылған. Бұл 100 % межеге жетіп, толық қамтамасыз етілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917241
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 45 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.01.2025
Сайрам ауданында соңғы жылдары әлеуметтік нысандардың құрылысы белсенді жүргізілуде, олардың көпшілігі жергілікті тұрғындардың пайдалануына берілді. Қазіргі уақытта ауданның ауылдық елді мекендерінде жабын сапасы төмен көшелерді жөндеуге бағытталған Жол жұмыстары айтарлықтай жанданды.Атап айтқанда, өткен жылы "Көксайек–Ақсу-Шаян–Шынбұлақ"ШҚ–3 облыстық маңызы бар 25,5–33,8 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.Сондай-ақ, өткен жылы аудандық маңызы бар ШҚ–40 "Ақсу–Манкент-Жібек жолы" автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілді, ал жалпы ұзындығы 26,3 км болатын бес аудандық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні Қарасу ауылдық округінің Ақбай ауылында аудандық жолдардың бірі пайдалануға қабылданды, ал қалған төрт жолды жөндеу 2025 жылға ауыстырылды.2024 жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында ауданның елді мекендеріндегі 60 көшені жөндеуге қаражат бөлінуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұзындығы 55,5 км 45 көшеге жөндеу жұмыстары аяқталды, ал ағымдағы жылы 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ұлғайту үшін салалық басқармаға аудандық маңызы бар алты жол мен 26 ішкі көшені орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы ұсыныс жіберілді.Айта кетейік, Сайрам ауданындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің жалпы ұзындығы 1298,1 км құрайды, оның ішінде облыстық маңызы бар Жолдар 183,9 км, аудандық маңызы бар Жолдар 140,5 км, ал елді мекендер көшелері 951,7 км құрайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917406
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЕНДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ 15.01.2025
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде тұрғын үй заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері туралы баспасөз мәслихаты өтті.Онда қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат пен тұрғын үй бөлімінің басшысы Үсенбаев Талғат баяндама жасап, Түркістан қаласындағы халықты тұрғын үймен қамту, заңдағы жаңа өзгерістердің жүзеге асуы барысын кеңінен түсіндірді.Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 16579. Оның ішінде: әлсіз топ – 6417, көп балалы отбасы – 5030, бюджеттік мекеме қызметкерлері – 4963, тұл жетім – 166, апатты үй иелері – 3.Былтыр жалпы 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.Биыл 22 қарашада Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.Жаңа Заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұруға мүмкіндігіне ие бола алады.Сондай-ақ Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру туралы қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл қағидаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз бірқатар санаттаға азаматтар ала алады. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан, басқа да радиациялық аппатан зардап шеккен адамдар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтары, Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтары, әскери қызметкерлер немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметкерлер, ғарышкерлер мен саяси қуғын-сүргін құрбандары.Ал бұл санаттарға кірмейтіндер, қалдық бағалау құнынан алғашқы жарнасы — 30%-ын төлеп, қалған сомманы 10 жылға бөліп төлеу арқылы жекешелендіре алады.Сонымен қатар қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, нәтижесінде жоғарыда аталған санаттарға кірмейтіндерге қалдық бағалау құнынан алғашқы 10% жарнаны төлеп, қалған бөлігін 15 жылға бөліп төлеу арқылы жекешелендіруге мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918324
ТҮРКІСТАН: ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 15.01.2025
Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында 35748 әскери бөлімінің жеке құрамымен мамандық бойынша дайындық шеңберінде бақылау сабақтары өтуде. Сабақтың негізгі элементтерінің бірі – жауынгерлердің жауынгерлік міндеттерді орындауға және ауыр жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын көрсететін атыс дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру.«Дарбаза» полигоны тактикалық-атыс міндеттерін пысықтауға қажетті, тактикалық және атыс жаттығуын өткізуге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Дайындықтың негізгі элементтерінің бірі – ату шеберлігін шыңдаудың бірінші жаттығуын орындау. Бұл жаттығу шектеулі уақыт жағдайында әртүрлі қашықтықта орналасқан нысанаға атуды қамтиды. Әскери қызметшілер дәл көздеу, жылдам ату және позицияларды лезде ауыстыру дағдыларына жаттығады. Қауіпсіздік шараларын сақтау мен әрбір жауынгердің жеке дайындығына ерекше назар аударылады. Нұсқаушылар енгізудің әрбір кезеңін мұқият қадағалап, нәтижелерді жазып, тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар береді.Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі басталар алдында оқу пункттеріндегі жетекшілер жеке құрамның қауіпсіздік шараларын білуін, сонымен қатар атуды орындау шарттарын білуін тексерді, содан кейін ғана атуға рұқсат берілді.– Жауынгердің шеберлігі атыс алаңында шыңдалады. Әскердегі әрбір жауынгердің жетістіктері күн санап артып келеді. Олардың оқ ату шеберлігінің жоғары болуын тынбай жаттығудың жемісі деп білеміз. Жеке құрам мұнымен тоқтап қалмай, жауынгерлік дайындық көрсеткіштерін одан әрі жетілдіретініне сенімдімін, – дейді 35748 әскери бөлімінің старшинасы, бірінші дәрежелі сержант Серік Айтубаев.Тәжірибелік бөлімде әскери қызметшілер өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918331
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды 15.01.2025
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды.2029 жылға дейін коммуналдық желілерді жаңғыртуға инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржылық даму институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру тетігін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға жүктелген. Жобалардың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізу «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның құзіретіне бекітілген.Ұлттық жобада отандық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 100% жүктеумен қатар, 27 жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс орындарын құру жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық тауар өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізімін әзірлеу, жосықсыз қатысушылар тізімін енгізе отырып, сатып алудың бірыңғай электрондық нысанын енгізу тапсырылды.Отырыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін қолдау шаралары да талқыланды. Халықтың төлем қабілеті бар топтары коммуналдық қызметтерді әділ, нарықтық тарифтер бойынша төлеуі керек. Ал осал санаттағылар тұрғын үй автоматтандырылған жүйесі арқылы тарифтердің өсуінен қорғалады. Салалық министрліктерге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін отбасының жиынтық табысының 5%-на дейінгі коммуналдық төлемдерге шығындардың шекті мөлшерін бекіту, сондай-ақ тұрғын үй ауданы мен коммуналдық қызметтерді тұтынудың қолданыстағы нормаларын біріздендіру мәселесін пысықтау тапсырылды.«Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі және олар кешенді әрі жедел шешуді талап етеді. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, екі апта ішінде Ұлттық жобаны іске асырудың Жол картасын әзірлеп, оны Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.Вице-премьер Ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін министрліктер, әкімдіктер мен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ азаматтардың белсенді қатысуы қажет болатынын баса айтты.«Осыған байланысты Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесе отырып, қаңтардың үшінші онкүндігінде журналистерге арналған брифинг өткізіп, халық, бизнес қауымдастық және табиғи монополия субъектілері арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918600
ҚР ІІМ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП, БАСТАМАЛАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ 15.01.2025
Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген ҚР ІІМ орынбасары Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс полицейлерінің атқарған жұмысы қаралды. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов баяндама жасады.Анықталған кейбір кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер беріп, тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізді. Бірқатар басшы құрам өкіліне шара көрілді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмысты күшейтуді, заң мен тәртіпті сақтауды тапсырды.Одан әрі Жедел басқару орталығындағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыстағы бейнекамералардың жұмыстарымен жіті танысты. Департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялардың жұмысын бақылады. Мұнда Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек, Цифрландыру бойынша әкімдіктегі басқарма басшысының орынбасары С.Байгутов та қонақта болды.Сонымен қатар қызметтік іссапар облыс әкімдігінде жалғасты. ҚР ІІМ-нің орынбасары С.Сәрсенов облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Әкімдікте цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы М.Айнабеков және аппарат басшысы Е.Дауылбаевпен кездесу өткізді.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары: «Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформа. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі» деп, мүдделі тараптарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918601
«МАРХАБАТ» ЖУРНАЛЫ МЕН «MARKHABAT.KZ» АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ 15.01.2025
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында танымал жазушы Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толу құрметіне «Мархабат» журналы мен «Markhabat.kz» ақпараттық порталының таныстырылымы өтті. Әдеби басқосу халықаралық «Алаш», «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың шығармашылығын дәріптейтін көрмені тамашалаудан басталды.Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, әйгілі ақын Нармахан Бегалыұлы, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, қаламгердің асыл жары Қыздаркүл Пернебайқызы, перзенті Ақлима, інісі Нышан Байғұт, сондай-ақ оқырман қауым қатысты.Басқосуды «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі журналист, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізіп отырды. Ал журналдың бас редакторы Оралхан Дәуіт журнал мен ақпараттық порталды таныстырды.Мархабат Байғұттың жанашырлығын көріп, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алған шәкірттері, жас қаламгерлер атынан ақындар Мұқағали Кенжетайұлы мен Сезім Мергенбай өлеңдерін оқып, әдемі әсерге бөледі. Классиктің өзі орындаған әні мен сұқбаттарын бейнетаспадан тамашалаған көпшіліктің көңілі толқыды. Жамбыл облысынан келген бір топ қаламгер Мархабат Байғұтпен ерекше байланыста болған Шерхан Мұртазаның көптомдық жинақтарымен бірге облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құттықтауын қоса тапсырды.«Мархабат» журналы екі мың дана таралыммен шығады. Жазылу индексі – 76104.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918604
Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды 15.01.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Ақмола облысы әкімінің бұйрығымен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Досұлан Ерланұлы Айтбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану магистрі. Мемлекеттік қызметте 17 жылдық еңбек өтілі бар.Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.Қостанай облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/918016
Жарқайың ауданында 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды 15.01.2025
Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы «Жастар» шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қайта жөндеуден өткен бұл тұрғын үй әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған, олардың тұрғын үй жағдайы Мемлекет басшысының тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік бастамалары аясында жақсартылды.Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысып, өз сөзінде: «Бұл үй — тек қабырғалар ғана емес, көптеген отбасы үшін жаңа өмір бастамасы, олар мемлекеттік қолдаудың арқасында баспанаға ие болды», — деп атап өтті.Бақытты қоныстанушылардың қатарында 17 көпбалалы отбасы, 36 жалғызбасты ана, 16 жетім бала, 8 мүмкіндігі шектеулі жан, 2 зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған бір отбасы бар.«Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз енді жайлы жағдайларда өмір сүріп, балаларымыздың болашағын жоспарлай аламыз», — деп ризашылығын білдірді көпбалалы ана Сәрсек Гүлжанат.Осы жоба аясында басқа да азаматтар санатын қолжетімді және жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады, бұл өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/918332