Спорт
Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самар ауданының әкімі лауазымына Жеңісов Серік Жеңісұлы тағайындалды.Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900546
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды 11.12.2024
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.Ол - Шығыс Қазақстанның тумасы. Өскеменде өсіп, еңбек жолын да осында бастаған. Әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарды. Ұлан ауданы аппаратының басшысы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Соңғы екі жылда Күршім ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді. Еңбек өтілі 14 жылды құрайды, оның 12 жылы мемлекеттік қызметте өтті. Сондай-ақ Алмат Талғатұлы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, оның өңірлерді дамыту саласы бойынша магистрлік дәрежесі де бар.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Алмат Ақышовтың экономика, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, оған облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамытуды қамтамасыз етуде зор жауапкершілік артылатынын атап өтті.Аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге экология мен көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарға ала отырып, қаланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар экономика, құрылыс, абаттандыру және әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды аяқтауды жүктеді.Туристік әлеуетті арттырып, облыс орталығының келбетін жақсарту үшін бизнес нысандардың бірыңғай дизайн-кодын енгізу туралы ұсыныстар дайындау тапсырылды.Сондай-ақ облыс әкімі қаланың маңызды әрі серпінді жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартып, осы және басқа да тапсырмалар жөнінде тиісті жол картасын дайындап, тез арада бекітуге ұсынуды жүктеді.- Қала тұрғындары өз ауызбіршілігін көрсетіп, Өскеменнің өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысады деп ойлаймын, - деді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/900757
Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу 11.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы 13 желтоқсанда сағат 11:00 ден 13:00-ге дейін Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу өткізіп министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды мекен-жайы: Шымкент қаласы, Түркістан к. 1 (Жастар ресурстық орталығы).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +77252 24 75 50 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/900267
Нұрдәулет Қилыбайдың Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдауы таңғы 04.15 дейін жалғасты 10.12.2024
9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының халқымен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй және жұмыспен қамту, оның ішінде мұнайгаз саласына жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерді.Қабылдауға келген тұрғындардың бірі - 2-ші топ мүгедегі баспанаға мұқтаж екенін жеткізді. Тұрғынның жағдайы ескеріліп, жатақханадан орын ұсынылды. Басқа да тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алу жолдары түсіндіріліп, қажетті кеңестер берілді.Қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да өтініштері назардан тыс қалмады. Олардың бірі қаладағы пандустардың талапқа сай еместігін айтып шағымданды. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі қала басшылығына Амал мерекесіне дейін көпшілік жүретін орындарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.Арбаға таңылған тағы бір тұрғын мал азығын дайындау кәсібін кеңейту үшін қаржылай көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай азаматқа бизнес-жоспар дайындап, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылық қолдау алуға кеңес берді. Ал жауапты мекемелерге бұл азаматқа жан-жақты көмек көрсетуді міндеттеді.Сонымен қатар, тұрғын үйлерін апаттық деп тануды өтінген бір топ азамат келді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына шұғыл түрде тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, оны апаттық деп тану немесе жөндеу қажеттілігін анықтау бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.Айта кетейік, Жаңаөзен қаласында өткен облыс әкімінің жеке қабылдауына 200-ден аса тұрғын келіп, өз өтініштерін білдірді.Тұрғындар еңбек дауы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту, газ бен жер мәселелері сияқты түрлі сұрақтарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/900098
Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді 10.12.2024
2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті.Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты.Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады.Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады.Бұл Қазақстанның ішкі және халықаралық туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898663
Қазақстанда туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді 10.12.2024
Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына:Түркістандағы «Medina Palace» қонақ үйінің құрылысы;жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту кіреді.Глемпинг алаңдары мен қонақ үйлерін құру арқылы 10 мың ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін агротуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық парктер аумақтарындағы инфрақұрылымды дамытуға арналған қонақүйлерді жіктеу жүйесін жаңарту және жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898665
Туризм және спорт министрі өңірлік спорт басқармалары басшыларымен жылды қорытындылады 10.12.2024
Елордада Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері қатысып, 2024 жылды қорытындылады.Кеңесте өңірлік спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері өз облысындағы спорт инфрақұрылымы, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ жастарды спортқа баулу мәселелері бойынша есеп берді. Сонымен қатар облыстардағы спорттың жай-күйі, қордаланған мәселелері ашық талқыға салынып, шешу жолдары ұсынылды.Министр спорттың қоғамдағы маңызы мен дене шынықтырумен айналысудың адам денсаулығы мен өмір сапасына әсерін атап өтті. Сонымен қатар ол спорт саласының дамуында кездесетін кедергілерді шешуге бағытталған нақты шараларды ашық талқылаудың қажеттігін жеткізді.Жиында спорт инфрақұрылымын дамыту, әсіресе ауылдық жерлердегі спорт алаңдарының санын көбейту, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып жаңа спорт нысандарын салу мәселелері көтерілді. Бұдан басқа, спорт саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, спортшыларды қолдау шараларын күшейту туралы да ұсыныстар айтылды.Ербол Мырзабосынов өңірлердегі спорттың жай-күйін жан-жақты талқылап, аймақ спортын дамытуға қатысты нақты қадамдарды айтты. Министр алдағы уақытта спорт саласындағы жетістіктерді арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, өңірлік басқармалардың жұмысын үйлестіру және жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды көбейту қажеттігін де атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/899323
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытынды бейнеролигі 10.12.2024
Алматыда өткен форум аясында Қытайдан келген меймандар Қазақстан туралы ойын ортаға салды. Қонақтар еліміздің бай мәдениетін, бірегей табиғи сұлулығы мен қонақжайлығын ерекше атап өтті.Форум өзара ынтымақтастықтың жаңа әлеуетін аша отырып, екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайтуда туризм саласының маңызы зор екенін тағы бір мәрте ұғындырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/899713
Объектідегі қауіпсіздік шаралары! 10.12.2024
2024 жылғы 9 желтоқсанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «ADK River» СОК персоналы үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/899466
Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу бойынша рекордтық көрсеткіш орнады 10.12.2024
Былтыр аймақ басшысы Ермек Көшербаев 2024 жылды «Жол жылы» деп жариялады. Биыл облыс бойынша 600 шақырым жол жөнделіп, рекордтық көрсеткіш орнатылды.-Жолдарды жөндеуге арналған бағыттар тек экономикалық негіз бойынша емес, өңірдегі көлік жүргізушілері мен тұрғындардың қалауы бойынша таңдалды. Облыста туристік орындарға апаратын тасжолдарды жөндеуге және қайта жаңартуға ерекше көңіл бөлінді, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.Ауылдық елдімекендер де назардан тыс қалған жоқ. Биыл алғаш рет 79 шағын ауылда 120 шақырымды құрайтын орталық көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеп, көшелерді жарықтандыру жоспарланып отыр.Осы жылы облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдар аралығында барлығы 392 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінің жағдайы жақсартылады.Сондай-ақ 2025 жылы аймақтағы ұзақ мерзімді ірі құрылыс нысандарының бірі – Өскемен – Рахман қайнары тасжолын аяқтау жоспарлануда. Бұл жол 3 ауданды байланыстырып, Қазақстанның туристік орындар қатарына жататын Катонқарағай ауданына апарады.Жол мәселесіне келгенде Шығыс Қазақстандағы ең ірі көлік-логистикалық жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының аяқталуын айта кеткен жөн. Ол бірден алты ауданды байланыстырып, тұрғындардың климаттық жағдайлар мен паром өткеліне деген тәуелділігін жойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898845
GOV.KZ 10.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898848
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды 10.12.2024
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 15-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.Қаралатын мәселелер:Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.Әртүрлі. Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898950
GOV.KZ 10.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/899202
Цифрлық даму министрі Катарға жұмыс сапарымен барып, негізгі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесті 09.12.2024
Қазақстан Республикасының Президентінің Катар Мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Mekdam Holding және Wisdom Technology сияқты Катардың ірі компанияларының өкілдерімен өнімді кездесулер өткізіп, сондай-ақ Катардың Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бин Әли бин Мұхаммед Әл-Маннаймен кездесті. Әл-Маннай мырзамен кездесу барысында тараптар цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстан GovTech саласындағы жетістіктерін таныстырып, 80-нен астам мемлекеттік деректер базасын интеграциялау, проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу және 4,6 миллион пайдаланушысы бар eGov mobile қосымшасы сияқты табысты жобаларын атап өтті. Тараптар жасанды интеллектті дамыту және оны экономиканың түрлі секторларында қолдану бойынша ортақ басымдықтарды айқындады. Қазақстан бұл салада тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Киберқауіптердің артуына байланысты тараптар деректерді және ұлттық инфрақұрылымды қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындады. Қазақстан Катардың киберқауіпсіздік жүйелерін құрудағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді. Министр Катарға Қазақстанның спутниктік топтамасын құру жобасына қатысуды ұсынды, бұл тараптарға ғылыми және қолданбалы мақсаттарда деректерді бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді. Жаслан Мәдиев катарлық серіктестерді Astana Hub жобаларына қатысуға, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ, Сауд Арабиясы мен Сингапурда құрылған халықаралық IT-хабтарының мүмкіндіктерін технологиялық стартаптарды жаһандық нарықтарда қолдау үшін пайдалануға шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы келісті. Жұмыс сапарының маңызды оқиғаларының бірі Министрдің 2024 жылғы Doha Forum аясында «Инновацияның императиві» тақырыбында сөз сөйлеуі болды. Өз сөзінде Министр GovTech саласындағы Қазақстанның жетістіктерін, соның ішінде мұқтаж азаматтарға мемлекеттік көмек көрсетуді автоматтандыратын және 3 миллионнан астам адамды қамтитын «Цифрлық отбасы картасы» жобасын атап өтті. Бұл жоба «Инклюзивті цифрлық трансформация» номинациясы бойынша GovTech Prize халықаралық сыйлығын жеңіп алды. Министр Қазақстанның табысты бастамаларын ауқымын кеңейтіп, халықаралық серіктестермен тәжірибе бөлісуге дайын екенін ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/899297
Жаңаөзенде жол салу және жөндеу бойынша 8 жоба іске асырылады 09.12.2024
Жаңаөзен қаласында тұрғындар үшін сапалы жол инфрақұрылымын құру бағытында 13 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба «Ауыл – Ел бесігі» және «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары шеңберінде қолға алынған.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Теңге, Кендірлі, Қызылсай және Рахат ауылдарында жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалар сапалы көлік қатынасын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Рахат ауылындағы және Мерей шағын ауданындағы жол құрылыстары қарқынды жүргізілуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899071
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті 09.12.2024
Бүгін, 9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Алдымен қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев Жаңаөзеннің 2024 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2025 жылға арналған негізгі жоспарлары туралы баяндама жасады.Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, қалада 2024-2026 жылдар аралығында жалпы құны 174 млрд. теңгеден асатын 13 жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның нәтижесінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Жоспарланған жобалар қатарында Бетон шығару зауыты, Жаңа газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Eni S.p.A. компаниясының бірлескен гибридті электр станциясы бар. Бұдан бөлек, 2025 жылы «KazPetroDrilling» АҚ-ның сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт және шағын құс фермасы жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.Жолаушылар тасымалы саласында биыл қала аумағында 5 қосымша бағыттар ашылып, қазіргі уақытта 10 маршрут бойынша 33 автобус қызмет көрсетуде.Сондай-ақ, Кендірлі туристік аймағын дамыту аясында киелі орындарға жаңа маршруттар ашу көзделуде. Мысалы, «Кендірлі – Темір Баба қорымы – Қауынды, Қорғанбай ойпаттары – Кендірлі-Қаясан – Адамтас – Ақсу» туристік маршруты арқылы Қарақия ауданына қарасты «Өнере бұлағы – Қарынжарық ойпаты – Булыойық үңгірі – Қызылкүп шатқалы – Боқты тауы – Сенектің құмы – Бозжыра – Бекет ата» маршрутына жалғастыру көзделіп отыр.Әлеуметтік саланы жақсарту мақсатында Кендірлі ауылында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін амбулатория пайдалануға беріледі.Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдарда 442 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бір ауыл – Бір өнім» ұлттық жобасы аясында форум мен жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алды. Нәтижесінде, екі жоба финалға шығып, олардың әрі қарай дамуына арнайы ғимарат бөлінді.Кездесуде қала тұрғындары облыс әкіміне толғандырған мәселелерін жеткізіп, шешімін күткен түйткілдерді ортаға салды. Халықтың басым көпшілігі тұрғын үй, жұмыссыздық, жол мәселесі, кәсіпкерлік, білім саласы мен үлескерлерге қатысты мәселелерді көтерді.Нұрдәулет Қилыбай көтерілген сұрақтарға жауап беріп, қала әкімі мен тиісті басқарма басшыларына мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899109
Жаңаөзенде түнде жарқырап тұратын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды 09.12.2024
Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды.Бұл арт-объект селфи үшін тартымды орын ғана емес, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды рөл атқармақ.- Домбыра - біздің тарихымыз, ұлттың үні. Ата-бабамыз ішкі күйзелісін де, қуанышын да домбырамен жеткізген. Келіннің бетін де ұлттық аспаппен ашқан. Біз Жаңаөзенді қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен мәдениеттің ошағы, білім мен өркениеттің қаласы екенін көрсеткіміз келді, дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әділет Сәми.Қазіргі уақытта инсталляция аумағына қосымша жарық шамдар қойылып, аббаттандырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899188
Министрлік қызметкерлері үшін жобаларды басқару бойынша семинар өтті 09.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп жобалық басқару мәселелері және «Битрикс» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу туралы семинар өткізді.Семинар барысында қатысушылар жобалық менеджмент саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкерлері жобалық менеджменттің барлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, жобалық қызметті енгізу бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті. Сонымен қатар, «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері «Битрикс» ақпараттық жүйесінде жобалық қызметті жүргізудің маңыздылығы туралы айтып, іске асырылып жатқан жобалар бойынша барлық қажетті ақпаратты қалай сауатты енгізу керектігін көрсетті.ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің өкілі: «Жобалық менеджмент-мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда маңызды, бұл- әр ұйымға енгізілуі қажет тұтас мәдениет. Жобалық менеджменттің принциптері мен элементтерін түсіну біздің қызметкерлерге министрліктің жобаларын уақтылы іске асыру үшін сауатты саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салаларда қандай жобалар ең өзекті болып табылатынын айқындауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.Қатысушылар мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізудің маңыздылығын талқылады. Семинар қатысушылар арасында үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформа болды. Бұл семинар министрлік қызметкерлерінің жобалық менеджмент туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/898666
Цифрлық министрліктің өкілдерді СҚО тұрғындарымен кездісу өткізді 09.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.Вице-министр Коняшкин Ростислав Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Өз сөзінде вице-министр мемлекеттік қызметтер көрсету және цифрландыру саласындағы министрліктің қызметі мен жетістіктері туралы айтты.Кездесу барысында вице-министр мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық форматта ұсынылады, оның 90,8%-ы eGov Mobile платформасында қолжетімді. Цифрлық шешімдерді интеграциялау нәтижесінде 42,3 млн қызмет проактивті форматта ұсынылды, бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға баруын қажет етпейді.Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. Сандық құжаттарды танымал ету қағаз құжаттарды пайдалануды азайтып, азаматтардың өмірін жеңілдетуде. Қазірдің өзінде 34 сандық құжат қолжетімді.«Invisible Government» тұжырымдамасы аясында бюрократиялық процестер айтарлықтай қысқартылды: рәсімдер саны 605-тен 175-ке, ал мемлекеттік органдарға бару саны 119-дан 21-ге дейін азайды.«Біз азаматтардың артық әрекетсіз қызмет алуына жағдай жасауға тырысамыз. Мысалы, бала туылған кезде, мемлекет ата-аналарды SMS арқылы құттықтайды. ЖСН, туу туралы куәлік және жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді», – деп атап өтті вице-министр.Вице-министр цифрландырудың азаматтарға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастамаларды ерекше атап өтті:800 мыңнан астам әлеуметтік маңызды қызмет цифрландырудың көмегімен көрсетілді;«Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде екі қызмет іске қосылды: тегін дәрі-дәрмек пен мектеп оқушыларына тегін тамақтану;Азаматтардың медициналық деректері енді e-Densaulyq сервисі арқылы қолжетімді.Министрліктің маңызды бағыттарының бірі – өңірлерді цифрландыру. Петропавл қаласында коммуналдық қызметтерді автоматтандыру үшін Sqoqyzmet.kz бірыңғай порталы іске қосылды, оның көмегімен 2,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтармен жедел байланыс орнату үшін 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, жыл басынан бері орталыққа 55 мыңнан астам өтініш түскен. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде: облыс аумағында 41,7 мың камера, сондай-ақ 7 SOS батырмасы орнатылған.Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ростислав Анатольевич пен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы интернетті кеңейту және оны дамыту жоспарлары туралы айтты.Сондай-ақ,вице-министронлайнрежиміндеазаматтардыжекеқабылдаудыөткізді.AstanaHub-пен өзараіс-қимыл бойынша сұраққойылды, өтінішкетиістіжауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/899108
Жаңаөзенде алғаш рет жастарға арналған «Bolashaq Sarayi» сарайы салынуда 09.12.2024
Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың дамуы мен тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ірі әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.Қазіргі таңда 350 орынға арналған заманауи «Bolashaq Sarayi» оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 3 мың шаршыметрді құрайтын бұл орталық балалар мен жастардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сарайда робототехника және бағдарламалау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, киім дизайны мен тігін ісі, қолөнер, вокал және халық аспаптарында ойнау бағыттары бойынша арнайы кабинеттер ашу жоспарланған.Аталған нысан Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспары аясында салынып жатыр.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында келер жылы Рахат ауылында жалпы ауданы 3 474 шаршыметр болатын 300 орындық заманауи мәдениет үйі салынады.Сонымен қатар, 2025 Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан заманауи коворкинг орталығы ашылады.Жаңа коворкинг орталығы шығармашылық және кәсіптік кездесулерді ұйымдастыруға арналған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Орталықта оқу және жеке жобалармен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылған. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтау жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899061