Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Мағжан Табылдин 1990 жылы туған. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған. Әр түрлі жылдары аталған аудандағы Мәдениет үйінде әдіскер, Жастар орталығының директоры, Баскөл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 2019-2023 жылдар аралығында Курчатов қаласы әкімінің аппарат басшысы болған. Ұлытау облысына тағайындалмас бұрын Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/878259
Ұлытау облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Дастан Есенбеков 1986 жылы туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, Қарағанды облысы Мемлекеттік активтер және сатып алулар департаменті заң бөлімінің басшысы болған. 2018-2022 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. Ұлытау облысы құрылған алғашқы кезден бастап, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/878265
Қазақстан ИКАО-мен қоғамдастық шеңберінде жасыл авиаотын өндіретін болады 16.11.2024
Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE "Green Airports" компаниясымен бірлесіп ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтуде.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің (ACI Europe) Бас директоры Оливье Янковец, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысуда.ICAO «Green Airports» аймақтық семинары тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы аз әуежайларды дамытуға қатысты маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өз сөзінде: «Қазақстан авиацияның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған «Green Airports» ACI бастамасын белсенді қолдайды. Біздің еліміз БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын, Киото хаттамасын және Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 16-қосымшаны қоса алғанда, бірқатар халықаралық міндеттемелерді орындайды. Біз сондай-ақ ИКАО-ның 2050 жылға қарай халықаралық ұшулардан таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу мақсатына деген міндеттемесіміз туралы айтамыз және осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп айтты.ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтық бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло өз сөзінде: «Тұрақты даму мақсаттарының бірі – 2060 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын нөлге дейін азайту. Бұл өте өршіл мақсат, сондықтан барлық қатысушы тараптардың уақтылы әрекеттері маңызды. Климаттың өзгеруі – өте маңызды мәселе. Бұл экология тұрғысынан жұмыс істеудің маңызды қадамдары ғана емес, мұның бәрі тұрақты даму мақсаттарына бағытталған. Бұл әсіресе теңізге шыға алмайтын елдер үшін өте маңызды. Осы мәселені шешуде барлық елдер бірігуі керек. Осы ретте авиация бәрінен озық болып, жұмыс істейтін драйвер болып табылады».Еуропа Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI Europe) бас директоры Оливье Янковец: «Авиация климаттың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Әлемнің әуежайлары шығарындыларын азайту бағдарламасын қолдайды және біз әртүрлі шараларды қолдану арқылы көміртегі ізін азайтуға тырысамыз. Осыған байланысты көптеген қиындықтар бар. Таза энергияға және қауіпсіз отынды пайдалануға көбірек қол жеткізген сәттен бастап, жасыл авиациялық отын жетекші орынға ие болады. Біз кейбір елдердің осы тұрғыда көшбасшы екенін көріп отырмыз, бірақ мен Орталық Азияның барлық елдерін SAF саясатына сәйкес қосылып, жұмыс жасағанға шақырамын».Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева: «Green Airports» бастамасы авиация саласының тұрақты дамуы үшін маңызды. Ол әуежайлардың экологиялық әсерін азайтуға бағытталған, бұл әсіресе климаттың өзгеруі жағдайында маңызды. Таза технологияға көшу, ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін енгізу көміртегі ізін айтарлықтай төмендетуі мүмкін".Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду: «Қазақстанның авиациялық билігі әлемдік авиация саласының алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша жаһандық қоғамдастықтың бірыңғай мақсатына адалдығын атап көрсетеді. «Жасыл» әуежайлар, экологиялық таза авиациялық отынды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану біздің тұрақты даму бағытымызды анықтайды».«Green Airports» семинары авиация саласының таза энергия көздеріне көшуіне, тұрақты инфрақұрылым құруға және энергия тұтынуды азайту үшін әуежайлардың операциялық қызметін оңтайландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылады. Әуежайлардың өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделуіне ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878256
Жыл соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады. Кәсіпорындар тежегіш төсемдерін (Астана ) және темір жол құрамдары үшін серіппелерді (Қостанай) шығаратын болады. Жобалардың жалпы құны - 2,9 млрд теңгені құрайды. Оларды іске қосу 96 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.Жаңа кәсіпорындар өнімінің шамамен 80 % - ы экспортқа бағытталып, қалған бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жоспарланған екі жобаның толық қуаттылығына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 4,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда.«Жалпы теміржол машина жасау саласындағы инвестициялық портфель құны 218 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді», - делінген дирекция хабарламасында.Сонымен қатар, жүзеге асыру кезеңінде құны шамамен 129 млрд теңге болатын және мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 6 жоба бар. Олардың ішінде, жолаушылар вагондарын, жартылай вагондарды, доңғалақты бандаж өнімдерін, тісті доңғалақтар мен цистерналар өндірісі бар. Өнімдердің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады. Жобалардың басым көпшілігі Павлодар облысы мен Астана қаласында орналасқан.Дирекцияның хабарлауынша, алдағы уақытта салада құны 85,7 млрд теңге болатын және 1,7 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен тағы 9 жоба пысықталуда. Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, құйылған үдеткіш арқалықтар, бүйірлік рамалар, теміржол доңғалақ жұптары, вагондарға арналған қосалқы бөлшектер, термос вагондары және басқа да өнімдер өндірісін іске қосу жоспарлануда.Салаға инвестиция тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейлерде арнайы-экономикалық аймақтар шеңберінде инвестициялық преференциялар, несиелеудің жеңілдікті шарттары, салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/878250
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында жерлесіміз топ жарды 16.11.2024
Қарағандылық Владислав Горизанов «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының бас жүлдесін қанжығалады. Іс-шара Ильяс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналып өткізілді. Түрі бөлек болса да жүрегі бір азаматтар арасындағы байқау Талдықорған қаласыда өтті. Еліміздің 16 өңірінен келген этнос өкілдері білімдерін ортаға салды. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды орындап, түрлі сұрақтарға жауап беруі керек. Үміткерлердің тек қазақ тілін меңгергендері аздық етеді. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрді жатқа білулері тиіс.Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің маманы Владислав Горизановтың бұл бірінші жеңісі емес. Ол бұған дейін ұйымдастырылған түрлі байқауларда жүзден жүйрік шығып жүрген азамат.– Байқауда мен өзімді жыр жолдарымен таныстырдым. «Абайдың қара сөзін» оқыдым, домбырада күй шерттім. Әр кезең үшін ұпайлар берілді. Бас жүлде иегері деп менің есімімді атағанда таң қалдым. Себебі қарсыластарым өте мықты болды. Олардың арасында тіпті қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері де болды. Тартысты бәсекеге қарамастан, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, – дейді Владислав Горизанов.Владислав Горизанов 7-сыныптан бастап қазақ тілін үйрене бастайды. Ата-анасы оны қазақ мектебіне оқуға берген. Кейінірек ол жоғарғы оқу орнына түскенде мемлекеттік тілде оқуды таңдайды. Владиславтың айтуынша, қазақ тілін үйрену қиын емес. Тек ниет пен табандылық керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878041
Қарағанды облысының экономикасына жыл басынан бері 680 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды 16.11.2024
Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді. Өнеркәсіптік өндіріс пен инвестиция көлемі өсуде. Екі жаңа кәсіпорын жұмыс істей бастады. Бұл полиэтилен құбырларын өндіретін және болат су жылытатын газ қазандықтарын шығаратын кәсіпорындар. Тағы сегіз жоба іске қосылады деп күтілуде. Қарметке жаңа инвестордың келуімен тоқтап тұрған кеніштер қалпына келтірілді. Жаңа инвестордың келуімен Qarmet компаниясында жұмыс істемеген шахталар қалпына келтірілді.Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.– Жыл басынан бері облыстың экономикасына 679,1 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл өткен жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда 14,6 %-ға артық. Облыс картасында екі жаңа кәсіпорын пайда болды. Жыл соңына 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған тағы 8 жобаны іске қосамыз. Бұл 2600 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ірі жобалардың қатарында мыс және ферросилиций өндіретін зауыттар бар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Оның айтуынша, жыл басынан бері экономиканың өсуі 13,1 % құрады.Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 трлн теңгеден асты. Негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл 2,2 трлн теңге.Облыс әкімі Qarmet компаниясының қызметіне жеке тоқталды.– Өздеріңіз білетіндей, былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірдегі ең ірі Qarmet кәсіпорнында инвестор ауысып, алып кәсіпорында қайта жаңғыру басталды. Металлургиялық комбинатта шойын, болат және жалпақ прокат өндірісі артты .Жаңа инвесторға ауысқан кезде сегіз шахтаның үшеуі ғана жұмыс істеп тұрған еді. Қазір жеті шахта жұмыс істеп тұр. Ұңғыма кенжарларының саны 11-ден 45-ке дейін ұлғайтылды. Бұл болашаққа арналған негіз, ол шахталардың көп жылдар бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Кеншілердің қауіпсіздігі үшін іздеу және позициялау жүйесі енгізілді. Қазір бұл жүйе «Қазақстан» және «Күзембаев» атындағы екі шахтада жұмыс істейді. Келесі жылы барлық шахталар қамтылмақшы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877893
Қарағанды облысында агроөнеркәсіп секторының даму қарқыны қандай 16.11.2024
Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық өнім жиналды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша Қарағанды облысы елімізде жетінші орында тұр. Жергілікті фермерлер тек облыстың ғана емес, Астананың да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Аграрлық саланың әлеуетін одан әрі қалай арттыра түсетінін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.– Аграрлық өнеркәсіп кешеніне жыл соңына дейін 23 млрд теңгеден астам сомаға 30 инвестициялық жоба іске асырылады. Ауылдарды дамыту аясында "Ауыл аманаты"жобасын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы бағдарламаның тиімділігін атап өтті. Біздің облыста "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 483 шағын несиеге 4,4 млрд теңге бөлінді. Оның жартысы мал шаруашылығын дамытуға, қалған бөлігі ауыл тұрғындарының бизнес – жобаларына бағытталған. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 816 жұмыс орны ашылып, 60-тан астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды, – деді облыс әкімі.Ол ауылшаруашылық кооперациясын қолдаудың сәтті мысалдарын келтірді. Актогай ауданындағы «Saq NS» СК неміс технологиясы бойынша бие сүтін өндіретін цех ашып, ай сайын 30 тонна қымыз өндіреді. Қарқаралин ауданындағы «Мәди-Агро 7» СК ет өндірісін арттырып, өнімдерін Qarmet компаниясы тұтынып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877908
Жұмыс істейтін әр-бір екінші қарағандылық кәсіпкерлік саласында еңбек етеді 16.11.2024
Қарағанды облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 230 мыңнан асты.Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.– Қарағанды тек көмір және болат шығаратын алып өндіріс ошағы деген стереотип қалыптасты. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы жаңаланып өзгерді. Бүгінгі таңда Қарағанды – сауда мен қызмет көрсету саласының жоғары үлесі бар үлкен орталық, агломерацияның негізіне айналды. Біздің облыста жұмысы бар екінің бірі кәсіпкерлік саласында, – деп атап өтті өңір басшысы.Кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау септігін тигізуде.Облыс әкімі мысал ретінде «Іңкәр 1» металл өңдеу кәсіпорнын келтірді. Мемлекеттің көмегі арқасында ол бес жұмыс орнын 115-ке дейін көбейте алды.– Біз елімізде алғашқылардың бірі болып бөлшек салықты 2% - ға дейін төмендеттік. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің, бөлшек салық төлеушілердің саны 16 есеге өсіп, 2,5 мыңға жетті. Осы жылдың 8 айында ШОБ салықтық түсімдері 16%-ға өсті, – деп толықтырды Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877918
Саран: моноқаладан экономикалық табысқа дейін 16.11.2024
Қарағанды облысында Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады. Бұл Saran индустриялық аймағын дамытудың нәтижесі. Бұл тәжірибе басқа да моноқалаларды дамыту үшін үлгі болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.– Қарағанды облысындағы индустриялық жаңғырту саласындағы табысты бастама Саран қаласында жүзеге асты. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен қала экономикасын әртараптандырудың үлгісіне айналғанын айтқым келеді. Ол моноқала мәртебесінен шығарылып, алғаш рет тарихта айтарлықтай салықтық түсімдер бере бастады. Қазір өнеркәсіп өндірісінің 93,2%-ы өңдеу саласына тиесілі. Бұл ең алдымен Saran индустриалды аймағын дамыту нәтижесінде мүмкін болды. Қазіргі таңда 400 млрд теңге көлемінде 9 жоба іске асырылып жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Жүзеге асырылған жарқын жобалардың арасында облыс әкімі автобус шығару, автомобиль дөңгелектері мен тұрмыстық техника өндіретін зауыттарды ерекше атап өтті.– Президенттің тапсырмасы бойынша бұл тәжірибе біздің облысымыздың басқа моноқалаларында – Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай қалаларында да енгізілуде, – деп хабарлады өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877904
Қарағанды облысы – логистикалық хаб деңгейіне жетті: бизнес пен сауда үшін жаңа мүмкіндік 16.11.2024
Қарағандыда электрондық сауда үшін заманауи сауда-логистикалық қойма ашылады. Облыстың екі әуежайы жаңғыртылады. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Бұл Қарағанды өңірінің логистикалық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған оң қадамдар. Осы тың бастаманың арқасында бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Жүк тасымалының көлемі ұлғаяды және тұтастай алғанда транзиттік тартымдылық артады.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бүлекпаев логистиканы өңірдің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атап өтті. ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ жетекшісі логистика облыс пен елдің экономикалық тұрғыда дамуындағы маңызды драйвері деп атап өтті. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары мен перспективалары туралы баяндады.Қыркүйек айында Қарағандыда Teez маркетплейсі жұмысын бастады. Қойма терминалдың ашылуы өңірдегі электронды сауданың дамуын жеделдетті. Платформаның қуаттылығы – жылына 27 миллион тапсырыс. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін ынталандырады.Қарағандыда халықаралық логистиканы дамыту үшін жергілікті әуежайды жаңғырту қажет. Уақыт өте келе әуе айлағы жылына 50 мың тонна жүк тиейтін жүк терминалына айналады. Бүгінде ол Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытайдан Еуропаға ұшатын әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарлануда.Балқаш әуежайын қайта құру маңызды жоба. Болашақта бұл әуежайдың өткізу қабілетін 30%-ға арттырып, басқа өңірлермен әуе қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.Логистиканың дамуы үшін автомобиль жолдарының сапасында мін болмауы керек. Биыл Қарағанды облысында 1032 километр жол жөнделді.Ірі жобалардың бірі Қарағанды – Балқаш автожолын реконструкциялау. Онда жоғарғы қабатына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды және трассаны қалыпқа келтіру шаралары жүріп жатыр.Қарағанды – Қарқаралы автожолының 115 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 85 шақырымды қайта қалпына келтіру жұмысы жалғасады. Осылайша, Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі ұзындығы 200 шақырым жол толығымен жаңаланады.2025 жылы Қарағанды – Жезқазған республикалық жолын қайта жаңарту басталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877927
Қарағанды облысында жылумен қамту бойынша 14 жоба қолға алынды 16.11.2024
Қарағанды облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында 31,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда. 17 шақырым магистральдық жылу желілері ретке келтірілді. Бұл желілердің тозуын 64,4%-ға дейін төмендетеді.Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында соңғы 30 жылдағы ең ірі жобалардың бірі қолға алынуда. Бұл Қарағанды қаласындағы үшінші жылу беру нүктесінің құрылысы.– Қазан айында жылу магистралі іске қосылады. Жоспар бойынша жеті жыл ішінде үшінші жылу нүктесінің жылуы 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ете алады. Яғни 20 мыңнан астам пәтерді қамтиды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Сонымен қатар, шалғайдағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 14 ауыл сапалы сумен қамтылды. Қазір ауыз су құбыры бір жарым мың тұрғынның үйіне тартылды. 26 ауылда шағын блок-модульдер орнатылуда. Бұл ілкімді шаралар облыс халқының 97,6%-ын сапалы сумен қамтуға жол ашты.Сондай-ақ, жеке секторды газдандыру жұмыстары жалғасуда. Газ желілері 7621 үйге тартылды. Оның 3573-і табиғи газға қосылған.Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқыны өсуде. Осы жылдың 9 айында 380,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бұрынғыға қарағанда 4,7%-ға көп. Жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл мыңдаған отбасын, соның ішінде әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.Ермағанбет Бөлекпаев кәсіпкерлердің тұрғын үй құрылысындағы маңызды рөлін атап өтті. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, ауылда үйлер тұрғызуда. Қазірдің өзінде 55 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни, 755 пәтер салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877956
Қарағанды облысында ауыл медицинасының даму әлеуеті қалай 16.11.2024
Барлығы үшін тең мүмкіндік. Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімді бола бастады. Биыл ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды.ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.– Президент медициналық қызмет көрсету сапасы арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды, –деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал келесі жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз.Аймаққа білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкер баспаналы болды. Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгіне 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкерге көмек көрсету жоспарланып отыр.Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алу үшін "Қазақстан халқына" қоры қаржыландырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877979
Қарағанды облысының білім нысандары жұмысшы мамандығын даярлайтын орталыққа айналады 16.11.2024
Қарағанды облысының колледждері өнеркәсіп үшін сапалы кадрлар даярлап, білім беру мен өндіріс орындары арасындағы өзара әріптестікті нығайта түсті. Өндірісті аймақ сегіз жетекші техникалық бағыт бойынша орта мамандандырылған мекемелерді кластерлеуді бастады.Жергілікті кәсіпорындарда жас мамандар жұмысшылар қатарын толықтырады. Өңірде өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларында мыңнан астам өндіріс ошағы бар. Оларда әртүрлі мамандықтар бойынша 200 мыңға жуық жұмысшы еңбек етеді.– Біздің облыс үшін келесі жылды Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны өте маңызды. Облыс жастарының 60%-ы түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейді, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. – Сондықтан біз Қарағанды облысын еліміз үшін жұмысшы мамандықтарын даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар бар: Орта кәсіптік білім берудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Бірнеше жылдық тарихы бар колледждер сақадай сай. Білім мен тәжірибені ұштастыратын өндірістік кәсіпорындар жеткілікті. Оқытушылар құрамы білікті.Жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру – облыстағы басым бағыттардың бірі. "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша облыста 10 оқу орнын салу жоспарланған. Құрылыс 2023 жылы басталды. Биылы оқу жылында Қарағандыда екі жаңа мектеп ашылды. Олардың бірі жайлы мектеп. Жыл соңына дейін тағы бес жаңа жайлы мектепті іске қосу жоспарланған.Қарағанды қаласындағы шағын ауданында заманауи оқушылар сарайы, ал Осакаров ауданында өнер сарайы ашылды.Педагкотарға да белсенді қолдау көрсетіледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында биыл ауылда еңбек етуге келген 140 мұғалім көтерме жәрдемақыға ие болды.«Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруы арқасында облыста білім беру саласында мектептерді жаңғырту, жөндеу, спорт алаңдарын салу бойынша төрт жоба іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878002
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 7 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫН АШАТЫН 192 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖАСАҚТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қалаға іргелес аумақтарда тарихи және көне ескерткіштердің орналасуына байланысты туризм дамып келеді. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың болуы да облыс орталығын ерекшелендіріп отыр. Өңір басшысы қала дамуына қажетті инфрақұрылымның төмендігін алға тартып, жан-жақты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.– Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі де бекер емес. Облыс орталығында халық саны артып келеді, жұмыс күші де жеткілікті. Барлық жағынан дамуға мүмкіндік бар. Халықаралық әуежайдың салынуы, «Батыс Европа – Батыс Қытай» автодәлізі мен теміржол торабының бойында орналасуы туристерді көптеп тартуға серпін береді. Жуырда өткен инвестициялық форумда біраз келісім жасалды. Соның өзі шаһардың экономикасын көтеруге үлес қосады. Бірақ мұнымен шектелмей, инвестиция тартуды тоқтатпау керек. 2030 жылға қарай Түркістан өзін-өзі қаржыландыратын шаһарға айналуы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Жиын барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қала халқы 234 мыңнан асты. Экономикалық белсендісі 83 мыңнан асса, оның жұмыспен қамтылғаны 80 мыңға жуықтаған. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 30 мың адамнан асып отыр. «Қаланың жалпы өңірлік өнім көлемін 2030 жылға қарай 2,8 есе арттырамыз», дейді қала әкімі.Соңғы 4 жылда қала экономикасына 1,3 трлн. теңге инвестиция тартылған. Алдағы 6 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін 4,6 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.Талқылауда Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Облыстық туризм басқармасының басшылары баяндама жасап, ұсыныстарын жеткізді.Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.Индустриалды аймақтың аумағы 190 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда индустриалды аймақта жалпы құны 10,5 млрд. теңге болатын 954 жұмыс орнымен 21 жоба іске асырылған. Сонымен қатар алдағы жылдары құны 15,8 млрд. теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жобаны іске асыру жоспарлануда.Алдағы жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі жылдық орташа өсім 17 пайыз болады деп болжамдануда. Жеке инвестициялық жобалар есебінен құрылыс жұмыстарына құны 243,9 млрд. теңгені құрайтын, 2552 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 136 жоба қарастырылуда. Қаланың жалпы өңірлік өнімінің негізгі бөлігін көтерме және бөлшек сауда құрайды. Салаға 6 млрд. теңгені құрайтын, 340 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 жобаны ұйымдастыру көзделген.Қаланы дамытудың негізгі басым бағыты – туризм. Салаға соңғы 2 жылда 74,2 млрд. теңге инвестиция тартылса, биыл 53,5 млрд. теңгеге жетеді деп көзделіп отыр. Алдағы уақытта 145 млрд. теңгені құрайтын, 955 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 13 жобаны іске асыру жоспарға енгізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878017
Бұқар Жырау ауданында су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жұмыстары басталып кетті 16.11.2024
Бұқар Жырау ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық жаз мезгілінде басталды. Су басу қаупі төнген аумақтарда жүргізілген жұмыстар жайлы ТЖ бөлімінің басшысы мәлімдеді. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін аумақтар топырақпен толтырылды, арналар қазылып, су өткізгіштер орнатылды. Көктемде Жастілек ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі төнді. Сондықтан аталған учаскеге түсетін қардың еріген суының өтуін жақсарту үшін мамандар арықты кеңейтіп, тереңдетіп, қосымша үш құбыр орнату шешімін қабылдады.Ғабиден Мұстафин кентінде және Нұра станциясында қорғаныс құрылыстарын күшейту үшін ұзындығы 330 метр жаңа білік салынды. Бұндай шаралар Ынтымақ және Сарытөбе ауылдарында да жүргізілді.– Қазіргі таңда Сарытөбе ауылындағы Новостройка көшесінде қорғаныс бөгетінің құрылысы аяқталуда. Жаңаталап ауылындағы қорғаныс бөгеттердің шөгіп қалған бөлігі нығайтылып, оны көтеру жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда жұмыстың 90 пайызы аяқталды, – дейді Бұқар жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерсін Жүнісбеков.Самарқанд су қоймасынан жыл сайын су ағынының артуына байланысты Чкалов ауылын да су басу қаупі бар. Нұра өзенінің бойында бөгет салу арқылы аталған аумақтағы бөгеттерді нығайту шешім қабылданды.Сонымен қатар, Теміртаудан басталған тазарту құрылғысының каналы Нұраға қарай бұрылды. Жаңа жасалған каналдың ұзындығы 300 метрді құрайды. Бұл мамандардың пікірінше, су тасқынының қауіпін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. 14 мыңнан астам тонна инертті материал дайындалды. Бұл буталы тас, тау жынысы, құм, щебень және қаптама. Қауіп төнген жағдайда, материал су тасқынының алдын алу үшін қолданылатын болады.Сонымен қатар, Ботакара кентіндегі Төреғожин көшесінде жаңбыр суын өткізетін жүйенің құрылысы аяқталды. Байкадам су қоймасының су өткізу учаскелері нығайтылды. Бастысы басқа да су тасқыны қаупі бар учаскелеріне қажетті жөндеу жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878031
Орталық Азияда алғаш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды 16.11.2024
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫАрмения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EАCAC) қатысушы елдердің авиациялық билігі өкілдерімен Алматыда алғашқы отырысын өткізді.EАCAC әлемдік сала институттарымен – ИКАО, Еуропалық комиссия, ИАТА және басқа да халықаралық ұйымдармен жұмыс шеңберінде өз ұстанымын шоғырландыруға мүмкіндік береді.Байқаушы мемлекет ретінде отырысқа Моңғолияның авиациялық билігінің өкілдері қатысты.Отырысты Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ашты. "Еуразия өңірінде алғаш рет азаматтық авиация саласында осындай деңгейдегі ұйым құрылуда. EACAC елдеріміздің авиациялық билік орындарына тиімді өзара іс-қимыл жасауға, ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, формальдылықты жеңілдету, орнықты даму, авиациялық персоналды даярлау саласында тәжірибе, білім және озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді және, ең бастысы, болашақ сын-тегеуріндерге дайындық кезінде проблемалық мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін негіз жасайды", - деп атап өтті вице-министр.EACAC-тың негізгі мақсаты – тиімді үйлестіру мен өзара іс-қимылды жеңілдете отырып, Еуразия аймағындағы мүше елдердің авиациялық билік орындары арасында ынтымақтастық платформасын құру. Осы мақсатта іс-шараға қатысушылар Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын құру туралы декларацияға қол қойды. Қазақстан тарапынан құжатты ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева куәландырды.Өз сөзінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду: "Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы халықаралық авиациялық қоғамдастықта пікірлер бірлігі мен мықты өкілдікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріміздің күш-жігерін жақсырақ үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл бастама үкіметтерден де, саладан да айтарлықтай қолдау алды. Біз қазір салалас – ACAO, AFCAC, ECAC, LACAC – және негізгі халықаралық ұйымдармен серіктестігімізді нығайта бастадық".Іс-шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігін оқыту жөніндегі Excellence Center жобасының, сондай-ақ "ЕАСАС инспекторлар базасы" бірыңғай платформасын құру жөніндегі шешімдер тұсаукесерлері өтті.Отырыс қорытындысы бойынша EAСАС бас хатшысы болып Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, EAСАС президенті болып Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Тахир Назаров тағайындалды.EACAC міндеттерінің арасында аймақтық ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайту; ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті арттыру, формальдылықты жеңілдету, ұшқышсыз авиацияның тұрақты өсуі мен дамуы үшін жалпы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу, бұл азаматтық авиацияның және басқа да байланысты салалардың тиімді дамуына ықпал етеді; азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын және бүкіл аймақ бойынша ұсынылған тәжірибелерді үйлестіру және енгізу; өңір елдерінің авиациялық мүмкіндіктерін нығайту және олардың халықаралық авиациялық аренада болуын арттыру; техникалық көмек көрсету және авиациялық персоналды даярлауға қатысу, сондай-ақ өңірде техникалық ресурстардың бірыңғай "пулын" құру болыпы табылады.Анықтама: Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын (EACAC) құру туралы бастама алғаш рет 2023 жылғы мамырда "Орталық Азияның тұрақты дамуы мен транзиттік әлеуетін іске асыру жолындағы энергетикалық көшу" атты 1-ші Қазақстандық авиациялық диалогты өткізу шеңберінде айтылды. 2024 жылдың сәуірінде Тулузада (Франция) EACAC жобасы ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесі кезінде ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/877902
Ақмола облысы әкімінің азаматтарды қабылдауы өтті 16.11.2024
Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында тұрғындармен жер қатынастары, инфрақұрылым және әлеуметтік қамсыздандыру және т. б. мәселелер айтылды.Іс-шара соңында өңір басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнамалар шеңберінде өз шешімін табады, мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың проблемаларын уақтылы қарау және шешу қажеттігін еске салып, тиісті тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877851
Қазақстан мен Францияның сыни ресурстар мен материалдар бойынша стратегиялық әріптестігінің Жол картасына қол қойылды 16.11.2024
Бүгін Елисей сарайында Қазақстан мен Франция арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған сыни ресурстар мен материалдар саласындағы стратегиялық әріптестіктің Жол картасына қол қойылды.Жол картасының мақсаты-тұрақты жеткізу тізбегін құру, олардың тұрақтылығын арттыру, ғылыми зерттеулер, білім беру және ESG-ынтымақтастық сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты нығайту. Серіктестік шеңберінде шикізатты барлау және өндіру, электрондық сынықтар мен магниттерді қайта өңдеу, аккумуляторлар өндіру және «жасыл стандарттарға» көшу жөніндегі жобалар көзделген.Сондай-ақ, Францияның сыни металдар қоры мен АФД қатысуымен Тау-кен және металлургия компанияларына бірлескен инвестициялар жоспарлануда.Жол картасы сыни шикізатты өндіру мен өңдеуді дамытуға, геологиялық зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/877854
ОБЛЫСЫМЫЗДА «ULYTAU HUB» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков цифрлық технологиялар мен IT-кәсіпкерлік орталығының жұмыс барысымен танысу мақсатында арнайы барып, стартаперлермен кездесті. Орталық Astana Hub технопаркі, Цифрлық даму министрлігі және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Ulytau Hub-тың негізгі мақсаты - жергілікті IT-қоғамдастық пен стартап мәдениетін дамытуға қолайлы орта құру, технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыру және өңір тұрғындары үшін цифрлық білім беруді қолдау. Жергілікті стартаперлердің жобаларымен танысқан өңір басшысы орталықтың ашылуын ІТ саласындағы жастарды қолдауға жасалған жағдай екенін айтты. Сонымен қатар облыс әкімі Хабтың қызмет етуін өңір дамуындағы жаңа кезеңге балап, Ұлытау облысының экономикасын нығайтып, оны заманауи әрі тұрақты етуге бағытталған идеялардың тоғысатын орталығына айналатын орын боларына сенім білдірді. Жаңа орталықта инкубациялық бағдарламалар, оқу курстары және семинарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ митаптар, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle, Pizza Pitch, форумдар, хакатондар, халықаралық олимпиадалар және басқа да тәжірибе мен идея алмасуға бағытталған кездесулер өткізіледі. Айта кетейік, Ulytau Hub орталығы - стартаптарды қолдауға, IT-білім беруді дамытуға және өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтуға бағытталған. Ол Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 99 мекенжайы бойынша орналасқан және технологиялық инновацияларға қызығушылық танытқандарды қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/877847
Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды.Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877791