Enbekshi QazaQ

Спорт

Туризм және спорт министрлігі кәсіби спортты қаржыландыру және спорт резервін даярлау жөніндегі заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта спорт резервін даярлау мәселелеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Заң жобасына сәйкес, спорт резерві тек жоғары жетістіктер спортының түрлері бойынша даярланатын болады. Спортшыларды даярлау уәкілетті орган бекітетін спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Бұл шара Қазақстанның ұлттық құрамасының әлеуетін арттыру және спорт саласындағы жүйелі даму үшін негіз болмақ. Сонымен қатар, кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылады. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, спортты дамытуға бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.«Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882249
Туризм және спорт министрлігі мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасын әзірледі 16.11.2024
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы көмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегі спортты барынша инклюзивті ету жолындағы маңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/882256
Көлік министрлігі көлік саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды 16.11.2024
12 қарашада автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саладағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс шарада көрсетілді.Іс-шараны Көлік министрлігі мемлекеттік органдардың DemoDay өткізу шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ұйымдастырды.Digital Transport Day-ға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының қызметкерлері, министрліктердің цифрлық орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың IT-қызметкерлері қатысты.Іс-шара барысында Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары автожолдар саласында қолданатын келесі цифрлық технологиялар көрсетілді:- автожолдарды салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізу рәсімдерін автоматтандыру;- бизнеске арналған жол-құрылыс материалдарының жалпыға қолжетімді дерекқорлары;- автожол төсемінің жай күйін диагностикалау мәселелерінде жасанды интеллектті қолдану;- республикалық трассалардың ақылы учаскелерінде қолданылатын ақпараттық жүйелер.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 95 мың шақырым автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын бірыңғай жалпыға қолжетімді жүйені іске асыру жоспарлары да көрсетілді. Автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы цифрлық мәселелерге ерекше назар аударылды: - электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшуге мүмкіндік беретін Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу; - Өзбекстанмен электрондық рұқсат беру бланкілерін өзара пайдалану, сондай-ақ ҚХР және Түркі мемлекеттері ұйымдарының елдерімен жобаны масштабтау жоспарлары; - 2024 жылы ел жолдарында 20-дан астам Автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату арқылы автоматты салмақтық бақылауды масштабтау. Теміржол саласы да назардан тыс қалған жоқ. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның цифрландыру басшысы қолданыстағы және жоспарланып отырған цифрлық жобалар туралы айтып берді: - жүк және жолаушылар тасымалындағы ақпараттық жүйелер; - сингапурлық PSA компаниясымен кедендік транзит процестерін цифрландыру бойынша өзара іс қимыл; - ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі - Huawei компаниясынан алынған жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлары; - ektz.kz сайтында бизнеске 8 коммерциялық және логистикалық қызмет көрсетудің Бірыңғай цифрлық терезесі. Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да айтылды.Жүктерді әуе тасымалы саласында әуежайлар мен авиакомпаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді, әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық ресімдеу және сүйемелдеу атап өтілді.Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономиканың игілігі үшін қызмет ететін қажеттілік екенін атап өтті.Сондай-ақ, еліміздің транзиттік дәліздерін дамыту және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру шеңберінде заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Соңында Цифрлық даму вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы іс-шарада таныстырылған жобалар бойынша жұмыстар атқарылатынын және алдағы уақытта азаматтардың қолайлылығы үшін цифрландыру бағытындағы бірлескен бірқатар жобалардың жасалынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/881968
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. 16.11.2024
Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы ТЖБ қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары арасында 84 мыңнан астам үйлерді аралап шықты.- Шығыс Қазақстан үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір айлық жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртін алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, - деді өңір басшысы.Тексеру барысында тұрғындар арасында пешпен жылытуға, сондай-ақ электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты бұзушылықтар анықталды. 17 мыңнан астам заң бұзушылық орнында жойылды.- Осындай жағдайға бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан, ақшадан ары адамдардығ өмірлері маңызды, - деп қосты Ермек Көшербаев.Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881769
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды. 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2024 жылғы 13 қарашада сағат 15-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды. Қаралатын мәселелер:1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.2. Әртүрлі. Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881634
Жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына, сондай-ақ Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына көшпелі семинар өткізді 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 5-8 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Е. Беккужина жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына, сондай-ақ Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына көшпелі семинар өткізді.Мемлекеттік қызметшілерді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірлеген материалдармен таныстыру, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік органда іс-шараларды ұйымдастыру үшін діни сенімдерін таңдамау, бағыныштыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу бойынша "ШҚО бойынша діни мәселелерді зерттеу орталығының" теолог маманы Р.Т. Назарбеков тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881543
Руслан Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Бақыттыұлы Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.2008-2012 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары болып қызмет атқарды.2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры қызметін атқарды.2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/881184
Digital Army Day 2024: Қорғаныс министрлігі ведомствоның цифрлық трансформациясы туралы айтты 16.11.2024
Іс-шара елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ және БАҚ өкілдері қатысты.Іс-шара қонақтарына ведомствоның цифрлық трансформациясының жалпы көрінісін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев таныстырды. Армиядағы цифрлық үдерістерге жауапты адам атап өткендей, жұмыс әскерлерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару, мемлекеттік қызметтер секілді көптеген бағыттар бойынша жүргізілуде.Бүгінгі таңда цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік коммуникация процестерін қамтиды. Бұдан қорғаныс саласы да қалыс қалмақ емес. Дәл қазір цифрландыру арқылы қарсыластан басым түсерлік артықшылыққа қол жеткізуге болады, – деп түсіндірді ол.Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, аралас ведомстволармен ынтымақтастықтың арқасында 16 жасар балаларды әскери есепке алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілген. Қызметті проактивті режимге ауыстыру жыл сайын миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдай бойынша оларды электрондық форматқа көшіру жөніндегі нысаналы индикатор 100 пайызды құрайды.Әуе қорғанысы күштерінде әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.Құрлық әскерлерінде «Жауынгерлік дайындық» модулін әзірлеу аяқталуда. Оны енгізу жауынгерлік дайындықты жоспарлауға, сабақ кестесін құруға және басқа мәселелерді жеңілдетуге уақытты қысқартады. Бұдан басқа, жауынгерлік даярлықты есепке алу және қажетті құжаттар тізбесі толық автоматтандырылатын болады.Сонымен қатар, Қарулы күштерде кадрлық есептен бастап медициналық қамтамасыз етуге дейінгі ресурстарды басқару жүйесі, қару-жарақ пен әскери техниканың мәліметтер базасы, оқ-дәрілерді есепке алу жүйесі және басқалары толығымен автоматтандырылған. Бұл адами, техникалық және материалдық ресурстарды есепке алу және басқару функцияларын автоматтандыру мәселелерін шешетін ақпараттық жүйелердің тұтас кешені.– Қазақстандық армия цифрлық жаңғыру процестерінен тыс қала алмайды. Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық трансформация бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол өмірдің барлық салаларына біртіндеп еніп келеді және уақыт өте келе ол айқын бола түседі. Қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша оң тәжірибе жинақталып, цифрландыру тапсырмаларын шешуге қабілетті күштер мен құралдардың әлеуеті құрылды. Біз өз кезегінде цифрландыру шеңберінде қорғаныс секторын одан әрі дамытуға қолдау көрсетеміз және ықпал етеміз, – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/881187
Қауіпсіз орта 16.11.2024
2024 жылғы 8 және 11 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстың дене шынықтыру және спорт объектілерінің, сондай-ақ «Юбилейный» кинотеатрының басшылары мен қызметкерлері үшін террористтік қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған сабақтар өткізілді.Іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып, терроризм актісі қаупі кезінде эвакуациялау кезіндегі қателіктер және т.б. бейнероликтер көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881129
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті 16.11.2024
Бүгін, 11 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.Жиын барысында тарапқа Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылып, өңірдің мүмкіндіктері мен болашағын, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда саттық мәселелерін талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары екенін айтып, Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау болатынын жеткізді- Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара сенімді әрі серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өзбекстанмен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың әлеуетін арттыруға жұмыстанамыз, - деді Ербол Ізбергенов.Айта кетейік, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай нығайып, өзара тауар айналымы 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 5,8 млн АҚШ долларын құраған. Экспорт көлемі 3,2 млн АҚШ долларын, ал импорт 2,6 млн АҚШ долларын құрады.Сондай-ақ, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар сауда, логистика, құрылыс және басқа да экономикалық салаларда белсенді қызмет етуде.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/881077
Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулермен айыппұлдар күшіне енді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін хабарлайды. Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға байланысты ведомство төмендегі мәліметтерді ұсынады.⠀🔺Жарнаманы орналастыруға тыйым салу:🔹Сыртқы жарнама: Көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамаға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды.⠀🔹Бұқаралық ақпарат құралдары: Еліміздегіспорт телеарналарын қоспағанда, кинотеатрларда, анықтама кітаптарында және жалпы БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады. «Хабар» және Qazaqstan сияқты жалпы мазмұндағы телеарналар халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей көрсетілімдері кезінде ғана букмекерлік кеңселерді жарнамалауға құқылы.⠀🔹Көлік: Көлік құралдарында жарнама орналастыруға толық тыйым салынған.⠀🔹Жарнама рұқсат етілгенСпорттық БАҚ: Букмекерлерді жарнамалауға тек спорт тақырыбына арналған және заң бойынша тіркелген спорт телеарналары мен БАҚ-қа рұқсат етіледі.⠀🔹Спорттық іс-шаралар мен киімдер: Букмекерлердің логотиптері мен сауда белгілері спортшылардың спорттық киімдері мен спорттық құрал-жабдықтарында орналастырылуы мүмкін.⠀🔺Ерекшеліктер:Халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей трансляциясы: Букмекерлердің жарнамасы жалпы мазмұндағы телеарналарда тек халықаралық спорттық жарыстардың тікелей трансляциялары кезінде ғана рұқсат етіледі. Трансляцияға дейін жәнекейін жарнамалауға тыйым салынады.⠀🔹Турнирлер мен объектілердің атауы: Букмекерлік кеңселердің тауар белгілерін заңнама сақталған жағдайда спорттық турнирлердің, объектілер мен жобалардың ресми атауларына енгізуге рұқсат етіледі.⠀🔺Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарБукмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады:⠀🔹Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК.⠀🔹Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК.⠀🔺Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады.⠀Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі азаматтарға жарнама заңнамасын бұзу фактісін байқаса, Комитеттің онлайн қабылдауына шағым жолдай алатынын ескертеді. Ведомство қажетті шаралар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/881008
Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
11 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Құдайберген Алмағамбетов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров таныстырды.Құдайберген Алмағамбетов 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде информатика мамандығын және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау орталығында қосымша курстардан өткен.Еңбек жолын 2003 жылы компьютер жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында бастаған. Кейінірек университет зертханасында бағдарламашы ретінде қызмет атқарып, мектептерге арналған электронды оқулықтарды әзірлеу жобаларына қатысты. Алматы қаласындағы сервис орталықта системотехник қызметін атқарып, қала әкімдігінің пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсеткен.2009-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің «ИВЦ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында системотехник, жүйе инженері және техникалық бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізу және қызметкерлерді оқыту сыныптарын ұйымдастыру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды.2011-2016 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінде бас маман, бас инспектор, кейіннен бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру және «Электрондық үкімет» компоненттерін енгізу бойынша жобаларға жетекшілік етті.2016 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры болып қызмет атқарды. Бұл лауазымда ол орталықтың жұмысын жақсартып, өңірдегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880768
12 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 12 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Қонаев көшесі 6, 2-қабат, «ҚазақстанТемірЖолы» көрме залыDemo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Көлік министрлігі өткізеді. Министрлік тарапынан автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс-шарасында көрсетіледі.Іс-шараға мемлекеттік органдар, жетекші көлік-логистика және теміржол компаниялары қатысады.Көлік саласындағы соңғы цифрлық трендтермен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 11 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880777
Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда 16.11.2024
Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұщытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы.Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр.Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылында орналасқан «Ақтау» су тұщыту зауыты да қала тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуде.«Ақтау» су тұщыту зауытының құрылысы жеке инвестор тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Зауыт 2023 жылдың наурыз айында қолданысқа берілді.-Аталған зауыт тәулігіне 5 000 м3 ауыз су өндіреді. Зауыт өндірген ауыз суды ОСЖТ-4 арқылы қаланың жоғары шағын аудандарына береді, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіп Мұхамед.Жалпы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы осыған дейін ОСЖТ-4 арқылы «МАЭК» ЖШС және «Ақтау» су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Биыл жаз айларында Сайын Шапағатов ауылында қуаттылығы тәулігіне 4 000 м3 ауыз су өндіретін қондырғы орнатылды. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы аталған қондырғы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде босаған су көлемін Ақтау қаласына бұруға мүмкіндік берді.Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880679
Ресми ақпарат 16.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті.Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880705
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 16.11.2024
🔹Шахмат: Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при жарысының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз 9 турда 2487 ұпай жинады.⠀🔹Шайбалы хоккей: Алматыда шайбалы хоккейден тұңғыш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды. Halyk Arena спорт кешенінде өткен шешуші матчта жерлестеріміз Жапониядан 5:1 есебімен басым түсті.⠀🔹Үстел теннисі: Италияның Линьяно қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Ол 13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында сынға түсті.⠀▪️Сондай-ақ Алан Құрманғалиев Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды.⠀🔹Жүзу: Гонконгта мәресіне жеткен ашық айдында жүзуден Азия чемпионатында отандасымыз Лев Черепанов мәреге үшінші келіп, қола медаль жеңіп алды.⠀🔹Триатлон: Сауд Арабиясының Әл-Джубаил қаласында өткен триатлоннан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль иеленді.⠀🔹Арбадағы теннис: Грекияның Месин қаласында ұйымдастырылған арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирінде Жанна Үмітқұлова күміс жүлдегер атанды.⠀🔹Самбо: Елордада өткен спорттық, жауынгерлік және зағип жандар арасындағы самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880461
11 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 11 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Республика даңғылы, 2 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы)2024 жылғы 11 қарашада Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы аясында жобалар мен өнімдер көрсетілетін Digital Army Day шарасы өтеді. Қазіргі уақытта қорғаныс секторының цифрландырылуы әскерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару жүйелерін автоматтандыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Министрлік процестерді оңтайландырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуде. 17 жастан бастап әскери міндеттілердің өмірлік циклі толығымен автоматтандырылған. БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 10 қараша сағат 17:00-ге дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880309
11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
⠀🔹9-12 қараша – Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹9-13 қараша – Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.▪️Өтетін орны: Өскемен қаласы.⠀🔹9-16 қараша – Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹10-16 қараша – Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.▪️Өтетін орны: Алматы қаласы.⠀🔹10-17 қараша – Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша)Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады.▪️Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.⠀🔹13-17 қараша – Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.▪️Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880307
Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті 16.11.2024
9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880292
Қазақстан құрамасы - хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы 16.11.2024
Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты аяқталды.⠀Бүгін шешуші матчта Қазақстан командасы Жапониямен ойнап, 5-1 есебімен басым түсті.⠀1:0 - Рымарев (Борисевич, Гренц)2:0 - Рымарев (Александров)3:0 - Наместников (Королинский)3:1 - Ирикура (Ханзава, Кобаяши)4:1 - Гребенщиков (Волков, Королинский)5:1 - Королинский⠀Ал Оңтүстік Корея құрамасы овертаймда Қытайдан 2-1 есебімен басым түсіп, бізге басымдық сыйлады.⠀Азия чемпионатының турнир кестесі:Қазақстан - 6 ұпайЖапония - 6Оңтүстік Корея - 4Қытай - 2⠀Айта кетейік, құрлық бәсекесі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880291