Enbekshi QazaQ

Мәдениет

«Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды 15.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге қатысты мәжіліс өтті. Жиында су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының жаңа басшысы Зейнулла Қазтоғанов таныстырылды. Алдымен аймақ басшысы осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы қызметін атқарып келген Қайратбек Сәрсенбаевты құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады.«Әріптесіміз Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық қаржы басқармасының басшысы, Шиелі, Жалағаш аудандарының әкімі, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы жас мамандарға үлгі болды. Әр шешімінде әділдік пен адалдықты алға қойып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты. Барша Сыр жұртшылығының атынан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – деді аймақ басшысы.Жиында Қайратбек Әубәкірұлы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.Облыс әкімі Зейнулла Қазтоғановтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндеттерді айқындады.«Жаңа басшыға Халықаралық Аралды құтқару қоры мен мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының шешімдерін жүзеге асыруды, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды, Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу бағытындағы жұмыстарды тапсырамын»,– деді Н.Нәлібаев.Зейнулла Молдағалиұлы 1972 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндіріс инженерлері институтында инженер-мелиоратор мамандығы бойынша білім алған. 1998-1999 жылдары Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің инженері, 2000-2023 жылдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясында түрлі қызметте болған. 2023 жылдан бастап осы күнге дейін инспекция басшысының орынбасары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/937235
Алматыда Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика тақырыбында дөңгелек үстел өтеді 15.02.2025
2025 жылдың 26 ақпанында Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтеді.Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның ҚР-дағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі – БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросы және Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы ұйымдастырады.Жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен журналистер Орталық Азия мен Қытайдағы медиа кеңістіктің дамуына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылайды.Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған халықтың медиа сауаттылығын арттыру және Медиасфера мамандарының біліктілігін көтеру жоспары шеңберінде ұйымдастырылады.Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер талқыланады:- Цифрлық трансформация және жасанды интеллект жағдайындағы журналистиканың болашағы туралы пікірталас;- Бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен деректер мен автоматтандырылған талдауды қолдану;- Сандық дәуірдегі медианың халықаралық тәжірибесі мен даму перспективалары.Іс-шараға журналистер, оқытушылар, студенттер, медиа зерттеушілер, БАҚ өкілдері және журналистика мен коммуникацияның болашағына қызығушылық танытқандар шақырылады.Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ қатысушылары үшін ZOOM платформасында онлайн трансляциясын көруге болады:https://zoom.us/j/96766258430?pwd=bLLsL7Hne76bHhZmSqwS4x8BaSCIIq.1(конференция идентификаторы: 967 6625 8430, кіру коды: 12345678)Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады +7 7172 740186. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936571
Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды 15.02.2025
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздің әдебиетін оқуға және насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді тарту бойынша қазақ батырлары, тарихи оқиғалар, мифология және өзекті трендтер тақырыбында ұлттық сипаты бар балалар комикстерін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.Халықаралық тәжірибе негізінде «Бозоқ» музей–қорығы жас оқырмандарға арнап кітап шығарды. Комикс мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылды.Комикстерді салған суретші – Жапаров Бекен Байзақұлы, «Бозоқ» музей-қорығының дизайнері.Кітаптың негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген.Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңызын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар білім берудегі жобаларды дамыту перспективаларын талқылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936664
Қазақстан ICESCO аясындағы Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясына қатысып жатыр 15.02.2025
Сауд Арабиясының Жидда қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ICESCO) аясында Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясы өтіп жатыр.Конференцияға Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 50-ге жуық мемлекет қатысуда. Олардың арасында Ислам әлемінің мәдени мұра комитетінің мүшесі – Қазақстан да бар. Ел атынан бұл жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов барды.Халықаралық кездесудің басты мақсаты – өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасында диалог орнату, ислам мәдениеті туралы объективті көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ әділеттілік, бейбітшілік, бостандық және адам құқықтары құндылықтарын насихаттау.Делегация басшылары конференцияның жұмыс отырысында сөз сөйлеп, осы мақсаттарға жетуге бағытталған бастамалар мен механизмдерді ұсынды.Аталмыш іс-шараға ICESCO Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің 54-і келген. Мәдениет министрлері конференциясының басты мәселесі – Ислам әлемінің мәдени астанасын анықтау. 2025 жылы бұл мәртебелі атақ Өзбекстанның Самарқан қаласына берілді. 13-ші конференцияда Ислам әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы жарияланатын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936895
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру 15.02.2025
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) аккредиттеуді жүзеге асыру мерзімі туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін мемлекеттік органдар жыл сайын I (бірінші) тоқсанда жүзеге асырады.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші электрондық нысанда электрондық мекенжайға k.kense@mki.gov.kz:1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 12 ақпаннан 25 ақпанға дейін жүзеге асырылады.Аккредиттеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: + 7 (7172) 74-05-80, + 7 (7172) 74-04-84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936916
«Қазақстан халқына» қорымен әріптестік байланыс жалғасады 15.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қордың Сыр елінде атқарған, қолға алған жұмыстары сараланды.«Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры арқылы Сыр елінде 4,8 млрд. теңгенің денсаулық сақтау жобалары қаржыландырылды.Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Оған қоса 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынды. Бүгінде кешендер шалғай елді мекендер тұрғындарына тұрақты медициналық қызмет көрсетуде. Сыр еліне қор арқылы көрсетілген қолдаулар үшін жерлестеріміздің атынан алғыс білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.Сонымен қатар, қор қаржысына сирек кездесетін, онкологиялық және онкогематологиялық ауруға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек, перинаталдық орталық пен аудандық ауруханаларға диагностикалық линзалар, офтальмоскоптар мен офтальмологиялық лазерлер, басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Қан тамырлары патологиясы бар балалар емделді. Генетик, УДЗ маманы, трансплантология үйлестірушісі білім жетілдірді. Көз қабығын ауыстыруды қажет ететін науқастардың еміне қаржы қаралды.Басқосуда Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді және алдағы уақытта Сыр өңірінде жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.Айта кетейік, бүгін Шиелі ауданының Досбол би ауылында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/936949
Аймақ басшысы су шаруашылығының жағдайын пысықтады 15.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су шаруашылығының жағдайын және су тасқынының алдын алу жұмыстарын тексерді.Мемлекет басшысының Жолдауында ирригация жүйелері, жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны диқандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту тапсырылғаны белгілі. Бұл бағытта облыста бірқатар жұмыс атқарылды.Атап айтқанда, Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 112 жоба енгізілді.Олар аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.Кешенді жоспарға енгізілген жобалар ішіндегі «Қараөзек» су қоймасын салуды Ислам Даму банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұл 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерді және вегетациялық кезеңде Арал теңізін суландыруға мүмкіндік береді.«Келінтөбе» магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 6,1 шақырым айналма канал қазылды. Сағасына гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі туындауына байланысты жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін өтінім ұсынылды.Жоба іске асқанда, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар егістік жерін вегетациялық кезеңде суландыруға мүмкіндік береді.Су үнемдейтін технологияны енгізуді 2028 жылға дейін 24,2 мың гектарға жеткізу (2024 ж. - 4,4 мың гектар, 2025 ж. - 9,2 мың гектар, 2026 ж. -14,2 мың гектар, 2027 ж. - 19,2 мың гектар, 2028 ж. - 24,2 мың гектар) көзделген.Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4,4 мың гектарға жеткізіліп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артты.Күріш шаруашылығында су үнемдеудің бірден-бір жолы - егістікті лазерлік тегістеу. Өткен жылы күріш егістігінің 55 мың гектарына лазерлік тегістеу жүргізілсе, алдағы 5 жылда 72 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, өткен жылы «Арна» мекемесінің теңгеріміндегі 107 су нысанына, 1 қорғаныс бөгеті және 69 канал бойындағы гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізілді.Биыл 5 каналды тазалау жоспарлануда.Сол сияқты, «Көлтоған» су қоймасының апаттық жағдайының уақытша алдын алу және «Ақүйік» ауылдық округі тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Арна» мекемесі арқылы су беретін каналды тазалау, дамбысын көтеру, су тоспаларын жөндеу, қойманың бөгетін уақытша қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, су тасқынының алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек екенін ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/935489
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды 15.02.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Биыл облыста 190 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Үкіметтің Жол картасына сәйкес күріш егісі 80 900 гектар болып бекітілді. Қосымша 5 мың гектар күрішті қашыртқы сумен, жерді лазерлік тегістеу арқылы үнемделген сумен суару көзделуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Қажетті 64 600 тонна тыңайтқыштың 11 300 тоннасы отандық өнім.Шаруашылықтар есебіндегі 4046 техниканың 82,2 пайызы жөндеуден өтті. Қалғаны 1 наурызға дейін 100% дайын болады. Энергетика министрлігі 10 мың тонна дизель отынын бекітті. Бүгінде жеткізуші операторлар айқындалып, ақпан айына бөлінген дизель отынына төлем жүргізілуде. Жоспарланған егіс көлемі Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысынан кейін қайта нақтыланбақ.Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруда және салаға озық технологияларды енгізуде бірқатар шара атқарылуда. Егін, мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау процестері «ГосАгро» порталы арқылы онлайн жүргізілуде. Жер учаскелерін сату, жалға беру веб-портал арқылы электронды түрде өтеді.Саланы цифрландыру, жаңа жобаларды жүзеге асыруда шетелдік компаниялармен бірлескен жобалар іске асырылуда. «Ер-Әлі» шаруа қожалығы күріш алқаптарын суаруды цифрландыру, су шығынын азайту үшін аустралиялық «Рубикон Уотер» компаниясының автоматтандырылған су өлшеу жабдықтарын орнатты. Бұл арқылы суармалы су көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге, өнімділікті арттыруға қол жетті.Аталған компаниямен бірлесіп, облыс аумағындағы егіс алқаптарының 60 пайызын сумен қамтамасыз ететін «Сол жаға магистралды каналына су бөлуді және есепке алуды цифрландыру» жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтуде. Егін шаруашылығын цифрландыру бағытында «Абзал и К» толық серіктестігі құны 1 млрд. теңге, қуаты сағатына 12 тонна цифрлық күріш өңдеу зауытын биыл іске қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/936495
Астананың жоғары оқу орындарында қайырымдылық пен волонтерлік тақырыбында дәріс басталды 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады.Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді.Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер яғни, 55 жастан асқан ерікті бар.Өткен жылдың өзінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935782
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсының ережелері талқыланды 15.02.2025
Бүгін, 11 ақпан күні Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.Биыл Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды. Оған кино, әдебиет, мәдениет саласындағы мамандар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары кірді.Кездесудің негізгі тақырыбы киножобаларды конкурстық іріктеу ережелерін талқылау болды.Министр Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сараптама кеңесі мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Өткен жылы қабылданған іріктеу конкурсының ережелеріндегі өзгерістер іріктеудің ашық әрі жеңіл өтуіне бағытталғанын да атап өткен жөн.Жаңа ережелерге сәйкес, іріктеу екі кезеңге бөлінген. Бұл өзгеріс Қазақстандағы кино өнерінің дамуына жаңа серпін береді.Бірінші кезеңде сараптама кеңесі тек сценарийлер мен сценарий жоспарларын саралайды. Бірінші кезеңнен сәтті өткеннен кейін таңдалған сценарийлердің авторлары екінші кезеңде құжаттардың толық пакетін ұсынуы керек. Үміткерлер қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң, Орталық сараптама кеңесінің қарауына өтінім жібереді. Содан кейін питчинг күні белгіленеді.«Кеңес мүшелері жауапкершілікті терең сезініп, конкурстың барлық кезеңдерінде әділ шешім шығарып, ашық конкурс өткізуге тиіс. Киножобалардың белгіленген талаптарға сәйкес болуына баса назар аударылады. Бұл шаралар отандық кино саласын дамытуға, сондай-ақ ұлттық мүдде мен идеологияға сай келетін жобалар санын арттыруға көмектеседі», - деп атап өтті Аида Балаева.2025 жылы «ұлттық құндылықтар», «отбасы», «қоршаған ортаны қорғау», «заң мен тәртіп», «тарихи елеулі оқиғалар», «дос қадірі», «әйел құқығы, бала қауіпсіздігі»,«қазіргі заманның қаһармандары», «ел бірлігі» және т.б. басым тақырыптарда киножобалар дайындауға болады.2025 жылы Министрліктің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм жарық көреді. Биыл «Капитан Байтасов», лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» атты драма, футбол туралы «90+1» спорттық драмасы, сондай-ақ «Күзгі самал», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Хош иісті жүрек» және «Авель» фильмдері жарыққа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935982
Атырауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті 15.02.2025
Жәрмеңке «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шараға облыстағы 50 мекеме қатысып, 600-ге жуық ваканттық жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау-Жарық» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC» ЖШС, «Стамгазстрой», «Orion Group KZ», «КазТурбоРемонт», «АтырауНефтеМаш», «GPS Investment», «Силлено», «КPI», «Атырау мұнай өндеу зауыты», «Атырау жылу жүйелері», «Спецавтобаза», «Шлюмберже», «Карат», «Ақжайық Автопарк», «Атырау Автопарк», «Infinity Mall», «Идеал Трейд Маркет», «Эйр Энерджи Каспиан», «WOOD KSS» және басқа да компаниялар бар. Ұсынылған мамандықтар: көлік жүргізуші, экономист, фельдшер, инженер, аспаз, даяршы, менеджер, бухалтер, заңгер, электрик, электромонтер, тас қалаушы, сылақшы, тазалаушы, дәнекерлеуші, сатушы-кеңесші, инженер-электрик, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, техника қауіпсіздігі инженері, жобалау инженері, инженер-конструктор, супервайзер, құрылыс менеджері, экономист, т.б. -Тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары, бүгін 500-ден аса адам келді. Мақсат – халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Мекемелер жұмысқа қабылдаған жағдайда басқармаға ескертеді. Сондай-ақ бүгін алимент өтемеген борышкерлер, жазасын өтеу орындарынан босап шыққан, пробациялық есебінде тұрған азаматтар қатысып отыр, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов. Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысушыларға мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Олар: «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас жобасы».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/935718
3 жылда шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген шетелдік интернет-компанияларға («Google салығы») салық салудың жаңа қағидаларын қолдану нәтижелері туралы хабарлайды.Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. 3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге.2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/935056
Атырауда «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды 14.02.2025
Төтенше жағдайдың алдын алуда оқуды үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасқан. Мұнда екі күн бойына профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.Тасқын кезінде күштер мен объектілерді басқаруда жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін пысықтау, жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және күштік құрылымдар мен еріктілер қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Оқу-жаттығу жиынын ашқан Қайрат Нұртаев облыста төтенше жағдайлардың алдын алу үшін атқарылған жұмыстарға тоқталып, штаб жұмысына сәттілік тіледі.- Атырау облысы әкімдігі тарапынан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақталуына аса мән беруде. Өрт сөндіру деполары пайдалануға беріліп, лизинг арқылы 30 бірлік техника мен құрал-жабдықтар және республика көлемінде 24 қабатқа дейінгі биіктікте су шашатын арнайы техника сатып алынды. Атырау қаласының судан құтқару бөлімшесіне жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, қажетті техникалармен жарақтандырылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылуда,-деді Қ.Нұртаев.Кейін төтенше жағдай туралы сирена іске қосылды. Бұл арқылы «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.Кейін Бесікті ауылы тұсындағы Жайық өзені бойында шұғыл авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Мұнда жаға бекітіліп, бөгеттер нығайтылды. Бесіктінің тұрғындарын «Күншуақ» балабақшасына эвакуациялап, тіркемелі мотопомпалармен су сору жұмыстары жасалды. Сондай-ақ ауыл тұсындағы Жайық өзенінен автокөлікпен мұздан өтіп, суға түскен адамды құтқару бойынша іс-қимылдар пысықталады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.Былтыр Жайық өзені бойында 590 км бөгет, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 49 су өткізгіш қондырғы орнатылды. Өзен учаскелерінде 7 км жағалау нығайтылып, 121 км түбі тереңдетілді.Нөпір судың салдарымен күреске 1510 адам, 244 техника, соның ішінде жүзу құралдары мен тікұшақтар дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/933028
2025 жылдың 4 ақпан күні Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәжіліс залында облыстық, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді. 14.02.2025
Семинар барысында аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін арттыру бағытындағы оқыту жұмыстары, 2025 жылдың 2 ақпанында өткізілген 3 ауылдық округ әкімінің сайлау қорытындысы (Исатай ауданы Зинеден а/о, Қызылқоға ауданы Ойыл, Тасшағыл а/о), ағымдағы жылдың 30 наурызына тағайындалған бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша (Атырау қаласы №12, №18, Қызылқоға №4, №9, Мақат №11, Махамбет №1 округтері) мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізу бағытындағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сайлау күніне арналған-іс-шараларға шолу жасап, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Қыстаубаева сайлау комиссияларында тұрақты негізде жұмыс жасап жүрген әріптестерді Дүниежүзілік сайлау күні – кәсіби мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/934064
ҚР Қаржы министрлігі 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылға арналған міндеттерді айқындады 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиевтің төрағалығымен Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өткізіліп, онда 2024 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар айқындалды.Алқа отырысында Қазақстан Республикасының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы, оның ішінде жеке кіріс базасын ұлғайту жөніндегі жұмыстың қорытындылары талқыланды. Мәселен, мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар (трансферттерді есептемегенде) 100,7% орындалды немесе жоспарланған 21,4 трлн теңгенің орнына бюджетке 21,5 трлн теңге түсті. Артығымен жинақталған соманың көлемі - 142,4 млрд теңге.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, бюджетаралық қатынастарда тәртіп орнату қажет. «Шағын және орта бизнестен түсетін салық түсімдерін өңірлерде қалдыру туралы шешім дұрыс әрі уақтылы болды. Бұл кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай серпін беріп, әкімдердің дербестігін арттырды. Бюджет тапшылығын жабу көздерін іздеу мақсатында Үкімет ұтымды өтемақы тетіктерін әзірлеуі керек», деген еді Президент.Сондықтан биыл өтімділікті (ликвидтікті) басқару бөлігінде Министрліктің Қазынашылық комитетінің функциялары кеңейтіліп, бұл бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалану бойынша мүмкіндіктерге жол ашады.Қаржы министрі Мәди Такиев биыл Бюджет кодексі қабылданатынын және кодекс нормаларының күнделікті тәжірибеге тиімді енгізілуі маңызды екенін атап өтті. Құжатты толыққанды іске асыру үшін Министрліктің бөлімшелері барлық қажетті заңға тәуелді актіні сапалы дайындауды, оларды уақтылы қабылдауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуі қажет.2025 жылдағы тағы бір маңызды міндет – цифрлы трансформациялауды жүзеге асыру. Жасанды интеллект, үлкен деректер және процестерді автоматтандыру орталық атқарушы органға мемлекеттік қаржы жүйесін тиімдірек басқаруға, тәуекелдерді азайтуға және әкімшілендіру ісінде ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Мәди Төкешұлы Министрліктің әр комитетінде жасанды интеллектіні енгізу мен цифрландыру мәселелеріне жауапты төрағаның бір орынбасарын бекітуді тапсырды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құралдарды тартудың маңыздылығын атап өткен еді. Осы тұрғыдан алғанда, біздің міндет – мемлекеттік органдарға жобаларды іске асырудың балама жолдарын ұсыну. Бұл барлық деңгейде, соның ішінде жаңа цифрлы сервистер мен қызметтерді енгізу, жаңа инфрақұрылымды қалыптастыруды жеделдету, сондай-ақ тиімді фискалды жүйені қамтамасыз ету бойынша бұдан да қарқын үйлесімді жұмысты талап етеді. Бұл әсіресе функциялары кеңейіп жатқан Мемлекеттік кірістер комитетіне қатысты. Тиімді жұмыс істеу үшін әсіресе мобильді топтар құруды және кеден бекеттерінің тәулік бойы режімге өтуін ескере отырып, жұмыс құрылымын қайта қарау қажет. Бұдан басқа республикалық бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджеттік кредиттерді, МЖӘ тәсілін, займдарды, ЕДБ қаражатын және басқа да тетіктерді қоса алғанда, қаржыландырудың ықтимал көздерін кешенді түрде қарау қажет», деп түйіндеді өз сөзін М.Такиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/933751
Автожол саласын дамыту мәселесі талқыланды 14.02.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде автожол саласын дамыту және салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте мәселелер кеңінен талқыланып, қала, аудан әкімдері мен сала жетекшілеріне тапсырма жүктелді.«Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу. Өткен жылы жөндеуден өткен жолдардан анықталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіріп, қаржының толық игерілуін қамтамасыз етіңіздер. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жобалардың мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, облыс аумағынан 3545 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарыы өтеді, оның 1024,5 шақырымы –республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965,5 шақырымы –аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 700 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан асатын автомобиль жолдары, елді мекен көшелері мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Бұл арқылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты.Биыл жергілікті жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 33 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Оған 329 шақырым жол жөнделіп, көрсеткіш 95 пайызға жеткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/931733
Еңбек ардагерлерін облыс әкімі құттықтады 14.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев адал еңбектің үлгісін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ардақты ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады. Осы жолғы басқосу құрылыс саласының ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Жәнәбіл Нұрқыштың 90 жасқа, Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Садық Әлиевтың 85 жасқа және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нәжмедин Мұсабаевтың 75 жасқа толған мерейтойларының құрметіне арналды.Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы атынан құттықтау лебізін жеткізді.«Біз Сырдың қасиетті топырағында дүниеге келіп, елге қалтқысыз қызмет еткен аға буын өкілдерін ұлықтауды, олардың жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырдық.Үлкендеріміз ел іргесінің сөгілмеуін, өскелең ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды бірлікке үндеп келеді. Ағаларымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін құнды! Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Жәнәбіл Нұрқыш еңбек жолын 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық су шаруашылығы басқармасында бастаған. Әр жылдары «Қызылорда құрылыс» тресінде, Тасбөгет кентіндегі темір-бетон зауытында, Қазалы ауданының ПМК мекемесінде, «Агропромстрой» тресінде басшылық қызметтер атқарған. Қазалы аудандық кеңесінің депутаты, партия комитетінің пленум мүшесі болып сайланған. Қазалы ауданында қызмет еткен жылдары әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің салынуына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан.Садық Әлиевтің еңбек жолы 1961 жылы Қызылорда қаласындағы «Авто трактор деталь» зауытында басталған. Жалағаш аудандық кәсіптік-техникалық училищесінде, аудандық комсомол комитетінде, «Каз сельхоз техника» бірлестігінде, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында басшылық қызметтер атқарған. Жалағаш ауданында кеңес төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің бірінші орынбасары, «Қазақстан күріші» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін абыроймен атқарған. Жалағаш аудандық кеңесінің және облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. Садық Әлиұлы зейнетке шықса да, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, бүгінде Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп келеді.Нәжмедин Мұсабаевтың 1971 жылы ғылыми қызметкерліктен басталған еңбек жолы «Қызылорда жөндеу су құрылыс» тресінде жалғасты. Қазақстан Компартиясының Қазалы аудандық комитетінде, Қазалы аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде жауапты қызметте болған. Әр жылдары Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазалы, Жаңақорған және Арал аудандарының әкімі, облыстық экономика басқармасының басшысы, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.Басқосуда Сыр өңірінің дамуына қосқан үлестері үшін мерейтой иелеріне облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай шапан жабылды.Жәнәбіл Нұрқышұлы «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат бұған дейін Садық Әлиұлы мен Нәжмедин Түрікбенұлына берілген болатын.Мерекелік жиында еңбек ардагері Жақай Бодықбаев, ауыл шаруашылығы саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанұлы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов мерейтой иелерінің еңбек жолына тоқталып, құттықтау лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/931911
Аймақ басшысы «Ақшатау» елді мекеніндегі жаңа мектептің жұмысымен танысты 14.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында «Ақшатау» елді мекеніндегі жаңа мектептің жұмысымен танысты.Қыркүйек айында 60 орындық жаңа нысан ашылғанша шәкірттер бастауыш мектепке бейімделген ғимаратта оқып келген болатын. Енді ауыл балалары бастауыш сыныпты аяқтаған соң аудан орталығына бармай-ақ, өз үйлерінде, ата-аналарының қасында оқуын жалғастырады. Білім ордасы спорт, акт залдарымен, асхана, кітапханамен және жекелеген пәндік кабинеттермен жабдықталған.Айта кету керек, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 10 мектептің құрылысы басталып, алғашқы 900 орындық мектеп өткен жылдың қазан айында облыс орталығында ашылды.Жыл басынан бері Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Жаңақорған кентінің «Саяжай» шағын ауданында, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептер пайдалануға берілді. Жыл ішінде тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталады деп күтілуде.Өткен жылы аймағымызда 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат ел игілігіне табысталды. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» іске қосылды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты наурыз айында аяқталмақ.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтті.Мемлекет басшысы алдағы уақытта 1 300 мектепті жаңғыртуды тапсырғаны белгілі. Осы ретте 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектепке, биыл оның 9-ына күрделі жөндеу жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/933323