Экономика
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді 11.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті.Сұхбат барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, екіжақты байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.Осы орайда тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және түрлі деңгейлерде сапарлармен алмасу тәжірибесін дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.«Географиялық қашықтыққа қарамастан біз сенім мен теңдікке негізделген ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытудамыз. Сауда, көлік және логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда жемісті ынтымақтастыққа зор әлеует бар», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстанның әлемдегі ең ірі он астық өндіруші елдің бірі және Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланып, астық, дәнді және майлы дақылдар, жоғары сапалы ет және органикалық өнімдерді Африка елдеріне жеткізуге мүдделі екені аталып өтті.Сонымен қатар министрлер ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы, оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі IT стартап-парк «Astana Hub» базасындағы ынтымақтастықты талқылады. Өткен жылы осы салада меморандумға қол қойылып, Қазақстан «KazAID» агенттігі арқылы Сьерра-Леонемен e-Gov компоненттік элементтерімен бөлісті.Қазақстан СІМ басшысы өз әріптесіне Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына қолдау көрсеткені және тең авторы болғаны үшін алғысын білдірді. Ол Астананың тұрақты даму саласында әрі қарай ынтымақтастыққа және халықаралық бастамалар шеңберінде белсенді серікттестікке дайын екенін атап өтті.Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты және түрлі деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға келісті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/971930?lang=kk
Алматы облысында саяжай алқаптары елді мекендер құрамына енгізілуде 11.04.2025
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе — саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда.Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алматы облысының Архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде жалпы саны 677 саяжай массиві тіркелген.Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында – 9 және жаңадан құрылған Алатау қаласында – 40.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Алматы облысы бойынша 367 саяжай массивін елді мекендерге қосу үшін қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл – өңір тарихындағы саяжай мәселесін кешенді түрде шешуге арналған алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.Іле ауданында88 саяжай массиві 8 ауылдың құрамына енгізілді. Атап айтқанда, КазЦИК, Көкқайнар, Жапек батыр, Косөзен, Байсерке, Қоянқұс, Комсомол, Жанаталап ауылдарына тиесілі саяжайлар енді заңды түрде елді мекендер шекарасына кірді. Бұл өзгерістердің барлығы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдерімен бекітілді.Қарасай ауданында6 елді мекеннің аумағына 102 саяжай массиві енгізілді. Оның ішінде:•Қаскелең қаласына – 44,•Қырғауылды ауылына – 21,•Алмалыбақ ауылына – 26,•Қошмамбет, Елтай және Долан ауылдарына – 11 саяжай массиві қосылды.Бас жоспарлар 2024 жылдың ақпан айында аудандық мәслихат шешімдерімен бекітілді.Талғар ауданында6 елді мекен бойынша 93 саяжай массиві елді мекен құрамына енгізілді. Бұл ауылдардың қатарында Кендала, Ақтас, Бесағаш, Тұздыбастау, Байбұлақ және Қызылту бар. Барлық жоспарлар 2024 жылдың 26 қаңтарында Талғар аудандық мәслихаты шешімімен бекітілді.Еңбекшіқазақ ауданындаБайтерек ауылы мен Есік қаласына тиесілі 35 саяжай массиві елді мекендердің шекарасына енгізілді. Құжаттар 2023 жылдың желтоқсанында бекітілген.Қонаев және Алатау қалалары Қонаев қаласына – 9, Алатау қаласына – 40 саяжай массиві қосылды. Қалалардың бас жоспарлары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023 және 2024 жылдары бекітілді. 2024 жылы облыс бойынша 51 елді мекенге қатысты жаңа қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесінде, шамамен 15 383 жер телімі елді мекендердің шекарасына ресми түрде енгізілмек. Оның ішінде:•Іле ауданында – 30 саяжай массиві,•Талғар ауданында – 19,•Қарасай ауданында – 27.2025 жылы Қарасай ауданының Тұрар, Көлді, Бекболат, және Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдарына қатысты 23 саяжай массивін заңдастыру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жерлердің жалпы ауданы – 123,04 гектар.Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, бекітілген бас жоспарлар негізінде елді мекендердің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №18-ӨН/Қ өкімімен, саяжай массивтері бойынша өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселелеріне нақты жауаптар берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971790?lang=kk
Суды пайдалану мәселесі Қазақстан мен Швейцарияның басты назарында 11.04.2025
19 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Швейцария Сыртқы істер федеральді департаментінің (министр) басшысы Дидье Буркхальтермен кездесті.Қ. Әбдірахманов Швейцария Қазақстанның ең ірі сауда және инвесициялық әріптестерінің бірі болып табылатынын назарға ала отырып, екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті, 2016 жылы екіжақты сауда айналымы 2,8 млрд. долларды құраған.БҰҰ аясындағы өзара ынтымақтастыққа байланысты Қ.Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-інші сессия барысында жариялаған, халықаралық құқық қағидаттарын қайта растау жөніндегі конференциясын шақыру, БҰҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс бюджеттерінің 1 пайызын БҰҰ даму қорына аудару және Жаһандық антитеррористік желіні (коалиция) қалыптастыру бастамаларының өзектілігін атап өтті.Д. Буркхальтер Қазақстанның халықаралық алаңдағы, соның ішінде Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі астаналық процесс шеңберіндегі рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Швейцария өңірдің кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ Орталық Азияда су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі бойынша Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын.Сол күні Астанада Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Орталық Азия елдері мен Швейцария сарапшылары қатысатын, «Орталық Азиядағы су әлемі: 2030 жылға арналған күн тәртібі – су қауіпсіздігі және өзара тиімді өсім» атты 3-інші халықаралық конференциясында сөз сөйледі.Қ. Әбдірахманов атап өткендей, Орталық Азия қазіргі таңда өңірдегі және жалпы әлемдегі көптеген проблемаларды бірыңғай майданмен шешуге тырысуда. «Біз су ресурстарының проблемалары бойынша өңірдегі диалогтың оң серпінін байқаудамыз және бұл мәселеде айтарлықтай тәжірибесі бар Швейцарияның осы үдеріске қосылуын қолдаймыз», – деп айтты ол.Судың жетіспеушілігі ең ірі он жаһандық сын-қатерлердің бірі болып есептеледі. Осыған орай, Қазақстанның басты мақсаттары: суды үнемдейтін технологияларды пайдалану есебінен халықты және өнеркәсіпті су ресурстарымен қамтамасыз ету, су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және судың экологиялық жүйелерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру.Д. Буркхальтер өз сөзінде Еуропаның көптеген өзендерінің суағары Швейцариядан бастау алатыны туралы айтып, Орталық Азия мемлекеттерімен су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.«Біз үдеріске талдау жасауға, саяси диалогты жандандыруға және өңірдегі су мәселелерін шешуде жәрдем етуге ниетімізді білдіреміз», – деп атап өтті Швейцария сыртқы саясат ведомствосының басшысы.Швейцария мен Орталық Азия елдерінің қатысуымен болған су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі конференциялар 2014 жылы қарашада Базелде және 2016 жылы қыркүйекте Алматыда өткен.Д. Буркхальтер «ЭКСПО-2017» көрмесінде Швейцария павильонын аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21387?lang=kk
Алматы облысында колледж студенттері антифриз өндіретін зауыттың жұмысымен танысты 11.04.2025
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында химиялық өнім шығаратын кәсіпорынға колледж студенттерінің танымдық экскурсиясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы».30-дан астам студент Қонаев қаласында орналасқан «Бағашар Мекен» зауытына барып, өндірістік цехтардың, зертханалардың жұмысын көріп, сапаны бақылау жүйесімен танысты.Сапар барысында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен үздік түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру көзделген.«Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.«Бағашар Мекен» ЖШС – Қазақстандағы антифризді өнеркәсіптік негізде өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыттың қуаттылығы жылына 25 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Өнім ішкі нарықпен қатар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталады. Кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар.Жыл басынан бері «Жастар Рухының» бастамасымен облыс аумағындағы алты өндірістік нысанға экскурсия ұйымдастырылып, 100-ден астам студент қамтылды.Жыл соңына дейін тағы 20 колледжбен меморандумға қол қойылып, 500-ден астам студентке өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971186?lang=kk
Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің бесінші кезеңіне аккредиттеу туралы 11.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 4-5 шілдеде орын алады.Сіздерді 5 шілдеде «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 3 шілдеде сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін «Syrian talks» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21204?lang=kk
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Aktobe Invest 2017» халықаралық инвестициялық форумына қатысты 11.04.2025
Елбасының өңіраралық кооперация мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері өзара тиімді серіктестікті жолға қою және отандық тауарөндірушілерді қолдау жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, өңіраралық серіктестік пен өнеркәсіптік кооперация туралы меморандумды Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Архимед Мұхамбетов қол қойып бекітті.Аталған меморандумдарды орындау мақсатында Қостанай облысы Ақтөбеге лифт жеткізеді. Электромобильдер сатылып, оларды қуаттандыратын бекеттер салынады. Әзірге бұл көліктер Алматы мен Астанада бар. Енді Ақтөбе халқы электрлі көліктің мүмкіндіктерін пайдалана алады.«Өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында бірнеше келісім жасалды. Таяуда Ақтөбеде Қостанай облысының күндері өтеді. Ал келер жылы Қостанай қаласында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, екі өңір кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасуы үшін бизнес форум өткізіледі. Жоспар бойынша Ақтөбеге электромобиль тасымалданады. Агломирация қатарына енген өңір үшін бұл тиімді жоба. Келер жылы Ақтөбеде электромобильдерді қуаттандыру станциясы салынады. Инфрақұрылым дамыған соң көлік сатылады», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.Сонымен қатар, Қостанай облысы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетімен келісімшартқа қол қойды. Себебі, Қостанайда білікті дәрігер тапшы. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жас мамандарға қаржы беріп, олардың баспаналы болуына жағдай жасамақ. Тек жас кадр әкімдік бағыттаған ауыл, ауданда 7 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек.Айта кетейік, «Акtobe Invest-2017» форумына 500-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары бар. Негізгі пленарлық отырыста «ЭКСПО-2017: өңірдің даму серпіні» тақырыбы талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/20813?lang=kk
Бердібек Сапарбаев мүгедектігі бар азаматтарға Қазақстанда жасалған алғашқы электр жетегімен жүретін арбаларды сыйға тартты 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр жетегі бар арбалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған «Тыныс» АҚ машина жасау зауытының жұмысымен танысты.Оңалту қызметтерінің сапасын жақсарту және мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бұған дейін министрлік пен кәсіпорын арасында тиісті келісім жасалған болатын.Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті мүгедектігі бар азаматтарды барлық қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. «Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар жандарды қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, олар сапалы және қолдануға ыңғайлы болуы керек. Егер бұл үлгілер өздерін жақсы жағынан көрсетіп, барлық талаптарға сай болса, мүгедектігі бар азаматтарды электр жетегімен жүретін арбалармен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қамтамасыз ету мәселесін қарастыратын боламыз. Егер біз Қазақстанда сапалы өнім өндіруді жолға қойсақ, техникалық жабдықтарды импорттаудың қажеттілігі болмайды», - деп атап өтті Сапарбаев. Электр жетегі бар кресло-арбалардың алғашқы тәжірибелік үлгілері бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар Динара Алиева мен Ерлан Ескенге берілді. «Жаңа үлгідегі электр кресло-арбасы өте ыңғайлы. Мен мұны көптен армандаған едім. Енді бұл арбаның көмегімен өз бетімше қозғала аламын», - деді Динара Алиева.Зауыт директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, отандық өнімдер шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Сынақ сәтті болған жағдайда, кәсіпорын электр арбаларының сериялық өндірісін жолға қоюға ниетті.Еңбек министрлігі Ақтөбе облысында әлеуметтік портал қызметін пилоттық режимде жүзеге асыруда. Бұл портал мүгедектігі бар азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.«Тыныс» АҚ зауыты қызметінің негізгі саласы - авиациялық техникаға арналған тораптар мен агрегаттар өндіру болып табылады. Кәсіпорын жылу алмастырғыш жабдықтар, ұшақ өрт сөндіргіштері, температура дабылы, клапандар, электромагниттік және жылу қосқыштар, электронды басқару блоктары, сонымен қатар күш құрылымдарына арналған оқ-дәрілер, сауыттар мен қалқандар және т.б. шығараумен айналысады.Сонымен қатар, министр Бұланды ауданының Макинск қаласына барып, жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты.Бүгінгі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатын 243 отбасы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Министр жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен, оның ішінде АӘК алатын азаматтармен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.«Облыста АӘК алатын 9800 еңбекке қабілетті азамат бар, олардың тек 10 пайызы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жатады. Сіздерге осы бағыттағы жұмысты күшейту керек», - деді Сапарбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20630?lang=kk
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылғы шілде айының 11-не дейін әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңес құрамынан шыққан кеңес мүшелерінің орнына Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлауға конкурстың жалғасатынын хабарлайды.Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен құжаттардың тізімі сайттың «Қоғамдық кеңес» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20600?lang=kk
Елордада Отанымыздың барлық өңірлерінен жиналған көпбалалы аналарды қолданбалы өнерге үйретуде 11.04.2025
4-6 шілде аралығында «Көрме» кешенінде "Асыл ана" әлеуметтік жобасы аясында тұңғыш рет Елорда күніне арналған «Көрпе Fest» мега-фестивалі өтуде.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов қатысты.Бұл шарада көпбалалы аналар үшін тігін және қолданбалы өнерді үйрету бойынша тегін оқыту сабақтары және тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын ұсынатын көрме ұйымдастырылды.Көрме жеңімпаздары дипломдармен, тігін машиналарымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.Айта кетерлігі, мастер-класстарды этникалық стильде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын шығаратын, еліміздің белгілі этно-дизайнері, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты, Ырза Тұрсынзада өткізуде.«Табысы төмен көпбалалы аналар өз кәсібін ашып оны табыс көзіне айналдырған еліміздің іскер әйелдерінен үлгі алуы керек. Өйткені, бұл тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өздері сияқты азаматшалар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде. Ведомство басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылғанын атап өтті.«Мәселен, көпбалалы отбасы тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алуға берілген қаражатты пайдалананып, төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды үй жағдайында тігуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті министр.Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдетілген микрокредит беруге квота қарастырылған. Осының нәтижесінде биыл 15 мың көпбалалы отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.Мега-фестиваль аясында ұйымдастырылған мастер-класстар «Асыл ана» әлеуметтік жобасының бір бөлігі. Бұл жобаның негізгі мақсаты - көп балалы аналарды оқыту мен ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту болып табылады. Іс-шаралар кешеніне оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар және өз көрмелерін ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы бизнесті жүргізу үшін мастер-кластар кіреді.Жалпы алғанда, "Асыл ана" жобасы заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін көрсететін көп балалы аналарды қолдау орталығын құруды көздейді.Бұл әлеуметтік жоба өз ісін жүргізу үшін көп балалы және аз қамтылған аналардың әлеуетін ашуға, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді танытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20592?lang=kk
Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 11.04.2025
Бейсенбі, 26 маусым күні Қазақстан Респубикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Ведомство басшысының қабылдауына 8 адам жазылды.Министрге өз сұрақтарын қоюға - Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындары келді.Аталған азаматтар өз өтініштерінде медициналық–әлеуметтік сараптама, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселелері, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу тәртібі, мүгедектігі бар азаматтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.Министр қабылдауға келген азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20546?lang=kk
Еңбек министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.Бұл құжатта төлеушінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ мен « «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» » АҚ-нан әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылы болуы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпараттары көрсетілген.Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20543?lang=kk
2018 жылы жарты миллион қазақстандық "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты 11.04.2025
Дүйсенбі, 24 маусым күні Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатын нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы баяндады.«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету азаматтардың табысына және жұмыссыздардар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл жұмысты күшейту аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, жұмысқа орналасқан соң жеке басы мен отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл үшін біз «Еңбек» Мемелекеттік бағдарламысын іске асырып отырмыз», - деп Еңбек министрлігінің басшысы халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті.Оның мәліметінше, өткен жылы бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды, оның ішінде 497 мыңы жұмысқа орналастырылып, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына тұрды. 14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды, оның ішінде 10 мыңға жуық жұмыссыз азамат алғаш рет өз кәсіптерін ашты.Микрокредиттеудің тағы бір қосымша әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Микрокредит алушылар 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.Ағымдағы жылы Елбасы тапсырмасымен бағдарлама «Жастар - Ел Тірегі» жалпыұлттық жоспарымен толықтырылды, оның шеңберінде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылуда.Осылайша, үш жыл ішінде 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында ең көп сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша тағы да 10 мың адамды жіберетін боламыз, бұл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде жастардың кемінде 60 мың өкілі «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады», - деді министр.Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кеңеюде. Енді ауылдық көп балалы отбасыларға 505 мың теңге көлемінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады.Мәселен, көп балалы отбасы алған қаражатын тігін машинасы мен қажетті материалдарды сатып алуға пайдаланып, үйде төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды тігуді ұйымдастыра алады.Сондай-ақ, көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдігі жеңілдетілген микрокредит беру квотасы қарастырылған. Нәтижесінде биылғы жылы 15 мың көп балалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.Сонымен қатар, осы санаттағы азаматтарды қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту және үйден істейтін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20415?lang=kk
Еңбек министрлігінің бірінші вице-министрі СҚО-да «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты 11.04.2025
13-14 маусым күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, Петропавл қаласы мен Ақжар, Тайынша, Аққайың, Ақжар және М. Жұмабаев атындағы аудандарын аралады.Атап айтқанда, ведомство басшысының бірінші орынбасары 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына пилоттық жоба шеңберінде енгізілген еңбек күші мол өңірлерден келетін қоныс аударушыларға арналған 52 үй құрылысының барысымен танысты.Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев «Бастау-Бизнес» курсын аяқтап, жеке кәсібін дамыту үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлермен кездесті.Жұмыспен қамту орталықтарына аралау барысында бірінші вице-министр мемлекеттік қолдау шараларын сапалы және уақытылы көрсету мәселелеріне ерекше назар аударып, көпбалалы аналармен, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен және жұмыс күші мол аймақтардан қоныс аударушылармен кездесті.Е. Жылқыбаев Петропавл қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналып салынған жатақханаға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардың қатысушылары жұмыс істейтін тігін фабрикасына, «Радуга» ЖШС өндірістік объектілеріне барды.Халықпен кездесу барысында Министрдің бірінші орынбасары солтүстікқазақстандықтарды жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды арттыру, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау саласында Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20332?lang=kk
Еңбекминінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.Жұмыс тобының қатысушылары көпбалалы отбасылармен, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтары көтерген бірқатар проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарастырды.Мемлекеттік органдардың басшылары аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, бастамашылық ұсыныстар айтылды, оларға қосымша қаралғаннан кейін жауаптар мен түсініктемелер берілетін болады.Табысты арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20292?lang=kk
Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.Бұл заң жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тапсырмасы бойынша өңделіп, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi еңбек өтiлi мен жеңiлдiктердiң мөлшерi арасындағы қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Атап айтқанда, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу мөлшерлемесін қайта қарау жоспарланып отыр, бұл әлеуметтік жәрдемақылардың үш түрінің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бар азаматтар үшін аталған коэффициенттің максималды мәні - 1,0. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2%-ға арттыру ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейіне (30%-дан 100%-ға дейін) сәйкес анықтау ұсынылады.Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санына сәйкес қолданылатын коэффициентті арттыру ұсынылады.Сонымен қатар, заң жобасында жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін табысты алмастыру коэффициентін 30% - дан 40% - ға арттыру, сондай-ақ жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімін жүйеге қатысу өтіліне байланысты 4-тен 6 айға дейін ұзарту көзделген.Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарына жаңадан келетін және қазіргі төлем алушылар арасында шиеленісті болдырмау мақсатында асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алып жүрген азаматтар үшін жаңа өзгерістерді қолдана отырып, бір реттік қайта есептеу жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20277?lang=kk
Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.Еңбек министрі Юрий Оксамитныйге бірлескен тиімді жұмыс үшін алғысын білдірді, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасы Үкіметімен ұзақ мерзімді табысты тарихын атап өтті және оны «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасының әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Посткеңестік кеңістігіндегі елдерде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, Сіз осы бөлігінде елеулі қолдау көрсетесіз. Әсіресе, біздің әлеуметтік қызметкерлерді аз қамтылған азаматтармен тиімді жұмыс жүйесінде оқытудағы табысты жұмысты атап өткім келеді», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.Өз кезегінде, Юрий Оксамитный тараптардың одан әрі сындарлы ынтымақтастығын қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Бұл ретте ол әлеуметтік саладағы жұмысты ерекше қиын деп атады.«Бұл үлкен еңбек. Алайда, бүгінгі күні осы бағыттағы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азияның басқа елдерінде үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.Жаңа өкіл Артур ван Дизенді қарсы ала отырып, ведомство басшысы әлеуметтік көмек саясатын дамыту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, көші-қон үдерістері және т. б. саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын атап өтті.Өз кезегінде Артур ван Дизен алдағы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және алға қойылған міндеттерді шешуде одан әрі алға жылжу үшін күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.Айта кетейік, Артур ван Дизен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметіне тағайындалды. Бұрын ол Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесшісі болған (2015-2019 жж.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20206?lang=kk
Еңбек министрлігі ең сұранысқа ие 100 сервистік және өндірістік мамандықты атады 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірледі.Мамандықтар тізбесі Елбасының «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді, оның ішінде 10 жаңа мамандық енгізілген. Олардың ішінде өзекті: IT-мамандар, 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды» қала құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнерлер мамандықтары бар.Кәсіптерді іріктеу үш параметрді қолдануға негізделген.Бірінші параметр бойынша Қазақстан Республикасында іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі басымдықтары ескерілді. Оның ішінде 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы Жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және басқалар.Екінші параметр аясында ҚР еңбек нарығында ұсынылған 1300 мамандық, ұлттық кәсіптер жіктелуіне сәйкес үш жүзден астам индустриялық және сервистік мамандықтар анықталды.Үшінші параметрдің негізіне Еңбек министрлігінің 2025 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Атамекен" ҰКП мен оқу орындарының бірлескен күшімен сұратылған жұмыс берушілердің 700-ге жуық сауалнамасын талдау нәтижелері алынды.Сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесі «Жас маман» бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200 оқу орнын жаңғыртуға негіз болады.1. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету инженерлері және электроника инженерлері2. 3D модельдеу және қосымша шындық инженерлері3. Өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлері4. Машинааралық оқыту жүйесі бойынша инженерлер5. Бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшілері және жүйелік талдаушылар6. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, Web және мультимедиалық қосымшаларды әзірлеушілер мен Тестілеушілер7. Деректер қорының әкімшілері және талдаушылары8. Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлер әкімшілері9. Телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер10. Өндірістік инженер-технологтар және олардың көмекшілері11. Инженер-механиктер және олардың көмекшілері12. Инженер-химиктер және олардың көмекшілері13. Инженер-электриктер және инженер-энергетиктер14. Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инженерлер15. Геологтар16. Тау-кен инженерлері, Металлургтер, инженер-мұнайшылар және олардың көмекшілері17. Инженер-құрылысшылар және олардың көмекшілері18. Геодезистер мен картографтар, кадастр және жерге орналастыру жөніндегі инженерлер19. Өнеркәсіптік және құрылыс инспекторлары20. Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері21. Киім, тұтыну тауарлары және өнеркәсіп өнімдері дизайнерлері22. Жобалаушылар-қала жоспарлаушылар23. Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер24. Сәулетшілер және «ақылды» қала құрылысы инфрақұрылымын жобалаушылар25. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлер26. Логистика бойынша кәсіпқой мамандар27. Кедендік рәсімдеуге арналған агенттер және жүктер мен жүктерді сүйемелдеу28. Экологтар, өндіріс және қоршаған ортаны қорғау инженерлері және олардың көмекшілері29. Құрылысшылардың үстінен қадағалаушылар (бригадирлер)30. Бетон өңдеушілер, тегістегіштер, Опалубщиктер, Цементаторлар және өзге де бетоншылар31. Құрылыс Бояулары32. Сылақ33. Ағаш ұсталары мен ағаш ұсталары34. Тас қалаушы35. Тас және тас өңдеушілер36. Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және қасбеттерді тазалау жөніндегі жұмысшылар37. Химиялық шикізатты қайта өңдеу және химиялық өнімді өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары38. Арматуршылар мен қаптаушылар39. Шатыршылар40. Еден төсеушілер және плитка жапсырушылар41. Құрылысшы-монтажшылар42. Сантехниктер және құбыржолшылар43.Монтаждаушылар, құрастырушылар және металл конструкцияларын дайындаушылар44. Крандардың, көтергіштердің, тиегіштердің және басқа көтергіш құрылғылардың операторлары45. Бетон сорғыларының операторлары, бетон араластырғыштар және цемент, тас және басқа да минералды материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруге арналған жабдықтар46. Пішіндер мен ядролар47. Кабинеттер мен жиһаз жасаушылар48. Интерьер дизайнерлері және декораторлар49. «Ақылды үй» инфрақұрылымының операторлары, слесарі және жөндеушілері50. Ауыл шаруашылығы жабдықтарының слесарлері51. Өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлері52. Тракторшылар, комбайндар мен өзге де ауыл шаруашылығы жабдықтарының операторлары53. Авто (мотоцикл) слесарлері және жөндеу жұмыстары54. Ет және балықты жартылай фабрикаттар, азық-түлік және ұнтақтар өндірушілер55. Тігіншілер мен өңдеушілер56. Лекало дайындаушылар және пішушілер57. Наубайшылар мен кондитерлер58. Май өндірушілер, ірімшік өндірушілер және басқа да сүт өнімдерін дайындаушылар59. Бас аспазшы және аспазшы60. Ауыл және балық шаруашылығы шикізатынан тамақ өнімдерін дайындайтын жұмысшылардың үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер) 61. Фармацевтикалық және гигиеналық өнімдерді өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары62. Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру жабдықтарының операторлары63. Электромонтерлер64. Электромеханиктер65. Өндірістік стационарлық жабдық операторларының үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)66. Бұрғылау қондырғыларының машинистері (бұрғылаушылар)67. Бойлерлер, бу машиналары мен қазандық қондырғыларының операторлары68. Мұнай, газ тазарту және қайта өңдеу қондырғыларының операторлары69. Телерадио хабарларын тарату жөніндегі техниктер70. Аудио-бейне операторлар және Монтажерлер71. Кір жуу машиналарының, химиялық тазалау және тоқыма, Үлбір және былғары өнімдерін өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары72. Телекоммуникация бойынша монтаждаушылар мен жөндеушілер73. Электрондық жабдықтарды құрастырушылар74. Машинааралық өзара іс-қимыл жүйелерінің операторлары, Слесарлары және жөндеушілері75. Аддитивті өндіріс инфрақұрылымының операторлары, слесарлері және жөндеушілері76. Құрал-саймандарды жылтыратушылар, Тегістеушілер және Қайраушылар77. Кондиционерлер мен тоңазытқыш қондырғыларының механиктері мен Монтажшылары78. Металл өңдеу жөніндегі жұмысшылардың, слесарлер мен жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі жөндеушілердің үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)79. Жылжымалы құрамның слесарлері мен жөндеушілері80. Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің операторлары, слесарлері және жөндеушілері81. Дәнекерлеушілер және газбен кесушілер82. Ұшу аппараттарының слесарлері мен жөндеушілері83. Кен жұмысшылары, Шахтерлер84. Тау-кен машиналарының операторлары85. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар бойынша жұмысшылар86. Сорғы қондырғыларының операторлары87. Бульдозерлер, жер қазатын, траншеялық және тау-кен ұңғылау машиналарының операторлары88. Электриктер89. Электрмонтажниктері90. Техник-электриктер91. Жаңартылатын энергия көздерінің жүйелері мен желілерінің операторлары, слесарлері және жөндеушілері92. Кенді және тау жыныстарын өңдеу және байыту жөніндегі жабдықтардың операторлары93. Металды күйдіру, балқыту және құю жөніндегі жабдықтардың операторлары94. Электрондық жабдықтарды монтаждаушылар, монтерлер, слесарлер және жөндеушілер95. Механикалық, электр және электрондық бұйымдарды құрастырушылар мен сынаушылардың үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)96. Металл бұйымдарын өңдеу жөніндегі жабдықтардың операторлары97. Механиктер-техниктер98. Компьютерлік аппаратты қамтамасыз ету жөніндегі техниктер99. Компьютерлер бойынша техника мамандары100. Киім, халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп өнімдерін, қолөнерді жобалаушыларАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20048?lang=kk
Еңбек министрлігінде АӘК тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеу мәселелері талқыланды 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес өтті.Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.«Ел Президенті Қ.К. Тоқаев Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды. Біздің міндетіміз - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде толық заңдылықты сақтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қысқа мерзімде ұйымдастыру», - деп атап өтті Сапарбаев.Кеңеске қатысушылар аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш берушілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу сынды өзекті мәселелерін талқылады.Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.Сонымен қатар, Министр орынбасарларының басшылығымен Еңбек министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлердегі барлық рәсімдердің заңдылығының сақталуын бақылау үшін өңірлерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20042?lang=kk
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 11.04.2025
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру туралы бiрегей меморандум қабылдады. Құжатқа Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қол қойды.Меморандум аясында тұрмысы нашар, көпбалалы немесе қиын жағдайға душар болған жанұяларға, қарттарға, мүгедектерге, ардагерлерге, кәмілетке толмаған балалар мен жастарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бірлесіп жұмыс атқарылады.Атап айтқанда, тараптар Қазақстанда емделмейтін ауруларға душар болған кемінде 100 баланы шетелге жібереді, аутизм диагнозы бар кемінде 100 балаға медикаментсіз ем жасалуын қамтамасыз етеді, сал ауруына шалдыққан 1500 балаға медициналық реабилитация, және шалғайдағы елді мекендерде тұратын тағы 60 000 адамға медициналық көмек көрсетеді.Бұған қоса, балалардың денсаулығын күшейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен кемінде 1500 баланы қамтитын аула клубтарын жетілдіру жалғастырылады, шалғай елді мекендерде тұратын 600 балаға Қазақстан бойынша экскурсия өткізіледі, Ұлы отан соғысының 1400 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіліп, Қазақстан мен ТМД елдерінде темір жолмен тегін жүру ұсынылады, кем дегенде 40 әмбебап спорт және ойын алаңдары салынады.Сонымен қатар, жасы 18-ге толмаған кемінде 30 бала мен жасөспірімнің интеллектуалдық, шығармашылық немесе спорт сайыстарына баруы үшін жол шығындарын көтеріп алу жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарының 30 дарынды түлегін іріктеп алып дамыту, кемінде 60 түлекті өндіріс салаларын цифрландыру жобаларында тәлімгерлік бағдарламаға қабылдау және жұмысқа орналастыру қарастырылған.Меморандум кем дегенде 50 коммерциялық емес ұйымның бастамаларына қаржылық және басқа да көмек көрсету арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер ұйымдарын қолдау мақсатымен олар өндірген тауарларды ереже шеңберінде сатып алу мәселелелерін қамтиды.«Бұл келісімге Елбасының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты белсенді әлеуметтік саясатты қолдау және дамытуға арналған бағдарламасының шеңберінде қол қойылды. Меморандум әлеуметтік саланы дамыту, кей санаттағы азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру және әлеуметтік бастамаларды іске асыру мақсатымен күш-жігерімізді біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев бұл бағыттағы бірлескен жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ашатынын айтты.«Халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалары, әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бүгінгі күні мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететін қоғамның аса өткір проблемаларының бірі болып отыр. Осыған байланысты ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы шеңберінде Министрлік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Тек өткен жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Бүгінгі меморандум Қазақстанның басқа компаниялары мен кәсіпорындары үшін жақсы үлгі болады деп есептейміз», - деп түйіндеді Еңбек министрі.«Самұрық-Қазына» холдингіне кіретін барлық компаниялардың атынан қайырымдылық қызметті атқаратын - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 2019 жылы аталған қор жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19962?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші-мигранттардың құқығын қорғау бойынша "Жол картасына" қол қойды 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ХІІ Астана экономикалық форумы аясында өткен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орайластырылған халықаралық конференцияда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Мәселен, Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Құдбиевпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына ("жол картасы") қол қойылды.Бұл үкіметаралық келісімге ведомство басшылары 2019 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.Жол картасына қол қою елдер арасындағы еңбек көші-қоны процесін реттеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.Үкіметаралық келісім шеңберінде еңбекші-мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие. Еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ведомстволар арасында орнатылған іскерлік және достық байланыстарды жоғары бағалайтынын және қол қойылған халықаралық құжат аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19873?lang=kk