Спорт

Казахстан әлемдік ІТ таланттарын тарту үшін «Digital Nomad Residency» жобасын іске қосты 04.03.2025
Қазахстан шетелдік ІТ мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашатын «Digital Nomad Residency» пилоттық жобасын ұсынды. Бағдарламаның мақсаты - әлемдік ІТ таланттарын елге жұмыс істеуге және тұрақты тұруға тарту, оның қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикасының бір бөлігі болу.«Digital Nomad Residency» бағдарламасы ІТ саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандарды тартуға бағытталған. Ол Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігін жеңілдетілген түрде ұсынады.Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда, шетелдік IT маманы сұранысқа ие мамандықтар тізіміне сәйкестігі үшін салалық мемлекеттік органның өтінішін алу үшін Astana Hub порталына өтініш береді. Кандидат шетелдік паспорт көшірмесін, түйіндемесін, портфолиосын, мотивациялық хатын, сотталмағаны туралы куәлігін және 3,5*4,5 түсті фотосуретін ұсынады. Нәтижесінде, кандидат Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен өзінің біліктілігін және IT маманы мәртебесін растайтын өтініш алады.Осыдан кейін, шетелдік IT маманы тұрақты тұруға рұқсат алуды алдын ала мақұлдау үшін eGov.kz порталында қызметке өтініш беруі керек.Қызметті пайдалану үшін:- eGov.kz порталында тіркеліп, "Азаматтарға" - "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" - "Шетелдіктерге: ҚР-ға кіру және азаматтық" бөліміне өту қажет;- "Шетелдік IT мамандарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу керек;- көші-қон полициясының басқармасын таңдау керек;- шетел паспортының көшірмесін (өтініш берген кезде паспорттың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен артық болуы керек), ҚР шетел офисінің консулы куәландырған аудармасымен, 35x45 мм сандық фотосуретті қосу керек;- ЦДИАӨМ өтінішін қажет мамандықтардың тізіміне сәйкес келтіру керек;- тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтық және/немесе тұрақты тұрғылықты мемлекетте сотталмағандығы туралы заңдастырылған құжатты қосаңыз және "Келесі" батырмасын басу керек;- қажетті жолақтарды толтыру керек;- қызметті ЭЦҚ арқылы қол қою керек;- өтінім сауалнамасын жүктеп, танысу керек;- ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беру керек;- жүктелген және толтырылған өтінім сауалнамасын тіркеу керек;- өтінімді жіберу қажет;- қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызмет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Өтінімді қарау мерзімі - 45 күнтізбелік күн. Содан кейін мамандар Қазақстанға келіп, Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңселерінде рәсімдеуді аяқтай алады.Қосымша ақпаратты Astana Hub ресми веб-сайтынан табуға болады.Жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Инновациялық технологиялар паркі" автономиялық кластерлік қорының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/949507

Түркияда маңғыстаулық делегация әйгілі кинорежиссермен кездесті 04.03.2025
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған делегация Түркияның танымал кинорежиссері Мехмет Боздақпен кездесіп, өңірде киноиндустрияны дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Киносүйер қауымға кеңінен танымал Мехмет Боздақ – тарихи жанрдағы ауқымды жобаларымен белгілі режиссер, продюсер әрі сценарист. Оның шығармашылығындағы ең ірі туындылардың бірі – түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы саналған «Ертұғырыл» телехикаясы.Кездесу барысында Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени әлеуеті сөз болды. Делегация құрамындағы ел ағасы Алқажан Еділхан өңірдегі тарихи-мәдени орындар мен көне ескерткіштердің маңызын атап өтіп, бұл жерлерде түсірілетін фильмдер қазақ киноөндірісіне ғана емес, түркі әлеміне ортақ тарихи туындыларға тың серпін беретінін жеткізді.Сапар аясында қазақстандық делегация режиссердың «Боздақ фильм» атты кино түсіру кешенімен танысты.Тараптар болашақта киножобалар аясында әріптестік орнату мүмкіндігін қарастырды. Басқосу нәтижесінде продюсер Мехмет Боздақ жақын аралықта Маңғыстау өлкесімен танысуға баратынын айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949294

Мұнайлы ауданында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды 04.03.2025
Бүгін, 2 наурыз күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелерінің улану оқиғасы орын алды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамды тапты, олардың бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан орын алған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары.Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949373

Маңғыстау ауданында күн электр станциясы салынады 04.03.2025
Маңғыстау ауданында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы жүргізіледі.Шетпе ауылындағы «Каспийцемент» өндіріс орны бағытынан басталған жоба аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов құрылыс алаңына барып, мердігер "Stellar Energy" мекемесінің өкілдерімен кездесті. Жоба барысы, құрылыс мерзімі және станцияның болашақта атқаратын жұмыс жайы талқыланды.Компания басшылығы аталған жобаны іске асыру үшін 5,678 млрд теңге қаржы жұмсайтынын айтты. Құрылыс жұмыстары енді басталған жобаның маусым айында аяқталатынын жеткізді. Аудан әкімі бұл инвестициялық жобаның ел үшін тигізер пайдасы көп дейді.-Мемлекет басшысы өңірлер дамуының қажетті тұстарына инвестиция тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс әкімінің қолдауымен ауданда күн электр станциясы жобасы бастау алды. Бүгінде көптеген елдерде электр энергиясына тапшылық байқалады. Қосымша жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігін ескерсек, бұл аса қажетті инвестициялық жобалардың бірі деп есептеймін,- деді Ғалымжан Ниязов.Құрылыс жұмыстары кезеңінде жергілікті ауыл азаматтарынан 100 тұрғынды, станция толық қуатында жұмысқа кіріскенде тұрақты жұмыспен 10 адамды қамту жоспары бар. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс көзі ашылып, өңірдегі жасыл экономиканың дамуына серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949206

Маңғыстау облысының әкімі үлескерлермен кездесті 04.03.2025
Бүгін 28 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Ақтау қаласында үлескерлердің есебінен бой көтеріп жатқан «Сұлтан» көппәтерлі тұрғын-үй кешендерінің салымшыларымен кездесу өтті.Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының әкімі, облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық экономикалық тергеу департаменті мен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары қатысты.Кездесуде салымшылар тұрғын үй кешенінің құрылысы тұралап қалғанына шағымдарын айтты.Облыс әкімі Заң талаптарына сай құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіленінін айтып, салымшылардың мәселесін неғұрлым тезірек шешу үшін жауапты мекемелерге тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949225

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстауға келетін дәрігерлерге берілетін көтермеақы көлемін арттыруды тапсырды 04.03.2025
Маңғыстау облысына медицина мамандарын тарту мақсатында біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуге былтыр жыл соңында жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының шешімімен бүгін, облыс бойынша 60 дәрігерге біржолғы көтермеақы төленді.Аудан және ауылдық жерге келген 32 дәрігерге 8.5 млн, Жаңаөзен қаласына келген 11 дәрігерге 5 млн, Ақтау қаласына келген 17 дәрігерге 3 млн теңгеден көтерме жәрдемақы берілді.Көтерме жәрдемақы алғандардың қатарында хирург, педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігер, офтальмолог, онколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, рентгенолог, психиатр мен неонатолог сынды дәрігерлер бар.Бүгінде облыс бойынша 280 дәрігердің тапшылығы байқалып отыр. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай бұл мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына аталған көтерме жәрдемақы көлемін одан әрі ұлғайтуды тапсырды.Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949229

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы 04.03.2025
Құрметті отандастар!Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!Баршаңызға бақ-береке тілеймін!Ниет қабыл болсын!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949233

Маңғыстау облысының әкімі өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады 04.03.2025
Қадірлі жерлестер! Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен қатар келген 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Айтулы мерекелер көктем айының алғашқы күнімен бірге төрімізге еніп, күнделікті өмірімізге нұрлы шуағын шаша келгендей.Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау мақсатында еңбек еткен, азаматтық және еңбекте ерлік жасаған, түрлі оқиғалар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстаным танытқан қазақстандықтарға ризашылық білдіретін күн.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз»,- деп атап өткендей бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық – әрбір азаматтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі. Ардақты ағайын! Мұсылман баласын қуанышқа бөлейтін бұл ай елімізге, жерімізге құт-береке мен ынтымағын, ырысы мен берекесін ала келсін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, бақыт тілеймін! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың бірлігі арта берсін! Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949239

Нұрдәулет Қилыбай: Биыл өңірдегі ветеринария саласын жақсартуға қаржылай қолдау көрсетіледі 04.03.2025
Бүгін, 1 наурыз күні Маңғыстау облысында алғаш рет мал ауруларын емдеу жолдары туралы ғылыми кітап жарық көрді. 50 жылдан бері мал дәрігері болып қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі ветеринар Қаржаубай Көшеннің «Мал аурулары және емдеу жолдары» атты кітабының тұсаукесері өтті.Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, мал шаруашылығы саласының ардагерлері мен шаруа қожалықтарының иелері, ауыл әкімдеріқатысты.Жиында сөз алған облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай көктемнің алғашқы күнінде мерейлі 70 жасқа толған кітап авторына еселі еңбегі үшін алғыс айтып, ветеринария саласына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгі тақты.Сондай-ақ аймақ басшысы биыл бюджеттің басым бағыты әлеуметтік саламен қатар, мал шаруашылығына, ветеринария саласын жақсартуға бөлінгенін айтты.-Мал дәрігері мамандығының мәртебесін көтеруіміз керек. Осы бағытта алға қойған жоспарларымыз да бар. Биыл өңірдегі ветеринария саласына жергілік бюджеттен 2,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі аудандық ветеринария саласының ғимараттары мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталады. Сонымен бірге ветеринария саласының мамандарына 45 көлік алу үшін де қаржы қарастырылды. Саланың жағдайын жақсарту ісі - алға қойған басым бағыттарымыздың бірі.Қаржаубай Бисенұлының бүгін тұсауы кесілген еңбегі – еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қосқан сүбелі үлесі деп білемін. Ағамыз алыстағы аядай ғана ауылда тұрып, ветеринария ғылымына үлкен жаңалық енгізді. Мал шаруашылығымен айналысушы азаматтарға таптырмас құнды дүние боларына сенімдімін,- деді Нұрдәулет Қилыбай.Саналы ғұмырын мал емдеу ісіне арнаған Қаржаубай Көшен кітабында өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, пайдалы мағлұматтар келтірген.Кітап тілі қарапайым, оқуға жеңіл, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен шаруаларға және ауылдың ветеринария саласы мамандарына қажетті көмекші құрал есебінде пайдалануға арналған.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949246

Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аталып өтті 04.03.2025
Бүгін, 1 наурыз күні Ақтауда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен еліміздегі бірлік пен өзара сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке – Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік жиын өтті.Салтанатты іс-шарада Маңғыстау өңіріндегі бауырлас халықтар достығының ескерткіш тақтасы ашылды.Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының мерейтойға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Өңір басшысы бұл мерейтой – еліміздегі барша халықтың бірлігі мен келісімінің жемісі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 30 жылдығын атап өтіп, оның еліміздегі бірлік пен келісімнің негізін қалаудағы ерекше маңызына мән берді. Президентіміз Ассамблеяның құрылғанынан бері Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік нығайып, ортақ мақсаттар мен құндылықтарды бөлісуде бірлікте болғанын айтты. Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы бізге өткенімізді саралап, жетістіктерімізді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мерейтой – барша халықтың бірлігі мен келісімінің жемісі, елдің барлық азаматтарының ортақ табысы», - деді Нұрдаулет Қилыбай.Салтанатты шарада өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандар марапатталды.Мерейтойлық мереке концертке ұласып, түрлі этнос өкілдері әннен шашу шашып, өнер көрсетті.Олар ана тілімізде өздерінің Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, алғыстарын жаудырды.«Қазақстан — біздің ортақ үйіміз. Біз осы елде өзара бірлікте, ынтымақта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күні Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері еліміздің дамуына, облыстың дамуына өз үлесін қосып келеді. Әсіресе, арамыздағы талантты, іскер, өнерлі адамдардың бұл тұрғыда алар орны ерекше. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға атсалысқан ардагерлерге мың алғыс!», - деді Ассамблея мүшелері.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949258

Маңғыстаулық делегация Стамбұлда Түркияның ең ірі туристік және әуе компанияларының басшыларымен кездесті 04.03.2025
27 ақпан күні Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Стамбұл қаласында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов пен облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бастаған делегация Түркияның ең ірі туристік ұйымы – TURSAB (Түркия Туристік Агенттіктер Қауымдастығы) басшылығымен кездесті.TURSAB – Түркиядағы 15 мыңнан астам туристік агенттікті біріктіретін қауымдастық. Ол елдегі туризм индустриясының дамуына ықпал етіп, халықаралық туристік компаниялармен тығыз байланыс орнатқан.Кездесу барысында тараптар Маңғыстаудың туристік әлеуетін арттыру, шетелдік туристерді тарту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. TURSAB президенті Фируз Баглыкая Маңғыстаудың табиғи ландшафты мен тарихи орындарының ерекшелігін атап, түрік туристік компанияларының бұл бағытта белсенді жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.Сондай-ақ, сапар барысында Маңғыстау делегациясы Түркияның жетекші туроператорлары – «Pronto Tour», «Kartaca Tour» және «Luda Travel» компанияларының өкілдерімен кездесті.«Pronto Tour» компаниясы Түркиядағы ең ірі туроператорлардың бірі болып саналады. Ол 100-ден астам елге саяхат ұйымдастырып, жыл сайын шамамен 100 мың адамға қызмет көрсетеді. Туроператор халықаралық бағыттар бойынша үлкен тәжірибеге ие.Түркияның тағы бір ірі туроператоры «Kartaca Tour» бас директоры Фатих Гюнаймен өткен кездесуде Маңғыстауда тарихи-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері сөз болды. «Kartaca Tour» – әлемнің бірнеше елінде кеңселері бар беделді туристік компания. Ол VIP-туризм, эксклюзивті турлар, мәдени-тарихи сапарлар мен бизнес-турлар ұйымдастырумен айналысады. Фатих Гюнай компанияның Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін және Маңғыстау бағытында арнайы туристік пакеттерді әзірлеуге дайын екендігін жеткізді.Сонымен қатар, делегация Түркиядағы серпінді дамып келе жатқан туроператор «Luda Travel» компаниясының өкілдерімен де кездесті. Бұл компания Түркия мен шетелдік туристер үшін танымал бағыттарды дамытып, қолжетімді және сапалы туристік қызмет ұсынумен ерекшеленеді.Кездесулер барысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов өңірде туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, тәжірибелі туроператорлармен әріптестік орнатудың маңыздылығын атап өтті.- Маңғыстау – ерекше табиғи ландшафты мен бай тарихи мұрасы бар өлке. Біздің мақсатымыз – өңірімізді халықаралық деңгейде таныту және әлем туристеріне Маңғыстаудың әлеуетін көрсету. Бұл бағытта тәжірибелі туристік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу – маңызды қадам. Бозжыра, Айрақты сияқты көрікті жерлерімізге сапалы қызмет ұсыну арқылы өңір туризмін жаңа деңгейге көтереміз, – деді Ербол Ізбергенов.Тараптар екіжақты әріптестікті нығайту мақсатында түсіністік меморандумына қол қойды.Бұған қоса өңір делегациясы «Turkish Airlines» әуе компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді. «Turkish Airlines» – әлемдегі ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі, қазіргі уақытта 120-дан астам елге рейстерді орындайды. Компания Қазақстанмен бірнеше бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етіп келеді. Тараптар Маңғыстаудың туристік әлеуетін дамыту мақсатында жаңа әуе бағыттарын ашу, Ақтау халықаралық әуежайының мүмкіндіктерін кеңейту және туристер үшін ыңғайлы логистиканы қалыптастыру мәселелерін талқылады.Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев туристік және әуе компания басшыларын биыл Ақтауда өтетін «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» халықаралық шарасына арнайы шақырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949267

3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 04.03.2025
3-6 наурыз: Пара садақ атудан жабық кешендегі ел чемпионаты Сайысқа еліміздің 8 өңірінен 60 спортшы қатысады.Өтетін орны: Шымкент қ.3-7 наурыз: Фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңіЖарысқа ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.Өтетін орны: Била тау-шаңғы курорты, Чехия.3-9 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 7-кезеңіБұл сында ел намысын 8 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Нове-Место-на-Мораве қ., Чехия.4-10 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі Ұлттық құраманың 4 спортшысы бақ сынайды.Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан.5-10 наурыз: Кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогіСайысқа 40 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 37 спортшы жүлдеге таласады.Өтетін орны: Езоло қ., Италия.6-8 наурыз: Семсерлесуден Әлем кубогі Ел намысын 4 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Падуя қ., Италия.6-12 наурыз: Пара биатлоннан Әлем кубогіЖарыста 3 жерлесіміз өнер көрсетеді.Өтетін орны: Торсби қ., Швеция.6-17 наурыз: Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатыӘлем біріншілігінде 10 боксшымыз жұдырықтасады.Өтетін орны: Ниш қ., Сербия.7-11 наурыз: Допты хоккейден Қазақстан чемпионатыІшкі біріншілікке 13 өңірден 100 спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қ.8-9 наурыз: Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогіЖарыста отандық 8 спортшы белдеседі. Өтетін орны: Портимао қ., Португалия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/948965

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен татулықтың кепілі 04.03.2025
2025 жыл – еліміз үшін ұлттық мәдени мұраны сақтау, дамыту және қолдау ісінде айрықша мәнге ие жыл. Бұл – барша отандастарымыз үшін маңызды кезең, себебі біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осынау бірегей қоғамдық институт ұлтаралық келісімді нығайтуда және түрлі этностарды Қазақстан халқының біртұтас қауымдастығы етіп біріктіруде маңызды рөл атқарып келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқы – біртұтас ұлт» қағидасын дамыту жолындағы басты ұйымға айналды. Осы ретте маңызды өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан. Біздің өңір көпэтностық мәдениеттің тыныштық пен келісім жағдайында өркендеуінің жарқын бір үлгісі болып отыр. 1992 жылы Шығыс өңірінде еліміздегі алғашқы Достық үйі ашылған еді. Содан бері Шығыс Қазақстан этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерін құру ісінде көшбасшы аймақ саналады.Бүгінде Достық үйінде мәдени, ғылыми және өзге де қоғамдық маңызы зор жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында алғашқы этноауыл, «Достық керуені» жобасы, Тілдер мектебі және Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы бар. Бұл бастамалар түрлі этностардың төл мәдениетін насихаттауға ғана емес, этносаралық өзара қарым-қатынастың тиімді алаңын қалыптастыруға да ықпал етіп отыр.Шығыс Қазақстанның Достық үйі өңір халқының тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуда айырықша рөл атқарады. Отыз жылдан астам уақыт бойы бұл мекеме түрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бірігіп, ел игілігі үшін қызмет етуіне мүмкіндік беретін бірегей орталыққа айналды. Соңғы жылдары Достық үйі жастар үшін, жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін маңызды алаң болып, қоғамдық кездесулерді, пікір алмасуларды, әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасап келеді.Ассамблеядағы қоғамдық құрылымдардың табысты жұмысы – сөзіміздің айқын дәлелі. Бүгінгі таңда облыста 115 Ақсақалдар кеңесі, 114 Аналар кеңесі, Медиация орталығы және «Ассамблея жастары» ұйымы белсенді түрде қызмет атқаруда. Бұл құрылымдар жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылдарды өрістетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етіп келеді.Жастардың игі бастамаларын қолдау – Достық үйлерінің басым бағыттарының бірі. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде Жастар коворкинг-орталығы ашылған еді. Бұл орталық азаматтық белсенділер үшін, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері үшін шығармашылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналды.Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар театры жұмыс істеп тұр. Онда көпбалалы отбасылардың жеткіншектері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қонақжай отбасы» жобасы балаларды қазақи тілдік ортаға бейімдеуге бағытталған. Бұл бастама балаларға қазақ тілін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды ұлттық мәдениетпен тереңірек таныстырады, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты да күшейте түседі.Қазақ тілін сақтау мен дамыту ісіне ерекше назар аударылуда. Былтыр өңірдегі 11 Тілдер мектебінің базасында «Кел, сөйлесейік» атты қазақ тілін үйрететін 25 клуб ашылды. Олардың мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлесу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар ауылдарда 74 Қазақ тілін оқыту орталығы жұмыс істейді, алдағы уақытта олардың санын 100-ге дейін көбейту көзделіп отыр.Бұдан бөлек, облыста «Мектепішілік кіші Ассамблея» жобасы жүзеге асуда. Бұл бастама өңірдегі 64 мектепті қамтып, оқушылар арасында этносаралық диалог орнатуға ықпал етіп отыр. 2019 жылдан бері іске қосылған «Мектептік медиация қызметі» бүгінгі таңда 174 мектепте жұмыс істеп, жасөспірімдер арасындағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және әлеуметтік бірлікті бекемдеуге көмектесуде.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Достық үйлерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, этномәдени бірлестіктерді қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр. Жалақыны көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және инфрақұрылымды жақсарту үшін бөлінген қосымша қаржыландыру Достық үйлерінің қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.Достық үйлерінің елдегі тұрақтылықты сақтау және түрлі этностарды біртұтас ұлт ретінде қалыптастырудағы рөлі ерекше. Бүгінгі таңда қоғамдық бірегейлікті қалыптастыру, отансүйгіштік пен этностық сан алуандықты құрметтеу идеологиясын ілгерілету аса маңызды.Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы елімізді үлкен жетістіктерге жетелеп, этносаралық келісімді нығайту мен әл-ауқатымыздың артуына негіз қалады. Достық үйлерінің базасында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар әрбір этностың өз орнын тауып, Қазақстанның көпмәдениетті, біртұтас ұлт ретінде дамуына жағдай жасап отыр.Нұрымбет САҚТАҒАНОВ,Шығыс Қазақстан облысының әкіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/948839

ҚР Туризм және спорт министрлігі интернеттегі букмекерлік кеңселердің жарнамасына қатысты шаралар қабылданғаны туралы хабарлайды 04.03.2025
«Жарнама туралы» Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалауға тыйым салынған. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын тек уәкілетті органда тіркелген және спорт тақырыбына маманданған бұқаралық ақпарат құралдарында ғана орналастыруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар телеарналардағы спорт айдарларында немесе бағдарламаларында да букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға рұқсат жоқ.Осыған байланысты, жүргізілген талдау нәтижесінде www.nur.kz (Internet Portal Nur ЖШС) сайтында букмекерлік кеңселердің жарнамасы заңсыз орналастырылғаны анықталды. Бұл факт бойынша іс сотқа жолданып, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты порталдың заң бұзғанын растады. 2025 жылдың ақпанында апелляциялық шағым қаралып, бастапқы сот шешімі өзгеріссіз қалды.Министрлік бұл жағдайды құқықтық прецедент ретінде қарастырып, осындай заң бұзушылықтарға жол берген бұқаралық ақпарат құралдарына әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеді. Сондай-ақ жарнама саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жалғастырып, барлық жарнама таратушыларды қолданыстағы талаптарды сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/948752

Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында Ақтау қаласының Бас жоспары қаралды 04.03.2025
Бүгін, 28 ақпанда Ақтауда VIII сайланған облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессия өтті. Күн тәртібінде Ақтау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспарының 2024 жылға орындалуы, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен өңірді дамытуға және экономиканың түрлі салаларын қаржыландыруға қатысты бірнеше мәселелер қаралды.Сессия отырысында Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдос Хамиев Ақтау қаласының бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады. Бас жоспарға сәйкес, қала солтүстік бағытта, теңіз жағалауы бойымен Ақшұқыр ауылына дейін кеңейеді. Өнеркәсіптік аймақ оңтүстікте сақталады және шығысқа қарай ұлғаяды. Сонымен қатар, жаңа теміржол станциясы мен жолаушылар терминалы салынып, Форт-Шевченкоға дейін теміржол желісінің құрылысы жүргізіледі.Сондай-ақ, облыс орталығы теңіз демалысын ұйымдастыруға бағытталып, Қазақстанның ірі туристік орталығына айналдыру жоспарланып отыр. Бас жоспарға сәйкес, Каспий теңізінің жағалауы бойында рекреациялық аймақтар, Самал ықшам ауданында демалыс аймақтары, жағажайлар, аквапарктер, су ойын-сауық аттракциондары, яхталар мен су көліктері, круиздік кемелер үшін айлақ салу жоспарланған. Қалада сауда-ойын-сауық кешендерін қоса алғанда, туристерге жан-жақты қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырылған.Сессияда сондай-ақ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2025 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы ақпарат берді.Биылғы бюджетте әлеуметтік сала шығыстарына басымдылық берілген. Олар мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға күтіп ұстау шығындарына, білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектептердегі білім деңгейін көтеруге, денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, мәдениет және спорт саласының ғимараттарын ағымдағы жөндеуге бағытталған. Аймақ басшысы бюжеттің басым бөлігін білім беру, денсаулық сақтау мен спорт саласына беру арқылы болашақта білімді ұрпақ пен дені сау ұлт қалыптастыруға болатынын айтты.- Облыста дәрігер тапшылығы бар. Бізде тәжірибелі, білікті дәрігерлер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін біздің өңірге келетін мамандардың үстемақысын көбейтіп, ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ, аймақтағы мал ауылдарды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржы бөліп, мал өсіремін деген шаруаларға құдығын қазып, мал азығын өсіруге қажетті жерін беріп, мүмкіндік жасау керек. Төрт түліктің жүні мен терісін өңдейтін шағын цехтар ашуға қолдау көрсетсек, бұл жобалардың ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін арттыруға көп пайдасы болады. Жалпы биылғы бюджетті әлеуметтік сала мен ауыл тұрмысын жақсартуға, сонымен қатар коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруге бағыттадық,-деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкмінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949215

Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың Байқоңыр ғарыш айлағында кездесуі өтті 04.03.2025
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/948137

Нұрлан Есембаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды 04.03.2025
Нұрлан Абайұлы 1980 жылы 11 маусымда Павлодар облысы Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген. Павлодар университетін (2003 ж.), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (2006 ж.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2016 ж.) «автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «дене шанықтыру және спорт» және «саясаттану» мамандықтары бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Константиновка орта мектебінде өндірістік білім беру шебері болып бастаған. Әр жылдары аймақта спорт және дене шынықтыру саласында қызмет атқарды: Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген; Павлодар облысы туризмді және спортты дамыту басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/948709

Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар 04.03.2025
«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Бүгінде Қазақстанда 124-тен астам этнос өкілдері татулық пен келісімде өмір сүреді. Олар елдің толыққанды азаматтары және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазақстандық бірегейлікті нығайту, этносаралық шиеленістің мен қақтығыстардың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылы этносаралық келісімді нығайтуға, қақтығыстардың алдын алуға, этномедиацияны дамытуға, мамандарды даярлауға және этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асырды.Солардың бірі – 1 наурызда «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған республикалық телекөпір. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Іс-шара аясында «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы және «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өтті.Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – 25 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» XXXIII сессиясы. Оған Мемлекет басшысы төрағалық етті. Сонымен қатар, 28 сәуірде «Бірлік жүгірісі» атты жартылай марафон өтті. Оған 15 өңірден 15 мың адам қатысты.2024 жылы ҚХА жанынан «Жомарт жан» қоғамдық орталықтары құрылды. Олар бірнеше волонтерлік және қайырымдылық акциялар ұйымдастырды. Атап айтсақ, «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» акциялары өтті. Жалпы, өткен жылы ҚХА мүшелері мұқтаж азаматтарға 1,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетті.«Жомарт жан» орталықтары негізгі 4 бағыт бойынша қызмет етеді.1. Мектепке жол – бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жыл сайын мектепке дайындауға көмек көрсететін қайырымдылық акциясы. 2024 жылы 6,5 мыңнан астам бала мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киімдермен қамтамасыз етілді. Жалпы, 260 млн теңге қаржы жұмсалды.2. Жүректен жүрекке – бұл табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған жоба. Жоба аясында волонтерлердің көмегімен зардап шеккен өңірлерге 1700 тоннадан астам азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші кезекте қажетті тауарлар жеткізілді. Гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 805 млн-нан астам қаржы жұмсалды.3. Мейірім – инклюзивті топтар мен әлеуметтік осал азаматтарды қолдау бағыты. 2024 жылы жоба аясында 1320 отбасы және 483 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.4. Қамқор – спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық жобалары. 2024 жылы өңірлерде жаңа спорт алаңдары құрылды, спортпен шұғылдануға арналған орталықтар ашылды, сондай-ақ мектептер заманауи білім беру құралдарымен жабдықталды (мысалы, интерактивті тақта және т.б.).Сонымен қатар, былтыр ҚХА 13 арнайы қоғамдық жобаны жүзеге асырды. ҚХА-ның 10 қоғамдық құрылымы белсенді жұмыс атқаруда. Олардың қатарында Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, Журналистер клубы, Ғылыми сарапшылар кеңесі, «Жомарт жан» орталықтары, Этномедиация кеңесі, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, Студенттік ҚХА, Жас ғалымдар клубы бар.ҚХА мыңнан астам этномәдени бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан.Еліміз бойынша 35 Достық үйі мыңнан астам этномәдени бірлестік үшін заманауи комьюнити-орталықтар ретінде қызмет етеді. 2024 жылы бұл орталықтарда 2 757 іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 300 мың адам қатысты.2024 жылы ҚХА құрылымдарының қатысуымен 15 000-нан астам әлеуметтік маңызы бар іс-шара өтті, 700 мың адам қатысты.Елдегі төрт университеттің журналистика факультетінде «Этносаяси сауаттылық» атты арнайы курс енгізілді.Этносаралық қатынастар саласындағы маңызды бағыттардың бірі – қақтығыстардың алдын алудың тиімді тетігі ретінде этномедиацияны дамыту. 2024 жылы 233 кәсіби этномедиатор республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейде даярлықтан өтті. Сондай-ақ 30 семинар мен тренинг өткізіліп, 1 207 адам оқытылды.Этносаралық қатынастардың жай-күйін объективті бағалау мақсатында 2 социологиялық зерттеу жүргізілді, өңірлерге 10 мониторингтік сапар жасалып, олардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді.Зерттеу нәтижелері бойынша ел азаматтарының 97,3%-ы этносаралық жағдайды тұрақты және қолайлы деп бағалады.Этносаралық мәселелер бойынша 80 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы 160 мыңнан астам адам қатысқан 3 000-нан астам іс-шара өткізді. Олар конференциялар, кездесулер, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және басқа да форматтарда өтті.Министрлік нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны орындау және антидискриминациялық заңнаманы талқылау мәселелері бойынша тұрақты ведомствоаралық жұмыс тобын құрды. Жұмыс қорытындысы бойынша осы саладағы заңнаманы жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірленді.Қазақстанда қоғамдық келісім мен этносаралық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыс 2025 жылы да жалғасын табады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА-ның XXXIV мерейтойлық сессиясы өткізіледі. Бұл – ұлттық бірлікті дамытудағы басым бағыттарды айқындайтын негізгі іс-шаралардың бірі болмақ.ҚХА-ның 30 жылдығына дайындық аясында 400-ден астам ірі іс-шараны ұйымдастыру бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, ҚХА Антологиясы мен мерейтойлық медалі шығарылады.Биыл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың этностарды қазақстандық қоғамға интеграциялау тиімділігін арттыруға, сондай-ақ этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге ерекше назар аударылады.Бұл саладағы кәсіби мамандарды дамыту үшін ҚХА Журналистер клубы аясында 200-ден астам журналист оқытылады, ал этносаралық қатынастар саласындағы 1000-нан астам кәсіби келіссөз жүргізушінің біліктілігі арттырылады.2025 жылғы негізгі басымдықтардың бірі – салалық кадрларды даярлау. «Этносаясаттану» және «Этножурналистика» мамандықтары бойынша оқытылған мамандардың санын арттыру жоспарда бар.Сонымен қатар, ҚХА жобалары, Достық үйлері, лингвистикалық кабинеттер және басқа да мамандандырылған құрылымдар арқылы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде қалыптастыру жұмыстары күшейтіледі.Бұл міндеттер Қазақстан Республикасында қазақстандық патриотизмге, азаматтық бірлікке және ел халқының рухани-мәдени тұтастығына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық тұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/948497

Риддерде өткен Республикалық «Ассамблея Жастары» лагері ел белсенділерін біріктірді 04.03.2025
Риддер қаласындағы «Синегорье» демалыс базасында үш күнге созылған республикалық «Ассамблея Жастары» лагері – «ЭТНО WINTER CAMP» өтті. Бұл шара елдің түкпір-түкпірінен келген белсенділер мен еріктілерге өзара тәжірибе алмасып, жаңа білім алу мүмкіндігін сыйлады.Лагерьге Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келген «Ассамблея Жастары» ұйымының белсенділері қатысты.Биылғы кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылды. Үш күн бойы қатысушылар танымдық және ойын-сауықтық бағдарламаларға белсене атсалысты.- Лагерь ерекше әсерлі өтуде. Ұжымдық жұмысқа баулитын тренингтер, шешендік өнерді дамыту сабақтары, қызықты шеберлік сағаттары – мұның бәрі Шығыс Қазақстанның көркем жерінде, «Синегорье» демалыс базасында ұйымдастырылды! Мен көптеген талантты жастармен таныстым. Біз өңірлердегі экологиялық, патриоттық, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеялармен шабыттандық. Бұл кездесулеріміз әлі де жалғасын табады деп сенемін! – деді Жамбыл облысынан келген «Ассамблея Жастары» мүшесі Әзиза Исманова.Кездесулер мен интерактивті тренингтердің негізгі бөлігі нашақорлық, алкоголь және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу тақырыбына арналды. Жастарға зиянды әдеттерден қалай сақтану керектігі және тәуелді адамдарға қандай көмек көрсетуге болатыны жөнінде тәжірибелі психолог-тренерлер кеңес берді.Сондай-ақ, табысты кәсіпкер Михаил Лунев жас қатысушыларға өз кәсібін ашу жөнінде практикалық семинар өткізіп, кәсіпкерлік қабілеттерді дамытуға көмектесетін әдебиеттерді ұсынды.Лагерьдің басты қонақтарының бірі – отандық актер, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі, домбырашы-ақын Даниэль Джеймс болды.Лагерьдің жабылу салтанатына Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бурахан мен Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеуханов қатысып, жастарды толғандырған экология, туризмді дамыту және басқа да маңызды сұрақтарға жауап берді.Бұл шара жастардың бірігуіне, жаңа бастамаларды дамытуға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/947906

ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды 04.03.2025
Аймақтағы студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне тарту, ел жастарының өзіндік тұлғасын қалыптастыру және олардың бастамаларын қолдау мақсатында облыстағы үш жоғары оқу орны мен төрт колледжде «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеялары ашылды.Ассамблеяларды ашу аясында Өскемендік студенттер Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі зертханаларға экскурсия жасап, ондағы технологиялық жетістіктермен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен студенттік ассамблеяның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, аймақтың белсенді жастарымен және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесу барысында ұйым төрағасы студенттерге студенттік ассамблея жастарының қызметі туралы баяндады.«БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеяларының ашылуы аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ассамблея қатарына қабылданған жастарға куәліктер табысталды.- Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Ассамблея жастардың бастамалары мен әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгін біз Шығыс Қазақстан облысында жеті жаңа студенттік ассамблея аштық. Қазіргі уақытта еліміздегі 50-ден астам ЖОО мен колледждерде осындай ассамблеялар құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр. «Ассамблея жастары» қозғалысы және жаңадан ашылған студенттік ассамблеялар жастарды қоғамдық келісім мен бірлікті сақтауға, жаңа бастамаларға ұмтылуға бағыттайды деп сенемін, – деді «Ассамблея жастары» бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/947910