Enbekshi QazaQ

Бизнес

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Түркия еліне іссапар барысында TURSAB туристік ассоциациясының президенті Фируз Баглыкаямен кездесті.Кездесуде тараптар туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Зұлпыхар Жолдасов Түркістан облысының туристік әлеуетімен таныстырып, түркиялықтарды Түркістанға саяхаттауға ынталандыру үшін істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды.«Түркістаннан тікелей әуе рейстері ашылды, қонақ үйлер салынуда. Өңірде зиярат туризмі ғана емес, туризмнің басқа бағыттары да қарқынды дамып келеді. Енді түркиялықтардың Түркістанға саяхаттауға деген қызығушылығын арттыруымыз керек, – деді облыстық делегация жетекшісі.Туристік ассоциация президенті Фируз Баглыкая Түркістанға деген түркиялықтар арасында қызығушылық жоғары екенін айтып, түркиялық туристік компаниялардың бұл бағытта жұмысты жандандыруға дайын екенін жеткізді.Сонымен қатар өңір делегациясы TURSAB ұйымына мүше туристік компаниялармен кездесті. Кездесуде «BInrota turizm», «Fly Express turizm», «Seyir Travel», «Dunya Degismeden», «Everest Travel», «Ejder turizm» және басқа да компаниялардың басшыларына Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылып, инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.Зұлпыхар Жолдасов Түркістан облысында туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жаңа туристік нысандарға тоқталды.Ыстанбұл қаласына ұйымдастырылған сапардың мақсаты – екі ел арасындағы экономикалық-мәдени байланыстарға жаңа серпін беру. Оның ішінде, қолайлы жағдай жасау арқылы түркиялық туристерді Түркістанға тартуға ерекше ден қойылып отыр.Келіссөз нәтижесінде, түркиялық туристік компаниялардан құралған делегация жақында Түркістанда өтетін туристік операторлар форумына келмек.Айта кетейік, TURSAB туристік ассоциациясы – Түркиядағы туристік компанияларды біріктіретін ең үлкен ұйым. Оған 16 мыңға жуық туристік компания мүше.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903500
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНУДА 24.12.2024
Облыстық маңызы бар жолдарда қар күреу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жалпы 59 арнайы техника және 170-ке жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдар қардан тазаланып, тұрақты көлік көзғалысы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903501
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛДАРДЫ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА 24.12.2024
Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазарту және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.Сонымен, 15-16 желтоқсанда 252 м³ инертті материалдар, оның ішінде құм, және Облыста 46 тонна тұз пайдаланылды. Бұл мақсаттарға 65 бірлік арнайы техника пайдаланылды. Сондай-ақ, 171 жұмысшы күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілердің дер кезінде және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуде.Бұл күндері «Оңтүстік жолдары» кәсіпорнының қызметкерлері таулы аймақтарда бірнеше көлікті қар құрсауынан шығарды. Сондай-ақ мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/903502
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! 24.12.2024
Баршаңызды еліміз үшін ардақты, халқымыз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы аңсап өткен азаттықтың ақ таңы атқанына биыл отыз үш жыл толып отыр. Осынау уақыт аралығында еліміз көптеген биік белеске қол сермеп, айқын мақсаттарын жүзеге асырып келеді. Егемендіктің арқасында жеткен әр жетістігіміз – көзіміздің қарашығындай қадірлі.Өздеріңіз білетіндей 2022 жылы, өңір халқы тағатсыздана күткен үлкен қуаныш – Ұлытау облысының құрылуы орын алды. Бұл тарихи сәтті де Тәуелсіздіктің тәтті жемісі дер едім. Сол уақыттан бері Жошы хан ордасын тіккен тарихи аймақ жаңаша түрленіп, дамудың даңғыл жолына аяқ басып келеді. Академик Қаныш Сәтбаевтың маңдай тері сіңген кенді өлкеміз Азаттықтың арқасында бұдан әрі тіпті көркейіп, гүлдене береді деген сенім мол.Қадірменді жерлестер!Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қадірлі мекеніне айналған Ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін.Мерейлі күн қарсаңында бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!Құрметпен,Ұлытау облысының әкімі Дастан РыспековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/903414
Ұлытау облысының орталығында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті 24.12.2024
Арнайы рәсімде облыс әкімі Дастан Рыспеков, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен Желтоқсан оқиғасының қатысушылары құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, боздақтардың рухына тағзым етумен жалғасты. «Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен күресінің жемісі, ұлттық рухымыздың биігі. Осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы, халқымыздың үміті ақталып, Қазақстан өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік алды. Бұл тарихи таңдау – ұлттың ең ұлы жетістігі.Ұлытау – ұлы бабаларымыздың рухани бесігі, қазақ мемлекеттілігінің бастау алған киелі мекені. Осындай қасиетті жерде біз Тәуелсіздігімізді ерекше қадірлеуге, оның әр сәтін бағалауға тиіспіз»,-деді өңір басшысы Дастан Рыспеков өз сөзінде. Іс-шара соңында жиналғандар «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/903818
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовке «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын табыс етті 24.12.2024
«Сіз тек облыс төңірегінде ғана емес, бүкіл республикаға және шетелге танымал тұлғасыз. Біз өзіңізді жерлесіміз ретінде мақтан тұтамыз және өзіңізге қарап бой түзедік. Мемлекетке және халық игілігіне сіңірген еңбек жолыңызбен көпке үлгі болып жүре беріңіз»,-деді өңір басшысы өз құттықтауында. Сондай-ақ жиында облыс әкімі бар ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған бірқатар жерлесімізге ведомстволық марапаттар табыс етті. Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік қызмет ардагері» наградасы Валентин Куприяновқа, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі - 40 жылдан астам қаржы саласында қызмет етіп зейнетке шыққан Сайлаукүл Аманжоловаға, Ұлытау ауданының қаржы саласында 27 жылдық тәжірибесі бар, бүгінгі таңда қаржы бөлімін басқарып келе жатқан Тасболат Шайхинге берілді. Айта кетейік, 2022-2023 жылдары өңірдің айтулы 10 тұлғасына «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы берілген. Комиссия шешімімен биыл Республика күніне арналған салтанатты жиында тағы бес жерлесіміздің есімі ерекше аталған болатын. Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовтің белгілі себептермен рәсімге қатыса алмауына байланысты бүгін табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/903825
ҰЛЫТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР - ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҮЗДІК ҚАТЫСУШЫСЫ 24.12.2024
Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылының тұрғыны Ғалия Отарбаева «Ауыл аманаты» ұлттық жобасының үздік қатысушысы атанып, «Үздік сүт өнімі» номинациясына ие болды. Жерлесіміз марапатқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың және Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Қызылорда облысында өткен жиында қол жеткізді. Жиында «Ауыл аманаты» жобасының ауыл халқының өмір сапасын арттырудағы маңызы және оның болашақта қалай жалғасын табатыны жөнінде пікірлер айтылды. Айта кетейік, Ғалия Отарбаева «Ұлытау»ӘКК арқылы «Ауыл аманаты»бағдарламасы бойынша биыл мамыр айында 9 230 000 теңге жеңілдетілген несие алған. Қолдау қаражатына кәсіпкер 30 бас ірі қара мал және 10 тонна шөп азығын сатып алды. Бүгінде жерлесіміз сол уақытта сатып алған сиыр малының сүт өнімдерін өңдеумен және сатумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/903838
2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар 24.12.2024
Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін 204 негізгі жобаны қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары әзірленіп, Үкімет бекіткен болатын. Бұл жобалар төрт негізгі бағытты қамтиды: Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – ЖЭО, ГЭС және энергия шаруашылықтарын қоса алғанда, жылумен және электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа нысандарды жаңғырту және салу. Бұл еліміздің барлық өңірлерін тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – негізгі көлік дәліздерін дамыту, автожолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту. Бұл ішкі және халықаралық логистиканы жақсартып, Қазақстанның көлік торабы ретіндегі экономикалық тартымдылығын арттырады. Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту. Бұл, ең алдымен, су ресурстары мәселесі өткір тұрған ауылдық және шалғай елді мекендердегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Цифрлық инфрақұрылым (10 жоба) – инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу, бұл жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/904089
ТХКБ өсімі мен дамуы: 2024 жылы жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4 млн тоннадан асты 24.12.2024
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) тұрақты өсімді жалғастырып келеді. Өткізу мүмкіндігі жылына 6 млн тоннаға, оның ішінде 100 мың ЖФБ контейнерлік тасымалдарға дейін ұлғаюда. 2024 жылдың 11 айында жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымалдар көлемі 2,6 есе өсіп, 50,5 мың ЖФБ құрады. Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді. 2024 жылы Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысуда. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңыздылығын айқындайды. Өткізу мүмкіндігін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/904094
Мемлекет пен қоғамның күшін біріктіріп 15.12.2024
Экономиканы дамытып, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартумен қатар біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл әлеуметтік кесел адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына зиян келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті көріністерінде мемлекеттің одан әрі дамуының басымдығы деп санайды.Бүгінгі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты отандық және шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, әрі қоғамның сұранысына орай үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жұмысқа жаңа дәйекті және кешенді көзқараспен келу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжатта – «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында» анық көрсетілген.Осы тұжырымдаманы іске асыру үшін облысымыздың мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алғы шарттарын жойып, қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту үшін түрлі шаралар қабылдай отырып, алдын ала жұмыс істейді. Мұның бәрі мемлекеттік аппараттың алдында тұрған басты міндет –азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.Тоқсан сайын менің төрағалығыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі. Мысалы, өткен жылдың қазан айында комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалимен бірлесіп білім беру мекемелерінде бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен шешім қабылданды. Пилоттық жобаның басты міндеті – бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.Өңірдің аграрлық аймақ екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу саласында АӨК қаражатын мақсатты пайдалану үшін әлеуметтік маңызы бар «Цифрлық теңге» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарына кредит беру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінетін ақшаны бояумен байланысты. «Ақшаны бояу» қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалануды есепке алмағанда, жеке нөмірлері ақпараттық жүйеде тіркелетін жануарларды нақты сатып алуды қамтамасыз етеді.Екінші жоба – ауыл шаруашылығы министрлігінен кәсіпкерлерге бөлінетін инвестициялық субсидиялар қаражатын қадағалауға бағытталған. Цифрлық теңге лизинг нысанасының нақты құнына сәйкес субсидияларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржы ұйымдарының шоттарында болған кезеңде ақшаны жұмсау тәуекелдерін жояды.«Цифрлық теңге» пилоттық жобасының іске асырылуы ағымдағы жылдың соңына дейін жопарланған.Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген, оның ішінде жер заңнамасы, Мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларына байланысты өзекті мәселелер үнемі қаралады. Отырыстардың қорытындысы бойынша оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген 45 ұсыным әзірленді.Биылғы жылы қарастырылған мәселелердің қатарында – білім беру, спорт, денсаулық сақтау, жол құрылысы және жөндеу, ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты салалардың проблемалары бар. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу, «сақалды құрылыстарды» сүйемелдеу, бизнесті қорғау, мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мәселелері де талқыланды.Қазір жобалық тәсіл аясында облыстық басқармалар мен облыстың аудан, қала әкімдіктері №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» негізгі бағытын жүзеге асыруда. Бұл жұмысқа 90-нан астам мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Бағыт бірнеше жобалар блогын қамтиды, олардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау болып табылады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары 257-ге жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтап отыр. Бұл көрсеткіш жобалық менеджментті енгізу арқылы мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысты күшейтіп, өз қызметіндегі олқылықтар мен бұзушылықтарды анықтауға, кейіннен жоюға мүдделі екенін көрсетеді. Мысалы, ішкі тәуекелді талдау шеңберінде облыс аудандарының біріндегі әкім аппаратының басшысы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша аталмыш дерек расталып, нәтижесінде лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Мемлекеттік басқарудың түрлі салаларына қатысты ішкі талдаулар барысында анықталған кемшіліктер бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы облыс әкімдігінің бақылауында. Жалпы, базалық бағыт бойынша облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгендігін атап өткім келеді. Жобалық тәсілдің нәтижесінде басшылардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мүмкін болып отыр. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен нығайтуға әдеп жөніндегі уәкілдер институты үлкен үлес қосып, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға бағытталған 345 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелерінде тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар, қоғамның барлық секторларының арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады», – деп атап өткен болатын. Өңірімізде өткен жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы жүзеге асырылып, оған сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын 120-дан астам ақмолалық қатысуда. Осы орайда, облыстың азаматтары мен ұйымдары әлеуметтік нысандарды қадағалап, мемлекеттік сатып алуларды зерттеп, тегін заңгерлік көмек көрсетіп, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға атсалысуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің белсенді азаматтық ұстанымы өз жемісін беруде – мемлекеттік органдар анықталған сын-ескертпелерге ден қойып, оларды жойып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуда, халық білікті заң көмегін алуда, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысушы азаматтардың саны артып келеді. Облыстың барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта байқаулар өткізіліп, бейнероликтер әзірленді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында ақпараттық баспа материалдары таратылды. Өңірде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, өмірлік ұстанымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған жол бермейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеу, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда іргелі рөл атқарады.Осы ретте, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың тікелей қатысуынсыз облыста жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан тиісті нәтиже болмайтынын тағы бір атап өткім келеді. Алда мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылуы тиіс орасан жұмыс күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902397
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 15.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақмерзімді перспективада автомобиль өнеркәсібін мемлекеттік қолдау толыққанды кластер құруға алып келуі тиіс.Тағы бір маңызды міндет – мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту. Қазіргі уақытта полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Бутадиен, карбамид және терефтал қышқылын өндіруге арналған болашағы зор жаңа жобалар әзірленуде. Аталған бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталуы маңызды.Жоспарланған жобаларды іске асыру 25 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды. Барлық жоба тұрақты экономикалық өсудің маңызды қадамы болатын жоғары өнімді және инновациялық өндірістерді дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ экспорт пен импортты алмастыруға бағытталған.2024 жылы құны 1,3 трлн теңгеге жуық 180 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланған, оның 164-і өңдеу секторына тиесілі. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберіндегі нысандар саны бойынша бүгінде Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстары, инвестиция көлемі бойынша Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.Өңдеу өнеркәсібі: негізгі көрсеткіштерСтатистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 48%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:Машина жасау: 6,9% өсім, бұған компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасы өндірісінің ұлғаюы ықпал етті.Қара металлургия: өсім 10,8%-ды құрады. Бұл ферроқорытпа, болат, шойын және жалпақ прокат өндірісі көбеюінің нәтижесі.Түсті металлургия: мыс, мырыш, қорғасын және алюминий өндірісінің өсуіне байланысты өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті.Химия өнеркәсібі: 8,4% өсім тіркелді, полипропилен және натрий бихроматы өндірісінің ұлғаюы айтарлықтай үлес қосты.Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында («ССКӨБ» АҚ) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер («Mineral Product International» ЖШС, ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат өнімдері) ыстық брикеттелген темір өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.Геология саласын дамыту перспективаларыҚазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестиция тарту бойынша шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп келеді. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. 2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды:алтын – қоры 107,5 тонна, ресурстары 337,04 тонна,күміс – қоры 1904,5 тонна, ресурстары 172087,2 тонна,мыс – қоры 4916,7 мың тонна, ресурстары 7796,9 мың тонна,мырыш – қоры 2549,6 мың тонна, ресурстары 338,9 мың тонна,темір кендері – қоры 128 млн тонна, ресурстары 162 млн тонна,қорғасын – қоры 1319,5 мың тонна, ресурстары 64,1 мың тонна,вольфрам – қоры 409,9 мың тонна, ресурстары 743 мың тонна,хром – ресурстары 464,1 мың тонна,молибден – қоры 14 т, ресурстары 39 тонна,марганец – қоры 794 мың тонна, ресурстары 1137,3 мың тонна.Сондай ақ биыл алғаш рет мемлекеттік есепке көмірсутек шикізатының 6 кен орны қойылды:газ – 1776,5 млн м3.Мемлекет басшысының 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін геологиялық-геофизикалық зерттеумен қамтуға қол жеткізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 3 жыл ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асады.Сонымен қатар аудандарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру және терең геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижелер де бар. Аталған жұмыстар нәтижелеріне сәйкес, бағалы, түсті және қара металдар бойынша болжамды ресурстары бар перспективалы 60 учаске анықталды. Бұл учаскелерді барлауға арналған лицензия шеңберінде одан әрі зерделеу үшін жер қойнауын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.Бүгінгі күні қорлары шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің перспективалылығы туралы деректер бар, ал сирек кездесетін металдардың, оның ішінде церий мен лантанидтердің 935,4 мың тонна мөлшеріндегі болжамды ресурстары бар.Сонымен қатар салаға инвестиция тарту және сирек кездесетін металдар әлеуетін арттыру мақсатында осмий мен ренийді қоспағанда, сирек кездесетін металдар баланстық қорлары туралы деректерді құпиясыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстанда көмірсутектердің жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар.Қазіргі уақытта геологтар шамамен 76 млрд тонна болжамды шартты отын ресурстары бар 15 шөгінді бассейн бөледі. Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Олардың ішіндегі ең ірісі – Каспий маңы, ол елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ын құрайды.Сонымен қатар қосымша аз зерттелген 5 шөгінді бассейннің айтарлықтай келешегі бар. Бұлар Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс маңы шөгінді бассейндері. Бұл бассейндердің іске асырылмаған көмірсутек әлеуеті әлі де айтарлықтай.Ағымдағы жылы геологиялық-геофизикалық әдістер кешенін, оның ішінде Арал аз зерттелген бассейні шегінде Шығыс және Батыс учаскелерінде 2Д сейсмикалық барлауды қолдана отырып, өңірлік зерттеулер аяқталуда, оның зерттеу алаңы 56 мың шаршы км.жұмыс нәтижелері бойынша "Батыс" учаскесінің болжамды ресурстары 0,8 млрд тоннаға бағаланады, алынатын қорлар 0,3 млрд тоннаға бағаланады. Болашақта осы учаскелерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу үшін іздеу жұмыстарын қою жоспарланып отыр.Нәтижелер геологиялық барлау жұмыстарының жоғары деңгейін және Қазақстанның минералды-шикізат базасын дамытуға елеулі үлесін көрсетеді. Бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін және оның одан әрі өсуге дайындығын көрсетеді.Отандық өндірісті қолдауЭкономика құрылымын өзгерту аясындағы негізгі міндеттердің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Осы мақсатта Үкімет отандық өндіріс тауарларын тұтынуды ынталандыруға бағытталған экономикалық патриотизм қағидатын енгізді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен сатып алынатын отандық өндірістің 4 543 тауарына алып қою белгіленді. Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық өнімдер тізбесінің кеңеюі отандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар санының 1,4 есеге артуына, ал олардың жалпы сомасының 40%-ға өсуіне алып келді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы, сондай-ақ басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушы субъектілер отандық өндірушілермен жасалған ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар сомасы 622,3 млрд теңгеден 765 млрд теңгеге дейін ұлғайды.Мұнай-газ саласында барлық сатып алудың негізгі көлемі (65%) үш ірі операторға (Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, NCOC) тиесілі. Осыған байланысты, олардың барлық сатып алуларының 75%-ын құрайтын 16 тауар тобы бойынша елішілік құндылықты дамытудың ұзақмерзімді бағдарламаларын қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет қаражаты есебінен нысандарды салу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтары барынша қолданылады.Мемлекеттік қолдау шаралары жаңа бірыңғай тізілімге енгізілген тексерілген отандық тауар өндірушілерге ғана көрсетіледі.Іскерлік белсенділікті арттыру және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау жұмысы шеңберінде Үкімет «таза парақтан» қағидатын енгізді. Бұл шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне қойылатын 10 мыңнан астам талаптарды жоюға мүмкіндік берді. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 37%-ға дейін өсті. Тұрғын үй құрылысыТұрғын үй құрылысы – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды аспект. Осыған орай елімізде бағдарлама қабылданды, оның шеңберінде 7 жыл ішінде 111 млн м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша, 1 млн-ға жуық отбасы баспаналы болды.Сонымен қатар 2024 жылы даму жоспары түзетілді, нәтижесінде 15,5 млн м2 тұрғын үйдің орнына 18 млн м2 баспана тапсырылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың мамыр айында «Отбасы Банкі» «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Оның аясында 188,3 млрд теңгеден астам сомаға 7217 мың несие берілді.Жыл басынан бері цифрландыру және қала құрылысы сараптамасын енгізу арқылы нақты заңсыз құрылысты іске асыру мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл шара Мемлекет басшысы бірнеше рет белгілеген нақты құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Кешенді шаралар саябақтар мен әлеуметтік нысандарға арналған аумақтарда көппәтерлі үйлер салу мүмкіндігін жояды, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді.#Геология #Машина жасау #Өнеркәсіп #Өңдеу өнеркәсібі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902405
Балабақша, мектеп, колледждер: осы жыл немен есте қалады? 15.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруда берген тапсырмасы абыроймен атқарылуда.Президенттің бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында биыл 12 200 орындық 9 білім нысаны салыну жоспарланған, барлық заманауи талаптарға сай салынған оның 6-ы іске қосылды. Қалған үшеуі аяқталуға жақын. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығын шешуге ғана емес, сонымен қатар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар биыл облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп ашылды.Жыл басынан бері 1527 орындық 13 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 2 балабақша салынды, оның біреуі дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған өңірдегі алғашқы арнайы «Аяла» балабақшасы.2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бүгінгі таңда облыста 1500 балаға арналған 84 кабинет жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2 кабинет ашылады.Оқушылардың білім сапасы өте маңызды. Өткен оқу жылында жас ақмолалықтар республикалық олимпиадаларда 130-дан астам түрлі медаль жеңіп алды.Біздің оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылыққа да белсенді қызығушылық танытады. Мәселен, ақмолалықтар Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғап, жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.Республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздарымыз да аз емес. Әлияш Ахетова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Өңіріміздің 3 мұғалімі республикада «Үздік педагог» атанды: Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Данагүл Ілияс, Таиндык Жоламанова және Көкшетаудағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жумадулла Абдулхаков.Қазан айының басында Державинск қаласы мектебінің педагог-психологы Аслан Манатов Ереван қаласында өткен үшінші Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде үшінші орын иегері атанды.Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Балалар мен жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың дене қабілеттерін дамыту мақсатын алға қойып Ж. Мусин ат. жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің командасы маусым айында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында 1-орынды иеленді.Биылғы жылы жоғары техникалық колледжде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі алғашқы тренинг – орталықтың ашылуы жобасы іске асырылды.Және студенттерге арналған әрқайсысы 300 орындық 2 жатақхана ашылды.«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында колледж студенттерінің Ақмола командасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.Бұл биылғы жылғы жетістіктер. Жақын арада білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасады, біз жаңа шыңдарды бағындыруға дайынбыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902419
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты 15.12.2024
Бүгін елордадан еліміздің ең танымал курортты аймақтарының бірі – Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты.Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуінен Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады. Пойыздың тағы бір ерекшелігі – эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.«Жаңа туристік пойызды іске қосу – ішкі туризмді дамыту және Қазақстан бойынша саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба ел тұрғындары мен қонақтары үшін ең әдемі курортты аймаққа еркін жетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902905
ТҮРКІСТАН: САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! 14.12.2024
Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде финалда Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты. Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раундта қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» спортшылары жарады. Ерлер құрамасын сапында 92 келіде Сағындық Тоғамбай топ жарса, әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек қола жүлдегер атанды.Жалпы Қазақстан ерлер құрамасының еншісінде 4 алтын медаль бар. Олар: Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Сағындық Тоғамбай (92), Айбек Оралбай (+92). Сонымен бірге 5 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы 5 алтын медальмен топ бастады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901363
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 14.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі кәсіпкер, «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен және ТСС компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.Серікжан Сейітжанов өңірде 6 ірі жобаны бастағанын, оның екеуінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. ТСС корпорациясымен бірлесе Созақта жүзеге асырылатын жоба арқылы жүздеген жұмыс орны ашылып, аймақтың өзіндік кірісі ұлғаймақ. Фосфорды байытып, өңдейтін зауытқа инфрақұрылым жеткізу мәселесі шешімін тапқан. Су, электр жеткізілген. Мұнда өндірілген өнімнің 80 пайыздайы экспортқа шығарылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге аймақта қуаты 320 МВт болатын газ электр станциясы салынады.Жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарттарға қол қойылған. Фосфор өндіруде экологияға зияны жоқ заманауи технологиялар қолданылады.Дархан Сатыбалды жобаларға қолдау көрсетілетінін, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901514
ТӨЛЕБИДЕ «ТҰҒЫРЫ БИІК – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 14.12.2024
Бүгін Төлеби ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік –Қазақстан» атты әскери-патриоттық форум өтті. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып қызмет ету маңыздылығын, өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту жөніндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымдарын айтып өтті.Сондай-ақ Қазақстан жерін қорғауда ерлігімен есімдері тарих беттеріне жазылған тұлғалар өмірі жайында әңгімеледі. Жастардың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу бағытында еңбек етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын, ұстаздарға «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін табыс етті.Форум барысында генерал-майор Ақжігіт Исабеков, аудандық маслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев сөз алды. Жиында патриоттық әндер шырқалып, Төлеби аудандық Шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл тобының сарбаздары қоян-қолтық күресінің әдіс-тәсілдерін көрсетті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901797
ТҮРКІСТАНДА «KULTOBE» МЕДИА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Kultobe» медиа студиясы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Абдіқұлов медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі.«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.Студия арқылы ұлттық ұстанымдарды дәріптеу және насихаттау, дін мен дәстүрге арналған подкастар, танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру көзделген. Мұнда жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901804
ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 500-ДЕН АСА ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 14.12.2024
Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барып, баспана кілттерін табыстады.– Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Дархан Амангелдіұлы.«Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілді. Қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі.Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталды. Жалпы, жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902044
ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын алда келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.– Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәлім, осыдан 6 жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түрлі нысандар бой көтеріп, шын мәніндегі инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті қалаға айналды. Қаланы абаттандыру және қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Түркістан қаласында жасыл желектер алқабын ұлғайту мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Өздеріңізбен бірге «Жастар» саябағы кешенінің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бұл жаңа саябақ қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындарымыздың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық. Біз халық игілігіне берілетін нысандарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.Сондай-ақ шараға қала тұрғындары мен елімізге танымал өнер жұлдыздары – Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Махмуд Уримбаев өнер көрсетті.Саябақтың жалпы алаңы – 10,5 га. Демалыс аймағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары, сонымен қатар, 2 шақырым жүгіру жолы және веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктердің 70-ке жуық түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктерімен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар бар.Айта кетейік, Түркістан қаласында 32 саябақ, 32 сквер мен аллея, 15 жасыл алаң мен аймақ бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902108
ТҮРКІСТАНДА МҰЗ ЕРІТУГЕ АРНАЛҒАН ТҮЙІРШІК ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ 14.12.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров түркиялық «KAR-TEM» компаниясының директоры Исмаил Сонмезбен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы Өндірістік паркте мұзды ерітетін тұз түйіршіктерін өндіретін жаңа кәсіпорын ашу жобасын талқылады.«KAR-TEM» компаниясы жоғары деңгейдегі гибридті кристалға негізделген түйіршіктерді өндіреді. Бұл түйіршіктер кальций және магний хлоридімен байытылған және өте төмен температурада, яғни -30°C-тан -40°C-қа дейін мұзды тез еріту қасиетіне ие. Экологиялық таза және экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатын бұл өнімдер қыста жолдарды, алаңдарды, аяқжолдарды және басқа да инфрақұрылымдарды қауіпсіз әрі жылдам тазартуға мүмкіндік береді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа кәсіпорынды 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902443