Спорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан 01.02.2025
Президент:«Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп.Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек» Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/925954

Президент: Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет 01.02.2025
Президент:«Енді көлік-логистика инфрақұрылымына тоқталайық. Транзит – жүк тасымалына қатысты халықаралық бәсекедегі біздің орасан зор артықшылығымыз. Мұны толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек.Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет. Бұл жоба Транскаспий бағдарының негізгі бөлігі болмақ. Осы бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек.«Мойынты – Қызылжар» бағытында жаңа темір жол құрылысын бастауды тапсырамын. Сондай-ақ Қызылжар бекетінен Ақтау портына дейінгі күре жолдың қозғалысы аса көп учаскелерін жаңғырту керек.«Алтынкөл – Жетіген» темір жолын да кеңейту қажет. Бұл Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір арттырады. Бұдан бөлек, темір жол тасымалын цифрландыру жобаларын уақтылы аяқтау маңызды. Мультимодальды көлік тораптарын дамытуға баса мән берген жөн. Сол арқылы тасымалдың барлық түрін өзара кіріктіруге мүмкіндік туады. Биыл және келесі жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуға тиіс»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/926039

Мемлекет басшысы: Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет 01.02.2025
«Келесі кезек күттірмейтін мәселе. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр.Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет.Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек. Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты сондай жағдай болғанын білесіздер.Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты»t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/926353

АЗИАДА-2025: ҚЫСҚЫ АЗИАДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР 01.02.2025
Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ. Отандастарымыз ең алғаш 1996 жылы Харбиндегі додада өнер көрсеткен.Бүгінге дейін жерлестеріміз қысқы Азиадада 196 медаль (78 алтын, 62 күміс және 56 қола) жеңіп алған. 2017 жылы Саппорода өткен ойындарда Қазақстан құрамасы 32 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болған еді.Қазақстан құрамасынан Харбиндегі қысқы Азиадаға 138 спортшы (72 ер және 66 әйел) қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.Ойындарға Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.Ски-альпинизм спорты алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.Харбинге баратын делегацияның жартысынан астамы Астана, Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысының спортшылары. Сондай-ақ тағы 10 өңірдің спортшылары өнер көрсетеді.Ту ұстаушылар – Әділ Бекетаев (шайбалы хоккей) пен Ольга Тихонова (шорт-трек).Қазіргі құрамнан бұған дейінгі қысқы Азия ойындарында чемпион атанған спортшылар:• Ольга Полторанина (биатлон, 2011 жылғы чемпион)• Евгений Рымарев (шайбалы хоккей, 2011 жылғы чемпион)• Роман Старченко (шайбалы хоккей, 2011 жылғы чемпион)• Дарья Климина (биатлон, 2017 жылғы чемпион)• Кирилл Савицкий (шайбалы хоккей, 2017 жылғы чемпион)• Дмитрий Гренц (шайбалы хоккей, 2017 жылғы чемпион)Ең жас спортшы – Асан Асылхан (фристайл-акробатика, 15 жаста).Ең егде спортшы – Денис Власов (ски-альпинизм, 41 жаста).Азия ойындарының салтанатты ашылуы (7 ақпан) және жабылу рәсімі (14 ақпан) Харбиндегі Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium спорт нысанында өтеді.Азиаданың бойтұмары – Cібір жолбарыстары Бинбин мен Нини. Ұраны: «Азиядағы қысқы арман мен махаббат».Қытайдың Харбині қысқы Азия ойындарын биыл екінші рет қабылдайды. Бұған дейін бұл қалада 1996 жылғы Азиада өткен болатын. Жалпы, Қытайда қысқы сары құрлық бәсекесі үшінші мәрте өткелі тұр.Азиаданың салтанатты бөлігі мен жарыстар 7 спорт нысанында өтеді. Атап айтқанда: Харбин хоккей аренасы; Халықаралық Харбин конгресс-көрме және спорт орталығы; Харбиндегі Пинфан ауданының хоккей аренасы; Харбин спорт университетінің мұзайдыны; Хэйлунцзян көпфункционалды залы; Хэйлунцзян оқу орталығының мұздағы жарыстарға арналған залы; Ябули тау-шаңғы курорты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/925793

Тағы екі шетелдік азамат Neo Nomad визасын иеленді 01.02.2025
Тағы екі шетелдік азаматқа заманауи көшпенділерге арналған Neo Nomad Visa берілді. Олардың бірі - Оңтүстік Корея азаматы, екіншісі-Сингапур тұрғыны.Сонымен қатар АҚШ азаматы да аталған визаны алуға ниет білдірген. Бүгінде оның өтініші қарастырылу үстінде.Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елдерінен келген саяхатшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл виза шетелдік туристерге мобильділікті сақтап, өзінің шетелдік компаниясында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға жол ашады.Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет. Атап өткен жөн, өткен жылы бірінші Neo Nomad визаны энергетика саласында еңбек ететін Ұлыбритания азаматы алды. Оны рәсімдеу үшін шетелдіктер Қазақстанның шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/925829

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 01.02.2025
Бүгін, 27 қаңтарда, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Сәбит Дүйсекенов тағайындалды.Сәбит Дүйсекенов 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.Еңбек жолын 2012 жылы Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастады.2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды.Ал 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы, сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарды.2017 және 2023 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы болып жұмыс жасаған.2023 жылы Қобда ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы, кейін Қобда ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болды.2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/924920

ҚР Туризм және спорт министрі Қытай Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады 01.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті.Кездесуде тараптар екі ел арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр Қазақстан мен Қытай спортшылары бір-бірінің аумағындағы маңызды додаларда өнер көрсетті. Жерлестеріміз Қытайда ұйымдастырылған 31 спорттық іс-шарада бақ сынаса, қытайлық спортшылар Қазақстандағы 15 жарысқа қатысты.Сондай-ақ туризм саласы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыты болып қала береді. Кейінгі жылдары Қытай туристері арасында Алматы, Астана, Түркістан және Ақтау сияқты қалалардың танымалдығы артып келеді. Екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі, тікелей әуе рейстері санының өсуі және Қазақстанның туристік әлеуетін белсенді насихаттауы саладағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне серпін берді.«Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» ұйымдастырылды. Еліміздің туристік әлеуетін таныту мақсатында Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде роуд-шоулар, форумдар, көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр Қытайдан Қазақстанға келген туристер ағыны 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көбейіп, 650 мың адамнан асты. Бұл қытай азаматтарының біздің мәдениетімізге, тарихымызға және табиғи көрікті жерлерімізге үлкен қызығушылығын көрсетеді», - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Кездесу соңында министр Қазақстан туризм жылы аясындағы барлық іс-шараны табысты өткізу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/925429

Қауіпсіздік 24/7 01.02.2025
А.ж. 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының күзет қызметінің жеке субъектілерінің басшыларына және а.ж. 23 қаңтарда Өскемен қ. мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерінің директорларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;- бекеттегі қызметіне кіріскен күзетшілерге нұсқау беру кезіндегі олқылықтар;- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;- террористік тұрғыдан осал объектілеріне және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/925499

Пойыздарда спутниктік интернет қосылды 01.02.2025
«Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 поездарының жолаушылары Интернетке қосылды. Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында іске асты.Бұл ЦДИАӨМ мен Eutelsat-OneWeb компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асты. Бұлжоба интернетке дәстүрліқосылутәсілдерішектеулінемесеондай мүмкіндік жоқ елдіңшалғайөңірлерінде тұрақтыжәне жоғары жылдамдықтықолжетімділіктіқамтамасыз етуге бағытталған.Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов жаңа технологияны Wi-Fi көмегімен желіге қосылу бойынша сынады.Пойыздардағы Интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып қосылады, бұл жолаушыларға сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.«Біз Eutelsat-OneWeb компаниясымен спутниктік байланысты қосу бойынша ынтымақтастық аясындағы жоспарларымыздың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің аумағы үлкен және дала бойынша интернет қолжетімсіз, енді пойыздарда оған қосылу және сапар барысында онлайн сервистерге қол жеткізуді пайдалану мүмкіндігі бар», - деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жолаушылармен кездесуде.КөптегенжолаушыларWhatsApp бейне қоңырауыарқылытуыстарынабірденқоңыраушалып, YouTubeбейнелерінкөріп, басқа да танымалқызметтердіпайдалана алды.Жолаушыларжаңақызметтіңсапарды,әсіресеұзақмаршруттардаыңғайлы ететінін атап өтті.Интернеттің қосылу жылдамдығы 50-100 Мб/с болды, бұл интернетті ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ торренттер мен ағындық жүктеулерге қол жетімділік шектеулі болады.Айта кетейік, аталмыш жоба № 3/4 «Астана-Алматы» пойызының бір құрамында іске асырылды және пилоттық кезең сәтті аяқталғаннан кейін басқа бағыттарға кеңейтілетін болады, бұл «ҚТЖ» АҚ Ұлттық тасымалдаушысының заманауи технологияларды енгізу және сервис сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытына сәйкес келеді.Eutelsat-OneWebспутниктікжелілерінбасқаруОрталығы«Көктерек» ОКЖ-де орналасқан және тек Қазақстандығанаемес, бүкілОрталықАзияөңірінқамтудықамтамасыз етеді.Интернетті қосу жобасын Қазақстандағы OneWeb ресми серіктесі «Jusan Mobile» компаниясы іске асыруда. Eutelsat-OneWeb авиацияда, теңіз тасымалында және корпоративтік секторларда белсенді қолданылады, бұл оның әмбебаптығы мен сенімділігін көрсетеді. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/925038

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 01.02.2025
Жеңіл атлетика: Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясы аясында өткен Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде отандастарымыз екі қола жүлде жеңіп алды. Универсиада-2025: Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының студенттері 14 медаль (3 алтын,4 күміс, 7 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды. Фристайл-могул: Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер күресі: Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқанИван Ярыгин мемориалында біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Жағажай волейболы: Шри-Ланкадағы Негомбо қаласында мәресіне жеткен жағажай волейболынан орталық Азия аумағының чемпионатында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы топ жарса, ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад жұбы қола жүлдегер атанды. Каратэ: Франция астанасы Парижде аяқталған WKF каратэденПремьер-лига 1 санатындағы жарыста біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Конькимен жүгіру: Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина мен Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі. Теннис: Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде үздік шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924878

27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 27.01.2025
🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарысҚазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS)Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.🔹27 қаңтар – 2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогіБұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.🔹28 қаңтар – 6 ақпан – Семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.🔹30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогіҚазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Польша, Щирк қ.🔹1 ақпан – 10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыӘлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.🔹1 – 3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатыЕл біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).Өтетін орны: Алматы қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924656

Бала құқығын қорғау! 25.01.2025
2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру объектілерінің басшыларына жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаментері өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- экстремизм және терроризм желісі бойынша ұғымдық аппарат;- саяси, ұлттық және діни экстремизмді насихаттау белгілері бар аудио-, бейнематериалдардың үлгілері;- экстремизм мен терроризмнің алдын алуда қолдануға ұсынылатын танымал теологтар мен тарихшылардың аккаунттары;- кәмелетке толмағандар жасаған зорлық-зомбылық әрекеттерінің мысалдары;- жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру қойылатын талаптар;- жалған ақпарат әдістері, оның ішінде жасанды интеллектті қолдану. Жалған ақпарат орналастыру, тарату үшін жауапкершілік;- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/924565

Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді 25.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларын әзірлеуге және туризм, спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып келеді.Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру. Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі.Ондағы негізгі өзгерістер:Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924150

IX қысқы Азия ойындарының медалі – «Жарыс рухы» 25.01.2025
2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Харбинде өтетін ойындарда табысталатын медаль ерекше дизайнмен таңқалдырады.Медаль ерекшеліктері:Алдыңғы жағында – жарыс жолының иілген пішіні мен Азия ойындарының эмблемасы.Артқы жағында – Ябулидің тау-ормандары және Азия Олимпиада кеңесінің күн бейнесіндегі логотипі бейнеленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924355

Туризмді цифрландыру және туристік ағындарды есепке алуды жетілдіру бойынша кеңес 25.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевтың төрағалығымен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы алаңында туристерді есепке алу және туризм саласын цифрландыру әдістемелерін жетілдіру бойынша жұмыс кездесуі өтті.Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитеті комитетінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, ҚР Ұлттық банкінің, «Атамекен» ҰКП және Kazakh Tourism ҰК АҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында мемлекеттік ұйым өкілдері абоненттер туралы деректерді ұялы байланыс операторларынан алу мүмкіндігін ұсынды. Яғни, аталған деректер негізінде туристердің белгілі бір қызметтерді алу кезінде өзара іс-қимылын неғұрлым егжей-тегжейлі қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ отырыста Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің төлем карталары бойынша деректерді ұсынудағы рөлі, шетелдіктерге қатысты көші-қонды бақылау мәселелері, eQonaq жүйесінің туристік ағынды жинау және есепке алу мүмкіндіктері талқыланды.Кездесудің соңында шетелдік қонақтар туралы деректерді жинау жүйесін жақсарту мен оңтайландыру, туристік ағынды талдау құралдары, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924376
Цифрландыру министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Спорттық бағдарламалау федерациясы мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізеді 25.01.2025
Цифрландыру министрлігінде маңызды кездесу өтті. Оған Цифрландыру министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаұлы Бейсембаев және Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Батырбекұлы Мусин қатысты. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамыту бойынша шаралар талқыланды.Кездесудің негізгі оқиғасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл құжат еліміздегі жасанды интеллект бойынша білім берудің жаңа кезеңін бастауға негіз қалады. Осы келісімнің маңызды нәтижесі ретінде мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізуді шешті.Олимпиада жасанды интеллект және оған жақын салаларға (спортивтік бағдарламалау, математика, деректерді талдау) қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, қолдауға, сондай-ақ оқушыларды Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына дайындауға бағытталған.«Бұл шараны біз болашақ қоғамды құруға деген ұмтылысымызды білдіретін "Generative Nation" бастамасы аясында ұйымдастырып отырмыз. Мемлекет ретінде біз жас таланттарымызды қолдауға және олардың идеяларын іске асыруға жағдай жасауға қуаныштымыз. Спорттық бағдарламалау – бұл тек интеллектуалдық жарыс емес, ол ойлау мен табандылық мектебі. Мұнда жас мамандар күрделі тапсырмаларды еңсере отырып, шынайы өмірдің қиындықтарына дайындалады. Алғашқы республикалық мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасы – талантты оқушылар үшін бағдарламалау, математика және деректерді талдау салаларында өзін-өзі көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін дамыту мен халықаралық жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.«Қазақстан бүгінгі таңда білім беру үдерісіне озық технологияларды батыл енгізіп, уақытпен бірге ілесіп келеді. AI Olymp олимпиадасын өткізу – дарынды оқушыларымыздың әлеуетін ашуға және жаңа буын жоғары білікті мамандарды дайындауға стратегиялық қадам. Біздің жастар өздерін қолдауды сезінуі маңызды», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Олимпиада көктемде екі кезеңде өтеді. Елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бағдарламалау, математика және классикалық машиналық оқыту тапсырмаларын шешетін онлайн іріктеу кезеңіне қатыса алады. Ең үздік 30-40 қатысушы машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді талдау және жасанды интеллект концепцияларымен байланысты практикалық тапсырмаларды шешетін финалдық кезеңге шақырылады.Ең жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушылар 2025 жылдың 2-9 тамызында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI) Қазақстан құрамасының құрамын анықтау үшін арнайы дайындықтан өту мүмкіндігіне ие болады.«Еліміздің спорттық бағдарламалау құрамасына қатысу – тек бедел ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби өсудің бірегей мүмкіндігі. Спорттық бағдарламалау қазіргі IT нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытады: күрделі мәселелерді тез әрі тиімді шешу, алгоритмдік ойлау және қысым жағдайында жұмыс істеу қабілеті. Сонымен қатар, бұл IT экожүйесінің бір бөлігі болу, еліміздің болашағын қалыптастыру және әлемдегі үздік университеттер мен компаниялардың есігін ашу мүмкіндігі», – деп атап өтті Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924436

Digital Almaty 2025 әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам қатысушы жинайды 25.01.2025
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы Digital Almaty 2025 туралы баспасөз конференциясы өтті. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов атап өткендей, жылдың ең ірі цифрлық оқиғасы – Digital Almaty 2025 VII халықаралық форумының басталуына бір апта қалды.Digital Almaty 2025 өнеркәсіптегі серпінді өзгерістерге және ai жаһандық индустрияның болашағына әсеріне арналған. AI технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі драйверіне айналуда. Екі күндік цифрлық іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде."Digital Almaty 2025 форумы – BigTech компанияларын халықаралық ЖИ орталығына тарту үшін тамаша алаң. Ол жыл сайын өткізіледі, бұл қазірдің өзінде жетінші Digital Almaty. Digital Almaty 2025 жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды", - деді Ғиззат Байтұрсынов.Digital Almaty-ге жеке қатыса алмағандардың барлығына алғаш рет бірегей виртуалды көрме ұсынылады. Көрмеге сілтеме форумның ресми сайтында орналастырылады almatydigital.kz.VII Digital Almaty AI-ны өнеркәсіптік экожүйелерге, экономика мен қаржыға, ESG, медицина, білім беру және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. инновациялық технологиялар» Автономды кластерлік қорының Басқарушы директоры Дания Ахметова форум бағдарламасының мәліметтерімен бөлісті.Форум аясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. Биыл форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары жиналады. Кейін дәстүрлі Digital Awards 2025 сыйлығы беріледі."Форумда Astana Hub - AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, сондай-ақ first Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда үздік 24 мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін жарысады. Форумның басты оқиғаларының бірі Industry AI Battle болады — AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар шайқасы. Қатысушылар форум серіктестерінің гранттарымен қатар $60 000 жүлде қоры үшін жарысады", - деді Дания Ахметова. Дәстүрлі стартаптар аллеясы 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады, бұл мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялар туралы білуге мүмкіндік береді. "Индустрия X" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда іске асырылған табысты жобаларды ұсынады. АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Ираннан келген отандық жер қойнауын пайдаланушылар мен технопарктер панельдік сессиялар аясында Жасанды интеллект өндірістік процестерде қалай қолданылатынын айтып береді.Биыл форумға Ричард Стирлинг (CEO Oxford Insights), Эндрю Ын (DeepLearning.AI негізін қалаушы), Ян Лекун (Тьюринг сыйлығының лауреаты), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас атқарушы директоры), Тодзю Дюк (Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры), Ник Давыдов (венчурлық инвестор, DVC қорының негізін қалаушы және серіктесі), Йорам Вийнгаарде (Dealroom компаниясының негізін қалаушы және CEO), сондай-ақ IT және технологиялар саласындағы басқа да жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" Дербес кластерлік қоры.Форум 2025 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанына дейін Атакент көрме кешенінің алаңында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924448

Нұрдәулет Қилыбай ауыл мәртебесін көтеру мақсатында “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды 25.01.2025
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі ауыл әкімдіктерінің жұмыс сапасын арттырып, аймақ халқының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында “Ең үздік ауылды” анықтап, “Үздік ауыл әкімдігі” рейтингін өткізуді тапсырды.-Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында облысымыздағы ауыл әкімдіктері арасында байқау жариялауды жөн санадық. Негізгі мақсат - ауыл мәртебесін көтеру, жағдайын ілгерілету, экономикасын дамыту, ауыл әкімдері мен қызметкерлерін жігерлендіру, дербестігін және жауапкершілігін арттыру, - деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.“Үздік ауыл” жобасы ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы (газ, су, тоқ, интернет, қоқыс),қаржылық тұрақтылық, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығының өркендеуі, жұмыспен қамтылған халық саны, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік сала көрсеткіштері, ауылдағы мектеп түлектерінің ҰБТ нәтижесі негізінде қорытындыланады.Үздіктерді мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия анықтайды. Байқау жылдың соңында қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.Өңірде алғаш рет бастау алатын жоба жыл сайын өткізілмек. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 46 елді мекен бар.Көрсеткіштері жоғары үздік ауыл әкімдері мен әкімдіктерге:- 1 орынға - коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және әкімшілік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 6 лауазымдық жалақымен марапатталады, ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі;- 2 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 4 лауазымдық жалақымен марапатталады;- 3 орынға - әкімдік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 2 лауазымдық жалақымен марапатталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/924008

ШҚО әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды 25.01.2025
Ерлан Текешов ШҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бүгін облыс активіне жаңа аппарат басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.Ерлан Хасенұлы Текешов - Шығыс Қазақстанның тумасы. Ол Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.Ол әр жылдары геолог, Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Іс басқармасы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметтерін атқарды.Сондай-ақ Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, құрылыс бөлімін басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды. Ерлан Текешов Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС-нің бас директоры қызметтерінде жұмыс істеген.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/924018

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 25.01.2025
Цифрлық даму министрлігі Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие екенін хабарлайды.Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді.Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде хабарланатын болады.Айта кету керек, бұл ақаулар «ҰАТ» АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/924028