Enbekshi QazaQ

Бизнес

Карағандыда қар тазалау жұмыстарына 150-ден астам арнайы техника жұмылдырылды 16.11.2024
Бүгін Карағанды жолдарына қар тазалау және көктайғақпен күресу үшін 150-ден астам арнайы техника шықты. Жұмыс екі ауысыммен жүргізілетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігі.Қазыбек би атындағы ауданда мердігер ұйымдар күндізгі ауысымда 105 арнайы техника мен шамамен 120 жол жұмысшысын шығарды. Түнде 35 арнайы техника және 45 жұмысшы жұмылдырылады. Техника мен жұмысшылардың саны ауа райы жағдайына байланысты өзгеріп отыратын болады. Мысалы, қыста арнайы техниканың басым бөлігі түнгі ауысымда жұмыс істемекші.Көктайғақпен күресу үшін 13 мың тонна тұзды-құмды қоспа дайындалған. Жуырда тағы 10 мың тонна қоспа қорды толықтырады. Бүгінгі күнге дейін 200 тонна тұзды-құмды қоспа қарастырылған.Қазыбек би ауданында екі қар полигоны орналасқан: Саран шоссесі бойында (108-ші есептік учаске ауданында орналасқан) және Гапеев көшесі, ст. 17/2 (Спасск шоссесі ауданында). Бұл қар сақтау алаңдарын аудан тұрғындары мен шағын және орта бизнес нысандары пайдалана алады. Тегін қызмет көрсететін болады.Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда бүгін 50-ден астам арнайы техника мен 45 жұмысшысы жұмылдырылды. Түнгі уақытта жолдарды тегістеу үшін 300 тоннадан астам тұзды-құмды қоспа пайдаланылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878893
«Террикон алқабында» қашықтықтан нәтижелі жұмыс істеу жолдары айтылады 16.11.2024
«Террикондық алқабында» 15 қараша күні қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді шабыттандыратын тегін тренинг өтеді. Бұнда әр азамат өнімділікті сақтау жолдары туралы ақпарат ала алады. Бұл трениг әсіресе жетекшілер мен HR-мамандар үшін пайдалы.Дәріске бірнеше спикер қатысады. Мысалы Мария Солодова HR BP, IT компаниясы Tekmates қызметкері, оның KPMG және «Росатом» компанияларында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Ал HR BP, HRD Ольга Гуринова, L&D және HR саласында 12 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар маман. Сондай-ақ, өз тәжірибесімен HR-менеджер Зарина Айткулова (Tekmates) бөліседі.Тренингке қатысушылар команда мүшелерін қашықтан тиімді мотивациялап, олардың жұмыс процестерін басқару жолдары туралы біле алады.Тренигтің өту форматы: онлайн / офлайн.Басталуы сағат 19.00-де.Қатысушыларды тіркеу сайтта өтеді: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Дәріс Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878903
Қарағанды облысының волонтерлерінің грант алу мүмкіндіктері бар 16.11.2024
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы волонтерлар арасында байқау жариялады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады. Оған Қарағанды облысында тұратын 18 жастан асқан еріктілер қатыса алады. Жеңімпаздар 500 мың теңгеден 10 шағын грантқа ие бола алады.Байқауға ұйымдар мен жеке тұлғалар да қатыса алады.Үміткерлерге қойылатын басты талап-әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру.«Өтініштерді қарастыру барысында волонтерлік салада бағдарламалар мен жобаларына ерекше басымдылық беріледі. Қосымша артықшылық ретінде сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыныстар, жарияланымдар немесе волонтерлік тәжірибені растайтын басқа да құжаттар ескеріледі», – дейді ұйымдастырушылар.Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 40-08-70, +7-708-272-64-70 (WhatsApp).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878269
Қарағанды облысы бойынша жедел ақпарат 16.11.2024
Бүгін сағат 08.00-де облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі жағдайға байланысты жедел штаб өткізді. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, қатты желдің салдарынан кейбір аудандарда шатырлар ұшып, электр сымдары үзілген.6–7 қараша күндері Қарағанды облысында 20 м/с-тан асатын қатты желдің екпінінен 8 үйдің шатыры ұшқан.Зардап шеккендер жоқ; барлық жағдайларға комиссиялық сараптама жүргізіледі.Ауа райының бұзылып, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткендіктен Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде электр қуатының үзілуі тіркелуде.Қазір арнайы бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Ажыратылған электр желілерінің басым бөлігі жөнделді.Өңірдегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жиында қала аудан әкімдері барлығы қалпына келтірілетінін хабарлады. Электрмен жабдықтау жағдайы қазір қатаң бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878761
Хабарландыру «Автомобиль жолдары саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің «Автомобиль жолдары саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды. Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз. Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15276876 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878835
Республикалық маңызы бар күре жолдарда 12 отандық технология сынақтан өтуде 16.11.2024
Көлік министрлігі жол құрылысы саласына жаңа технологияларды енгізу жұмысын тұрақты негізде жүргізеді. Саланы дамыту аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ пилоттық режимде жол құрылысында қолданылатын материалдар мен инновациялық технологиялардың бірыңғай базасын іске қосты. Басты мақсат – автожолдардың сапасын жақсартып, сала ашықтығын қалыптастыру.Қазіргі уақытта базаға 112 өнім атауы енгізілді. Оның 37-сі «жасыл мәртебе» (зертханалық және мониторингтік бақылаудан өтті), 23-і «сары мәртебе» (зертханалық сынақтардан кейін тәжірибелік учаскелерде бақылау), ал 52-сі «сұр мәртебеге» (бастапқы зертханалық сынақтардан өткен өнімдер) Деректерді жүйелеу автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыратын ең тиімді шешімдерді анықтауға және пайдалануға көмектеседі.Тәжірибелік учаскелерде биыл бірқатар отандық әзірлеме сынақтан өтіп жатыр. ҚазжолҒЗИ ғалымдарының соңғы әзірлемелерінің қатарына жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтын Qsmart-PM битум және асфальтбетон модификаторы (Қапшағай-Күрті трассасының учаскесінде сынақтан өткізілуде), -25°С дейін төзімді және экологиялық тұрғыда таза QSmart-AntiGlaze көктайғаққа қарсы реагенті («Астананы айналып өту» автожолының учаскесінде сынақтан өтуде) және жол таңба сызуға арналған QSmart-RoadPaint («Алматы-Бішкек» трассасындағы тәжірибелік учаске) жатады.Сондай-ақ Қазақстанда QELAST модификаторы, «АльфаДоб» адгезиялық қоспасы, сонымен бірге топыраққа арналған түрлі қоспалар, Go Green суық асфальты мен герметик сынақтан өткізілуде.Аталған технологиялар міндетті түрде екі жыл ғылыми-техникалық сынақтан өтеді.Бірыңғай базаны құрып, одан әрі толықтыру жұмыстары жолдарды жөндеу және салу шығындарын азайтуға, мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878865
Астанада энергиялық тиімділікке арналған халықаралық форум өтуде 16.11.2024
Бүгін Астана қ. «Энергиялық тиімді серіктестік: жаңа шынайылық» тақырыбындағы VI халықаралық форум басталды.Форумның басты мақсаты – энергия тиімділігіне, төмен көміртекті дамудағы, қоршаған ортаны қорғаудағы энергия үнемдеудің рөліне, CBAM және ЭСКО тетіктеріне, сондай-ақ бюджеттік сектор мен ғимараттардағы энергия тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, өнеркәсіпті цифрландыру мәселелері. Халықты энергия үнемдеу процестеріне тарту және ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.Іс-шараның ашылуында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова құттықтау сөз сөйледі.Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының өсуімен энергия ресурстарына деген қажеттілік тек қана артып келеді. Соңғы 5 жылда елде жалпы энергия тұтыну 12%-ға өсті, тұтынудың үштен екісі тұрғын үй және өнеркәсіп секторларына тиесілі. Экономиканың әртүрлі салаларында энергия тиімділігін арттыру үшін Үкімет мақсатты саясат жүргізіп жатыр.Жәннат Дүбірова Мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиті, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бесжылдық іс-шаралар жоспары сияқты пайдаланудағы құралдарға тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекеттік энергетикалық тізілім аясында 2015-2023 жылдар аралығында 2 мыңнан астам энергетикалық аудит жүргізіліп, нәтижесінде 443 млрд теңгеге энергия тиімділігін арттыру шаралары жүзеге асырылды. 129 миллиард теңге үнемделген. Нәтижесінде өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 48%-ға төмендеді.Сондай-ақ шара барысында ҚР Мәжілісінің депутаттары Бауыржан Смағұлов пен Еділ Жаңбыршин, «Dena» неміс энергетикалық агенттігінің басқарушы директоры Кристина Хаверкамп, Nazarbayev University президенті Ахмад Вакар да сөз сөйледі.«Energy-efficient partnership 2024» пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар және салалық подкасттар форматында өтті. Форумның негізгі бағыттарының қатарында «Инновациялар және технологиялар», «Заңнама және саясат», «Халықаралық тәжірибе және ынтымақтастық» тақырыптары бар.Форум жұмысына салалық министрліктер мен мемлекеттік ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ энергия тиімді технологиялар мен жабдықтардың жетекші өндірушілері қатысуда.Шара аясында «Green Awards 2024» марапаттау рәсімі, «Энергиялық тиімді серіктестік: жаңа шынайылық» тақырыбында пленарлық отырыс, «Тұрғын үй саласында және ғимараттарда энергияны үнемдеу», «DENA», «Энергияны үнемдеудегі стратегиялар мен реттеу. Автоматтандыру, цифрландыру және стандарттау» атты панельдік сессиялары өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/878834
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында барды. Онда бірқатар жылыжай иелерімен кездесті. Шаруалар қатты отын бағасын тұрақтандыру, көкөніс пен жеміс-жидек импортын реттеу бойынша өтініштерін жеткізіп, электр қуатының қыс мезгілінде үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұрады. Қазіргі таңда ауданда көмір тапшылығы жоқ.Көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын айтқан Нұрбол Тұрашбеков облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы мен аудан әкімдігінің жауапты мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысында жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарды құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштің 71 пайызын құрайды. Биылғы 9 айда өңіріміздегі жылыжайларда 150 мың тонна көкөніс жиналып, маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігін 42 пайызға қамтамасыз етті. Өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту бойынша бүгінгі таңда 602 гектар алқапты қамтитын 3 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 6 150 жұмыс орындары құрылып, жылыжайлардан қосымша 180 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде республика халқын маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен 100 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878729
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ 16.11.2024
Төлеби ауданының жаңа әкімі Еркеғали Әлімқұлов жұмысын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысудан бастады. Тұрғындардың жиі көтеріп жүрген баспана мәселесіне назар аударып, ең бірінші, іссапармен Леңгір қаласы Үміт көшесіндегі 5 қабатты 120 пәтерлі 2 тұрғын үй алаңына арнайы барды.Бұл көпқабатты екі тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары, бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін салынуда.Аудан басшысы Еркеғали Амантайұлы мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, нысанның құрылысымен танысты.Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатындағы 5 қабатты 2 тұрғын үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи тұрғын үй нысанын жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімде аяқталып, ел игілігіне пайдалану берілу қажеттігін ескертті. Жауаптыларға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.Айта кетейік, қазіргі таңда Леңгір қаласы Қапал батыр көшесі бойында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы басталған. «Vek Stroy Com» ЖШС мердігер мекемесі 60 пәтерлі және 48 пәтерлі, мердігер мекеме: «МОЛШЫЛЫҚ» ЖШС -і 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878735
BASTAU TALKS: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ 16.11.2024
Бүгін «BASTAU Talks» қоғамдық лекциясы аясында Астана қаласы, ҚМДБ-ның «Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Мұзапбарұлы Түркістан қаласының жастарымен кездесті. Аталған қоғамдық шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і тарапынан ұйымдастырылған.Кездесу мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы модераторлық етті.Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.«BASTAU Talks» қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып дамытуға, тың ақпарат алуға, мотивация беруге бағытталған. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі олар қоғамның болашағын қалыптастыратын жаңа буын.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878738
Ақмола облысындағы элеваторлар 70 пайызға толған 16.11.2024
Бүгінгі күні Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындары тәулік бойы жұмыс істеп, астық қабылдауда. Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде астық жинау жұмыстарын үйлестіру мақсатында облыстық штаб құрылды. Штабтың басты міндеті — астық жинау науқанының барысын үнемі бақылауда ұстау, астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын қадағалау, астықты қабылдау мен кептірудің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.«Жинау кезеңінде жауған мол жауын-шашын аграрийлерге жаңа өнімді сақтауды мұқият іске асыру қажеттілігін туындатты. Қазіргі уақытта 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары, 1510 ауыл шаруашылығы құрылымдарының қоймалары және жалпы сақтау көлемі 7,2 млн тонна болатын 122 астық кептіргіштері іске қосылған. Бүгінгі күні элеваторларда шамамен 3 млн тонна астық бар. Сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері астықтың сақталуына қолдау көрсетуде», — деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов.Қосымша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 500 мың тонна астықты сақтау үшін 2,5 мыңнан астам астық қаптарын пайдалануда.Айта кету керек, 2024 жылы өңірдегі егістік алқабының жалпы ауданы 5,4 миллион гектарды құрады, оның ішінде 4,7 миллион гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 269 мың гектары майлы дақылдар, 421 мың гектары мал азығы дақылдары, 2,4 мың гектары картоп және 1,4 мың гектары көкөніс дақылдарына бөлінген.Сондай-ақ, облыс аграрийлері минералды тыңайтқыштарды және элиталық тұқымдарды қолдануды едәуір арттырғанын атап өткен жөн. Жинау науқанының қорытындысы бойынша гектарына 14,1 центнерден орташа өнімділікпен 6,6 млн тонна рекордтық астық жиналды. Бұл көрсеткіш аграрлық жұмыстың тиімділігін және егіннің жоғары шығымын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878700
Ұшу-қону жолағындағы операциялар қауіпсіздігі форумы 16.11.2024
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.Іс-шараға жетпістен астам маман қатысты, олардың қатарында ірі ұлттық авиатасымалдаушылардың, Қазақстанның жиырма үш әуежайының, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушінің, Көлік министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру жөніндегі департаментінің өкілдері болды.Мамандар ұшу қауіпсіздігі шараларын әзірлеу және одан әрі жетілдіру үшін үздік тәжірибелермен, білімдермен, тәжірибелермен және ұсыныстармен алмасу болды.Отырыс барысында әуеайлақтарды пайдаланушылар мен аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілердің өкілдері жердегі қозғалысты бақылаудың заманауи техникалық құралдарын қолдануды, маневр жасау алаңында әуе кеме экипаждарын бағдарлауға арналған көрнекі құралдарды жетілдіруді, ілінісудің қажетті сипаттамаларын қамтамасыз етуді қоса алғанда, ҰҚЖ пайдалану қауіпсіздігі үшін орын алған проблемаларды жою бойынша іске асырылған шараларды көрсетті. Әуеайлақта құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ҰҚЖ-ны пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдер және оларды азайтуға бағытталған шаралар қаралды. Азаматтық авиацияда ҰҚЖ (GRF) бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматын қолдануды жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды.2024 жылы «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу-қону жолағында операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын» бекіту маңызды бастама болды. Бағдарламаның мақсаты – қатерлерді жүйелі бақылау және барлық тартылған ұйымдардың жұмысын үйлестіру арқылы ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін жақсарту.Қатысушыларға Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2025-2029 жоспарының жобасы ұсынылды.Жоспар әуе кемелерінің экскурсиялары және ұшу-қону жолақтарына кіру сияқты ұшу-қону жолағын пайдаланумен байланысты жоғары әсер ететін тәуекелдерді азайту бойынша одан әрі шараларды қамтиды.Бұл жұмыс ИКАО азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымы жаһандық деңгейде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік деңгейінде белгіленген ұшу қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.Мұндай форматтағы кездесулер сала өкілдері үшін өзекті мәселелерді талқылайтын, идеялар ұсынатын және ұшуды жерүсті қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды жүргізу торабында туындайтын проблемаларды шешу жөнінде өз көзқарастарымен бөлісетін пәрменді алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878770
Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыс әкімдігіндегі бос лауазымға тағайындалды 16.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Абулғазин Альнур Рүстемұлы Ақмола облысының әкімі аппаратының экономика мәселелері жөніндегі бас инспекторы лауазымына тағайындалды.Альнур Абулғазин 2019 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді. 2022 жылы осы университетте «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін алды.Еңбек жолын жеке секторда ассистент, қаржылық талдаушы ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас сарапшы ретінде жалғастырған.Осыған дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878575
Ақмола оқушыларына арналған алғаш рет «Кіші Көшпенділер ойындары» өткізілді 16.11.2024
Мектеп басшылығының бастамасымен және білім бөлімінің қолдауымен Астрахан ауданы Петровка ауылының мектеп базасында Астрахан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының 5 құрама командасы арасында «Кіші Көшпенділер ойындары» өтті. Аудандық ауқымдағы іс-шараны өткізуге Дүниежүзілік көшпенділер ойындары себеп болды.Мектеп әкімшілігі іс-шараны ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарады. Ойындардың логотипі мен туы жасалды. Мұғалімдер мектепті ұлттық стильде безендірді. Таңертең қонақтар мен қатысушыларды көже-time және бауырсақ - party күтті.Жарыс «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту», «Мас-рестлинг», «қой көтеру» сияқты 6 бағыт бойынша өтті.Сондай-ақ, «қазақша күрес», «гір көтеру», «садақ ату» спорт түрлерінен демонстрациялық қойылымдар көрсетілді.Іс-шараның құрметті қонақтары «Толағай» ұлттық спорт федерациясының өкілдері – PR-менеджер Әнуар Махметов-Петровка ауылының тумасы және әлем чемпионы және армлифтинг пен пауэрлифтинг бойынша рекордшы Арман Сүлейман болды, ол өзінің көрсеткен өнерімен оқушыларды жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандырды.Рекордсменнің айтуынша, Қазақстанда «Кіші Көшпенділер ойындары» алғаш рет өткізілуде. Арман Сүлеймен болашақта олар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін ілгерілетуге көмектеседі деген үмітін білдірді.«Біздің аудандық көшпенділердің шағын ойындарына қатыса отырып, бұрын білмеген қызықты байқауларды өз көзіммен көрдім. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көргеннен кейін менің садақ атуға деген қызығушылығым артты. Мен әкеммен садақ атуды үйрене бастадым. Бүгін ашылу салтанатында мен не үйренгенімді көрсеттім. Көшпенділердің бай мұрасын тереңірек түсініп, олардың батылдығы мен шеберлігін сезінуге мүмкіндік алдым», - деп бөлісті Петровка мектебінің 4 сынып оқушысы Дінмұхаммед Ардақұлы.Нәтижесінде командалық есепте Астрахан мектебінің көшпенділері чемпион атанып, Жалтырдан келген оқушылар екінші орын, Колутон жоғары сынып оқушыларының құрамасы үздік үштікке енді.«Ауданда ұлттық спорт түрлерімен барлық мектептер қамтылған. 40-тан астам үйірме жұмыс істейді. Бес асық, тоғызқұмалақ, асық атудан жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларын спортпен жалпы қамту 91% құрайды», - деп атап өтті Астрахан білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.Айта кетейік, мектептің іс-шарасын жергілікті бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қолдады: «Петровка» ЖШС Виктор Ком, «Ищанов Д.К.» ШҚ басшысы Раймбек Ищанов, «Сайдаев Р.» ШҚ басшысы Рустам Сайдаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878542
ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛЕРЕЯ ҰСЫНЫЛАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті еліміздің мақтанышы болған педагогтердің есімін ұлықтап, олардың еңбегін ерекше атап өту мақсатында арнайы стенд әзірлейді.Бұл стендте «Қазақстанның Еңбек Ері»және «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген ұстаздардың суреттері мен есімдері көрнекі түрде көрсетілген. Аталған бастама білім саласындағы майталман мамандардың еңбегін бағалап, жас буынға үлгі етуге бағытталған.Бұл галерея ұстаздарды ғана емес, жалпы педагог мәртебесін асқақтатуға арналған. Түркістан облысы ұстаздарының жетістіктерін насихаттай отырып, жас ұрпақты білім мен тәрбие жолында үлгі тұтуға бағыттайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласына сіңірген елеулі еңбектері үшін осы ұстаздарды арнайы марапаттаған болатын. Бұл – олардың ұлт болашағы үшін атқарған еңбектерін мойындап, оларға көрсетілген құрметтің белгісі. Осындай ерекше марапат алған педагогтер елдің ең бағалы қазыналарының бірі және олардың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.Айта кетейік, алдағы уақытта бұл шара жалғасын табады деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878444
«Даму» қоры бағдарламалары бойынша ақпараттық қолдауды 1408 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. 16.11.2024
Байланыс орталығының операторлары субсидиялау, кепілдік беру және несиелеу бағдарламалары бойынша кеңес береді, субсидиялар мен кепілдіктерге өтінім беру механизмін түсіндіреді, сондай-ақ «Даму» Қорының серіктес қаржы ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың бар-жоғы туралы ақпарат ұсынады.Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қоңыраулар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878445
ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.Іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы таяуда Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері атанған белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекке құрмет көрсетіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ҚХА мүшесі, Қазығұрт аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жавлон Сәбитов және ҚР Президентінің Алғыс хатымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова марапатталды.Сондай-ақ Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Яша Чилингаров пен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ҚХА мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова және «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Тельман Бейсенге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты табыс етілді.Жиын соңында марапат иелері береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878446
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде ерекше қонақжайлық көрсеткен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен біртуған қырғыз халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Ынтымақ Ордо» ғимаратында өтіп жатқан алқалы жиын Түркі мемлекеттері ұйымының 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды.– Бұл – мерейлі белес. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Түркі мемлекеттері ұйымы аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналды. Оның әлемдік мәртебесі артты. Бұл – ең алдымен, берекелі бірлігіміздің, ортақ күш-жігеріміздің арқасы. Осы басқосу ырысты ынтымағымызды одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.Президент еліміздің Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы аясында атқарылған шараларға тоқталды.– Қазақстан Ұйымның іс басындағы төрағасы ретінде «TURKTIME!» ұранын көтерді. Түбі бір түркі жұртын біріктіруге баса мән бердік. Жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудардық. Осы уақыт аралығында нақты жетістіктерге қол жеткіздік. Бірқатар жобаны жүзеге асырдық. 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Байрақты бәсеке Ұлы дала өркениетін жер-жаһанға танытты. Түркі әліпбиінің ортақ нұсқасы бекітілді. Мұны тарихи оқиға деуге болады. Былтыр Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылдадық. Оның ережесі бекітілуге дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пікірінше, ұйым аясында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы байланыстар да беки түскен.– Түркі инвестициялық қоры өз қызметін тиімді жалғастырып келеді. Мұны түркі интеграциясын тереңдетуге бағытталған қадам деп бағалаймын. Бүгінгі саммитке қырғыз бауырларымыз «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбын ұсынып отыр. Бұл ұсыныс бәріміздің мүддемізге сай келеді. Соңғы 10 жылда ұйым мүшелері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсті. Биыл өзара сауда айналымы 45 миллиард доллардан асты. Осы көрсеткішті әлі де ұлғайтуға болады. Оған мүмкіндігіміз жетеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-саттықты жандандыру өте маңызды деп санайды.– Түркі әлемін экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендету үшін Орта дәліздің әлеуетін толық пайдаланған жөн. Оның стратегиялық мәні бар. Сондықтан тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет. Мұндай қадам тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Ұйымға мүше мемлекеттер бұл бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін, – деді Президент.Мемлекет басшысы қаржы-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бағытта Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарып келеді. Сонымен қатар тараптардың Орталық банктер кеңесін құру туралы бастаманы бірауыздан құптағанын жеткізді.Президент адам капиталын дамытуды аса маңызды міндет ретінде атады.– Түркі өркениетін жаңғырту үшін адам ресурстарын тиімді пайдалану керек. Дарынды жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау қажет. Ғылым-білім саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейткен жөн. Былтырғы Саммитте елдерімізде беделді университеттеріміздің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс айтылды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын «Цифрлық экономикадағы әріптестік туралы» келісімді Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері үшін мәні зор құжат деп бағалады. Сондай-ақ түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатында кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыру қажет екеніне назар аударды.Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында саммит аясында жасалатын келісімдер түркі мемлекеттерінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, Ұйымға төрағалық ететін Қырғыз еліне табыс тіледі.Саммитте Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.Сондай-ақ Түркі елдерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды.Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:1. Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;2. «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;3. Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;4. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;5. Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;6. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;7. «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;8. Түркі мемлекеттері ұйымының туы жөніндегі шешім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878463
ТҮРКІСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды. Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаланы Бас жоспарға сай дамытып, бірыңғай сәулет үлгісін қолдану керектігін жеткізді. Көгалдандыру, ағаштарды көбейту және бос жатқан жерді тиімді әрі сапалы игеруді тапсырды.– Түркістанның өзіндік дизайны, сәулет үлгісі болуы керек екенін білесіздер. Әр жобаны жіті зерделеп, сәулетшілердің талқысынан кейін ғана жүзеге асыру керек. Әлеуметтік нысандар, демалыс орындары, саябақтар және өзге де ғимараттар бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.Өңірдің сәулеті талқыланған жиналыста 17 жоба қаралды. Қалалық мәдениет үйінің қасбеті, қалаға кіреберіс тұстағы тұрғын үйлер, абаттандыру жобалары да сараланды. Сонымен бірге ескек есу каналының маңын ірі туристік орталыққа айналдыру, аквапарк, қонақ үйлер салу мәселесі талқыға түсті. ІТ парк салу, қосымша білім беру орталықтары ғимараттарын салу туралы да ұсыныстар қаралды. Жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестициялар да тартылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878487
«БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР» ЭСТАФЕТАСЫ «БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» БАЙҚАУЫНА ҰЛАСТЫ 16.11.2024
Қазақта «Жақсы сөз – жан азығы» дейтін салмақты ұғым бар екені ақиқат. Ата-бабадан келе жатқан дәстүр сабақтастығына адал халқымыздың дүниетанымында аталы сөздің төресі – баталы сөз деп те айтылады. Хәкім Абайдан қалған өсиетте «Істің нәтижесі оның қалай аяқталғанынан емес, қалай басталғанынан білінеді» деген тағлымды толғам мәңгілік мұра-мирасымыз боп қалған.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғасырлар бойы жинақталған мәдениетіміз бен құндылықтарымызды дәріптеу, тұрғындардың отансүйгіштік санасын қалыптастыру мақсатында ұлттық дәстүрден қол үзбеген өлке ретінде Түркістан облысы партияластарымыздың арасында «Баталы елге бақ қонар» эстафетасын өткізіп, аудан қалаларда «Батагөй қария» байқауларының өтуіне ұйытқы болды.Ресми деректерге сәйкес, қазыналы жұрт болып айқындалған Түркістан облысында бүгінгі таңда 200 мыңға жуық адам – аға буын өкілдері санатына жатады екен. Өңіріміз бойынша 60-тан астам қарияның өмірлік белесі – жүзге жеткен және одан асып, ақылшы даналарымызға айналған. Алдыңғы буын аға ұрпақтың ізімен келе жатқан жаңа толқын жастардың үлесі облыс бойынша 650 мың адамнан асады. Өсудің, өркендеудің маңызды көрсеткіші болған осы деректерден-ақ, ежелгі Түркістан топырағы әрі көне, әрі жас, көпті көрген шежірелі, көпті берер тағлым мекені боп қала беретіні айқын.Партияның өңірлік филиалының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан төріндегі Конгресс холл кешеніне облысымыздың әр қиырынан жүзінен мейірімі, жүрегінен әділдігі төгіліп тұрған қазына кеуде қариялар жиналды. Өңіріміздің 17 аудан, қаласынан келген ел ағалары ордалы ой айтып, ұтқыр байлам жасай білуімен «Батагөй қария» байқауының аймақтық деңгейдегі сайыстарының жеңімпаздары сапында түйгені мол, танымы терең қариялар екенін көрсетті.Тәрбиенің тұнық бастауындай болған дала өркениетінің алтын бесік мекені Түркістанда өткен «Батагөй қария» байқауының шешуші, облыстық деңгейдегі ақтық кезеңінің ашылуында сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ерекше іс-шара өтіп жатқанын айта отырып, бата беру дәстүрі құндылығы мен киесі қатар жүретін қасиетті ұғым екенін білдірді. «Партияның бастамасымен қолға алынған тағлымды бастама өміршең болуы қажет, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деген сенімдемін. Бата бұл ақ тілек, боямасы жоқ ақ ниет. Бата халқымызды имандылыққа ұйыстырады, ауызбіршілікке шақырады, бірлікке бастап, ынтымаққа жетелейді, жақсылыққа жігерлендіреді. Жақсы сөздің тылсым күші қуатты болады. Қуатымыз сарқылмасын!», - деп ақ тілегін жеткізді Жеңісбек Мәуленқұлов ағамыз.Аға ұрпақтың тәжірибесі, өмірлік жолы – кейінгі буынға үлгі-өнеге екенін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев мәлімдеді. Еңбегі елеулі, елге сыйлы, ерен ойлы, парасат-пайымы биік, данагөй қазыналарымызды ортақ ырысымызды арттырған ел ағалары деп бағалады. «Сіздерді партиямыздың «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» жобалары аясындағы «Батагөй қария» облыстық байқауында көргеніме қуаныштымын. Қасиетті өңірімізде ата салтын ардақ тұтқан, айтар сөзін салмақтай білетін, жастарға ағалық етер өнегесі бар, аузы дуалы қарияларымыз көп деп білемін. Түлкібас ауданынан бастауын алып, кейіннен облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілген «Батагөй қария» байқауы осыған куә, байқауда айтылған көптеген ақ баталы тілектер оған дәлел деп нық сеніммен айта аламын», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.Байқау шарты бойынша оған қатысушылар екі кезеңдік тапсырмаларды орындап шықты. Оның біріншісініде қариялар «Ел бірлігі – Аманаттың мұраты» тақырыбы аясында елдің береке-бірлігін арттыру, ынтымақ-татулыққа шақыру бағытындағы ақ тілектерін білдірсе, екінші кезеңде ел ағалары еркін тақырыпта тәлім-тәрбиелік мәні бар баталар топтамасының тиегін ағытты.Байқаудың қазылар алқасына Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жетекшілік етті. Айта кету керек, бата сайысқа қатысқандардың ішінде Жетісай ауданынан 94 жасқа келген Қалмұрат Құлханов байқаудың ең көнекөз қариясы деп танылды. Іс-шара қатысушылары мен көрмендеріне халық әндерінен, Шәмші Қалдаяқовтың жыр мұраларынан концерттік бағдарлама да ұсынылды. Қазылар алқасының шешімімен Түлкібас ауданынан келген Жарылқап Бекжанов ағамыз І-орын алса, Созақ ауданынан келген қария Өтепбай Имашов ІІ-орын иегері деп танылды. ІІІ-орынға Сауран ауданының ардагері Өтеген Ашенов ақсақал лайықты деп танылды. Ал, жетісайлық 94 жастағы қария Қалмұрат Құлханов пен сарыағаштық ақсақал Есенәлі Аманбаев арнайы жүлдені иемденді. Барлық жүлдегерлерге қазақ дәстүрімен иығына шапан жабылды, естелік кәдесыйлықтармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.Текті тәрбиенің өзегі болған бата дәстүрі түркілердің төрі болған Түркістанда осылайша жаңғырды. Бір ауыз сөзімен дүйім жұртты өзіне қаратқан, сөзін тыңдатып, орнықты ойын орнатқан абыздардың мәңгілік дамыл тапқан мекені, алдағы уақытта да елдің береке-бірлігіне үздіксіз қызмет ете береді деген сенімдеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878403