Цифрлық даму министрлігі Қостанай облысының әкімдігінде кибергигиена бойынша оқыту өткізді
29.11.2024 23:12:28 1628
ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру басқармасы және "Astel" АҚ бірлесіп киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелеріне арналған семинар өткізді.
Киберқауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыруға арналған бұл оқыту мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасы аясында өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар сыртқы және ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті қатерлерді талқылады. Сарапшылар деректерді қорғау жүйесіндегі негізгі элемент ретінде кибергигиена принциптерін сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, ақпаратты қорғаудың практикалық нұсқаулары мен стратегияларымен бөлісті.
Іс-шараға облыстық басқармаларды, қалалар мен аудандардың әкімдіктерін, АКИАМО-ларды қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің 70-ке жуық өкілі жиналды.
«Кибергигиена – бұл ережелер жиынтығы ғана емес, бұл әр ұйымға енгізілуі керек тұтас мәдениет. Тәуекелдерді түсіну және олардың алдын алу әдістерін білу қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың негізі болып табылады», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.
Сонымен қатар, қатысушылар кибергигиена мен қызметкерлердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығын талқылады. Семинар киберқауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және мемлекеттік мекемелерде ақпаратты қорғауды жақсартуға мүмкіндік беретін қатысушылар арасында тәжірибе мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформаға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/893285