Enbekshi QazaQ

Спорт

Маңғыстау облысында жаңартылған энергия көздері қарқынды дамып келеді 24.12.2024
Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 МВт жел электр станциясы және жасыл сутегі өндірісіне бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында салынатын «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясы 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Құны 13,474 миллиард теңгені құрайтын жоба 45,5 гектар аумақты алып жатыр. Әрқайсысы 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторынан тұрады.Құрылыс барысында 120 адам жұмыс істесе, пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңаөзен қаласына жаңартылған энергия көздері гибридті электр стансасын салу көзделіп отыр.Жоба бойынша қуаттылығы 50 МВт күн электр стансасы (75 000 дана), қуаттылығы 77 МВт жел электр стансасы (11 дана), қуаттылығы 120 МВт газ поршенді электр стансасы электр энергиясын өндіреді. Құрылыс мерзімі 2024-2026 ж.ж.Сондай-ақ, облыста «жасыл» сутегін өндіру жобасы жүзеге асырылмақ. «Немістің Svevind компаниясы жүзеге асыратын жасыл сутегі өндіру жобасы аясында су тұшыту зауыты, 40 гигаватттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станциялары және қуаты 20 ГВт болатын суды электролиздеу қондырғысы салынып, жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегі немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіруге мүмкіндік береді.Жобаға 50 миллиард еуро инвестиция құйылып, құрылыс кезінде 3500 жұмыс орны ашылады, ал жобаны пайдалану барысында 1800 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Жоба 2030 жылы толық іске қосылады», - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906432
Биыл маңғыстаулық кәсіпкерлер 1 трлн.теңгенің өнімін шығарды 24.12.2024
2024 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 76,8 мыңды құрап, олармен 1 трлн.теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі жыл санап өсіп келеді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны - 147,4 мың адам, бұл өңірдегі экономикалық белсенді халықтың - 42,2% құрайды.Биыл кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 17,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1231 жобаға қолдау көрсетіліп, 411 жұмыс орны сақталды. Сондай-ақ, 373 жаңа жұмыс орыны ашылуда.Сонымен қатар, аталған бағдарламамен әлеуметтік кәсіпкерлердің 20 жобасына 100 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.«Біздің мақсатымыз – бизнеске қолайлы орта қалыптастыру, оларға ынталандыру шараларын ұсына отырып тиісті жағдай жасау. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтетін боламыз»,- деді спикер.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906436
Ақтауда 50 жыл жөндеу көрмеген жылу құбырлары жаңартылды 24.12.2024
Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жылдары 44 шақырым магистралдық жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Биыл жобаның 1-ші кезеңі бойынша тозығы жеткен 11,5 ш/қ жылу құбыры толық ауыстырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты.Сондай-ақ, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы шұғыл шаралар кешені қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен қуаты65 МВт құрайтын 9 блокты модульді жылу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар Ақтауда тұрғын үйлерге 479 автоматтандырылған жылу басқару торабы орнатылды.Аталған жылу басқару тораптары жылу энергиясын тиімді қолдануға жол береді.Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйелеріне жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жайы аймақ басшылығының қатаң бақылауында. Ақтау қаласының жылу желілерін жаңарту бойынша облыс әкімдігімен тиісті іс-шаралар атқарылуда.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906442
Биыл Маңғыстауда 18 мектеп пайдалануға берілді 24.12.2024
Биыл Маңғыстау облысында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 4 800 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 510 орындық 14 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді.Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында берген тапсырмасына сай, Ақтау қаласында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін көтеру үшін 1500 орындық «Оқушылар сарайы» қолданысқа берілді. Бүгінде заман талабына сай салынған орталықта 3500-ден астам бала тегін қосымша біліммен қамтамасыз етілуде.Сондай-ақ, демеушілердің есебінен колледж студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана ашылды. Осылайша Ақтау қаласында орналасқан колледждерде жатақхана мәселесі толықтай шешілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 13 мектептің құрылысы басталды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906446
2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болады 24.12.2024
Ақтау қаласы - Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы ретінде белгіленді. Бір жыл бойы Ақтау қаласы төрткүл дүниенің ерекше назарында болады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.Өңірде түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Мәселен, Ақтауда классикалық және халық музыкасының концерттері, фото-картина көрмелері, театр труппаларының, музыкалық және би ұжымдарының, сондай-ақ түркі әлемінің басқа да өнер өкілдерінің фестивальдері жоспарлануда.Мәдени жыл наурыз айында TURKSOY ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кеңесінің отырысымен және түркі елдері жұлдыздарының гала-концертімен ашылады.«Түркі әлемінің мәдени астанасы болу Маңғыстау өңірі үшін ұлттық салт-дәстүр мен төл өнерімізді әлемге танытып қана қоймай, аймақтың туристік әлеуетінің артуына, өңір халқының әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін тигізеді»,- деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906449
Жаңаөзенде жастарға арналған «Коворкинг» орталығы ашылды 24.12.2024
19 желтоқсан күні, Жаңаөзен қаласында жастардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына арналған жаңа «Коворкинг» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, ардагер-ұстаз Андрей Нұртаев және «ГКӘТ және ВКӘТ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Күмісбаев қатысты.Орталықтың қызметтері мен артықшылықтарын таныстыру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Жастар» орталығының міндетін атқарушы директоры Аслан Жанкелдиев кешен туралы жан-жақты ақпарат берді.«Коворкинг» орталығында подкаст түсіруге арналған студия, оқу және конференция бөлмелері, сондай-ақ ойын алаңы сияқты түрлі мүмкіндіктер қарастырылған.Шараға қатысушылар орталықтың ішін аралап, ондағы подкаст студиясын, конференция залдарын, оқу және ойын алаңдарын көріп, жастарға арналған кеңістіктің жұмысымен жақынырақ танысты.Жаңа кеңістік жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық әлеуетін дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906347
Биыл Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібі 116% өсті 24.12.2024
Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері оң нәтижеге қол жеткізді. Оның ішінде:- жалпы өңірлік өнім – 2,2 трлн.теңге немесе 100,9%;- өнеркәсіп өнімі – 2,8 трлн.теңге немесе 104,2%;- өңдеу өнеркәсібінің өнімі – 252,5 млрд.теңге немесе 116,2%;- ауыл шаруашылығы өнімі – 34,5 млрд.теңге немесе 101,6%;- тұрғын үйді іске қосу – 791,2 мың шаршы метр немесе 102,4%;- ақпарат және байланыс – 14,7 млрд.теңге немесе 105,9%;- сауда көлемі – 934,0 млрд.теңге немесе 106,8%.Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.«Облыс дамуының негізгі бағыттары - өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары болып қала бермек.Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге инвестиция тарту жұмыстары жалғасатын болады. Соңғы бес жылда өңірге 4 трлн. теңге инвестиция тартылды»,- деді спикер.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906358
Кендірлі ауылында жаңа амбулатория ашылды 24.12.2024
Бүгін 19 желтоқсан Кендірлі ауылында тұрғындар көптен күткен жаңа амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.Шараға Жаңаөзен қаласының әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының атқарушы хатшысы мен ауыл тұрғындары қатысты.Лентаны қию рәсіміне Кендірлі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есімов Хожабай және ардагер дәрігер Жалымбетов Құдайберген қатысты. Амбулаторияның құрылысын салған «СМК Атамекен» ЖШС-нің директоры Ернат Кіндібек №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Әлишер Көмековке жаңа нысанның кілтін салтанатты түрде табыстады.Мерекелік салтанатты ашып берген Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, орталықтың қызметіне сәттілік тіледі.- Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында бой көтерген бұл нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған және ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үлкен үлес қосады деп сенеміз,-деді Жансейіт Қайнарбаев.Ауысымына 50 келушіні қабылдай алатын амбулаторияның жалпы көлемі 5100 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекемеде диспансерлеу, профилактикалық тексерулер, ерте диагностика сияқты қызметтер көрсетілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/905917
Тарбағатайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды: Ербол Мырзабосынов ШҚО-да есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Жыл өткен сайын елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 305 мың адам спортпен белсенді түрде шұғылдануда. Облыстағы балалар мен жасөспірімдердің 32,7 мыңнан астамы дене шынықтыру және спортпен қамтылған.Сондай-ақ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Министр өңірде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды тексеру кезінде заң бұзу фактілері анықталғанын, жеткізушілер алдын ала іріктеусіз тегін секцияларға бару үшін кезекке жазылуына жол берілгенін атап өтті.Осыған байланысты Ербол Мырзабосынов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру кезінде өнім берушілерді іріктеуді қамтамасыз етуі қажет екенін еске салды.Шығыс Қазақстан облысында да модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы ауылдар мен қалаларда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда.«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті әкімдік Көлік министрлігімен бірлесіп Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай салу үшін орындар белгіледі. Әуежай құрылысы өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», - деді Туризм және спорт министрі.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл Мемлекет басшысы ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Бұл заң азаматтардың сауаттылығын арттыру, сапалы медициналық көмек көрсету және мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудоманиямен күресуге бағытталған. Заңда мемлекеттік және әскери қызметшілерге, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған адамдарға құмар ойнауға және бәс тігуге тыйым салу көзделген.Интернет-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланған. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер енгізу, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамаларын SMS арқылы жіберуге тыйым салу қарастырылған.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/906126
Абай облысында 249 мың адам спортпен шұғылданады: Ербол Мырзабосынов өңірде есеп беру кездесуін өткізді 24.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.Қазіргі таңда елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны 510 мың адамға өсіп, 8 миллионға жетті. Бұл – ел халқының 40,4%-ы. Ауылдық жерлерде 3 миллион адам спортпен айналысады. Ал Абай облысында бұл көрсеткіш 41,8%-ға, яғни 249 мың адамға тең. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны 24 мыңнан (12,8%) асады.«Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Абай өңіріндегі Ақсуат, Қайнар, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданында балалар спорт мектебінің жүзу бассейні пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені мен BURA жекпе-жек залы салынды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Таскескен ауылында спорт модулінің құрылысы аяқталды», - деді Ербол Мырзабосынов.Министрлік «Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер туралы бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың «электронды күнтізбесі» және объектілердің тізілімі.Министр еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасын, туристік мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін айтты. Жалпы, облыста туристік бағытта ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Ibis Elimai Semey Hotel 4 жұлдызды қонақ үй кешенінің, Silkway қонақ үйінің, туристік объектілердің, этноауыл туристік кешенінің, Eastwood Resort қонақ үйінің құрылысы жүріп жатыр.Алакөл көлінің курорттық аймағы бағытында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған.Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мың адамға дейін азайту жоспарлануда.Құмар ойындардан өзін шектеу қызметін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда 170 мыңнан астам адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға өз еркімен қатысуын шектеді. Бұған дейін азаматтар 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын еді. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/905320
Ербол Мырзабосынов Абай ауданындағы спорт нысандарын аралап, жаттықтырушылармен кездесу өткізді 24.12.2024
Абай облысына жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Министр өңірдің спорт инфрақұрылымын жақсарту және дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды көрді.Ербол Мырзабосынов ең алдымен 2020 жылы пайдалануға берілген «Арена» мәдени-спорт кешеніне барды. Бұл кешенде балаларға баскетбол, футбол, теннис, су поло және жүзу сияқты спорт түрлерімен еркін айналысуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда заманауи жабдықтар, кең әрі ыңғайлы алаңдар бар, бұл балалардың спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік береді.Сондай-ақ өңірдегі жаттықтырушылармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жергілікті мамандардың жұмыс шарттары мен мәселелерін назарға алды.Министр жаттықтырушылармен кездесуде олимпиадалық резервті даярлау мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселе Қазақстанда жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға кедергі келтіруде. Министр мәселені шешу үшін болашақта арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру қажеттігін айтты.Бұдан бөлек, ол жаттықтырушылардың біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, оларды үздіксіз білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Спорттық медицина саласына да көп көңіл бөлінуі керектігін, оның спортшылардың денсаулығын сақтау және тиімді жаттығу процесін ұйымдастыру үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізді.Бұдан әрі министр Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мұнда балалар бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, велоспорт, таэквондо (WT, I.T.F), спорттық және жауынгерлік самбо, сондай-ақ волейбол секілді спорт түрлерімен айналысады.«Қазіргі таңда Абай облысында жазғы және қысқы олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық та арта түсуде. Қыркүйек айында елордамызда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткенін жақсы білесіздер. Абай облысының спортшылары 3 алтын және 2 күміс медальді еншіледі. Келесі жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі – Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындары. Бүгінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Соның ішінде Абай облысынан 4 спортшы, атап айтқанда биатлоннан – 2, шаңғы жарысынан 2 спортшы қатысады», - деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/905671
Алматыда Digital Almaty Халықаралық цифрлық форумы жетінші мәрте өтеді 24.12.2024
Алматыда 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Digital Almaty 2025: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты халықаралық цифрлық форумы өтеді.Жетекші халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің инновациялық даму келешегі мен цифрлық күн тәртібін талқылау үшін ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. VII форум аясында Industry 4.0 AI Battle – жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс, ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, ақпаратты бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.Digital Almaty-2025 өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Industrial AI әлеуетін күрделі өндірістік тізбектерді автоматтандыру, болжау және оңтайландыру үшін қолдану өнеркәсіп секторын интеллектуалды басқаруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Цифрлық әлеммен таныстыратын екікүндік шараға 40 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде.«VII Digital Almaty жасанды интеллектті өнеркәсіптік экожүйелерге; экономика мен қаржыға; ESG-ге; медицинаға, білімге және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Яғни, форум алаңында «ақылды» фабрикаларды дамытуды, Industry 4.0 шеңберінде жаңғырту мен автоматтандыруды қоса алғанда, өндірістерді трансформациялауға болатын AI-шешімдер ұсынылатын болады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty өткен жылы өз алаңында 300-ден астам спикердің басын қосты. Басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық бар. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел. Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істеді.Digital Almaty-2024 алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.Форумның соңғы күні Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.Еске сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.Толық ақпарат алу және тіркелу үшін DigitalAlmaty.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығыӨтетін күні: 31 қаңтар - 1 ақпан, 2025 жылБАҚ өкілдерін аккредиттеу: Ләззат Сағындықова +77017776917, media@almatydigital.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/904548
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады 24.12.2024
Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/904454
Қазақстанның шахматшылары Словенияда 10 медаль жеңіп алды, соның 2-і – алтын 24.12.2024
Терме Чатеж қаласында (Словения) өткен U14–U18 жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні Қазақстанның жас шахматшылары 10 медаль жеңіп алды соның 2-і – алтын (Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов).«Осы жыл шахмат сүйер қауымды жағымды жаңалықтарымен қуантуды жалғастыруда. Бізде рекордтық медаль саны бар, оның көпшілігін жап-жас балалар жеңіп алды. Жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында да осындай нәтижеге қол жетіп, спортшыларымызды мақтан тұтуымызға жаңа себеп пайда болды. Біздің қоржынымызда 10 медаль бар. Шахматшыларды, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарын осынау тамаша нәтижемен құттықтаймын. Бұл үлкен спорттық сапардың басы ғана екеніне кәміл сенемін», - деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.U14–U18 жастар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына (FIDE World Youth Rapid & Blitz Championships 2024) 36 елдің 320-ға жуық жас шахматшысы қатысты. Қатысушылардың арасында 1 гроссмейстер (GM), 4 халықаралық шебер (IM), әйелдер арасындағы 1 халықаралық шебер (WIM), 37 ФИДЕ шебері (FM) және әйелдер арасындағы 16 ФИДЕ шебері (WFM) бар.KazChess/Қазақстан шахмат федерациясына 16 жас шахматшы өкілдік етеді. Чемпионатты қабылдаушы ел (115) және оның еуропалық көршілері ғана – хорваттар (33), поляктар (22) мен словактар (19) көбірек қатысушы жіберді.14–15 желтоқсанда жарысқа қатысушылар 15+10 рапидте швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнап, жүлдегерлерді анықтады. Қазақстан шахматшылары 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:G14: 1. WCM Данг Лесуан Хьен (Вьетнам, 1908) – 9 ұпай; 2. Әсия Асылхан (1728) – 8½; 3. WFM Елназ Қалиахмет (2162) – 8½; 4. WFM Айару Алтынбек (1966) – 7½; 11. WFM Диана Тыныштық (1778) – 6½ ұпай.G16: 1. Нгуен Бинь Ви (Вьетнам, 1896) – 9½ ұпай; 2. Алёна Волчкова (FID, 1939) – 9; 3. WCM Дениза Құрманалина (1714) – 8 ұпай.G18: 1. WFM София Блохин (Эстония, 2050) – 8 ұпай; 2. WIM Әмина Қайырбекова (2257) – 8; 3. WFM Елизавета Дорохина (FID, 2018) – 8; 7. WFM Кристина Попандопуло (1835) – 6½ ұпай.O14: 1. IM Дау Хуонг Дуй (Вьетнам, 2306) – 9½ ұпай; 2. FM Ховард Хауг (Норвегия, 2370) – 9; 3. Нгуен Нам Кьет (Вьетнам, 2106) – 8; 10. Әлтайыр Қажымұратов (2038) – 7½; 14. FM Артём Богданов (2222) – 7½; 27. Ақылжан Мейірханұлы (1991) – 6½; 36. CM Әлихан Қажатұлы (1970) – 6 ұпай.O16: 1. FM Матиц Лавренчич (Словения, 2204) – 8½ ұпай; 2. FM Мирас Асылов (2127) – 8½; 3. IM Даниял Сәпенов (2344) – 8; 7. FM Иманғали Ақылбай (2099) – 7½; 18. CM Әлихан Дәулет (2088) – 6½ ұпай.O18: 1. GM Пранав Венкатеш (Үндістан, 2497) – 9½ ұпай; 2. FM Александр Хрипаченко (FID, 2310) – 9; 3. FM Роман Пырих (Украина, 2313) – 7½; 22. FM Темір Кеңпейілов (1991) – 5½ ұпай.16 желтоқсанда қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнап, блиц 3+2 бойынша жүлдегерлерді анықтайды.16 желтоқсанда жас шахматшылар блицтен 3+2 марафон дистанциясы –швейцариялық жүйе бойынша 22 турдан өтті (қарсыластар екі партиядан – ақ және қара түспен ойнады). Қазақстан шахматшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды:G14: 1. WFM Елназ Қалиахмет (2078) – 16 ұпай; 2. WCM Данг Лесуан Хьен (Вьетнам, 1888) – 16½ ұпай; 3. Хюинь Фукминь Фуонг (Вьетнам, 1767) – 14; 4. WFM Айару Алтынбек (1788) – 14; 11. Әсия Асылхан (1784) – 12½; 15. WFM Диана Тыныштық (1717) – 11½ ұпай.G16: 1. WFM Нгуен Нгок Хьен (Вьетнам, 2035) – 15 ұпай; 2. Нгуен Бинь Ви (Вьетнам, 1911) – 15; 3. WFM Юджиния Карас (Англия, 1818) – 15; 18. WCM Дениза Құрманалина (1698) – 11½ ұпай.G18: 1. WFM Елизавета Дорохина (FID, 2005) – 17½ ұпай; 2. WIM Әмина Қайырбекова (2144) – 16; 3. WFM Весна Михелич (Словения, 1934) – 15½; 6. WFM Кристина Попандопуло (1828) – 12½ ұпай.O14: 1. IM Дау Хуонг Дуй (Вьетнам, 2363) – 18 ұпай; 2. FM Николай Аверин (FID, 2509) – 17½; 3. FM Генри Эдвард Тудор (Румыния, 2172) – 16½; 11. FM Артём Богданов (2026) – 14; 12. CM Әлихан Қажатұлы (1938) – 14; 35. Әлтайыр Қажымұратов (2019) – 12½; 36. Ақылжан Мейірханұлы (1969) – 12 ұпай.O16: 1. IM Даниял Сәпенов (2338) – 16½ ұпай; 2. Никита Калинин (FID, 2257) – 16; 3. FM Мирас Асылов (2138) – 16; 9. FM Иманғали Ақылбай (2116) – 14; 14. CM Әлихан Дәулет (2046) – 13 ұпай.O18: 1. GM Пранав Венкатеш (Үндістан, 2572) – 19½ ұпай; 2. Дмитрий Мочалов (FID, 2384) – 15½; 3. FM Александр Хрипаченко (FID, 2387) – 14½; 19. FM Темір Кеңпейілов (2055) – 11½ ұпай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/904473
Маңғыстау облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу 24.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Олжабеков Малик Серикович 20 желтоқсанда сағат 16.00-де Маңғыстау облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізеді және сағат 17:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7292462111(1087) (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/904408
Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! 24.12.2024
2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 10.00-ге жоспарланған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы 2024 жылғы 20 желтоқсанға сағат 10.00-ге ауыстырылды.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады. Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/904071
Шетпелік 8 отбасыға пәтер кілті табысталып, өнерпаздар мен коммуналдық мекемеге жаңа көлік кілттері берілді 17.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау ауданы мәдениет үйінің өнерпаздарын тасымалдайтын шағын автобус пен коммуналдық мекемеге су таситын көліктің кілттері табысталды.Сонымен қатар, шетпелік 8 отбасыға Қосбұлақ-2 елді мекенінен су жаңа баспана берілді. Жаңа қоныстанушылар арасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мүгедек бала тәрбиелеушілер, толық емес және көп балалы отбасылар бар.Пәтер кілтін табыстауға арналған салтанатты шараға Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Сегізбай Әнес қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.-Мемлекет басшысының тапсырмасына сай үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Міне бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауданымызда қуанышты жағдай орын алып, тұрғындар жаңа үйдің кілттерін алуда. Биыл Қосбұлақ-2, Жаңаорпадан 52 отбасыға, Сайөтестегі апатты үй тұрғындарынан 12 отбасыға тұрғын үй салынды. Алдағы уақытта Шетпе-1-дегі ғимарат тұрғын үйге лайықталып жөнделген соң тағы 26 отбасыға баспана беріледі, - деді аудан әкімі Ғалымжан Ниязов.Айта кетсек, 7 желтоқсан күні Сайөтес ауылындағы 12 отбасыға баспана берілген болатын. Жыл аяғына дейін тағы 46 пәтер беріледі. Осылайшы, биыл Маңғыстау ауданының 64 тұрғыны жаңа пәтерде жаңажылды қарсы алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903504
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 17.12.2024
Құрметті отандастар!Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903505
Тұрғындардың өтініші жауапсыз қалмайды 17.12.2024
12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау тұрғындарымен кездесуінде 9 шағын аудан №18 үйдің тұрғыны шатырдан пәтеріне су ағатынын айтып, оны жөндеп беруді сұраған болатын.Тұрғынның өтінішіне сәйкес, бүгін, 16 желтоқсан күні қала әкімі Әбілқайыр Байпақов аталған үйге барып, жағдаймен танысты. Осы тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме өкілі шатырды жөндеу жұмыстарын 19 желтоқсан күні аяқтайтынын жеткізді.- Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы халықпен кездесуде, жеке қабылдауда айтылған тұрғындар сауалы мен өтініштерін жауапсыз қалдырмауды тапсырған болатын. Қазір әр өтініш бойынша мәселені зерделеп, мүмкіндігінше оң шешілуіне жұмыстанып жатырмыз. 19 желтоқсан күні осы үйге келіп жасалған жұмыстардың орындалысын қараймыз. Барлық мәселе өз бақылауымда болады., - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903506
Ақтау әкімі халықпен кездесуде көтерілген мәселе ізімен 10-шы шағын ауданға барды 17.12.2024
Бүгін, 16 желтоқсан күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.12 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен тұрғындармен кездесуде 10-шағын аудандағы «Ботаникалық бақ» ТҮК тұрғыны үй маңына кірме жол мен көлік тұрағын салып беруді сұраған болатын. Тұрғындар кірме жол және көлік тұрағын салу бойынша арнайы жобаны да жасақтаған. Қала әкімі аталған кешеннің тұрғындарымен кездесіп, көлік тұрағы мен кірме жолды ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп қарастыру қажеттігін айтты.-Алдымен аталған жерге көлік тұрағы мен кірме жол ұйымдастыруды мамандармен бірлесіп зерделеуіміз қажет. Бәлкім тек кірме жолды немесе барлығын көлік тұрағы қылмай, бір аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізген жөн болар. Барлық мәселелерді арнайы жиналыста тұрғындармен және жауапты мамандармен бірге талқылау қажет, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903507