ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың алқа отырысындағы қорытынды баяндамасы

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың алқа отырысындағы қорытынды баяндамасы

01.02.2025 20:51:10 385

«Бүгін Министрлік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, бірқатар әкімдіктер қызметінің қорытындылары бойынша баяндамалар тыңдалды, инвестор туризмді дамыту бойынша өз тәжірибесін және көзқарасын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ортақ күш салу қажет.

Әкімдіктер өңірлерге туристерді тартуға және бұл үшін жағдай жасауға назар аударуы керек. Осыған байланысты қызметтердің сапасын арттыру, жаңа ұсыныстар жасау және белсенді ілгерілетуге міндетті. Өңірлерде жаңа туристік өнімдерді құру шеңберінде этнотуризм объектілерін, қолөнершілер орталықтарын, этноауылдарды, ұлттық тағамдары бар қоғамдық тамақтану пункттерін дамытуға ерекше назар аударуға тиіс».
«Туризм көрсеткіштері бойынша нақты көріністі көру мақсатында әкімдік Ұлттық статистика бюросымен өзара іс-қимыл жасау арқылы туристік ағын бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастыру талап етіледі. Саланы цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Өңірлерде е-qonaq жүйесін одан әрі енгізуге назар аудару, жүйеге қосылудың маңыздылығы мен артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырамын».
«Мемлекет басшысы жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамыту мәселелеріне баса назар аударған болатын. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет деп айрықша атап өтті. Жеке инвесторларды тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау маңыздылығына аса мән берді. Осы орайда, Президент қойған міндеттер мен тапсырмаларды мүдделі тараптармен бірлесіп іске асырамыз», - деді Ербол Мырзабосынов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928946