Бизнес
Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды 16.11.2024
2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысында вольфрамды қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыттың ашылуы болды. Бұл отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады.Жобаның құны 300 млн долларды құрайды және халықаралық экологиялық және өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Зауыт жергілікті мамандар үшін 1000-ға дейін жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руды қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады.Ашылу сәтінде негізгі объектілердің дайындығы мынадай болды:• Шлам сақтау орындары – 60%• Тау-кен байыту фабрикасы – 60%• Сыртқы су тарту объектілері – 85%• Сыртқы электрмен жабдықтау – 100% (110 кВ желісіне қосылды)• Ішкі электрмен жабдықтау – 90%Жобаны ТОО «Арал Кеген» басқарады, ол халықаралық холдинг Jiaxin International Resources Investment Ltd. құрамына кіреді, оған Jiangxi Copper Corporation, China Railway Construction Company, China Civil Engineering Construction Company және Ever Trillion International Singapore PTE LTD компаниялары қосылған.Алдағы жоспарлар вольфрам мөлшерін 88,5%-ға дейін жеткізу және жоғары тазалықтағы вольфрам карбидін шығару үшін терең қайта өңдеу кешенін салуды қамтиды. Бұл кезеңге арналған инвестиция көлемі 150 млн доллар болады.Зауыттың ашылуы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің дамуының жаңа кезеңін білдіреді және елдің табиғи ресурстарды тиімді және рационалды пайдалануға ұмтылысын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876144
Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Zijin Mining» компаниясының өкілдерімен кездесті 16.11.2024
1 қарашада жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстелдің (KGIR-2024) алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Zijin Mining»компаниясының халықаралық істер жөніндегі бірінші бас директоры Ляо Цзяншэн мырзаменкездесуі өтті.«Zijin Mining» бүкіл әлем бойынша алтын, күміс, мыс және басқа да минералды ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеуге және сатуға маманданған және Қытайдың екінші ірі трансұлттық алтын өндіруші конгломераты болып табылады.Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр, содан кейін олар металдарды балқыту үшін Қазақстан Республикасының металлургия зауыттарына жіберілетін болады. Бұдан басқа, компания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті, бұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.Тараптар жоғарыда аталған жобаларды одан әрі пысықтау мен дамытудағы өзара қызығушылықты атап өтті. Өз кезегінде Министр бірлескен ынтымақтастыққа толық дайын екендігіне және Қазақстан Республикасының шетелдік бизнес қауымдастықтар үшін инвестициялық тартымдылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876100
Қанат Шарлапаев Volvo Group басшылығымен кездесті 16.11.2024
Бүгін ҚГИР-2024 алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Volvo Group Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Радиф Хасановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тараптардың әлеуетті ынтымақтастығы және Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.Қ.Шарлапаев атап өткендей, қазіргі уақытта автомобиль өнеркәсібі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуының басым салаларының бірі болып табылады. Елде жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустар шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеңіл автомобильдер өндірісіне бағытталған бірнеше перспективалы жобалар жүзеге асырылуда.«2025 жылы біз ішкі нарыққа да, экспорттық мүмкіндіктерге де бағдарланған Kia Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты 2 ірі автомобиль жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылдың соңына дейін біз жиынтықтауыштарды өндіру бойынша 10 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, бұл өндіріс құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.Барлық автоөндірушілер өзара міндеттемелерді көздейтін өнеркәсіптік құрастыру шарттарының бөлігі ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, министр мемлекет тарапынан қолдау шаралары, оның ішінде қолайлы инвестициялық орта құруға бағытталған жасалған инвестициялық келісімшарттар мен өнеркәсіптік құрастыру шарттары негізінде жеңілдіктер беру туралы айтты.Қанат Шарлапаев қазақстандық тараптың болашақ бірлескен жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін растап, өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.Сондай-ақ, өнеркәсіп және құрылыс министрі Carlsberg Group орталық және Шығыс Еуропа бойынша бірінші вице-президенті Леманн Ларспен кездесу өткізді, оның барысында маңызды инвестициялық жобалар мен компанияның Қазақстан экономикасының нақты секторына, оның ішінде сабақтас салаларды дамытуға қосқан үлесі талқыланды.Сонымен қатар, «Schneider Electric» Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша Бас директоры Эдгард Бу-Шахинмен екіжақты кездесу өтті. Тараптар энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы ынтымақтастықты талқылады. Қатысушылар атап өткендей, Schneider Electric компаниясының осы саладағы табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан бірлескен келісім арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Келісім мынадай бағыттарға бағытталатын болады: энергосервистік келісімшарт тетігін пайдалана отырып, пилоттық жобаларды іске асыру, деректер орталықтары сияқты цифрлық шешімдерді қолдану; Қазақстанда орнықты даму саласында консультациялық қызметтер құру бойынша ынтымақтастық, энергия тиімді жобаларды қаржыландыру көздерін зерделеу. «Біздің бірлескен күш - жігеріміз Қазақстанда озық энергия үнемдеу шешімдерін қабылдауға, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға әкелетініне сенімдімін», - деді Қ.Шарлапаев кездесуді аяқтай отырып. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875900
2027 жылға қарай Ақмола облысында 95 млн ағаш отырғызылады 16.11.2024
Ақмола облысында орман қорын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап 56,2 млн ағаш отырғызылды, ал 2027 жылға қарай жасыл желекті 95 млн ағашқа ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Басқарма басшысының айтуынша, жаңа орман питомниктері мен орман шаруашылығын жабдықтау биоәртүрлілікті сақтауға және экологияны жақсартуға көмектеседі.«Ақмола облысының орман қорын ұлғайту үшін соңғы жылдары 8,7 мың гектардан астам алқапқа 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы жылдары жасыл аймақтарды кеңейту жоспарланған, оның ішінде 2025 жылдан 2027 жылға дейін 15 мың гектар алқапқа 95 миллион ағаш отырғызу көзделген», – деді Джанет Микишев.Брифингте айтылғандай, өңірде көшеттердің қажетті санын қамтамасыз ету үшін Зеренді және Атбасар аудандарында жалпы аумағы 86 гектар болатын екі жаңа орман питомнигін құру жоспарланған.«Бүгінде облыста жалпы ауданы 175 гектар болатын 13 орман питомнигі жұмыс істейді, онда орман шаруашылығы мен табиғи ресурстарды қалпына келтіру үшін көшеттер өсіріледі. Бұдан басқа, «Семей орманы» резерватының базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи орман тұқымы кешенін құру жоспарланған. Бұл орман қорын кең ауқымда қалпына келтіру үшін қажетті жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге көмектеседі», – деп толықтырды Джанет Микишев.Өңірде орман өрттерін алдын алу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Тоғыз шағын орман патрульдік кешен сатып алынды. Бұдан басқа, өрт сөндіру машиналары, тракторлар және шағын орман патрульдік кешендер сияқты 84 бірлік техника сатып алуға өтінім жолданды.Сонымен қатар, облыста биоалуантүрлілікті қолдау және табиғи ресурстарды сақтау үшін балық және аңшылық шаруашылықтары дамуда. Ол үшін аңшылық алқаптарды бекітуге конкурстар өткізіледі және су айдындарын пайдалану кеңейтіледі.«Ақмола облысы балық аулау және аңшылық ресурстарын басқаруға баса назар аудара отырып, биоәртүрлілікті белсенді қолдайды. Облыс аумағында 610 су айдыны бар, оның 243-і көл – тауарлық балық өсіру үшін, 159-ы кәсіпшілік үшін, ал 11-і әуесқой балық аулау үшін бөлінген. Бұл өңір тұрғындары мен қонақтарына экологиялық қауіпсіз жағдайда балық аулауға мүмкіндік береді, сондай - ақ ауылдық аудандардың дамуына үлес қосады», – деп түйіндеді Жанет Микишев.Айтуынша, облыста 161 аңшылық шаруашылығы тіркелген, оның 139-ы аңшылық пайдаланушыларға бекітілген, бұл 10,9 млн гектар аумақты қамтиды. Биыл аңшылық алқаптарды бекіту бойынша екі конкурс өткізіліп, облыстың жануарлар ресурстарын реттеу мен тұрақты басқаруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875823
«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін порталға жеке жүйелерді интеграциялау мәселелері 16.11.2024
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында «Iqurylys» ЖШС компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Сапардың негізгі мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталға (kds.eQurylys.gov) жеке ақпараттық жүйелерді қосу.Қазақстан Республикасы Өндіріс және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталдың иесі, ал «ҚазҚСҒЗИ» АҚ — оның операторы болып табылады.Кездесу барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары құрылыс саласындағы процестерді жақсарту үшін цифрлық шешімдерді белсенді әзірлейтін және порталмен ынтымақтастықта маңызды перспективаларды көздейтін «Iqurylys» компаниясының презентациясымен танысты.«ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Iqurylys» ЖШС өкілдері құрылыс саласында бірыңғай цифрлық платформа құру үшін жеке ақпараттық жүйелерді порталмен интеграциялау бойынша мүмкіндіктерді талқылады.Атап айтқанда, компанияның шешімдерін портал функционалына бейімдеудің техникалық талаптары мен мүмкіндіктері қарастырылды, бұл құрылыс процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875790
Агроөнеркәсіп бағыты бойынша алғашқы несие мақұлданды 16.11.2024
Қаржылай қолдау «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асты.Алғашқы несие алушы — Ұлытау облысының Қаракеңгір ауылдық округінде 400 гектар жерге мал азығы мен көкөніс өсіруді жүзеге асыратын «Исмаил А.Б.» шаруа қожалығы.Жоба бойынша өндіріс қуаты 3 800 тонна картоп пен 3 000 тонна жоңышқа өндіруді көздейді. Кәсіпорын өндірісте суды үнемдейтін заманауи технологияларды (жаңбырлату, тамшылатып суару) пайдалануды жоспарлап отыр.Жеңілдетілген несие сомасы 637,6 млн теңгені құрайды, жылдық мөлшерлеме 2,5%. Өтеу мерзімі 120 ай. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие бағдарламасында 24 айлық жеңілдікті кезең де қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/875673
Ақкөл ауданының көп балалы аналары жаңа пәтерлердің кілттерін алды 16.11.2024
Ақкөл ауданының тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында аудан әкімдігі көпбалалы отбасылар үшін 16 пәтер сатып алды. Әрбір абаттандырылған үйдің ауданы 81 шаршы метрді құрайды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде аналарға пәтер кілттерін табыс етті. Олардың кейбіреулері баспана алуды 10 жылдан астам күтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Пәтерлерді сатып алу кезінде жайлылық пен инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Ақкөл ауданында бұл алғашқы үйлер. Өңір бойынша барлығы 2 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда», - деді өңір басшысы.4 баланың анасы Күлаш Шаймерденованың отбасы жаңа үй алып қуанышқа бөленді.«Бұл - біздің отбасымыз үшін өте қуанышты оқиға. Біз мемлекетке қолдау көрсеткені және өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз», – деді К. Шаймерденова.Жыл соңына дейін аудан орталығында тағы 18 екі пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл 36 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеді және аудандағы тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875704
Қанат Шарлапаев KGIR-2024-те сөз сөйледі 16.11.2024
Жаһандық инвестициялар жөніндегі KGIR-2024 қазақстандық дөңгелек үстел жұмысына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қатысты. Ол панельдік сессияда «Әлемдік нарықтар мен салалардағы ағымдағы үрдістер, олардың инвестициялық стратегияларға әсері» тақырыбында сөз сөйледі.Министр бүгінгі таңда Қазақстан инвесторлар үшін ең тартымды және стратегиялық маңызды алаңдардың бірі ретінде халықаралық инвестициялық аренада сенімді орын алатынын атап өтті.«Бұл көбінесе Шығыс пен Батыстың қиылысында біздің ерекше географиялық орналасуымызға байланысты, бұл үлкен мүмкіндіктер ашады. Біздің ел Еуропаға, Қытайға және басқа да қарқынды дамып келе жатқан аймақтарға шығуды қамтамасыз ететін әлемдегі ең ірі нарықтар арасындағы көпір ретінде қызмет етеді. Бұл фактор бізді халықаралық сауда жүйесіндегі маңызды хабқа айналдырады және инвесторларға Қазақстанды Еуразияның перспективалы нарықтарына шығу алаңы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді», - деді Қ.Шарлапаев.Қазақстанның өнеркәсіптік өндіріс секторы тез өсуде, әртараптандыруға және тұрақты өсуге баса назар аудара отыр. Бұл сектор ЖІӨ-нің шамамен 29% және жұмыспен қамтудың 19%-дан астамын қамтамасыз етеді. Қазақстан жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге, атап айтқанда машина жасау, IT-сектор, электроника және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды белсенді тартады.Ағымдағы жылдың 9 айында өнеркәсіптің өсуі 4,8%-ға (17,1 трлн теңге) жетті. Қазақстан инвесторларды салықтық жеңілдіктермен және преференциялармен, әсіресе экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру үшін қолдауға дайын. Отандық өндірістік әлеуетті дамыту импортқа тәуелділікті төмендетуге және Орталық Азия нарықтарында және одан тыс жерлерде мықты позицияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазақстанның құрылыс саласы халықаралық инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Бұл секторды өте тартымды ету үшін, тұрғын үй және коммерциялық құрылыстың инфрақұрылымын дамытуды талап етеді. «Біз құрылыс жобаларымен, көлік маршруттарын дамытумен, логистикалық және өндірістік орталықтарды салумен айналысатын компаниялар үшін одан да қолайлы жағдайлар жасауға ниеттіміз», - деді министр.Бұл бағытта Қазақстан рұқсат алу процестерін жеңілдетуге және инфрақұрылымды барлық мүдделі тараптар үшін неғұрлым қолжетімді және сенімді етуге ұмтылады.«Біздің еліміз табиғи ресурстарға бай, олар қазірдің өзінде металлургия мен тау-кен өнеркәсібіне қомақты инвестиция тартуда. Сонымен бірге. Қазақстан көліктен ауыл шаруашылығына және жасыл энергетикаға дейінгі огт шикізаттық емес секторларын белсенді дамытуда. Біз тұрақты дамуға міндеттіміз, көміртегі шығарындыларын азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға ықпал ететін жобаларға инвестицияларды құптаймыз», - деп атап өтті Қ.Шарлапаев.KGIR-2024 аясында министр әлеуетті серіктестермен және инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875698
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан қаласында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» Халықаралық форумы әрі қарай панельдік отырыстарға жалғасты. Соның бірі – «Өңдеу және өнеркәсіп саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы» отырысы.Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары – Нұралхан Көшеров пен Нұрбол Тұрашбеков, сонымен қатар екі елдің танымал бизнес көшбасшылары мен сарапшылары, инвестициялық компаниялардың басшылары мен қаржы және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Кездесуді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков жүргізіп отырды.Мұнда Қазақстан мен Қытай елдерінің инвестициялық ынтымақтастығының маңызды аспектілері мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Экономикалық өсім мен дамуына септігін тигізетін бірлескен жобалар ортаға салынды. Түркістан облысы тарапынан инвесторларға қай салаға инвестиция жасау тиімді болатыны, сонымен қатар осы бағыттағы ұсынылатын жеңілдіктер, қаржыландыру бағдарламалары түсіндірілді. «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында баяндама жасалып, өңірдің осы саладағы жетістіктері таныстырылды. Спикерлер аталған талқылауға өзінің құнды идеялары мен үлестерін қосты.Панельлдік отырыс аясында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты нығайту және маңызды жобаларды жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болмақ. «Мұндай бастамалар инвестиция мен ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашуға және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар аталған келісімдер инвестициялық белсенділік үшін қолайлы жағдай жасап, Қазақстан үшін де, Қытай үшін де пайдалы жаңа бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді» дейді қатысушылар. Форум әрі қарай B2B және G2B форматындағы пікір алмасуға ұласты. Онда форум қатысушылары нәтижелі диалог құрып, тәжірибелерімен бөлісті.Айта кетейік, өңірдегі басты халықаралық оқиғаның негізгі мақсаты да бизнесті дамытуды ынталандыру, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ұсыну, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасының провинциялары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және интеграцияны тереңдетуге бағытталған. Бұл іс-шара аймақты жаңа әлемнің негізгі экономикалық және іскерлік орталықтарының біріне, сондай-ақ ірі корпорациялар мен бөлшек саудагерлер үшін стратегиялық нарыққа айналдыруға мүмкіндік бермек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/875550
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 16.11.2024
«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвесторлармен G2В форматында кездесу өткізді. Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы айтып, әрбір инвестордың облыс экономикасына тиімді жобасы назарға алынатынын, қолдау көрсетілетінін жеткізді.Жалпы жиырмаға жуық инвестормен кездесу өткізілді. Қытайлық инвестор жеделсаты шығаратын зауыт ашу ұсынысын жеткізді. Қазақстандағы және көрші елдердегі нарықты зерттеп, Түркістан облысында жұмысын бастағысы келетінін айтты. Ал келесі инвестор аймақта кілем, перде және түсқағаз шығаратын өндіріс орнын ашуға ниетті. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қауқарлы компания өкілдеріне тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды.– Біз бірлескен жобаларға, жұмыс орнын ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін көтеретін бастамаларға әрқашан қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының инвесторларды қолдау, отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Осында зауыт ашып, отандық өнім көлемін арттырсаңыздар мемлекет тарапынан жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін алуға басымдық беріледі. Жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер қарастырылған. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар және өндірістік парктер бар. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.Бетпе-бет жүздесуде сиыр және тауық етін өндіріп, экспорттау, тауық жемін шығаратын цех ашу, электр қуатын өндіру, үлкен музыкалық субұрқақтар, жарық пен көлеңке шоулары, ғимараттарды сыртқы жарықтандыру жобалары ұсынылды. Сондай-ақ құрылыс, логистика, тұрмыстық заттар шығару және өзге де салалар бойынша келіссөздер жүргізілді.Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/875553
Қарағандылықтарды қазақтың дәстүрлі ән кешіне шақырады 16.11.2024
Кеншілер мәдениет сарайында 11 қарашада "Атадан қалған асыл ән" атты дәстүрлі қазақ әндерінің кеші өтеді. Кіру тегін.Белгілі қазақ әншілері мен композиторлары – Балуан Шолақ, Біржан-сал және Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары орындалады.Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Әміркенов, "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапай, республикалық байқаулардың лауреаттары Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Медет Осатаев және басқалар өнер көрсетеді.Басталуы 18:30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874877
Ермағанбет Бөлекпаев тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді 16.11.2024
Қарағанды облысының тұрғындары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа өз сұрақтарын қойды. Тікелей эфир Saryarqa телеарнасында өтті. Хабар тарату кезінде call-орталық операторлары 70-ке жуық қоңырау мен хабарламаларды қабылдады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін бір сағаттық тікелей эфир жеткіліксіз болды. Бірақ бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.Ермағанбет Бөлекпаев Саранның орталық қазандығының жағдайын түсіндірді.– Жаңа қазандық 13 жыл бойы салынды. Қазір іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Орталық қазандық 102 үйге жылу береді. Қазір жылу көзінде төрт қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Қазандықты іске қосу кезінде сорғы жабдықтарымен байланысты техникалық ақаулар болды, – деді облыс әкімі. – Жазда қала әкіміне сақтандыру үшін жергілікті қазандықтарды дайындау тапсырылды. Оның баяндамаларына сүйенсек, қосымша қазандықтар дайын болған. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспады. Салдарынан бұл қазандықтар кейінірек іске қосылды.Ол Саран қаласында жылу мәселесі жеке бақылауда деп сендірді. Күн сайын облыс әкімінің бірінші орынбасары сол жерде барлығын қадағалап жүр. Келіп түскен шағымдарды жедел шешуге тырысады.Мәселелердің басым бөлігі коммуналдық және әлеуметтік салаларға, жолдарға, абаттандыруға қатысты болды.Тұрғындар жеке мәселелерін де ортаға салды. Мысалы, Қарағанды тұрғыны Пришахтинскідегі Искра көшесіндегі үйді су басқанына шағымданды. Оның айтуынша, судың қайдан келетіні белгісіз және жағдай екі айдан бері шешілмеген. Ермағанбет Бөлекпаев тікелей эфирде қала әкіміне шаралар қабылдауды тапсырды: сол жерге барып, мән-жайды анықтауын бұйырды.Эфирде айтылмаған барлық өтініштер қаралып, жауаптар әкімдіктердің ресми аккаунттарында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/875339
Қарағандының логистикалық орталық ретінде даму әлеуеті жоғары 16.11.2024
Қарағандыда Тeez маркетплейс сауда-логистикалық қоймасы жұмыс істей бастады. Болашақта мұнда 8 мың жаңа жұмыс орны ашылып, шағын және орта бизнес қолдау алады.SARYARQA телеарнасында тікелей эфир барысында тұрғындар Ермағанбет Бөлекпаевтан қойманың ашылуы өңір экономикасына қалай әсер ететінін сұрады. Өңір басшысы жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлер заманауи қойма қызметтеріне қол жеткізе алатынын, бұл тауарларды жеткізуді едәуір жеделдететінін және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.Қоймада 300 адам жұмыс істейді, жыл соңына дейін тағы 200 адам жұмысқа тұрады. Мұнда барлығы 8 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда.– Бұдан басқа, Қарағандыда ірі логистикалық орталықтың болуы басқа инвесторлар мен бизнес-құрылымдардың назарын аударуы мүмкін. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырады және логистика мен саудаға байланысты қосымша қызметтер ашу сияқты бизнестегі жаңа бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді. Өңір стартаптар мен халықаралық компаниялар үшін тартымды болады, бұл іскерлік белсенділіктің өсуіне алып келеді, – деп есептейді Ермағанбет Бөлекпаев.Халықаралық логистиканы нығайтудағы негізгі қадамдардың бірі Қарағанды "Сары-Арқа" әуежайы базасында мультимодальды аэрохаб құру. Қарағандылық журналист аймақ басшысынан жаңа инвестордың жоспарлары туралы сұрады.– Әуежайға жылына 2 млн жолаушы өткізу қабілеті бар жолаушылар терминалы, жылына 50 мың тоннаға дейін жүк өңдеу мүмкіндігі бар Cargo Тerminal жүк терминалы кіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл біз әуежайымыздың базасында CargoHUB Karaganda мультимодальды аэрохабын құру мәселесін пысықтауды бастадық. Сонымен қатар, әуежай аумағында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының субзонасы болады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев."Сары-Арқа" әуежайында жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған Жол картасы әзірленді. Бұған АЭА субаймағы шеңберінде салықтық және басқа да преференциялар алатын аэрохаб аумағында жаңа кәсіпорындар құру есебінен қол жеткізілетін болады. Өңделетін жүктердің көлемі жылына 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Осының арқасында 2030 жылға қарай 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру және бюджетке салық түсімдерін ұлғайту жоспарлануда.Бүгінгі таңда әуежай Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша әуе кемелерінің техникалық қонуы артады деп күтілуде. Бұл әуежайдың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді және оның маңызды көлік торабы ретіндегі мәртебесін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/875340
Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді 16.11.2024
Қарағанды облысында экономиканың барлық салаларында өсім бар. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 айда 3 трлн теңгеге жуық өнім өндірді. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне инвестиция 14,6%-ға артып, 680 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін үш мыңға жуық жұмыс орны ашылып, он жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Аймақтың фермерлері алғаш рет рекордтық астық жинады – өнім миллион тоннадан асты.Облыстың дамуы туралы Saryarqa телеарнасында тікелей эфирде аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді. Ол бизнестің іскерлік белсенділігін арттыру үшін қандай жұмыстар жасалып жатыр деген сұраққа жауап берді."Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін бағалау бойынша Қарағанды облысы елімізде жетінші орында тұр.Шағын және орта бизнесті қолдау және қолайлы бизнес-климат құру – басым міндет, деп атап өтті облыс әкімі.– Республика деңгейінде көптеген бағдарламалар әзірленді. Қаржылық қолдауды кеңейту үшін Даму қорымен бірлесіп "Кәсіпкер" өңірлік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Жақын арада біз несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қолдауды бірнеше есе арттыруды көздеп отырмыз. Өңдеу өнеркәсібі, туризм жобаларына ерекше назар аударылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Сонымен қатар, барлық қажетті инфрақұрылымы бар шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру басталды. Онда бизнес өз өндірісін ең төменгі жалдау шартымен орналастыра алады. Мұндай алғашқы индустриялық алаңдар Қарағанды мен Саранда іске қосылды. Бұл тәжірибені басқа қалалар мен аудандарға тарату міндеті тұр, деп атап өтті облыс әкімі.Өңір басшысы елімізде бірінші болып Қарағанды облысы бөлшек сауда салығын 4-тен 2%-ға дейін төмендеткенін еске салды. Нәтижесінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны 16 есе өсті. Тартымдылықты көріп, облысқа басқа аймақтардан салық төлеушілер келді. Бұл қазынаны едәуір толықтыруға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/875334
Қарағанды облысында дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесін енгізу мәселесі талқыланды 16.11.2024
1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау жүйесі жұмыс істей бастады. Оны енгізудің пайдасы мен қауіп-қатерлері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбековтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.Таңбалау дәрі-дәрмектің өндірістен сатып алушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, заңсыз айналымның, соның ішінде жалған өнімдердің алдын алуға көмектеседі. Ал тұтынушы медициналық препараттардың түпнұсқалығын тексере алады.Өңірде жүйені енгізу туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирнова айтып берді. Ол жеткізушілер мен дәріханалардың өзара әрекеттесуіндегі проблемаларды атап өтті. Атап айтқанда, бұл жеткізу мен құжаттарды рәсімдеу арасындағы мерзімдерді сақтау.Сондай-ақ, жиналыста дәріхана қоймаларының ЖРВИ, тұмау және коронавирус ауруларының маусымдық өсуіне дайындығы туралы айтылды. Мониторингке сәйкес, аймақта дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің қоры жеткілікті. Маусымдық дәрі-дәрмектерге сұраныстың шамалы өсуі байқалады, бірақ ешқандай шу жоқ.Кеңес соңында Ораз Тәуірбеков дәрі-дәрмек айналымы саласындағы қауіпсіздік пен ашықтықты бірлескен күш-жігермен ғана қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/875476
Олжас Бектенов ШИК отырысына қатысушылармен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 16.11.2024
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Үкімет деңгейіндегі отырысқа қатысушылармен бірқатар кездесу өтті. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық, мұнай-газ саласы мен энергетика секторындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуінде ЕҚДБ-ның ірі инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар шеңберінде қатысу перспективалары қаралды. Жалпы, Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды, ең ірі жобалардың бірі – ҮАААЖ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және МЖӘ жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Осы бағытта ЕҚДБ Көкшетау қаласында 630 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысын қаржыландырады.Үкімет бүгінде халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, толық жүзеге асыратын ауқымды МЖӘ жобаларының пулын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, экономиканы көміртегінен арылту және көлік-логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру, оның ішінде Орта дәлізді дамытуға бағытталған және басқа да мәселелер қаралды.Әлемдік жетекші энергетикалық корпорациялардың өкілдерімен ұжымдық кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Жиынға Shell Plc. атқарушы вице-президенті Питер Костелло, ExxonMobil дәстүрлі кен және ауыр мұнай өндіру жөніндегі аға вице-президенті Джон Уилан, TotalEnergies Exploration&Production Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Чарльз Фернандес, Eni S.p.A табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти қатысты.Компаниялар еліміздегі ең ірі қайраңды мұнай-газ жобасы – Қашаған кен орнын игеруге қатысатын NCOC консорциумының құрамына кіреді. Мұнай-газ компанияларының өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктерді атап өтіп, мұнай-газ секторындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін жеткізді. Қазақстан Үкіметі барлық айқын мәселелерді шешуде ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екендігін растады. Талқылау қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар кен орнын игерудің келесі кезеңдерін (А2 және Б2) уақтылы іске асырудың маңызын атап өтті.#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-министрі #Инвестициялар #МЖӘ #Мұнай-газ саласы #Халықаралық ынтымақтастықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875442
Облыс әкімі есеп беру кездесуін Ақкөл ауданында өткізді 16.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, ауданды дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.Өңір басшысы ел Президенті қойған міндеттерге сәйкес өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін ашу қажеттігіне назар аударды. Қазіргі уақытта ауданда бір ғана орта кәсіпорын - «АҚКӨЛ ҚҰС» ЖШС жұмыс істейді, ал облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміне қосқан үлесі небәрі 0,3% құрайды.Марат Ахметжанов ауданның Астанаға жақын орналасуы және оның ауыл шаруашылығы әлеуеті инвестициялар тарту үшін елеулі мүмкіндіктер туғызатынын, бұл жұмыс орындарын құруға және бюджеттік кірістердің өсуіне ықпал ететінін, бұл өз кезегінде ауданға әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ауыл шаруашылығы секторын талқылау барысында облыс әкімі жергілікті диқандардың оң жетістіктерін атап өтті. Биылғы жылы өнімділік гектарына 14 центнерден асты, ал астықтың жалпы көлемі шамамен 200 мың тоннаны құрады.Басым бағыттардың ішінде сүт өндірісі белсенді дамып келе жатқан мал шаруашылығы да ерекшеленеді. «Еңбек» ЖШС жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы шеңберінде 900 басқа арналған ферма салуда, бұл жалпы сауын табынын 1500 басқа дейін ұлғайтуға және тауарлық сүт өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Ахметжанов елордалық туризмнің бір бөлігі ретінде ауданның туристік әлеуетін атап өтіп, әкімдікке осы салаға инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда ЖК «Болашақ» жылқы шаруашылығы және ЖК «Әмір» қой өсіру сияқты мал шаруашылығында табысты жобалар іске асырылуда.Облыс әкімі инфрақұрылымдық даму мәселелерін де қозғап, аяқталмаған жобалардың бар екендігін атап өтіп, жергілікті билікті бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және жоспарлауды жақсартуға шақырды.Халықпен кездесуде жолдарды жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балаларды тасымалдау үшін автобустың қажеттілігі туралы және басқа да сұрақтар қойылды.Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдауында өңір басшысы Ақкөл тұрғындарын толғандыратын сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875484
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы хабарландыру 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 2024 жылғы 11-13 қараша аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін реттеуді қатаңдату жөніндегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелері орналастырылатынын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/875264
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірыңғай байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізіндегі чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізінде чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды. Чатбот тәулік бойы 24/7 форматында келесі сілтеме бойынша қол жетімді болады: https://t.me/iDos_official_botБұл азаматтарға операторлардың жұмыс кестесіне қарамастан кез келген уақытта байланыс орталығымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.Бұл ретте, ағымдағы жылдың 5 ақпаны мен 29 қазаны аралығында байланыс орталығына өтініштердің жалпы саны 28 568 қоңырауды құрады.Осылайша, чат-ботты енгізу азаматтармен өзара іс-қимыл сапасына оң әсер етеді.Айта кету керек, чатбот одан әрі дамытылады және жаңа бірегей сұраныстар түскен сайын оны оқыту жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875082
Қызылорда облысы Жосалы ауылында темір жол арқылы жаңа жол өткелі салынады 16.11.2024
"Мемсараптама" РМК Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салуға жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.Мырзағалиева көшесі бойымен темір жол арқылы салынатын жол өтпесінің құрылысы Жосалы кентінде Қауіпсіз автокөлік қатынасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Жол өтпесінің ұзындығы 84,75 м болады . Жол өтпесінің көлемі 2 жолаққа есептелетін болады. Сондай-ақ, жобада екі жағынан тротуарларды орнату көзделген.Жобаның тапсырыс берушісі "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бас жобалаушы - "Қарағандыказдорпроект" ЖШС болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875158