Спорт
Маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеев "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды 18.11.2024
Президент Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеевті "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.Бұл мерекеде елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегімен отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі зор бір топ сала өкілдеріне наградалар табысталып, еңбек адамдарының еңбегі еленіп, құрметке бөленді.Ауыл шаруашылығын дамытып, орден таққан ауыл адамдарының қатарында Бейнеу ауданының шопаны Дәлубай Төлеев те бар. Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында "Дәлубай" шаруа қожалығын басқарып отырған Дәлубайға ауыл шаруашылығы саласының III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885128
Jibek Joly туристік пойызы Түркістанға келді 17.11.2024
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Jibek Joly туристік пойызымен алғашқы сапарға шыққан саяхатшыларды қарсы алды. Туризмді дамыту мен мәдени алмасу мақсатында қолға алынған жаңа маршрут 115 саяхатшыны қабылдады.Алғашқы рейстің жолаушылары Түркістанда бір күн, Өзбекстан астанасы Ташкентте екі күн өткізеді. Туристерге ыңғайлы болу үшін кәсіби гидтермен экскурсия ұйымдастырылып, жайлы автобустар ұсынылды.Jibek Joly туристік пойызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, туризмді дамыту стратегиясы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн. Жоба жаңа бағыттарды ашуға, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және азаматтар үшін саяхаттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884557
18-24 қараша аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі 17.11.2024
🔹16-21 қараша – Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатыЖарысқа еліміздің барлық облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 50 спортшы қатысады.📍Өтетін орны: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.🔹12-20 қараша – Фристайл-могулдан халықаралық турнирЕл құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.📍Өтетін орны: Идре қаласы, Швеция.🔹14-22 қараша – Боччадан халықаралық челленджер жарысыТурнирге Қазақстан құрамасы қатысады.📍Өтетін орны: Манама қаласы, Бахрейн.🔹11-19 қараша – Киберспорттан әлем чемпионаты110-нан астам елден 600 спортшы жарысқа қатысады. Қазақстан құрамасынан 15 спортшы бақ сынайды.📍Өтетін орны: Эр-Рияд қаласы, Сауд Арабиясы.🔹11-20 қараша – Шахматтан Қазақстан Республикасының кубогі (финал)Турнирге еліміздің 17 өңірінен 130 спортшы қатысады.📍Өтетін орны: Алматы қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884558
Ербол Мырзабосынов дзюдодан ел чемпионатының ашылу салтанатына қатысты 17.11.2024
Дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.Министр Қазақстандағы дзюдо спортының дамуына, қазіргі аяқ алысына көңілі толатынын жеткізіп, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортқа ерекше қолдау көрсетуде. Қазақстандағы дзюдоның қазіргі аяқ алысы жаман емес. Бұл сөзімізге Парижде өткен Олимпиада мен Паралимпиададағы дзюдошылардың жарқын жетістіктері дәлел. Елдос Сметовтың алтын жүлдесі мен Ғұсман Қырғызбаевтың қола медалі барша қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйлады. Оның үстіне Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін иеленді. Осының бәрі біздегі дзюдоның дұрыс жолда келе жатқанын көрсетеді. Жас дзюдошылар да жаһандық жарыстарда ерекше жетістіктерімен көзге түсіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Спортшылардың дүбірлі додаларда топ жаруы, жүлдегер атануы – біз үшін зор мақтаныш», – деді Ербол Мырзабосынов.Ел біріншілігінің ашылу салтанаты аясында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке есімі алтындатылған жапсырманы табыстады.Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысуда. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/884540
Ойын бизнесін және лотереяны реттеукомитеті қаржылық міндеттемелерінорындамаған борышкерлерге хабарлайды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енген азаматтардан түскен өтініштер жиілеп кетті. Өтініштердің негізгі мазмұны бәс тігу бойынша ақшалай қаражатты қайтару және букмекерлерге қатысты тексеру жүргізуге қатысты.Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты жоспардан тыс тексеруге жеке тұлғаның заң бұзушылық туралы өтініші болса, тиісті дәлелдер мен негізді айғақтар ұсынылуы қажет.«Комитетке өтініш берген кезде бәс тігу фактісін растайтын материалдар (мысалы, бәстігу тарихы, жеке кабинет скриншоттары және т.б.) қоса берілуі тиіс. Тиісті материалдар болған жағдайда, Комитет өтініштің мән-жайын зерттеп, заң бұзушылық жасаған ойын бизнесі ұйымдастырушыларына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесін қарастырады.Сонымен қатар Комитет Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес, ешкімнің заңсыз әрекеттерден пайда табуға құқығы жоқ екенін еске салады. Бұл ереже борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғалардың өтініштерін зерделеу кезінде ескеріледі», – деді Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаев.Іс жүзінде, кейбір азаматтар тыйым салынғанына қарамастан, құмар ойындарға қатысуға тырысады. Мәселен, олар үшінші тұлғалардың шоттарын қолдана отырып немесе бәс жасалғаннан кейін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы өзін-өзі шектеу тізіліміне тіркеледі.Мұндай азаматтар ұтылған жағдайда ойын бизнесі ұйымдастырушыларына ұтылған қаражатты қайтару туралы шағымданады, бірақ ұтысқа ие болған жағдайда ешқандай шағым жазбайды.Комитет мұндай жағдайларда жауапкершілік борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегі өзінің мәртебесі туралы білетін құмар ойындарға қатысушыға да, сондай-ақ мұндай адамды тиісті тексерусіз ойынға қатысуға жіберген ойын бизнесі ұйымдастырушысына да жүктелетінін атап көрсетеді.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы шілдеде қабылданған «Құмар ойындар туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, міндеттемелерін орындамаған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген азаматтарға құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынады.🔺Тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады: www.aisoip.adilet.gov Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/883910
Ербол Мырзабосынов Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогына қатысты 16.11.2024
Елордада Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогы өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай туризм академиясының президенті (China TourismAcademy), профессор Дай Бин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы делегациясының туристік өкілдері қатысты.Министр аталған іс-шараның маңызына тоқталып, ашық бизнес-диалог қатысушылар үшін тиімді алаңға айналатынына әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Оның алдында екіжақты визасыз режимнің орнатылғаны мәлім. Нәтижесінде Қытайдан келетін қонақтардың саны 20 есе өсіп, 367 мыңға жетті. Ал биылғы 10 айда қытайлық туристердің саны жарты миллионнан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға көп. Осылайша, Қытай Қазақстанға келетін туристер саны бойынша ТОП-5 елдің қатарына кіріп отыр. Сондай-ақ әуе қатынастары да ұлғайды. Қазақстан мен Қытай арасында 42 тұрақты тікелей және 7 чартерлік рейс орындалады», – деді Ербол Мырзабосынов.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында екі елде 30-ға жуық іс-шара өткізілді. Оның ішінде Қазақстан қалаларының туризм және мәдениет күндері, ірі көрмелер мен форумдар, сондай-ақ мәдени және B2B іс-шаралар бар. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу екі елдің дамуы мен мемлекетаралық деңгейде достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Іс-шара соңында тараптар Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысын 2024 жылғы 27 қарашада Алматыда өтетін салтанатты жабылу рәсімінде жан-жақты талқылауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/883625
Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады 16.11.2024
Қазақстанда «Жібек жолы» атты жаңа теміржол туры іске қосылады. «Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы» бағыты бойынша алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қарашасында жолға шығады.Төрт күнге халықаралық теміржол туры туристерге ежелгі қалалардың атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттауға мүмкіндік береді. Маршрут Түркістан мен Ташкенттің басты көрікті жерлерін қамтиды. Туристерге ыңғайлы болу үшін тур бағдарламасында гид қызметі, тамақтану, көлік қызметі және кіру билеттері қарастырылған.«Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елді байланыстыратын ерекше теміржол туры іске қосылмақ. Аталған тур біздің азаматтарымыз бен елдеріміздің мәдени байлығы мен тарихи мұрасына қызығушылық танытатын шетелдік туристер үшін ыңғайлы әрі қолжетімді болмақ. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мен туризмді дамытудағы маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.Сондай-ақ саяхатшылар Орталық Азия аумағындағы ең көне қалалардың бірі – Отырар қаласымен таныса алады. Тур бағдарламасына Арыстан-баба кесенесіне, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне, Орталық Азиядағы өз кезегінде ең үлкен «Керуен-Сарай» туристік кешеніне бару кіреді. Ташкенттегі тур аясында қаланың тарихи нысандарымен ғана емес, сонымен қатар заманауи дамуымен де танысуға болады.Халықаралық турды «Tau Komek Travel», «Тұран Қазақстан Тревел», «Grand Soluxe Travel Company», «SkyWay Travel», «Kompas», «KhanTuran Travel» компанияларымен бірлесіп «Жолаушылар тасымалы» АҚ іске асырады. Ал «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ маршруттың халықаралық деңгейде насихатталуына қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/883121
Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен жас боксшылармен кездесті 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, жас былғары қолғап шеберлері мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Рауан Игенев, Бокстан ҚР жастар әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Жанкелді Ахметов, бокстан ҚР жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Мақсат Бақтыбазаров және әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Министр жас боксшылардың әлем чемпионаттарындағы табысын ерекше атап өтіп, еліміздің болашағы үшін бұл жеңістің маңызы зор екенін айтты.Сондай-ақ спортшылардың жарқын жеңісі халықаралық аренада еліміздің абыройын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа даүлгі-өнеге екенін жеткізді.«Жас спортшылардың әлем чемпионаттарында топ жаруы – үлкен жетістік. Бұл жеңіс ел боксшыларының бұған дейінгі жетістіктерінің заңды жалғасыекендігін көрсетеді. Сондай-ақ әлемге біз Қазақстан құрамасының жаңа, жұлдызды буынының өсіп келе жатқанын дәлелдедік. Жастар – біздің үмітіміз, еліміздің жарқын болашағы. Боксшыларымыз өздерінің еңбекқорлығы, таланты мен талабының арқасында әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтаты. Олардың жетістіктері жаңа буынға үлгі-өнеге болады. Жас боксшыларымыздан болашақта одан да жоғары нәтижелер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал АҚШ-тағы әлем чемпионатында біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882844
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары елордадағы спорт нысандарын аралады 16.11.2024
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері елордадағы спорт нысандарын аралады. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев депутаттарды нысандардың жұмысымен таныстырды.Сенаторлар ең алдымен Астана қаласы әкімдігінің «№5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мектептің спортшыларды даярлау жағдайымен танысты. Білім ордасында балалармен жасөспірімдер гандбол, волейбол және баскетбол сияқты олимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығады. Қазіргі таңда мұнда 600-ге жуық бала білім алып жатыр. Оларды 30 жаттықтырушы жаттықтырады.Сонымен қатар Сенат депутаттары мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығын аралады. Мұнда бір күнде 300-ге жуық параспортшы жаттыға алады. Сондай-ақ ғимаратта көп салалы жүгіру жолағы, 150 адамға арналған киім ауыстыратын және дәрігерлер бөлмесі бар. Орталық Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға үлкен қолдау көрсетеді. Кездесу барысында спортшылар сенаторларға ұсыныстарын жеткізді.Одан әрі депутаттар елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүріп жатыр. Бұл кезеңде университет ғимараты, атап айтқанда, конференц-зал, әкімшілік блок, дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана салынады. Сонымен қатар студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушыларға арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы бой көтереді.Сенат депутаттары еліміздегі спорттық инфрақұрылымды жақсартуға қатысты пікірлерімен ұсыныстарын ортаға салды.Атап айтқанда, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, оқу-жаттығу жүйесін жақсарту, сондай-ақ спорттық кадрлар даярлау мен оларды халықаралық деңгейге шығару мәселелері сөз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882819
Бірқатар маңғыстаулық азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды 16.11.2024
13 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады.«Парасат» орденімен еңбек ардагеріБектұр Төлеуғалиев, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Қосай Жұбаниязов, жеке кәсіпкер Гүлмира Қуаншалиева марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі «Бұрғылау» ЖШС еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Тұрған Ахметоваға,«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахмановқа, «Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры» МКҚК әртісі Майра Бақбердиеваға, еңбек ардагері Өрендік Нұрбердіхановқа табысталды.«Шапағат» медалімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшысының орынбасары Жолдасбек Есжанов марапатталды.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай марапат иелерін құттықтап, азаматтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.- Егемен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл марапат — сіздердің көп жылғы еңбектеріңіздің, елге деген адал қызметтеріңіздің нәтижесі. Сіздердің табыстарыңыз баршамызға үлгі. Марапаттарыңыз құтты болсын, әрі қарай да жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, 25 қазан - Республика күніне орай өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 42 маңғыстаулық ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/882683
ШҚО-да интернет-алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы тіркелді 16.11.2024
ШҚО-да 2024 жылдың басынан интернет-алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы тіркелді. Бұл туралы ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрай Арыстанбек ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.- Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да өз әрекеттерін жетілдіріп, олардың қолданатын әдістері күрделене түсуде. Ең кең таралған әдістерге банктер мен коммуналдық қызметтердің қызметкері ретінде өзін таныту, мемлекеттік органдардың атынан хабарласу және зиянды сілтемелер арқылы мессенджерлерді бұзу кіреді, - деді Нұрай Арыстанбек.Интернет-алаяқтықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі — алдын алу шараларын жүзеге асыру. Сондықтан өңірде ақпараттық-профилактикалық іс-шараларға басымдық беріліп отыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмыспен күресу бағдарламасына сәйкес, облыста жыл сайын жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, ағымдағы жылы 12-14 қараша аралығында бүкіл ел аумағында «Анти-Фрод» жедел профилактиқалық іс шарасы өткізіледі.Сонымен қатар, өңірде «Стоп-алаяқ» профилактикалық іс шарасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда бұл іс-шараның үшінші кезеңі өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, интернет-алаяқтықтың түрлері туралы ескертулер жасап, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпарат таратуда. Сондай-ақ, облыс және Өскемен қаласы әкімдіктерімен бірлесіп ақпараттандыру бойынша медиажоспар әзірленді.Бүгінгі күні қылмыстарды тиімді тергеу үшін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанынан киберқылмыстарды ашумен айналысатын арнайы «Киберпол» бөлімі құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/882535
Маңғыстауда алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті 16.11.2024
Бүгін, 13 қараша күні Маңғыстау облысында алғаш рет «AMANAT» партиясының бастамасымен ауыл әкімдерінің форумы өтті.Форумның мақсаты – елдегі саяси реформалардың, ауыл халқының сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы жобалардың орындалуын, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді ашық талқылау, оны шешу жолдарын қарастыру. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Жәнібек Шәйдікерім және барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, облыстық басқарма басшылары, «AMANAT» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары қатысты.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды шаралар барлық деңгейдегі әкімдердің өзара байланысын нығайтуға, тәжірибе алмасып, шалғай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтты.- Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтып келеді. «AMANAT» партиясы осы бастамаларды іске асыруда белсенділік танытып, оларды Үкімет және әкімдіктермен бірлесе отырып жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы облысымызда 165 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың іске асуына ауыл әкімдері өз үлестерін қосты деп есептеймін. Сондай-ақ, Президент 2022 жылғы сайлаудан кейінгі алғашқы Жарлығында ауылды дамыту мәселесін көтеріп, халықтың 40 пайызы ауылда тұратынын ескере отырып, Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай ауыл әкімдеріне көптеген мүмкіндіктер қарастырылуда. Бүгінгі «AMANAT» партиясынан сайланған ауыл әкімдерінің форумы да әкімдік пен партия арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі деп есептеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Өз кезегінде «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев елді мекендегі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық ахуалды арттыру мақсатында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының мазмұнына, сонымен қатар партияның алдағы жоспарына тоқталды.Форум әрі қарай Онды, Кендірлі ауылдары және Бейнеу ауданы әкімдерінің баяндамасымен жалғасты.Жалпы Маңғыстау облысында 47 ауыл әкімі бар болса, оның ішінде 43-і «AMANAT» партиясының атынан сайланған. Ауыл әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, ауыл халқының әлеуетін арттыруда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған 2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауы тың серпін сыйлағаны анық.Форумның екінші бөлігі секциялық жұмыс пен семинар-тренингпен жалғасты. ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық» тақырыбы бойынша тренинг жүргізді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/882401
2024 жылғы 20 қарашада облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді. 16.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 18 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/882239
Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта еліміздің спорт саласында жаңа іріктеу жүйесін енгізу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, басым спорт түрлері олардың әлемдік рейтингтері негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командаларының көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелетін болады. Бұл өзгеріс Қазақстанның спорттық құрамаларын дайындаудағы басымдықтарды нақтылайды және халықаралық деңгейдегі нәтижелерге негізделген жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің спортшыларын халықаралық ареналарда бәсекеге қабілетті ету үшін нақты және нәтижеге бағытталған саясат жүзеге асырылмақ.«Бұл заң жобасы спорт саласындағы жаңашылдықтарды енгізуді, тиімділікті арттыруды және Қазақстанның спорттық құрамасының халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарындағы нәтижелерді басты бағдар ретінде алып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы спортты дамыту жүйесін жетілдіріп, Қазақстанның әлемдік спорт аренада озық жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882222
Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту бойынша заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасын әзірлеу барысында бірнеше маңызды мәселелер мен нақты статистикалық деректер негізге алынды. Қазақстанда қазірдің өзінде 180-нен астам спорт түрі дамуда. Алайда жыл сайын тек 13 жазғы және 5 қысқы Олимпиадалық спорт түрінен ғана медаль жеңіп алынады. 2018 жылы еліміздің спортшылары 370 медаль жеңіп алса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 105 медальға дейін төмендеген. Бұл жағдай спортшыларды даярлау жүйесіндегі бастапқы кезеңдер мен жоғары жетістіктер спортына дейінгі аралықтағы жетіспеушіліктердің нәтижесі деп бағаланады. Сондай-ақ, жыл сайын Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мектеп-интернаттардың шығындары өсіп келеді, оның ішінде олимпиадалық емес спорт түрлеріне жұмсалатын қаражат көлемі үлкен үлесті құрайды. 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 миллиард теңге бөлінген, бірақ оның 72 пайызы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған. Жағдайды жақсарту үшін Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеді. Өзбекстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Норвегия елдерінің тәжірибесі заң жобасының негізіне алынды. Заң жобасы аясында жоғары жетістіктер спортына жататын спорт түрлерін нақты шектеу ұсынылады. Жаңа жүйе бойынша, тек Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт түрлері ретінде қабылданады. Олардың ішінде медаль алған спорт түрлері басым спорт түрлеріне қосылып, республикалық және жергілікті деңгейде бірінші кезекте қаржыландырылады. Бұл шаралар еліміздің спорт саласын тиімді басқаруға және шектеулі ресурстарды мақсатты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. «Аталмыш өзгерістерді енгізу арқылы біз елімізде спортты дамытуға жаңа серпін беруді көздеп отырмыз. Қаржыландыруды нақты бағытта және нәтижелі спорт түрлеріне шоғырландыру арқылы Қазақстанның әлемдік аренада озық жетістіктерге жетуін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздің спорттық жүйесін оңтайландырып, жоғары жетістіктерге жету үшін дұрыс қаржылық стратегияны қалыптастыруға жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882234
Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта еліміздегі жергілікті, өңірлік және республикалық спорт федерациялары жеке субъектілер ретінде әрекет етеді және бір-біріне бағынбайды. Бұл жағдай спортты дамытудағы тәуелсіз саясат жүргізуге, мүдделер қақтығысына және жауапкершіліктің бұлыңғырлығына әкеп соғуда, нәтижесінде спорттың дамуы баяулап отыр. Ұсынылып отырған жаңа модель жергілікті федерациялардың аккредиттелген республикалық (немесе өңірлік) спорт федерацияларына бағынышты болуын көздейді. Бұл өзгеріс спортты дамыту саласындағы басқаруды орталықтандыруды, тиімділікті арттыруды және жауапкершілікті айқындауды мақсат етеді. «Бұл заң жобасы спорт саласындағы басқару жүйесін ретке келтіріп, еліміздегі спортты дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз. Біз әртүрлі деңгейдегі федерациялардың үйлесімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға тырысамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжат қабылданған жағдайда, спорт федерациялары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін жүйе құрылып, спортты дамытуға бағытталған тиімді саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882236
Туризм және спорт министрлігі кәсіби спортты қаржыландыру және спорт резервін даярлау жөніндегі заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта спорт резервін даярлау мәселелеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Заң жобасына сәйкес, спорт резерві тек жоғары жетістіктер спортының түрлері бойынша даярланатын болады. Спортшыларды даярлау уәкілетті орган бекітетін спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Бұл шара Қазақстанның ұлттық құрамасының әлеуетін арттыру және спорт саласындағы жүйелі даму үшін негіз болмақ. Сонымен қатар, кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылады. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, спортты дамытуға бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.«Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882249
Туризм және спорт министрлігі мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы көмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегі спортты барынша инклюзивті ету жолындағы маңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882256
Көлік министрлігі көлік саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды 16.11.2024
12 қарашада автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саладағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс шарада көрсетілді.Іс-шараны Көлік министрлігі мемлекеттік органдардың DemoDay өткізу шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ұйымдастырды.Digital Transport Day-ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, министрліктердің цифрлық орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.Іс-шара барысында Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары автожолдар саласында қолданатын келесі цифрлық технологиялар көрсетілді:- автожолдарды салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізу рәсімдерін автоматтандыру;- бизнеске арналған жол-құрылыс материалдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары;- автожол төсемінің жай күйін диагностикалау мәселелерінде жасанды интеллектті қолдану;- республикалық трассалардың ақылы учаскелерінде қолданылатын ақпараттық жүйелер.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 95 мың шақырым автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын бірыңғай жалпыға қолжетімді жүйені іске асыру жоспарлары да көрсетілді. Автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы цифрлық мәселелерге ерекше назар аударылды: - электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшуге мүмкіндік беретін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу; - Өзбекстанмен электрондық рұқсат беру бланкілерін өзара пайдалану, сондай-ақ ҚХР және Түркі мемлекеттері ұйымдарының елдерімен жобаны масштабтау жоспарлары; - 2024 жылы ел жолдарында 20-дан астам Автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату арқылы автоматты салмақтық бақылауды масштабтау. Теміржол саласы да назардан тыс қалған жоқ. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның цифрландыру басшысы қолданыстағы және жоспарланып отырған цифрлық жобалар туралы айтып берді: - жүк және жолаушылар тасымалындағы ақпараттық жүйелер; - сингапурлық PSA компаниясымен кедендік транзит процестерін цифрландыру бойынша өзара іс қимыл; - ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі - Huawei компаниясынан алынған жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлары; - ektz.kz сайтында бизнеске 8 коммерциялық және логистикалық қызмет көрсетудің Бірыңғай цифрлық терезесі. Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да айтылды.Жүктерді әуе тасымалы саласында әуежайлар мен авиакомпаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді, әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық ресімдеу және сүйемелдеу атап өтілді.Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономиканың игілігі үшін қызмет ететін қажеттілік екенін атап өтті.Сондай-ақ, еліміздің транзиттік дәліздерін дамыту және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру шеңберінде заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Соңында Цифрлық даму вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы іс-шарада таныстырылған жобалар бойынша жұмыстар атқарылатынын және алдағы уақытта азаматтардың қолайлылығы үшін цифрландыру бағытындағы бірлескен бірқатар жобалардың жасалынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/881968
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. 16.11.2024
Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы ТЖБ қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары арасында 84 мыңнан астам үйлерді аралап шықты.- Шығыс Қазақстан үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір айлық жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртін алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, - деді өңір басшысы.Тексеру барысында тұрғындар арасында пешпен жылытуға, сондай-ақ электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты бұзушылықтар анықталды. 17 мыңнан астам заң бұзушылық орнында жойылды.- Осындай жағдайға бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан, ақшадан ары адамдардығ өмірлері маңызды, - деп қосты Ермек Көшербаев.Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881769