Enbekshi QazaQ

Экономика

2 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Дипломатиялық қызмет күнін атап өтті 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 2 шілде – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күніне орай салтанатты жиын өтіп, оған Президент Әкімшілігі, Парламент, министрліктер мен ведомстволар өкілдері және дипломатиялық қызмет ардагерлері қатысты.Сыртқы саясат ведомствоның басшысы Қайрат Әбдірахманов Министрліктің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, егемендік пен тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстан заманауи отандық дипломатияның бастауында тұрған Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас «сәулетшісі» болып табылатын дәйекті және тиімді сыртқы саясатты жүргізіп келетінін атап өтті.«Біз өзіміздің ұлттық тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қорғап, қауіпсіздіктің тұрақты кепілдіктерін қамтамасыз етіп «тату көршілік аймағын» қалыптастырдық. Осының бәрі Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында болды. Қазақстан Тәуелсіздіктің 26 жылында біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі барлық мемлекеттермен және ұйымдармен достық және конструктивті қарым-қатынас орнатты», - деді Министр.Сонымен қатар, Қазақстан әртүрлі халықаралық алаңдарда, платформаларда, бейресми форумдарда және көпжақты жаһандық және аймақтық келісімдерде толыққанды қатысушы болып табылатыны атап өтілді.Сыртқы саясат ведомствосының негізгі миссиясы дипломатиялық қорғау құралдарымен біздің еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларымыздың мызғымастығын, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада елдің саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.СІМ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Елбасының жолдауларын іске асыру шеңберінде өзінің алдына қазақстандық дипломаттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кадр саясатының транспаренттілігі, дипломатияны цифрландыру, шешімдердегі прагматизм мен рационализм, әлемдік тәжірибені тарту және озық дәстүрлерге адалдық, сыртқы саясат ведомствосының жұртшылық үшін ашықтығы сияқты жүйелі сипаттағы міндеттерді қояды.Салтанатты жиналыс барысында министрліктің қызметкерлері, Қазақстанның дипломатиялық қызмет ардагерлері ведомстволық наградалармен және «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.Министр ҚР Президентінің Жарлығы және Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен басшылар құрамы, сондай-ақ орталық аппарат пен шет елдік мекемелердің қызметкерлеріне кезекті дипломатиялық рангтарын беру туралы жариялады. Ресми рәсім аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жас дипломаттары - мемлекеттік қызметкерлер Отанға және халыққа қызмет етуге, заңдар мен Конституцияны қатаң сақтап, елдің мүдделерін мүлтіксіз қорғауға ант етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25466?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бельгия Короліне сенім грамоталарын тапсырды 12.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2018 жылғы 3 шілде - Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті.Салтанатты рәсімнен кейін екі ел арасындағы саяси диалогты жаңа деңгейге көтеру, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.Король Қазақстан «ұлы тарихы бар, кең әлеуетке ие үлкен ел екендігін» атап өтіп, Қазақстандағы бастамаларға қызығушылық танытты.Елші Бельгия Короліне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімдеді және осы реформалардың 2050 жылға дейін Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді. Бұл реформалар Бельгия және Қазақстан үшін тең маңыздылыққа ие ұлттың тұтастылығын сақтау, этносаралық диалогты дамытудағы Елбасымыздың сәтті саясатына да негізделетіні ерекше аталып өтілді. Сонымен қатар, 6 шілдеде елордамыз Астананың 20 жылдығы тойланатынына назар аударып, осындай қысқа мерзімде Астана халықаралық форумдардың алаңына, сондай-ақ бизнес, қаржы және жаңа технологиялардың хабына айналғандығын атап өтті.Саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстандық дипломат Бельгияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, екі еліміздің БҰҰ шеңберінде және халықаралық аренадағы ұстанымдарының жақындығын атап өтті. Сауда-экономикалық салада аймақтық және федералды іскерлік топтардың Қазақстанға экономикалық миссиялары, сондай-ақ бельгиялық компаниялардың еліміздегі жұмысы құпталды.Бельгия Королі Филипп Президент Н. Назарбаевқа ілтипатын білдіріп, Қазақстанның Елбасы басшылығымен зор жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы бастамаларына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол өзінің 2002 және 2009 жылдары Байқоңырға сапарларын, 2010 жылы үлкен бизнес-делегацияны басқарып Қазақстанға жасаған сапарын және 2014 жылы Брюссельде Президент Н. Назарбаевпен өткізілген кездесулерді ілтипатпен еске алды. Сұхбат соңында Король Елшіге екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25421?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде алдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мерейтойлық конференциясы туралы брифингі өтті 12.04.2025
2018 жылғы 4 шілдеде Сыртқы істер министрлігінде 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Алматы декларациясын» қабылдануының 40 жылдығына арналған Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Жаһандық халықаралық конференция өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер және денсаулық сақтау министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Елжан Біртановтың Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпусына арналған бірлескен брифингі өтті.Алдағы мерейтойлық Конференцияның біздің еліміз үшін тарихи маңызы бар, өйткені осыдан 40 жыл бұрын 1978 жылғы қыркүйекте Алматыда 157 мемлекеттен келген өкілдердің қатысуымен ДДҰ-ның бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференциясы өткен болатын. Конференцияда әлемдік денсаулық сақтаудың дамуына айтарлықтай оң әсер еткен және заманымыздың әйгілі халықаралық құжаттарының бірі болып табылатын тарихи «Алматы декларациясы» қабылданды.Жаһандық Конференцияның қорытындылары бойынша ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің саяси декларация нысанындағы қорытынды құжатты қабылдауы жоспарланып отыр. Ол құжат елдердің сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін заманауи жетістіктер мен технологияларды пайдалану арқылы «Алматы декларациясының» міндеттемелерін орындауға деген бейілділігін тағы да растайды.Кейіннен бұл Декларация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы және БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарында талқыланатын болады.Алда тұрған халықаралық маңызы бар ірі іс-шара Қазақстанның және ДДҰ-ның басқа да мүшелерінің 2015 жылы мақұлданған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын практикада іске асыруға бейілділігін растауға арналады.Брифингке Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі О.Честнов пен БҰҰ Балалар қорының өкілі Ю.Оксамитный қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25420?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты серіктестікті нығайтудың келешегі талқыланды 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Сыртқы істер министрінің орынбасары Дональд Бобиашпен кездесті.Талқылау барысында қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды. Тараптар 2018 жылдың 11 маусымында Оттавада өткен Қазақстан-Канада іскерлік кеңестің үшінші отырысының сәтті өткенін құптады. Е. Ашықбаев Канадамен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және әртараптандыруға және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге Қазақстанның мүдделі екендігін атап өтті.Д.Бобиаш осы саладағы оң ғылыми, зерттеу және экспорттық әлеуетті ескере отырып, қазақстандық-канадалық қарым-қатынастардағы ауыл шаруашылығының дәстүрлі табысты саласын нығайту мүмкіндігін атап өтті.Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібі, соның ішінде Ауғанстанның тұрақтандыруы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету тақырыптары бойынша пікір алмасты. Е. Ашықбаев Канаданың дипломатын Ауғанстанның екіжақты негізде дамуы үшін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі шеңберінде Астананың қабылдап жатқан күш-жігері мен шаралары туралы хабардар етті. Министрдің орынбасары Д.Бобиаш Қазақстанмен Ауғанстан мәселелері бойынша диалогты нығайтуға қызығушылық танытты. Осыған байланысты Ауғанстанның экономикалық өсуін және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан жан-жақты күш-жігерді нығайту үшін мүмкіндіктер қозғалды.Кездесу соңында тараптар екі елдің сыртқы саясат ведомстволары деңгейінде диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25419?lang=kk
Ұлыбритания «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуын құптайды 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері шеңберінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбританияның инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі, британдық парламентінің мүшесі Грэм Стюартпен кездесті.Британдық министр қазақстандық тарапты АХҚО-ның ашылуымен және Астананың 20-жылдық мерейтойымен құттықтап, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жанжақты қолғабыс көрсетуге Лондонның дайындағын білдірді.Өз кезегінде, Қ. Әбдірахманов британдық тарапты АХҚО-ның дамуына және нығайтуына қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіріп, британдық компаниялар, банктер және қаржы институттар Орталықтың жұмысына белсенді қатысуына үміт білдірді.Президент Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның тұсаукесерінде Астана жаңа қаржы орталығының қалыптасуындағы Ұлыбританияның рөлін, соның ішінде ағылшын құқық қағидалары бойынша жұмыс істеуі және Англия мен Уэльстың бұрыңғы жоғарғы судьясы Лорд Вульф бастаған беделді британдық судьялар кірген АХҚО сотының ерекше қызметін атап өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың, әсіресе сауда-инвестициялық саласындағы, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті.Сандық жүйеге көшіру, инфрақұрылымдық жобалар, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетудің кең әлеуеті атап өтілді. Қазақстанның көліктік және транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында ҚХР мен Азияны еуропалық, соның ішінде британдық нарықпен байланыстыратын «Белдеу мен жол» бастамасын іс жүзінде жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдірілді.Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қолданыстағы және перспективалық тетіктері шеңберіндегі байланыстарды дамыту бағытандағы жақсы серпінді сақтауға келісті. Осыған орай, алдағы екіжақты үкіметаралық кездесулер мен инвестициялық форумдардың кестесі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25418?lang=kk
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері Астанада серуендеді 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 6 шілде - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Өзбекстанның министрі Абдулазиз Камилов және Қырғызстанның министрі Эрлан Абдылдаев Астанада серуендеп, қаланың жаңа сәулет нысандарына барып қайтты.Қонақтар елорданың сол жағалауына өтіп, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасқан ЭКСПО-ның аумағын көріп шықты.Одан кейін қонақтар Есіл өзенінің жағалауын және Астананың мерейтойына Атырау облысының сыйлығы болып табылатын жаңа жаяу жүргінші көпірін аралап шықты.Көршілес Орталық Азия республикаларының сыртқы істер министрлері Астананың 20-жылдығын мерекелеуіне қатысу үшін Президенттері басқарған өз елдерінің ресми делегацияларының құрамында келген.Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері шілденің үшінші декадасында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өздерінің тұрақты дәстүрлі жұмыс кездесуін өткізуді жоспарлап отырғаны мәлім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25411?lang=kk
Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылғанына 20 жыл 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 9 шілде - Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылуының 20 жылдығына орай екі елдің сыртқы істер министрлері құттықтау жолдауларымен алмасып, екі халықтың достығын нығайту мүддесімен көпқырлы ынтымақтастықтың дамуын жалғастыруға сенім білдірді.Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұл маңызды құжатқа қол қою Қазақстан мен Ресей қатынастарының одақтастық сипатын алғашқы рет белгілеп, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың үлгілі моделінің нығаюына және жан-жақты өзара ықпалдастығына жағдай жасады.«Өткен кезеңде Декларация біздің елдердің стратегиялық әріптестігі тетігінің берік негізі болды. Және бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар сеніммен және ширақ дамуда, ал өзара ықпалдастық барлық бағыттарда тереңдеуде», - деп айрықша атап көрсетті Қ.Әбдірахманов.Өз кезегінде, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Декларацияның негіз болатын идеяларын іске асыру қазақстандық-ресейлік қатынастардың үдемелі дамуын, олардың одақтастық пен стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалы деңгейіне шығуын қамтамасыз еткенін атап өтті.Ресей СІМ-інің басшысы өзінің құттықтау жолдауында: «Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда мұндай амал бізге теңгерімделген, барынша көп дәрежеде бір-біріміздің мүдделерімізді ескеретін шешімдер табуға мүмкіндік береді», - деп жазды.1998 жылғы 6 шілдеде екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельцин Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық дәнекерін «ұлттық қауіпсіздіктің, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісім мен екі елдің өркендеуінің кепілдігі» ретінде сақтайтынын салтанатты түрде мәлімдеді.2018 жылғы 6 шілдеде белгілі ресейлік басылым «Российская газетасында» Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Декларацияға қол қойлғандығының 20 жылдығына арналған мақаласы шықты. Атап айтқанда, Министр жаңа мыңжылдықта екі елдің көпқырлы және табысты қатынастарының дамуының сапалы жаңа ұстанымдары мен параметрлерінқалыптастырған Декларацияның құндылығы туралы айтып өтті. Бұдан өзге, Қ.Әбдірахманов шын мәнінде ТМД кеңістігіндегі стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың үлгілі моделі деп атауға болатын Қазақстан мен Ресейдің бүгінгі достық қатынастары туралы пікірімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25391?lang=kk
Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қызметі Мәскеуде талқыланды 12.04.2025
МӘСКЕУ, 2018 жылғы 12 шілде - 2018 жылғы 9-10 маусымда Қытайдың Циндао қаласында болған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыру шеңберінде Ұйымның халықаралық қызметі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі консультациялар өтті.Қазақстаннан іс-шараға ШЫҰ мәселелері бойынша Ұлттық үйлестіруші Ерлан Әлімбаев қатысты. Қазақстандық дипломат халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша еліміздің ұстанымдарын жеткізіп, жиналғандардың назарын мүше мемлекеттер басшыларының, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ аясында жаңа технологиялар мен экономиканы цифрландыру саласында тәжірибемен алмасу бойынша алаң құру, сондай-ақ орнықты даму бойынша Ұйымның тиісті тұжырымдамасын қалыптастыру туралы бастамаларын уақытылы және толықтай іске асыру қажеттілігіне аударды.Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдегі тартымдылығының артып келе жатқанын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара ықпалдасуының стратегиялық бағыты кеңейгенін атап өтті.Ұйымның сегіз мүше мемлекттер делегацияларының басшылары және ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов өз баяндамаларында халықаралық сахнадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тетіктерін әрі қарай жетілдіру үшін барлық тараптардың бірлескен және үйлесімді әрекет етуінің маңызына баса назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25091?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне қатысты өз көзқарасын ұсынды 12.04.2025
НЬЮ-ЙОРК, 2018 жылғы 12 шілде - Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа және қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің мультипликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 11 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікірталастың барысында мәлімдеді.Сыртқы істер министрінің орынбасары өз сөзінде климаттың өзгеру проблемасы бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып табылатынын және маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарды қамтитынын атап өтті. Қазақстан жаһандық қауіпсіздік үшін әлемдік қауымдастықпен бірігуге дайын.«Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия өңірінің Арал теңізінің құрғауымен байланысты басынан өткізген традегиялық тәжірибесі бар. Бұл экологиялық апат жергілікті тұрғындарға және 60 миллионнан астам адамды қамтыған барлық шекаралас мемлекеттердегі қоршаған ортаға қауіп төндірді», - деді Е. Ашықбаев. Ол Арал теңізі проблемасын шешу үшін қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде Халықаралық Аралды құтқару қорының аясында қабылданып жатқан шаралар мен осы жұмыстың оң нәтижелері туралы әңгімеледі.Климаттың өзгеруіне қарсы күрес ел үкіметінің басым міндеттерінің бірі екенін атай отырып, Е.Ашықбаев Қазақстанның 2050 жылға қарай зиянды қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша жасап жатқан қадамдарына және жаңартылатын энергия көздеріне толыққанды көшу жоспарларына баса назар аударды. Бұл үдерісте Астана қаласында құрылған Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығының маңызы ерекше зор.Швецияның Сыртқы істер министрі Маргот Валльстрёмнің төрағалығымен өткен іс-шараға Науру Республикасының Президенті Барон Вака, БҰҰ Бас Хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед, Ирак Су ресурстары жөніндегі министрі Хасан Джанаби және басқалар қатысты.Сонымен қатар, Нью-Йоркте Е. Ашықбаев «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге Трансшекаралық су ынтымақтастығының қосқан үлесі» форумында сөз сөйледі. Ол Қазақстанның көрші елдермен, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерімен, Ресей және Қытаймен трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ осы мәселеде халықаралық су құқықтарын жан-жақты зерделеуге және оны қолдануға қолдау білдірді.Сонымен бірге, Қазақстанның СІМ орынбасары ағымдағы жылдың 10-12 қазанында әлемнің барлық елдерінен 400-ден астам үкіметтің, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен су проблемасы жөніндегі сарапшылардың қатысуымен өтетін БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Су конвенциясына қатысушы тараптардың кездесуіне Астана үлкен мән беретінін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25083?lang=kk
Қостанайда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен қаланы абаттандыру және экология мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті 12.04.2025
Қостанай қаласында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың, қала басшылығы мен жауапты салалық мекемелердің қатысуымен қаланы абаттандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бастама елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жаңа стратегиялық бағытына айналды.«Таза Қазақстан – бұл сән үшін жасалған шара емес, бұл – жаңа қоғамдық стандарт. Біз бәрін өз ауламызды тазалаудан, ағашқа күтім жасаудан, жасыл саябақтардан бастауымыз керек. Экологиялық мәдениет – бұл өмір сүру дағдысы болуы тиіс», – деді Құмар Ақсақалов отырысты ашқан сөзінде.Ауқымды абаттандыру жұмыстарыОблыс әкімінің айтуынша, 2025 жылы өңірлік бюджеттің 37%-дан астамы облыс орталығын дамытуға бағытталады. Тек қана қалалық инфрақұрылымды жақсартуға 17,1 млрд теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.Қоғамдық кеңістіктерді дамыту – басты назарда. Биыл Қостанайда жалпы аумағы 93,5 гектарды құрайтын 7 саябақ пен 3 сквер абаттандырылуда. Бұрынғы ауыл шаруашылығы институты маңында ауданы 4 гектар болатын отбасылық саябақтың құрылысы басталды. Жұмыстар мешіт аумағын да қамтиды. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында, Притобол паркінде, Орталық скверде және басқа да орындарда жаңа демалыс аймақтары пайда болады. Темірбаев пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында жаңа сквер салынады.«Біз тек саябақ салмаймыз, біз жаңа тартылыс нүктелерін қалыптастырамыз. Ең бастысы – оларды сапалы күтіммен қамтамасыз ету. Бұл – тек коммуналдық қызметтердің емес, бизнестің де, әрбір тұрғынның да ортақ жауапкершілігі», – деді Құмар Ақсақалов.Экология және көгалдандыруКеңесте көгалдандыру мәселесі де кеңінен талқыланды. 2025 жылы облыс бойынша 52,7 мың ағаш отырғызу жоспарланса, соның 3 168-і Қостанай қаласында отырғызылады. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарына 970,1 млн теңге қарастырылған, оның бір бөлігі жасыл желектерге күтім жасауға бағытталады.Облыс әкімі ағаштардың сауатты күтімсіз «кронировка» деген желеумен кесіліп жатқанын сынға алып, мұндай тәжірибені тоқтатуды тапсырды. Енді ағаштың тәжін қалыптастыру тек қажет болған жағдайда, мамандардың қадағалауымен ғана жүргізілетін болады. Сондай-ақ, қала шекарасындағы барлық ағаштарды түгендеп, олардың жағдайын бақылап, арнайы күтім жасау үшін жасыл желектерге күтім жасайтын жеке құрылым құру тапсырылды.«Ағаш отырғызу – жақсы іс. Бірақ оны сақтау, күту – нағыз болашаққа қамқорлық. Бізге маусымдық гүлдер емес, көпжылдық, төзімді өсімдіктер қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Заманауи аулалар мен балалар инфрақұрылымыБиыл Қостанай қаласының 39 ауласында балалар және спорт алаңдары орнатылады. Бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге бөлінген. Барлық алаңдар қауіпсіздік талаптарына сай, сапалы материалдардан жасалады.«Қазіргі заманғы аула – тек ойын алаңы емес. Бұл – көршілер араласатын, балалар ойнайтын өмір орталығы. Онда жайлылық пен қауіпсіздік басты орында болуы тиіс», – деді облыс әкімі.Қалалық тәртіп – баршаға ортақ міндетКеңесте кәсіпорындар, мекемелер мен сауда нысандары маңындағы аумақтарды күтіп-ұстау мәселелері де көтерілді. Құмар Ақсақалов Костанай облысы елді мекендерінің абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізуді, бизнес субъектілерінің жауапкершілік аумағын тротуарлар мен жолдарға дейін кеңейтуді тапсырды.Сонымен қатар, қалдықтарды, құрылыс және ірі габаритті қоқысты шығару мәселесі де қаралды. Аталған сала кәсіпкерлік үшін бос тұрған перспективалы бағыт ретінде қарастырылуда. Қазірдің өзінде қалада пластик, резеңке, қағаз өңдейтін 5 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. 2026 жылы 7 млрд теңгеге қағаз қалдықтарын терең өңдейтін инвестициялық жоба басталады.Қаланың тазалығына бақылау күшейтіледі. Қала аумағы учаскелерге бөлініп, әр учаскеге нақты жауапты ұйымдар бекітіледі. Арнайы штаб тұрақты мониторинг жүргізеді. Контейнерлік алаңдарға бейнебақылау камераларын орнату арқылы бақылау жүйесі енгізіледі.«Экологиялық мәдениет – бұл жылына бір рет сенбілікке шығу емес. Бұл – күнделікті таңдау, өмір салты. Тек қана тәртіпке деген нөлдік төзімділік бізді нағыз тәртіпке жеткізеді. «Таза Қазақстан» – бұл біздің ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз. Біз олар өз қаласымен мақтанатындай етіп жұмыс істеуіміз керек», – деп түйіндеді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/974855?lang=kk
Алматы облысы мен Нидерланды ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.04.2025
Алматы облысының әкімдігінде Нидерланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғатты пайдалану министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кеңес Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өтті.Өзінің кіріспе сөзінде өңір басшысы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы серіктестік қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын ерекше атап өтті. Ол өңірдің заманауи технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға және шетелдік мамандармен білім алмасуға дайын екенін жеткізді.Қазақстан тарапынан кездесуге қатысты:Азат Сұлтанов — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі,Ұлбосын Сарыбаева — «Kazakh Invest» компаниясының өкілі,Жандәулет Жанбырбаев — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаменті директорының орынбасары,сондай-ақ облыс әкімдігінің салалық басқармаларының өкілдері.Нидерланд тарапынан:Ян-Кейс Худ — министрліктің бас хатшысы,Сара Виссерс Равичандран — аға саяси кеңесші,министрлік кеңесшілері, сондай-ақ Нидерландтың Қазақстан мен Ресейдегі елшілігінің дипломаттары қатысты.Кездесу Қазақстан мен Нидерланд арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылып, іскерлік ынтымақтастықтың тереңдеп келе жатқанын көрсетті.Марат Сұлтанғазиев өңірдің жетістіктерімен таныстырды: Алматы облысы еліміздің жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 8%-ын өндіреді, 100-ден астам елмен сыртқы сауда байланыстарын дамытып келеді, ал жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде оныншы орыннан бесінші орынға көтерілді.Кездесу барысында келесі бағыттар қамтылды: тұрақты егіншілік, су ресурстарын басқару, инновациялар мен кәсіби оқыту. Бірлескен бастамаларды іске қосу, оның ішінде кәсіпорындар мен білім беру бағдарламаларын құру жоспары айтылды.Жиында сөз сөйлеген Ян-Кейс Худ жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, азық-түлік қауіпсіздігі, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мен агроинновацияларды енгізу салаларындағы әріптестікті дамытуға ниетті екенін жеткізді.2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс пен Нидерланд арасындағы өзара сауда көлемі 39 миллион АҚШ долларын құрады. Өңірде Нидерланд капиталының қатысуымен 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі тарап та ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екендерін растады.Сапар аясында делегация LST Agro, FRUT ART және Ospanova Development ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды. Мұнда заманауи жұмыс тәсілдері мен өндірістік қуаттар таныстырылды.Бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болды. Қол жеткізілген келісімдер агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға серпін беріп, өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның ауылдық аумақтарының тұрақты дамуына үлес қосады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/974523?lang=kk
Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды 12.04.2025
ВАШИНГТОН, 2018 жылғы 25 шілде - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына келді.Конференция қарсаңында, яғни 25 шілдеде Қ.Әбдірахманов АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығымен, соның ішінде Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан және 1990-шы жылдардың екінші жартысында АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы форматында ынтымақтастықты дамытуға қатысты бастама көтерген, Діни бостандық жөніндегі елшісі Сэм Браунбэктың қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.Дипломаттар Қазақстан-АҚШ қатынастары жоғары қарқынмен дамып отырғанын, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.Сол күні Министр Қ.Әбдірахманов американдық жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшылығымен кездесіп, оларды Қазақстанда бүгінгі күні бизнес жүргізу үшін жасалып жатқан жаңа қолайлы жағдайлармен таныстырды. Келісімдердің жоғары деңгейде, Қазақстан және АҚШ Президенттері арасында табысты жүзеге асырылуы арқасында, іскерлік белсенділіктің, сонымен қатар Қазақстан экономикасына американдық инвестициялардың келуінің артқаны атап өтілді.Министр Мемлекет басшысының жүргізіп отырған қазақстандық экономиканы әртараптандыру саясатын ескере отырып, ірі жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, байланыс және IT-технологияларды дамыту салаларында америкалық тәжірибе мен капиталды ауқымды түрде тартуға Қазақстан қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. Осы және басқа да көптеген жобалар қазақстандық ресми тұлғалардың АҚШ-қа және америкалық сауда миссияларының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарлары барысында әзірленіп іске асырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/24475?lang=kk
Страсбургтегі Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрі 12.04.2025
2025 жылғы 7 - 11 сәуір аралығында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ПАСЕ) кезекті сессиясы өтуде. Бұл сессияға Алматы облысынан келген делегация қатысуда, оның құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының алты өкілі енген.Сессия аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Алматы облысының әкімдігі мен Эльзас Еуропалық қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылған «Қазақ бұрышының» ашылуы болды. Аталған құжат 2024 жылы Қазақстан Президентінің Парижге жасаған мемлекеттік сапары қарсаңында қол қойылған еді.Алматы облысынан келген делегация Страсбургте ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны таныстыратын ерекше мәдени алаң ұйымдастырды. «Қазақ бұрышында» қонақтар фото және бейнематериалдармен, кітаптар мен брошюралармен, ұлттық стильдегі кәдесыйлармен, қолданбалы өнер бұйымдарымен танысты. Сондай-ақ қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары көрмеге ерекше көрік беріп, еліміздің мәдениеті, дәстүрі мен туристік әлеуетін паш етті.Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше алғыс білдірілді. Бұл – еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын бірегей институт.Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің басшысы Елбосын Абай: — Қазір ПАСЕ сессиясы өтіп жатыр. Біз «Қазақ бұрышын» таныстырып отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сессия қонақтарын қазақ халқының ұлттық тағамдарымен, мәдениетімен, фольклоры және қолданбалы өнерімен таныстырудамыз, – деді ол.Іс-шараның шарықтау шегі – отандасымыз Е. Дүкеннің домбырада қазақтың халық күйі «Көроғлыны» орындауы болды. Бұл өнер көрсетілім еуропалық көрермендер, қазақ диаспорасы және студенттер тарапынан үлкен қызығушылық пен жылы лебізге ие болды.Генералды консул А. Бақытбекқызы құттықтау сөзінде француз ұйымдастырушыларына және қазақстандық делегацияға ризашылығын білдіріп, еліміздің мәдениетін лайықты деңгейде таныстырғанын атап өтті. Ол бұл бастаманың Қазақстан мен Эльзас арасындағы туризм, инвестиция және мәдени алмасу сияқты салалардағы өзара тиімді өңіраралық серіктестікті дамытуға бағытталғанын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/973616?lang=kk
Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 11.04.2025
Алматы облысында оқушыларға қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Қазіргі таңда облыстың бес ауданында 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл — өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды қадам.2024 жылы облыста 11 100 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, облыстық білім басқармасының балансына өткізілді. Осы мектептердің ашылуының нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 53-тен 32-ге дейін азайды.Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлының айтуынша, жаңа білім ошақтары заман талабына сай жабдықталған. Барлық мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютер сыныптары, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүргізу үшін акт залы, медиатека және электронды кітапханалар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа автобус бағыттары ұйымдастырылып, аялдамалар салынған.Қазіргі таңда бұл мектептерде 10 921 оқушы білім алып жатыр. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа орналастырылған.«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.«Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуына және мұғалімдердің жайлы жағдайда еңбек етуіне бағытталған маңызды бастама. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/973503?lang=kk
Қазақстан мен Германия арасындағы «жанды көпірді» нығайту: Берлинде этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті 11.04.2025
Берлин, 2025 жылғы 9 сәуір – Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі екіжақты Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 21-ші отырысында Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және неміс этносын қолдау мәселелері талқыланды.Кезекті кездесу Германия астанасында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Германия Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар және ұлттық азшылықтар істері жөніндегі уәкілі, Германия Бундестагының депутаты Натали Павликтің төрағалығымен өтті.ҮАК отырысының күн тәртібіне білім беру, неміс тілін қолдау, мәдениет, ғылым, жастар саясаты, мұрағат ісі сияқты салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамыту және виза режимін жеңілдету мәселелері енгізілді.Келіссөздер барысында қазақстандық немістердің ұлттық бірегейлігін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.Тараптар 2024 жылы Еуразия ұлттық университетінде Неміс тілі мен мәдениеті орталығының және Алматы энергетика және байланыс университетінде Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті филиалының ашылуын құптады. Сондай-ақ, Астанадағы Қазақ-Неміс орталығының, Алматыдағы Қазақ-Неміс университетінің, Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының, Республикалық академиялық неміс драма театрының және басқа да құрылымдардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан маңызды үлесін атап өтті.Министрің орынбасары өз сөзінде: «қазақ жері дәстүрлі түрде Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір. Ал Қазақстандағы неміс диаспорасы мен Германиядағы бұрынғы отандастарымыз Қазақстан мен Германия арасындағы «жанды көпір» ғана емес, сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың болашағына берік негіз», – деп атап өтті.Ол сондай-ақ әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ әлеуметтік-мәдени кеңістікте бейбіт қатар өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау Қазақстан Үкіметінің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Бұл ретте биыл құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқаратыны аталып өтті.Өз кезегінде, Бундестаг депутаты Германия Үкіметі Қазақстанда тұратын этникалық немістерді жан-жақты қолдауды жалғастыратынын растады. «Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын, соның ішінде Қазақстандағы этникалық немістерге көрсетіліп отырған қолдауды және олардың екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуде маңызды рөлін тағы да атап өткім келеді», - деді Н.Павлик.Тараптар Қазақстандағы этникалық немістерді кешенді қолдау жөніндегі шараларды жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыруға келісті және бұл міндеттер кездесудің қорытындысы бойынша қол қойылған Коммюникеде бекітілді.Сонымен қатар, Берлинге сапары аясында Р.Василенко Германия Бундестагының депутаты Штефан Роуэнхоффпен және Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдері жөніндегі уәкілі Конрад Арц фон Штрауссенбургпен кездесті. Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі дамуының келешегін талқылап, жаһандық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының неміс ұлтын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 31 мамырда Алматы қаласында қол қойылған келісімге сәйкес құрылған.Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 226 мың этникалық неміс, ал Германияда Қазақстаннан қоныс аударған шамамен 1 миллион неміс тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/973088?lang=kk
Қостанай облысының әкімі АШИ ауданындағы жаңа саябақ құрылысының басталуын тексеріп, аумақты дамыту жоспарларымен бөлісті 11.04.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов АШИ ауданындағы бұрынғы бос аумақта салынып жатқан заманауи мәдени-спорттық саябақ құрылысымен танысты. Өңір басшысы дайындық жұмыстарының барысын бақылап, жобаның қала тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.— Қаланың дамуы дегеніміз – ең алдымен адамдарға қамқорлық. Әр бос жатқан аумақ демалыс пен шабыт сыйлайтын кеңістікке айналуы тиіс, – деді Құмар Ақсақалов.Жаңа саябақ аудан тұрғындары мен бүкіл қала халқы үшін тартымды орынға айналмақ. Жоба аясында амфитеатр, балалар мен спорт алаңдары, скейт-парк, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тораптар қарастырылған. Құрылыс 2025 жылғы 4 қарашада аяқталады деп жоспарлануда.Саябақ жобасы – өмір сүруге және дамуға құлшыныс тудыратын заманауи, жайлы әрі шабыт беретін қаланы қалыптастыру жолындағы қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/972901?lang=kk
Глава МИД Казахстана посетил пункт пропуска на казахстанско-кыргызской границе 11.04.2025
4 сентября 2018 года Министр иностранных дел Республики Казахстан Кайрат Абдрахманов посетил автомобильный пункт пропуска Кеген (РК) – Кыркара (КР) (КПП). Данная поездка связана с реализацией договоренностей, достигнутых Президентами Казахстана и Кыргызстана 25 декабря 2017 года в г. Астана, а также изучением возможности по переводу КПП с сезонного на круглогодичный режим работы.Пункт перехода оснащен современными техническими средствами контроля в соответствии с нормативными требованиями по оснащению КПП, что позволяет обеспечивать контроль и безопасность на границе. За три летних месяца пункт пропуска пересекли 27 тысяч человек.В соответствии с Соглашением между Правительствами Казахстана и Кыргызстана о пунктах пропуска через государственную границу от 25 декабря 2003 года на казахстанско-кыргызской государственной границе действуют 8 пунктов пропуска.Договоренность Глав государств об изменении статуса двух КПП Аухатты (РК) – Кен-Булун (КР) и Сартобе (РК) – Токмок (КР) с двустороннего на многосторонний была реализована 17 августа 2018 года подписанием соответствующего Протокола в ходе VII заседания Казахстанско-кыргызского межправительственного совета. Это позволит уменьшить нагрузку на другие пункты пропуска, а иностранным туристам более удобно посещать озеро Иссык-Куль. Развитие региональных туристических маршрутов является одной из приоритетных задач правительств двух стран. Ярким примером взаимовыгодного сотрудничества является туристический маршрут к Пику Хан-Тенгри, пролегающий по территории обоих государств.Эти и другие вопросы, направленные на активизацию двустороннего взаимодействия в различных областях, находятся в повестке дня казахстанско-кыргызского сотрудничества.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22716?lang=kk
Алматы облысында YTO Express-пен ынтымақтастық талқыланды 11.04.2025
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың YTO Express компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Шараға компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Юй Вэйцзяо мырза және Қазақстанның логистика саласының өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан өңір басшысы YTO Express компаниясымен әріптестік байланыстар орнаған сәттен бері бұл төртінші кездесу екенін атап өтті. Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында Алматы облысы делегациясының Қытайға ресми сапары барысында тараптар алғаш рет кездесіп, компанияның жобаларымен және ұсыныстарымен танысқан болатын. Кездесу аясында тараптар Алматы облысында YTO Express компаниясының қатысуымен заманауи логистикалық хаб салу жоспарын талқылады.Бұл жоба электрондық коммерция тауарларын қабылдау, өңдеу, сақтау және жеткізу бойынша өңірлік және ұлттық деңгейдегі логистикалық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. «Алматы облысы көлік-логистика саласында зор әлеуетке ие. Біз осы салада инфрақұрылымды дамытып, инвестиция тартуға ниетті серіктестерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді өңір басшысы. Өз кезегінде Юй Вэйцзяо мырза компания қызметі туралы таныстырылым жасап, YTO Express-тің Қазақстандағы жобалары мен даму жоспарларымен бөлісті.Оның айтуынша, Алматы облысы компанияның жаһандық логистикалық желісін дамыту жолындағы маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. Кездесу барысында сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ және өзге де жергілікті серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері де талқыланды. Тараптар Қазақстанның өңірлік логистикалық хаб ретінде дамуына өзара ынтымақтастықтың оң ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/972502?lang=kk
Саяси диалог және экономикалық қатынастар - Қазақстан мен Ангола Сыртқы істер министрлерінің назарында 11.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 қыркүйек – Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы атап өтілді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында Африка одағының бейбітшілік пен қауіпсіздік кеңесінде Анголаның алдағы төрағалығына байланысты және дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының бірінің күн тәртібінде Африка мәселелерінің қарастырылуын ескере отырып, тиімді өзара әрекеттестік туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларын қоса алғанда барлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті әлеуетке ие екендігін мәлімдеді. Осыған орай, М. Аугушту Ангола бизнес қауымдастығының ірі өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы ниет білдірді. Ангола тарапы тау-кен өнеркәсібі мен теміржол құрылысы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне айрықша қызығушылық танытты.Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасы, «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ Африканың теміржол аралық континенттiк байланысын дамыту Қазақстанның осы континентпен байланысына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22449?lang=kk
Экономикалық дипломатия – Қазақстан-Словения өзара іс-қимылының басымдығы 11.04.2025
БЛЕД (СЛОВЕНИЯ), 2018 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан мен Словения халықаралық аренада экономикалық дипломатия мен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, саяси тұрғыдағы жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға ниетті. Бүгін өткен Қазақстан-Словения саяси консультацияларының басты күн тәртібі осындай.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Словения делегациясын - Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логар басқарды.Дипломаттар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің кең ауқымын егжей-тегжейлі талқылап, әріптестікті кеңейтуге деген өзара бейілділігін растады. Сыртқы істер министрліктері арасында экономикалық дипломатия аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді (2017 жылы екіжақты сауда айналымы 100 млн. еуродан астам құрады). Р. Василенко бүгін ҚР СІМ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту болып табылатынын айтты.Осыған орай, 2018 жылғы 5-6 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Словения экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының нәтижелерін, сондай-ақ екіжақты бизнес-форум аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Сонымен қатар, өз салаларында көшбасшы болып табылатын және бүкіл әлемде өкілдіктері бар Словения компанияларының – KRKA (дәрі дәрмектер), Iskratel Group (IT шешімдер), Gorenje (тұрмыстық техника), Bisol Group (күн батареясы) табысты жұмысы атап өтілді. Жалпы, Қазақстанда 20-ға жуық Словения компаниялары қызмет көрсетеді.Тараптар ынтымақтастықтың IT (ақпараттық технологиялар), фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, логистика, туризм, сауықтыру медицинасы, жасыл технологиялар және басқа да салаларын перспективалы деп белгіледі.Р. Василенко словениялық әріптестерін қазақстандық экономикаға инвестициялау мүмкіндіктері және Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін артықшылықтар туралы хабардар етті. Осыған орай, Словения тарапын «ЭКСПО-2017» базасындағы жобалар – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар халықаралық технопаркін және «жасыл» технологиялар және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын дамыту орталығын іске асырудағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.Сондай-ақ, тараптар Еуразиядағы транзит-көліктік әлеуетті дамыту аясындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде «Белдеу және жол» бастамасын және Словенияның Копер портының мүмкіндіктерін пайдалану іске асыру өзара іс-қимылды жандандыруға деген ортақ ынталарын растады.Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия, Еуропалық Одақ және Балқан өңірінің елдері арасындағы өзара іс-қимылдың песрпектива мәселелері бойынша пікір алмасулар орын алды. Р. Василенко Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер бастау мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін Словения тарапына алғысын білдірді.Қазақстандық дипломат Словенияда болған кезде Қазақстанның Марибор мен Ново-Горица қалаларындағы Құрметті консулдары Горазд Шифрер мен Димитрий Пициганың қызметімен танысты, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Орталық және Шығыс Еуропадағы тәуелсіз өкілі болып табылатын Қазақстан-Словения бизнес клубының Президенті Деян Штанцермен сұхбат өткізді.Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары сапар барысында Словенияның Повир ауылындағы әзірше «Кассе Себеро» ретінде белгілі Қазақстанның қаһарман-партизанының қабіріне гүл қойды. Бүгінгі күні, ҚР құзыретті органдары 1943 жылы қайтыс болған жауынгердің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22363?lang=kk