Бизнес
ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРІ АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы, ректор Болат Тілептің бастамасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, Түркістан облысының педагогтері үшін дәрістер ұйымдастырылған болатын.Биыл меморандум аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша қолданысқа берілетін мектептерге ауыстырылатын басшылар мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағытында онлайн форматта «Пәндерді оқытуда мұғалімдердің метапәндік құзыреттерін жетілдіру» тақырыбындағы пән мұғалімдері үшін, 23-27 қыркүйекте мектеп басшылары үшін «Білім берудегі революция: заманауи мектеп менеджментіне жаңа көзқарас» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының 1-кезеңі өтті. 28 қазан мен 1 қараша аралығында курстың 2-кезеңі университет базасында офлайн форматта жалғасты.Мақсат – мектеп басшыларының білім беру мекемесін басқаруда, пән мұғалімдерінің метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.Курстың І кезеңінде тыңдаушылар ғылыми-теориялық ақпараттармен танысып, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы тәжірибе жинақтады. ІІ кезеңде курсқа қатысушылар университеттің профессор-оқытушылар құрамының дәрістерімен қатар университеттің оқу-зертхана базасымен танысып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Мелдебекованың «Білім сапасын қамтамасыз етудегі бағалау мен бақылау жүйелері», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.Қаратабановтың «Орта білім беру мазмұны: басымдықтары мен іске асыру тетіктері» тақырыбындағы дәрістерін тыңдады.Алматы қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қолданысқа берілген тұңғыш мектеп №97 мектеп-гимназиясының, заманауи үлгіде салынған, жоғары білім сапасын көрсетіп жүрген №206 мектеп-гимназиясының, инклюзивті білім беру жүйесі жақсы жолға қойылған № 200 мектеп-гимназиясының іс-тәжірибесімен, материалдық базасымен танысты.1 қарашада курсты аяқтаған 41 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877793
ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ҮЗДІК АТАНДЫ 16.11.2024
Таяуда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті.Мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату.Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877795
ТҮРКІСТАНДЫҚ БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ 16.11.2024
Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 мемлекеттен 598 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді. Ұлттық құрама сапында түркістандық 5 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 қола медаль қанжығалады.Осындай аламанда жүлде салған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері туған жерге оралды. Оларды спорт саласының майталмандары мен туған-туыстары және дос-жарандары құрметпен қарсы алып, зор ықыластарын білдірді. Жиында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмасбек Нақыпбеков әлемдік додадан олжалы оралған жерлестерімізді құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында 67 келіде қолғап түйістіріп, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, «Үздік боксшы» атанған Төрехан Сабырхан мен оның жаттықтырушысы Илияс Оралбеков те қарсы алған жанашырларына алғыс білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Енді алдағы уақытта Төрехан 67 келіде ересектер арасында ел біріншілігіне қатысып, бағын сынайды. Ол бұған дейін жасөспірімдер арасында 4 дүркін Азия чемпионы және жастар арасында Әлем чемпионы атанды.Ал қыздар арасындағы жекпе-жекте үш бірдей ару қола медаль иегері атанды. Атап айтсақ, 52 келіде Бағжан Отынбай, 63 келіде Аружан Жаңабаева және Шұғыла Нәлібайлар қола медальді қанағат етті.Айта кетейік, бұл біріншілікке Қазақстан құрамасынан 25 боксшы (13 ер, 12 қыз) барған. Мәресіне жеткен Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, 17 отандасымыз жүлде алды. Тарқатып айтсақ, 6 алтын, 1 күміс және 10 қола. Осылайша Қазақстан құрамасы бірінші рет жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық бірінші орынға ие болды.Әлем чемпионатының жеңімпазы Сабырхан Төрехан мен қола жүлдегерлері Бағжан Отынбай, Шұғыла Нәлібай Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері болса, Аружан Жаңабаева «Түркістан» кәсіби бокс клубының шәкірті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877798
ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ 16.11.2024
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының жоспарын бекіткен болатын. Соған орай 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты - жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығын, мүлік пен қоршаған ортаны өрттен қорғау, тұрғын үйлерде өрттің туындау және табиғи газдан улану тәуекелдерін төмендету. Бұл жайында департаменттің басқарма басшысы Мұхан Байымбетов брифингте мәлімдеді.– Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне 200 дана газосигнализатор құрылғысы орнатылды. Биыл жылыту маусымы басталғалы улы газдан улану жағдайы орын алмады. Алайда өткен жылыту маусымында улы газбен уланудың 7 жағдайы тіркеліп, салдарынан 5 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 20 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам жарақат алса, қаза тапқандар жоқ, – деді спикер.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877799
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЛАЙ ДАМИДЫ? 16.11.2024
Облыс әкімдігінде Шардара ауданының 2030 жылға дейінгі даму жоспары талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардараның географиялық ерекшеліктерін, су қойманы, суармалы алқаптарын тиімді пайдалану керектігін айтты.– Шардара ауданында суармалы жер көп. Өсімдік шаруашылығын дамыту, егістікті әртараптандыру бойынша мүмкіндік өте жоғары. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет. Біз бұл даму жоспарын не үшін әзірлеп отырмыз? Нақты индикатор қойып, әр жылға бөліп, бекітіп алмасақ, жұмыс жүйелі болмайды. Идея табылса, қаржы тапшы, қаржы табылса, жобалар болмай қалмауы үшін 6 жылға жоспар жасадық. Осыны жүзеге асыру үшін барлық басқарма өздері жауапты сала бойынша жұмыс істейді, инфрақұрылым тарту және тағы басқа мәселелерді шешеді. Сонда ғана жобалар іске асып, аймақтың экономикасы көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың айтуынша, ауданды дамытуда 4 бағыт таңдалған. Олар: туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және балық шаруашылығы. 2024-2030 жылдар аралығында 154 инвестициялық жоба жүзеге асып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Жобалардың жалпы құны 210 млрд. теңгеден асады. Өнеркәсіп және саудада 49 жоба, туризм – 16, балық шаруашылығы – 75 және ауыл шаруашылығында 14 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға дейін ауданға тартылған инвестиция көлемі 3,2 есе өседі. Өнеркәсіп саласында 27 жоба жүзеге асып, зауыттар мен өндіріс орындары көбейеді. 2300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Осылайша, өнеркәсіп өнімін 100 млрд. теңгеге жақындатып, 4 есе өсіру көзделіп отыр. Ауданда егістікті әртараптандыру, көкөністі, дәнді дақылдарды терең өңдеу салалары бойынша да жұмыстар атқарылады.Мәжілісте кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жоспарға енгізілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877805
ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 16.11.2024
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов шетелдік компания өкілдерімен кездесу өткізді.Басқосуда Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және кіші авиацияны дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Түркістан облысында туризмді дамыту, облыс экономикасының әртүрлі салаларына инвестициялар тартуға қатысты ұсыныстар қарастырылды.Айта кетейік, бүгінде Түркістан халықаралық әуежайын дамыту жолдары қаралуда. Қаладағы туристік әлеуетті арттырып, өңірдің экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен пікірлер зерделенеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877807
«Шекарасыз шығармашылық»: Қарағандыда инклюзивті көрме өтеді 16.11.2024
Қарағанды облыстық музейі 8 қарашада сағат 16:00-де «Өмір тамаша!» көрмесіне шақырады. Экспозиция 13 қарашада атап өтетін Халықаралық зағиптар күніне арналады.Өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұсынады. Олар Қарағандыдағы зағип және нашар көретіндерге арналған мәдениет үйінің тәрбиеленушілері.Көрмеге келушілер акварель, акрил, майлы бояумен салынған суреттерді, табиғи материалдар, мата және қағаздан жасалған аппликацияларды, сондай-ақ мүсіндеу, киіз басу, тігу және тоқыма жұмыстарын көре алады. Нашар көретін «Өрнек-Shimai» үйірмесінің фотографтары әлемге өз көзқарастарын бөлісіп, 100-ге жуық еңбегін ұсынады.Көрменің ашылу салтанатында көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады.Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877089
Қарағанды облысының оқушылары "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қоқысты сұрыптап үйренеді 16.11.2024
Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. "Бөлу! Тапсыру! Қайта өңдеу!" бастамасы аясында өңірдің 3 мыңнан астам оқушысы танымдық дәрістерге қатысып, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйренді.Бүгін Қарағандыдағы № 93 Шәкәрім Құдайбердиев атындағы гимназия оқушыларына қалдықтарды сұрыптау бойынша танымдық интерактивті сабақ өтті.Оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға көмектесетіні түсіндірілді. Олар пластика туралы көптеген жаңа деректерді білді. Мысалы, пластикалық бөтелке шамамен 500 жыл бойы шірейді. Барлық қатысушылар сыйлықтар алды.Осыған ұқсас сабақтар бір уақытта тағы 4 қалалық мектепте өтті. Оларға 200-ден астам оқушы қатысты.Сонымен қатар, Қарағандыда "Экобатыр"экологиялық байқауы ұйымдастырылды. 33 мектептің оқушылары әртүрлі аталымдар бойынша көшбасшы атағы үшін бақ сынасты. "Instagram-дағы ең белсенді команда"сияқты қосымша марапаттар да бар.– Байқаудың негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдерге қалдықтарды сұрыптау дағдыларын үйрету. Макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жинауға баулу. Байқау екі бағытқа бөлінген: "Макулатураны жина-Ағашты сақта!"және" Пластикті қайта өңдеу – планетаға ауа қажет!». Қарағандыдан бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушылардан құралған мектеп командалары қатысты, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.Командалар барлығы 3573,52 келі макулатура мен 540,75 келі пластикалық бөтелке тапсырды.Оқушылар жинаған қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Қазір байқау қорытындыланып, жеңімпаздар анықталатын болады.Байқаудың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, серіктестері – Қарағанды қаласының білім бөлімі және "ВторСырье Караганда"ЖШС.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877394
Қарағандылық боксшы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды 16.11.2024
Шахтинск қаласының спортшысы Расул Асанханов 2006–2007 жылдары туған жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Боксшы 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Халықаралық чемпионат Будвада (Черногория) өтті. Онда 73 елден келген 600 спортшы өздерінің шеберлігін көрсетті. Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Расул Асанханов ширек финалда қытайлық боксшы Куо Чаоны жеңді. Бірақ жартылай финалда Өзбекстаннан келген ауыр салмақтағы Халимджон Мамасолиевке жеңіліп қалды. Нәтижесінде қарағандылық әлем чемпионатында қола медальды қанжығалады.– Жеңіске жету үшін маған тәжірибе мен төзімділік жеткіліксіз болды. Бірақ мұның бәрімен жұмыс жасауға болады. Жаттығуда бұдан да көп еңбек ететін боламын. Әлем чемпионатына дайындық 8 айға созылды. Көптеген оқу-жаттығу жиындары мен спарринг-сессиялар өтті. Ұлттық құрамаға түсу қиын болды, – дейді қарағандылық боксшы.17 жастағы Руслан Асанхановтың жақын арадағы жоспары – Қазақстан, әлем және Азия чемпионаттарында жеңіске жету. Ересектер ұлттық құрамасының мүшесі болуды да көздейді.Айта кету керек, биыл Руслан Гасанханов Астанада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшыны Дархан Дүйсембеков жаттықтырады.Ақпарат Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877591
"Шахтер" ФК жаңа атқарушы директоры тағайындалды 16.11.2024
"Шахтер" ФК директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы директор лауазымына табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат Талғат Дүйсеков тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы клубтың ресми сайтында хабарланды. «Жаңа басшының спорттық менеджмент саласында да тәжірибесі бар. 2022–2023 жылдары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамындағы «Асық ату» бірлестігін басқарды. Қысқа мерзім ішінде ұйымдық құрылымды қалыптастырып, асық ату алаңында тұңғыш рет Азия чемпионатын өткізген», – деп жазылған хабарламада.Жаңа басшыға «Шахтёр» клубын қазіргі дағдарыстан шығару міндеті қойылды. Сондай-ақ клубты қайта құрылымдау мен сауықтыру міндеттелді. Облыс әкімі тапсырмасымен клубтың даму стратегиясын бір ай ішінде әзірленуі қажет. Сонымен қатар, жаңа басшының алдында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесін де шешу міндеті тұр.«Клубтың жаңа басшысы жаттықтырушылар құрамына шетелдік мамандарды тарту туралы келісімге келді. Бүгін команданың жаңа маусымға дайындығын Чех менеджері Иржи Ярошик жүргізетіні белгілі болды», - делінген хабарламада.Джири Ярошик – кәсіби футболшы. Ол Англия ("Челси" құрамында), Шотландия ("Селтик" құрамында), Чехия ("Спарта" құрамында) Ресей (ЦСКА құрамында) чемпионы болды. Испанның Примера дивизионында («Сарагоса» және «Алавес» құрамында) табысты өнер көрсетті. UEFA Pro лицензиясы бар. Ол Еуропа чемпионаттарының жоғарғы дивизиондарында кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық береді. Бұған дейін ол Чехия, Словакия, Словения және Ресей клубтарын жаттықтырды.Ярошик жаттықтырушылық міндетінен бөлек, қарағандылық футбол мамандарының біліктілігін арттырумен айналысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877576
Ақкөл ауданы ауылдарының тұрғындары 2025 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі 16.11.2024
Тұрғындарды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше елді мекендерде желілерді қайта құру жұмыстары белсенді жүргізілуде.Ақкөл ауданының құрылыс бөлім басшысының м.а. Айжан Дәукенованың айтуынша, бүгінгі таңда елді мекендер бойынша 27 мың шақырымнан астам су құбыры желілері реконструкцияланды, 153 құдық орнатылды, ұңғымаларды бұрғылау, 2 көтеру сорғы станцияларын салу, резервуарларды монтаждау, ұңғымаларды қоршау жұмыстары орындалды. Жобаларды аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр.Қазіргі уақытта Қына, Домбыралы, Кеңес, Талқара, Амангелді, Өрнек, Жалғызқарағай ауылдарында су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.Айта кетсек, жобаны іске асыру 3 мыңнан астам ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877810
Родина ауылында «Родина» агрофирмасының оң тәжірибесін тарату мақсатында семинар-кеңес өтті 16.11.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирма» ЖШС қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементіне айналуда.«Родина» Агрофирма» ЖШС тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деді Б. Омарбеков.Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобаларды ұсынып, бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық преференциялар сияқты мемлекеттік қолдаудың перспективалық бағыттары ұсынылды.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирма» ЖШС оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877815
Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 16.11.2024
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Елисей сарайының орталық кіреберісінде Эмманюэль Макрон қарсы алды.Бірлескен суретке түсу рәсімінен кейін президенттер Елшілер залында екі мемлекеттің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Франция тарапының қазақ делегациясын ыстық ықыласпен қарсы алғанын атап өтіп, Эмманюэль Макронға алғыс айтты. – Осы сапарыма айрықша мән беремін. Бұл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі болмақ. Бүгінгі келіссөздер және қабылданатын Бірлескен декларация әріптестігімізді күшейтілген стратегиялық деңгейге көтеруге ықпал етеді. Осы орайлы сәтте Сізді Парижде өткен отыз үшінші Олимпиада және Паралимпиада ойындарының табысты өтуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жаһандық спорттағы аса ауқымды әрі айтулы оқиға екені анық. Әлем жұртшылығы жоғары деңгейде өткен додаға куә болды. Сіздің еліңіз 2030 жылы француз Альпілерінде жиырма алтыншы Қысқы Олимпиада ойындарын да тамаша деңгейде ұйымдастыратынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің былтыр Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер қазақ-француз байланысын жан-жақты тереңдетуге зор серпін бергенінt назар аударды.– Қазіргі таңда мемлекеттеріміз арасында белсенді және сенімді саяси диалог бар. Қазақстан мен Франция халықаралық сахнада тығыз байланыс орнатып, көпжақты құрылымдар аясында бейбітшілік пен орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуде. Франция – біздің аса ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Сіздің еліңіз Қазақстан экономикасына мол инвестиция салып отырған жетекші елдердің қатарында. Бүгінде Қазақстанда француз капиталы бар 200-ден астам компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге ынталы француз бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті мәдени-гуманитарлық байланыстар, соның ішінде білім беру, ғылым, медицина және тарих салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ әлемге әйгілі Гиме мұражайында ашылған Қазақстаның ұлттық өнеріне арналған көрмені айрықша ризашылықпен атап өтті.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сапардың қорытындылары қос халықтың өркендеуіне игі ықпал ететініне сенім білдірді.Өз кезегінде Франция Президенті қазақ-француз ынтымақтастығының дамуына тың серпін беретін келіссөздердің маңызына тоқталды.– Сіздің арқаңызда соңғы жылдары екі ел арасындағы серіктестік айтарлықтай нығайды, – деді Эмманюэль Макрон.Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, климат, цифрлық даму және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мән берілді.Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/877787
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің өкілдері Бангкокта өткен БҰҰ ЭСКАТО Көлік комитетінің 8-сессиясына қатысты 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Көлік комитетінің 8-сессиясына қатысты.Іс-шара барысында Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды көлік торабы ретіндегі рөлін атап өтіп, транзиттік бағыттардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын дамыту перспективаларын ұсынды.Сондай-ақ, Комитет аясында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қытайдың көлік ведомстволарының өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бұған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Халықаралық көлік форумының (ХКФ) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында көлік және транзит саласындағы талдамалық зерттеулерді гранттық негізде жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. ХКФ Орталық Азияда Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін дамыту жобасын іске қосуда. Бұл жоба тараптардың пікірінше өңірдің экономикалық дамуына және көлік интеграциясына ықпал етеді.БҰҰ ЭСКАТО Хатшылығы мен министрлік өкілдері Көлік жөніндегі 5-конференцияны ұйымдастыру, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағында аймақтық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелерін талқылады. Бұл бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік инфрақұрылымын дамыту және шетелдік әріптестермен серіктестікті нығайту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/877502
Шортанды ауданының 15 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі 16.11.2024
Сумен жабдықтау инфрақұрылымын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шортанды ауданының алты елді мекенінде сумен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту жұмыстары жүргілізуде.Жобалар Егемен, Гуляй поле, Бозайғыр, Ключи, Жолымбет және Шортанды елді мекендерін қамтиды. «Ауыз судың сапасы азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан біз Шортанды ауданының тұрғындарын жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз. Жұмыстарды іске асыру барысында су құбырын орнату, ұңғымаларды бұрғылау, су мұнарасын, сондай-ақ құдықтарды монтаждау, таза су резервуарларын бетондау бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл жобалар біздің ауданда өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары А. Махфуз.Сонымен қатар, бағдарлама аясында су сапасын үнемі тексеріп отыру және халықты су үнемдеу негіздеріне ақпараттандыру көзделген.Жобаны іске асыру өңірдің экологиялық жағдайына айтарлықтай оң әсер етеді және жергілікті инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді деп күтілуде Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877484
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 150 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Арыс қаласына қарасты Онтам ауылында жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқитын. Енді Онтамдық балалар заманауи білім ордасында білім алады.Мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов пен ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл мен ардагерлер, ата-аналар және тұрғындар қатысты.Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп салып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан жеке инвесторға алғысын білдірді.Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Онда кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мектептің қауіпсіздігі де ерекше назарға алынып, бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың демалыс және спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877410
ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: КЕНТАУДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Кентауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өткен жылы Құрманғазы көшесі № 60, 60а, 62, 64, Құралбаев №114, №116, №118, Әл-фараби №102 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут» бұрынғы футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу, Ә.Бекенов көшесі №47,№47а, Ы.Алтынсарин №24 үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут, Ромах 48/1 орналасқан Тәлімбақ аумағына футбол алаңы, балалар ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілген.Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасып Шүлембаев №8, 10 және Т.Рысқұлов №5,7,9 үй аулаларына, Шахтерская аумағына балалар спорттық ойын алаңшалары орналастырылды.Сонымен қатар «Жасыл қала» КММ тарапынан қаладағы 13 қөпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орналасқан ойын алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстар келер жылыда жалғасатын болады.Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар.Соның 33 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржы қаралаған жағдайда аталған жұмыстар жүзеге асырылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877413
РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ 16.11.2024
Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Премьераны тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.«Жан пида» қойылымын «Құрмет» орденінің иегері, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Атырау жастар театрының көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томановтың сахналаған. Режиссердің айтуынша қойылымның басты мақсаты әр адамды табиғат әлемін сақтауды бүгіннен бастап қолға алуға және жер бетіндегі барлық тіршілік үшін тек өзі ғана жауапты екендігін есінен шығармай, осы парызын орындауға міндеттейді.Рухани әлемі мен мәдени өмірі таяқтың екі ұшындай егіз жаратылған қазақ-қырғыз халықтарының сабақтастығын нығайта түскендей XX ғасырдың орта шенінде «Адамзаттың Шыңғысы» атанған – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Айтматовтың «Жан пида» романы әдебиет көгінде ерекше құбылыс боп бой көтерді. Шығармада Шыңғыстың стиль жаңғырығы алдымен табиғат пен адам баласының арақатынасынан байқалады. «Ақыл иесі» деп аталатын адам мен жабайы, ойлау жүйесі төмен деп бағаланатын аң-құс, жан-жануардың ара салмағы авторлық таразыға түседі. Романда адам мен табиғат арасындағы қатынас Аққұртқа мен Тасшайнарды төңіректеп суреттеледі. Мойынқұм даласынан жапа шегіп, Ала-Мөңгі баурайына ауып келген кірме қасқырлар бұл маңнан да опа таппады. Қиянат қияннан келген жоқ, адамның ізі қалай пайда болды, сол маңда зұлымдық шіркін салтанат құра бастады. Осы арқылы автор адамның табиғатқа жасайтын жауыздығы мен зор қиянатшылдығын әшкерелегендей болады.Қойылымда жабайы түз тағысы мен өркениетті дәуірдегі адамзаттың ойлау жүйесі, мейірім-шапағаты қос тізгінге қатар жегіледі. Көрермен мисыз мақұлықтар бұзбаған табиғат заңдылығын екі аяқты, жұмыр басты пенденің аштықтан емес, тоқтықтан, адами құндылықтардың құлдырап, төменшік тартқанынан бұзып отырғанына көз жеткізді.Режиссер Мұқанғали Томанов аталған театрда бұған дейін «Болмаған оқиға», «Жалғыздық» қойылымдарын сахналаған болатын. Басты рөлдерді Аяз Ильясов, Шәкен Амантұров, Гүлзада Айтбаева, Нұржан Ізтаев, Кәмшат Әштекова, Бағлан Төлендиев, Жасұлан Тұрғанбаев, Жадыра Сейдахметова сынды театрдың белді әртістері мен көпшілік сахнаны бір топ шығармашылық топ сомдады. «Жан пида» спектаклін қоюға көптеген тәжірибелі мамандар атсалысты. Жарық жөніндегі суретшісі – Жанболат Рсимбетов, қоюшы суретші – Қанат Шериев, композиторы – Қанат Жұмабаев, костюм жөніндегі суретші – Меруерт Сейсембекова, грим бойынша суретші – Қарлығаш Сапарханова. Театрдың көркемдік жетекшісі – Айдар Наурызбаев.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877417
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Төлеби ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі болып Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің канидатурасына қолдау білдірді.Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген бағытта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендері жайлы, қауіпсіз, таза әрі көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.– Бүгін аудандық мәслихатының сессиясына Төлеби ауданы әкімі қызметіне жаңа кандидатура ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тауып отыр. Біздің басым бағыттарымыз белгілі. Ол – өндіріс орындары мен зауыттар ашу, инвестиция тарту. Оған қоса Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керек. Мүмкіндік мол. Жұмысты ширату керек. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және басшылық қызметтерде шыңдалған Еркеғали Амантайұлы бұл бағытта жүйелі іс атқарады деп сенемін. Ауданның даму жоспарын нақтылап, жалпы өнім көлемін, өзіндік кірістерді арттыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы, 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандықтары: кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды. 2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болды. 2023 жылдың қаңтар айынан бері Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877297
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АЛҒАШ РЕТ АСА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ 16.11.2024
Сарыағаш орталық аудандық ауруханасында алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасы жасалды. Тіліксіз ангиография аппаратының көмегімен мұндай операцияны дәрігерлер үш науқасқа сәтті жасап шықты.Тың әдіспен жасалған ота облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Сапаков Сапарғали, Орал Абылайхан және аудандық орталық аурухананың нейрохирург дәрігері Кұдияров Байбектің қатысуымен жүзеге асты.Айта кетейік, бұрын бұндай ота қажет науқастар жедел және жоспарлы түрде облыс орталығына жіберілетін. Қазір аудандағы орталық аурухана дәрігерлері жоғары технологиялық операцияны меңгеріп, хирургиялық көмек көрсетуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877402