Enbekshi QazaQ

Бизнес

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 14.12.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген салалардағы жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» республикалық жобалар байқауы қорытындыланды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.Байқаудың мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, парасаттылық идеологиясын дамыту, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту, осы саладағы перспективалы жобаларды іздеу және азаматтық бастамаларды қолдау.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу мақсатында жарияланған конкурсқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан 90-нан астам өтініш келіп түскен. Солардың ішінде іріктелген 10 жұмыстың иегері өз жобаларын қорғады. Қоғам өкілдерінен құрылған комиссия үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды анықтады. Жеңімпаз деп танылған 4 жоба қорғаушылардың әрқайсысы 725 мың теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Атап айтсақ, түркістандық Умида Нұрмаханованың «QR код енгізу» жобасы, алматылық Алихан Абдикеровтың «Dauys» жобасы, шымкенттік Сергей Ефремовтың «Балық шаруашылығы» жобасы, астаналық Салтанат Қуаныштың «Sanaly Ai» жобасы жеңімпаз атанды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902523
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ 14.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Өңір басшысы оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз білім саласына қолдауды жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына жауап береді. Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған.Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген. Бұған дейін де осы жоба арқылы Түркістанда бір мектеп тапсырылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902800
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ 14.12.2024
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері шетелдің кәсіпорындарын аралап, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен бірге Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтті. Осы жұмыстардың нәтижесі қандай? Алда қандай жоспарлар бар? Облыс әкімдігінде осы сұрақтар талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.– Бюджет қаржысына инфрақұрылым, нысандар салу жұмысы жүре береді. Бірақ біз тұрғындарға жұмыс тауып беру мәселесін басты назарда ұстауымыз керек. Инвестиция тарту жұмысын күшейтіңіздер. Шетелге іссапарға барып келген басшылар нақты нәтижеге қол жеткізетін болсын. Жүргізілген келіссөздерді жүзеге асырып, инвестициялық жобаларды көбейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды осы бағытта семіді ақтамаған әкімдер мен орынбасарларына тиісті шара көрілетінін ескертті.Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Түркістандағы инвестициялық форум мен Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне жасалған іссапарлар нәтижесіне тоқталды.Биыл Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының бірнеше аймағын аралады. Ресми тұлғалармен келіссөздер жүргізді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» өңіраралық ынтымақтастықтың форумына қатысты. Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы (KITA) ұйымдастырған бизнес-семинарға қатысты. Іссапар Қытайдың бірнеше ірі қаласы мен аймағында жалғасып, түркістандықтар қытайлық инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.Айта кетейік, биылғы 11 айда облыс экономикасына 1 064,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары. Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Биыл 134,1 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902807
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссияcының 5-ші отырысы өтті (2024 жылғы 10-11 желтоқсан, Амман қаласы) 13.12.2024
Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан күндері Амман қаласында (Иордания) Көлік вице-министрі Т.Т. Ластаевтың қатысуымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және қамтамасыз ету министрі Яруб Аль-Куда тең төрағалық етті.Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы екі жақты қарым-қатынас мәселелері кеңінен талқыланды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ көлік дәліздері мен логистиканы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тікелей әуе қатынасын ашу,қазақстандық тараптың теміржол жобаларына қажетті конструкцияларды (рельстерді, шпалдарды, бекітпелерді және т.б.) жеткізуге дайындығы айтылды. Әуе компанияларына Қазақстан мен Иордания арасында тұрақты рейстерді орындауға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюды пысықтау үшін 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында келіссөздер жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.Отырыс қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.Тараптар осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамалар туралы келісті.Келесі кездесу Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/901674
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады 13.12.2024
Жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары мен әуерейстер саны артады. Теміржол көлігі:Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанжәне 2, 5 қаңтар 2025 жыл.№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.Одан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.Аймақтар бойынша қосымша вагондар:Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:№7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).№7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.№7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.Әуе тасымалы:Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін мереке қарсаңында және алдағы демалыс күндері әуе рейстері санын арттырады.Мәселен, бүгінгі таңда 91 қосымша әуе рейсі іске қосылды, оның ішінде:«SCAT» әуекомпаниясы 39 рейсті қосты. – Астана - Алматы-Астана бағыттары бойынша + 16 рейс,- Алматы-Шымкент + 10 рейс;- Алматы-Мәскеу +7 рейс;- Алматы - Жезқазған + 2 рейс;- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;- Астана-Шымкент + 1 рейс;- Алматы-Өскемен +1 рейс. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 10 рейсті қосты: - Астана-Алматы + 10 рейс; Басқа бағыттар бойынша да рейстер санын арттыру мәселесі пысықталуда.«FlyArystan» 39 рейс қосты: - Астана-Алматы + 9 рейс;- Алматы-Шымкент + 3 рейс;- Астана-Шымкент + 3 рейс;- Алматы-Павлодар + 3 рейс;- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;- Алматы-Атырау + 2 рейс;- Алматы-Орал + 2 рейс;- Астана-Қостанай + 2 рейс;- Астана-Орал + 2 рейс;- Астана-Атырау +2 рейс;- Астана-Қызылорда + 2 рейс;- Астана-Түркістан + 2 рейс;- Ақтау-Атырау +2 рейс;- Алматы-Қызылорда + 1 рейс;- Алматы-Қостанай + 1 рейс;- Алматы-Қарағанды + 1 рейс;- Астана-Ақтөбе +1 рейс; «Qazaq Air» 3 рейс қосты: - Астана-Ақтөбе-Астана +1 рейс;- Астана-Шымкент-Астана +1 рейс;- Астана – Қызылорда-Астана +1 рейс. Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.Әуе компаниялар техникалық мүмкіндікті ескере отырып, мереке күндері рейстерді ұлғайту жұмысын әлі де жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902174
Биыл Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды 13.12.2024
2024 жылы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Шымкент, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы теміржол вокзалдарында толық реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар жолаушыларға сапалы әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге, инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай етуге бағытталған.Шымкент және Павлодар қалаларының теміржол вокзалдары реконструкциядан өтсе, Қызылорда қаласы теміржол вокзалы күрделі жөндеу жұмысымен қамтылды.Шымкент вокзалының өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Бұрын тәулігіне 2000 жолаушыға қызмет көрсетілсе, қазір бұл көрсеткіш 6000 жолаушыға жетті. Ғимараттың жалпы аумағы 1770,2 шаршы метрден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.Павлодар вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі жүк-жолаушы лифті орнатылды. Ғимарат ішіне тактильді бағыттағыштар төселіп, арнайы демалыс бөлмелері мен санитарлық тораптар жасақталды.Қызылордада 1905 және 1968 жылдары салынған екі тарихи ғимарат жаңғыртылып, жолаушылар ағыны бірнеше есе артты.Үш вокзалда да жөндеу жұмыстары аясында сыртқы келбеті жаңартылып, есік-терезе жүйелері мен инженерлік коммуникациялар ретке келтірілді. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін пандустар, тактильді жолақтар және арнайы кассалар орнатылды. Сонымен қатар заманауи WiFi аймақтары, ақпараттық экрандар мен рентген аппараттары іске қосылды.Қазіргі таңда әртүрлі бағытта Шымкент вокзалынан 20 жұп, Павлодар вокзалынан 16 жұп, ал Қызылорда вокзалынан 15 жұп пойыз қатынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902274
НҚА жобаларын әзірлеу бойынша семинар 13.12.2024
Көлік министрлігінде кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу қағидаларының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастыруға байланысты проблемалар талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902639
Астана мен Бурабай курорты арасында қатынайтын бесінші электропойыз іске қосылды 13.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» бағытындағы жаңа туристік электрпойызы іске қосылды. Отандық «ЗИКСТО» зауытында өндірілген бұл электрпойыз сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи стандартына сай келеді. Пойыз 6 заманауи вагоннан тұрады, жалпы сыйымдылығы – 574 жолаушы, аралық аялдамасыз жүреді. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды.Қазіргі таңда Астанадан Бурабай курорты бағытына бес пойыз қатынайды: - №6829/6830 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 17 аралық аялдамасы бар. Жол жүру уақыты: 3 сағат 28 минут. - №7507/7508 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 3 аялдама. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут. - №7553/6811-6812/7556 «Астана-Бурабай курорты» — демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) қатынайды, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 35 минут. - №7509/6805-6806/7510 «Астана-Бурабай курорты» — аптасына екі рет (жұма және жексенбі) жүреді, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут. - №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» — күнделікті (сейсенбі мен сәрсенбіден басқа) қатынайды, тікелей маршрут, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 26 минут. Мемлекет басшысының елдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі теміржол жолаушылар тасымалында жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902692
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының тұрғындарымен кездесті 13.12.2024
Жиында өңір басшысы биыл барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, келесі жылдың жоспарларына тоқталды. Облыс әкімі баяндама барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, ішкі өнім көлемін арттыруға үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге, өңір мәртебесін республика деңгейінде көтеріп келе жатқан өзге де маман иелеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жерлестерді қала келбетін түзуде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кездесу барысында тұрғындар облыс әкімі Дастан Рыспеков пен Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановқа ашық микрофон арқылы толғандырған мәселелерін жолдады. Азаматтардың мәселесі жол сапасын арттыру, дәрігерлердің жеткіліксіздігі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорынының жұмысы, білім беру мекемелеріндегі мәселелер мен инватакси қызметіне қатысты болды. Өңір басшысы кездесуден кейін жезқазғандықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Облыс әкімі қала басшысына инватакси тасымалының уақытын реттеуді басқармалармен бірлесіп қолға алуды, батыс тұрғын алабы жолына бағдаршам орнату, Ғарышкерлер 13 тұрғын үйінің қасбетін жөндеу жұмыстарын келесі жылы қолға алу жұмыстарын жүргізуді, Үшінші ауылда аялдамалар орнатуды, денсаулық сақтау басқармасына Чернобыль апатына қатысқан азаматтардың медициналық нысандарда ем алуына жеңілдік жолдарын өзге облыстардың тәжірибесіне сүйене отырып қарастыруды тапсырды. Айта кетейік, кездесу басталғанға дейін басқарма басшылары өңір тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/902916
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады 12.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет.Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеңінде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұрақты әрі ыңғайлы болады. Қазақстан Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдермен электронды үкімет саласындағы озық шешімдерін бөлісе бастады. Мемлекет тіркеуден бастап компанияларды таратуға дейінгі қолдаудың толық циклін қамтамасыз ете отырып, бизнес үшін де осындай сервистерді әзірлейді. IT саласындағы инновациялар 2024 жылы Қазақстанның IT саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім. Мәселен, елімізде «Astana Hub» халықаралық технология паркі жұмыс істейді. Бүгінде ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін айқындады. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 қазақстандық және 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Өсім соңғы бес жылда 31 есе артты. Биыл экспорттық түсім 140 млрд теңгеден асты. Төрт жылдағы жылдық өсім де 10 еседен астам. Осылайша, «Astana Hub» өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.Инновациялық экожүйенің негізгі элементі – аймақтық хабтардың дамуы. Бүгінгі таңда бүкіл еліміз бойынша осындай 18 алаң жұмыс істейді. Олар жергілікті стартаптар мен кәсіпкерлікті дамытуға белсенді ықпал етеді. Стартаптар мен IT индустриясын дамыту жөніндегі барлық бағдарламалар аймақтық IT-хабтар үшін қолжетімді. Осыған сәйкес, өңірлік хабтар дарындарды ашуға және күшті инновациялық экожүйені құруға ықпал ететін Қазақстандағы IT-индустрияны дамытудың маңызды драйверіне айналуда.Қазақстанда IT-саланың әлеуетін толыққанды ашу үшін «Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» құрылды, онда IT-мамандарға, инноваторларға және ғылыми қайраткерлерге мемлекеттік қолдау шараларының көпшілігі шығарылды. Портал мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінде оны жыл сайын жарты млн-нан астам адам пайдаланады. Портал EGOV секілді бірыңғай терезеге айналды деп айтуға болады.Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды мамандарды тарту үшін жағдайлар жасалуда. АХҚО базасында Экспат орталығы жұмыс істейді. Ол шетелдік мамандар үшін мемлекеттік қызметтерді алудың бірыңғай терезесі ретінде қызмет етеді. IT қызметтерін экспорттау Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты қарқынды өсімді көрсетіп отыр. 2023 жылы оның көлемі $529 млн-ға жетті, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш $305 млн-нан асты. Яғни, Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай IT-қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы сенімді түрде орындалуда.Ол үшін Қазақстанда жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылатын түрлі акселерациялық бағдарламалар жүргізілуде. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.Сонымен қатар халықаралық желі де кеңейіп келеді. Қазір АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапурда үш шетелдік IT-хаб табысты жұмыс істеуде. Осы бастамалардың барлығы дарындардың басын қосуға көмектеседі әрі қазақстандық стартаптарға халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Айта кетейік, Қазақстан қазірдің өзінде жасалған венчурлық мәмілелер көлемі бойынша өңірде көшбасшы саналады. Маңызды инвестицияларды CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялар салды. Осы компаниялардың кейбірі қазірдің өзінде $100 млн бағалауға қол жеткізді. Шын мәнінде, Қазақстан өңірдегі инновациялардың негізгі орталығына айналуда.Бүгінде Қазақстаннан IT-қызметтер 86 елге экспортталады, бұл отандық компаниялардың жоғары сұранысы мен жаһандық деңгейде табысты бәсекелесу қабілетін растайды. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. IT-мамандарды даярлау2024 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті, бұл білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына жоғары сұранысты көрсетеді. IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті.Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Жеке IT-мектептер ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады. Бұл бағыттағы жұмыс еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жүргізілуде. Айтпақшы, басқа салалардан IT саласына ауыса алған Tech Orda бағдарламасының түлектерінің сәтті мысалы да аз емес. Жасанды интеллектіні дамыту Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды: - саланың дамуын үйлестіретін ЖИ комитеті құрылды; - 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді; - ЖИ туралы заң жобасы әзірленді, ол одан әрі өсу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласында Жасанды интеллект орталығын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталықтың миссиясы өңірдің түкпір-түкпірінен дарындарды тарту арқылы Қазақстанның ЖИ-трансформациясына жәрдемдесу. Жыл сайын мыңдаған мамандарды, жүздеген стартаптарды және жасанды интеллект саласындағы ондаған ғылыми жобаларды дайындау жоспарлануда.Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығын қосқанда, білім беру жобаларын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылды.Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда KazLLM жеке тілдік моделі әзірленуде. Ол қазақстандық компаниялар әзірлейтін бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болуға тиіс. Бұл шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, әсіресе ұлттық мүдделерді, дербес деректерді қорғау және еліміздің идеологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Өз тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда жиналған 148 млрд таңбалауышта модельдік жаттығулар белсенді жүргізілуде.Айта кету керек, оның негізінде ЖИ негізінде өнімдер жасалуда. Бұл eGov, E-otinish және заң көмекшісі сияқты бағыттардағы IT-көмекшілері.#Инновациялар #Цифрландыру Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901571
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ 12.12.2024
2024 жылдың 12 желтоқсанында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өтті. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа деген қамқорлықты насихаттау.Облыстың барлық қала-аудандарының білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан», «Менің таза қалам», «Табиғатты аялайық!» сияқты экологиялық тақырыптарда ашық сабақтар мен сынып сағаттары ұйымдастырылды. Білім алушыларға қоршаған ортаға қамқорлықтың маңызы, табиғатты қорғау қажеттілігі туралы түсіндірілді.«Мектебімізде экологиялық тәрбие бағытындағы ашық сабақтар, сынып сағаттарды өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері бұл жұмыс одан да жандана түсті. Мұндай іс-шаралар барысында қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарға деген жақсы қарым қатынасты оқушылардың санасына сіңдіртуге тырысамыз», - дейді Жезқазған қаласы №1 жалпы білім беретін мектебінің педагогы Ақжарқын Токишева.Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жастары мен еріктілері бірігіп тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында брошюралар мен буклеттер таратты. Олар тұрғындарға қалдықтарды қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды сақтау, қоғамдық орындарда қоқыс тастамау туралы кеңестер берді.Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының жастары «Ардағым-ардагерім» акциясы аясында ардагерлер мен қарттардың үйінің аулаларын қардан тазалап үлкен кісілердің алғысын алды.«Таза Қазақстан» басталғалы бері жалпы саны 148 мыңнан аса адам, 1317 ұжым қатысты. Сондай-ақ, 1972 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, нәтижесінде 3457 тонна қоқыс шығарылды, 264 кәсіпорын мен 224 әлеуметтік нысан тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/901740
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ 12.12.2024
Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында білім ошағын салу үшін Үкімет қайтарылған активтерден 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуге шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың І тоқсанына жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды. Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы Мыңадыр стансасында жалғыз білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілген. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/901477
Оразбек Асылқұловты бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды 12.12.2024
Таиландтың мәдени орталығы Чиангмай қаласында ағымдағы жылдың 28 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін ASBC элиталық спортшылары арасында бокстан Азия чемпионаты өтуде.Бұл құрлықтық біріншілік ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде өтті.Қазақстан ерлер құрамасының сапында бұл жарысқа 13 боксшы қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысы құрама командасының атынан Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақ дәрежесінде қатысты. Оразбек үшін бұл дода алғашқы ресми жарыс болып тұр.Спортшы жалпы 4 жекпе-жек өткізді.1 желтоқсан күні алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтып, мерзімінен бұрын аяқтады.5 желтоқсанда жергілікті былғары қолғап шеберін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.8 желтоқсанда Монғолия өкілі Гантумур Лундаамен жұдырықтасып, ақтық сынға өтті.11 желтоқсан күні Асылқұлов ақтық сында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловке жол берді. Тартысты айқастың алғашқы раунды отандасымыздың пайдасына шешілсе, қалған кезеңдерде қарсыласы басым түсті.Осылайша Оразбек бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшыны, бапкерлерін, жалпы барша ақмолалықтар мен бокс сүйер қауымды бұл марапатпен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901382
Ақмолалық спортшылар Шорт-тректен Әлем кубогында жеңіске жетті 12.12.2024
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өтті. Әйелдер эстафетасында ел құрамасының командасы қола жүлдеге ие болды.Эстафета құрамасында ақмолалық спортшыларымыз Тихонова Ольга мен Хан Яна және Ермек Малика мен Ажғалиева Алина өнер көрсетіп, Қазақстан тарихындағы шорт-тректен әйелдер эстафетасында алғашқы медальді жеңіп алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901391
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл толуын атап өтті 11.12.2024
Көкшетауда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Сенатының, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті.«Халық қалаулылары аймақтың өзекті мәселелерін шешуде елеулі үлес қосып келеді және сайлаушылардың мүдделерін қорғауда. Мәслихаттар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді тиімді шешуде», – деді Марат Ахметжанов.Салтанатты жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқыды.Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың өмірін жақсартуға және өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге үлес қосқан бірқатар депутаттар «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Құрметті депутат» төсбелгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік іс-шара Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901143
Министрлік қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. 11.12.2024
Негізгі баяндамашы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева болды.Лектор сыбайлас жемқорлық превенциясын жақсартуға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу маңыздылығы жөнінде жасалып жатқан алғышарттарға тоқталды.Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға кеңес берді. Себебі тиісті органдар тарапынан аталған бөлік бойынша жіті тексерістер жасалатынын ескертті.Лектор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген соңғы 4 пакет өзгерістердегі түзетулердің мәні мен мағынасын түсіндірді. Маман семинар соңында "Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты болдырмау — ол қызметкердің адал еңбекті таңдауымен қашанда байланысты" деп түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900806
КЕЗДЕСУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫНЫҢ АУЫСУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА! 11.12.2024
Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің 11 желтоқсан сағат 10:00-ге жоспарланған Жезқазған қаласының халқымен кездесуі тұрғындар өтініші бойынша 2024 жылғы 12 желтоқсан сағат 18:00-ге ауысқанын хабарлаймыз! Өтетін орны: С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ-музыкалық драма театры Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/900560
Ақмола облысында алғаш рет зейнеткерлерге тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылды 11.12.2024
Көкшетау қаласында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын бекіту мақсатында облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов депутаттарға облыс бюджетіндегі негізгі бағыттарды таныстырды.Келесі жылы облыста алғаш рет Көкшетау қаласының зейнеткерлеріне қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу үшін қаражат бөлу жоспарланған. Осы шараларды іске асыруға шамамен 3 млрд теңге бөлінбек.Тағы бір маңызды жоба – Көкшетау қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы. Бұл орталық зейнеткерлердің белсенді және дені сау өмір салтын сақтауға арналған орын болады.Марат Ахметжанов атап өткеніндей, бұл шаралар өңірлерге таралып, облыс тұрғындарының мүмкіндігінше көп бөлігін қамтуы тиіс.Айта кетейік, жалпы зейнеткерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға 17 млрд теңге бөлінеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900593
Келесі жылдан бастап Ақмола облысындағы мектептерде тамақтану құны өседі 11.12.2024
Ақмола облысындағы оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту үшін 2025 жылға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов бюджетті бекітуге арналған облыстық мәслихат сессиясында мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта өңір бір оқушының тамақтану құны бойынша елде төртінші орында тұр. Келесі жылы бұл көрсеткішті 715 теңгеден 808 теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тамақтану сапасына бақылау күшейтілді.Сонымен қатар, өңірде заманауи технологиялар қарқынды енгізілуде. Барлық мектептер STARLINK спутниктік жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. «Бақытты аймақ» жобасы аясында Целиноград ауданында 500 мұғалім біліктілігін арттырды.Білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту үшін, оның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына шамамен 9 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы өңірде алты жаңа, заманауи және жайлы мектеп пайдалануға берілді, тағы үш мектептің құрылысы аяқталу сатысында.Марат Ахметжанов бұл шаралар Ақмола облысы жастарының зияткерлік және кәсіби дамуының берік негізіне айналатын жайлы, технологиялық және тиімді білім беру ортасын құруға бағытталғанын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900608
Көкшетауда Sergek Patrol жүйесімен жабдықталған жедел жәрдем пилоттық режимде іске қосылды 11.12.2024
Қазақстанда алғаш рет Көкшетау қаласында жедел жәрдем көлігіне жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін Sergek Patrol жүйесі пилоттық режимде орнатылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекітуге арналған мәслихат отырысында мәлімдеді.Жоба Мемлекет басшысының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.«Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендері жасанды интеллектпен, заманауи камералармен және жылдамдықты асыру, жол белгілерін сақтамау және дұрыс емес тұрақ сияқты бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін радарлармен жабдықталған. Кешенде 360° панорамалық көрініс бар, ол тәуліктің қараңғы уақытында, кез келген ауа райында және байланыс болмаған жағдайда да жұмыс істей алады. Біздің технологиялар жүргізушілердің тәртібін жақсартып, қаладағы жол қауіпсіздігі жағдайын түзетеді деп сенеміз», — деді Sergek Group бас директоры Евгений Ким.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900619