Спорт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі 06.01.2025
Қымбатты отандастар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге толтырды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша келбетке ие бола бастады. Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан салынды.Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша заңдар қабылдады. Сондай-ақ биыл біз еліміздің келешегіне айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913030
Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты жерлестер! 06.01.2025
Жаңа жыл — жақсылық пен жаңарудың жаршысы. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылдың табалдырығын аттар шақта әр шаңырақтың төрінде үміт пен сенімнің оты маздайды. Жаңа жыл — арман мен мақсаттарға қанат бітіп, ізгі ниеттердің орындалуына бастайтын уақыт.Өткен 2024 жыл Маңғыстау өңірі үшін үлкен жетістіктер мен айтарлықтай өзгерістер жылы болды. Аймақта ауқымды құрылыс жобалары, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму шаралары жүзеге асып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында тың серпін байқалды. Маңғыстау халқының бірлігі мен еңбегінің арқасында өңіріміз экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеуде.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылды. Алдағы жылы да осы қарқынды тоқтатпай, өңіріміздің дамуы мен халқымыздың өмір сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасатын болады.Құрметті ағайын, өздеріңіз үшін, Отанымыз үшін, туған жеріміз үшін еңбек етіп жүрген әрбір жанға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында маңғаз Маңғыстауымыз өркендеп келеді.Жаңа 2025 жылы әр шаңыраққа амандық, табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін. Еліміздің ырысы молайып, берекесі арта берсін!Жаңа жыл құтты болсын!Құрметпен, Маңғыстау облысының әкіміНұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913036
Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды 06.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апатыкезінде көмек қолын созған азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.Президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен азаматтарды құтқарып, көмек көрсеткен азаматтардың жанқиярлық әрекеттерін айырықша атап өтті. «Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды»,- деді Мемлекет басшысы.Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысыныңәкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандықAzerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағанкезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттікнаградалармен марапаттап, ПрезиденттіңАлғыс хатын табыстады.Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен «ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаевмарапатталды.Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре,Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Ботағарин Нұрлан, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстауоблысы төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарықызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндірубөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысыМәрлен Сәркенов марапатталды. «Құрмет» ордені «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды. «Ерлігі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов,Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» РММ құтқарушысы Манас Бағытов, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екіншіпилоты Естемес Әлішер, «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері Қисаев Тимур, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесініңкомандирі Құдабаев Асхат, «Апаттармедицинасы орталығы» ММ Маңғыстауоблысы бойынша филиалының фельдшеріҚұбайдуллаев Заманбек, «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оразбеков Оспан, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы «Вышка» диспетчерлік пунктінің диспетчері Толстиков Ярослав, «Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы» АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Шопанов Нұралы марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Есен Жан, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ қызмет бастығының орынбасары Жұмағұлов Бекболат, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Оразалиев Эльдар марапатталды. Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы табысталды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қиын сәтте жедел көмекке келіп, жәрдемдескен жандарға алғысын білдірді. - Сын сағатта жедел әрекет етіп, өзгелердің өмірін құтқаруда асқан батылдық пен адамгершілік таныттыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз – өңіріміздің ауызбіршілігінің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Осындай батыр жандар барда халқымыздың еңсесі биік боларына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Апат орнына алғашқы болып келген «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәл осындай қадамға барар еді дейді. «Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламаған да екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды» дейді ол.Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.- 25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.Түпқараған аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақманов Сәкен сол сәттегі әсерімен бөлісті. -Аспанда қисая ұшқан ұшақ санаулы уақытта жерге құлағанын көрген бойда оқиға орнына бет алдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың жан айқайын естіген бойы сол маңда қызметте жүрген "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" мамандарымен бірлесе әуе бортындағы жолаушыларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдық. Әдетте мұндай көріністі тек кинолардан көріп жүрген біз алғашқы сәтте есеңгіреп те қалдық. Ендігі мұндай апаттың болмауын тілейміз»,-деді учаскелік полиция инспекторы. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913328
Жаслан Мәдиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды 06.01.2025
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысына барды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі цифрландырудың барысымен танысу, IT-инициативаларды қолдау және аэроғарыш саласының мәселелерін талқылау.Сапардың бірінші күні министр Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Бәйтерек» жобасын іске асыру және оны іске қосуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, дайындықтың негізгі кезеңдері және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесу өткізді. Онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және ғарыш айлағының 70 жылдығына дайындық мәселелері қаралды.Ерекше назар халыққа қызмет көрсету орталығына (СуперЦОН) аударылды. Аталған орталықта бір тоқсан ішінде серіктестермен бірге 3 095 қызмет көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы «СуперЦОН» – бұл азаматтарға мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ұсыну процесін едәуір жақсартуға бағытталған инновациялық орталық. Оның мақсаты – азаматтар көптеген қызмет түрлерін бір жерде ала алатын көпфункционалды инфрақұрылым құру.2024 жылы орталық көрсетілген қызметтер саны, қызмет көрсету сапасын арттыру және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.Орталық 11 фронт-офисті, 19 бэк-офисті, арнайы ЦОН-ды және халыққа қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірнеше бөлімшені қамтиды. Жыл басынан бері орталық әлеуметтік қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық қызмет көрсету, құжаттар мен анықтамаларды беру сияқты бағыттар бойынша 480 мыңнан астам қызмет көрсетті.СуперЦОН жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді. Азаматтардан түскен шағымдар деңгейі бір жылда 48%-ға төмендеді. Жер жобасын рәсімдеу мерзімі 45 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал қайталама куәліктерді беру уақыты небары 30 минутты құрайды. Құжаттарды тез рәсімдеуге және жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасы іске қосылды, бұл азаматтардың уақытын және шығындарын айтарлықтай қысқартты. Сонымен қатар, СуперЦОН-да электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды. Бұл жұмыс процесін оңтайландырып, қағаз, кеңсе тауарлары және көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.Министр сондай-ақ орталық инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалармен өзара әрекеттесуді жеделдету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жоспарларымен танысты.Осыдан кейін Жаслан Мәдиев азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/909760
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты 06.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.
Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.
Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.
Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.
Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.
– Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/913737
Әлемдік деңгейдегі жарқын жеңіс 06.01.2025
Семсерлесуден Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында отандастарымыз София Актаева алтын медаль жеңіп алды! Біздің спортшымыз барлығы 52 атлет сынға түскен жаттығуда топ жарып, тынымсыз еңбек пен жеңіске деген ұмтылыс үлкен нәтижеге жеткізетінін көрсетті. Софияны құттықтай отырып, алда да жарқын жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912831
Қарақия ауданының Аппақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді 04.01.2025
Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Аталған ФАП пункті жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ақ халаттылар Аппақ ауылын қамтитын 700 адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 1460 шаршы метрді құрайды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген медициналық ғимараттың жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнда тек шұғыл көмек көрсетіп қана қоймай жүкті әйелдердің жағдайын бақылайды. Тұрғындарға медициналық кеңес беріп, балаларға және созылмалы сырқаты бар науқастарға тексерулер жүргізеді. Вакциналау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады.
Сонымен қатар медициналық зерттеулер қан, несеп және басқа да талдауларды қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Медициналық нысан физиотерапия, зарарсыздандыру, қақырықты алу, емшара, акушерлік пункт, егу сынды бірнеше кабинеттермен жабдықталған.
Аппақ елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан тұрғындардың денсаулығын жақсарту, уақытылы көмек көрсету және алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша маңызды рөл атқармақ.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория нысаны мен Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында медициналық пункт ғимараты қолданысқа берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911533
Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты 04.01.2025
Әзірбайжан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады.
Хатта “Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз” делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911534
Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде 04.01.2025
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде.
Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т.б. қолдаулар жасалуда.
Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр.
Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911536
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді 04.01.2025
28 желтоқсан күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудан ұшақ апатынан қайғылы қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның үшеуі экипаж мүшесі) мәйіті үйлеріне жөнелтілді.Осы күндері Мәйіттерді анықтау бойынша қажырлы жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар ДНК сараптамасы мен туыстарының көмегімен де жүргізілді.Еске сала кетейік, 29 адам. 25 желтоқсандағы ұшақ апатынан аман қалып, оларға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордадан келген білікті мамандар. Аман қалған 14 Әзірбайжан азаматына медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.Маңғыстау облысының әкімдігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады. Жергілікті атқарушы билік ұшақ апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911549
Маңғыстаулықтар Қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды 04.01.2025
Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты.
Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.
Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911553
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Қанат Құлжановты ұсынды.
Қанат Құлжанов 1979 жылы Жаңаөзен қаласында туған, білімі жоғары.
2001 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Маңғыстау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығының бас маманы лауазымынан бастады.
2002-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен, Ақтау қалаларында прокуратура саласында қызмет етті.
2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Хатшылықтың Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымына дейін көтерілді.
2012-2016 жылдар аралығында Байқоңыр қаласының прокуроры, 2016-2018 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2018-2019 жылдар аралығында Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы және Бас көлік прокурорының халықаралық байланыстар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің Ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатты қолдады.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қанат Құлжановқа ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911556
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына осыған дейін Мұнайлы ауданының әкімі болған Ержан Күмісқалиевтің кандидатурасын ұсынды.
Ержан Күмісқалиев 1983 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып бастаған.
2007-2008 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының № 3 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері және әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2016-2019 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болды.
2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2021-2022 жылдары Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Мұнайлы ауданы әкімі қызметін атқарды.
Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады. Олар Ержан Күмісқалиевтің тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндерін айтып, сенім білдірді.
Аймақ басшысы осы күнге дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтизаровтың жұмысына алғыс айтып, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911712
Маңғыстаулықтар соңғы ұшақ апатынан зардап шеккендерді үйлеріне қайтарды 04.01.2025
Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының басшылары, дәрігерлер мен құтқарушылар ұшақ апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде 6 күн емделген үш әзірбайжандық азаматты арнайы бортпен еліне шығарып салды.
25 желтоқсаннан бері облыстық көпбейінді емханасының жансақтау бөлімінде жатқан Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаеваны бүгін Әзірбайжаннан арнайы келген ұшақтармен еліне алып кетті. Үшеуінің де жағдайының динамикасы нашарлаған жоқ, 1 науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.
Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.
Маңғыстаулық дәрігерлер әуе апатынан жарақат алған 29 азаматтың түгел аман-есен еліне жеткеніне дән риза.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912389
Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылы мыңнан астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады 04.01.2025
2024 жылдың соңғы күні 31 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік бағытта көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй алу, жұмыссыздық мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтылған өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Еске салсақ, өңір басшысы жыл басынан бері 36 жеке қабылдау өткізіп, мыңнан астам азаматтың жеке мәселесін тыңдады.
Сонымен қатар, Президент Жарлығы аясында аймақтың барлық ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге халықпен кездесіп, аудан, қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы қабылдауға жазылған соңғы тұрғынға дейін мұң-мұқтажын тыңдады.
Қазіргі уақытта айтылған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, мәселелер оң шешімін табуда.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе ХҚКО жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912532
Маңғыстаулық энергетиктер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды 04.01.2025
31 желтоқсан күні, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Энергетиктер» және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күніне орай, саналы ғұмырын саланың дамуына арнаған бір топ ардагерлер мен сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Сайлау Байбатыров және «Сенек» ЖШС бас маманы-зоотехнигі Аманжол Тасмағамбетов марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Жеті лақ» ШҚ басшысы Александра Григолова мен «Тұрланов Балтабай» ШҚ басшысы Балтабай Тұрланов марапатталды.Сонымен қатар, энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» ордені «Ақтау-Восток» ЖШС бас инженері Александр Булгаковке табысталды. IІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК шебері Парахат Есениязовке, «Ерен еңбегі үшін» медалі «МАЭК» ЖШС слесарі Сағидолла Әділов пен «МАЭК» ЖШС цех бастығы Ибадолла Жылхайдаровке берілді.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегінің ел дамуына қосқан үлесі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.- Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде ауыл шаруашылығы мен энергетика салалары тұрақты дамып келеді. Әрқайсыңыздың табанды жұмыстарыңыз – болашақ ұрпақ үшін үлгі. Осы орайда, баршаңызды алған наградаларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/912665
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, туристік сала өкілдері, спортшылар және өңір тұрғындары қатысты.Кездесу барысында Ержан Еркінбаев министрліктің туризм саласындағы негізгі бастамалары мен жоспарлары туралы баяндады. Әсіресе, жиында туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Солтүстік Қазақстан облысы туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. «Көкшетау» ұлттық паркіне кіретін Имантау-Шалқар курорттық аймағы өңірдің негізгі туристік бағыттарының бірі саналады. Мұнда қазірдің өзінде 36 демалыс орны жұмыс істейді, оның 10-ы саяхатшыларға жыл бойы қызмет көрсетеді. Инфрақұрылым мен экотуризмді дамытуға басымдық береміз», – деді Ержан Еркінбаев.
Биыл өңірге 115 мыңнан астам турист келген, оның ішінде 6 мыңға жуығы шетелдіктер. Туристік инфрақұрылымды жақсарту және саяхатшылар санын арттыру мақсатында 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аяқталған жобалардың қатарында демалыс базаларын жаңғырту, демалыс аймақтарын салу және курорттық аймақтағы жолдарды қайта жаңарту бар. Қазіргі уақытта 18 инфрақұрылымдық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аймақта экотуризм де белсенді дамуда: өңірде заманауи глэмпингтер, визит-орталықтар салу және жаңа туристік маршруттарды құру жоспарлануда. Мұндай жобалар туристерді тартуға және табиғатқа тигізетін әсерді азайтуға да ықпал етеді. Бұл ұлттық парк үшін аса маңызды.2024 жылы өңірдегі туристік қызмет көрсету көлемі 1,8 миллиард теңгені құрады. Сала тұрақты дамып келеді. Ел бойынша орналастыру орындарының кірісі 2024 жылдың тоғыз айында 27%-ға артып, 224 миллиард теңгеге жеткен.
«Солтүстік Қазақстан облысында спортпен 225 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл өңір халқының 42,9%-ын құрайды. Сондай-ақ 50 мыңнан астам бала тегін спорт секциясымен қамтылған», – деді Ержан Еркінбаев.
Кейінгі екі жылда өңірде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 4 жабық хоккей айдыны салынды. Сондай-ақ «Қарасай» стадионын жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Петропавлдағы «Динамо» стадионы жаңғыртылып, жаңа жасанды алаң төселді. Облыста бассейндер, хоккей айдындары мен спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда.Есеп беру кездесуінен кейін Ержан Еркінбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/909632
Спорт және спорт инфрақұрылымын дамыту: Серік Жарасбаев елорда тұрғындарымен кездесті 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Астана тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында балалар мен бұқаралық спорттың дамуына, спорт инфрақұрылымын жақсартуға және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға баса назар аударылды.Серік Жарасбаев биыл спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 41,5%-ға (8,4 млн-нан астам адам) жеткенін атап өтті. Бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Сондай-ақ биыл елордада шахматтың рапид және блиц түрінен, самбодан және асық атудан әлем чемпионаттары, сондай-ақ теннистен Дэвис кубогі сияқты матчтарды қоса есептегенде 640-тан астам спорттық іс-шара өткізілді. Бұқаралық жүгіру мен велошеруілерге 56 мыңнан астам адам қатысты.2024 жылы елордада «Сана» отбасылық спорт орталығы және Kodakan Spirit дзюдо орталығы ашылды. Ал келесі жылы «Железнодорожный» және «Ильинка» тұрғын алаптарында дене шынықтыру және сауықтыру кешеніндерінің құрылысын аяқтау жоспарланған.Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, алдағы уақытта Нұра ауданында ерекше жандар үшін «Бочча» орталығы салынса, Қ.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны 845,9 мыңға жетті. Биыл елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 112 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.Серік Жарасбаев спорт саласындағы болашақ реформалар, соның ішінде жан басына шаққандағы балалар спорт мектептерін қаржыландыру моделін әзірлеу туралы айтты. Пилоттық жоба 2025 жылы басталып, 2026 жылы бүкіл ел бойынша енгізілетінін жеткізді.Сонымен қатар спорт саласын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Спортшылар, жаттықтырушылар, спорт нысандары мен жарыстар туралы деректерді біріктіретін E-Sport платформасы пилоттық режимде іске қосылады. 2025 жылдың ақпанында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Сары құрлық додасына 139 қазақстандық спортшы, оның ішінде елорданың 37 өкілі қатысады.Кездесу соңында Серік Жарасбаев елорда тұрғындарына жиынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, спортты дамытудағы бірлескен күш-жігердің маңызын атап өтті. Жиын сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910356
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Рудный қаласында Қостанай облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында заңсыз ойын бизнесімен күрес, лудоманияның алдын алу, сондай-ақ өңірдегі спорт пен туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Мирас Төлебаев кездесуде лудомания жүйелі көзқарас пен шараларды талап ететін күрделі әлеуметтік проблема екенін атап өтті. 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекет заңсыз құмар ойындарға қарсы күресті күшейтіп, жарнаманы шектеу, операторларды бақылауды қатаңдату және азаматтардың белгілі бір санаттары үшін ойындарға қатысуға тыйым салу шараларын енгізуде.
«Жыл басынан бері eGov қосымшасы арқылы 170 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді. Бұл шаралар тәуелділікті азайтуға және ең осал топтарды қорғауға көмектеседі», – деп атап өтті министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол өңір халқына жуырда ойын бизнесін реттеуді күшейтетін заңға қол қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, заңға мемлекеттік және әскери қызметкерлердің, борышкерлер тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салынып, интернет-казино ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Мемлекет халықты лудоманияның қауіптері туралы ақпараттандыруды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда және ойын тәуелділігімен бетпе-бет келгендер үшін білім беру бағдарламалары мен қолдау жүйелерін енгізуде.
Кездесу барысында министрдің орынбасары туризм саласындағы жетістіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, өңірде туристік инфрақұрылымды жақсарту, инвесторларды тарту және ішкі туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл облысқа келген ішкі туристер саны 25%-ға өскен.
«Біз заманауи туристік нысандарды салып, көлік инфрақұрылымын жақсарта отырып, Қазақстан бойынша саяхатты жайлы әрі қолжетімді етуге тырысамыз», - деді Мирас Төлебаев.
Өңір халқымен кездесуде спорт саласы туралы да сөз қозғалды. Бүгінде Қостанай облысында 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 18 мыңнан астам бала жаттығады. Биыл өңірде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, 2025 жылы Рудныйда мамандандырылған спорт мектебін ашу жоспарланған. Бұл бастамалар жастарды спортқа баулуға және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған.
Кездесу соңында облыс тұрғындары министрдің орынбасарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында Мирас Төлебаев жиынға белсенді қатысқаны үшін өңір тұрғындарына алғысын білдірді.
«Бірлескен күш-жігермен ғана біз күрделі әлеуметтік мәселелерді шешіп, өңірдің туризм мен спорт саласындағы орнын нығайта аламыз», – деді министрдің орынбасары.
Фото: alau.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910720
Өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде e-Sport цифрлық платформасы таныстырылды. Аталған жоба деректер мен жүйені басқаруда ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру және спорт саласын цифрлық трансформациялауға бағытталған.
Платформаның негізгі мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және әдіскерлер туралы ақпаратты біріктіретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру. Сонымен қатар платформа спортшылар мен жаттықтырушылардың дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс істейтінін және олардың біліктілігін растауға, электронды спорттық іс-шаралар күнтізбесін құруға және өңдеуге, сондай-ақ спорт нысандарын цифрландыруға мүмкіндік береді.
Пилоттық кезеңде платформаның негізгі модульдері іске асырылды. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электронды күнтізбесі және нысандардың тізілімі енгізіледі. Қазіргі таңда платформамен жұмыс істеуге 81 спорт федерациясы мен 6 ұйым қосылды, ал деректер базасына 1700-ден астам спортшының мәліметі салынды.
«Министрлік 2025 жылы платформаның функционалдығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және статистикалық деректерді проактивті форматта есепке алу енгізіледі. Бұдан басқа, e-Sport платформасын өндірістік пайдалануға енгізу күтіліп отыр. Бұл спорт саласын цифрландыруды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әсіресе, өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек», – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, e-Sport цифрлық платформасы спорт саласын тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктерді ашып, спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және сапасын көтеру үшін маңызды құралға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911254