Экономика
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді 14.10.2025
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.«Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі», – деді ол.Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтті, тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075223?lang=kk
Қазақстан мен Испания өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Франсиско Мартинесті қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.Кездесуде Қазақстан мен Испания арасындағы қарқынды сауда-экономикалық байланыстарда испандық жетекші компаниялардың қатысуымен елімізде ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқаны аталып өтті.Қазақстандағы испан тілі мен мәдениетінің танымалдылығын ескере отырып, дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын мәдени-гуманитарлық жобаларды жан-жақты қарады. Сондай-ақ спорттық дипломатия мәселелері талқыланды.Испания Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жандандыруға және одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1074639?lang=kk
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды 14.10.2025
24 қыркүйек күні IQostanay оқушылар сарайында республикалық «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғизатқызы құттықтады.«Еңбекқорлық, кәсібилік пен адал еңбек – кез келген қоғамдағы прогресс пен құрметтің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына еңбек адамының қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұған дәлел – биылғы жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануы. Бұл күн сайынғы еңбегімен, жауапкершілігімен, кәсібіне деген сүйіспеншілігімен өмірімізді жақсартып, елімізді нығайтып жүрген адамдарға көрсетілген құрмет», – деді өз сөзінде Гүлбарам Ғизатқызы. «Еңбек жолы» — сабақтастық, құрмет және мамандыққа деген мақтаныш«Еңбек жолы» байқауы еңбек әулеттері, тәлімгерлер мен жас мамандардың тарихын баяндайды. Биыл оған облыстың 26 кәсіпорын қызметкері қатысты. Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды:«Үздік еңбек әулеті» — Рудный қаласынан Сазоновтар әулеті жеңімпаз атанды. Бұл әулеттің бірнеше буыны бір іске өмірін арнап, тәжірибе мен құндылықтарды, кәсібіне деген сүйіспеншілікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әулеттің ССТӨБ жалпы еңбек өтілі – 225 жыл.«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — Қостанай қаласынан Фасхутдинов Ришат Изахович. Ол өз міндетін абыроймен атқарып қана қоймай, «ҚЖЭК» МКК жас әріптестерінің өсіп-дамуына көмектеседі.«Өндірістің үздік жас қызметкері» — Жітіқара қаласынан Арстамбаев Асылбек Ербулатович.. Оның табысқа деген ұмтылысы, еңбекқорлығы мен кәсібилігі қатарластарына үлгі болды.Асылбек Арстамбаевтың айтуынша: «Мен электромонтер мамандығын таңдадым, себебі бұл маған қызық. Маған қолмен жұмыс істеп, техниканы зерттеу, жабдықтарды қосу ұнайды. Бұл мамандық әрқашан қажет болады – электр қуаты барлық жерде бар: үйде, жұмыста, өндірісте. Сонымен қатар электромонтер – адамдардың қауіпсіздігіне жауапты, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс». Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтар табысталды, ал барлық қатысушылар дипломдармен және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.«Парыз» — әлеуметтік бизнес пен адамдарға қамқорлық туралы«Парыз» байқауы тек пайда табуды ғана емес, сондай-ақ маңызды әлеуметтік миссияны да мойнына алатын қамқор кәсіпорындарды атап өтеді. Биыл оған өңірдің 8 жұмыс берушісі қатысты, олардың әрқайсысы құрметке лайық.Жеңімпаздар төмендегідей аталымдар бойынша анықталды:«Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорын» — Қостанай ауданынан «Белозерка 2030» ЖШС. Компания тек бизнес жүргізіп қана қоймай, адамдар мен жергілікті қауымдастыққа қамқорлық жасайды.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» — Жітіқара ауданынан «Қостанай минералдары» АҚ, мұнда қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты орында.«Үздік ұжымдық шарт» — Қостанай қаласынан «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК. Мұнда еңбек ұжымы тұрақтылықты, қолдауды және құрметті сезінеді.«Экологияға қосқан үлесі үшін» — Рудный қаласынан «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, кәсіпорын экологиялық жауапты тәжірибелерді белсенді енгізуде. Бұл байқаулар – өңірдің әр жетістігінің артында адамдар тұрғанын еске салатын маңызды шара. Еңбек ететін, шабыттандыратын, тәлім беретін және қамқорлық көрсететін адамдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1074669?lang=kk
Облыстағы жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы 14.10.2025
Қостанай облысының автожол саласына 2025 жылға арналған бюджеті – 102 млрд теңге. Оның ішінде:республикалық маңызы бар жолдарға – 47 млрд теңге,жергілікті жолдарға – 20 млрд теңге,межбюджеттік трансферттерге – 35 млрд теңге. Биыл жалпы пайдаланымдағы 1 300 шақырым автожолды (104 учаске) және 103 елді мекендегі 400-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр. Алғаш рет 57 ауылға кіреберіс жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары басталды, бұрын мұнда тек ағымдағы күтім жүргізілген еді. Ауылдық жерлердегі көше-жол желісін дамыту:98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт төселмек.Ауылдарда жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды салу облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Барлық шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы үш жылда (2022–2024) облыстың автожол саласына 120 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 900 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар және елді мекендердегі 923 көше учаскесі жөнделді. Жұмыстардың сапасын бақылау:«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай филиалының қызметтеріне 442 млн теңге бөлініп, барлық жобалар 100% сапа сараптамасымен қамтылды.440 тексеріс жүргізіліп, 949 сынама алынды. Мердігерлер сапасыз орындалған жұмыстарды өз есебінен қайта жасап, оның құны 88,1 млн теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1074706?lang=kk
Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды 14.10.2025
24 қыркүйекте Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды.ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті:«Қазақстанда әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жеткен. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі — сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан цифрлық бақылау жүйесін енгізу салада тәртіп орнатып, оны жаңа деңгейге көтереді», — деді ол.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанымен, сапалы тұқымға деген сұраныс толық қамтамасыз етілмегенін айтты:«Биыл облыста күріштің өнімділігі гектарына 52 центнерге жетті. Бұл орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Дегенмен шаруаларға 62 мың тонна тұқым қажет, ал жергілікті өндіріс небәрі 2 мың тонна көлемінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Сол себепті отандық селекцияны дамыту мен цифрлық бақылауды енгізу біз үшін стратегиялық басымдық болып қала береді», — деп атап өтті ол.Семинарға қатысушылардың айтуынша, жаңа жүйе барлық үдерістердің — сортты әзірлеуден бастап шаруашылықта пайдалануға дейінгі кезеңнің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ол жалған есеп беруді болдырмай, заңсыз субсидия алуға жол бермей, сорт авторларына әділ роялти төлемдерін кепілдейді.Семинар жұмысына Академия президенті, Алматы облысының әкімі, ғалымдар, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ФАО, агробизнес пен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1074414?lang=kk
Алатау – смарт қалаға айналуда 14.10.2025
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Алатау қаласының смарт қалаға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл тапсырма аясында жүйелі шаралар қабылданып, өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Алатау қаласында IT саласы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. «Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған 300 бейнебақылау камерасы мен 6 ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Мұндай қадамдар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұжырымдамадағы базалық бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жалпы, IT және жасанды интеллект саласы – өңірдің болашақ дамуының негізгі драйвері. Сондықтан облыс басшылығы бұл бағыттағы жобаларды толық қолдап, жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасауда. Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймақ жоғары технологияларды дамытуға арналған ең қолайлы алаң болып табылады.Қазіргі басты міндет – инфрақұрылымды жедел аяқтау, білім беру жүйесін жаңа технологияларға бейімдеу және жас таланттарға мүмкіндік беру. Жасанды интеллект – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің шындығы.Бүгінгі таңда облыс деңгейінде «Цифрландыру және инновациялық даму» бағыты бойынша нақты жоспарлар әзірленген. Жаңа технопарктер, инкубаторлар және стартап-платформалар құру қолға алынуда. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждер IT және AI мамандарын дайындауға белсене атсалысуда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық ірі IT-компанияларды Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймаққа тарту бағытында келіссөздер жүргізілуде.Президент атап өткендей, жасанды интеллектті қолдану – енді жай сөз емес, экономиканың нақты драйвері. Ол өндіріс үдерістерін автоматтандырады, қызмет сапасын арттырады және құн тізбегін тиімді етеді.Бұл тұрғыда басты ұстаным – болашақты бүгіннен бастау. Егер өңір жасанды интеллектке, үлкен деректерге және автоматтандыруға дер кезінде бет бұрмаса, жаһандық бәсекеде артта қалу қаупі бар. Сондықтан мұндай бастамаларға тек дайын болу емес, алғашқылардың бірі болып қадам жасау қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073832?lang=kk
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды 14.10.2025
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Ельнар Тулегенович Калназаров 2025 жылғы 27 тамызынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Ельнар Тулегенович 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Қытай Халық Республикасы Бейжің тілдер және мәдениет университетін «Тілдер және әдебиет» мамандығы, 2020 жылы М.В. Ломоносов атыңдағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2015 жылы "МАКИРА" ЖШС-нің бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Адам ресурстары департаментінің сарапшысы, талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының сарапшысы, Шет елдердегі мекемедегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің өкілі лауазымдарын атқарған.2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті талдау және статистика басқармасының сарапшысы лауазымында қызмет етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072969?lang=kk
Алматы облысында өртті сөндіруге қатысқан мамандар марапатталды 14.10.2025
Алматы облысында Алатау қаласының маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге қатысқан мамандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан Алатау қаласы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге атсалысқан мамандарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Құрметке өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, волонтерлер және коммуналдық қызмет мамандары ие болды. Олар бірнеше тәулік бойы күрделі әрі қауіпті жағдайда жұмыс атқарды.Өрт 34 гектар аумақты шарпыды. Оның ерекшелігі — жалынның ашық беткі қабатта ғана емес, тереңдігі он метрге дейін жеткен түнектегі тұтануларда болуы. Қоқыс массасында жиналған метан жалынды күшейтіп отырды. Сонымен қатар бос әрі тұрақсыз топырақ, опырылып кету қаупі және желдің бағытының өзгеруі жағдайды қиындатты.Алғашқы сағаттардан бастап облыстық және Алматы қаласының ТЖД күштері, МЧС-тің арнайы бөлімшелері, полиция, әскери бөлімдер, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Кейбір күндері апат аумағында 1,5 мыңға жуық адам мен 500-ден астам техника жұмыс істеді. Жәрдемге Абай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары, Жетісу өңірі мен Шымкент қаласының бөлімшелері қосылды. Ортақ күшпен өрт полигон аумағынан тысқары кетпеуі қамтамасыз етілді.Тлінняның таралуына жол бермеу үшін аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, жыртылды, үстіне топырақ пен қиыршық тас төселді. Тереңқара өзенінен су айдау станциялары орнатылып, ондаған өрт сөндіру құбырлары арқылы магистральді желі жүргізілді. Бұл қажетті су көлемін және қысымды қамтамасыз етті. Жұмыс тәулік бойы, ауысыммен үздіксіз атқарылды.Барлық қатысушылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Жергілікті кәсіпорындар су, азық-түлік және арнайы киім жеткізді. Құтқарушылар үшін тамақтану және тынығу шатырлары құрылып, тәулігіне төрт мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.Алматы облысы ТЖД бастығы Даурен Оразбеков мамандардың аса қауіпті жағдайда еңбек еткенін атап өтті:– Ерлік дегеніміз – апат жағдайында тапсырманы мүлтіксіз орындау. Жылу, түтін мен тұрақсыз топыраққа қарамастан, біздің қызметкерлер тактиканы үнемі өзгертіп, ошақтарды қабат-қабатпен сөндіріп отырды. Әрқайсысына алғыс айтамын, – деді ол.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков те мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалады.Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов көрші облыстар мен аудандардың айрықша қолдау көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073085?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықты жан-жақты нығайту мәселесін талқылады 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1072856?lang=kk
Міржақып Дулатұлының ұрпақтары Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа алғысын білдірді 14.10.2025
Құрметті Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы мырза!Ұлт тарихында ерекше орны бар, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында еңселі ескерткішінің бой көтеруі – тарихи және ұлттық рухани маңызы зор оқиға болды.Біз, Міржақып Дулатовтың ұрпақтары, осындай игілікті іске бастамашы болып, қолдау білдіріп, Міржақып Дулатов есімін ұлықтауға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі, ұлттық руханиятты дәріптеудің айқын үлгісі және жас ұрпаққа жол сілтер өнегелі іс деп білеміз.Сізге зор денсаулық, қызметіңізге өрлеу, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.Құрметпен, М.Дулатовтың ұрпақтары 22.09.2025 ж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1072872?lang=kk
Қонаев қаласында «WORLD CLEAN UP DAY» халықаралық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті 14.10.2025
Қонаев қаласында «World Clean Up Day» халықаралық акциясы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар және ардагерлер белсене қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтар абаттандырылды, бордюрлер сырланып, көшелер мен саябақтар тазартылды.Акцияның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.Мұндай игі бастамалар қала тұрғындарын біріктіріп, туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтауға ортақ үлес қосуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072954?lang=kk
Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдегі мекемелердің жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілік аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071854?lang=kk
Қазақстан және Украина сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездесті 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды.М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады.Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071933?lang=kk
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Рекорд Гиннесса жобасы аясында Алматы облысында өткізілді 14.10.2025
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округіндегі Ақши ауылында ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты.Бұл бастама Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі – «Даулет-Бекет» компаниясының жетекшілігімен жүзеге асты. Керуен құрамына 1000 түйе енгізіліп, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан еді. Осылайша, Қазақстан бұл жетістікті үш еседен астам арттырып, әлем назарын өзіне аударды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында: «Ұлттық мәдениетімізді сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың парызы. Біз өз дәстүрімізді құрметтеп, жастарға жеткізуіміз керек»,– деген болатын.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл шараның ел үшін маңызын ерекше атап өтті: «Бұл – тек мәдени іс-шара ғана емес. Бүгінгі мың түйеден құралған керуен халқымыздың көшпелі өмір салтының айшықты мұрасын әлемге паш етіп, жаңа заманға үн қатқан тарихи оқиға. Бұл арқылы біз жастарға ата-бабамыздың ұлы мұрасын танытып, туризмді дамытамыз, аймақ экономикасына серпін береміз», – деді ол.Шара барысында ұлттық нақыштағы бес киіз үй тігіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Арнайы фудкорт аймағы жұмыс істеп, шұбаттың дәмін тату мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары мен өңір өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Керуеннің қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өтуіне ерекше мән берілді. Патрульдік полиция қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, медициналық қызмет және ветеринарлық бақылау толық қамтамасыз етілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін турникеттер орнатылып, көрермендердің керуенге жақындауына шектеу қойылды.Ауқымды шараны республикалық БАҚ пен телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетті. Туристік агенттіктермен бірлесе отырып, отандық және шетелдік туристердің қатысуы қамтамасыз етілді. Мыңдаған көрермен тарихи сәттің куәсі болды.Бұл рекордқа бастамашы болған «Даулет-Бекет» шаруа қожалығы түйе шаруашылығы саласында аймақтық қана емес, халықаралық деңгейде де көш бастап келеді. Кәсіпорын 2011 жылы «Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы» мәртебесін иеленген.2012 жылы Қарөткел жәрмеңкесінде «Алтын белгіге»,2013 жылы «Лидер отрасли» атағына ие болып, «Слава Казахстана» орденімен марапатталған.2015 жылы Сочиде өткен аймақаралық форумда «Даулет-Бекет» шұбаты үздік өнім деп танылған.2021 жылы кәсіпорын жеке инвестиция есебінен 1 миллиард теңге көлемінде жаңа сүт өңдеу зауытын іске қосып, Қытай мен Ресейге кептірілген түйе сүтін экспорттауды бастады. Бүгінде бұл шаруашылық ТМД елдері арасында шұбат өндіру бойынша көшбасшы болып саналады.Шаруашылық басшысы Сыдық Даулетов өз сөзінде:«Біздің мақсатымыз – түйе шаруашылығын дамыту арқылы ұлттық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару. Бұл шара – Қазақстанның тек рекорд жаңартып қана қоймай, өз бренді мен мәдениетін танытудың үлкен қадамы», – деді.Іс-шараға Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг қатысып, керуеннің әр қимылын қатаң бақылап отырды. Тарихи сәттен кейін ол былай деп пікір білдірді:«Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін бірінші рет көріп отырмын. Қазақстанның бұл жетістігі тек ұлттық мәдени мұра ғана емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс», – деді ол.Осылайша, Қазақстан ресми түрде «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» атағын иеленуге ат салысты деуге болады. Бұл – ел тарихында ғана емес, бүкіл түркі әлемінде тұңғыш рет тіркелген жетістік болады.Бұл шара Алматы облысының туризм саласына жаңа дем бермек. Аймақтың табиғи байлығы мен мәдени мұрасын насихаттау арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін арттыру көзделіп отыр.Әкім орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті: «Іле Алатауы мен Балқаш көлінің аралығында орналасқан біздің өңірде туризмді дамыту үшін зор мүмкіндік бар. Біз мәдени шараларды жиі өткізу арқылы туристерді тартуды көздейміз», – деді ол.«Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасы Қазақстанның ұлттық құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, еліміздің мәдени және туристік брендіне айналуға жол ашты.Бұл шара көшпелі өркениеттің ұлы мұрасын жаңғыртып, ел тарихындағы жаңа парақты ашты. Алматы облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқан бұл рекорд келешек ұрпаққа мақтаныш ретінде қалатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071948?lang=kk
Талғардағы дәстүрлі «Бақ күні»: әйгілі апорт қайта жанданады 14.10.2025
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді.Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.Тыныбай Шынтасов, шаруа қожалығының жетекшісі:«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз».Форумның басты тақырыбы – әйгілі апортты жандандыру. Осы мақсатта облыста 110 гектар жерге алма көшеттері отырғызылмақ. Ғалымдар сапалы әрі мол өнім алуға ниетті.Теміржан Айтбаев, Қазақстан жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:«Біздің институтымыз Президент басқармасының қолдауымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен осы биылдан бастап апортты жандандыру үлкен жобасын жүзеге асырып жатыр».Қазіргі таңда Алматы облысы елімізде жеміс-жидек пен көкөніс өндірісі бойынша екінші орында. Өңір ішкі нарықтың 16 пайызын қамтамасыз етеді.Бақытнұр Бақытұлы, облыс әкімінің орынбасары:«Алматы облысы бойынша 12 мың гектардан астам жер осы бақ бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Жаңа технологияларды қосу аясында 1 гектардан 15 тоннадан 45 тоннаға дейін өнімділікті көтеруге мүмкіндік қарастырылып жатыр».Конференция соңында елдегі селекциялық геноқорды дамытуға қатысты нақты ұсыныстар қамтылған қарар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071713?lang=kk
Қостанай облысының газдандырылуы: қамту, жоспарлар және перспективалар 14.10.2025
Бүгінгі таңда облыстың 501 елді мекенінен 84 (5 Қала, қалалық бағыныстағы 2 елді мекен: (Рудный қаласының Қашар кенті және Лисаков қаласының Октябрьский кенті), сондай-ақ 77 ауылдық елді мекен) газдандырылды, бұл 16,8% -. құрайды.Облыс бойынша газдандырылған халықтың деңгейі 59,6% -. құрайды (825 597 адамның 492 302-сі). Қала халқының қолжетімділігі 77,1%, ауыл халқының 31,3% құрайды. 2025 жылы облысты газбен жабдықтау бойынша 5 жобаны (4-құрылыс – монтаж жұмыстары, 1-жобалау – сметалық құжаттама) іске асыруға 3 566,3 млн. теңге (ҰҚ-746,0 млн. теңге, ЖБ – 386,3 млн. теңге, "Самұрық – Қазына" АҚ қаражаты-2 434,0 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде 2024 жылдан бері ауысып келе жатқан 4 адам.Анықтама:- Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында (нысанды іске қосу 2026 жылы жоспарланған);- Әулиекөл ауылының АГРС-тен Әулиекөл ауданының Новоселовка ауылына қосылған Диевка ауылына дейін (объектіні іске қосу 2025 жылы жоспарланып отыр);- Әулиекөл ауданы Диевка ауылында (нысанды іске қосу 2025 жылы жоспарланған);- Федоров ауданының Лесное, Березовка ауылдарында (нысанды іске қосу 2025 жылы жоспарланған);Сондай-ақ, ағымдағы жылы "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Новонежинка ауылында газ тарату желілерін салу"жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1071795?lang=kk
Түркістанда қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды қолдауға арналған ЕО-БҰҰ бірлескен бағдарламасының қорытындылары шығарылды 14.10.2025
Түркістан, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды реинтеграциялау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттерін қолдауға бағытталған Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен бағдарламасының екінші кезеңі бойынша Үйлестіру жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы ЕО өкілдігі, халықаралық ұйымдар мен өңірлік әкімдіктердің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша әрі қарайғы ынтымақтастықтың басымдықтары және табысты практикаларды балаларды қорғау жөніндегі ұлттық саясаттар мен бағдарламаларға интеграциялау бекітілді.Отырыс барысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко бағдарламаның екінші кезеңінің сәтті аяқталуы Қазақстанның ЮНИСЕФ және Еуроодақпен серіктестігінің нәтижелілігін айқын көрсеткенін атап өтті. Ол балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын және Қазақстанның үздік тәжірибемен ел ішінде де, халықаралық серіктестермен де бөлісуге дайын екенін айтты. Елші сондай-ақ Қазақстан қақтығыс аймақтарынан 700-ден астам азаматты, оның ішінде 526 баланы қайтарғанын және олардың орнықты реинтеграциясы үшін кешенді қолдау көрсетілгенін еске салды. Бүгінде прогресс балалардың өз жетістіктерінен айқын көрінеді: Алматы облысында бір жасөспірім «Ақбота» зияткерлік марафонында 3-орын алды; Жетісу облысында бір оқушы халықаралық «Пони» байқауында 1-орын иеленді; Қарағанды облысында бір оқушы «English Vocabulary» халықаралық олимпиадасында 2-орын алды. Бұл жетістіктер ведомствоаралық қолдау мен оңалтудың нәтижелілігін дәлелдейді.Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Ааро Юлитало ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастық балалар үшін, оның ішінде психологиялық жарақат алғандар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, балалардың өміріндегі нақты оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады, бұл адам құқықтарын қорғау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растайды.Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвар Қазақстанда балалардың қажеттіліктеріне сезімтал әрі орнықты жүйе қалыптасып келе жатқанына тоқталып: «Біздің ортақ міндетіміз – әрбір бала, өзі бастан өткерген тәжірибесіне қарамастан, үздіксіз әрі сапалы көмек алып, өзінің әлеуетін жүзеге асыра алуы», – деп атап өтті.Түркістанда ұсынылған негізгі нәтижелер:Мониторинг және сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Репатриант-балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын мониторинг жүргізудің бірыңғай қалыбы жаңартылып, іске асырылуда; деректер уәкілетті органға қолжетімді этикалық тұрғыдан қауіпсіз құралдар арқылы жиналады. Бұл дәлелді деректерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Балаларды қорғау жүйесінің қызметтерінің минималды пакеті. Ұлттық стандарттауға негіз қаланды: жергілікті деңгейдегі міндетті қызметтер, ведомстволардың рөлдері, бірыңғай сапа стандарттары, ведомствоаралық хаттамалар және қайта бағыттау маршруттары айқындалды. Жүйенің жетілу деңгейіне жүргізілген бағалау интеграция мен үйлестірудің күшейгенін көрсетеді.Кадрларды даярлау және практикаларды ауқымдау. 20 өңірде травмаға сезімтал көзқарас бойынша тренерлер пулын қалыптастыру жүзеге асырылды; Психологиялық қолдау орталықтарының (ПҚО) және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының мамандары оқытылды, супервизиялар мен онлайн-кеңестер өткізілді; қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құзыреттері күшейтілді (500-ден астам қызметкер оқытылды). Кейс-менеджмент тәсілі ПҚО үшін ұлттық деңгейде бекітілді.Реинтеграцияның инновациялық тәсілдері. «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ бірлесіп «Буындар арасындағы әңгімелер» әдісі енгізілуде: 10 мастер-тренер дайындалды, 250 педагогқа арналған каскадты вебинарлар өткізілді, балалармен жұмыс істеуге арналған оқу материалдары мен мониторинг құралдары әзірленді.Кездесудің тәжірибелік бөлімінде қатысушылар Түркістан қаласындағы Психологиялық қолдау орталығы мен Отбасын қолдау орталығына барып, жергілікті деңгейде кейс жүргізу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасыларды қолдап-сүйемелдеу жұмысының барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071531?lang=kk
Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 🌾 14.10.2025
📅 27–28 қыркүйек📍 «Қарқалы» ипподромыАлматы облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына 178 тонна өнімді ұсынады. Жәрмеңкеде ет пен сүттен бастап көкөніс пен жеміс-жидекке дейінгі түрлі өнімдер қолжетімді болады.🥩 Ет және құс еті — 13,3 т🥛 Сүт өнімдері — 1,6 т🥔 Картоп — 21,6 т🧅 Пияз — 25 т🥬 Көкөністер — 24,4 т🍎 Жеміс-жидек пен алма — 23 т🛒 Басқа да өнімдер — 47,7 тБарлық тауарлар елордалық базарлардағы орташа бағадан 15% төмен бағамен сатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071547?lang=kk
Көлік министрлігі «Орталық – Батыс» тасжолының бағытын таныстырды 13.10.2025
14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды.Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба шеңберінде «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттары бойынша жаңа жолдар салынбақ. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы жол қолданыста қала береді (бұл аралық күрделі жөндеуден өтті, нормативтік жағдайы жақсы).Бүгінде нысанға қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары атқарылуда. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1071015?lang=kk
Қазақстан мен Иранның арнайы өкілдері Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобындағы Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының арнайы өкілдері Зульфия Аманжолова мен Казем Гариб Абади екіжақты консультациялар өткізді.Тараптар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.Теңіз акваториясын делимитациялауға, түрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларды дайындауға, сыртқы істер министрлерінің кездесулері мен Каспий саммиттерінің қорытындылары бойынша тапсырмаларды іске асыруға байланысты міндеттерді шешуде көзқарастардың жоғары деңгейі мен жақындығы аталып өтті.Келіссөздер дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен конструктивті түрде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070670?lang=kk