Спорт
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады 17.12.2024
«Бүгін өздерінің кәсіби мерекесін энергетика саласының мамандары атап өтуде! Сіздердің кәсіби біліміңіз бен тәжірбилеріңіздің арқасында аймақтың жылу және энергетикалық жүйелері, әсіресе қыстың қақаған суығында, тұрақты жұмыс істейді. Жарық пен жылу – қазіргі заманның маңызды бөліктері. Осы мамандардың арқасында жерлестеріміздің үйлерінде жайлылық пен жылылық орнап, өңірдегі әлеуметтік мекемелер тоқтаусыз қызмет етіп, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Энергетик болу – бұл бүгінгі таңда құрметке ие, қиын да жауапкершілігі мол жұмыс. Сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – бүгінгі энергетиканың негізі, ал жинаған тәжірибелеріңіз – жас мамандарды тәрбиелеуде үлкен көмек. Энергетиктердің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің алдағы уақытта да барлық тапсырмаларды сәтті орындайтындарыңызға сенімдімін. Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз еткендеріңіз үшін рахмет! Сіздерге зор денсаулық, табыс, оптимизм, амандық, апатсыз жұмыс және бар жақсылықты тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күні құтты болсын!», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/903478
ҚР Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуды талқылады 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов инвесторлармен және даму институттарының өкілдерімен жұмыс барысы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақтаудағы «Жылы жағажай» аумағында туристік нысандардың құрылысын аяқтау мәселелеріне баса назар аударылды.«Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында біз қысқа мерзімде дамытудың нақты кешенді жоспарын дайындауымыз керек. Негізгі міндеттердің бірі – «Жылы жағажай» туристік бағытындағы нысандарды толық іске асыру. Бұл өңірдің ішкі және шетелдік туристер үшін тартымдылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.Кездесу қорытындысы бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, келесі жылдың туристік маусымында «Сауда қатарлары» жобасы іске қосылады. Бұл туристерді тартуда тағы бір маңызды бастама.«Гольф алаңы мен виллалары бар қонақ үй» жобасын жүзеге асыру да жалғасады. Жоба инвесторымен Fairmont (5*) брендін Swissotel (5*) етіп өзгерту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Себебі, Swissotel (5*) брендінің баға саясаты икемді және Қазақстан мен көрші елдер нарығында танымал.Жобаларды іске қосу туристік аймақтың қалыптасуына, шағын және орта бизнестің дамуына, қосымша салық түсімдерінің түсуіне және 1877 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.Жалпы, курорттық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің әлемдік жетекші франшизаларын тарту бойынша жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902155
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты 15.12.2024
✔️Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.✔️Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.✔️Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.✔️Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы – 3866,5 шаршы метр.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.✔️Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902157
Нұрғиса Әділетұлы - Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы 15.12.2024
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.Осы тұста Нұрғиса бір жарым жыл халықаралық жарыстарда сынға түсе алмағанын айта кетейік.🥇🇰🇿Нұрғиса Әділетұлы - 388 кг (174+214)🥈🇬🇪 Реваз Давитадзе - 387 кг (177+210)🥉🇮🇷 Әли Әлипур - 387 кг (173+214)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/902161
GOV.KZ 15.12.2024
Бүгін елордадан еліміздің ең танымал курортты аймақтарының бірі – Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты.Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуінен Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады.Пойыздың тағы бір ерекшелігі – эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.«Жаңа туристік пойызды іске қосу – ішкі туризмді дамыту және Қазақстан бойынша саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба ел тұрғындары мен қонақтары үшін ең әдемі курортты аймаққа еркін жетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/903249
Қазақстанда KazLLM үлкен тілдік моделі әзірленді 13.12.2024
Қазақстанда қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде үйретілген KazLLM үлкен тілдік моделі әзірленді. Бұл модель Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) командасымен ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ҒЖБМ қолдауымен және үйлестіруімен жасалды.Аталмыш модель ғылыми қауымдастық, стартаптар мен ірі корпорациялар сияқты көптеген пайдаланушыларға қолжетімді болады. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша KazLLM табиғи тілді өңдеу технологияларын түркітілдес кеңістікте дамытуға бағытталған ауқымды TurkLLM жобасының негізіне айналады. Тиісті келісім ТМҰ саммитінде қол қойылған.Бұл жоба ұлттық AI инфрақұрылымын құрудағы маңызды кезең болып, Қазақстанның өңірлік технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін растайды. Жобаны іске асыру жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы құралының құрылуымен қатар, жасанды интеллект саласындағы адам капиталының өсуі мен дамуына ықпал етті.Жобаға Тіл Қазына, «ҰАТ» АҚ, Maqsut Narikbayev University және басқа да институттар секілді лингвистикалық және ғылыми-өндірістік ұйымдар өз үлестерін қосты.«KazLLM моделінің ашық кодты нұсқасының іске қосылуы Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама біздің инновацияларды қолдауға және технологиялық прогреске ықпал ететін ғылыми жетістіктерді ілгерілетуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.Бұл заманауи модель әрбір қазақстандық үшін қолжетімді және инклюзивті цифрлық қызметтерді қамтамасыз етіп, цифрлық теңсіздікті жоюға көмектесетініне сенімдімін», – деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.Модель 148 миллиард токен негізінде үйретілді. 8 миллиард және 70 миллиард параметрлері бар екі нұсқа әзірленді. Олар жасанды интеллект саласында жаңа өнімдер әзірлеудің негізі болып табылады және сапасы мен дәлдігі бойынша ұқсас модельдерден асып түседі.Алғашқы кезеңде KazLLM әзірлеушілер, стартаптар мен компаниялар үшін ашық қолжетімді болады, бұл оның негізінде өнімдер мен қызметтер құруды ынталандырады. Әртүрлі жобаларға модельді жылдам интеграциялауға көмектесетін егжей-тегжейлі нұсқаулықтар дайындалды.«Бұл модель Қазақстанның инновацияларға, тәуелсіздікке және өзінің технологиялық экожүйесінің өсуіне деген ұмтылысын көрсетеді. Біздің командамыз жоғары өнімді жүйелер мен шектеулі ресурстар ортасында оңтайландырылған Meta Llama архитектурасы негізінде 8 миллиард және 70 миллиард параметрлері бар KAZ-LLM екі нұсқасын дайындады. Осылайша, әзірлеушілер біздің модельді күрделі серверлерде де, ноутбуктерде де жүктеп, іске қоса алады», – деп түсіндірді Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) директоры, профессор Хусейн Атакан Варол.Ұлттық тілдік модельді жасау барысында Beeline Қазақстан және оның QazCode IT компаниясы негізгі серіктес болды. Kaz-RoBERTA сияқты тілдік модельдерді әзірлеудегі және шетелдік ұйымдармен серіктестікте шағын тіл топтары үшін жасанды интеллект шешімдерін жасаудағы тәжірибені біріктіре отырып, бұл компаниялар қазақстандықтар үшін инновациялық және қолжетімді модель жасауға айтарлықтай үлес қосты. 8 DGX H100 есептеу қуатымен қамтамасыз етілген серверді ұсыну оқу процесін айтарлықтай жеделдетіп, модельдің мүмкіндіктерін кеңейтті.Салыстырмалы түрде алғанда, кәдімгі компьютерге 1 миллион фотосурет мұрағатын талдау үшін бірнеше күн қажет болса, KAZ-LLM-ді үйретуге пайдаланылған 8 DGX H100 сервері бұл тапсырманы бірнеше секундта орындай алады.«Біздің командамыз Kaz-LLM моделін жасау және үйрету процесіне белсенді қатысты. Қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеретін модельді жасау және 50 күндік есептеу жұмыстарын қамтитын күрделі процесс контексті жақсы түсінуге және пайдаланушылармен сапалы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тестілеу модельдің мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық тапсырмаларды тиімді орындайтынын көрсетті. Біз Kaz-LLM бүкіл Қазақстан үшін маңызды құралға айналып, тілдік цифрлық кедергілерді еңсеруге және аймақтағы цифрлық қызметтердің сапасын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті QazCode компаниясының бас директоры Алексей Шаравар.KazLLM — бұл қазақ тілінде мәтіндерді өңдеу, талдау және жасау үшін әзірленген заманауи жасанды интеллект тілдік моделі. Бұл қазақ тілінің цифрлық кеңістікте қолданылуын кеңейтуге, бизнеске, ғылымға және қоғамға қолдау көрсетуге бағытталған бірегей әзірлеме. Ол аударма және құжаттарды өңдеуден бастап, қарым-қатынасты автоматтандыруға дейінгі кең ауқымды тапсырмаларды орындай алады.Ұлттық модель бизнеске чат-боттар, тұтынушыларды қолдау жүйелерін әзірлеуге, құжат айналымын автоматтандыруға және деректерді талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, жергілікті банктер қазақ тіліндегі сұрауларды өңдеуді жеделдете алады, ал ритейл бұл модельді өз процестеріне енгізу арқылы пайдаланушы тәжірибесін жақсартады. Білім беру және ғылыми ұйымдар қазақ тілін үйренуге арналған қосымшалар мен ғылыми мәтіндерді талдау және студенттерге көмек көрсету құралдарын жасай алады. Медиа және контентпен айналысатындар жаңалықтар жасау, аударма сапасын жақсарту және мәтін жазуға арналған құралдарды жасау мүмкіндігіне ие болады.KazLLM-ді пайдалану сілтемесі:https://huggingface.co/collections/issai/issai-kazllm-10-6732d58c81bcaf177442c362ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/902638
Маңғыстауда «Ақтау – Бекет ата» жаңа туристік маршруты іске қосылды 13.12.2024
Бүгін, 13 желтоқсан күні, Маңғыстау облысында «Ақтау – Бекет ата – Ақтау» бағытындағы жаңа туристік маршруттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шарада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай алғашқы сапарға шыққан жолаушыларға сәттілік тіледі.- Бүгін қасиетті мекенге апаратын жаңа туристік маршрутты іске қосып отырмыз. Бекет ата мешіті – рухани құндылықтарымыздың алтын қазығы. Бұл жоба Маңғыстау өңірінде тарихи-мәдени туризмді дамытуға және қасиетті мекендерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Баршаңызға сәтті сапар тілеймін! – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Жаңа бағыт аясында туристік автобус аптасына жеті күн бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдау үшін сыйымдылығы 51 орындық, жайлы және заманауи Yutong маркалы автобустар пайдаланылады. Автобустарда сапардың ұзақтығын ескере отырып, санитарлық торап (дәретхана) қарастырылған.Маршруттың бастапқы нүктесі – Ақтау қаласының 26-шағынауданында орналасқан облыстық орталық «Бекет ата» мешіті жанындағы автотұрақ. Автобус таңғы сағат 07:00-де жолға шығып, Оғыландыдағы «Бекет ата» мешітіне жеткізеді. Қайтар уақыт сол күнгі кешкі сағат 17:00-ге белгіленген.Туристік бағытқа билет құны ересектер үшін бір бағытқа – 1500 теңге, ал 7-18 жас аралығындағы балалар үшін – 750 теңге.Жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/902570
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылдағы соңғы сессиясы өтті 13.12.2024
13 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8-сайланған облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы өтті. Жиында 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджетін талқылау, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері, облыстық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, партиялық фракциялардың тіркеуі қаралды.Сессия барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, бюджеттің негізгі үлесін, яғни 68%-ын, әлеуметтік сала шығыстары құрайды. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығына бағытталған шығыстар да бар.- Білім беру саласында облыс бойынша 402 балабақша, 210 мектеп және 26 колледж қаржыландырылады. Ал денсаулық сақтау саласында тұрақты түрде тегін берілетін дәрі-дермектерге, медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат толық көлемде қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға қаржы бөлінеді, - деді Светлана Нарешова.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылға арналған жоспарларға тоқталды.- Бүгін осы жылдың соңғы сессиясын қорытындылап отырмыз. Жыл бойы халық қалаулыларымен бірге көптеген мәселелер талқыланды. Облыс дамуында, ел үшін еткен қызметтеріңізге, қолдауларыңызға алғыс білдіремін. Келесі жылы өңірде туризмді дамытуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар. Өздеріңізбен бірге маңызды бастамаларды іске асырамыз деген сенімдемін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903151
Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды 13.12.2024
Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында халықаралық стандарттарға сай жабдықталған эндоскопиялық диагностика орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен еліміздің штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова қатысты.Жаңа орталықта жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланып, эндоскопиялық тексерулер мен шағын инвазивті оталарды жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, аурудың асқынуын тоқтатады. Сонымен қатар науқастарға седация кезінде қауіпсіз әрі ыңғайлы процедуралар ұсынылмақ.Жаңа орталықтың ашылуы онкологиялық ауруларға қатысты көптеген мәселені шешуге септігін тигізеді. Ерте диагностика маңызды рөл ойнайды. Соның арқасында науқас өз уақытын, дәрі-дәрмек пен қаражатын үнемдей алады. Аурудың алдын алуға да назар аудару керек. Ота бөлмесінде онколог дәрігерлер күн сайын науқастардың өмірі үшін күресіп, ең күрделі операцияларды жасайды. Облысымызда онкологиялық аурулардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік беретін осындай орталықтың барына қуаныштымыз, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.Өңір басшысы ем алушыларға мейірім көрсетіп, қамқорлық танытатын медицина қызметкерлерінің де жұмысын ерекше атап өтті.Мекемеде жұмыс істейтін мамандардың барлығы бізді жылы шыраймен қарсы алды, бұл да емдеудің маңызды бөлігі саналады. Науқастар мұнда өте жақсы тамақтандыратынын жеткізді. Облыстағы барлық ауруханалар осындай деңгейде қызмет көрсетсе екен деймін. Басқа да медициналық мекемелерді осы дәрежеге көтеру үшін жұмыс істейтін боламыз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.Сондай-ақ биыл облыстағы шалғай аудандардың халқы скринингтен өтті. Маралды және Катонқарағай ауданында тұратын әйелдер алғашқылардың бірі болып тексерілді. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарына осындай бағдарламалар туралы ақпарат таратып, өз денсаулығына қамқорлық танытудың маңызын түсіндіру керек деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902558
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көліктерге арналған электр қозғалтқыштары шығарылуы мүмкін 13.12.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «ДИМ Строй» компаниясы өндірістік кәсіпорнының қызметімен танысты.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өз жұмысын 2007 жылы бастаған. Бүгінгі таңда өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Негізгі қызмет түрлеріне күрделі деңгейдегі өндірістік және азаматтық құрылыс, автоматтандыру, электрмен жабдықтау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, электр құрылғыларын жөндеу, тау-кен, өндірістік және технологиялық жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жатады.Аймақта өнеркәсіп саласын жүзеге асыру үшін бірнеше жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір Риддер ЖЭО-ның инфрақұрылымын күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіруді аяқтап жатырмыз, - деп түсіндірді кәсіпорын басшысы Константин Глухов.Өңір басшысына компания құрастырып, монтаждаған электр қозғалтқышы бар автокөлік үлгілері көрсетілді.Ермек Көшербаев болашақта экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді электр қозғалтқышына көшіру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.Егер қазірден бастап өндірісте осындай технологияларды қолдансаңыздар, алдағы уақытта автобустардан бастап, қалған көліктерді де біртіндеп ауыстыруға болады, - деді ол жұмысшылармен әңгіме барысында.Облыс әкімі жергілікті өндірістерді қолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Оның сөзінше, «ДИМ Строй» аймақтағы басқа да кәсіпорындар сынды жаңа жұмыс орындарын ашуда, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда және заманауи технологияларды енгізуде үлкен рөл атқаратынын жеткізді.«ДИМ Строй» – жылу энергетикасы бағытында жұмыс істеп, өзге де салалар бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындардың бірі. Мұнда үлкен ұжым мен өзіндік корпоративтік атмосфера бар, - деді облыс әкімі.Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап компанияның көлік инфрақұрылымын құру мен энергетикалық инфрақұрылымды жобалауға қатысу мүмкіндігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902565
Шығыс Қазақстан облысында оперетта және драма театрының алғашқы маусымы ашылды 13.12.2024
Оперетта «Magic on stage» состоялась на сцене Восточно-Казахстанского областного театра драмы и оперетты. В программе были представлены лучшие моменты из культовых постановок: «Айсулу», «MAMMA MIA», «Летучая мышь».- Из трех наших оперетт мы выбрали самые лучшие моменты и сделали микс. И для зрителя получился такой яркий концерт. До конца декабря мы поставим оперетту «Айсулу» и «Летучую мышь». Что будем ставить в Новом году - это пока секрет. Планируем гастроли, надо порешать вопрос с транспортом для такого большого коллектива, - рассказал главный дирижер оркестра ВКО театра драмы и оперетты Александр Галсанов.✔️ Мероприятие посетил аким области Ермек Кошербаев. Глава региона подчеркнул необходимость открытия таких театров в Риддере, районе Алтай и Зайсанском районе. - Искусство должно идти в массы. Я очень рад открытию сезона. Теперь необходимо двигаться дальше, расширять репертуар. Обязательно надо отправить вас на гастроли в Алматы и Астрахань. Готовьтесь. Это будет здорово, я думаю, наши артисты смогут произвести определенный фурор,- отметил аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев в ходе неформального общения с артистами.✔️ Сами актеры признаются, что театр оперетты - большой творческий опыт для них.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902030
Облыс әкімінің Ақтаудағы жеке қабылдауы да түнгі 3:00 дейін жалғасты 13.12.2024
12.12.2024 жылы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуінен кейін түнгі 3:00 дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Облыс әкімінің жеке қабылдауы мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін тыңдаудан басталды. Олар қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігінен бөлек, жеке мәселелерін жеткізді.Сондай-ақ қабылдауға үйінің шатыры мен жертөлесінде, подъездері мен ауласында мәселе туындаған тұрғындар келіп, өңір басшысынан көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық саладағы ақауларды сол сәтте қалпына келтіру үшін жауапты азаматтарды, басқарма басшыларын тұрғындардың үйлеріне жіберді.Өңір басшысының қабылдауына Маңғыстау облысында «Елім» такси қызметін жүзеге асыруды бастаған кәсіпкер әйел келіп, әкімнен қолдау сұрады. Азаматтың өтініші қолдау тауып, жергілікті билік тарапынан меморандум жасау туралы шешім қабылданды.Жалпы, өңір басшысының қабылдауына 150-ден астам тұрғын келіп, өз өтініштерін жеткізді. Халықтың басым бөлігі еңбек дауы, жұмыссыздық, үлескерлердің құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселелері, жылумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласы және туристік бағыттарды дамыту сынды тақырыптарды көтерді.Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселелерді заң шеңберінде шешу үшін тиісті құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/902379
Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады 13.12.2024
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстырды. Халықаралық жасанды интеллект орталығының мақсаты – Қазақстанды жасанды интеллектке бағытталған мемлекетке айналдырып, қоғамдық және экономикалық өмірдің барлық салаларында жасанды интеллект технологияларын дамыту мен инновацияларды ілгерілету. Аlem.ai орталығы ғылым, өнеркәсіп, шығармашылық индустриялар мен мемлекеттік қызметтер сияқты негізгі салаларда технологияларды дамытуға бағытталған. Сондай-ақ орталық инвестиция тарту және стартаптарды қолдау үшін жасанды интеллект экожүйесін құруға ықпал етеді. Орталықтың құрылуы Қазақстанның жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін арттыруға, жасанды интеллекттің дамуы есебінен технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын қамтамасыз етуге және Астананы Орталық Азиядағы жасанды интеллект технологияларының жетекші орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Жобаның аясында жыл сайын түрлі салалардан шамамен 10 000 талантты тарту, кемінде 1000 жасанды интеллект маманын даярлау, шамамен 100 жасанды интеллект стартапын іске қосу және жасанды интеллект саласында 10 ғылыми зерттеу жүргізу жоспарланған. Орталықтың бірінші қабатында жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған форумдар мен ашық дәрістер өткізуге арналған қоғамдық кеңістік және AI мұражай орналасады. Бұл кеңістік әзірлеушілер, студенттер, ғалымдар және түрлі сала сарапшылары арасында білім алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда жасанды интеллект саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, стартаптарға арналған хакатондар мен байқаулар тұрақты түрде өткізіліп, инвесторлар мен серіктестерді тарту арқылы одан әрі дамыту жүзеге асырылады. Екінші және үшінші қабаттар TUMO School мектебіне арналған. Бұл мектеп 9–12 сынып оқушыларына бағытталған және Астанадағы 42 000-нан астам оқушы бағдарламалау, робототехника және басқа да шығармашылық технологиялар бойынша инновациялық ойлауды дамыту және IT саласында табысты мансапқа дайындық бағдарламаларына қатыса алады. Екінші қабатта 206 орынға арналған оқу және сабақ өткізу орындары, ал үшінші қабатта тағы 348 орын қосылады. Ғимаратта топтық сабақтарға, конференция залдарына және практикалық жобаларды жүзеге асыруға арналған зертханалар қарастырылған. Төртінші және бесінші қабаттарда Tomorrow School мектебінің студенттері оқиды. Tomorrow School – бұл Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект бойынша peer-to-peer (тең-теңімен оқыту) мектебі, оны 2024 жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосты. Бұл мектеп 01 Edu платформасында эксклюзивті түрде жұмыс істейді және бағдарламалау бойынша алдын ала білімді қажет етпей, жасанды интеллект саласында тегін білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Алғашқы және екінші лекке 5 000-нан астам өтініш түсті. Бірінші лек аясында 120 адам «бассейннен» өтті, оның ішінде тек 30%-ы негізгі оқуға қабылданды. Екінші лекте 190 студент оқуда. Орталық аясында одан да көп студенттерді жасанды интеллект дағдыларына үйрету жоспарланған. Алтыншы қабатта жасанды интеллект кампусы – стартаптарды акселерациялау қарастырылған. Мұнда инновацияларды қолдау, алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту және тұрақты кәсіпкерлік экожүйесін құру арқылы жылына жаңа жасанды интеллект стартаптарын іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда Astana Hub экожүйесінде 1 500-ден астам қатысушы, оның ішінде жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін 150 стартап тіркелген. Технопаркта AI’Preneurs арнайы акселерациялық бағдарламасы іске қосылды, ол түрлі салалардағы үздік мамандарды стартап командаларын құру және инновациялық жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу үшін біріктіреді. Бағдарлама төрт айға созылатын интенсивті процесс ретінде ұйымдастырылған, оның барысында қатысушылар команда құрудан бастап идеяларды генерациялауға, стартап құруға және нарыққа шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді өтеді. Бірінші лек аясында 250 өтініш түсіп, 50 дарынды маман – әзірлеушілер, инженерлер, менеджерлер және кәсіпкерлер таңдалды. Қатысушылар 21 жасанды интеллект стартапын құрды, оның ішінде 9 жоба сәтті акселерациядан өтті, ал ең үздік 7 команда Seed Money бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Жетінші қабатта ғылыми-зерттеу зертханалары орналасады, онда жасанды интеллект саласындағы түрлі зерттеу жобалары арқылы инновацияларды дамыту және ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сегізінші қабатта мемлекеттік процестерді талдау және басқару үшін GovTech шешімдері мен ситуациялық орталық қарастырылған. Министр Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта Telegram, TON, Tether, Indrive, Google және басқа да компаниялардың кеңселерін Орталыққа орналастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл компаниялар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға және жаңа жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуге қатысады. Бүгінгі таңда Astana Hub инфрақұрылымында Playrix, TikTok, inDrive, EPAM, Glovo, DAMUMED, Presight.ai және басқа да ірі халықаралық компаниялардың кеңселері орналасқан. Мемлекет басшысы ЭКСПО-ның қолданыстағы экожүйесінде жасанды интеллект орталығын құру тұжырымдамасын мақұлдады. 7 жыл бойы Нұр Әлем көрме орталығы келушілерін қуантты. Бұл жобаға болашақтың жаңа энергиясы - жасанды интеллектті дамыту үшін қолданатын уақыт келді. Орталық 2025 жылы ашылып, жалпы ауданы 20 000 м² болады және ол ЭКСПО-ның қолданыстағы экожүйесіне интеграцияланады. Бұл орталық Қазақстандағы жасанды интеллект индустриясының дамуына қолдау көрсететін, зерттеулерді, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуді және инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін маңызды элементке айналады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/901676
Маңғыстауда отбасылық үлгідегі балалар ауылына су жаңа «Toyota Hiace» автокөлігі сыйға тартылды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында тарту етілген жаңа көлік - балалар мен тәрбиешілер үшін көптен күткен сыйлық болды. Бұған дейін пайдаланылып келген көлік әбден тозып, жарамсыз күйге түскен. Балалар ауылының тәрбиеленушілері енді қажетті жерге 16 орындық шағын автобуспен қатынайтын болды.- Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына үнемі қамқорлық танытады. Президентіміздің қолдауын ерекше сезініп келеміз. Бүгін де мекемеміз жаңа әрі жайлы автокөлікпен толығып, біз үшін үлкен мереке болып жатыр. Балалардың қуанышында шек жоқ. Осы мүмкіндікті сыйлаған жандарға шексіз алғысымызды айтамыз., — деді балалар ауылының директоры Айгүл Байбатырова.Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шара барысында балаларға сыйлықтар үлестіріліп, мекеменің 15 қызметкеріне қаржылай сыйлық табысталды. Тосынсыйға толы кеш эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әлемге әйгілі қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин, көпшілікке хит әндерімен танымал Bytanat және жас талант Ержан Максимдер әннен шашу шашты.Айта кетейік, Ақтаудағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» 2005 жылы ашылған. Қазіргі таңда мұнда 30 тәрбиеші жұмыс істейді. Балалар мектепке дейінгі, мектептік және колледж деңгейінде білім алып, бос уақыттарында түрлі үйірмелерге қатысады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901775
Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті 12.12.2024
Бүгін, 12 желтоқсан күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізді. Оған 600-ден астам адам қатысып, қаладағы түйіткілді мәселелерді жеткізді.Алдымен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Әбілқайыр Байпақовтың мәліметінше, қаладағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Каспий» тұщыту зауытының қуаттылығын екі есеге арттыру, жеке инвесторлар есебінен жаңа тұщыту зауыттарын салу және «МАЭК» аумағында кері осмос әдісі арқылы су өндіру жобалары бар.Инфрақұрылымды дамыту аясында биыл «МАЭК» ЖШС-нің 11,4 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Бұл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен 44 шақырымды қамтиды. Сондай-ақ, қазан айынан бастап 16-шағынауданда 905 метр кәріз және су құбырлары салынды. Ал 15-шағынауданда абаттандыру жұмыстары жалғасып, 35-шағынауданда жолдар мен инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде.Кәсіпкерлікті қолдау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну үшін жыл басынан бері облыстық мешіт жанында 50-ден астам жәрмеңке өткізілді. Жергілікті өндірушілерге өнімдерін делдалсыз сату үшін жаз мезгілінде 68 сауда орны ұйымдастырылды.Биыл Ақтауға 300 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Туризм саласын дамыту мақсатында теңіз жағалауындағы «4» А шағынауданы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары, шезлонгтар, жарық шамдары және арт-нысандар орнату жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап, 2025 жылы наурыз айынан бастап бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық жүргізуде.Ақтау қаласында 2024 жылы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде газобетон өндіру зауыты, аммоний сульфатын өндіру зауыты, Абай атындағы ұлттық мектеп құрылысы, көтерме-тарату орталығы, көпфункционалды өндірістік база және тұрғын үй кешендерін салу сияқты жобалар бар. Қазіргі уақытта 7 жоба іске асырылды. Қалған бір жоба жылдың соңына дейін аяқталады. Ал алдағы үш жылда 21 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылып, өңірдің экономикалық әлеуеті артпақ.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар ауыз су, жылу жүйесі, азық-түлік бағасының тұрақтылығы, жол белгілері, тұрғын үй алу, қала ішіндегі жол, салымшылар мәселесі сынды көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген қала тұрғындарын қабылдауға кірісті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901791
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды 12.12.2024
Маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында топ жарды.Таиландта өтіп жатқан құрлық біріншілігінде жерлесіміз 86 келіде үздік атанып отыр. Ол жарысты жартылай финалдан бастап финалға шыққан болатын.Шешуші айқаста жаңаөзендік саңлақ өзбекстандық Жасурбек Юлдошевтен басым түсіп, өзінің спорттың мансабындағы айтулы табысына қол жеткізді.Әзірге еліміздің ерлер құрамасының қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль бар. Тағы екі отандасымыз финалда күш сынасады.Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем біріншілігінде 81 келіде топ жарған еді. Ол Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901470
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды.Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.«Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз», - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900642
ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді 12.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қарастырылды.Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшылығына «Есіл-СК» волейбол клубының директоры Әділ Мәкенов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатуралары ұсынылды.Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900679
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті. Іс-шара барысында федерацияның алдағы кезеңдегі жоспарлары мен даму стратегиялары талқыланды.Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, саладағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Ол еліміздің ауыр атлетика саласында халықаралық аренада қол жеткізілген жеңістері мен спортшылардың дайындығы туралы айтып, спорт инфрақұрылымының жақсаруына бағытталған бастамаларын да тілге тиек етті.Жиында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылары мен спорт қауымдастығы Г.Гаджиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов ауыр атлетика федерациясын он жылға жуық басқарған Жанат Түсіпбековке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшы Гаджи Гаджиевке сәттілік тіледі.«Ауыр атлетика халық арасында кеңінен танымал. Өйткені қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері ел ішінде спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттыруда және дамытуда маңызды рөл атқарады. Құраманың халықаралық ареналардағы жетістіктері спортшыларымыздың жоғары әлеуетін және елімізде спорттың осы түрінің тұрақты дамуын көрсетеді. Осы орайда, Жанат Түсіпбековке Туризм және спорт министрлігі атынан елімізде ауыр атлетиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Ауыр атлетика федерациясын басқарған он жылдан астам уақытта біздің спортшылар талай жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ федерацияның президенті болып сайланған Гаджи Гаджиевтің алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. Ауыр атлетика бұрынғы биігіне қайта шығаратынына, спортшыларды жан-жақты қолдау дәстүрі жалғасатынына сенімдімін және бірлескен күш-жігермен жаңа биіктерге жетеміз», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/901211
Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысына жасанды интеллект жобаларын таныстырды 11.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Hub инновациялық экожүйесіне барды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект негізіндегі жобаларды көрсетті.Президент экономикада цифрландыруды жалғастырып, жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды тапсырды. Кездесуде министр Жаслан Мадиев жасанды интеллект тұжырымдамасын жүзеге асыру кезеңдері туралы баяндады.«Біздің алдымызда интеллектуалды, креативті және озық құралдармен жабдықталған технологиялық тұрғыдан дамыған қоғам құру міндеті тұр. Біз оны болашақ қоғамын қалыптастыруға бағытталған жаңа тұжырымдама ретінде «Generative Nation» деп атаймыз. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде басқа елдерде сәтті қолданылуда: мысалы, Сингапурда ақылды технологияларға бағытталған «Smart Nation» немесе Израильде инновациялық кәсіпкерлікке басымдық берілген «Startup Nation».» – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.Министрдің айтуынша, GenNation.kz негізінде үш негізгі бағыт бар: институционалдық орта, инфрақұрылымды құру және адами капиталды дамыту.Биыл мамыр айында Жасанды интеллект комитеті құрылды. Комитеттің жетекші құрамы Президенттік жастар кадрлық резервінің резервистерінен жасақталды. Шілде айында жасанды интеллектті дамытудың алдағы бес жылға арналған тұжырымдамасы қабылданды.Бұл құжат негізгі сын-қатерлерді, оларды еңсеру стратегияларын, Қазақстанның аймақтық ерекшеліктері мен әлеуетін ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған нақты шараларды қамтиды.Сондай-ақ, институционалдық ортаны дамыту аясында «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленуде.Инфрақұрылымды дамыту бөлігінде Президенттің тапсырмасы бойынша елде технологиялық инфрақұрылым белсенді түрде қолға алынуда. Бұдан бөлек, академиялық ұйымдардың бизнеспен әріптестігі арқылы министрліктің үйлестіруімен Қазақстандық суперкомпьютерлік кластер іске қосылды. Бұл кластер KazLLM дамыту және модель негізінде жасанды интеллект өнімдерін жасау үшін құрылған.«ЦДИАӨМ мен ҒЖБМ қолдауымен Назарбаев Университетінің ISSAI зертханасы KazLLM моделін қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде оқытуды аяқтады. Бұл модель ғылыми қауымдастыққа, стартаптарға және ірі корпорацияларға қолжетімді болады. Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес KazLLM тюрк тілдес кеңістікте табиғи тілді өңдеу технологияларын дамытуға бағытталған ірі жоба TurkLLM-нің негізіне айналады. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде тиісті келісімге қол қойылды», – деп мәлімдеді министр.Бұл жоба ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын құрудағы маңызды кезең және Қазақстанның аймақтағы технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайтудың дәлелі болмақ.Мемлекеттік қызметтерді трансформациялаудың басым бағыттарының бірі eGov жүйесінде жеке AI-көмекшілер құру болып табылады. Кәсіби тілде оларды AI-агенттер деп атайды. Мұндай AI-агенттер арқылы азаматтарға қайда жүгіну керектігін іздеудің немесе кезек күтудің қажеті болмайды. AI-агенттер азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер үшін пайдалы болады, ал күнделікті процестер автоматтандырылып, қызметкерлердің күш-жігерін стратегиялық маңызды міндеттерге бағыттауға мүмкіндік береді.Мұның бәрі қорғалған контурда кез келген мемлекеттік орган үшін AI-шешімдерді тез жасауға арналған Ұлттық жасанды интеллект платформасын құруға негіз болды. Бұдан басқа, экономика салаларында жасанды интеллектті қолдану бойынша жобалар іске қосылды.Бұл бағдарламалар мемлекеттік органдар мен жеке сектор кәсіпорындары үшін AI-шешімдерді қабылдау процесін жеңілдететін және жеделдететін бірыңғай әдіснаманы қалыптастырады және Generative Nation тұжырымдамасын дамытуға ықпал етеді.AI-индустриясына тұрақты кадрлар ағынын қамтамасыз ету үшін министрлік AI-қозғалысты іске қосты. Оның аясында 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту жоспарлануда. Орта және жоғары сынып оқушылары үшін TUMO және Tomorrow School базасында ойын әдістерін қолдана отырып, бағдарламалау мен жасанды интеллектке бағытталған білім беру бағдарламаларын кеңейту ұсынылады.Нәтижесінде жыл сайын 100 мың оқушы математика, бағдарламалау бойынша білімдерін жетілдіріп, креативті технологияларды үйреніп, сыни ойлау қабілеттерін дамыта алады.Бұл Tomorrow School-да келесі кезеңде оқуға қажетті таланттардың сыни массасын құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің деректерге негізделген шешімдер қабылдау құзыреттілігін арттыру үшін жасанды интеллект бойынша міндетті негізгі курсты енгізу ұсынылады. Корпоративтік сектор үшін жетекші IT жоғары оқу орындары базасында біліктілікті арттыру орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл жобалар пилоттық режимде сәтті сыналған және 2025 жылдан бастап ел бойынша кең көлемде енгізу жоспарлануда.Әр түрлі кезеңдегі AI-стартаптарды қолдау үшін Astana Hub инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар, мысалы, AI’preneurs, Google компаниясының Silk Way акселераторы, Draper University-дің Hero Training және басқа да жобаларды жүзеге асыруда. Astana Hub BigTech компаниялары үшін тартымды алаңға айналды, олардың кеңселері ынтымақтастық үшін ашылуда.AI-қозғалысының негізгі кезеңі – Президенттің тапсырмасымен құрылып жатқан Халықаралық жасанды интеллект орталығы – alem.ai болады.Alem.ai – үздік ақыл-ойлар мен озық технологиялар қоғам игілігі үшін жұмыс істейтін, адамның әлеуетін ашуға, экономиканың негізгі салаларын дамытуға және жасанды интеллектті өмірдің түрлі салаларына енгізуге көмектесетін платформаға айналады.Alem.ai Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлемдік картада орнын нығайтып қана қоймай, елдің трансформациясының символы болмақ.Осылайша, институционалдық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және адами капиталды дамыту «Generative Nation» жаңа тұжырымдамасын іске асырудың негізі болады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/901023