Бизнес
Заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу 40 %-ға арзанға түсті 16.11.2024
Алматылық Stark Alpha өндірістік-сауда компаниясы еліміздегі технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын алған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жаңа түрі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілген.Шыныпакеттерге арналған материалдар өндірумен айналысатын Stark Alpha компаниясы QazIndustry арқылы 2 түркиялық автоматты араластырғыштарын сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеді. Өтемақы сомасы 28,3 млн теңгені құрады. Аталған араластырғыштар шыныпакеттер өндірісінде қолданылатын полисульфидті тығыздағышты(герметик) шығаруға арналған. Соның нәтижесінде шыныпакеттердің беріктігі артады.Қазіргі күні компоненттерді араластыру процесі жылдам әрі сапалы болып отыр. Жаңа араластырғыштар температура мен технологиялық операцияның уақытын реттейді.Алматылық кәсіпорын Қазақстандағы шыныпакеттерге арналған екі компонентті тығыздағыштың жалғыз өндірушісі. Компания 2011 жылы құрылған. Мұнда автоматтандырылған желілер арқылы және қолмен құрастырылатын шыныпакеттерге арналған тығыздағыштар шығарылады.Stark Alpha компаниясы жыл сайын 4000 тоннадан астам өнім шығарады. Кәсіпорын Basf, Honeywell, Eastman, Ineos, «Омия» сияқты әлемдік өндірушілерден алынған шикізаттарды пайдаланады. Сонымен қатар, зауыт Қазақстандағы Nedex ресми дистрибьюторы болып табылады, және шыныпакеттерге арналған қосалқы бөлшектер – молекулалық електер және аралық рамкаларды сатады.Ішкі нарықтан бөлек, компания Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия нарықтарын екі компонентті тығыздағышпен қамтамасыз етеді.«Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы естігенде, біз қуанып қалдық. Соның нәтижесінде, заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу компанияға 40 пайызға арзанға түсті. QazIndustry арқылы өтелген қаражатқа біз өндіріс үшін шикізат сатып алдық», – деп бөлісті кәсіпорында.Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 12 мамырынан бастап «QazIndustry» Қазақстандық идустрия және экспорт орталығы кәсіпорындарға технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуді бастады. Тарихи кезең екі жылды құрайды, яғни кәсіпорын соңғы екі жыл мерзімінде сатып алынған жабдықтарға жұмсалған шығындарының 40 пайызын өтей алады (өтелетін қаржы 60 млн теңгеден аспайды).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879802
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа ойын алаңдары салынды 16.11.2024
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 16 заманауи ойын алаңдары салынды.Оларды Орталық парк пен Майқұдық мәдениет үйінің жанында орнатты. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл әткеншектер инклюзивті орта құруда маңызды рөл атқарады. Әрбір бала өзін қатарластарымен тең сезіне алады.Бұл ойын алаңдары барлық балаларға қолжетімді. Бірақ басымдық көмекке көбірек мұқтаж балаларда болу керек», – деп атап өтті Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының өкілі.Әткеншектер кең, мүгедек арбасында отырған баланы да орналастыруға болады.Мұндай алаңдар – әрбір бала қоғамда қабылданғанын сезінуі үшін жасалған қадам. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879659
Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады 16.11.2024
Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын «Жезқазған – Петропавл» жолы Қазақстанның төрт өңірі арқылы өтеді (СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері).Ұзындығы 359 шақырымды құрайтын учаске Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Дәл осы өңірде ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2025 жылдың соңына дейін 300 шақырым жол жөнделеді.Қазіргі уақытта өңірде "Жезқазған – Петропавл" жолының 83 шақырымында жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Николаевка және Покровка ауылдары арасындағы 40 шақырымдық учаскені қоса алғанда, Ломоносовка және Ставрополка, Тоқсан би және Новоишимка ауылдары арасындағы 43 шақырымда жаңа асфальт төселді. 2025 жылы тағы 215 шақырым жөнделеді. Бескөл ауылы мен Покровка ауылы арасындағы 69 шақырым, Сергеевка қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 146 шақырым жолда жөндеу жұмыстары өтеді. Сол аралықтарда қазір су өткізу құбырларын ауыстыру және құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.2025 жылдың соңына дейін жолды орташа жөндеуден өткізіп қана қоймай су тасқынынан зақымдалған 24 су өткізу құбырын ауыстырып, тағы 72 су өткізу қыбыры жөнделеді.СҚО-да «Жезқазған-Петропавл» жолының басым бөлігінде өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек 2017-2018 жылдары Бескөл ауылы мен Петропавл қаласы арасындағы учаске қайта жаңартылды және 2023 жылы Сергеевка қаласы мен Николаевка ауылы арасындағы 51 шақырымдық жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді. Тоқсан би ауылынан Ақмола облысы Есіл ауданына барар жол әбден ескірген.«Жезқазған – Петропавл» автожолының қалған үш өңірден өтетін аралықтары да жөндеуден өтеді. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 113 шақырым, Ұлытау облысында 109 шақырым, Қостанай облысында 71 шақырым жол жөнделеді. Демек, жолдың басым бөлігі жаңартылып, халық игілігіне берілмек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/879675
Ортағасырлық итальяндық маскалы театр Қарағанды сахнасында 16.11.2024
К. С. Станиславский атындағы театрында сахналанатын жаңа қойылымында шынайы әзіл бейнеленеді. Екі күн қатарынан, яғни 9 және 10 қарашада "Үш апельсинге деген махаббат" спектаклінің премьерасы өтеді. Ересектерге арналған ертегінің басты кейіпкерлері-дель арте комедиясындағы Маска кейіпкерлері.Қойылым орыс театр және кино актері Леонид Филатовтың сатиралық шығармасына негізделген. Бұл өзінің қиялымен және тапқырлығымен танымал итальяндық драматург Карло Гозцидің осы аттас ертегі пьесасының түпнұсқасы іспеттес.Спектакльдің қоюшы режиссері және К.С. Станиславский атындағы театрдың көркемдік жетекшісі Рача Махатаевтың айтуынша, бұл материалдың таңдалуы кездейсоқ емес.– Мен мұнда бір жыл бұрын келгенімде көп жанрлы театр құру идеясы болды. Яғни труппа бір маусымда әртүрлі жанрларда өнер көрсете алады. Біз "Алтын бұлт түнеді" пьесасын, "7" деректі пьесасын, "Табысты орын"классикалық драмасын қойдық. Енді бағытты мүлдем басқа арнаға яғни маскадағы актерді өткір және динамикалық тіршілігіне айналдыратын кез келді. Бұл комедияның маған ұнайтыны-оның батылдығы, сөздердің өткірлігі және жалған пафостың болмауы, – деп атап өтті Рача Махатаев.Спектакльде гипохондрик ханзада туралы баяндалады. Емделудің жалғыз жолы – үш сиқырлы апельсинді табу. Егер ханзада тапсырманы орындаса, ол өзінің ауруынан айығады.Спектакльге колорит беретін жарқын кейіпкерлер – жағымсыз маскалардағы персонаждар. Өзінің қиялынае туған бұл оқиға желісі өз бүгінгі күнге де өзекті болып қала береді.Спектакльдердің басталуы – 17:00.Жас шектеуі – 16+.Фото Анна СтроковаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879408
Қарағанды университеті Азиядағы үздік университеттер рейтингінің алдыңғы қатарында 16.11.2024
35 қазақстандық жоғары оқу орны 2025 жылғы QS Азия университеттері рейтингіне енді. Олардың қатарында қарағандылық үш университет бар.Биыл QS Азия рейтингіне 985 университет қатысқан. Бұл Үндістан, Қытай, Вьетнам, Тайланд, Тайвань, Малайзия, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея тәрізді елдердің оқу орындары. Бұл жолы тарихтағы ең үлкен қатысушылар саны тіркеліп отыр.Е. Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өткен жылмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп, 167-орынға ие болды. Азиялық рейтингке енген 35 қазақстандық университеттің ішінде ҚарУ үздік ондыққа енді.Айта кету керек, университет студенттердің шығыс мобильдігі көрсеткіші бойынша Азиядағы 50 үздік университеттің қатарына да енді. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық беделі және студенттердің халықаралық академиялық мобильдігі көрсеткіштерін жақсартты.Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 264-орынды иеленсе, Орталық Азиядағы жоғары оқу орындары арасында 14-орынға көтерілді (барлығы 65 Орталық Азия университеті қатысты). Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингінде бұл университет 10-шы орында тұрақталды.Қарағанды индустриалды университеті рейтінгінің 701–750 орнына тұрақталды.QS Азия университеттері рейтингі қазіргі таңда ең беделді. Ал университетті бағалау жүйесі (индикаторлары) білім сапасын бағалаудың әлемде мойындалған құралы ретінде саналады.QS университеттерді академиялық беделін, оқытушылар мен студенттердің арақатынасын, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу деңгейі бойынша бағалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879609
Қанат Шарлапаев Словакия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роберт Калинякпен кездесті 16.11.2024
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Словакия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калинякпен келіссөздер жүргізді.Кездесуде басты назар Қазақстан мен Словакия арасындағы қорғаныс-техникалық ынтымақтастықты дамытуға аударылды.Тараптар бірлескен жобалардың келешегін және озық технологиялармен алмасуды талқылады. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі жоспарларға, оның ішінде өндіріс орындарын оқшаулау және жоғары технологиялық өндірісті басқару бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.Министрлер ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік танытып, оның екі елдің экономикалық және өнеркәсіптік дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.Кездесу соңында тараптар белсенді диалогты қолдауға және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879348
Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды 16.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлер мен өңір әкімдерінің қатысуымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту.Жылдағы қауіпті жерлерде орын алуы ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Атырау, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері және экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, көлік министрлері, сондай-ақ су ресурстары және ирригация вице-министрі баяндама жасады.Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, қыста температура режимі климаттық норма шегінде болып, жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады деп күтілуде. 2025 жылғы су тасқыны кезеңін болжауды жақсарту мақсатында «Қазгидромет» РМК су басу қаупі басым өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ұйымдастырылып, ашылды. Бүгінгі таңда 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшегіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. 9 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Өзендер үшін «HBV» және «SWIM» сандық модельдерін бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аймақтарды анықтау мүмкіндігімен судың күтілетін ең жоғары деңгейін көрсете отырып, гидрологиялық болжам жасауға мүмкіндік береді.Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 95 км каналды механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізілді. Өзендердің 51 учаскесі және 10 облыста 1 көл анықталды, онда бірінші кезекте өзендердің арналарын санациялау қажет. Орталық, солтүстік және батыс өңірлердегі өзендердің басым учаскелерінде топографиялық түсірілім және жайылмалар мен арналардың батиметриясы жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін деректер FLOOD.GHARYSH.KZ су тасқынын модельдеу жүйесіне жүктеу үшін ЦДИАӨМ-ге жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдар 1110 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, оның 275 шақырымы 2025 жылғы су тасқыны маусымына дайындалған. Биылғы тәжірибе мен апат ауқымын ескере отырып, 63 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ шамамен 7 мың бірлік техника тартылды.Су тасқыны қаупі бар учаскелерде автожолдарды реконструкциялау және жөндеу кезінде топырақ төсемі үйіндісін биікттету, қосымша көпірлер мен су өткізгіш құбырларды орнату, су өткізгіш құбырлардың диаметрлерін және олардың санын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бүгінде реконструкция жүргізілген нысандарда 63 көпір салынып, 324 су өткізгіш құбыр төселді. Республикалық жолдарды орташа жөндеу шеңберінде 6 апатты көпірді күрделі жөндеу және су тасқыны қаупі бар учаскелерде 420 су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол бойынша барлығы 396 су тасқыны қаупі бар учаскелер, 68 көпір және 768 су өткізу құбырлары анықталып, ерекше бақылауға алынды.Сонымен қатар ТЖМ-нің өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын тексеру нәтижелері бойынша Олжас Бектеновке инженерлік жоспарларда көзделген бірқатар жұмыстардың орындалмағаны туралы баяндалды.Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі жұмыс қарқынын сынға алып, олар тиісті деңгейде жүргізілмей жатқан өңірлердегі инфрақұрылым мен гидротехникалық құрылыстарды дайындау бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Премьер-министр мұндай тәсілге жол беруге болмайтынын атап өтті. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының әкімдеріне бір ай мерзімде жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.«Өңір әкімдері қысқа мерзімде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша барлық кешенді шараларды қабылдауы тиіс. Ең алдымен, су бұру арналарының, арықтар мен дренаж жүйелерінің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Тасқын қаупі бар елді мекендер маңына топырақ бөгеттер тұрғызылып, үлкен судың келуінен қорғалуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын дайындауды тапсырды. Дәл осындай шараларды көлік қатынасы үзіліп қалуы мүмкін жерлерде де қабылдау керек. Қыс мезгілінде, әсіресе ауылдық елді мекендерден қарды уақтылы шығаруды ұйымдастыру тапсырылды. Су тасқыны маусымына арнайы және инженерлік техника алдын ала жұмысқа сақадай сай тұруы тиіс. Сонымен қатар жергілікті бюджеттерде ықтимал төтенше жағдайларға қаражат қарастырып, қажетті ресурстарды дайындау маңызды.Су ресурстары министрлігінің алдына су қоймаларын толтыру көлемін бақылауды қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда суды қауіпсіз ағызу жөнінде шаралар қабылдау міндеті қойылды. Көрші мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендерде қауіптердің туындауы туралы үнемі ақпарат алмасу ұйымдастырылады.Төтенше жағдайлар министрлігіне «Көктем–2025» оқу-жаттығуы шеңберінде су тасқыны жағдайының күрделенуі кезінде нақты іс-қимылдар алгоритмін пысықтау, оның ішінде жедел ден қоюға арналған күштер мен құралдар топтамасын айқындау тапсырылды. Премьер-министр ТЖ аймақтарына, оның ішінде теміржол және әуе көлігімен күштер мен құралдарды жеткізудің нақты тетігі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жарылғыш заттар мен инертті материалдардың қорын дайындау, құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру, эвакуацияланатын халықты қабылдау пункттерін анықтау және тұрғындарды белгіленген орындар туралы алдын ала хабардар ету, ауыл шаруашылығы жануарларын айдап апару үшін қауіпсіз учаскелерді қарастыру тапсырылды.Олжас Бектенов төтенше жағдайлардың салдарын жою, оның ішінде залалды өтеу кезінде ден қою мәселесіне жеке тоқталды. ТЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағыттағы мәселелерді шешу тетіктерін пысықтау қажет.Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төнген және су басқан кездегі өзін-өзі ұстау, қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге көшіру ережелері туралы халықты уақтылы және сапалы хабардар ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879300
ОТЫРАРДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 16.11.2024
Биыл қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында адуынды ақын, дарынды жазушы, публицист әрі журналистика саласының майталман маманы атана білген Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толды. Осы орайда жыл басынан бері Түркістан өңірінде көптеген мәдени-танымдық іс-шара өткізіліп, Саттар мұралары дәріптеліп келеді. Бұл үрдіс ақынның кіндік қаны тамған Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында жалғасып, Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім ұясында жыр мүшәйрасы мен ғылыми конференция өткізілді. Іс-шараны «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігі, аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымы, қаламгердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары бірлесе ұйымдастырған.Саттар Ерубаевтың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталған іс-шараға ақынның немере қарындасы Ұлжалғас Есім, «Саттартану» оқулығының авторы Дана Жуандықова, «Игілік ата» қоғамдық қорының төрағасы Нассень Қожабай, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Еркеғали Жұмабек арнайы қатысты. Жиынға келушілер алдымен мектеп ауласында орналасқан Саттар Ерубаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Содан соң, Түркістан қаласында орналасқан Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайдың көрмесін тамашалап, ары қарай іс-шара екі бағыт бойынша жалғасты.«Тұлғаңды таны, тарихыңды құрметте» тақырыбы аясында өткізілген жыр додасының іріктеу кезеңіне Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданынан отызға жуық ақын қатысып, олардың оннан астамы ақтық сынға жолдама алған. Қорытынды кезеңге қатысушылар сахна төрінде Саттар Ерубаевқа арнаған және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқып, арнайы жасақталған қазылар алқасы жыр жүйріктерін анықтады. Нәтижесінде бірінші орын Нұрғали Сердәлиевке (Отырар), ал бас бәйге отырарлық Бауыржан Мейірханұлына бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, жыр бәйгесіне қатысқан ақындарды өлеңдер облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен арнайы кітапша болып жарық көрді. Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.Сондай-ақ, «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбы бойынша өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияға аудандағы бірнеше мектептің оқушылары ғылыми жұмыстарын ұсынған. Мұндағы мақсат – Саттар Ерубаев шығармашылығын дәріптеу, қазақ руханиятына қосқан үлесін насихаттау және шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын айқындау. Ғылыми конференция қорытындысына сәйкес, С.Ерубаев мектебінің оқушысы Сартай Толқын мен Жамбыл Жабаев мектебінің оқушысы Қалдан Нұрасыл екінші орынды місе тұтты. Ал бірінші орынды Отырар жалпы орта мектебінің оқушысы Әшірбай Раяна иеленді. Оқушыларға арнайы диплом мен электронды құралдар табысталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879302
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТЕМІРЖОЛ ҮСТІНДЕГІ КӨПІР КЕҢЕЙТІЛЕДІ 16.11.2024
Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жабалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Кеңейту жұмыстарынан кейін көпірдегі көлік қозғалысы екі жолақтан төрт жолаққа ауыстырылады. Бұдан бөлек, Әйтеке би ауылына өтетін аумақта айналмалы жол салу жоспарлануда.Нәтижесінде, аталған жолдағы көлік кептелісі азайып, жолаушыларға оң әсер етпек. Жобаның құрылысын іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.Айта кетейік, биыл құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 244 нысан немесе 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырымды құрайтын 149 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879303
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ 16.11.2024
БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті. Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора, Асылзат Беркімбай - 1 орынға жайғасса, Мұхаммед Шалқаров, Мұстафа Болыс, Нәила Азимова - күміс жүлдені қоржынға салды. Ал, Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар, Мадияр Орынбай, Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің “Супер чемпионы” атанды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879279
«WORLD TRAVEL MARKET LONDON 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА 16.11.2024
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынуда.Бұл көрме – Түркістанның мәдени және тарихи мұрасын насихаттап, туризм саласына халықаралық инвестициялар тарту үшін маңызды алаң. Түркістан облысының өкілдері әлемнің жетекші туроператорларымен байланыс орнатуға, ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу бағыттарын талқылауға мүмкіндік алуда.Қазақстанның тарихи орталығы саналатын Түркістан ежелгі сәулет ескерткіштері мен бірегей мәдениетті қамтитын әртүрлі туристік бағыттарды ұсынады. Лондондағы көрме арқылы аймақтың шынайы сұлулығы мен байлығын көрсетіп, Түркістанның халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік туады.WTM London 2024 көрмесіне қатысу арқылы Түркістан облысының туризм индустриясын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтіліп отыр. Халықаралық көрме аясында Түркістан облысының павильонына Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов келді.Елші аймақтың осындай беделді көрмеге қатысуының маңызын атап өтіп, бұл Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты.Мағжан Ильясов сондай-ақ туризм саласында халықаралық серіктестермен жаңа әрі нәтижелі қарым-қатынастар орнату, туристік инфрақұрылымды дамыту және аймаққа инвестициялар тарту үшін осындай көрмелерде тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879281
ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА АДВОКАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ 16.11.2024
2024 жылғы, 7 қарашада ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы және облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» ұлттық серіктестігін дамыту бойынша адвокаттық кездесу кеңесі өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдары фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында «Стоп» ұлттық серіктестігін дамыту және туберкулез ауыртпалығын төмендетуді күшейту.Жалпы, туберкулезді тоқтату бастамасы 1998 жылы наурызда Лондонда туберкулез індетіне қарсы бірінші таңдау комитетінің отырысынан кейін құрылды. Қазақстан бұл жаһандық қозғалысқа 2017 жылдың тамыз айында, «Stop TB» Қазақстан серіктестігі (STTP) құрылған кезде ресми түрде қосылды.Маңызды жиында Түркістан облысында жалпы қоғам денсаулығын сақтаудағы проблемаларының бірі – туберкулезді жоюдың маңыздылығы қарастырылды. Осы кеңес шеңберінде жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылдайтын тұлғалармен облыста туберкулездің ауыртпалығын төмендету жөніндегі бағдарламалардың қолдау нұсқалары талқыланды.Адвокациялық кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.Аденов, ҚР «Стоп туберкулез» серіктестігінің төрағасы Ш.Исмайлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғ.Елшібай, «Түркістан облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы», «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық», «Психикалық денсаулық орталығы», Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, АССО «Үміт» үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және өкілдері қатысты. Онлайн форматта Қазақстанның барлық өңірлік фтизиопульмонология орталықтарының басшылары да қатысып, пікір алмасты.Шара аясында Түркістан облысында «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің өкілдігінің ашылуына арналған декларацияға қол қойылды. Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде «Туберкулезді тоқтату» аймақтық серіктестігінің төрағасы сайланды.Облыс әкімінің орынбасары бұл жиынның маңызына тоқталды.– Бұл – облысымызда туберкулезге қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам. Біз әртүрлі ведомстволар мен азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру арқылы қаупті дерттің таралуын шектей аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері Түркістан облысына да енгізілген. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан медицина саласына толық қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім азайып келеді. Облыста да бұл үрдіс жалғасып, туберкулезбен аурушаңдық негізгі көрсеткіші 32,2 пайызға, яғни 2019 жылы 36,0-дан 2023 жылы 100 мың халыққа шаққанда 24,4-ке дейін төмендеген, өлім-жітім де 2019 жылы 1,0-ден 2023 жылы 0,4-ке немесе 60,0 пайызға төмендеп отыр. Туберкулез ауруының алдын алу бойынша көзделген индикаторлар орындалған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879283
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН САЛЫНАТЫН МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫ АРТАДЫ 16.11.2024
Білім мен ғылым саласын дамытуда ел жастарына үлкен қамқорлықтар мен мол мүмкіндіктер жасалып жатыр. Өйткені, елдің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Бәсекеге қабілетті, білімді, кез-келген елмен иық тіресе алатын деңгейге жетулері үшін олардың білім алатын мектептерінің заманауи болуы да үлкен маңызға ие.Жетісай ауданына арнайы іссапармен келген «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбековты қабылдаған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов отандық ғылыми-техникалық даму, оқушыларға жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы, ұрпақ мүддесі үшін оқу-ағарту саласының популистік санадан арылып, балалардың мүддесін қорғауға тиіс екендігі, жеке инвестициялар есебінен заманауи мектептердің санын арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.Екіжақты жүргізілген алдын ала келіссөздердің нәтижесінде «KEMELDEN GROUP» ЖШС басшысы Берік Қасымбеков 2025-2026 жылдары аудан аумағынан 1000 оқушыға арналған 2 мектеп салуға, нақтырағы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен жалпы аумағы 2 га жерге 500 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен жалпы аумағы 2 га жерге 500 орындық заманауи мектептің құрылысын жүргізетін болды.Одан бөлек, «OLZHA SMART» ЖШС Жаңа ауыл ауылдық округінің Мырзашөл елді мекенінен жалпы аумағы 1,6 га жерге 320 оқушыға арналған мектеп салынады деп жоспарлануда.Айта кетейік, биыл жеке инвестиция есебінен Жетісай қаласынан «ЕРЖИГИТ» ЖШС 420 орындық, «ЛИДЕР» ЖШС 300 орындық 2 мектепті іске қосқан.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879285
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІНДЕ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛЫП, ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛДІ 16.11.2024
Түлкібас ауданында жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз 2024» мерекелік іс-шарасы өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев аудан кәсіпкерлерін, еңбек адамдарын мерекелерімен құттықтап, ауыл шарушылығы саласында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген еңбек озаттарын алғыс хат, төс белгі және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Басқосу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Еңбегінің жемісін көріп отырған ауданның еңбек озаттары мемлекеттік қолдаулардың арқасында тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен жылды қорытындылауда. Атап айтсақ, биылғы 9 айда ауыл шаруашылығы саласында 39,1 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығы 17,6 млрд. теңгені құраса, өсімдік шаруашылығы өнімі 21,5 млрд. теңгеге жетіп отыр.Сонымен бірге аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Түлкібаста өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары жергілікті тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді.Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, сауда қатарларын аралады. Іс-шараның негізгі мақсаты – шаруалар өндірген өнімдерді тұтынушыларға делдалсыз, тікелей ұсыну.Жәрмеңке барысында 20 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеңілдетілген бағада сатылды. Сонымен қатар мерекеге орай ауыл шарушылығы техникасы мен асыл тұқымды төрт түліктің көрмесі ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879289
ЖҮЗУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ 16.11.2024
Алматы қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының екінші күні аяқталды. Су айдынындағы додада кіл мықтылар өнер көрсетуде. Айтулы жарыста Түркістан облысының спортшылары тарихи нәтиже көрсетті. Олай дейтін себебіміз, 2014 жылы қойылған рекордты 10 секундқа жаңартып, өз мықтылықтарын дәлелдеді. Жарыста 4×200 метр эстафета еркін жүзуден Бөтакөз Оспанова алтыннан алқа тақса, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцеваға тең келер қарсылас болмады.Айта кетейік, ел чемпионатына 21 команда, 233 спортшы қатысты. Оның ішінде 139 ер және 94 әйел бар. Осындай аламанда ғаламат нәтиже тіркеген сайыпқырандар – Түркістан облыстық су спорт түрлері мектебі мен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Жаттықтырушысы – Жанас Шалдарбеков.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879292
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог - мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.Айта кетейік, биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 21 мәжілісі өткізілген. Маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайлардың күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығы қабылданған. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы консультативтік-кеңесші орган міндетін атқарып келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879295
Көкшетау қаласында резервуарлар салу және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 16.11.2024
Көкшетау қаласында сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі, жер асты суларының қосалқы кен орнында ескі резервуарлар қайта жөнделуде.Мердігерлік ұйым «ВТК СтройМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы тамыздан бастап жалпы сыйымдылығы 600 м3 болатын екі жаңа су сақтайтын резервуар салуды іске асырылуда. Бұл екі жаңа резервуардың құрылысы жинақталған су көлемін едәуір арттыруға, тіпті жоғары тұтыну кезеңінде де қала тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұған қоса, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту шеңберінде көлемі 500 м3 ескі резервуар қайта жаңартылатын болады. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартуға және суды сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жобаның маңызды элементі жер асты суларының қосалқы кен орнында үш жаңа ұңғыманы бұрғылау болып табылады. Жаңа ұңғымалар жүйеге қосымша су ағынын қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қаланың ауыз суға деген қажеттілігінің артуы жағдайында маңызды болып келеді.«Бұл жұмыстарды іске асырғаннан кейін қала тиімдірек және сумен жабдықтау сенімді жүйесіне ие болады. Бұл инфрақұрылымның ықтимал төтенше жағдайларға төзімділігін арттырады және тұтынушыларға қолжетімді су көлемін арттырады» дейді «Су Арнасы» кәсіпорнының бас директоры Ю.Шенгальц.Жалпы жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/879248
Қанат Шарлапаев АДБ өкілдерімен кездесті 16.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Азия даму банкінің вице-президенті Инмин Янмен кездесу өткізді.Кездесу барысында республика бойынша кәріз тазарту құрылыстарының жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Кеңеске ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков, Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ Бас директоры - Евгений Жуков және Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директоры - Утсав Кумар қатысты, Нұрлан Солтамбеков – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы.Анықтама: Азия Даму Банкі (АДБ) көпжақты даму қаржы институты болып табылады. Ұйымға мүше 68 мемлекеттің 49-ы Азия – Тынық мұхиты аймағында және 19-ы одан тыс жерлерде орналасқан. АДБ-ның жаһандық мақсаты кедейлікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей топтары, жан-жақты әлеуметтік даму және тиімді басқару мүдделерінде орнықты экономикалық өсуге қол жеткізуге жәрдем көрсетеді. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды.Кездесу қорытындысы бойынша АДБ өкілдері іске асыруға жоспарланған жобалардың әзірленуін хабардар етті. Сондай-ақ жобаның құрылымына, инвестициялық және операциялық шығындарды қайтару көздеріне қатысты алдын ала ақпарат алмасу жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879183
Теміртау қаласында жыл мұғалімі таңдалды 16.11.2024
Теміртау қаласына "Жыл мұғалімі – 2024" қалалық педагогикалық шеберлік байқауының жеңімпазы анықталды. Нәтижесінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жандос Сембаев жыл мұғалімі атанды.Кәсіби шеберлік таразыланған байқаудың ақтық мәресінде қала мектептерінен келген сегіз педагог өзара кім мықтыны анықтады. Педагоктар үш кезең бойынша сынға түсті: Бұл «Мұғалімнің визит карточкасы», «Таратуға тұрарлық педагогикалық идея» тақырыбында ораторлық шеберлікті көрсету және «Мұғалімнің жексенбі күні» атты үй тапсырмасы. Мұнда педагогтар дәстүрлі қатал ұстаз бейнесінен шығып, мұғалімнің ең алдымен жарқын тұлға екенін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені – әйелдер гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жандос Сембаев қанжығалады. Оған 100 000 теңге сомасына сертификат табысталды. Дәл осындай ақшалай сертификаттарға байқаудың басқа да жүлдегерлері ие болды.– Бар білгенін бала бойына сіңіріп, тарыдай болып келген оқушыны «таудай» етіп шығаратын ол мұғалім мамандығы. Ұстаз болашақтың іргетасын қалайды. Өйткені, сенің алдымен адам, онан соң маман болуың да көп жағдайда осы оқытушыға байланысты.Мұғалім де үйренуден оқудан жалықпауы керек. Бұл байқау жай ғана жарыс емес, педагогикалық шеберлік пен шабыттың нағыз мерекесі, – дейді Дене шынықтыру мұғалімі Жандос Сембаев байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878972
Қарағандыға Қалибек Қуанышбаев атындағы театр гастрольдік сапармен келеді 16.11.2024
Қарағандыға Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен келеді.Қарағандылық өнер сүйер қауым 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің "Ұйықым келмейді" драмасын тамашалай алады.Режиссері – Базыл Сұлтанғазы.Сол күні сағат 20:00-де көрермендерге "Кешкі 7" спектакль-концерті ұсынылады. Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.Қойылымдар С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879051