Экономика
Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы cыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті 08.03.2026
Ыстанбұл, 2026 жылғы 7 наурыз – Түркі мемлекеттері ұйымы cыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті.Іс-шараға Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастап барды.Отырыс Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығымен өтті. Жиынға ТМҰ-ға мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Ұйымның Бас хатшысы қатысты.Кездесу барысында қатысушылар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар саяси диалогты одан әрі нығайту, институционалдық ынтымақтастықты кеңейту және түркі әлеміндегі өзара іс-қимыл мен интеграцияны тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілету перспективалары талқыланды.Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жоспарланған алдағы іс-шараларға дайындық мәселелеріне, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында Ә.Бақаев өзге делегация басшыларымен бірге Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды. Сұхбат барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері, сондай-ақ түркі ынтымақтастығы шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар бауырлас түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және түркі әлемінің халықаралық әрі өңірлік үдерістердегі рөлін арттыруға өзара мүдделілік білдірді.Іс-шара қорытындысы бойынша ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға қатысты бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ ТМҰ+ форматында үшінші тараптармен ынтымақтастық туралы ереже бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1177069?lang=kk
Қазақстан Мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады 07.03.2026
Астана, 2026 жылғы 6 наурыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанға алғаш сапармен келген Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Споляричпен кездесті.Е.Ашықбаев БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген көпжақты жүйеге Қазақстанның қолдауын растады. Сондай-ақ, еліміздің халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында ХҚКК-мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын атап өтті.М.Сполярич халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі Қазақстанның үлесін жоғары бағалады және осы тұрғыда өзара іс-қимылды жандандыруға дайындығын растады.Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастама шеңберіндегі бірлескен іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Амман қаласында (Иордания) өтетін соғыс уақытындағы гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық барысын талқылады.Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлердегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1176886?lang=kk
Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады 06.03.2026
Астана, 2026 жылғы 6 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты елеулі алаңдаушылық білдірді.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растады.Сұхбат қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1176873?lang=kk
«Әлемнің жарығы» мерекелік концерті 06.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Әлемнің жарығы» атауымен өткен мерекелік концертте аймағымыздағы әйелдер қауымын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.Сұлулық пен жылулықтың символына айналған әйел – отбасының берекесі, шаңырақтың тұтқасы. Ол – жан-жарының сенімді серігі, перзентінің мейірімді анасы, әулеттің ұйытқысы.XXI ғасырда біздің қазақстандық әйелдер ғылымда, білімде, медицинада, мемлекеттік басқаруда, бизнесте, мәдениетте және халықаралық дипломатияда өздерін табысты көрсетіп келеді.Қазіргі заманғы әйелдер жаңа мамандықтарды батыл меңгеруде. Олар еркін қоғамда өмір сүруді таңдап, лайықты өмір сүру деңгейіне ұмтылады. Дегенмен олар отбасының тірегі, жылулық пен адамгершілік құндылықтарының сақтаушысы ұғымынан алыстаған емес.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан адамға бағдарланған конституциялық реформа мемлекеттік саясаттың басым бағыттары ретінде әйелдерге жан-жақты жағдай жасауды, олардың құқықтарын қорғауды және отбасы институтын нығайтуды көздейді. Бүгінгі мейрам күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке, көктемгі көңіл күй және жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік, татулық пен қуаныш орнасын!», – деді аймақ басшысы құттықтау лебізінде.Салтанатты шарада облыс әкімі өңірдегі еңбегімен еленген нәзік жандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.Жиын мерекелік концертке ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1176529?lang=kk
Akim of the region got acquainted with the work of the rehabilitation center 06.03.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 орындық реабилитациялық орталықтың жұмысымен танысты.Бұл кешен Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы ашылған болатын.Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.Реабилитациялық орталық балалардың денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік оңалтуға бағытталған барлық арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады.«Егер бұрын облыс орталығындағы 20 төсек-орынға арналған жалғыз реабилитациялық мекемеде жылына шамамен 400 бала ғана оңалту курсынан өте алса, қазір реабилитациямен қамту бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі кемінде 900 баланы құрайды», – деді Құмар Ақсақалов.Аймақ басшысы сонымен қатар, тағы бір жобаны қолға алғанын айтты. Ол «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қостанай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісім. Нысанның құрылысы биыл басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1176188?lang=kk
Жаңа Конституция жобасын түсіндірді 06.03.2026
Қостанайда «Аймақтың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Сала басшылары, кәсіпкерлер, қаржы мекемелерінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары бас қосқан жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция жобасы талқыланды.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдағы референдумның ашық әрі әділ өтуі маңызды екенін атап өтіп, жаңа Конституцияның басты қағидалары адами капиталды дамытуға, азаматтық құндылықтарды қорғауға бағытталғанын баса айтты.«15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Конституцияның преамбуласында алғаш рет адамға деген құрмет, жауапкершілік және әділдік қағидаттары негізгі құндылықтар ретінде көрсетіліп отыр. Бұл мемлекеттік саясаттың басты басымдығы – адам, оның құқықтары мен өмір сүру сапасы екенін айқындайды», – деді аймақ басшысы.Облыс басшысының айтуынша, өңір экономикасы өркендеген сайын, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың табысы едәуір өскен. Заманауи инфрақұрылымның өрісі кеңейіп, жастардың сапалы білім алуына қажет жағдайдың бәрі жасалып отыр.«Соңғы жылдары мемлекет білімге, ғылымға, инновацияға, ең бастысы – адам капиталын дамытуға айрықша көңіл бөлуде. Жаңа Конституцияның Преамбуласында алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адамға деген құрмет, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда», – деді Құмар Ақсақалов.Инвестиция тарту мақсатында облыста жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 79 жобадан тұратын пул қалыптасты. Онда 13,2 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көзделген.2025 жылы 337,3 млрд теңге көлемінде 12 индустриялық жоба іске қосылып, 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы екі жылда өндіріс көлемі 48%-ға артты.Мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін биыл жайылымдық мал шаруашылығы жобаларын іске асыруға және жайылым инфрақұрылымын дамытуға 50 млрд теңге қарастырылған.Соның арқасында аймағымыз агроөнеркәсіптік кешенінің өңделген өнімдерін экспорттау көлемі жағынан республикада көшбасшы болып қала береді.Өңірдегі жоғары оқу орындарының базасында әлемнің жетекші университеттерімен қос диплом білім беру бағдарламалары іске қосылды. Машина жасау, металлургия және тау-кен ісі, экономика және құрылыс, энергетика және ақпараттық жүйелер салаларында Жоғары мектептер, колледждерде кадрларды алдын ала даярлау үшін 21 жаңа мамандық ашылған.«Мемлекет Басшысы атап өткендей, «Әділетті Қазақстан – әр өңірден, әр ауылдан, әр азаматтың өмірінен басталады». Алда үлкен саяси науқан күтіп тұр. Ол еліміздің ертеңіне тікелей байланысты шешімдер болмақ. Барша қостанайлықтарды жаңа Конституция жобасын қолдап, ел жаңғыруына өз үлесін қоса береді деп сенемін», – деді облыс әкімі.Алқалы кеңесте облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Ренат Дәулетбаев «Еуразия банкі» филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина сөз сөйлеп, жаңа Конституция тетіктерін баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1176150?lang=kk
Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады 05.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрдің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының Елшісі Антония Кацуруды қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы аталып өтті.«Грекия – Жерорта теңізі өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктесі. Біз шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімізді білдіреміз», – деп атап өтті А.Исетов.Өз кезегінде, А.Кацуру Афинаның Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап, туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1175390?lang=kk
Күн тәртібінде – құқық бұзушылықтардың және әдіпсіз қылықтардың алдан алу 05.03.2026
Ағымдағы жылдың 4 наурызында Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Сюндиков және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г. Шагирова ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша семинар - кеңес өткізді.Г. Шагирова қатысушылардың назарын қызметшілердің шектеулерді сақтауына, оның ішінде құмар ойындарға (бәс тігуге) қатысуға, ойын мекемелеріне баруға аударды. Сондай-ақ, ол тәртіптік практика, декларация беру тәртібі, квазимемлекеттік сектор өкілдерінің жекелеген санаттармен кәсіпкерлікпен айналысуын шектеу, мүдделер қақтығысы туралы хабардар етті. Қызметшілерге мемлекеттік қызметтің гибридті моделін, еңбек өтілін есептеуді, қызметші қызметінің тиімділігін бағалауды есепке алуды және халыққа көрсеткен қызметтерге қанағаттануын бағалаудың әсерін көздейтін заңнамадағы алдағы өзгерістер туралы хабардар етілді.Қ. Сюндиков 2025-2027 жылдарға арналған "Адал азамат" идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы, әдеп стандарттарды сақтау, қызметтік автокөлікті тиімді пайдалану жөніндегі талаптар, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, зайырлы мемлекет қағидаттары және басқа да мәселелер туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1175353?lang=kk
"Адал азамат" - мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық үлгісі 05.03.2026
3 наурызда Қостанай қаласында облыс әкімінің аппаратымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2025-2027 жылдарға арналған "Адал азамат" идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын және Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.Іс-шараға қатысушылар: ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері, Қостанай облысы қалалары, аудандары әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалар, облыстық басқармалардың, ҚРМҚІА департаментінің, облыс әкімі аппаратының өкілдері.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Салықбаев қатысушылардың назарын ақпараттық жұмысты жандандыруға, құқық бұзушылықтардың, әдепсіз, теріс қылықтардың және беделді тәуекелдердің алдын алуды күшейтуге аударды. Спикер "Адал азамат" тұжырымдамасын адалдық пен әділдікке апаратын жол ретінде ұсынды.Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Сюндиков Жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы хабардар етті. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметкерлерге жүргізген анонимді сауалнамасының қорытындысы өңір қызметшілерінің "Адал азамат" қағидаттарын қолдайтындығын куәландырады. Сауалнамаға қатысқандардың 66,9% адал қызмет принциптерін мемлекеттік қызметте енгізу қажет деп санайды.Баяндама жасағандар - Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қ.Т. Қазез, Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Иманова және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.Успанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1175343?lang=kk
Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз 05.03.2026
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:https://sailau.almobl.kz/ https://t.me/sailau_almobl_bot Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1175233?lang=kk
Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады 05.03.2026
Астана, 2026 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады.Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.Сонымен қатар, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1175151?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал төңірегінде пікір алмасып, дағдарыс жағдайында тығыз үйлестіру мен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстан СІМ басшысы эвакуациялық іс-шаралар мәселелері бойынша сындарлы өзара іс-қимыл үшін Әзербайжан мен Түрікменстандағы әріптестеріне ризашылығын білдірді.Сұхбаттастар мәселелені тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы реттеуге ортақ бейілділігін растады, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтау және өңірлік қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Қорытындылай келе, тараптар азаматтарды эвакуациялау мүмкіндігін ұйымдастыру мәселелерінде қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1173170?lang=kk
Алға, «Тобыл»! 04.03.2026
Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Тобыл» футбол клубын қостанайлық жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды.Бұл тек клубтың жеңісі емес, тұтас өңіріміздің жетістігі. Суперкубокты төртінші мәрте ұтып алған «Тобыл» еліміздің мықты, тегеуірінді командасы екенін дәлелдеді.«Бапкерлер мен ойыншылардың табанды еңбегі, ұйымшылдығы пен кәсіби шеберлігі ұжымды жоғары дәрежеге жеткізді. Осылайша жігіттер барша қостанайлық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Алда жаңа маусым, жаңа белестер. Жігіттерге зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, жеңісті күндер тілеймін!», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173276?lang=kk
Мәслихаттың кезектен тыс отырысы 04.03.2026
Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясында бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жиынға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.Өңіріміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу, Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту талқыланды.Бұдан бөлек, мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу қаралды.Отырыста Арқалық қаласының дамуы туралы да мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда қалалар бойынша инфрақұрылымдық орта сапаның негізгі көрсеткіштері жағынан ең үлкен алшақтық Арқалықта тіркелген. Онда автомобиль жолдарының 31,6%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.«Салыстырар болсақ, Тобыл қаласында 51,5%, Рудный қаласында – 63,6%, Жітіқара қаласында – 73,2%, Лисаков қаласында – 93,6%, Қостанай қаласында – 99,5%. Облыс орталығы мен Арқалықтың айырмашылығы – 70%. Қостанайдағы сапалы жолдардың нақты үлесі 3 еседен астам. Арқалықтың аула аумақтары мен көп пәтерлі үйлерінің қасбеттері ұзақ жылдар бойы жаңартылған жоқ. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің дамуы мемлекеттің назарында болуы қажет екендігін айтты», – деді облыс әкімі.Өткен жылдан бері Арқалықта абаттандыру бағдарламалары басталған. Бұл өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Айтылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173324?lang=kk
Жителям Алматинской области объяснили, как узнать свой участок на референдуме 04.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1173400?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық 04.03.2026
Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. Жиында Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов баяндама жасады. «Казгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Адель Ахметов, Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов, Қарасу ауданының әкімі Қайрат Оспанов, «Агро ПАРАСАТ» серіктестігінің директоры Азамат Жолаушыбаев, «Балталы Ltd» серіктестігінің директоры Аслан Шамұхан өз салалары бойынша қосымша баяндады.Ел Президенті ауыл шаруашылығының әлеуетін толық ашылмағанын атап өтіп, оны жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Яғни, үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде. Атап айтқанда, республика бойынша егін егу және күзгі астық жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі былтырғыдай 1 трлн теңге көлемінде қалып, оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Ал, фермерлерге жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделген.«Қазіргі уақыттағы біздің басты міндетіміз – көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу», – деді аймақ басшысы.2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталғанын атап өткен жөн. Бүгінгі күнге дейін 5% жылдық мөлшерлемемен 19,2 млрд теңгеге 260-тан астам шаруашылық қаржыландырылды. Ал егер несие жарты жылға рәсімделсе, мөлшерлеме 2,5% құрайды.Сонымен қатар, 2026 жылға арналған форвардтық сатып алу бойынша «АО «НК «Продкорпорация»» арқылы облысқа бөлінген қаржы көлемі 2,8 есеге ұлғайтылды. Егер 2025 жылы 5,4 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 15 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жұмыстары белсенді кезеңде жүргізілуде.Облыс әкімі атап өткендей, соңғы үш жылда өңірдің егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 84,4%-ға, ал майлы дақылдар 32,1%-ға кеңейтілді. Бұл өңірдің әртараптандырылған егіншілік моделіне қарай бет алғанын көрсетеді.«Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің негізгі түрлерімен жергілікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету қажет. Биыл картоп алқабы 7,5 мың га, ал қарақұмық алқабы 17,1 мың га жетеді деп жоспарлап отырмыз. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Өңірде жеңіл лизинг бағдарламасының арқасында 2025 жылы 57 млрд теңгеге 1,3 мың техника мен агрегат сатып алынған. 3 жыл ішінде 4 мыңға жуық ауыл шаруашылық техникасымен толықты. Қазіргі уақытта облыста барлығы шамамен 28 мың ауылшаруашылық техникасы бар. Оның 7%-ті жаңартылған.Биыл лизингке қарастырылған 300 млрд теңгенің 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлініп отыр. Облыс бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 433,7 мың тоннаны құрайды. Оларды субсидиялауға 11 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173722?lang=kk
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына арналған дәріс өтті 04.03.2026
Елордалық жоғары оқу орнында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығының басым бағыттарына арналған ашық дәріс өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен БҰҰ-ның Елдік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 34 жылдығына арналды. Кездесуге студенттер, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен жас мамандар қатысты.Сөз сөйлеу барысында спикерлер Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, халықаралық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі, Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы және елдегі БҰҰ агенттіктерінің жұмысы туралы өз пайымдарын ұсынды.ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Теменов еліміздің БҰҰ алаңында өңір мүдделерін ілгерілетудегі жетекші рөлі және Қазақстанның Ұйымдағы басымдықтары туралы айтып кетті. Бұл орайда, халықаралық қатынастар мамандарын даярлаудағы ЕҰУ-дың ерекше рөлін атап өтті.Сондай-ақ баяндамамен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы К. Абдулганиев, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы С. Савельев және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілінің орынбасары С. Ходжиматов еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша атқарып отырған қызметі, жаһандық ядролық қарусыздану процесіне қосқан үлесі туралы ақпаратпен бөлісті.Кездесу студенттердің халықаралық қатынастар мен дипломатияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды білім беру және ақпараттық іс-шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1173775?lang=kk
Алматы облысы тұрғындарының назарына! 04.03.2026
Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтады. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен.Айта кету керек, бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт көлік қатынап келеді. Осы уақытқа дейін аталған учаскеде жолдың шайылуы немесе еріген су көлемінің күрт ұлғаюы тіркелмеген. Сондықтан бұл аймақ бұрын тасқын қаупі бар деп есептелмеген.Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Дереу арада көлік қатынасын тоқтатпау үшін уақытша жол салынды.Ал, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы еріген су ағысы азайғасын қалпына келтіріледі. Сонымен қатар аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мердігер ұйымға тапсырылды. Жұмыс барысында зақымданған жерлер қалпына келтіріліп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігін арттыру шаралары іске асырылады.Жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193439?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша кезекті келіссөздер өтті 04.03.2026
Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті.Атап айтқанда, азаматтардың ұтқырлығын дамытуға, қоғамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға және көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты әрі болжамды құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған болашақ келісімдердің жобалары талқыланды. Сонымен қатар сапарларды жеңілдету мен қауіпсіздік мәселелеріне теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге, рәсімдерді жетілдіруге, өзара сенім мен тараптардың жауапкершілігін нығайтуға ерекше назар аударылды.Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді дамыту аясында тараптар екіжақты қатынастардың кемелденген әрі стратегиялық сипатын айқындайтын заманауи ұтқырлық тетіктерін жетілдіруге өзара ұмтылысты көрсетті.Еуропалық әріптестердің сөздерінде Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы мәселелерді шешудегі сындарлы әрі прагматикалық тәсіліне жоғары баға берілді, сондай-ақ келіссөздер үдерісін жалғастыруға және сарапшылық өзара іс-қимылдың орнықты серпінін қолдауға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174070?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады.Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174160?lang=kk