Enbekshi QazaQ

Бизнес

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРИЛА АСАНҚЫЗЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ 16.11.2024
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Түркістандық ару Нұрила Асанқызы жеңімпаз атанды. Жаһандық додада чемпион атанған батыр қыз туған жерге оралды.Әйелдер арасында алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан +80 келіде күш сынасқан түркістандық Нұрила Асанқызы топ жарды. Сондай-ақ 80 келіде бақ сынаған Ұлбосын Абилова қола жүлдені қанағат етті. Ғаламат нәтиже көрсеткен жерлестерімізді Түркістан теміржол вокзалынан спорт саласының мамандары және туған-туыстары үлкен құрметпен қарсы алды.Айта кетейік, Нұрила финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен қиян-кескі шайқас өткізіп, 7:4 есебімен басым түсті. Нағыз намысты қолдан бермеген Нұрила мұрны сынып, ауыр жарақат алса да берілмей, аяғынан дейін тайталасып, жеңіске қол жеткізді. Жүлде салған спортшылар – Түркістан облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881768
Микро-, шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау 16.11.2024
«Даму» Қоры ісін жаңа бастаған және бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда:екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен қаржыландырадынесиенің пайызын азайтып, субсидиялайдыкепілмүлік жетпеген жағдайда банк алдында кепілдік бередіарнайы платформада қашықтан оқыту арқылы кәсіпкерлердің білімін ұштайдыМемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бұл аталған қолдау түрлерін пайдалану шарттарын білу үшін «Даму» Қорының өз өңіріңіздегі филиалына келу керек. Қордың филиалдары барлық облыста, ірі қалаларда бар. Клиенттермен жұмыс істейтін арнайы менеджер кәсіпкерлерге Қор қызметі, бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, мемлекеттік қолдау түрлері жайлы түсіндіруге дайын.Өз өңіріңіздегі филиалдың мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Егер барар жеріңіз тым қашық болып көрінсе 1408 қысқа нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып та мағлұмат алуға мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, damu.kz сайтымызда Қор жайлы, Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар бар, шарттары толық жазылған. Оқып, өз бетінше танысуға да болады. Немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881562
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ 16.11.2024
Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар жол жөндеуден өтпек. Нақтырақ айтқанда, жобалаушы мекеме «Жетісу жол» ЖШС тарапынан КХ-76 «Атакент – Береке – М-39» автомобиль жолының 0-17,4 шақырымын күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.Нысанның жөндеу жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес, жол бойындағы елді мекендер ішіне жарықтандыру шамдары, аялдамалар орнатылып, аяқжолдар салынбақ.Айта кетейік, биыл аудандық маңызы бар жолдар бойынша 19 нысан немесе 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881567
Қарағандыда жас офицерлер балы өтті 16.11.2024
Қарағанды облысында жас офицерлердің дәстүрлі балы өтті. Бір уақытта 78 жұп вальс пен полонез биледі.Ұйымдастырушылар облыстық жастар ресурстық орталығы. Мұнда сымбатты мырзалар мен жарасымды киімдегі талғампаз ханымдар дәуірі көрсетілді.Биыл балға құқық қорғау органдарының офицерлері, Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық мектебінің курсанттары, Б. С. Бейсенов атындағы Қарағанды ҚР ІІМ академиясының студенттері, сондай-ақ «Жас сарбаз» кадеттері қатысты. Сайыс бірнеше аталым бойынша өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, ақшалай сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды.Бас жүлдеге Осакаров ауданының аға прокуроры Әнуар Салкеев пен Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан ауданы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Айша Қуаныш ие болды. Аталған шараға қатысуға бірінші Айша ұсыныс білдірген. Әнуар жұбайын қолдаған. Себебі балалық шағында спорттық бал биіне жаны жақын болған екен.– Біз дайындыққа күш салдық: полонез бен вальсті билеуді үйрендік. Ұйымдастырушылар мен басшылық біздің дайындығымызға қолдау көрсетті. Бұл балда жүзден жүйрік шығу біз үшін нағыз тосын сый болды, – дейді Әнуар Сәлкеев.Вальс билеудегі шеберлікті сарапқа салу сайысынан бөлек, көрермендерге концерттік бағдарлама да ұсынылды. Залда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінен музыкалық шығармалар шырқалды. Ал «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі би нөмірлерін орындады.Қарағанды ҚР ІІМ академиясының барабаншылар тобы мен құрметті қарауылы әсерлі қойылым ұсынды.Кештің қорытындысында қазақстандық әнші Алтынбек Тәшімбетов өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881462
Өнеркәсіп кәсіпорындарының 1 млрд 154 млн теңгеге шығындары өтелді 16.11.2024
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша (қаңтар-қазан) отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына QazIndustry арқылы 1 млрд 154 млн теңгеге шығындарының бір бөлігі өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.Қаражаттың басым бөлігі - 1 млрд 134 млн теңге кәсіпорындардың технологиялық процестерін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жақсарту, цифрлық технологияларды енгізу және қызметкерлердің құзыретін арттыруды, технологиялық жабдықтарды сатып алу бағыттарын көздейтін еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарын өтеуге бағытталған.Бұл бағыт бойынша өтінімдер көбінесе Алматы және Маңғыстау облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалаларының кәсіпорындарынан, ал салалық бөліністе - АӨК, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен. Сондай-ақ, өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бағыты бойынша (тауарлардың сәйкестігін растау, өнімді бағалау, инспекциялық аудит және бақылау жүргізу, сертификаттарды тіркеу және т.б.) өтелген қаржы сомасы 20,1 млн теңгені құрады.2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша QazIndustry мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында телефон арқылы кеңес берумен қатар, жалпы саны 53 іс-шара өткізген. Оның ішінде семинарлар, ашық есік күндері, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, QazIndustry өкілдері өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Есепті кезеңде 93 кәсіпорынға барып, ынталандыру шаралы туралы ақпаратты жеткізген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881551
АППАРАТ КЕҢЕСІ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Жиында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары және халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы сұрақтар қаралды. Бірінші сұрақ бойынша сөз Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдай департаменті бастығының м.а. Шыңғыс Самиев баяндады. Өңір басшысы өз кезегінде облыс аумағында қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолда бар барлық мүмкіншілікті пайдаланып, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газды анықтаушы датчиктер орнатудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізуді тапсырды. Күн тәртібінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуде шалғай жатқан ауылдарға назарды күшейту мәселесі де айтылды. Бұл ретте өңір басшысы Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасына әсіресе қыс мезгілінде бақылауды күшейту міндетін жүктеді. Сонымен қатар, облыс әкімі білім беру мекемелерінде дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзуға жол бермеу қажеттігін қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/881352
ТҮРКІСТАН: 109 ОРТАЛЫҒЫНА БИЫЛ 80 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН 16.11.2024
Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыруды, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардан түсетін өтініштерді қабылдауда.Жыл басынан бері 113 826 қоңырау келіп түссе, оның 81 916-на дер кезінде жауап берілген. Соның ішінде 31 837 арыз-шағым қабылданған. Бүгінде 230 өтінім жұмыс барысында тұр. Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.Айта кетейік, операторлар орташа есеппен күніне 150-200 қоңырауға дейін қабылдайды. Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша, оның ішінде жарық, ауыз су, газ, жол мәселелеріне байланысты түседі. Сондай-ақ референдум және сайлау бойынша ақпарат берілген.Байланыс орталық өтінішті жан-жақты қабылдайды. Атап айтқанда, 109 қысқа нөмірі, «Aikey» мобильді қосымшасы, turkestanobl.109@gmail.com электронды поштасы, WhatsApp желісі, телеграмда арнайы чат боты, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен өтінімдер қаралып, жауаптары арыз иесіне жолданады.Айта кетейік, тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында облыс аумағындағы бильбордтарға 200-ге жуық баннер орнатылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881334
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облыстық аумақтық инспекция тарапынан атқарылған жұмыс есебіне сәйкес, 2024 жылы 271,6 мың гектарды өңдеу жоспарланып, нақты 389,6 мың гектар дәріленген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жоспары жан-жақты талқыланды.Облыс аумағында жүргізілген күзгі зерттеудің нәтижесінде 2025 жылға 9 ауданда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов фи­то­са­ни­­тарлық өңдеу жүр­гіз­у­ді ұйымдастыру және ауыл шаруа­шылығы егістік­терін за­қым­дауына жол бермеу бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар тізбесін ұсынды.Облыс әкімінің орынбасары дәрілеуді мерзімінен кешіктірмей бастау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдету мәселесіне тоқталды.- Химиялық дәрілер ғылыми негізделіп бекітілуі тиіс. Препараттардың сапасына, жарамдылық мерзіміне баса мән беруді тапсырамын. Мемлекеттік сатып алуға ұсынылатын техникалық талаптар ықтимал тәуекелдердің алдын алуын қамтамасыз етуі тиіс, - деді Нұрбол Тұрашбеков.Мәжіліс қорытындысымен Болжам орталығының зиянкестер ошағы бойынша белгілеген көрсеткіштерді аудан, қала әкімдіктермен қайта зерделеу бойынша тапсырма жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881337
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МАҢЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕ ЖАҢА ЗАУЫТТАР АШЫЛАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысы әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» жобасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 10 ғимарат пайдалануға берілген.Жалпы Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды және оның құрылысы аяқталғанда жаңа зауыттар салынады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған аумаққа барып, құрылыс жұмыстарын қадағалады. Мердігер мен жауапты басқарма басшысына және «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасына тиісті тапсырмалар берді.– Өндірістік парктегі ғимараттар уақтылы тапсырылсын. Алдымен тұрмыстық техника, электроника өнімдерін шығаратын зауыттардың ғимараттарын жедел аяқтап, жобаларды бастау керек. Өндірістік парктегі әрбір ғимаратқа жаңа жобалар іздеп, келісімшарт жасай берген жөн. Ізденіңіздер, инвесторлармен жүйелі жұмысты жалғастырыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.Жалпы өндірістік парк 100 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 151 ғимарат салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Аталған жоба 3 кезеңмен жүзеге асырылады.Бірінші кезеңде 30 гектар жерде инвестиция көлемі 154,8 млрд. теңгені құрайтын 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 24,7 мың шаршы метрі қолданысқа берілді. Сонымен қатар 8 жоба іске асырылып, 36,5 млрд. теңге инвестиция тартылған және 712 жаңа жұмыс орны құрылуда.Қазіргі уақытта Өндірістік паркте «BNK Group» ЖШС-нің (инвестиция құны 14,1 млрд. теңге, 140 жаңа жұмыс орын) су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорны, «Aqniet Holding» ЖШС (инвестиция құны 5,9 млрд. теңге, 75 жаңа жұмыс орын) мектепке арналған жиһаздарды өндіретін кәсіпорны, Украиналық «UBC Group» компаниясы (инвестиция құны 10 млрд. теңге, 160 жаңа жұмыс орын) өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін және өзге де кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.2024 жылдың соңына дейін 13 ғимаратты және 2025 жылдың бірінші тоқсанында 16 ғимаратты іске қосу жоспарланған.Екінші кезеңде 2025-2026 жылдары 70 га аумақта 112 ғимарат соғу межеленген.Үшінші кезеңде, яғни, 2025 жылы 14 ғимаратты іске қосу жоспарланған (инвестиция құны 35,1 млрд. теңге). Кәсіпкерлерге инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындары ұсынылып, осы арқылы жұмыс орындарын көбейту көзделіп отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881339
ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖАМБЫ АТУДАН 10 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ 16.11.2024
Жамбыл облысы, Меркі ауданында жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ат үстіндегі садақ ату өнерін жан-жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз шеберлер жеңіс тұғырынан көрінді.Түркістан облысы ұлттық спорт түрлері мектебінің спортшылары бұл додада 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ командалық жарыста «Массай» стилінен 1-орынды иеленді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881342
Қарағанды облысының мектептерінде буллингке қарсы білім беріледі? 16.11.2024
Балаларды қорлау мен кибербуллингтен қорғау мақсатында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында педагог-координаторлар жұмыс істей бастады. Аймақтағы тоғыз мектеп республикалық «KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» пилоттық жобасына қатысуда. Мұнда балаларға эмоцияны дұрыс білдіруді үйретеді. «ДосбоLike» акциясына бес мектеп қатысқан. Бұл оқу орындарында әлеуметтік-эмоционалдық жағдайды жақсартуға бағытталған. Буллингтің алдын алу бойынша мектептерде жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова жастар кеңесінің отырысында айтып берді. – Өткен жылдан бастап облыста бірнеше жаңа жоба іске асырылуда. Мысалы, педагогикалық көңіл бөлуді қажет ететін оқушыларды ерте анықтау мақсатында, буллинг пен зорлық-зомбылық белгілерін ерте тану үшін әлеуметтік-психологиялық бақылау картасы әзірленді. Бұл құралды психологтар мен әлеуметтік педагогтар сабақ барысында пайдаланады. Сынып жетекшілерінің жоспарында «Психолог сағаты» енгізілген, – деп атап өтті Гүлбақыт Жүнісова.Биыл полиция департаментімен бірлесіп, бес мектепте «Жас Сақшы» пилоттық сыныптары ашылды. Бұл жобаға Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран қалалары мен Нұра ауданы қатысты.Облыстың 316 мектебінде психолого-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған HR+ жүйесі енгізілді. Ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау көрсету орталықтары да ашылды.Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің проректорлары мен Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағының өкілдері жоғары оқу орындарында буллингтің алдын алу шаралары туралы айтты. – Бұл мәселе тек мектептер үшін ғана емес, жоғары оқу орындары үшін де өзекті. Буллингті жою ғана емес, оның алдын алу шараларын қабылдау да маңызды, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Кеңесте Приозерск қаласы мен Нұра ауданының әкімі Жастар ресурстық орталықтарының дамуы туралы баяндады. Бұл орталықтарда жастардың жұмысқа орналасуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алуы мәселелері бойынша кеңес ала алады. Қарағанды облысының жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Ілияш келесі жылға арналған жобаларды ұсынды. Бірқатар ұсыныстар талқыланды. Облыс басшысы жобаларды пысықтау кезінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881209
Теміртауда су тасқынынан қорғау үшін бірқатар шаралар қабылданды 16.11.2024
Су тасқынынан қауіпсіз өту үшін алдын ала дайындық жұмыстары қажет. Теміртау қаласында және Ақтау кентінде былтырғы маусымнан алынған тәжірибеге сүйене отырып, инженерлік жұмыстардың жоспары әзірленді. Оған енген 13 шараның басым бөлігі орындалды. – Көктемгі су тасқынынан өткеннен кейін төтенше жағдайға қарсы қандай іс-шаралар әлі де қажет екендігіне талдау жасалды. Қауіпті учаскелерде жұмыс жазда және күзде жүргізілді. Су өткізу жүйесін жақсартуға баса назар аударылды. Бұл су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді Теміртау қаласы ТЖБ бастығы Нұрмұхамед Интуев. Мысалы, Артас және Жаңаауыл станцияларына қосымша су өткізу құбырлары орнатылды.Огородная көшесінің бойында су бұру арнасы тазартылды, әрі су өткізу жүйесі қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Әзірбаев, Северная көшелерінде жұмыстар жүргізілді. Ақтау кентінде су бұру каналы тазартылып, тереңдету жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы еріген қар суын ағызып жіберетін құбырды және қаладағы арық жүйесін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Ақтау ауылында арнаның түбінде су өткізу құбырларының орнына өткізгіш қабілеті жоғары дюбингтер орнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881210
Қарағандылық жастарды қайырымдылық балына қатысу үшін кастингке шақырады! 16.11.2024
Қарағандыда 20, 21 және 22 қарашада жастар мен еріктілерге қайырымдылық балына қатысуға кастинг өтеді. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы жас буын өкілдері қатыса алады."Егер сіз бал атмосферасына енгіңіз келсе, ұмытылмас кештің куәсі болғыңыз келсе, жаңа таныстар мен шығармашылық ортаны сезініп, үлкен игі істің бір бөлігі болғыңыз келсе, онда бұл сізге арналған шара", — дейді ұйымдастырушылар.Кастинг сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Әлиханов көшесі 5, 2-қабат мекен-жайындағы Кәсіподақ үйінде өтеді.Қатысу үшін өтінімді электронды түрде толтыру қажет:https://docs.google.com/forms.Қосымша ақпарат: +7-747-631-53-19 телефоны немесе әлеуметтік желілерден алуға болады: @keleshek_krg, @assembly_jastary_saryarqa.Қайырымдылық бал – 2025 алдағы жұмысшы мамандықтар жылына арналған. Сонымен қатар, Қазақстанда бірінші кәсіподақтың құрылғанына 120 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881258
Қарағандылық спортшы үстел теннисінен Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTA Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.Спортшы 19 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы жарыста екінші деңгейдегі нәтиже көрсетті. Әзірге оның жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар.Алан қарсыластары Стефан Димитровты (Болгария) 3:0, Маэль Ван Дессельді (Люксембург) 3:0, Тай По-Чунды (Тайбэй) 3:2, Драгожа Бужорды (Румыния) 3:0, Михаил Ловгуды (Словакия) 3:2, Исаак Альфредссонды (Швеция) 3:0, Ли Чон Мокты (Корея) 3:0 есебімен жеңіп шықты.Ақтық мәреде ол Балаж Лэйге (Венгрия) 0:3 есебімен жеңілді.Естеріңізге сала кетейік, осы турнирде Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдеге ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881316
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 13 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Түркістан облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 09:00-де Түркістан қаласы, 20-квартал, 1321 мекенжайы бойынша орналасқан «Ұлы дала елі» мәдениет орталығында өтеді.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/881250
Қазақстан мен Германия: шикізатты жеткізудегі ынтымақтастық 16.11.2024
Бүгін, 11 қазанда Берлинге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келді.Қазақстан мен Германияның ұзақ жылдар бойы жемісті ынтымақтастық тарихы бар. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,8 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға артық. Атап айтқанда, Қазақстанның Германияға экспорты 39,6%-ға, импорты 35,9%-ға өсті.Қанат Шарлапаев 8-ші шикізат конгресіне қатысып, көрмелерді тамашалады және қатысушы спикерлердің сөздерін тыңдады, сонымен қатар «Raw materials security – milestones, challenges and next steps» панельдік сессиясына қатысты.Одан кейін Министр «New partners for more resilient supply chains» панельдік сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстан ұзақ жылдар бойы Еуропа мен Германия үшін сенімді энергетикалық серіктес болғанын, жақын болашақта республика әлемдік экономиканы декарбонизациялаудың ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін өзін маңызды металдардың сенімді жеткізушісіне айналдыруға дайын екенін атап өтті.«Біздің елде әртараптандырылған минералдық-шикізат базасы, маңызды инфрақұрылым және адами капиталды қоса алғанда, тұрақты жеткізу тізбегін және жоғары құзыреттілік, сондай-ақ дамыған Midstream индустриясы құру үшін барлық қажетті алғышарттар бар деп есептейміз», – деді ол. Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен, Министр ГФР Экономикалық істер және климатты қорғау Федералды министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат жөніндегі директоры, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы Кристиан Форвикпен кездесті.Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту перспективалары бар екенін және бұл әртүрлі салалардағы керемет жетістіктермен расталатынын атап өтті.Содан кейін «Aurubis AG» бас директоры Торальф Хаагпен кездесу өтті. «Aurubis AG» – әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі және әртүрлі металдарды өңдеу саласында көшбасшы. Кәсіпорын алтын мен күміс сияқты бағалы металдарды, сондай-ақ никель, қалайы, қорғасын және т.б. өңдейді. Қайта өңдеу операциялары өндірістік қалдықтардан, электронды сынықтардан және басқа да күрделі материалдардан бағалы металдарды қалпына келтіруге бағытталған. Келесі кезекте Қанат Шарлапаев «DERA» неміс шикізат агенттігінің директоры Петер Бухгольцтың «Нақты уақыт режимінде тауар нарықтарына мониторинг жүргізу – бағалар мен жеткізілімдерге байланысты тәуекелдерді бастапқы кезеңде тану» баяндамасын тыңдады. Мұнан соң Министр баяндамашы Петер Бухгольцпен кездесті.Агенттіктің негізгі міндеттерінің қатарында – минералды шикізат пен шикізаттың сыртқы нарықтарына шығу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету. «DERA» тұрақты түрде халықаралық тауар нарықтарын талдайды және бағалайды. Алынған деректер ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсету үшін пайдаланылады. Мақсатты зерттеулер мен пилоттық жобалар арқылы баға мен жеткізу тәуекелдері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері анықталады.Сондай-ақ Қанат Шарлапаев «Money for Mining – шикізат жеткізуді қалай қаржыландырамыз?» панельдік сессиясына қатысқан.Министр одан бөлек «Freiberger Compound Materials GmbH» бас директоры Михаэль Харцпен кездесті. Ол микроэлектроника мен оптоэлектроника үшін композициялық жартылай өткізгіш субстраттар шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі. Компания оларды микро және оптоэлектрондық қолданбалар үшін галлий арсенидінен (GaAs) шығарады және өте тегіс, ультра таза пластиналар шығару үшін тамаша беделге ие болды.Сапар соңында Министр Германия өнеркәсіп федералды одағының басқарма мүшесі Вольфганг Нидермаркпен кездесті. Тараптар өнеркәсіп саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.Неміс өнеркәсіптерінің қауымдастығы (BDI) шамамен 8 млн қызметкері бар 40 салалық қауымдастықты және 100 000-нан астам компанияны біріктіреді. BDI өз қамқорлығымен біріккен барлық салалардың мүдделерін білдіруге және ілгерілетуге жауапты. Ол сондай-ақ бүкіл әлем бойынша өнеркәсіптік белсенді компаниялардың мүдделерін қорғайды және барлық экономикалық маңызды заңнамалық процестерге қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881197
Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалының жәй-күйімен танысты 16.11.2024
Нысан 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компания шатырды орнату, ішкі бөлмелерді безендіру, ғимараттың қасбетін жаңарту, есік-терезелерді, және т.б қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Мұнда арнайы пандустар мен сыртқы жарықтандыру да қарастырылған.Қазір жүретін 11 маршруттың екеуі тальго, алтауы стандартты вагон, қалған үш маршрутты жеке тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. ("Марал-Нұр" ЖШС, "Номадас" ЖШС, "Арлан Транс" ЖШС).Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3 мың адамды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/881193
ТҮРКІСТАН: ЗАҢ БҰЗҒАН 11 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ МЕН ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысында міндеттемелерін орындамаған 11 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мен лицензиялары мерзімінен бұрын тоқтатылды. Одан бөлек, міндеттемелерін толық орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушының келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жолданды. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында тұр.– Жер қойнауын, карьерлерді қолдануда заң талаптарын сақтамаған компанияларға қарсы қатаң шара қабылдау керек. Құқық қорғау органдары тарапынан да батыл әрекеттер жасалуы тиіс. Жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Аппарат отырысында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, облыс аумағындағы ірі өзендері мен көлдерінің су қорғау белдеуіндегі және ауылдар мен елді мекендердің аумақтарына жақын жерде заңсыз жұмыс істеген жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялары мен келісімшарттары тоқтатылды. Одан бөлек, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округі аймағында стратегиялық маңызы бар «Бу газ қондырғысы құрылысы» айналасындағы кен орындарының жұмысын тоқтату бойынша жұмыстар заңға сәйкес жүргізілуде.Аймақ басшысы құзырлы органдар мен департамент басшыларына жер қойнауын пайдаланушыға қатысты кемшіліктер бойынша тез арада заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді және жерді қалпына келтіруді міндеттеуді тапсырды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан қызыл нүктелер бойынша тиісті шара қабылдауды міндеттеді. Аудан, қалаларда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу үшін құрылған мобильді топтар мен ішкі істер органдары бірлесе рейдтік жұмыстарды күшейту керек екенін айтты.Жер қойнауын пайдаланушылардан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған төлемдер бойынша 2023 жылы 1 996, 7 млн теңге түсті. Биылға 2,2 млрд теңге жоспарланып, бүгінде 897,1 млн теңге түскен. Биылғы жоспар толығымен орындалады.Сонымен қатар басқарма тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың заңнамаларды сақтауы бойынша бақылау тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде, маркшейдер маманымен 62 кен орны аумағынан кемшіліктер анықталды. Оның ішінде 17 жер қойнауын пайдаланушы өз еркімен залал шығындарын өтеді. 4 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Басқарма тарапынан талап-арыз сотқа жолданса, 41 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты іс-құжаттар Облыстық жер ресурстары департаментіне жолданды.Аппарат мәжілісінде заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтбаев баяндама жасады. Жыл басынан облыс бойынша заңсыз жер қойнауын пайдаланудың жалпы 204 дерегі анықталған. Оның ішінде, 200 дерек бойынша Әкімшілік кодексінің 139-бабы (Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) арқылы жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Экология департаментіне жолданды. Экология департаментімен 91 әкімшілік іс қаралып, жалпы 2 млн 234 мың 239 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде, өндірілгені – 2 млн 52 мың 719 теңге. Сонымен қатар 2 әкімшілік іс қайталанғаны үшін сотқа жолданған. Қазіргі таңда 107 әкімшілік іс қаралуда. Олардың басым бөлігі Сауран, Сайрам, Қазығұрт аудандарына тиесілі. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану бойынша 4 дерек анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, арнайы тұраққа 178 жүк көлігі және 43 техника қойылды.Жер қойнауын пайдалануда туындаған мәселелерді реттеу және қылмыстық істерді сотқа жолдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс алгоритмі жасалды. Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес жұмыстары күшейтіледі.Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 191 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 80 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881115
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң: функцияларды беру, бөлу тәртібі, тіркеу және жекешелендіру құқықтары 16.11.2024
2020 жылы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» базасында толыққанды даму және қолдау институты, тұрғын үйді есепке алуды, қамтамасыз етуді және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын «Отбасы банкін» құруды тапсырды.ҚР Парламенті а.ж. қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.Келесі кезекте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң әзірледі. Алайда Заң Президент қол қойғаннан кейін ғана күшіне енеді.Заң жобасы тұрғын үй саясатын орталықтандыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, тұрғын үй алу рәсімдерін оңтайландыру, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізу мақсатында қабылданды.Ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді тіркеу, енгізу және бөлу функциялары «Отбасы банкіне» берілгенін айта кеткен жөн.«Отбасы Банкі» ұлттық даму институтына айналады, оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастарын дамыту болады. Бұл ретте банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер жүйесінде қалады.Берілген функциялар ашықтық қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері «Отбасы Банкі» сайтында жарияланады. Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үй алу рәсімдерін автоматтандыру және жеңілдету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.Мемлекеттiк қолдау шараларын тiркеу және бөлу мемлекеттiк деректер базасымен интеграциялау арқылы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылатынын ескерген жөн. Бұл ретте кезекте тұрғандарды сатып алу және салу арқылы баспанамен қамтамасыз ету әкімдіктердің еншісінде. Жоғарыда аталған функцияларды беру үшін алты айлық өтпелі кезең қарастырылған. Өтпелі кезеңде әкімдіктер түгендеу жұмыстарын жүргізіп, «Отбасы банкінде» тіркелген азаматтардың тізімін жібереді.Өз кезегінде, «Отбасы Банкі» әкімдіктерден келіп түскен кезектегі тізімдерді бірыңғай дерекқорға біріктіреді. Өтініштер жергілікті атқарушы органға өтпелі кезең аяқталғанға дейін берілсе, оларды әкімдік қызметкерлері бұрынғы құқықтық нормалар аясында қарайды.Функция деректерін орталықтандыру «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау, кезекке тұру, содан кейін банктан несие алу жөнінде хабарласу үшін бірнеше органдарға жүгінудің қажеті жоқ.Әрі қарай, жаңа заң жобасына сәйкес мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібі тіркеуге тұру мерзімі мен табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Осылайша, көптен бері кезекте тұрған азаматтарға басымдық беріледі.Кезекте тұрған адамға табыс деңгейіне қарай субсидияланған жалдау, жалға берілетін тұрғын үй немесе«Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Отау» және «Наурыз» сияқты жеңілдетілген ипотекалық несие түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.Одан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 8 санатқа оларға кемінде 70%-ды жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру арқылы басым құқықтар беру көзделуде. Сол 8 санат:- ҰОС ардагерлерін;- жетімдерді; - көп балалы және көп балалы аналарды;- 1 және 2 топтағы мүгедектерді;- мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын;- ҰОС ардагерлеріне тең жеңілдіктері бар ардагерлерді;- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін;- жесірлерді қамтиды.Сондай-ақ, бұрын мемлекет есебінен салынған жалдамалы және несиелік тұрғын үй алған азаматтар қайта тіркеуден өте алмайтынын ескеру қажет.Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б. тіркеле алады. Яғни, тіркелу құқығы барлық азаматтарға берілген.Заңда тұрғын үйге мұқтаж және соңғы 5 жылда баспанасы жоқ барлық азаматтарға санаттық жіктелуден бас тарту және тіркеуге тұру құқығын беру мүмкіндігі қарастырылған.Осылайша, «Отбасы банкі» базасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығын қамтитын Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Орталық мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары туралы бірыңғай ақпараттық база болады.«Отбасы Банкінің» интернет-ресурсында тіркелген азаматтардың, сондай-ақ соңғы екі жылда мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері ай сайын жарияланатын болады.Бұдан бөлек, азаматтардың барлық өтініштері онлайн режимінде қабылданатын болады, бұл да азаматтарды тіркеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.Келесі кезекте жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру туралы айтылады. Жаңа заңда бұрын берілген жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендіру құқығы қарастырылған. Ал, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үй, сондай-ақ апатты тұрғын үйге айырбас ретінде азаматтарға берілген тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды.Бүгінде 55 мыңға жуық адам сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанада тұрады. Бұл тұрғын үйлерде негізінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары тұрады, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б. Мұндай тұрғын үйлерді сатып алу құқығы заңға сәйкес болашақта қалдық құны бойынша беріледі, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады;.Жекешелендіру тәртібі жалпы өзгеріссіз қалады, яғни қалдық құны бойынша, баланстық құнның 2% мөлшерінде физикалық тозуды шегеріп, бірінші кезектегі жарнаны 30% енгізген кезде 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен беріледі. Осы нормалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Заң күшіне енгізілгеннен кейін азаматтар бірден әкімдіктерге жекешелендіруге өтініш бере алады. Дегенмен, тұрғын үйді жекешелендіру міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн. Азаматтарды жекешелендіруге мәжбүрлемейді.Осылайша, тұрғын үй саясатын реформалау туралы Заңның негізгі аспектілерінің қатарында: жергілікті атқарушы органдардың функцияларын «Отбасы банкіне» беру, тұрғын үйді тіркеу күні бойынша бөлудің жаңа тәртібі, барлық азаматтарға тіркеуге тұру құқығын және бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881146
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы “Умаров Н» шаруа қожалығының қайта өңдеу цехын аралап, жұмысымен танысты.Кәсіпкер тамшылатып суғаруға арналған иілгіш түтік шығару үшін 2023 жылы Қытай елінен арнайы қондырғы алып, іске қосқан.Құрылғы сағатына 12000 метр өнім өндіруге қуатты. Кәсіпорында сонымен қатар, жылыжайға қолданылатын пленка және жіп шығарылады. Қолданыстан шыққан полиэтилен заттарын қайта терең өңдеу арқылы көшет егуге қажетті құтылар жасау да жолға қойылған. Цех 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Шаруа қожалығының басшысы Нұржан Омаров сондай-ақ, өз жылыжай кешенінде маусымдық кезеңде 25 азаматты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді.Мақтаарал ауданындағы «Cotton Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де шетелден жеткізілген автоматтандырылған қондырғылар орнатып, жаңа технологиямен мақта майын өндіруді бастады. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тонна шитті өңдеуге қауқарлы.Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығын дамытуда жаңашылдық маңызды екенін атап өтті.– Терең өңдеу технологиясы мен оның пайдасы туралы шаруаларды кеңінен ақпараттандыру қажет. Заман талабына сай өнім ұсыну үшін технологиялық жетістіктерден шет қалмауымыз шарт. Осы бағыттағы жұмысты реттеу арқылы нарықтағы айналымды да бір жүйеге келтіруге болады, – деді ол.Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кәсіпкерлермен және шаруалармен келісе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881112