Бизнес
Қыс басталғалы Қосшы қаласының аумағынан 45 мың текше метр қар шығарылды 14.01.2025
Қала аумағындағы қауіпсіздікті және тұрғындардың ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы екі ауысыммен ұйымдастырылуда.Күн сайын арнайы жүк көліктері шамамен 70 рейс жасап, 1500-ден астам текше метр қар тасымалдайды. Бұл жұмыстарға 40-қа жуық арнайы техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдырылған.Депутаттар, жастар мен қоғам белсенділері түнгі аусымда жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға ыстық бауырсақ пен шәй ұсынуды әдетке айналдырған.Қар тазалау жұмыстарына «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Олар ең алдымен негізгі көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және көпқабатты үйлердің аумақтарын қардан тазартады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917741
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70,9 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 14.01.2025
Түркістан облысында ортақ жайылым жерді қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жайылым жерді қайтару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.– Мемлекет басшысы ортақ жайылымдарды ел игілігіне қайтару міндетін жүктегені белгілі. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірігіп, осы бағыттағы жұмысты жандандырыңыздар. Мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерді қайтару ісі жүйелі түрде жүргізілсін. Космомониторинг нәтижелерін де назарға алып, сараптаған жөн. Мониторинг, зерделеу, халыққа түсіндіру жұмыстары тоқтамауы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Жиында Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген. 2024 жылға облыс бойынша 60,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Есепті мерзімде 70,9 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.Өңірде 2023 жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жайылым тапшылығы төмендеп, 2024 жылы 608 мың гектарды құрады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917408
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ 14.01.2025
Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболдан ашық біріншілігі өтті.Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы аясында «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге көршілес аудан, қалалардан 10 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден ептілігі мен ұйымшылдығын көрсеткен «Arman's akademi» футбол мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы ІІ орынды еншіледі. Ал Кентау қаласының жасөспірімдер командасы І орынды иеленіп, жарыстың чемпионы атанды. Одан бөлек, үздік ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген бірқатар ойыншы түрлі номинацияларға ие болды.Жеңімпаз командалар мен номинацияларға ие болған жекелеген ойыншы Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаевтың дипломдарымен, кубок-медальдарымен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916992
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ 13.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды жақсартып, қолжетімділікті арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, өңірде тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында заманауи медициналық нысандар салуға, бейінді мамандар даярлауға басымдық берілуде.– Түркістан облысында былтыр 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауылдар мен елді мекендердің 100 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылмақ. Сонымен бірге өңірдегі ауруханалар мен емханаларға заманауи құрылғылар, жедел жәрдем көліктері алынды. Ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жұмысы жалғасады, – дейді Бейсенбай Тәжібаев.Жаңадан ашылатын нысандарда санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігі сақталған. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл мекемелер ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсетеді.Бүгінгі таңда жалпы 58 медициналық нысанының қажеттілігі анықталып, оның 25 нысанын 2025 жылға іске асыру жоспарлануда.Облыс тұрғындарын білікті медицина мамандарымен қамту ісі де тұрақты зерделеніп, тиісті жұмыс жүріп жатыр. Өңірде 423 бейінді маман бойынша тапшылық бар екені анықталған. Оның ішінде, 141-і Түркістан қаласындағы салынып жатқан 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді ауруханаға тиесілі. Мамандармен қамту үшін 5 жылдық жоспар бойынша резидентураға 639 грант бөлу жоспарлануда. Ал 2023 жылдан бері 176 грант игерілді.Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарында жалпы 24 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Былтыр 40 дәрігер Ресейде, 234 орта буын медицина қызметкері Астана қаласындағы ҚР іс басқармасы медициналық ауруханасында біліктілігін арттырған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916493
ШАРДАРАДА «МАРАФОН-2025» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ 13.01.2025
Бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жұмысшы мамандықтары жылын қолдау және Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойы аясында аудандық «Қыс-2025» марафоны өтті. Марафонға 200 жуық адам қатысып, жүгіру қашықтығы Абай алаңы мен орталық стадионға дейінгі қашықтықта 3 шақырымды құрады.Игі шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын және де Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, өткізіліп отқан «Шардара аудандық Қыс-2025» марафонының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біз елімізге, соның ішінде ауданымыздың маңызды және айтулы оқиғаның аясында ұйымдастырылған марафонда жолығып тұрмыз. Бұл спорттық мереке ғана емес, ерік-жігердің, батылдықтың мерекесі. Шардара ауданында осындайауқымды іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Марафон арқылы бұқаралық спорт, салауатты өмір салты насихатталады. Мұндай шаралар елімізде бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді деп сенемін»,— деді аудан әкімі.Мәреге алғашқы болып келген марафоншылар аудан әкімінің атынан арнайы Алғыс хат, медаль мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Жарыста ерлер мен әйелдердің үздіктері жеке-жеке анықталды.Атап айтсақ, ерлер арасында үздік болып, I-орынды алған Сакен Адырбай, II-орынды Заби Ерасыл және жүлделі III-орынға Расбай Ғаби ие болды. Ал нәзік жандылардан I-орын Тазетдинова Элеанораға бұйырса, II-орын Лаура Кенжебекқызы иемденді, сондай-ақ, III-орынды Ерман Ақниет жеңіп алды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916508
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, КӨШЕТ ЕГІЛДІ 13.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында бүгін Жетісай ауданында ауқымды сенбілік өтті.Қоғамның назарын тұрғылықты жерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар қатысты.Мыңға жуық адам мен 8 техника жұмылдырылған санитарлық тазалық жұмыстары қала, кент және барлық ауылдық округтерде арнайы бекітілген кесте негізінде жүргізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, аудан тұрғындары үйіргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланды.Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің маңы мен аулалары, көше бойларында бей-берекетсіз жатқан қоқыстар, ирригациялық жүйелер тазаланған жаппай сенбілікте мыңға тарта қара ағаш пен қара тал, можжевельник көшеттері отырғызылды.Сенбілікті ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық жұмыстары қала, кент, барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасады. Сонымен қоса әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да жұмылдырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916510
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КАНАЛДАР ТАЗАЛАНЫП, СУ НЫСАНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ 13.01.2025
Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмысы күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне су тасқынына қарсы дайындықты күшейтіп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.– Су басу қаупі бар аймақтарды түгел зерделеп, қауіпсіздікті күшейтіңіздер. Өңірдегі су қоймалар, каналдар, өзендер мен көлдер, жалпы су нысандары қатаң бақылауда болуы тиіс. Немқұрайдылыққа жол берілмесін. «Шардара» су қоймасын бақылауда ұстап, аймақтағы су нысандары бойынша бекітілген іс-шараларды жүйелі атқарыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров аталған мәселеге байланысты аудан, қала әкімдері мен жауапты құрылым басшыларының есептерін тыңдады. Нақты міндеттер жүктеді.Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешевтің айтуынша, бүгінгі таңда «2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспарының 28 іс-шарасы толығымен аяқталып, 3 іс-шара бойынша жұмыстар жалғасуда. Аяқталған 28 іс-шараның нәтижесінде 68,2 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өткен. Келес ауданында арық-атыздың 14 шақырымы қоқыстан тазартылды. Сарыағаш қаласында каналдардың 350 метрі бетондалған. Сайрам ауданындағы Арыс өзенінде 500 метр арнаны түзету жұмыстары жүргізіліп, Сауран, Отырар аудандарында 5 тоспа орнатылған. Атқарылған жұмыстар бүгіннің өзінде жоғары нәтижесін беруде.Сонымен қатар «2024-2025 жылғы күз-көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларын жүргізу» жоспары аясында 461 шақырым арықтар (саны – 1203), жалпы ұзындығы 654 шақырымды құрайтын 165 канал, 30 шақырым дюбинг-өткелдер тазалаудан өткізілген.Аталған жұмыстарды жүргізуге 263 техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, су тақыны кезеңіне 109 мың қап, 1416 тонна инертті материалдар дайындалды. Төтенше жағдай қауіпі туындағанда ыстық тамақ пен тұрмыстық қажеттіліктер үшін кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, 141 тонна жанар - жағармай дайындалған. Республикалық, облыстық маңыздағы жолдардағы жалпы 5 123 өткелдің (оның ішінде 4 591 құбыр, 532 көпір) 4098-і тазаланса, темір жол астындағы жалпы 353 өткелдің (оның ішінде 231 құбыр, 122 көпір) 282-сі қоқыстан тазаланған.Облыс аумағында жалпы 42 су қоймасы орналасқан. Су қоймалардың орташа толу деңгейі 33 %-ды құрайды. Бүгінге «Шардара» су қоймасына секундына 1215 текше метр су келіп, қоймадан жалпы 1305 текше метр су шығарылуда. Нақты көлемі 86 пайызға жетті.Мәжілісте «Қазсушар» РМК Түркістан филианың директоры Қазыбек Бедебаевтың да баяндамасы тыңдалып, су нысандарына қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы атқару жөнінде ұсыныс берілді.Айта кетейік, облыста көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1064 жеке құрам, 124 техника, 11 қайық пен 92 мотопомпа дайындыққа келтірілген. Көктемгі су тасқынына қарсы дайындық барысы облыс әкімдігінің қатаң бақылауына алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916695
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСАДЫ 13.01.2025
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Бекітілген кесте бойынша бүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы 800-ден аса ауқымды сенбілік өткізілді. Оған 299 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 1500-ден аса техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 1 миллионнан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.Өңір басшысы тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырып, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты. Сонымен қоса елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.Жиында облыс әкімінің бірінша орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр.Бүгінгі таңда осы бағдарламаның өңірдегі «Телеграмм бот» платформасына 859 өтініш пен хат түскен. Оның ішінде, 852 өтініш орындалған. 7 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылған. Былтырдан бері қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 мыңнан астам хаттама толтырылған, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып отыр. Жалпы 318,5 млн теңгеге айыппұл салынған. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916748
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ 13.01.2025
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасымен Түркістан өңірінде негізгі капиталға инвестция тарту, су үнемдеу технологияларын ендіру, ғылыми негізде минералды тыңайтқыштарды енгізу, заманауи тауарлы сүт фермасын құру жоспарлары толығымен жүзеге асты. Ал жалпы өнім көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетті. Бүгінде аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.– Түркістан ооблысының негізгі драйверлерінің бірі – ауыл шаруашылығы. Егістін науқаны бізде өзге аймақтардан ерте басталады. Сондықтан көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізген жөн. Мемлекеттік тетіктердің бәрін пайдаланып, диқандарға, шаруаларға тиісті қолдауларды көрсету керек. Ауыл шаруашылығы бойынша бекітілген индикаторлар орындалуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егетін аумақ өткен жылдан 27 мың гектарға ұлғайып, 896 мың гектарға жеткізіледі. Оның ішінде: жаздық дақылдар – 518 мың гектар, күздік егіс – 204 мың гектар, ескі жоңышқа – 174 мың гектар.Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдық берілуде. Атап айтқанда, мақта 31 мың гектарға (137,1 мың га) дәнді дақылдар 3 мың гектарға (333,6 мың га) майлы дақылдар 2 мың гектарға (72,7 мың га) артығымен орналастырылады. Ал бақша дақылдары 8 мың гектарға (66,3 мың га), малазықтық дақылдар 6 мың гектарға (223,3 мың га) қысқартылмақ.Көктемгі дала жұмыстарына 61,5 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға қажеттілік анықталды. Босату жұмыстары ақпан айынан басталады. Тауар өндірушілерде жаздық дақылдардың қажетті тұқым көлемі жеткілікті. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін, облыстық бюджеттен 7 млрд теңге қаралды. Отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС-мен облысқа жеткізілетін қажетті тыңайтқыш көлемі келісілді. Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 13 млрд теңгеге өтініш берілді. Бүгінгі күнге 4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 2 млрд теңгені құрайтын жобалар мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.Дала жұмыстарына қолданыстағы 25 мың техника қызмет атқарады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дән сепкіш, 554 соқа, 1 мың қопсытқыш құралдары бар. Дала жұмыстарына техниканың 98 пайызы дайын. Өткен жылы мемлекеттік қолдаулардың тұрақты көрсетілуінің нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникалары 6,3%-ға жаңарды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916961
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 62 КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ 13.01.2025
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салаларының басшыларымен лездемелік мәжіліс өткізіп, жұмыс аптасының міндеттерін белгіледі. Ауыл шаруашылығы басқармасына аудан-қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, субсидия бағыттарындағы өзгерістер, жаңа технология енгізудегі артықшылықтар бойынша шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.2024 жылдың қорытындысымен Түркістан облысында құрылған кооператив саны 62-ні құрады. Оның 37-і қаржыландырылып, нәтижесінде 23 кооператив қызмет көрсету үшін техникалар сатып алды, 14 кооператив қайта өңдеу цехтарын іске қосты. 148 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау ісі биыл да жалғасын табады.Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша І кезеңге 14 жоба ұсынылып, 166 шақырым су арнасын бетонмен қаптау көзделуде. Жоба толық іске асқан жағдайда іргелес жатқан 53,3 мың гектар жерге ағын су жеткізу жақсармақ. «Тұран су» және «Қазсушар» мекеме басшыларына облыстағы механикалық тазалаудан өткен және тазалауды қажет ететін су арналарына қатысты тиянақты сараптама ұсыну жүктелді.2025 жылдың бекітілген жоспарын талдай келе Нұрбол Тұрашбеков: «Болжанып отырған көрсеткіштер меже деп қабылданбасын. Жұмысты дұрыс үйлестіріп, барлық қарым-қабілетті жұмсаған жағдайда күткеннен де жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын естеріңізге саламын. Мүмкіндіктерді шектемеңіздер. Көктемгі дала жұмыстары басталғанша шаруалар мен дихандарға мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мейлінше мол ақпарат беріп, түсіндіруді қолға алыңыздар, заңдылығы бойынша құқықтық анықтамалар әзірлеңіздер», деді.Мәжіліс барысында сонымен қатар, басқармалардағы орындаушылық тәртіп жайы қозғалды, хаттамалық тапсырмалардың есебі қаралды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916996
ТҮРКІСТАН: БАСТЫ БАҒДАР-АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ 13.01.2025
Биыл Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның 60 %-дан астамы тұрақты жұмыс орындары. Бұл жұмыстар «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында және Ұлттық жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде «Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту туралы» облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды.Жұмыспен қамту – басты міндет екенін айтқан облыс әкімі осы жылға бекітілген индикаторлардың мерзімінде толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен барлық аудан, қалада ашылатын «Отбасын қолдау орталығының» жұмысын жүйелеуді міндеттеді. Отбасында зардап шеккендер осы орталықпен байланысып, жаңадан ашылып жатқан орталықтардан психологиялық, құқықтық және консультациялық көмек алады.– Аудан, қала әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасын мерзімінде және сапалы орындауы қажет. Сондықтан шұғыл түрде нақты шаралар қабылдап, орталықтың ашылуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Жұмыспен қамту – басты бағдар. Тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстарын күшейту керек. Қосымша инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етуді, 2021 - 2025 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы қамтамасыз етілсін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.Тұрғындарды лайықты жұмыспен қамту және әділ төлемақы төлеу – мемлекеттің басты саясатының бірі. Бұл бағытта елімізде бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Биыл білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларда жаңадан салынған нысандарға және субсидияланатын жұмыс орындарын аяқтағандарға тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917013
Ақмола облысының әкімі Шортанды ауданындағы тау-кен байыту кешеніне барды 13.01.2025
Ақмола облысы еліміздің тек аграрлық емес, сонымен қатар индустриялық өңірлерінің бірі болып табылады. Өңір экономикасының маңызды саласы – тау-кен металлургия кешені.Облыс аумағында үш ірі алтын өндіруші, екі уран өндіру және өңдеу кәсіпорны орналасқан.Қазақстандағы алтын құрамдас кеннің 60%-ға жуығы және жалпы алтынның 30%-ы дәл осы Ақмола облысындағы кәсіпорындарда өндіріледі, бұның арқасында өңір елімізде алтын өндірісі бойынша көш бастап тұр.Айтарлықтай ірі әлеуеттің мысалы ретінде Шортанды ауданындағы «Жолымбет» тау-кен байыту комбинатын айтуға болады. «Алтыналмас» АҚ-ның осы кен орнында жыл сайын екі тоннадан астам жоғары сапалы алтын өндіріледі, кәсіпорын 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, олардың 60%-дан астамы – Жолымбет ауылының тұрғыны.Шортанды ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеншілермен кездесіп, кәсіпорынның қызметімен танысты. Ол Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында тау-кен мамандарымен жүздесіп, олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті.«Кенші мен шахтер еңбегі – өңір мен бүкіл ел экономикасының негізі. Сіздер қиын әрі қауіпті жағдайда күнделікті еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуінің көзі болып табылатын құнды ресурстарды өндіресіздер. Сіздердің шеберліктеріңіз, табандылықтарыңыз және іске деген адалдықтарыңыз жас ұрпаққа үлгі болуға лайық», – деп атап өтті өңір басшысы.Ақмола облысында тау-кен өндіру саласына маман даярлау мәселесі де жолға қойылған. Өңірдің өндірістік жүрегіне айналған Степногорск қаласындағы Тау-кен техникалық колледжі білікті мамандарды дайындап, олар кейіннен облыстың ірі кәсіпорындарында жұмыс істей отырып өңір өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917052
Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағын дамыту перспективалары талқыланды 13.01.2025
Республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы өңірдің экономикалық дамуы мен инвестиция тартуда маңызды рөл атқарады. Индустриялық аймақтың аумағы 300 гектарды құрайды, қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылым нысандарын салу және аумақты 1000 гектарға дейін кеңейту мәселелері қарастырылуда.Мемлекет басшысының инвестицияларды тарту жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында «Aqmola» индустриялық аймағын дамыту перспективалары Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Айта кетейік, «Aqmola» индустриялық аймағы астаналық агломерация аймағында орналасқан және инвесторлар үшін тартымды нысан болып табылады.Индустриялық аймақтың қазіргі даму барысы туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Сапар баяндама жасады.«Көкшетау Инжиниринг» ЖШС басшысы Азамат Елеусізов аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.«Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығының басшысы Айдос Жүргінов индустриялық аймақта орналастыруға жоспарланған жобалар мен Ақмола облысының басқа аумақтарындағы жобаларды іске асыру перспективалары туралы баяндады.Кеңесте Мемлекет басшысының қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылды.Кеңес қатысушылар арасында пікір және ұсыныс алмасу алаңына айналды. Олар индустриялық аймақтың табысты дамуы үшін іс-қимылдарды үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Облыс әкімі «Aqmola» инлустриялық аймағы өңірдің экономикалық дамуы мен инвестиция тартуда негізгі рөл атқаратынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917054
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының қатысушылары Жеңістің 80 жылдығына 3 млн теңгеден алады 13.01.2025
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды. Міндет – ешкім де назардан тыс қалмауы тиіс.– Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Қазіргі уақытта соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылуда, – деп хабарлады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған.Сонымен қатар, мерейтойлық медальдар тапсырылады.Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін «Ер есімі – ел есінде» акциясы өткізіледі.Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.– Ардагерлердің ешқайсысы да назардан тыс қалмауы керек, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Ол басқармалардың басшыларына Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар тапсырмаларды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916688
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды 13.01.2025
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы ретінде Асқар Ғазалиев тағайындалды.Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916414
Нұра ауданында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері салынады 13.01.2025
Биыл Нұра ауданында сауықтыру және білім беру лагері салынады. Алғашқы үш жылда жазғы мезгілде онда 300 бала демалатын болады. Ал 2028 жылдан бастап лагерь жыл бойына жұмыс жасайды деп жоспарлануда.Аталған лагерь жеке инвестициялар есебінен салынбақшы. Осы орайда астаналық кәсіпкерлер Нұра ауданына келіп, жобаның егжей-тегжейін талқылады. Бүгінде лагерьдің құрылысы жүргізілетін орын таңдалды.Кәсіпкерлер тұрғын үй корпустарын,медпункт, ас блогын, ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ оқу сыныптарын салуды жоспарлап отыр. Балалар лагерьде қолжетімді бағамен демалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916400
Қарағандылық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды 13.01.2025
Қарағанды облысы ТЖД Осакаров ауданы № 17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі Сымбат Ещановқа адамдарды құтқару кезінде қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы табыс етілді.Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 3 қаңтарында республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында Нұра – Қарағанды бағытындағы автобус қар құрсауында қалып қойған болатын. Құрамында Сымбат Ещанов бар құтқарушылар тобы ішінде бес бала бар барлығы 30-дан астам жолаушыны эвакуациялауды қолға алды. Ауа райының нашарлауына байланысты Сымбат Ещанов жолға шығып, көліктердің алдында жаяу жол бастап жүруге шешім қабылдады. Құтқарушының ерлігінің арқасында барлық жолаушылар эвакуациялық пункттерге аман-есен жеткізілді.Азаматтық қорғау аға сержанты Сымбат Ещанов 2012 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Ол төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ құтқару және эвакуациялау жұмыстарына бірнеше рет қатысқан.Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916454
Бұқар жырау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория салынды 13.01.2025
Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылдық округінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша салынған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты ашылды.Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ мұнда функционалдық кабинеттер жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.– Ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Мұнда Самарқанд ауылдық округінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіледі, – дейді Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Әлия Шәйкенова.Жаңа амбулатория Самарқанд ауылдық округінің бірнеше елді-мекендеріне қызмет көрсетеді.– Енді бізге сапалы медициналық көмек алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Округ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Күләш Жағыпарова.Ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы одан әрі жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916548
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша көшбасшылар үштігінде 13.01.2025
Электрондық сауда – экономикалық өсім драйверлерінің бірі. Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша елімізде үшінші орында. 2023 жылы электрондық сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 25%-ға өсім болады деп болжануда.Электрондық сауданың дамуы туралы Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндалды.– Интернет-ресурс арқылы халық тапсырыстарының саны 2,3 млн бірліктен асады, бұл Қазақстан бойынша барлық көлемнің 17,8% құрайды. Негізінен қарағандылықтар интернет арқылы электронды гаджеттер мен компьютерлер, косметикалық, медициналық және кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алады. Онлайн сауданы дамыту үшін қуаттылығы жылына 27 млн тапсырыс болатын, келешекте еліміз бойынша 8 мың жаңа жұмыс орнын ашатын бірегей Teez маркетплейс платформасының ашылуы жаңа сауда алаңына айналды, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қазір Teez маркетплейсімен бүкіл ел бойынша 22 мың тауар сатушы ынтымақтастық құрған. Олардың қатарында ЖШС де, жеке кәсіпкерлер де бар.– Біздің маркетплейс бірегей үлгісімен ерекшеленеді, мұнда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қарағандыда 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Маркетплейстің командасында бар-жоғы 800-ге жуық адам бар. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – дейді Teez маркетплейсінің қойма логистикасы басқармасының басшысы Антон Иванов.Облыста электрондық сауда қызметтерін бірқатар компаниялар ұсынады. Өңірде интернет-тауарларды беретін 278 бекет жұмыс істейді.Сондай-ақ «Сарыарқа» әуежайы базасында көлік-логистикалық хабты құру тағы бір ірі жоба болмақшы.Мұнда кәсіпкерлер үшін тренингтер өткізіледі, онда олар өздерінің сандық сауаттылығын арттырып, жаңа дағдыларды ала алады.– Біздің облыс еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы ретінде электрондық сауданы белсенді дамытуда, бұл жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.Ол маркетплейстің ашылуы жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызатынын атап өтті. Бұл ресурсты отандық өнімдерді сату үшін пайдалану қажет, – деп атап өтті облыс әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916692
Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды 13.01.2025
Шара барысында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшыларына Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеу керектігі айтылды. Оларға өңірдің мемлекет тарапынан қолдау алған кәсіпорындарына тур ұйымдастырылды.– Қарағанды облысында бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер көп. Жергілікті кәсіпорындардың нақты әлеуетін көрсету үшін, сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіп отырғанын айтып беру үшін осындай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды, – деп атап өтті кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қатысушылар Saran индустриалды аймағында болып, TengriTyres шина өндірісімен, тұрмыстық техника шығаратын Silk Road Electronics компаниясының және кабельдік өнімдер өндіретін «Қазорталықэлектр провод» кәсіпорнының жұмысымен танысты.Ирина Любарскаяның айтуынша, Саранның үлгісін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін басқа қалалар мен аудандарға да таратуға болады. Мұндай жобаларға инвестиция салуға әзір және жер телімдері бар бизнесмендерге мемлекет жұмыс орындарын құруға қолдау көрсетуге дайын.Қарағандыда өндірістік турға қатысушылар нан-макарон-кондитерлік комбинатында болып, НКМЗ өнеркәсіптік аймағымен, экологиялық тұрмыстық химия шығаратын WEC Trade кәсіпорнының жұмысымен және Teez маркетплейсінің қызметімен танысты.Сондай-ақ, қатысушылар семинар-тренингке қатысып, оларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өңірдің даму бағыттары туралы айтып, кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, атап айтқанда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін колледждерде дуальді білім беруді енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916734