Спорт

Құрметті Марқакөл ауданының тұрғындары! 09.02.2025
2025 жылғы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаев жеке мәселелер бойынша көшпелі қабылдау өткізетін болады.Қабылдау орны, уақыты: Марқакөл ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылы (мектеп ғимараты).Қабылдауға алдын ала жазылу 2025 жылғы 4 ақпанда сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.Тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен-жайы, ЖСН, байланыс телефоны, мәселенің мәнін көрсету міндетті.Анықтама телефоны: 8 (7232) 71-31-49, +77051407031.Қабылдау күні қолыңызда жеке басын куәландыратын құжат болуы керек. Үшінші тұлғаның мүдделері ұсынылған жағдайда - өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/930287

Үкімет отырысы: Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы жолы толығымен жөнделеді 09.02.2025
Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында 2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде 9,5 мың шақырымы қажетті қаражатпен қамтамасыз етіліп, қалған бөлігін қаржыландыру мәселесі пысықталуда.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2029 жылға дейін бірінші және екінші санатқа ауыстырып, 3 мың шақырым жолды қайта жаңғырту жоспарлануда. Бұл сала мен ел экономикасының дамуына тың серпін береді.30-50 жыл жөндеу көрмеген жолдар, Петропавл – Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – гр. Түрікменстан (156 км), Қарағанды - Аягөз - Бугаз (452 км) толық жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/930444

AI мен робототехниканы біріктіру саласындағы көшбасшы AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар өндірісі мен AI шешімдерін енгізу кәсіпорнын құрады 09.02.2025
Ниет туралы келісімге Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, AgiBot, ewpartners, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ компанияларының басшылығы арасында Digital Almaty 2025 жыл сайынғы форумында қол қойылды. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар мен жасанды интеллект шешімдерін өндіру және енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
2023 жылдың ақпанында негізі қаланған AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндірумен айналысады. AgiBot жасанды интеллект пен робототехника саласындағы технологияларды белсенді дамытып, роботтарды өнеркәсіптен бастап тұрмыстық міндеттерге дейін кең ауқымды қолдану үшін әзірлейді. 2024 жылдың желтоқсанында Шанхайдағы AgiBot кәсіпорнында шығарылған роботтардың саны 1000 бірлікке жетті.
Айта кеткен жөн, Қазақстан өңірдегі алғашқы өндіріс локализациясы және әрі қарайғы әзірлемелерді экспорттау елі ретінде қарастырылуда. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, роботтар мен роботтандырылған жүйелерді оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосады деп күтілуде.
«AgiBot сияқты озық компаниямен серіктестік – робот жасау саласын дамыту тарихындағы маңызды кезең. Әсіресе, біздің әріптестігіміз Қазақстан аумағында роботтар өндірісін локализациялауды көздейтінін ерекше атап өткім келеді. Бұл бізге машина жасау саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірінде кәсіпорын ашумен қатар, сараптамалық тәжірибені арттыруға және робототехника саласындағы отандық құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Бірлескен бастамаларды қаржыландыруға ewpartners жеке инвестициялық қоры және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысады деп жоспарлануда.
Жақын арада Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығында AgiBot роботтарының тәжірибелік үлгілерін көрсететін көрме мен бірлескен ҒЗТКЖ (R&D) орталығы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, компания қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнатып, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу және студенттерді робот жинауға оқыту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Анықтама:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорлары қоры. Негізгі миссиясы – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында тікелей инвестициялар мен венчурлік қаржыландыру инфрақұрылымын дамыту. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.
ewpartners – Таяу Шығыс елдерінің ірі егеменді қорлары және халықаралық қаржы инвесторлары қолдайтын жеке инвестициялық компания. Компания Қытайдың жетекші өнеркәсіптік көшбасшыларымен трансшекаралық серіктестіктерді құру мен қаржыландыруға маманданған, сондай-ақ технологияға негізделген жаһандық интеграцияланған экожүйелерді бірлесіп құрумен айналысады, бұл ретте өз инвесторлары үшін жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929582
VII Digital Almaty халықаралық форумы жеңімпаздарды салтанатты марапаттаумен аяқталды 09.02.2025
Алматыда VII Digital Almaty халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады. Шешуші күннің басты оқиғасы инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы беделді конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Асыға күткен іс-шаралардың бірі — стартаптарға Қазақстанның ірі кәсіпорындарына өз шешімдерін ұсынуға, пилоттық жобаларды іске қосуға, инвесторлардың назарын аударуға және маңызды іскерлік байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік беретін — Industrial AI Battle байқауы өтті. 200 өтінімнің ішінен финалға жасанды интеллект саласындағы үздік 15 стартап шықты. Жобаларды қазылар алқасының кәсіби мүшелері, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлік инвесторлар, трекерлер және индустрия көшбасшылары бағалады.
Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
"Most disruptive" — epsilon3ai, жүлде — 15 000$;
"Best scale ability" — Finflow, жүлде — 15 000$;
"Best ROI potential" — arlan biotech, жүлде – 15 000$;
"Best sustainability impact" — Qala AI, жүлде — 15 000$.
Оған қоса финалистер арасында серіктестерден арнайы сыйлықтар таратылды:
10 млн теңгеге бұлтты сервистер, 1 млн теңгеге жарнамалық кампаниялар, Yandex компаниясынан жылына 2,5 млн теңгеге дейінгі Яндекс карталарының API платформасындағы сұраныстар. Жеңімпаз — Qala AI.
2025 жылғы ресейлік венчурлық форумға билеттер, іскерлік бағдарламаға қосылу, питч-шоуға қатысу, Innopolis форумының бірінші күні жабық кешкі бөліміне кіру. Жеңімпаз — Horus mine.
1 жылдық хабтағы өкілеттік және АҚШ нарығына шығуды қолдау қызметтерін алу, Silkroad хабының барлық инфрақұрылымына қолжетімдік. Жеңімпаз — Finflow.
Vk cloud-тан 10 млн теңгеге бұлтты сервистерге жазылу. Жеңімпаз — Chrome AI.
Smartpoint жұмыс орындары. Жеңімпаздар — Onco Zero AI & Pleep.
"Қазақтелекомның" сыйы — стартапты дамытуға 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық. Жеңімпаз — Pleep.
Тағы бір маңызды оқиға балалар арасындағы Робототехника чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау болды. Қазақстанның үздік төрт командасы халықаралық жарыстарда ел атынан қатысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ 2 миллион теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматыдан келген Sana БИЛ командасы жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге көлемінде бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды Алматы қаласының №208 мектебінен Point командасы иеленіп, 500 000 теңге жүлде қорын алды. Үшінші орынды және 300 000 теңге көлеміндегі жүлдені Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы иеленген. Төртінші орынды Қарағанды қаласының "Мұрагер" мектебінен Jeltoqsun командасы алып, 200 000 теңге жүлдеге ие болды.
Чемпионатты USTEM Foundation ұйымдастырды. Оның қолдауымен қазақстандық командалар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) жеңіске жетіп, FIRST Global Challenge үш дүркін чемпионы атанды.
Сонымен қатар, "Digital Almaty Multi-Drone Championship" (MDC) шеңберінде өткен дрон-футболдан чемпионат қорытындыланды. Турнир толықтай FIDA (халықаралық дрон-футбол федерациясы) қолдауымен өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен FIDA халықаралық турнирлеріне қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.
Жеңімпаздар:
1-орын — Skyzone X4Pro;
2-орын — Radiomaster Boxer ELRS;
3-орын — BetaFPV Air65 Freestyle.
VII Digital Almaty халықаралық форумы үздік мамандарды, стартапшылар мен инвесторлардың басын қосатын технологиялар әлеміндегі басты алаң ретінде тағы да мәртебесін үстем етті. Келер жылы форумда кездескенше!
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929689

«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» жобасын іске асыру туралы 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» (ҰКДИ) жобасын іске асыруды аяқтады.ҰКДИ – цифрлық экономиканы, геокеңістіктік қызметтерді және ГАЖ, BIM, Smart City, пилотсыз көлік, VR/AR, дәл егіншілік сияқты инновациялық технологияларды дамытудағы маңызды қадам.Жоба аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректердің цифрлық трансформациясы саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.Жобаның негізгі жетістіктері:Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер жаңғыртылды.Қазіргі заманғы мемлекеттік координаттар жүйесі – QazTRF-23 (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі) енгізілді. Бұл жүйе CORS тұрақты жұмыс істейтін референцтік станциялар желісімен бекітілді (1942 жылғы координаттар жүйесінің орнына).Координаттар жүйелері арасындағы трансформация параметрлері (қайта есептеу кілттері, деформация матрицасы) әзірленді.QazTRF-23 негізінде Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз (БЦКН) құрылды, оған келесі кіреді:Республика аумағының 1:25 000, 1:100 000 масштабтағы карталары.Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2 000 масштабтағы жоспарлары.QazTRF-23 негізінде Бірыңғай ортофотомозаика жасалды, оған келесі кіреді:Республика аумағының 1:25 000 масштабтағы аэроғарыштық түсірілім материалдары.Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2000 масштабтағы аэрофототүсірілім материалдары.«Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету» (ggo.gov.kz) ақпараттық жүйесі құрылды, ол CORS желісін басқаруды, QazTRF-23 тарату мен қызметтерді автоматтандыруды, тұрақты референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желіге қосу процестерін, геодезиялық пункттердің жағдайы туралы кері байланысты қамтамасыз етеді. ҒНСЖ-қабылдағыштарға нақты уақыт режимінде (RTK) координаттарды түзету үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Сондай-ақ, жүйеде QazTRF-23-тегі геоедезиялық пункттердің координаттар каталогы жарияланған.«ҰКДИ мемлекеттік геопорталы» ақпараттық жүйесі (map.gov.kz) құрылып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл бірегей цифрлық картографиялық платформа, онда БЦКН, республиканың барлық аумағының, қалалар мен аудан орталықтарының бірыңғай ортофотомозаикасы жарияланған, сондай-ақ платформа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың (әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары, СҚАЖ, көліктік инфрақұрылым және т.б.) кеңістіктік деректерге, ақпараттық жүйелерге, геопорталдарға, геосервистерге және олардың мета деректеріне сілтемені қамтиды. «ҰКДИ мемлекеттік геопорталы» АЖ-де «Өз картаңды жасау» құралы арқылы пайдаланушылар әртүрлі деректерді жинақтап, кешенді талдау жүргізе алады.Барлық картографиялық материалдар мен кеңістіктік деректер ҰКДИ мемлекеттік геопорталында жарияланған және цифрлық форматта қолжетімді.Онлайн картографиялық сервис ҰКДИ картографиялық материалдарды жүктеуге мүмкіндік береді, осылайша қазақстандық стартаптар, картографиялық және IT-компаниялар үшін Google Maps, Yandex такси, 2ГАЖ анықтамалығы сияқты сервистерді әзірлеп, бизнес пен азаматтарға ұсынуға жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929954

Нұрдәулет Қилыбай Түркияның ірі “YDA Holding” компаниясының өкілімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты 09.02.2025
Бүгін, 31 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түркияның ірі “ YDA Holding” компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі, “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Хамди Гювенчпен кездесті.
Басқосуда Маңғыстаудан 100 студентті Түркияға туризм бағыты бойынша тегін тағылымдамадан өткізу, онколог мамандарды біліктілігін арттыру курстарына жіберу, “Ақтау - Абу-Даби” әуе рейсін ашу және Маңғыстаудың туристік әлеуетін дамыту жөніндегі бастамалар қарастырылды.
Өз кезегінде Хамди Гювенч Маңғыстау облысының туристік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Ол тағылымдамадан өтетін студенттер мен біліктілігін арттыруға баратын мамандарды Түркия тарапы тегін оқытатынын атап өтті.
Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай мен Түркия елінің өкілі ұсынылған бастамаларды жүзеге асыру бағытында бірлескен жұмыс жүргізуге уағдаласты.
- 100 студенттің қатарына мұғалімдерді де қосқымыз келеді. Тәжірибе алмасып, туризм саласы бойынша жаңа бағытта оқыту үрдісін ұйымдастыру қажет. Ал дәрігерлерден онкологтарды жібереміз. Сондай-ақ Маңғыстау – туризмді дамытуға зор мүмкіндігі бар аймақ. Біздің мақсатымыз – осы әлеуетті толық пайдалану. Бұл ретте халықаралық серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыру аса маңызды, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/929517

Қысқы Азия ойындарындағы ірі жеңіс 09.02.2025
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/930224

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 4 ақпан (сейсенбі) 09.02.2025
Керлинг (Harbin Pingfang Curling Arena)
Уақыты
Дисциплина
Спортшының аты-жөні
Ойын
Ойын кезеңі
07:00
Аралас жұп
А.Нәдірбаев
А.Сейітжанова
Қазақстан – Қытай
В тобы
Шайбалы хоккей (Harbin Ice Hockey Arena)
Уақыты
Дисциплина
Ойын
Ойын кезеңі
13:00
Ерлер
Тайланд – Қазақстан
А тобы
Шайбалы хоккей (Harbin Sport University Student Skating Hall)
Уақыты
Дисциплина
Ойын
Ойын кезеңі
16:30
Әйелдер
Қазақстан – Тайланд
В тобы
Тікелей эфир: Qazsport Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/930239

Жалпы себеп 09.02.2025
2025 жылдың 31 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшыларына және терроризмге қарсы комиссиялардың хатшыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Қауіпсіздік және қауіпсіздік комитетінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Қауіпсіздік кодексінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы жол картасын іске асыру жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық мәселелері түсіндірілді -2026.Сонымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпараттар берілді:- экстремизм және терроризм саласындағы концептуалды аппараттар;- саяси, ұлттық және діни экстремизмді насихаттау белгілері бар аудио-бейнематериалдар үлгілері;- танымал теологтар мен тарихшылардың экстремизм және экстремизм әрекеттерінің алдын алуда қолдануға ұсынылған есептері; - жеке тұлғаның меншігіндегі заттарды жеке тінтуге және тінтуге қойылатын талаптар;- жалған ақпарат беру әдістері, оның ішінде жасанды интеллект қолдану. Жалған мәліметтерді орналастырғаны және таратқаны үшін жауапкершілік;- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген, әкелуге тыйым салынған, білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында қолданылуы шектелген заттар мен заттардың тізбесі; террористік қауіптердің салдарын азайту және жою мақсатында кезекші қызметтерді хабардар еткенім үшін мені;- терроризм актісін болдырмауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақыны белгілеу және төлеу ережелері.Білім беру мекемелерінің басшылары өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/929437

Өскеменде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында студенттермен кездесу өтті 09.02.2025
2025 жылдың 3 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған студенттер жиыны ұйымдастырылды. Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде өтіп, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылық танытқан білім алушылардың басын қосты.«Қоғамды экологиялық дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Танир Ясса жастардың экологиялық санасын жаңғыртып, табиғатты қорғауға шақырудың маңызын түсіндірді. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» акциясы мен облыстағы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын жобаларға арналған фильм көрсетілді.Іс-шара студенттердің экологиялық түсінігін қалыптастыруда зор үлес қосты. Жиынға қатысушылар түрлі акцияларға белсенді қатысып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.Ал ұйымдастырушылар мұндай шаралар экологиялық білімді арттырып қана қоймай, жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/929763

ШҚО-дағы мектеп оқушыларын психологиялық қолдау: балалар қауіпсіздігі назарға алынды 09.02.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев білім басқармасы мен ювеналдық полиция өкілдері, психологтар, ШҚО бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен кеңес өткізді.Жиын барысында балаларды буллингтен қорғау жолдары талқыланып, оларды құрдастарымен кикілжіңнен аулақ болуға, әлеуметтік желідегі контентті сүзгіден өткізуге үйрету мәселелері көтерілді.Аймақ басшысы атап өткендей, мектеп психологтарының жұмысын сараптап, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлін күшейту маңызды. Сондай-ақ ата-аналарға бала бойындағы өзгерістерді бірден байқап, көмекке жүгіну құралдарын әзірлеу қажет. Оқушыларға психологиялық қолдаудың қолжетімділігі туралы ақпарат беріп, олардың өмірге деген көзқарасын жақсартуға үлес қосқан жөн..Сондай-ақ жиын барысында облыстағы жастардың түрлі салада жетістіктерге жетіп жатқаны туралы мысалдар келтірілді. Мұндай жоғары нәтижелер мектеп оқушыларына шабыт беріп, алға жылжуға жігерлендіреді. Мамандар балалар арасындағы келіспеушіліктердің шешімі бар екенін де атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/930073

ШҚО-да жылу энергетикасындағы инновациялар талқыланды 09.02.2025
ШҚО әкімі Ермек Көшербаева энергетика саласының ардагері Виктор Недовесовпен және С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Анатолий Чурсинмен кездесті.
Қатысушылар Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды, сондай-ақ атмосфералық ауадағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы және шығарындылар көлемін құру мүмкіндігін талқылады.
Талқыланған маңызды тақырыптың бірі - шағын қазандықтардың жұмысына жаңа технологияларды енгізу. Атап айтқанда, отынды қайнаған қабатта жағу. Бұл тиімді химиялық реакция мен жылу өткізуге мүмкіндік береді.
— Алдағы уақытта жеке секторда блокты-модульдік қазандықтарды орнатып, халықты жылумен қамтамасыз ете аламыз. Бұл сапасыз отынның зиянды шығарындыларын азайтуға, жеке үйлерді жылумен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге оң ықпал етеді, - деді Ермек Көшербаев.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта қазандықтардың бірінде жаңа технологиялар сынақтан өтетінін атап өтті. Сонымен қатар Виктор Недовесов пен Анатолий Чурсин облыстың экологиялық-географиялық атласын ұсынды. Облыс әкімі цифрландыру және архивтер басқармасына оны цифрлық форматқа көшіріп, тек облыс тұрғындарына ғана емес, экологиялық жағдайға қызығушылық танытқан кез келген адамға қолжетімді етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/930123

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 09.02.2025
Фристайл-могул: Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды.Конькимен жүгіру: Италияның Коллальбо қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Алина Дауранова үш жүлде жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын жүлдеге ие болса, 500 метр қашықтықта күміс медаль иеленді.Тау шаңғысы: Италияның Альпе Чермис-Кавалезе курортында өткен жасөспірімдер арасындағы FIS турнирінде Александра Скороходова 2-орыннан көрінді.Үстел теннисі: Қатар астанасы Дохадағы WTT Youth Contender Doha турнирінде Назерке Болатбек сәтті өнер көрсетіп, 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.Теннис: Дэвис кубогі аясындағы плей-офф кезеңінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының теннисшілері Пәкістанды жеңді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929561

3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 09.02.2025
🔹3-9 ақпан – бокстан халықаралық Boxam Elite Tournament турниріҰлттық құрама сапынан 13 боксшы өнер көрсетеді.📌Өтетін орны: Испания, Аликанте қ.🔹3-9 ақпан – пара биатлоннан әлем чемпионатыЖаһандық додаға отандық 7 параспортшы қатысады.📌Өтетін орны: Словения, Поклюка қ.🔹5-9 ақпан – жасөспірімдер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионатыЖарысқа 15 өңірден 100-ден астам спортшы қатысады.📌Өтетін орны: Түркістан қ.🤺 6-8 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, ерлер)Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан 9 спортшы бақ сынайды.📌Өтетін орны: Германия, Хайденхайм қ.🔹6-13 ақпан – пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясыЕл құрамасынан 3 параспортшы сынға түседі.📌Өтетін орны: БАӘ, Дубай қаласы.⛸️7-9 ақпан – шорт-тректен әлемдік тур кезеңіЖарысқа 4 спортшымыз қатысады.📌Өтетін орны: Нидерланды, Тилбург қ.🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)Үш отандасымыз жүлдеге таласады.📌Өтетін орны: Испания, Барселона қ.🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Гран-При турниріЖарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.📌Өтетін орны: Италия, Турин қ.🚵♂️ 7-16 ақпан – тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатыСары құрлық додасынан ел намысын 15 спортшы қорғайды.📌Өтетін орны: Таиланд, Фитсанулок қ.🏹 8-15 ақпан – Жамбы атудан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіЖарысқа 7 елден (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан) 28-ге жуық спортшы қатысады.📌Өтетін орны: Пәкістан, Исламабад қ.🏹 9-22 ақпан – нысана көздеуден Азия кубогіЕл құрамасынан 16 спортшы бақ сынайды.📌Өтетін орны: Таиланд, Бангкок қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929360

Еркебұлан Ілиясов Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болып сайланды 09.02.2025
Бүгін - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.Жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында кеңінен есеп беріп, қорытындылады. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды.Жаңадан сайланған президент Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Біздің анықтама: Еркебұлан Сайдуллаұлы Ильясов – Alageum Electric КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы жамбы ату, арқан тартыс федерацияларының президенті және «Ұлттық спорт қоры» ұлттық спорт түрлерін қолдау қорының негізін қалаушы, құрылтайшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929314

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды 09.02.2025
Жезқазғанда бес дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нeриев қатысты.Аталған филиал еліміздегі ең үлкен академия атанып отыр. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Мұнда облыстың 5-18 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас шахматшы білім алады.«Ұлт ұясы – Ұлытауда сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Барлығыңызды академияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы спорт саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде спортшыларымыз әлемдік додаларда әрқашан биіктен көрініп келеді. Шахматта біздің спортшылар әлемдік додаларда өте жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Елімізде 8 мыңнан астам шахмат үйірмелері жұмыс істейді. 270 мыңнан астам бала шахматпен айналысады. Жансаяның өзі халықаралық гроссмейстер. Әлемдік аренада топ жарып, өзінің спорттағы жолынан бөлек, балаларды спортқа баулып, оларға жол ашып жатыр. Келешекте осындай академиялардан әлемдік додаларды бағындыратын спортшылардың өсіп шығатынына сенімдімін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірімізден танымал шахматшылар мен ел чемпиондары шығып, Ұлытау облысын тек республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада да таныстыратынына сенім білдірді.Жезқазғандағы шахмат академиясы Қазақмыс корпорациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында салынған. Бұл елімізде спорт пен білім беруді дамыту үшін бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасында ынтымақтастықтың маңызды екенін көрсетеді.Сонымен қатар, академияның ашылуы аясында KAZAKHMYS YOUTH TEAM CHESS CUP атты алғашқы халықаралық балалар командалық турнирі ұйымдастырылды. Бұл жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929341

IT-сарапшы: Біздің өңірден келесі стартап-юникорнды қыздар жасайды 09.02.2025
Digital Almaty-2025 форумында өткен "AI-стартаптар нарығы: өсу әлеуеті және инвестициялық стратегиялар" панельдік сессиясы шеңберінде спикерлер венчурлық капиталдар мен мемлекеттік субсидияларды тарту тетіктерін, сондай-ақ AI-стартаптарды дамытудағы технопарктер мен акселераторлар рөлін талқылады. Пікірталаста инвестициялар үшін жаңа кеңістік ашатын және стартаптар үшін инновациялық инфрақұрылым құратын ұлттық AI-экожүйені трансформациялауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар технопарктердің, акселераторлардың және венчурлық қорлардың AI-бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырудағы маңызын, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау және Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.Silkroad Innovation Hub (АҚШ) негізін қалаушысы және бас директоры Әсет Әбдуалиев 40 миллион доллардан астам инвестиция тартқан 19 стартапты өзінің қоры инвестициялағанын атап өтті. "Біз отандастарымыздың америкалық венчурлық инвесторлардың назарын аударатын табысты AI стартаптарын құрып жатқанын мақтан тұтамыз. Мысалы, Alma – біз ерекше мақтан тұтатын стартап. Оның негізін қалаушылар – Қазақстан мен Қырғызстаннан келген екі қыз, Әсел мен Айзада. Олар 6 миллион доллар көлемінде венчурлық инвестиция тартты және қазір бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде шамамен 700-800 мың доллар табыс табады. Бізден келесі стартап-юникорнды қыздар құратынына сенімдімін. Біздің өңірде тәжірибелі де білімді әйелдер бар және біз оған куә болып отырмыз", — деп атап өтті ол.Astana Hub Ventures Ltd. аппаратының басшысы Назгүл Байтемирова Гарвард бизнес мектебінің зерттеулеріне сілтеме жасады. Оған сәйкес стартаптардың тек 0,5%-ы венчурлық инвестиция алса, IPO-ға кіретіндердің 50%-ы венчурлық қорлардан қаражат жинады. Жалпы алғанда, айтарлықтай жетістікке жеткен стартаптардың 89%-ы қалай болса да венчурлық инвестицияларға ие болды. Қазақстанда AI-стартаптарды қолдау үшін $1 млрд нысаналы көлемде венчурлік инвестициялар қорларының қоры құрылды, оның бастапқы капиталы қазірдің өзінде $130 млн құрайды. 2024 жылы Қазақстан, Орталық Азия және шет елдердің стартаптарын қолдауға бағытталған Astana Hub Ventures қоры іске қосылды."Qazaqstan Venture Group қорларының қоры венчурлік қорларға, AI-стартаптарға және басқа да мүмкіндігі мол бағыттарға инвестициялар үшін стратегияларды әртараптандыра отырып, Қазақстандағы инновациялардың қуатты катализаторына айналады. Бұл венчурлық инновациялардың жаңа толқынына, тұрақты экожүйені қалыптастыруға және бүкіл ел бойынша технологиялық прогресс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етеді", — деп атап өтті Назгүл Байтемирова.Fuze компаниясының бас директоры Мұхаммед Әли Юсуф AI нарығының қарқынды өсуіне қатысты: "Нарық 20 есе өсті және күн сайын жаңа шешімдер шығып жатыр. AI барлық салаға енеді, ал блокчейн және криптоиндустриямен синергия мультипликативті әсер береді. Бүгін біз осы технологияларға инвестициялардың орасан зор өсімін көріп отырмыз: қазірдің өзінде AI, криптовалюта және қаржы қызметтері кіріккен жобаларға 150 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалды", - деді.Сондай-ақ талқылауға White Hill Capital, Tumar VC және Al-Farabi Innovation Hub бас директоры Аслан Сұлтанов, Antler венчурлық қорының серіктесі Адам Френч, MOST Ventures бас директоры және негізін қалаушысы Алим Хамитов қатысты. Модератор ретінде "QazInnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Санат Жолдыхан сөз сөйледі.31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929282
Цифрлық Алматы: геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің болашағы: революция ма, әлде сынақ па? 09.02.2025
Digital Almaty-2025 көрмесінде «Геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің болашағы: технологиялар, нарық және қиындықтар» панельдік сессиясы аясында жетекші жаһандық сарапшылар геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің (ГЕСБЖ) болашағы мен олардың цифрлық теңсіздікті жоюдағы рөлін талқылады. Технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде төмен орбиталық спутниктер интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін маңызды құралға айналуда. Алайда олардың кең ауқымды қолданылуы жиілік реттеу, орбиталық қауіпсіздік пен дәстүрлі геостационарлық спутниктік жүйелермен (ГСЖ) бәсекелестік сияқты жаңа қиындықтарды туындатып отыр.Спикерлердің айтуынша, ГЕСБЖ шалғай өңірлердегі байланысқа қолжетімділікті айтарлықтай арттырып, жоғары жылдамдық пен төмен кідірісті интернетті қамтамасыз ету арқылы оларды телекоммуникация, көлік, қорғаныс және төтенше жағдайлар салаларында таптырмас шешімге айналдырды.«Төмен орбиталық спутниктерді дамыту – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған іргелі қадам. Біз тек телеком-индустрияның дамуы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемнің ең шалғай аймақтарындағы білімге, медицинаға және бизнеске қолжетімділікті қамтамасыз ету жайында сөз қозғаймыз», — деп атап өтті Василий Леонов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.Сессия барысында спутниктік жүйелердің экологиялық орнықтылығы мәселесі де талқыланды. Бүгінде Жер орбитасында мыңдаған спутниктер жұмыс істеп тұр және олардың саны алдағы уақытта тек арта бермек. Сарапшылардың пікірінше, пайдаланылған спутниктерді утилизациялау мен орбитадан шығару жүйесі мұқият ойластырылмаса, ғарыштық қоқыстардың жинақталу қаупі артып, басқа орбиталық аппараттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.«Біз өте маңызды таңдау алдында тұрмыз: егер спутниктік топтарды бақылау шараларын қабылдамасақ, онда орбиталар хаосқа айналып, спутниктердің соқтығысу қаупі нақты проблемаға айналады», — деп атап өтті Локман Куцу, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті.Талқылау барысында сондай-ақ реттеу және халықаралық ынтымақтастық мәселелері көтерілді. SpaceX, Spacesail, Қытай және Еуропа жобалары сияқты ірі ойыншылар арасындағы жоғары бәсекелестік жағдайында орбиталар мен жиіліктерді тиімді үйлестіру барған сайын қиындап жатыр.«Біз бүгінде ғарышта ондаған оператордың жұмыс істейтінін және жиілік спектрінің шектеулі екенін ескеруіміз керек. Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар спутниктік жүйелердің өзара кедергісіз қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай ережелерді әзірлеуі қажет», — деп атап өтті Дмитрий Ветлугин, Орталық Азиядағы Eutelsat OneWeb компаниясының нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры.Тағы бір маңызды мәселе спутниктік интернетті коммерцияландыру болды. ГЕСБЖ дамушы елдерде жаңа перспективалы нарықтарды ашады, сондай-ақ авиация, теңіз көлігі, ауыл шаруашылығы және корпоративтік секторға арналған шешімдерді ұсынады.«Біз спутниктік интернеттің мобильді байланыс секілді баршаға қолжетімді болуына жақындап келеміз. Бірақ басты мәселе – бұл қызметтің техникалық жағынан ғана емес, сондай-ақ коммерциялық тұрғыдан да тұрақты болуы», — деп атап өтті Джи Ван, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті.Талқылауды қорытындылай келе, форум қатысушылары ГСЖ және ГЕСБЖ интеграциясы – саланың болашағы екенін атап өтті. Алдағы жылдары біз геостационарлық спутниктер кең өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін, ал төмен орбиталық жүйелер жеделдік пен кідіріссіз байланысты ұсынатын аралас шешімдердің дамуын көреміз.«Біз бір технологияның екіншісін алмастыруы туралы айтып отырған жоқпыз – спутниктік байланыстың болашағы олардың өзара толықтыруында жатыр», — деп түйіндеді Даурен Шайхин, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі.Талқылауға Василий Леонов (Қазақстан, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары), Локман Куцу (Түркия, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті), Джи Ван (Қытай, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті), Дмитрий Ветлугин (Орталық Азия, Eutelsat OneWeb нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры) және Даурен Шайхин (Қазақстан, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі) қатысты.31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929301
Цифрлық даму және коммуникациялар министрлігі мен байланыс операторлары телекоммуникация саласында AI қолдану мүмкіндігін талқылады 09.02.2025
Digital Almaty-2025 халықаралық форумы алаңында "Байланыстан интеллектке: телекоммуникация ЖИ индустриясының негізі ретінде" тақырыбында панельдік сессия өтті. Спикерлер телекоммуникация саласын реттеу, 5G-ге қосылу және инновациялық технологиялар мәселелерін талқылады.Министрлік еліміздің телекоммуникациялық байланысын жақсарту бойынша бірнеше бастамаларды іске асырып жатыр. Солардың бірі - "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы.Ұлттық жобада елді мекендерді, автожолдарды кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, атап айтқанда сымды инфрақұрылым мен сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік дата-хаб құру көзделген. 3010 ауылға дейін ТОБЖ төсеу, 1120 ауылда "соңғы миль" салу, автомобиль жолдары бойында 487 АМС салу және спутниктік технологиялардың көмегімен 504 АЕМ-де қоғамдық қолжетімділік нүктелерін орнату жүзеге асырылады.Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымын стратегиялық дамытуда жасанды интеллект (ЖИ) және қазіргі заманғы деректерді өңдеу орталықтары (ДҚО) шешуші рөл атқарады."ЖИ технологияларын қолдану өндірістік процестерді, денсаулық сақтау саласындағы қатерді бағалауды, төтенше жағдайларды болжауды және киберқауіпті алдын ала анықтауды қоса алғанда, күнделікті міндеттерді автоматтандыруға қабілетті. "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ сияқты ірі провайдерлер деректерді сақтау және өңдеу үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, деректер орталығы нарығының едәуір үлесін алады.ЖИ интеграциясы және қазіргі заманғы ДҚО дамыту процестерді автоматтандыруды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды және елдің цифрлық егемендігін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға ықпал етеді", - деп ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков атап өтті."Қазақтелеком" АҚ озық технологияларды пайдалана отырып, ауылды жерлерде тіркелген сымсыз интернетті қосу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр."Біз FWA-ны ауылды жерлерде орналастыруды бастадық, алдымен Алматы облысындағы ауылдарды қостық, қазір 200-ден астам үй интернет қызметтеріне қосылды. FWA FTTH-ге қарағанда 2 есе арзан. Әрине, FWA FTTH-ді толығымен алмастырмайды, бірақ халық тығыздығы төмен аймақтарда нақты жұмыс баламасы осы. FWA НҚА-ға енгізілгенге дейін реттегіштен кемшіліктер бар. Біз бұл мәселені ҚР телекоммуникация туралы жаңа Заңын әзірлеу жөніндегі стратегиялық сессияда көтердік, бірақ әзірге шешімі жоқ. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, өйткені реттеушілік қолдаусыз оны масштабтау қиынырақ болады", - деді "Қазақтелеком" АҚ Стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі Бас директоры Нұрлан Мейірманов.Өздеріңіз білетіндей, былтыр желтоқсан айында елімізде үлкен тілдік модель - KAZ-LLM іске қосылды. Жобаны құруға серіктестердің бірі Beeline Қазақстан цифрлық операторы қатысты."Біздің AI-мен тарихымыз 5 жыл бұрын басталды және бүгінде ол – дамуымыздың маңызды басымдықтарының бірі. Клиент тәжірибесін жақсарту үшін біз оны өз өнімдерімізге енгіземіз. Олардың тиімділігін арттыру үшін қызметкерлерімізді дайындаймыз. Кей жағдайларда бұл көрсеткіш 25-30%-ға дейін артады. AI – аса маңызды әлеуметтік құрал. Былтыр біз қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель KazLLM-ді әзірлеуге қатыстық. Мұндай модельдердің көпшілігі ең алдымен халықаралық тілдерге арналған. Біз үшін қазақстандықтардың жасанды интеллектпен ана тілінде өзара әрекеттесе отырып, осындай мүмкіндіктерге ие болуы маңызды. Шынында да, бүгінде интернетке қолжетімділігі бар және жасанды интеллектті меңгерген шалғайдағы ауыл тұрғыны үлкен қаладағы тәжірибелі сарапшымен тез теңесе алады",- деді "КаР-Тел" ЖШС Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.Өз кезегінде, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бүгінде өз пайдаланушылары үшін ЖИ-ді белсенді түрде енгізіп жатыр."Біз қазірдің өзінде Tele2/Altel-де AI және 5G негізіндегі технологияларды енгізіп жатырмыз. Атап айтар болсақ, нақты сұраныс негізінде желі құрылысын оңтайландыратын Smart Network; клиенттер үшін ұсыныстардың құндылығын арттыратын AI-жекелендіру; бизнес-процестерді тиімді оңтайландыру үшін геоаналитика мен болжамды модельдерді пайдаланатын B2B/B2G шешімдер және т.б. Жақын арада бізді озық цифрлық трансформацияда ЖИ және 5G болатын революция күтіп тұрғанына сенімдімін", - деді Александр Бабичев, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel мобильді операторы) Басқарма төрағасы ."Кселл" Қазақстанда телеком-инфрақұрылымды белсенді дамытуды жалғастырып жатыр. Басқарма төрағасы Асқар Жамбақиннің айтуынша, 5G қамту картасында 21 қала бар және 1500-ден астам базалық станция жұмыс істейді. 2024 жыл компанияның “белсенді құрылыс жылы” болды және компания осы қарқынын сақтап қалуға ниетті."Желі құрылысының қарқыны екі есеге өсті, бұл стратегиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік маңызы бар объектілерді де қосуды жеделдетуге мүмкіндік берді. "Кселл" - метрода ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз еткен алғашқы және әзірге жалғыз оператор: тоғыз станция желіге қосылған. Сондай-ақ өнеркәсіпке алғаш 5G енгізген оператор болдық. Форумда біз жасанды интеллектпен біріккен private 5G мүмкіндіктерін ұсындық: ERG көмір бөлімінде 5G ұшқышсыз техниканы басқарады, ал жоғары деректер жылдамдығы мен минималды кідірістер негізгі өндіріс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұндай шешімдерді көптеген техникалар мен объектілерге масштабтау үшін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап қалалық инфрақұрылымдық объектілерге дейінгі барлық деңгейлерде нақты уақыт режимінде тұрақты қосылуды және жоғары жылдамдықты деректерді беруді қамтамасыз етуге қабілетті 5-ші буынның мобильді желісі қажет", - деп “Кселл” АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин атап өтті. Панельдік сессия телекоммуникацияның жасанды интеллект индустриясының негізін қалауда шешуші рөл атқаратынын көрсетті. AI-ді әр түрлі салаларға сәтті енгізу үшін 5G сияқты озық телекоммуникациялық технологияларының бұлтты және есептеу қызметтерін дамытумен үйлесуі қажет. Спикерлер атап өткендей, дәл осы синергетикалық тәсіл цифрлық трансформация мен жаһандық мәселелерді шешуге жаңа жол ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929303
Қазақстан – құны $1 млрд және $10 млрд болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көшбасшы 09.02.2025
Қазақстан АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық экожүйелерімен тең қарқынмен құны $1 млрд және тіпті $10 млрд стартаптарды тудыратын технологиялық экожүйені құрды. Бұл туралы стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдаудың әлемдік жетекші платформасы Dealroom.co негізін қалаушысы және бас директоры Йорам Вийнгаарде мәлімдеді.Digital Almaty-2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Йорам Вийнгаарде жаңа экожүйелер мен олардың жаһандық нарыққа ашатын мүмкіндіктерінің маңызын айтып өтті. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа стартаптар саны бойынша көшбасшы болып қала береді, алайда Азия елдері жоғары өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр."Қазақстан стартап-экожүйелердің әлемдік аренасында маңызды ойыншы атанды. Бүгін мұнда көптеген жоғары технологиялық стартаптар дамып жатыр және аймаққа венчурлық капиталды инвестициялау айтарлықтай өсті. Қазақстан "декакорндардың", яғни 10 миллиард АҚШ долларынан асатын стартаптардың пайда болу динамикасы бойынша АҚШ-қа жетіп қана қоймай, озып та бара жатыр. Өте қысқа мерзім ішінде, Қазақстанның өте жас IT-экожүйесінде 10 миллиард доллардан жоғары бағаға ие Kaspi.kz секілді компаниялар пайда болды, бұл қазақстандық экожүйенің халықаралық венчурлық инвестицияларды тартудағы және әлемдік деңгейдегі компанияларды құрудағы жоғары әлеуетін көрсетеді", - деп атап өтті Йорам Вийнгаарде.Dealroom.co жұмысы барысында Қазақстандағы 101 стартап талданды, ал бұл өңірді зерттеудің бастамасы ғана. Вийнгаарде келер жылы Astana Hub халықаралық Технопаркімен ынтымақтастықты нығайтудың арқасында деректер базасы айтарлықтай кеңейетініне сенім білдірді, бұл қазақстандық стартап-экожүйенің мүмкіндіктері мен үрдістерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.Қазақстанның экожүйесін Dealroom.co платформасына интеграциялау халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерге қолжетімділікті ашатын стратегиялық маңызы бар. Бұл қазақстандық стартаптарға капитал тартуға, жаһандық нарыққа шығуды жеделдетуге және инновациялардың әлемдік картасында ел позициясын нығайтуға көмектеседі.Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Анықтама: Dealroom.co — бұл бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлық инвестициялар және корпорациялар туралы деректерді жинайтын және талдайтын жаһандық платформа. 2013 жылы Амстердамда құрылған, Dealroom.co венчурлық инвесторлар мен стартаптар үшін аналитика мен деректердің негізгі көзі ретінде танылған. Платформада 2 миллионнан астам стартаптар мен инвесторлар туралы ақпарат бар, олар инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға, экожүйелерді талдауға және олардың өсуін болжауға бірегей мүмкіндік береді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929310