Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қосшы қаласының әкімі қызметінен босатылды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881005
Қосшы қаласының әкімі тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881016
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Қазақстанның ең үздік 100 студенті қатарына енді. 16.11.2024
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті Ибраһим Сайлаубек «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық беделді байқауының лауреаты атанды. Бұл байқауға оқу үлгерімімен ғана емес, спорт, өнер және қоғамдық қызметте де жоғары жетістіктерге жеткен студент жастар қатысты.Ибраһим университетте жылу энергетикасы мамандығы бойынша білім алуда. Оның ғылыми салада жетістіктері бар. Оның ғылыми жобасы факультет деканының марапатына ие болды.– Университеттегі толайым табыстарым жеңіске жетуіме көмектесті. Спорт пен өнерде де жетістіктерім де бар. Менің арманым – ғалым болу. Бұл жеңіс өз-өзімді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болады», – деп бөлісті 19 жастағы қарағандылық.«Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауы жастар арасында ұлттық құндылықтар мен жетістіктерді насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ еліміздегі студенттердің білім, тәрбие және тұлғалық дамуының жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880738
Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарлануда. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды 16.11.2024
Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында ведомство басшысы министрлік құзыретіндегі сауалдарға жауап берді.Кездесу барысында белгілі болғаны:Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады. Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырымды құрайды. Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады. Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880942
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталында 2024 жылғы 11 қарашада (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15284440) орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880976
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Жезқазғанда нейро-ортопедиялық кемшіліктері бар балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Дастан Рыспеков, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму департаментінің басшысы Медет Дүйсенбеков қатысты. Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жыл сайын 600 баланы қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кішкентай пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Көрсетілетін көмекті жоғары деңгейін ұстап тұру мақсатында, орталықта көпсалалы топ құрылды, оның құрамына дәрігер-неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар жұмыс істейді. Мамандарды оқыту бірнеше кезеңде, соның ішінде шетелдік тәлімгерлерді тарта отырып жүргізіледі. Мамандар тобын дайындау Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен жүргізілді. «Қамқорлық» қорының орталықтары әлемдік брендтердің сараптамалық сыныбындағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жабдықталған. Орталықты жарақтандыруды жобаның бас серіктесі «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Айта кетейік, оңалту орталығы Жезқазған қ. Абай көшесі-3 мекенжайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін қызмет көрсетпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/880842
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15281111(с) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880801
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсауды тапсырды.– «Ауыл – Ел бесігі» жобасын сапалы жүзеге асыру керек. Бұл жоба елді мекендердің инфрақұрылымы мен тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына тікелей әсер етеді. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары бірлесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуі тиіс. Қаржы уақтылы игеріліп, құрылыс өз мерзімінде аяқталуы қажет. Қаржы бар, ауа райы қолайлы, жұмысты жалғастырыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды құрылысы кешеуілдеген нысандар тіркелген аудан, қала әкімдерінің есептерін тыңдап, сын-ескертпе айтты. Жұмысты жандандыруды тапсырды.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға 29,5 млрд. теңге бөлінді. Олардың арасында өтпелі нысандар да бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 156 жаңа жобаның 153-іне жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар жасалған. Биылғы 1 қарашаға жоспарланған 23,6 млрд. теңгенің 20,6 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 87,2 %-ға орындалған.Жыл қорытындысымен 152 жобаны пайдалануға тапсыру жоспарланған. Биыл 1 қарашадағы жағдайға 27 жоба пайдалануға қабылданса, 125 жоба енді аяқталады. Өтпелі жобалар бойынша биылғы жылдың 1 қарашасына жоспарланған 9,6 млрд. теңгенің 7,8 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 80,7 %-ға орындалған.Жиын соңында өңір басшысы аудан-қала әкімдеріне бұл жұмыстарды жылдам аяқтап, жұмысты жандандыру керектігін ескертті. Жобаның орындалуы тұрақты бақылауға алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880748
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕ ТҮСТІ 16.11.2024
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды. Бағдарламаны ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісі туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппарат жиынында баяндады.Оның айтуынша, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандарының бағдарламаны ұйымдастыру көрсеткіштері жоғары деңгейді көрсетсе, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, аудандарда жұмыс төмен.Аймақ басшысы қоқыс үйінділері жиі пайда болатын аумақтарға жергілікті полиция күштерін тарта отырып, рейдтік жұмыстарын жүргізуді, қоқыс тастамау жөнінде белгілер орнатуды және үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Бүгінгі таңда «Taza Qazaqstan» телеграмм бот платформасына 543 өтінім түскен. Оның ішінде, 526 өтінім орындалды, 1 өтінім – орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан, қайтарылған.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар облыс көлемінде күнделікті өткізілуде. Нақтырақ атқанда, қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, 1 381 ескерту беріліп және 647 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.Бұдан бөлек, көппәтерлі 120 тұрғын үйдің сыртқы келбеттерін ретке келтіріліп жаиыр. Оның ішінде, 81 тұрғын үйдің сыртқы келбеті ретке келтірілді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.Қазіргі уақытта елді мекендерді көгалдандыру бойынша 467 535 түп ағаш отырғызылатын орындар белгіленіп, тиісті жұмыс жүргізілуде.Жауапты басқарма қызметкерлері Сарыағаш және Келес аудандарын қарасты елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.Жалпы тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.Айта кетейік, қазан айындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны ұйымдастыруда Түркістан облысы елімізде ең үздік деп танылды.Жиында Зұлпыхар Жолдасов жылыту маусымының барысы туралы баяндады. Бюджеттік мекемелер, тұрғын үйлер мен жылыжайларды қоса есептегенде өңірде жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 684,1 мың тоннаны құрап отыр. Қазіргі уақытта 434,1 мың тонна көмір жеткізілген. Аймақтағы әлеуметтік маңызы бар нысандар: білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелері көмірмен толық қамтамасыз етілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880750
«Таза Қазақстан»: Теміртауда талай жылдан бергі қоқыс алаңдары жойылды 16.11.2024
Теміртау қаласында Аманжолов және Подгорная көшелеріндегі ірі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жалғасуда. Шара "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.Аманжолов көшесіндегі қоқыс үйіндісі тамыз айының соңында тазартыла бастады. "Ботақара 2030" ЖШС мердігерлік ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының көп мөлшері жиналған. Қалдықтардың арасында шыны ыдыстар, сынған плиткалар, автокөлік бөлшектері, пластикалық терезелер, сынған есіктер, тұрмыстық қоқыс жәшіктері және т. б. заттар бар. Сондай-ақ аумақта терең шұңқырлар пайда болды. Жол салу кезінде қиыршық тас қазумен байланысты болған, кейін олар тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға айналған.– Қоқыс көп. Шамасы, ұзақ уақыт бойы осында жиналған. Бұл негізінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, – дейді "Ботақара 2030" ЖШС өкілі Рахат Омаров. – Біз қазірдің өзінде 65 мың тоннаға жуық қоқыс шығардық. Осыдан кейін баумақты қалпына келтіруді бастаймыз, оны тегістеп, ретке келтіреміз.Қазір 6 адам және 8 арнайы техника жұмыс істейді. Күн сайын қоқыс артқан техникалар 30–40 рейс жасайды. Жұмыс аптасына 6 күн жүреді.– Қоқыс алаңдарын жоюға арналған шығындар облыстық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Қарағанды облысының экологиялық шаралар жоспарына енгізілді. Біз бұл кешенді жұмыстың арқасмында қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз, – деді Теміртау қаласы әкімі орынбасары Ринат Қыдырбеков. Қоқыс алаңдарын жою жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880717
Саран қаласындағы стадионынның футбол алаңы қайта жаңартылды 16.11.2024
Саран қаласындағы «Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді. Бұл ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жемісі. Қазақстан футбол федерациясы қаланың 70 жылдық мерейтойына осындай тосын сый жасауды жөн көріпті. Жаңа алаңда алғашқы жаттығу өткізілді. Жас футболшыларға арналған шеберлік сабағын жобаның амбассадоры, ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов өткізді.– Біз Саран қаласында футбол алаңын ауыстыру үшін ҚФФ-ға өтініш бердік. Барлық инстанциялар арқылы біздің өтінішіміз мақұлданып, армандаған итальяндық сапалы алаң салынды. Мұнда футболмен шамамен 300 бала айналысады. ҚФФ президентіне және қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Олар стадионның күрделі жөндеуін де жүргізді. Біз мұнда тек қалалық, облыстық емес, республикалық деңгейдегі көптеген турнирлер өткізетін боламыз, – деді Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.Стадион 4 мың көрерменге арналған. Қайта жаңғырту жұмыстары тек 15 жыл бұрын жүргізілген.– Мен 2009 жылдан бері футболмен айналысып келемін. Ал Саран қаласынла менің жолым басталды. Қазақстан футбол федерациясына осындай шағын қалада тамаша алаң салғаны үшін алғыс айтамын. Бұны ұзақ уақыт көрмеген едік, бәрі өте жоғары сапада жасалынған. ALAÑ жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғасын тапса, балалар жаттығып, халықаралық аренада өздерін сынап көрсе деп тілеймін, – дейді әйелдер ұлттық құрамасының ойыншысы Анастасия Низамутдинова.ҚФФ-ның ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту жобасы УЕФА-ның қолдауымен 2023–2025 жылдарға арналған. Бұл Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – спорттық инфрақұрылымның сапасын жақсарту және футболды насихаттау.Қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар және Жетісу өңірдерінде 12 алаң жаңарланады. Жалпы, Қазақстан бойынша 20 футбол алаңы жаңартылмақ.qfl.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880429
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы тегін консультация өткізеді 16.11.2024
Қарағанды аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығы биылғы жылдың соңғы акциясы ретінде «Бақытты сағаттар» шарасын өткізуде. Қараша айы бойы, әр сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қала тұрғындары тегін медициналық қызметке қолжеткізе алады. Акция аясында акушер-гинекологтың қабылдауы, кіші жамбас ағзаларына гинекологиялық УЗИ (көрсетілімдер бойынша), күндізгі стационар жағдайында сауықтыру шаралары және отбасын жоспарлау бойынша консультациялар ұсынылады.Тегін қызмет алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Қабылдау кезек тәртібімен жүреді.Мекен-жайы: Щорс көшесі, 53 ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).@ ragc_krg2017 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880434
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымның жай-күйін тексеру барысында еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барды 16.11.2024
Кезекті жұмыс сапары аясында министр бүгін Қызылорда облысына келді. Мұнда Көлік министрі облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдауда.Министрдің сапары Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880562
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР 16.11.2024
Түркістан облысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келіп, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге аудандарды аралап, шаруалармен кездесті. Министрге Ордабасы, Арыс және Шардара аудандарында жүзеге асып жатқан ірі жобалар таныстырылды. Облыс әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырып, су үнемдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беріліп жатқанын жеткізді.Өңірде алдағы 5 жылда су үнемдеу технологияларын 216 мың гектарға жеткізіп, суармалы алқаптардың 40 пайызына ендіру жоспарланған. Бүгінде су үнемдеу технологиялары 50 мың гектарға ендірілді. Суару технологиялардың қолжетімділігін арттыру үшін, «BNK Group», «Тұран су» секілді 3 жергілікті кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде, осы кәсіпорындар арқылы су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі.Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста «ақ алтынның» элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта- тоқыма кластерін құру қолға алынды. Жобаны іске асыру 141 млрд. теңге инвестиция тартуға және мақта өнімділігін 2,5 есе артуына мүмкіндік береді. 4 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.Биыл тәжірибе негізінде жаңа әдіспен 2 мың гектарға егілген мақта дақылы (суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып) 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өңірдің орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.ҚР Ауыл шаурашылығы министрі мен облыс әкімі Арыс қаласында болып, шаруалармен пікір алмасты. Арыста мақта шаруашылығын дамыту ісі басталды. «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС биыл қолға алған жобаға 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылған. 1600 гектар жерде жүзеге асатын жоба арқылы 9000 тонна өнім алынады деп күтілуде. 40 адам тұрақты жұмыспен, 120 тұрғын маусымдық жұмыспен қамтылған. Мұнда заманауи тамшылатып суару технологиялары қолданылып, жоғары сұрыпты мақта өсіріледі.Жұмыс сапары Шардара ауданында жалғасын тапты. Бүгінде Алатау ауылдық округінде орналасқан «International company of Cotton» ЖШС-інде мақта талшығы шығарылады. Аталған жобаға 5475,0 млн. тенге инвестиция тартылған. Жылына 60 мың тонна өнім шығаратын зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдерінің басым бөлігі ҚХР-ға экспортталады.Шаруалармен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су үнемдеу технологияларына көшу маңызды екенін айтты. Шаруаларға осы бағытта жұмыс жүргізу жөнінде ұсынысын жеткізді. Мемлекеттік қолдауларды түсіндірді. Аймақтың мақта кластері, ауыл шаруашылығын дамытуда мүмкіндігі жоғары екенін айтып, бастамаларға оң бағасын берді. Шаруалардың барлық сұрақтарына жауап беріп, келесі жылы ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын, оның алғашқы 100 млрд. теңгесі биылғы желтоқсан айында дайын болатынын айтты. Ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10%-ға дейін жаңарту мақсатына қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіге кемінде 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда.Облыс әкімі Дархан Сатыбалды каналдарды тазалау, мақта кластерін дамытуға қолдау көрсетіліп жатқанын, шаруалар да өз міндеттерін сапалы орындауы тиіс екеніне тоқталды. Су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы ғана су тапшылығы мәселесі шешілетінін атап өтті. Салық мәдениетін көтеру, аймақтың тазалығына мән беру мәселесі де назарда болуы тиістігін айтты. Кездесуде шаруалар тарапынан да ұсыныстар айтылып, олар бақылауға алынды.Жұмыс сапары аясында министрге сондай-ақ Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының жетістіктері таныстырылды. Еліміздегі үлкен жылыжайлардың бірі жылына 6 мың тонна көкөніс шығарады. Жер аумағы – 16 гектар. Министр жылыжай шаруашылығында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары екенін айтып, осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсу керектігін жеткізді.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі аймақтағы жобалармен танысып, өзекті мәселелерінен де құлағдар болды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды ендіру жұмыстары жалғасады.Айта кетейік, биылғы 9 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 747,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш бастап тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880392
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен жиында басқарманың тоғыз айлық есебі, тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы жұмыстар, облыстағы кардиологиялық көмектің 9 ай қорытындысы туралы және туберкулез көрсеткіштерін талдау нәтижесі мен нәресте өлім-жітімінің алдын алу жұмыстары сараланды. Сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық қызметінің талдау қорытындысы тыңдалды.– Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен осы салаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдарының алдында 2024 жылға бірқатар міндеттер қойылған болатын. Олардың ең бастысы – жұмыс көрсеткіштерін өткен жылмен салыстырғанда жақсарту және халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жыл қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын көтеру, бағытында жұмыстар атқарылды. Әлі де ширата түсу керек. Мәселелер жеткілікті. Әрбір медицина мекемесінің басшысы жұмысты жүйелі үйлестіріп, сапаны жақсартуы тиіс, – деді Бейсенбай Тәжібаев.Айта кету керек, 2024 жылы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік медициналық ұйымдары тіркелген және жалпы халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған жұмыстың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.Алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының және штаттан тыс бас мамандардың баяндамалары тыңдалды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев саладағы міндеттер туралы ой қозғады. Ана мен бала денсаулығын сақтау, жүрек-қан тамырлары, туберкулез және өзге де дерттердің алдын алу мәселелері талқыланып, тиісті ескертулер айтылды. Арыз-шағымдармен, өтініштермен жұмыс жүргізу мәселесі де сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді.Түркістан облысындағы БМСК емханаларына 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1,7 миллионға жетіп отыр. Аймақта 49 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін көтеру, арнайы құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880393
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы елімізде жалғасын тауып жатыр. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған жоба аясында тазалық шаралары ауданда тұрақты түрде өткізіліп келеді.Осы орайда, бүгін Төлеби ауданында кезекті жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік барысында аудан тұрғындары көше бойларын, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартты. Елді мекендерді көгалдандыру бағытында жол жиектеріне, саябақтарға күздік ағаш бұтақтары егілді.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, тұрғындар, БАҚ өкілдерімен бірге, «Төлеби баба» саябағының аумағына көшет отырғызды.Сенбіліктің қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор екендігін ескерген тұрғындар өз аумақтарында жаппай тазалық шарасына қатысып, ауданды көркейтуге үлестерін қосты. Ауданның көркі мен дамуы үшін маңызды болып саналатын аталған шарада 4000 түп ағаш көшеті егілді. Жалпы сенбілік жұмыстарына 5000-нан астам азамат атсалысып, жол жиегі мен арықтарды қоқыстан тазартылып, 70 техниканың көмегімен шығарылған күл-қоқыс полигонға жеткізілді.Сенбілік барысында аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған жаңа екі техника, аудандағы мекемелерге бекітілген арнайы техникалармен танысып, сала басшыларына қысқы маусымға дайындық барысын пысықтауды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880395
ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТА ӨСІРІЛГЕН АЛҒАШҚЫ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Бүгінде Арыс қаласында «Таза Қазақстан» шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, қала сәулетін бұзатын, иесіз қалған ескі ғимараттарды сүруден бастап, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, жасыл екпе егу, оны күтіп ұстау секілді ауқымды жұмыстар атқарылуда.Арыс-Шымкент тас жолы бойына қаладағы тұңғыш ашылған тұқымбақта өскен жас көшеттер отырғызыла бастады. Арыс топырағына бейімделген ағаштардың дәнінен өсірілген көшеттердің жерсінуі мен өсуі жылдам екені анықталған.Бұдан бөлек, егілген жасыл екпені шарбақпен қоршау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары мен басқа да коммуналдық сала қызметкелері атсалысуда. Ондағы мақсат – қалаға кіреберіс көше бойындағы жасыл белдеуді қорғау әрі қаланың сәулеттік келбетін жақсарту болып табылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880397
ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 200-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күнін» жас ағаш көшеттерін отырғызу шарасымен атап өтті.Іс-шараға Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен оған қарасты «109 бірыңғай байланыс орталығының» 120 қызметкері қатысып, 200-ге жуық көшет отырғызды.«Бұл бастама жүйелі түрде жалғасып, алдағы уақытта цифрландыру қызметкерлерінің аллеялары облысымыздың әрбір аймағында пайда болады», дейді басқарма басшысы Марат Айнабеков.Бұл игі іс облыс орталығының экологиясын жақсартып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыратыруға оң ықпал етпек.Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылдың 9 айында ақпарат және байланыс саласында көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 113,4%-ға артып, 7,4 миллиард теңгеге жетті. Ал салаға тартылған инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрады. Бұл – облысымызда цифрлық инфрақұрылым дамуының көрсеткіші.Келесі жылы Түркістан қаласында шетелдік IT компанияларымен бірлесіп Халықаралық технологиялық паркін, Корея университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Осы жобалар тарихы Түркістан өңірін Орталық Азияның заманауи инновациялық және технологиялық орталығына айналдыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880398
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫС ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ 16.11.2024
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Осындай сауапты істі жүзеге асыру, қаланы көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында «Жасыл Арыс» КММ-сі қалаға кіреберістен бастап, ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.Бүгінде игі іске әскери бөлім сарбаздары да атсалысуда. Атап айтқанда, қалада орналасқан №44859 әскери бөлім жауынгерлері сапқа тізіліп, жасыл желекті отырғызуға арналған 1500 шұңқыр жер дайындап, сауапты іске үлестерін қосты.Кезекті көшет отырғызу жұмыстары секторларда жалғасты. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген-ді. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қураған шөптер шабылып, ағаш көшеттері отырғызылды.Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек әр көшеден белсенді азаматтар шығып, үйлерінің іргелес аумағын қоқыстан тазартты.Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілік шаралары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880401
ТҮРКІСТАН: ҚАТАРЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯМЕН ТҮЙЕ БАҒЫТЫН ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан облысына инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты атқарылып жатыр. Ол үшін шет мемлекеттердің ірі компания иелерімен кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қатар елінен келген «Trust for Trading Co» компаниясының бас директоры Салех Джабер Аль Маримен кездесті. Жүздесуде тараптар сүтті бағыттағы түйелерді Түркістан өңіріне алып келу, өсіру жайын талқылады. Нақтырақ айтқанда, инвесторлар Қатар елінен түйелерді алып келіп, бағуды, түйелерді жергілікті шаруаларға сатуды көздеп отыр. Әрі қарай, жоспар бойынша, шарулар түйе сүтін Түркістан қаласында орналасқан «Golden Camel» зауытына өткізеді. Осы ретте, жергілікті шаруаларға жеңілдетілген несие қарастыру жайы да қозғалды.Қазіргі уақытта «Golden Camel» зауыты түйе сүтін 850 теңгеден қабылдап, одан құрғақ өнім жасап, өнімдерін Қытайға экспорттауда. Зауыт қабылданатын сүт көлемін арттыруды көздеп отырғандықтан, бұл – жақсы ұсыныс.Облыс әкімінің орынбасары өңір экономикасына оң әсерін тигізетін, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болатын әрбір бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жоба қолға алынған жағдайда толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер қарастырылатынын айтты. Алдағы уақытта бұл жоба жіті зерделеніп, қаралатын болады.Trust for Trading Co – Қатар мен Парсы шығанағы елдеріне мал мен етті экспорттаумен айналысатын Қатарда орналасқан компания. Бұл ірі халықаралық мал компанияларының бірінің еншілес кәсіпорны. Штаб-пәтері Австралия, Түркия, Бразилия, Уругвай, Румыния және Иорданиядағы көптеген фермаларға тиесілі. Сонымен қатар компания Парсы шығанағы елдеріне, Иорданияға, Түркияға, Индонезияға және Вьетнамға ірі қара мен салқындатылған ет жеткізуші болып табылады.Компания импорттық елдің талаптарына сәйкес мал, бұзау және қой тасымалдауға арналған тоғыз алып кемеге иелік етеді. Шамамен 90 000 бас қой мен 12 000 бас бұзауды тасымалдай алатын үш кемесі бар. Бұдан бөлек, әрқайсысы шамамен 30000 бас қой мен 4000 бас бұзауды тасымалдауға қабілетті алты кемесі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880403