Бизнес
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 300 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Сарыағашта аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен ауданды көркейту, көгалдандыру, мақсатында Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағына күзгі көшет егу жұмыстары жүргізілді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданымызда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Осы тұста, бүгін отырғызылған ағаштар, оған қоса, алдыңғы мезгілдегі егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, — деді аудан басшысы.Игі шара барысында Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 100 түп бозарша, 100 түп қарағаш, 100 түп сән ағаштары отырғызылды. Игі шараға аудан басшысымен бірге қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер атсалысты.Сенбілік жұмыстары аудан аумағында да жүргізілді. Шара барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойына тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 1200 адам қатысып, 3,6 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 18 техника жұмылдырылды.Айта кетейік, ауданда әр апта сайын сенбілік шарасы өткізіліп келеді. Аталған жұмыстар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880405
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 25 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ 16.11.2024
Сауранда “Таза Қазақстан” республикалық шарасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды.Биыл күзгі ағаш егу науқанында ауданның климатына сай келетін түрлі 25 мың түп ағаш егу жоспарлануда. Игі шараға Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Сауран ауданына 25 мың түп ағаш берілді. Оның 20 мың данасы қарағаш, 3 мың данасы шаған және 2 мың дана жеміс ағашы жерсіндірілмек.Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы аудан тұрғындары қатысты. 5 бірлік техника, 130-ға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында арықтар қазылып, белгіленген аумаққа арнайы тал егілді. Ауданда күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, жасыл-желекке айналдыру жоспарлануда.Айта кетейік, аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880412
Көлік министрлігінде ИКАО-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 16.11.2024
"Қазақстандағы ИКАО апталығы" аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ИКАО(EUR/NAT) Еуропа және Солтүстік Атлантикалық бюросының Аймақтық директоры Николас Ралломен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Авиация саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ИКАО-ның ресми іс-шараларын өткізуіне бағытталған бастамалары қаралды.Николас Ралло 2025 жылы Қазақстан Республикасында ИКАО тарапынан азаматтық авиация саласындағы гендерлік теңдік мәселелері және авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша екі өңірлік семинарды өткізуді ұсынды.Сонымен қатар, Николас Ралло биыл мамыр айында Қазақстан Республикасының ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашқанын ерекше атап өтті. Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.ИКАО EUR / Nat бюросының басшысы авиация инфрақұрылымын жақсарту және азаматтық авиация реформаларын енгізуде елдің елеулі жетістіктерін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880419
Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады 16.11.2024
21 қараша "Шалқыма концерт залында" Вальстың ғажап үні" атты концерт өтеді. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің орындауында Қазақ музыкалық классикасының жауһарлары орындалады.Дирижерлар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, Мәдениет саласының үздігі оркестр дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілхайыр Сағымбаев.Солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов.Басталуы 18: 30.Анықтама телефоны: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880336
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысындағы білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.Вице-премьердің назарына «Шаңырақ» бөбекжайында ата-аналарға балаларын дамыту және тәрбиелеуге көмектесетін SabiDamu платформасы ұсынылды. Оның негізгі міндеттері – ерте даму скринингі және өзін-өзі диагностикалау.«Біз жаңа платформа құрып жатырмыз. Бұл жоба балалары қандай да бір себептермен балабақшаларға бармайтын ата-аналарға арналған. Оларға баланы үйде қалай дамыту керектігі айтылады. Ата-аналар кез-келген проблеманы анықтау үшін тест тапсырады. Оларды түзетуге логопедтер, дефектологтар, психологтар көмектеседі», — деді «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова. Платформада қазақ және орыс тілдерінде баланы дамытуға арналған мультфильмдер, түрлі тапсырма бар. Мектепке дайындық процесі онлайн форматта автоматтандырылады. Жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен өткен кеңесте ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Оның басты қағидасы – ақша баламен қоса еріп жүреді. Бұл инновациялық жүйе қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балабақшалар арасындағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Пилоттық жобаға қатысушы – Тараз қаласындағы №9 балабақша меңгерушісі Жанар Оспанова жүйені енгізу тәжірибесі туралы баяндады.«Ваучерлік әдісті енгізу мектепке дейінгі ұйымның қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Керісінше, балабақшаға тағы 100-ден астам бала келді. Бұл әдіс бойынша ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды. Осылайша, мекемелер арасындағы бәсекелестік пен жағдайды жақсартуға деген ынта арта түседі», – деп атап өтті Жанар Оспанова.Кеңесте Тамара Дүйсенова білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесін көтеріп, балалар мектепке өткенде стреске ұшырамай, оқу үдерісіне тез бейімделуі үшін мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажеттігін атап өтті. Маңызды рөл атқаратын дүние — баланың жеке даму картасы, оны ерте жастан бастап жүргізіп, кейін бастауыш мектепке тапсыру қажет.Мектеп директорларымен өткен жиында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан халқына» қоры мен білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан тірек мектептер жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Қарағанды облысында 10 мектеп қамтылып, тағы бір білім мекемесін қосу жоспарлануда. Жобаның мақсаты – ауыл балаларына қаладағыдай білім алуға мүмкіндік жасау.Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Бесаспап» бизнес-инкубаторы пилоттық жобасы таныстырылды. Студенттер өндірістік оқыту шеберлерімен бірге халыққа қызметтің төрт түрін: сантехника, ағаш ұстасы, жиһаз жасау және электр қызметтерін көрсетеді. Ілкімді бастама «Жас маман» жобасын коммерциаландыруға ықпал етеді. Колледжде инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін қолөнер орталығы құрылып, олар мұнда шеберліктерін шыңдай алады. Вице-премьер бұл бағыттағы жұмысты оң бағалады. Колледж директорларының қатысуымен өткен кеңесте еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беруді түрлендіру қажеттігі талқыланды. Тамара Дүйсенова облыста дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқанын да тексерді. Аталған жүйе дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, бұл контрафактілі өнімдер мен жеткізу тізбегіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.Вице-премьер Қарағанды фармацевтикалық кешенін аралап көрді. Бүгінгі күні мұнда 16 атаулы дәрілік зат өндіріледі. Кәсіпорын республикадағы пилоттық жобаға қатысқан. Дәрілердің таңбалануы мұнда екі жыл бойы тәжірибеден өтті. Заңды өндірушілер үшін бұл үлкен артықшылық, деп атап өтті «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон.Тамара Дүйсенова сондай-ақ ірі дәріхана қоймаларын аралап, емхана дәріханадағы жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрді.«Мемлекет басшысы білім беру мен медициналық көмек сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қарағанды облысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жемісті. Біз тағы қай бағыттарда жұмыс істеу керектігін талқыладық. Денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту — маңызды бағыттардың бірі. Бұл тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша дамитын болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880281
Көкшетауда реновация бағдарламасы басталды 16.11.2024
Облыс орталығында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы басталды. Реновацияның алғашқы учаскесі ретінде көп ескі үйлер шоғырланған Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелері арасындағы шаршы аумақ таңдалды. Жыл ішінде бұзылып жатқан алты 8 пәтерлі үйдің орнына заманауи тұрғын үй кешені салынады.«Реновация жаңа әлеуметтік нысандарды, абаттандырылған аумақтарды, жасыл аулаларды, жаңа қалалық ортаны құруға мүмкіндік береді, яғни жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және оларға инженерлік желілер салу арқылы облыс орталығының архитектуралық келбеті өзгеріп, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Бұл учаскеде 75 ескі үйді сүру және жаңа тұрғын үй кешендерін салып, қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда. Бастапқы кезеңде 234 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Жұмыстарды аяқтау келесі жылдың күзіне жоспарланған. Бұл үйлерде әлеуметтік осал топтарға арналған пәтерлер де сатып алынатын болады.Реновация бағдарламасын тиімді іске асыру үшін «СПК Көкше» жанынан басқарушы ұйым құрылды. Мердігерлік ұйымдар конкурстық негізде анықталады.Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышевтың айтуынша, тұрғын үй қорын құруға облыстық бюджеттен 700 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 6 үйдегі 48 пәтер сатып алынып, тұрғындар өз таңдауы бойынша ақшалай қаражат немесе сәйкес алаңда пәтер алды.Айта кету керек, бұл тұрғын үй қоры келешекте реновацияға түсетін басқа учаскелердегі тұрғындарды көшіру үшін қайта инвестицияланады.Жалпы қала бойынша ескі үйлер орналасқан 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Барлығы шамамен 800 жеке және көпқабатты үйлер сүріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/880267
Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысының әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті.Облыс әкімі қала әкімдігіне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға күш салу қажет екенін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр. Бүгінгі таңда қала әкімі үшін басты міндет – жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.Өңір басшысы қаладағы электрмен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.«Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан Сізден тек жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы олардың барлығының тиімді болуы талап етіледі», – деді облыс әкімі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов Әнуар Күмпекеевке қала тұрғындарының игілігі үшін барлық тапсырмаларды табысты жүзеге асыруды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/880242
Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді баспанамен қамтамасыз етуге қатысқан мамандарды марапаттады 16.11.2024
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде су тасқынынан зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру үдерісіне елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Министр Қанат Шарлапаев құттықтау сөз сөйлеп, марапат алушыларға белсенділік пен адал еңбектері үшін ерекше алғысын білдірді.Қызметі мен еңбегі үшін III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі «Eurasian Resources Group» бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев және алғыс хаттармен марапатталғандар қатарында: ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының басшысы Үкібай Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулет бюросы» КММ директоры Бауыржан Сұлтанбек, Астана қ. «Қала шаруашылығын бақылау және сапасын бақылау басқармасы» ММ «Нұра» ауданы бойынша инспекция бөлімінің бас маманы Алмас Ермағамбетов, сондай-ақ ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қызметкерлері Данияр Балтин, Абылайхан Мұхамбеди, Марат Жарбұлов және Амантай Телхожа. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/880166
ТЕХНИКАЛАР ДАЙЫНДЫҒЫ БАҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі мамандандырылған арнайы техникалардың қыс мезгіліне дайындығын, жабдықталу сапасын бақылады. Тексеру жұмысы облыста аяқ асты орын алатын төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында облыс әкімі бейне байланыс арқылы қала-аудандардың да дайындығын қадағалап, сақтық шараларына қатысты бірқатар нұсқау берді. Қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларға көмекке келу мақсатында Ұлытау облысында 215 арнайы техника дайындалған. Оның ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау, медициналық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, жолдар мен көпірлерге қызмет көрсететін қар тазалау, эвакуация жасау, алғашқы көмекке арналған арнайы көліктер бар. Ұлытау облысының әкімі қыс мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметті уақытылы дайындау мен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша маршруттарды қосымша оңтайландыру және жедел әрекет ету үшін бөлімшелерді даярлауды күшейту туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/880146
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 16.11.2024
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды.Аталған басқосуға комиссия мүшелері, аудан, қала комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі-бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл қатысты.– Биылғы 10 айды қорытып, комиссия отырысын өткізіп отырмыз. Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылықтары деректері төмендеген. Дегенмен оларға қатысты жасалған қылмыстар тіркелуде. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіз болуы мемлекеттің назарында. Арнайы Заң да бар. Кейбір аудандар бұл мәселеге бей-жай қарап, бас ауыртпай отыр. Өңірімізде белсенді жастар баршылық. «Жастар орталығының» мамандарын да комиссия құрамына қосып, бірлескен іс-шара жоспарын құрыңыздар. Барлық ықпал ету тетіктерін қайта қарауларыңыз қажет. Түркістан мен Сарыағаш, сонымен қатар Жетісай ауданында психологиялық топ құрып, жұмысты күшейтіңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Жиын барысында облыстық полиция департаментінің ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Ермек Өсербаев баяндама жасады. Ол кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оларға қарсы орын алған қылмыстарды алдын алу бойынша есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды атап көрсетті. Балалар түнгі уақытта ата-ананың бақылауынсыз, заңды өкілдерінсіз жүрсе шара көріледі. 22:00-ден кейін балаларды қабылдаған мекеме мен кәсіпкерлік нысандарының иелеріне де айыппұл салынған. Сонымен қатар тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар жөнінде Сайрам, Сарыағаш, Жетісай ауданының полиция және білім бөлімдерінің басшылары қосымша хабарлама жасады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау және ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары туралы баяндады. Баланы қорғау тек білім беру ұйымдары немесе денсаулық сақтау мекемелері ғана емес, үйдегі ата-ана мен заңды өкілінің негізгі міндеті болуы тиіс.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова есепті мерзімдегі көрсеткіштермен бөлісті. Содан соң Ордабасы, Төлеби аудандарының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінідегі комиссия төрағалары пікірлерін ортаға салды.Жиында мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.Бейсенбай Дәулетұлы мәжілісте айтылған мәселелер бойынша құзырлы органдарға тиісті жұмыстарды жандандыруды тапсырып, қатаң бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880126
ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» МКК ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚЫСҚЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН 16.11.2024
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, 434 шақырымы – таулы аймақтарда қар басып қалу қаупі жоғары аймақтар.«Оңтүстік жолдары» МКК облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға толықтай дайын. Кәсіпорын тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 118 арнайы техника, 258 жұмысшы жұмылдырылған. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 4 187,61 м3 құм және 393 тонна тұз әзірленді. Ауа-райының қолайсыз мезгілінде облыстық жолдарда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекетттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар осы жылдың қараша айынан бастап «Оңтүстік жолдары» МКК мамандары тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.Көлік магистральдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарына шұғыл әрекет ету бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Облыстық әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облысы филиалы арасында іс-әрекет ету жоспары бекітілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880132
Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
2024 жылғы 11 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер.Кездесу сағат 11:00-де «Достық Үйі» ғимаратында өтеді (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 24).Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 707 808 60 70 – Даулет СамбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880136
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Вице-премьердің жұмыс сапары Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылынан басталды. Мұнда қазір «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Бұрынғы ғимарат өртеніп, дәрігерлер қазір науқастарды бейімделген орында қабылдауда. Медициналық мекемеге Самарқандтың 1,3 мың тұрғыны және жақын маңдағы төрт ауыл тіркелген.«Бізге жаңа ғимарат салып беріп жатқандарына барлық тұрғын қуанышты. Мұнда процедуралық кабинет, зертхана жұмыс істейді. Физиотерапиялық ем мен иммунопрофилактика жүргізіледі. Бізде дәріхана қоймасы да болады. Яғни азаматтар өздеріне тиесілі тегін дәрі алу үшін енді қалаға немесе ауданға сабылмайды», — деді медбике Әсем Жаудина.Медициналық мекеме 1300 адамға қызмет көрсетеді: Самарқанд ауылы мен жақын маңдағы тағы 4 ауылдың тұрғындары енді осы мекемеге келе алады.Жалпы Қарағанды облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 92 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 нысан 2023 жылы пайдалануға берілді. Ал осы жылдың соңына дейін тағы 27 нысан ашылады. Қалғандары келесі жылы бітуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.Сондай-ақ Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында оның тиімділігін жоғары бағалаған болатын. Бағдарлама ауыл тұрғындарының кірісін арттыруға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған.Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына Петровка ауылында мал өсіретін кәсіпкер Темірлан Қанатов та қосылды. Жас кәсіпкер ауылда өз ісін дамытуды көздейді. Жеңілдетілген несие рәсімдеп, 11 сауын сиырды сатып алған. Сауылған сүтті жергілікті кәсіпорындардың біріне өңдеуге өткізіп отыр.«Ауыл тұрғындары үшін осындай бағдарлама болғаны тиімді. Бізде өз ісімізді ашуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – өнімді өткізу жолының жүйесін қалыптастырды. Бізде бәрі жақсы, ешқандай проблема жоқ. Барлық сүтті өткізіп отырмыз. Ал түскен қаражатқа малға жем-шөп сатып алдым, электр қуаты үшін төледім, малды қыстатуға орын дайындадым. Болашақта кәсібімді дамытып, сүт өңдеу мен сүт өнімдерін өндіру цехын ашқым келеді», — дейді Темірлан Қанатов.Ботақара кентінің тұрғыны Андрей Степаненко Кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай кешенді бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған. Көлік жөндеу орталығы үшін қажетті құрал жабдық сатып алыпты. Бұрын жұмыссыз болған және екінші топтағы мүгедектігі бар. Қазір ол тек өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, екі ауылдасына табыс көзін тауып берді. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.Премьер-министрдің орынбасары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Оған облыстың аудан және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бағдарламаның республикалық мониторингінің нәтижесі баяндалып, басқа облыстарда жүзеге асырылған үздік жобалар үлгі ретінде таныстырылды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаның ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие екеніне тоқталды. Былтыр 456 шағын несие берілген. Оның көпшілігі жеке қосалқы шаруашылық иелеріне арналған. 639 жұмыс орны ашылып, 62 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Кеңес барысында екі ірі кәсіпорын – Kazakhmys және Qarmet компанияларымен меморандумға қол қойылды. Олар қызметкерлерін тамақтандыру үшін жергілікті өнімді сатып алмақ.«Президенттің тапсырмасымен біз “Ауыл аманаты” жобасының аймақтарда қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргіздік. Қарағанды облысында берілген несиенің арқасында өз кәсіптерін ашқан жандармен кездестік. Өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырған олар осындай мүмкіндік үшін ризашылық білдіруде. Негізгі міндеттердің бірі – өнімді сатуды ұйымдастыру. Осы мақсатта бүгін меморандумдарға қол қойылды. Бұл екі компанияда 63 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал жұмысшыларды тамақтандыруға жұмсалатын шығын 10 млрд теңгеден асады. Меморандум нақты нәтиже беруі керек. Бұл ірі кәсіпорындарға өңірдің экономикасына үлес қосуға мол мүмкіндік. Ал ауыл тұрғындары өзінің стандарттарға сай келетін өнімдерін сата алады», — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.Ол ауыл әкімдерінің міндеті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты әр тұрғынға жеткізу екенін атап өтті. Вице-премьер сондай-ақ спортты дамыту мәселелері бойынша Қарағанды облысындағы спорт ұйымдары мен балалар-жасөспірімдер мектептерінің басшыларымен кеңес өткізді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жоспарланған өзгерістер туралы баяндады. Спорттық қауымдастық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерін қаржыландыруға арналған жан басына шаққандағы нормативті енгізу туралы өз ұсыныстарын білдірді. Келесі жылдан бастап бұл норма пилоттық жоба ретінде, оның ішінде Теміртау қаласында да сынақтан өткізіледі. Тамара Дүйсенова айтылған пікірлер мен ұсыныстарды арнайы құрылған жұмыс тобы мұқият қарайтынын атап өтті. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879974
Қарағандылықтар үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
Қарағандылықтарды 9, 16, 23 және 30 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкесіне шақырады.Сауданың басталуы сағат 09:00-де.Жәрмеңкелер үш орында өтеді: - Оңтүстік-Шығыста – фермерлік орталық Global City, 134-ші есептік квартал, ғимарат 921; - Майқұдықта – ТД «Умай», Карл Маркс көшесі, 9; - Пришахтинскте – Мәдениет үйі «Жастар», Металлистов көшесі, ғимарат 24/2.Сатып алушыларға ауылшаруашылық, ет-сүт өнімдері және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879929
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Жапонияда жер сілкінісіне төзімді құрылыс салудың озық технологияларын игеруде 16.11.2024
«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ғимараттары мен құрылыстағы сейсмикалық төзімділік секторының жетекші инженері Ғани Темірәліұлы Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) ұйымдастырған оқу бағдарламасына қатысуда. «Маңыздылығы жоғары ғимараттар үшін сейсмикалық апаттар қаупін азайту жөніндегі шараларды күшейту үшін бірлескен шешімдер жасау» бағдарламасы Жапонияда 2024 жылғы 20 қазан мен 14 желтоқсан аралығында өтеді.Бағдарлама аясында қатысушылар басқа мемлекеттерден келген әріптестермен және сарапшылармен танысып, сондай-ақ жер сілкінісіне төзімділіктің негізгі мәселелерін талқылайды. Семинардың ашылуында ғимараттардың негіздерін есептеу мен талдаудың заманауи технологияларын игеруге бағытталған алдағы оқытудың негізгі міндеттері айтылды. Оқыту Ғани Темірәліұлы мен оның әріптестеріне өз білімдерін тереңдетуге және құрылыс нысандарының қауіпсіздігін арттыру үшін озық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) тұрақты дамуды қолдауда жетекші рөл атқарады және апат қаупін азайтуды қоса алғанда, әртүрлі салаларда техникалық көмек пен білім береді. Бұл тәжірибе сейсмикалық белсенді аудандарда маңызды ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздік деңгейін арттыруды талап ететін Қазақстан үшін ерекше маңызды.Айта кетейік, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Күншығыс елімен 20 жылдан астам уақыт бойы сейсмикалық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасып келеді. Осы жылдар ішінде ынтымақтастық бағдарламасы аясында институт қызметкерлері Жапонияның сейсмологиялық орталықтарында тағылымдамадан өтуді жалғастыруда, бұл жер сілкінісіне төзімділік саласындағы білім мен практиканы айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879960
ТҮРКІСТАН: 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ 16.11.2024
Түркістан өңірінің мектеп директорлары «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы бойынша оқыту курсына қатысуда. Білім басқармасы және «Педагогикалық шеберлік орталығы», облыстық «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен жалпы 767 орта білім беру ұйымы басшысын біліктілікті арттыру курсынан өткізу жоспарланған. Дәрістерді Алматыдан арнайы келген «Педагогика шеберлік орталығының» тренері Берік Асубаев өткізді.Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев біліктілікті арттыру курсының жүргізілу барысымен танысты. Кездесуде тренер-оқытушы және мектеп директорларымен пікірлесіп, тың жаңалықтарды бөлісті.— Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға өзі бас-көз болып, игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы тәрбие бағытын ілгерілетумен қатар жаңа көшбасшыларды анықтаймыз. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен республикада алғаш рет біздің облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ үздік сала қызметкерлерін басшылық қызметке конкурссыз тағайындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 150 адамнан тұратын кадрлық резерв жасақталуда. 2025 жылы да жалғасын тауып, арнайы лидерлердің кадрлық жасағын қалыптастырамыз. Мемлекет тарапынан білім саласына, оның ішінде ұстаздар қауымына жасалынып жатқан қамқорлық ерекше. Жан-жақты қолдаулар тоқтамайды. Адал еңбегіміз арқылы күш біріктіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайық! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.21 қазанда басталған «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы аясындағы курс сәтті аяқталды. Оқыту 3 лекке бөлінді. Қатысушыларға сертификат беріліп, әрі қарай сүйемелдеу жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуіне мұндай ауқымды іс-шаралар тұрақты өткізілмек.Айта кетейік, бұған дейін түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Жайлы мектеп» пен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879902
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
Түркістан облысында 25 мың агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады. 2024 жылы 106,4 мың гектарға мақта дақылы егіліп, жалпы егістіктің 12 пайызын құрады.Күзгі жиын-терім барысында туындаған мәселелерді дер кезінде шешу және тауар өндірушілер арасында ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс тобын жасақтап, жағдайды тұрақты бақылауына алды.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай және Мақтаарал ауданының шаруаларымен кездесіп, алқалы мәжіліс өткізді.Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мемлекеттік қолдау аясында қаржылардың басым бөлігі мақта шаруашылығын дамытуға бағытталғанын айта келе, бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыс есебін ұсынды.Мақта зауыттарының өкілдері мен шаруалар күрмеулі мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Мақта қабылдау бекеттерінің жұмысын жүйелеу, мақтаны сұрыптай отырып бағалау, су үнемдеу технологиясын ендіруге қатысты сұрақтарға жауап бере отырып Нұрбол Тұрашбеков:– Мақтаның бағасы түспеу үшін өздеріңізбен бірге оның сапасын арттыруға күш салуымыз керек. Ұсыныстарыңыз орынды, егілетін мақта тұқымына көңіл бөлу керек. Бұл бағыттағы әкімдік тарапынан қолға алынған бастамалар ең алдымен шаруашылықтардың мүддесін көздейтінін атап өткім келеді, – деді ол.Қазіргі таңда әкімдік тарапынан мақта өңдеуші зауыт басшыларының және қоғамдық ұйымдардың келісімдерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйым белсенділерін қатыстыра отырып арнайы мобильді жұмыс тобы құрылды. Мобильді топ арқылы қыркүйек айында бақылау жүргізіліп, мақта өңдеу зауыттарының мақта қабылдау бекеттеріндегі зертханалар мен таразылар толық сертификаттаудан өткізілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879904
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай ауданына жасаған іссапары барысында «Киікбай Строй Сервис» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылысымен танысты.Негізгі табысы мен күн көріс көзі агросектормен тікелей байланысты ауданда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Бұл аудан аумағында орналасқан 380 дана тік дренажды ұңғымаларының 210 данасының істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты.Аудандағы жалпы аумағы 16 010 гектар аумақта орналасқан 97 дана дренажды, нақтырағы, Мақталы ауылдық округіндегі 7932 гектар алқапты қамтитын 47 дана, Қызылқұм ауылдық округіндегі 5766 гектар алқапты қамтитын 41 дана және Абай ауылдық округінің 2312 гектар алқабын қамтитын 9 дана дренаждың құрылысын жүргізуі тиіс «Киікбай Строй Сервис» ЖШС мекемесі бүгінде 46 дана жаңа тік дренажды ұңғымаларды бұрғылаған.Ал суармалы жердің 35 921 гектарының 19 911 гектарына 113 дана дренаж орнатуды жоспарлап отырған «Арт-Құрылыс» ЖШС мекемесі Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округтерінен 95 дана ұңғыманы бұрғылаған.Нұрбол Әбдісаттарұлы сала мамандарымен жүздесу барысында мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асып жатқан жобалардың сапасы мен өндірістік кестеге сай жүргізілуін тапсырды.Өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Бүгінде 210 тік дренажды ұңғыманың 141-і қалпына келтірілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879906
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 16.11.2024
Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880 мен 3155 метр аралығын құрап, жалпы ұзындығы 33,4 шақырым болмақ. Кешен толық іске қосылған жағдайда жылына 120 000-ға жуық демалушы қабылданып, 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындардың саны 194-ке жеткен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңгені құрайтын төрт туристік нысан ашылған. Бүгінде туризм саласын дамытып, инвестиция тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтарының даму жоспары әзірленуде. Айта кетейік, ауданда 2024–2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 78,1 млрд теңге болатын ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879909
Қарағанды облысында ұлттық өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Қарағандыда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль өтті. Қазақтың әні мен биі, домбырсы мен қобызы дәріптелді. Бұл фестиваль қазақ ұлттық өнерін меңгерген этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында ұйымдастырылды.Байқау үш аталым бойынша өтті: "Вокал" (Қазақ тіліндегі әндер), "би" (Қазақ ұлттық биі), "Ұлттық аспаптарда шығарма орындау" (қазақ халық музыкалық аспаптары). Шараға облысқа қарасты қала аудандардан келген өкілдер қатысты.Фестиваль жеңімпаздары:- Юнус Магомадов-Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі " ҚБ;- "Киппым" би ансамблі – "Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі"ҚБ;- Карина Түсіпбекова – Бұқар Жырау ауданы Новоузенка кентінің Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы.Барлық қатысушылар дипломдармен, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Фестивальді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879738