Экономика
Қостанай облысының медицина ұйымдары санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді 25.06.2025
Медицина қызметкерлері күніне орай Қостанай қаласында салтанатты іс-шара өтіп, оның аясында облыстағы медициналық ұйымдарға жаңа санитарлық автокөліктердің кілттері табысталды.Аймақтың денсаулық сақтау мекемелеріне жалпы 20 санитарлық автокөлік берілді. Көліктер Лисаков қалалық ауруханасын қоса алғанда, аудандық медициналық мекемелерге жіберілді.Автокөліктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалпы 318 миллион теңгеге сатып алынған. Жаңа техника – әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендерде жедел әрі жоспарлы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл – тұрғындар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам.Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтылды.Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – өңірлік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанай облысында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, саланы цифрландыру, мамандардың біліктілігін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1020111?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік және логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 16 маусым – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин арасында екіжақты кездесу өтті.Тараптар сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала беретіні аталып өтті – 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен ҚХР бұл көрсеткішті алдағы жылдары екі есеге арттырып, 100 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты тараптар тауар номенклатурасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және шекарадағы тосқауылдарды азайту шараларын талқылады.Сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай серіктестігі аясында жалпы сомасы шамамен 66,5 млрд долларды құрайтын 224-тен астам жоба іске асырылып, 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылуда. Бұл жобалар энергетика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика және жаңа технологиялар салаларын қамтиды. Тараптар жоғары қосылған құны бар жаңа бірлескен өндірістерді іске қосу жұмысын жандандыруға уағдаласты.Ә.Қуантыров Қытаймен өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКД, Орта дәліз) табысты дамуы және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамамен түйісуі кооперацияны тереңдету мен өзара инвестицияны арттыру үшін зор мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Біз Қытайды тек географиялық жақын көрші ғана емес, сонымен бірге ортақ экономикалық мүдделері бар стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Орта дәлізді дамыту және оны «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйістіру транзиттік әлеуетті арттырып қана қоймай, өңірлік экономиканың тұрақтылығын күшейтетін өндірістік альянстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Ә.Қуантыров.Өз кезегінде Чжоу Хайбин Қазақстанның Еуразия логистикалық құрылымында орталық рөл атқаратынын атап өтті. «Біз Қазақстанды «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясындағы негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара сенім мен прагматизмге негізделген. Қазақстан қытайлық тауарлардың тұрақты транзитін қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлескен өндірістік және логистикалық тізбектерді құрудағы маңызды буынға айналуда. Біз инфрақұрылым, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, өңірдің орнықты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниеттіміз», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кооперацияны тереңдетуге, жобалар портфелін кеңейтуге және стратегиялық маңызды салалардағы өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін дамытуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019134?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитетінің 22-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді және 2025 жылғы 4 сәуірде Самарқанд қаласында өткен «Орталық Азия – ЕО» саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.Іс-шара гибридті форматта өтті. Оған Қазақстанның негізгі министрліктері мен ведомстволарының, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің және Астанадағы ЕО делегациясының өкілдері қатысты. Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, еуропалық тарапты – Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Еуропа және Орталық Азия мәселелері жөніндегі бас директорының міндетін атқарушы Люк Девинь басқарды.Р.Василенко отырысты аша отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестіктің дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті: «Өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім өзінің практикалық маңыздылығын толық дәлелдеді. Біз ынтымақтастықтың кеңеюін және барлық деңгейлерде диалогтың нығаюын байқаймыз. ЕО – біздің басты сауда және инвестициялық серіктесіміз. 2024 жылы өзара сауда көлемі рекордтық көрсеткіш – 50 млрд АҚШ долларына жуық сомаға жетті».Отырыс барысында сауда, инвестициялар, көлік байланыстылығы, энергетика, климат, заңның үстемдігі және визалық жеңілдіктер мәселелеріне баса назар аударылды.Қазақ тарапы ҚР азаматтарының еркін қозғалысына қойылатын кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар қабылданатынына сенім білдірді, визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді мүмкіндігінше тез бастау маңыздылығын ерекше айтты. Астана мұндай келіссөздер үшін қажетті құқықтық және техникалық базаны қамтамасыз етуге дайын екенін растады.Сондай-ақ тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес пен Комиссия басшылары арасында Самарқандтағы «ОА-ЕО» саммиті аясында қол жеткізілген тұрақты сауда, цифрландыру және білім беру алмасуларын кеңейту мәселелері бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыруды талқылады.Көлік байланысын кеңейтудің маңыздылығы, атап айтқанда Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД, Орта дәліз) одан әрі дамуы аталып өтті. ТХКД бойындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша әрі қарай белсенді практикалық әрекеттерге көшудің қажеттілігі айтылып, бұл бағытта ЕО тарапынан 10 млрд еуро көлемінде қаржы бөлу ниеті құпталды.Осы тұрғыда тараптар «Global Gateway» (Жаһандық қақпа) бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды оң бағалады. Атап айтқанда, Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің сәуірдегі саммитінде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және цифрлық байланыстарды жақсартуға бағытталған 12 млрд еуро сомасында инвестициялық пакет бөлу туралы мәлімдемесі қолдау тапты. Қазақстан бұл өңірлік жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін растады.Сонымен қатар тараптар ҚР Үкіметі мен Еуроодақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімді тезірек қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Бұл құжат нормативтік базаны үйлестіруге, құқықтық анықтығын арттыруға және қазақстандық және еуропалық әуе тасымалдаушылары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.Тараптар сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту және академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерін тұрақты ынтымақтастықтың іргетасы ретінде қарастырды.Климат және «жасыл» күн тәртібі аясында тараптар Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауын, оның Глобалдық метан бастамасына белсенді қатысуын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен маңызды шикізат жеткізу тізбектерін дамыту бойынша бірлескен жобаларды ілгерілетуін құптады.Еуропалық делегация басшысы Л.Девинь: «Соңғы отыз жылда Еуропалық одақ пен Қазақстан өзара сенімге, құрметке және ынтымақтастыққа негізделген берік және жетілген серіктестік орнатып, өзара жақындай түсті. ЕО мен Қазақстан арасындағы серіктестік — бұл меже емес – ұзақ сапар. Бұл көпжылдық достықтың әлі ашылар жаңа тараулары көп», – деп мәлімдеді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды өзара құрмет рухында жүзеге асыруға бейілділігін растады.Анықтама: Саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитеті – ҚР мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі институционалдық тетіктерінің бірі. Комитет отырыстары уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде өткізіледі және заңның үстемдігі, сот және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық, визалық саясат, білім беру, БАҚ және азаматтық қоғам салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты кең ауқымды саяси және өңірлік мәселелерді қамтиды.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға өсті (ҚР-дан экспорт – 38,1 млрд доллар, импорт – 10,6 млрд доллар). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялар көлемі 200 млрд доллардан асты. Елімізде еуропалық қатысумен 3000-нан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019259?lang=kk
Қазақстан мен Оман СІМ басшылары телефон сұхбаты арқылы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуетін ескере отырып, транзиттік бағыттарды дамыту мәселесінің маңыздылығына назар аударылды.Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал бойынша пікір алмасты.М.Нұртілеу өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.Сұхбат нәтижесінде Қазақстан мен Оман сыртқы саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019101?lang=kk
Шағын және орта бизнесті қолдау — стратегиялық басымдық 25.06.2025
Мемлекет басшысы тұрақты экономикалық дамудың мықты шағын және орта бизнессіз мүмкін еместігін атап өтеді. «Шағын және орта бизнестің үлесі неғұрлым жоғары болса, экономика соғұрлым дамыған», — деп атап көрсетті Президент. Осыған байланысты Қазақстанда кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр.Дамыған елдерде ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40–60%-ға дейін жетеді.Біздің өңірде де оң динамика байқалады. Соңғы екі жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 7,8%-ға артып, 66 мыңға жетті. Облыс экономикасындағы ШОБ үлесі — 30%. Шағын және орта бизнес 163 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр — бұл облыстың экономикалық белсенді халқының 36%-ы.2024 жылы ШОБ субъектілері 2,4 трлн теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Өндіріс көлемінің артуына ең үлкен үлесті Қостанай, Бейімбет Майлин және Фёдоров аудандары қосты.Жаңа идеяларды жүзеге асыруға дайын кәсіпкерлерге ерекше назар аудару қажет. «Егер адам жоба іске асыруға ниетті болса, біздің міндетіміз — оны қолдап, аяққа тұрғанға дейін жан-жақты сүйемелдеу», — деді Құмар Ақсақалов. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды алу, банктермен және мемлекеттік органдармен жұмыс істеу барысында тек кеңес беріп қана қоймай, нақты көмек көрсету маңызды.Өңірдің негізгі өсу нүктелері — автокомпоненттер өндірісі орталығы және бұрынғы фабрика базаларындағы шағын индустриялық аймақтар. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау құрылымы оң өзгерістерге ұшырады: 2021 жылы жобалардың 44%-ы сауда саласына тиесілі болса, бүгінде бұл көрсеткіш 11%-ды ғана құрайды. Енді негізгі басымдық өңдеу өнеркәсібіне, көлік қызметтеріне және өндірістік салаға беріліп отыр.2023 жылы енгізілген «Бизнес-Көмек» бағдарламасы жақсы нәтижелерін көрсетті. Мысалы, елдің оңтүстігінде мал басын 7700 басқа дейін арттыруға мүмкіндік берді.Кеңес қорытындысы бойынша, қалалар мен аудан әкімдіктеріне және тиісті басқармаларға бірқатар тапсырмалар жүктелді: талдамалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік кәсіпкерлікті тарту, мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және олардың тиімділігін бақылау.«Кәсіпкерлік бастама Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналуда», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондықтан ШОБ тек қолдауға ие болатын сала ғана емес, өңірлік дамудың және әлеуметтік тұрақтылықтың өзегіне айналуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1019038?lang=kk
Алматы облысында жүгеріні терең өңдеу саласында ауқымды инвестициялық жоба іске асырылуда 25.06.2025
Қытайлық "Yili Chuanning Biological Co." компаниясы Қазақстанда жүгеріні терең өңдеу саласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.«Қытай – Орталық Азия» атты екінші Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Алматы облысының әкімдігі мен Қытайдың "Yili Chuanning Biological Co." компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.Алматы облысының әкімдігі агроөнеркәсіптік секторға стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді. Осы бағытта Қытайдың жетекші биофармацевтикалық кәсіпорындарының бірі – "Yili Chuanning Biological Co." Еңбекшіқазақ ауданында жүгері мен бидайды терең өңдеуге бағытталған инвестициялық жобаны іске асыруды бастады.Жоба аясында заманауи биотехнологиялар енгізіліп, аминқышқылдар, пробиотиктер мен биологиялық ыдырайтын материалдар (оның ішінде қаптама және медициналық бұйымдар) өндірілмек. Жалпы инвестиция көлемі – шамамен 500 миллион АҚШ доллары. Жобаның жылдық өндірістік қуаты – 400 мың тонна жүгері мен 500 мың тонна бидай, ал құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны 1 000 адамға дейін жетуі мүмкін.Кәсіпорын «Шелек» индустриялық аймағында орналасады. Қазіргі уақытта компания мамандары жобаны кезең-кезеңімен іске асыру стратегиясын әзірлеумен қатар, өндірістік алаңның инфрақұрылымы, логистикасы және экономикалық параметрлері бойынша кешенді талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1018433?lang=kk
Қазақстан Елшісі Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды 25.06.2025
Рим, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстанның Қасиетті Тақ және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлапқа сенім грамоталарын тапсырды. Салтанаты рәсім Орденнің Римдегі Магистральды сарайында өтті.Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Кездесу барысында Т. Пірімбетов Мемлекет басшысының жетекшілігімен орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, әділ және инклюзивті мемлекет құруға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы хабардар етті. Ү.ж. қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII-ші Съезі туралы айтып берді.Ұлы Магистр жеткізілген сәлемдер үшін шынайы алғысын білдіріп, Орденнің Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Ол Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігінің ашылуын жоғары бағалады. Фра Дж.Т.Данлап еліміздің жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Орден делегациясының алдағы Съезге қатысуға мүдделі екенін білдірді.Қазақстан Республикасы мен Егеменді Мальта Ордені арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 4 ақпанда орнаған.2001 жылы Қазақстанда Егеменді Мальта Ордені Елшілігінің бөлімшесі ашылды. 2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігі ашылды.Егеменді Мальта Ордені 114 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынаста. Орденнің дипломатиялық қызметі оның гуманитарлық миссиясымен тығыз байланысты. Халықаралық саяси тұрғыда Егеменді Мальта Ордені бейтараптық ұстанымды ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1018510?lang=kk
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – экономикалық өсім мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі факторы 25.06.2025
Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымдық мәселелерді шешудің маңыздылығын, оның ішінде автожолдар желісін дамытуды ерекше атап өтті. Бұл – экономикалық өсудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды алғышарттарының бірі. 2025 жылы Қостанай облысында автожол саласының қаржыландыруы едәуір ұлғайды – өткен жылмен салыстырғанда бюджет 31%-ға артып, 106 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 47,1 млрд теңге немесе 44,4% республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталды. Ауқымды жөндеу жұмыстары Биылғы жылы бірқатар маңызды жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде:•Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол;•Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы бағыты;•Ұзынкөл – Троебратное жолы;•Қарабалық ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол;•Қарасу ауданына қарасты Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол;•Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолда жөндеу басталды. Бұдан бөлек, 14 маусымда Президенттің тапсырмасына сәйкес “Орталық – Батыс” автожолының құрылысы басталды. Бұл жоба Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін елдің негізгі көлік тораптарының біріне айналдырмақ. Рудный қаласына жаңа серпін Рудный қаласында транзиттік жүк көліктерінен туындайтын орталық көшелердегі жүктемені азайту мақсатында айналма жол салу жоспарлануда. Жоба келесі жұмыстарды қамтиды:•16,9 км ұзындықтағы жаңа жол құрылысын,– оның ішінде 4,3 км – жаңа жол салу,– 11,2 км – бар жолды қайта жаңғырту;•маршрут Белозерка және Балықты ауылдары арқылы өтіп, Юбилейное ауылы маңындағы жаңа жолайырыққа шығады;•жобаның алдын ала құны – шамамен 25 млрд теңге;•құрылысты биыл бастап, 2028 жылы аяқтау жоспарлануда. Қостанай – Рудный автожолы Аймақтағы ең көп жүктемелі жол учаскелерінің бірі – Қостанай – Рудный бағыты (ұзындығы 31,5 км) да назардан тыс қалған жоқ. Бұл жолмен тәулігіне 10–13 мың көлік өтеді. Жөндеуге 6,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта:•оң жақ бөлікке асфальт төсеу жұмыстары 89%, сол жақта – 32% орындалды;•153 дана көше шамының тіректері орнатылды;•барлық жұмыстарды қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қорытынды Жол-көлік инфрақұрылымын жүйелі дамыту – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, логистикалық шығындарды азайтуға және азаматтар мен бизнестің жайлы қозғалысына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1018081?lang=kk
Қысқа мерзімді оқыту қазақстандықтарға жаңа жұмыс орындарын табуға көмектеседі 21.06.2025
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның ішінде 89 адам оқуды аяқтады. Курстарды аяқтаған соң 83 қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Қызылорда қаласының тұрғыны, алты баланың анасы Зухра Мырзахметова өзінің табыс тарихымен бөлісті.2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «бастауыш білім берудің информатика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, бірақ өз мамандығымен жұмыс істемеген.«Кіші қызым 5-ке толғанда мен белсенді түрде жұмыс іздей бастадым. 7 ай бойы ізденісімнен нәтиже шықпады, ақыры жаңа мамандықты игеруге бел будым. Осы мақсатта 2024 жылдың қыркүйегінде мен біздің мансап орталығына хабарластым, онда маған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтуді ұсынды», – деді Зухра Мырзахметова.Зухра үй шаруасынан бос уақытын балаларына мерекелік киімдер, төсек-орын, перде, дастархан тігіп өткізетін болған, сол себепті тігіншілік курстарын таңдапты.«Мансап орталығы маған «Керім сұлу-Qyzylorda» ЖК жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқуға жолдама берді», – дейді көпбалалы ана.Үш ай оқып, курсты аяқтаған көпбалалы ана «Керім сұлу-Qyzylorda» ЖК тұрақты қызметкері болып жұмысқа қабылданды.«Жұмыс беруші мансап орталығы арқылы өтініш білдірген жұмыссыз адамды уақытша жұмысқа қабылдайды, онымен еңбек шартын жасайды және тәжірибелі жұмысшылар арасынан тәлімгерді тағайындай отырып, тәжірибелік сабақтарды өткізеді. Оқуды аяқтаған соң жұмыс беруші жұмыссыз адамды тұрақты жұмысқа ауыстырады.Оқыту кезеңінде кәсіптік білім алушының еңбекақысын жергілікті бюджет есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығы орталығы төлейді. Айлық жалақысы 20 АЕК құрайды», – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің басшысы Аяулым Берекенова.Облыстық есеппен алғанда оқуға жіберілгендердің ең көп саны Алматы облысында – 305 адам, Жамбыл облысында – 210 адам, Қарағанды облысында – 201 және Жетісу облысында – 195 адам тіркелді.Студенттер арасында сұранысқа ие мамандықтар: тігінші – 450 адам, аспаз – 219 адам, шаштараз – 141 адам, тракторшы-машинист – 100 адам, электр және газбен дәнекерлеуші – 60 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1017494?lang=kk
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Грузия Елшісін қабылдады 21.06.2025
Астана, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Грузияның Елшісі Николоз Лалиашвилиді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың даму жағдайы мен перспективаларын талқылады.Осы орайда Қазақстан мен Грузия арасындағы екіжақты қатынастарды тереңдету мен кеңейтуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ халықаралық алаңдарда екі ел арасындағы әріптестікті дамыту бағытында атқарған еңбегі үшін Грузия дипломатына ризашылық білдірілді.Өз кезегінде Грузия Елшісі Қазақстанда дипломатиялық қызметін атқарған кезеңде көрсетілген тұрақты қолдау үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Кездесу аяғында Грузия Елшісіне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртiлеудің атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017502?lang=kk
Қазақстан Елшісі Украина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 21.06.2025
Киев, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017546?lang=kk
202 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды 21.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 202,8 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 138,2 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 51,6 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1017763?lang=kk
ЕХӘҚМ МӘСҚ-нан кейбір әлеуметтік төлемдерді алу процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр 21.06.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуға бастамашылық етуде. Жоба туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.Жобада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында МӘСҚ филиалдарының қызметкерлерін шешім қабылдаудан шеттету көзделген, бұл алушылардың шотына ақшалай қаражатты аударуды жеделдетуге мүмкіндік береді, әлеуметтік төлемдерді уақтылы тоқтата тұруды және тоқтатуды қамтамасыз етеді.Айта кетерлігі, пилоттық режимде тек «Электрондық үкімет» және «Электрондық еңбек биржасы» порталдары арқылы келіп түскен электронды өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметтері келісілген өтініштер қаралатын болады.Бұл ретте өтініш берушілер белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі тиіс: тек бір төлеушіден (ЖК, шаруа қожалығының басшысын, жеке практикамен айналысатын адамды қоспағанда) әлеуметтік аударымдардың түсуі, оларды уақтылы төлеу (есеп берілетін айдан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмей), әлеуметтік аударымдар бойынша қызметкердің ай сайынғы табысының міндетті төлемдер бойынша ай сайынғы табысқа сәйкес келуі, сондай-ақ қажетті мәліметтерді алу үшін цифрландырылған құжаттардың толық пакетінің болуы және басқалар.Жоғарыда аталған критерийлер бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімділігін анықтауға көмектеседі.Пилоттық жобаның басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1017879?lang=kk
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.Смадияровтың брифингі, Астана, 2025 жылғы 16 маусым 21.06.2025
Мазмұны:Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының жаңа төрағасын сайлау туралы;Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары туралы;Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға жұмыс сапары туралы;«Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы туралы;«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті туралы;Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарының Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуы туралы;Қарусыздану саласындағы БҰҰ стипендиаттарының Қазақстанға сапары туралы;Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы және ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясы туралы;Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы туралы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының жаңа төрағасын сайлау туралы2025 жылғы 10 маусымда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Экономикалық сотының Пленум отырысы барысында Қазақстан Республикасының өкілі – ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Герман Кәрімұлы Нұрбаев бірауыздан ТМД Экономикалық сотының жаңа төрағасы болып сайланды.Қазақстан өкілінің ТМД-ның негізгі құқықтық институттары бірінің басшылығына сайлануы – Достастыққа мүше мемлекеттердің еліміздің құқықтық жүйесіне деген жоғары сенімінің көрінісі әрі ТМД кеңістігінде құқықтық ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстанның сындарлы үлесін растайды.Қазақстанның ТМД құрылымдарындағы институционалдық қатысуын кеңейту еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары туралы2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы Вашингтон қаласына ресми сапармен барды.Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Тараптар өзара сыйластық пен прагматикалық тәсілге негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары – сауда көлемін арттыру, америкалық технологияларды тарту, сондай-ақ Орталық Азия мен АҚШ арасындағы тұрақты диалог алаңы ретінде «C5+1» форматындағы өзара іс-қимылды ілгерілету мәселелері талқыланды. Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресті қоса алғанда, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.Экономикалық күн тәртібі бойынша диалог АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен кездесуде жалғасын тапты. Келіссөздер барысында энергетика, көлік, сирек жер металдары мен жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды. Тараптар тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою тетіктерін, сондай-ақ көлік-логистикалық бағыттарды әртараптандыру жолдарын талқылады. Қазақ тарапы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және жетекші америкалық компаниялардың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыруға бейілділігін растады.Сапар аясында АҚШ заң шығару органдарының өкілдерімен кездесулер ерекше маңызға ие болды. Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесуде қазақ-америкалық стратегиялық серіктестігінің маңыздылығы мен парламентаралық диалогты жандандыру қажеттігі аталып өтті. Сенатор Риш Қазақстанның сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін білдірді.М.Нұртілеу сондай-ақ ҚР-АҚШ парламентаралық кокусының тең төрағасы, конгрессмен Роберт Адерхольтпен және Өкілдер палатасының Сауда жөніндегі кіші комитетінің мүшесі Кэрол Миллермен жеке кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында америкалық заң шығарушылар Джексон-Вэник түзетулерінің Қазақстанға қатысты күшін жоюға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады.Сапар қорытындысы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл қазақ-америкалық стратегиялық серіктестігінің барлық негізгі бағыттар бойынша дәйекті дамуын айғақтайды. Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға жұмыс сапары туралы2025 жылғы 16-17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді.Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өткізу жоспарлануда. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, көлік-логистикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланады.Индустрияландыру, инновациялар және «жасыл» экономиканы дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ екі елдің стратегиялық бастамаларын өзара ұштастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.Сонымен қатар мемлекет басшылары «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне қатысады. Саммит барысында өңірлік ынтымақтастықты ілгерілету, орнықты даму, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және трансшекаралық сын-тегеуріндерге бірлескен ден қою мәселелері бойынша пікір алмасу көзделіп отыр. «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы туралыБүгін, 2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың екінші форумы өтуде. Форум жұмысына қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ал қытай тарапын ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин бастап келеді. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің ресми өкілдері қатысуда.Форум аясында салалық сарапшылардың қатысуымен IT, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен металлургия салаларына арналған панельдік сессиялар өткізіліп, коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған.Аталған форумның алғашқы отырысы 2023 жылғы 16 ақпанда Қытайдың Циндао қаласында гибридті форматта өткен болатын. Іс-шараны ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Шаньдун провинциясының халық үкіметі ұйымдастырған. Оның қорытындысы бойынша «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Циндао бастамасы және «Ынтымақтастықтың табысты мысалдары» каталогы қабылданды.Форум 2022 жылғы 25 қаңтарда қабылданған «Орталық Азия және Қытай мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне» сәйкес, «Қытай – Орталық Азия» форматындағы индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық платформасын дамытуға бағытталған уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл бастама дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай қабылданған шешімдердің жалғасы. «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті туралы2025 жылғы 17 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммит өтеді.Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады.Саммит аясында өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, көлік-транзиттік ықпалдастықты, энергетика, инновациялар мен тұрақты даму салаларын дамыту мәселелері талқыланатын болады.Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық сын-қатерлерге қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық алмасуларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылады.Саммит қорытындысы бойынша Астана декларациясына және Мәңгілік достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою жоспарланып отыр. Бұл құжаттар тараптардың өзара құрмет, сенім мен ортақ жауапкершілік қағидаттарына негізделген жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарының Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумына қатысуы туралы2025 жылғы 18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласында Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2025) өтеді. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақ делегациясы қатысады.Аталған Форум дәстүрлі түрде Ресей мен басқа мемлекеттердің мемлекеттік құрылымдары, іскер топтары мен сарапшылық қауымдастығы арасындағы диалог үшін беделді халықаралық алаң ретінде танылған.ПМЭФ-2025-тің басты бағыты – жаһандық турбуленттілік жағдайында даму үшін ортақ бағдарларды әзірлеу, өзара іс-қимылдың қазіргі модельдерін қайта қарау және орнықты даму қағидаттарын қалыптастыру. БҰҰ стипендиаттарының қарусыздану саласындағы Қазақстанға сапары туралы2025 жылғы 18-22 маусым аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану саласындағы бағдарламасына қатысушылардың Қазақстан Республикасына танысу сапары өтеді.Аталған бағдарлама БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, әртүрлі елдерден келген жас мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарламаға қатысушылардың кәсіби қызметі болашақта қарусыздану, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларымен тығыз байланысты болмақ.Сапар барысында стипендиаттар Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі бастамаларымен, оның ішінде бейбітшілік, сенім және ядролық қарусыздану идеяларын ілгерілетудегі көшбасшылық рөлімен танысады. Бағдарлама шеңберінде олар Абай облысындағы Курчатов қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына барып, сондай-ақ ядролық қарусыздану жолындағы халықаралық күш-жігердің символына айналған бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағына барады.Аталған сапар – осы бағдарлама аясында Қазақстанда өткізілетін жетінші іс-шара болып табылады. Бұған дейін мұндай таныстыру сапарлары 2013, 2015, 2017, 2019, 2022 және 2023 жылдары өткен болатын. Бұл – халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның бейбітшілікті, тұрақтылықты және ядросыз әлем құру ісіндегі тәжірибесіне тұрақты түрде қызығушылық танытып отырғанының айғағы. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы және ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция туралы2025 жылғы 19 маусымда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының делегациясын Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов басқарады.Кездесу барысында ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралады. Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, есірткі айналымының заңсыздығына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, сондай-ақ мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланбақ.Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге және ұжымдық қауіпсіздік саласындағы үйлестіруді күшейтуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда.Сол күні Ғ.Нұрдәулетов ҰҚШҰ-ның киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференциясына қатысады. Халықаралық салалық ұйымдар мен сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысатын бұл іс-шарада киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ынтымақтастық, осы саладағы құқықтық реттеу, сондай-ақ жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи цифрлық технологиялардың жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке ықтимал әсері мәселелері қаралады. Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы туралы2025 жылғы 21-22 маусым аралығында Ыстамбұл қаласында «Өзгермелі әлемдегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы» тақырыбымен Ислам ынтымақтастығы ұйымының (Ұйым) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясы өтеді.Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған ресми делегация қатысады.Іс-шара барысында ислам әлеміндегі қазіргі саяси жағдай, мүше мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады.Халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану саласындағы бастамаларды ілгерілету, исламофобия мен дінді қорлауға (диффамация) қарсы күрес, сондай-ақ әлемнің түрлі өңірлеріндегі мұсылман азшылықтарының құқықтары мен жағдайына ерекше назар аударылатын болады.Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ұйымның институционалдық реформасын жалғастыру және қазіргі геосаяси жағдайда Ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды қарастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017991?lang=kk
Қостанай – Рудный жолының жаңаруы: қауіпсіздік пен жайлылық жолында 14.06.2025
Қостанай облысында KАZ19 «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомол – Қарабұтақ» автожолын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.Президент тапсырмасын орындаудың жарқын мысалдарының бірі – 2021 жылы Рудный қаласына кіреберістегі 5,1 шақырым жол учаскесінің қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілуі болды. Жобаны «Қостанай жолдары» ЖШС жүзеге асырды. Жоба құны — 4,5 миллиард теңге. Нәтижесінде автожол ІІІ техникалық санаттан І-Б техникалық санатқа ауыстырылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы едәуір артты.Биыл бұл бағыттағы жұмыс қарқын ала түсті: Рудный қаласының жолайрығынан Қостанайдағы Абай даңғылына дейінгі 31,5 шақырым жол учаскесінде орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарын «АБЗ плюс» ЖШС жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны — 6,7 миллиард теңге. Орташа жөндеу аясында жолға екі қабатты асфальт-бетон жамылғысы төселуде. Қазіргі таңда оң жақ жолақта төменгі қабат 28,2 шақырымға (90%) төселсе, сол жақта — 10,2 шақырымға (32%) аяқталған. Жобаны 2025 жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.Қостанай – Рудный бағыты бойындағы көшені жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. 2024 жылы Қонай тұрғын үй массиві маңында бір шақырымдық жарық шамдары орнатылды. Ал 2025 жылы Қостанай қаласынан Қонайға дейінгі аралықта тағы 3,8 шақырым жарықтандыру желісі тартылады.Бұған қоса, Қонайдан Рудныйға дейінгі 25 шақырым жол учаскесін жарықтандыру жобасы әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары тамыз айында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады деп күтілуде.Аталған жобалар – өңірдегі жол сапасын арттыру мен инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, халық үшін ыңғайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017534?lang=kk
Қазақстан СІМ-де «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ алаң қонақтары – БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері бас қосты.Аталған отырыс 2025 жылғы 24-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiні орындау бойынша мерзімдік баяндаманы қорғау шеңберінде өткізілді (БҰҰ Комитетінің 144-ші сессиясы). Қатысушылар ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы құқығы, цензура, бейбіт жиналыстар өткізу және бірлестіктерге бірігу құқығы, сөз бостандығы, әйелдер құқықтары, кәмелетке толмаған қыз балалар мен жасөспірімдердің құқықтары және т.б. мәселелерді талқылады.Отырыста ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова төрағалық етті.Қазақстан соңғы бес жылда адам құқықтары саласында ауқымды саяси реформаларды іске асырғаны мәлім. Қазіргі таңда кешенді реформалар өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды. Жобаның ҚР Парламентіндегі ең ауқымды заң жобасы екенін ескере отырып, оның негізгі бағыттары азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процесте адвокаттардың рөлін арттыру, қылмыстық іс жүргізуді оңтайландыру, сталкинг (қорқыту және заңсыз қудалау) үшін жауапкершілік енгізу, заңсыз түрде банк картасын немесе шотты беру үшін қылмыстық жаза және мәжбүрлі неке үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды қамтиды.ҚР Әділет вице-министрі Б.Жақселекова өз сөзінде Қазақстанның қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және үкіметтік емес ұйымдар пікірлерінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның алдыңғы мерзімдік баяндаманы қорғауы 2016 жылғы маусым айында өткеніне және де ү.ж. маусым айындағы алдағы баяндаманы қорғауы сегіз жылдық кезең мен кең ауқымды мәселелерді қамтитынына назар аударды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші орган 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз қызметін атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017436?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Молдова Елшісімен кездесу өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Штефан Горданы қабылдады.Кездесу барысында Е.Қонысбаев Елшіні тағайындалуымен және Астанадағы Молдова Елшілігінің ашылуымен құттықтады. Осыған орай қызметке сәттілік тілей отырып, елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен серіктестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ осы жылы биік және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Өз кезегінде Молдова Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды достық пен серіктестік рухында жандандыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017400?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. 13.06.2025
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017269?lang=kk
Ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқауы 13.06.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты: кем дегенде үш жұмыстан тұратын құрылыстың үздік жұмыс жобаларын анықтау.Жұмыс жобалары хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады.Үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізудің егжей-тегжейлі шарттары https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet?lang=ru, https://murakst.kz. сайттарында орналастырылған. Байқау өткізудің егжей-тегжейл шарттары.Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-10-29, 54-10-69Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016739?lang=kk
Қазақстан мен Беларусь сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.06.2025
Астана, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті.Қазақ тарапын ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Әлім Қирабаев, белорус тарапын БР СІМ Бас ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Вячеслав Качанов басқарды.Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау саласындағы тәжірибемен алмасты, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді» және елдер арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1016550?lang=kk