Спорт

Астанада қиял-ғажайыпқа толы «Турандот» операсының тұсауы кесіледі 14.04.2025
Қойылым тобы аты шулы есімдерден құралған: қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтулы маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – атақты итальян режиссері Давиде Ливермор, қоюшы суретшілер – танымал қазақстандық сценографтар Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов.«Турандот» операсының алғашқы қойылымы 1926 жылдың 25 сәуірі Миланда өтті. К.Гоццидың аттас пьесасы негізінде либретто жазған авторлар – Джузеппе Адами мен Ренато Симони. Олар алыс елге таңсық болған: іс-әрекет Бейжіңде (Қытай) орын алады. Айла-шарғысы мол Турандот ханшайым ханзадаларға үш жұмбақ жасырады, егер олар жауап бере алмаса, басынан айырылады, ал шешімін тапқан жанға өмірлік жар болады. Қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буған Калаф ханзада барлық сауалдың түйінін шешіп, өз жұмбағын жасырады – қыз оның есімін атауы керек.К.Гоццидың ертегісінде Дж.Пуччини зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық пен қараңғылықты жеңген жарықтың мәңгілік идеясын байқайды.- Меніңше, бұл «Астана Опера» үшін өте маңызды қойылым. Айта кететін жайт, әртістердің орасан көп саны қатысатын гранд операмен репертуарын толықтыруға барлық театрдың мүмкіндігі туындай бермейді. «Турандот» 300 жыл бойы дамып, жалғасып келе жатқан итальян операларының ұлы дәстүрін түйіндейді. Осынау операны жазуға қадам басу үшін композитор көп жылдар бойы ізденісте болды, бұл туындыны Дж.Пуччинидің талап-ізденісінің жиынтығы, қорытындысы деуге болады. Барша интернационалдық қауымдастықта осы сынды опера бұдан былай жасалған жоқ. Онда хор ерекше рөл атқарады, ол үнемі сахна төрінде, - деді қоюшы дирижер Алан Бөрібаев.Қоюшы режиссермен маэстро А.Бөрібаев бұрыннан таныс, алайда бұл олардың бірлескен алғашқы жобасы болмақ. Давиде Ливермор жайлы «Астана Операның» бас дирижері өте жылы лебіз білдіруде. Еске салар болсақ, режиссер Давиде Ливермор Еуропаның жетекші сахналары мен Италияның театрларында өткен 22 жылдық шығармашылық мансабы жолында әр алуан театралдық мамандықтарды меңгерді: қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші және жарық бойынша суретші... болды. Атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған. Итальяндық режиссердің соңғы жұмыстарының бірі – Гендельдің «Тамерлан» операсы аты аңызға айналған Ла Скала театрында орасан зор жетістікпен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27742?lang=kk

Классиканың жаңа дауыстары 14.04.2025
Бұл кеште дарынды музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – скрипкашы Әсел Жақиянова мен виолончелист Ботагөз Қалиева, сонымен қатар пианист Жанна Здорнова елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынады.- Аталған концерт аясында біздің триомыздың тұсауы кесіледі, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұндай музыка ойнау біздің күнделікті ісімізден ерекшеленеді, біз үшін сонысымен де қызық. Әрбір аспаптың рөлі мен маңызы зор, сөйте тұра олар өзара үндесуі тиіс. Бірнеше айдан бері концертке дайындық жұмыстары жүргізілуде. Танымал шығармалармен қатар сирек орындалатын туындылардан тұратын бұл бағдарламаны құруға біз айтарлықтай уақыт жұмсадық, көп көңіл бөлдік. Мәселен, А.Пьяццолланың триоға арналған «Революциялық тангосы» Астанада алғаш рет шырқалмақ. Сөзсіз, толқыныс та, шығармашылық құлшыныс та бар. Тыңдарманға осы бір музыканың әсемдігін жеткізе білу, оны орындау кезіндегі сезімдеріміз әрі эмоцияларымызбен бөлісу біз үшін өте маңызды, - деді Әсел Жақиянова.Әртіс бірлесіп шығармашылық жасау туралы ойдың достық әңгіме барысында туғанын атап өтті.- Ботагөз Қалиевамен бірге «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінде жұмыс жасаймыз, ол Қазақстандағы үздік виолончелистердің бірі, бірнеше рет Италия, Германия, Испания, Жапония, Ресей т.б. елдерде өнер көрсетті. Пианист Жанна Здорнова екеуміз Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектеріміз, ал қазіргі уақытта М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында бірге оқып жатырмыз, - деп пікірімен бөлісті Әсел Жақиянова.Ауқымды концерттік бағдарламаға романтик-композиторлардың шығармалары, сондай-ақ құштарлыққа толы танго енді. Ф.Мендельсон-Бартольдидің №1 фортепианолық триосы, ре минор, оp.49, 1-бөлім, Ф.Шуберттің Скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ля мажор, оp.162, 1-бөлім, И.Брамстың №1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, оp.38, 1-бөлім, Ф.Крейслердің «Сыған каприччиосы», А.Пьяццолланың триоға арналған Revolucionario («Революциялық танго»), П.Чайковскийдің триоға арналған «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Маусым» (Баркарола), С.Рахманиновтың виолончель мен фортепианоға арналған «Вокализ», ор.34, № 14 және А.Скрябинның Поэмасы, ор. 32, № 1 және № 2 шырқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27692?lang=kk

Елорда тұрғындары мен қонақтарына Турандот өз жұмбақтарын жасырады 14.04.2025
«Турандот» операсының негізінде ХІІ ғасырдағы Турандот пен Калафтың махаббаты жайлы хикая жатыр. Кезінде бұл оқиға драматург К.Гоццидың назарына ілігіп, соның негізінде ол ертегі жазады, ал жанына жақын келген осы әңгіме бойынша композитор Дж.Пуччини әлемдік опера өнерінің қазынасына енген баға жетпес туынды жасап шығарады.«Турандоттың» әлемдік премьерасы 1926 жылдың 25 сәуірінде Миланда өтті. Композитор опера бойынша жұмысын аяқтай алмай, дүниеден озған еді, бұдан кейінгі барлық көрсетілімдер автордың естеліктері негізінде Франко Альфаномен жазылған қорытынды дуэтпен және финалмен аяқталып отырды.Итальяндық комедиялардағы «бетперделі» кейіпкерлер осынау операда есепшіл қытай шенеуніктерінің бейнесінде көрініс табады, оларды Қытай ұлттық опера театрының солистері орындайды. Бұл операда Турандот (драмалық сопрано Мартина Серафин мен қазақстандық опера дивасы Жұпар Ғабдуллина) қатігездік пен қол жеткізбес сұлулық кейпінде жүзеге асады. Барлық ерлер қауымынан кек қайтару үшін ол сөз салып келген үміткерлерге сынақ ойлап табады – оның жасырған үш жұмбағына жауап бере алмаған жандар жазаға тартылады. Оған өлердей ғашық болған белгісіз ханзада Калаф қана (болгарлық тенор Камен Чанев) сынақтан сүрінбей өтеді. Өзінің ептілігі мен күш-жігерінің арқасында ол барлық үш жұмбақтың түйінін шешеді, бірақ қыз бейтаныс жігіттің есімін атаса ғана, адуынды ханшайымның жүрек отын жағуға дайын.Турандоттың жұмбақтарыЖұпар Ғабдуллина – Турандот – алдағы премьераға қызу дайындалуда. Әртіс бұл партияны баяғыдан орындап жүргенін айтты, енді мизансценаларды жаттап, Давиде Ливермордың ойындағы ниеттерін жүзеге асыру қалды.- Менің кейіпкерімнің асқан сұлулығынан ханзадалардың басы алынуда. Калафқа дейін ханшайымның жүрегін жаулауға келген 14 үміткер өмірімен қош айтысты. Осы партияны орындап жүрген басқа да көптеген спектакльдерде Турандоттың сахна төріне шығуы маңайына салғын ызғарын таратқан мұз іспеттес еді. Либретто бойынша ол бар-жоғы 14 жаста, сондықтан осы қойылымдағы оның іс-әрекетін режиссер психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Бір кездері әжесіне жат жерліктер қорлық көрсеткен, содан Турандот барлық ерлерден кек алуды бастаған. Туған кезінен бастап оған бірде-бір ер адам қол ұшын тигізген емес. Калафтың барлық жұмбаққа берген дұрыс жауаптары оған ауыр соққы болып, күйзелтеді. Ханшайым: «Мен сені жіберемін, өз жолыңмен кете бер» дейді, алайда қарсылыққа тап болады. Бас кейіпкер жігіттен шешімін таба алмайтын жұмбақ қабылдайды. Бұл шынымен де өте күрделі рөл, бейнені жасап, көрермендерге режиссердің негізгі ойын жеткізуге тырысамын. Давиде Ливермордың пайымынша, Турандот нәзік, биязы, оның барлық қозғалыстары әсем әрі көрікті, сол арқылы ерлер қауымын еліктіруде. Вокалдық тұрғыдан қарағанда да, жеңіл жұмыс емес, - деді Жұпар Ғабдуллина.Мартина Серафин де Турандот партиясын әзірлеуде. Әлемге әйгілі опера әншісі Астанадағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті.- «Астана Опера» – өте әдемі театр, мұнда бәрі керемет ұйымдастырылған. Маған, опера әншісі ретінде акустикасы маңызды болды, бұл жердің акустикасы өте тамаша. Дирижермен, қазақстандық вокалист әріптестеріммен, сонымен қатар дыбысталуы айрықша оркестрмен жұмыс жасаудан ләззат аламын, себебі олардың бәрі – өз ізінің хас шеберлері. Режиссер Давиде Ливермор осы қойылымға жанын салуда, солистермен жұмыс жасағандай әрбір хор әртісімен де қажырлы еңбек етуде. Кейіпкерлердің көңіл-күйіне ерекше басымдық береді. Турандот – менің сүйікті әрі көп орындайтын рөлім, өзімнің қызықты интерпретациямды беруге тырысамын. Барша қазақстандықтарды елордасының 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді, осынау спектакльдің айтулы мерекеге орайластырылғанын білемін, осы оқиғаның бір бөлшегі болып, үлесімді қосқаныма қуанышым шексіз, - деді Мартина Серафин.Калафқа жауапсыз ғашық күң Лиу партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы мен осынау бейнені әлемнің түрлі сахналарында сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындайды.Опера дивасы Майра Мұхамедқызы аталған партияны бірінші рет орындамақ.- Ішкі жан-дүниесі қуатқа толы қорғансыз қызға таңғалдым. Осындай құдіретті махаббатты жер бетінен сирек кездестіресіз, мұндай сезімді барша жан басынан кешіре бермейді. Лиу көрермендердің жадында өзінің батыл да батыр әрекетімен есте қалады. Мен орындайтын барлық үш ария – өте күрделі. Біріншісі нәзік, сезімтал, мұнда ол Калафқа махаббатын білдіріп, оған деген сезімі жайлы сыр шертеді. Екінші арияда мен кейіпкерімнің жан-дүниесінде толқып, асауланған сезімдерді жеткізуім керек, себебі оның ғашығы бір көргеннен Турандоттың сұлулығына тәнті болып, одан басқа жанды көргісі де, естігісі де келмейді. Лиу бұл жайтқа көне алмайды, алайда оның жүрегі тек ханзада деп соғады. Тағдырдың жазғанымен олардың бірге болуы бұйырмаған, сондықтан Лиу Калафты құтқара отырып, өзіне қол жұмсайды. Осылайша, эмоцияға толы әрі қайратты Лиу – қарама-қарсы кейіпкер, ол – салқын қанды Турандотқа кереғар бейне. Бұл партияны орындаудың күрделілігі неде? Бір мезетте драмалық ойынды жүзеге асыру әрі вокал, техникалық күрделі сәттер жайлы ұмытпау, - деп атап өтті Майра Мұхамедқызы.Қоюшы режиссер Давиде Ливермор «Астана Опера» театрында әлемге танымал «Опералия Пласидо Доминго 2017» вокалистер байқауында қазылар мүшесі ретінде жұмыс жасаған еді. Ол Дж.Пуччинидің «Турандот» операсын қою үшін театрдан шақырту алғанына риза болған.- Осы жерде болғаныма әрі қос елдің мәдени көпірмен байланысқанына зор қуаныштымын. Осындай керемет театрда тағы да жұмыс жасауға мүмкіндік бергені үшін театр басшылығына алғысым шексіз. 6 жасымда алғаш рет «Турандот» операсымен бетпе-бет келдім. Әкем операның жазбасы жазылған дискті сыйға тартқан еді, сол кезде балалар хорының орындаған бөлігіне таң қалдым. Сол үзіндіні жаттап алып, өз бөлмемде жиі айтатынмын. Сондықтан, бұл опера бала кезімнен бері менімен бірге десем болады. Операда ерекше кейіпкерлер орын алған, меніңше, жер бетіндегі әрбір адам осындай ханзада болуы мүмкін, өмірінің басқа кезеңінде Пинг, Понг, Пангтың кескін-келбетін өз бойынан табуы ықтимал. Ал қазіргі таңда маған жақыны – Калаф. Ол сияқты мен де тағдырды сынап, махаббатқа сенгім келеді, - деп бөлісті Давиде Ливермор.Керемет көрініске лайық...Қоюшы сценографтар Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов спектакльді көркемдік безендірудің қызықты тұжырымдамасын ұсынды, онда стильдерді араластыра отырып, негізгі элемент ретінде қытай символикасын қалдыру көзделген. Халық либретто авторымен суреттелгендей таңғажайып Қытайды көреді, сондықтан қоюшылар үшін қиялға қанат бітіретін сәт туындайды. Алғаш рет әртүрлі керемет әсерлер жасайтын осы заманға сай технологиялар пайдаланылмақ. Сахнаның таңғажайып трансформациясы, айдаһар мен жылқылардың пайда болуы спектакльдің бейнелілігін арттыра түседі.Сценографтардың идеяларын тәжірибелі басшы Виктор Караренің жетекшілігімен көркемдік-өндірістік кешен шеберлері іске асырды.- Алғаш рет сахнада спектакль бойы жылжытылып отыратын әрі ені 24 метр, ал биіктігі 15 метр болатын экран түріндегі алдыңғы арьер-проекцияға қосымша ретінде қызмет ететін LED-кулисалардағы бейнепроекцияны қатар қолданатын боламыз. Бірінші бөлімде көрерменді таңғалдырып, нағыз судан жаңбыр жауып өтеді. Жарық пен бейнеконтенттің керемет үйлесімі қайталанбас театрлық сиқыр тудырады. Айта кету керек, бұл қойылымда жарықтың атқаратын рөлі зор. Бұдан бөлек, жер астынан пайда болып, 3 метр биіктікке жоғарылайтын (!) бас кейіпкерді көтеруге арналған механизмдерді құрастырдық. Қалпына келтіру-ұсақ-түйек жұмыстар цехы сарайлар мен бағаналар жасау жұмыстарын аяқтауда, бутафорлар мен реквизиторлар да ауқымды жұмыс көлемін атқарды. Әр қойылым сайын біз театрдың қайталанбас тарихын жазамыз, тәжірибе жинақтаймыз, бұл бізге адам сенгісіз жобаларды ең жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның бәрі бізге келген көрерменнің ерекше әлемге тап болғандай сезімге бөленуі үшін жасалады, - деп атап өтті Виктор Караре.- «Турандот» - өте бай көркемдік материал. Ең алдымен, біз барынша пайдаланғымыз келген режиссердің көзқарасына, сахнаның техникалық жабдықталуына сүйендік. Кеңістік бірде ұлан ғайыр кең, бірде шағын болып өзгереді. «Турандоттың» қойылу тарихын зерттей келе, спектакліміздің бұған дейінгі әлемдік нұсқалардың бірде-бірін қайталамайды деп нақты айта аламын. «Астана Опера» театрының қойылымы азиялық және қытайлық стильдердің жарасымды үйлесуімен бірегей болмақ, яғни сценографияда осы екі мәдениеттің символикасы да көрініс таппақ, - деп түсінік берді қоюшы сценограф Софья Тасмағамбетова.Костюмдер мен декорациялардың түстер гаммасына айтарлықтай ұстамдылық тән, алайда мұның өзінде белгілі бір мән жатыр. Бұл «солғындық», керісінше, басты дүниеге – әрекетке айқын мән беруге жол ашады. Қара-ақ түстер ерекше көлеңкелік акцент тудырады.- Костюмдер тігу үшін біз жібек матаны, бірақ көбінесе қымбат бағалы маталардың бірі - жаккардты пайдаландық. Бұл ретте әшекейлеу екінші орында, ал жиектеме, түймелеу тіпті бұл қойылымға тән емес. Қиындық тудырған ерекше қытайлық пішу үлгісі, мұны тігін цехының шеберлері тамаша меңгерген. Бұдан бөлек, костюмнің пішінін сақтап тұратын матаның фактурасы маңызды болатын. Бас кейіпкер Турандот үнемі халықтың көз алдында болады, яғни бұл жаңа міндет жүктейді – оның киімін ауыстыру сахнаның қақ ортасында жүзеге асырылуы тиіс. Сөйтіп, негізгі киімді әртүрлі төрт жамылғы толықтыратын болады. Ханшайымның соңғы көйлегі қызыл түсті. Біз ұзын саны 247 костюм тіктік, оған 2 мың метрден астам мата жұмсалды. Хор әртістерінің киімдерін ауыстыру нәтижесінде осындай көлемді іс жасадық, бастапқыда көріністің басынан аяғына дейін олар бір киімде болады деп жоспарланды, кейін тағы бір костюм ауыстыру есебінен оларды ұлғайтуға шешім қабылданды, - деп сөзін қорытындыларды сценограф.Ұсақ-түйектер жайлы нақтырақБутафор цехының алдында маңызды міндет тұрды – көптеген ұсақ бөлшектер жасау, көзінің майын тауысып, министрлердің костюмдер жағасының қайырмаларына сән беріп тұратын ордендерді ойып жасау, ханзадаларға арналған медальдар құю. Айта кету керек, бұл ретте әскери тақырып арқау болған, оған дәлел – жендеттер мен қарауылшыларға арналған айбалталар, әскери семсерлер, металл мен ағаштан жасалған қысқа, салттық, имек қылыштар. Бутафорлар қарудың саптарын мұқият қайрайды, ал ұшын жасауға кәдімгі болаттың орнына алюминийді пайдаланады. Кейіннен барып осынау керемет дүние сәнделіп, былғарымен өңделеді. Бұған қоса, шеберлер би көріністерінде пайдаланылатын шыбықтағы қарлығаштарды әзірледі. Ұшу әсерін беру үшін, олардың қанаттары материалдан жасалды.Қолшатырлар, желпуіштер, асатаяқтарды әзірлеу технологиясы ұзақ уақытты талап етеді, олардың түстері шығыс мәдениетіне тән. Дәстүрлі қытай сабан қалпақтарын жасау да қажырлы еңбекті қажет етеді, олар папье-машеден жасалды, төбесі баумен сәнделген олардың ерекше пішіні ескерілді. Мұндай бас киімнің салмағы шамамен 400 грамды құрайды! Сауыт әзірлеу де ерекше назар аудартады, бұлардың саны 22 дана, әрбіреуіне 200 кесек былғары жұмсалады.Музыкалық әлемҚоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор шебер дыбысталуы үшін бірнеше ай бойы дайындық жүргізді. Осынау операда аса маңызды рөлге ие хорға айрықша жүк артылмақ. «Астана Операның» бас хормейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов елордалық театрдың хор әртістерінің ғана шеберлігін шыңдап қоймай, Қытай ұлттық опера театры әртістерінің де өнерін ұштады.Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы бойынша жұмыстары 1920 жылдың жазынан бастап 1924 жылға дейін, композитордың қайтыс боларына дейін жалғасқаны белгілі. Ла Скаладағы опера премьерасы кезінде қорытынды бөлімнің ортасында кенеттен музыка тоқтап қалды: Артуро Тосканини өзінің дирижерлік таяқшасын қойып, көрермен қауымға бұрылып: «Осы жерде сұм ажал композиторды өнерден мәңгілікке ажыратты» деген. Осыған дейін жиырма жыл бұрын «Воскресение» операсымен халықаралық атаққа ие болған Пуччинидің досы Франко Альфано сазгерден қалған қорытынды дуэт жазбаларын пайдаланып, «Турандотты» соңына жеткізді. Дәл осы финал нұсқасы елордалық театр сахнасынан шырқалмақ.«Турандот» операсы – «Астана Опера» театрының жиырма төртінші премьерасы, оны сөзсіз ғаламат туынды деуге болады. Қойылым тобының аса зор жұмысының арқасында, айрықша көріністі спектакль елорда тұрғындары мен қала қонақтарының көңілінен шығып, талғамына сай болары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27544?lang=kk

Nomad Way 2018 халықаралық көшпенділер мəдениетің фестивалі Астанада өтеді 12.04.2025
Көшпелі халықтардың мəдени мұрасын сақтап, кеңінен таратуды мақсат еткен Nomad Way 2018 көшпенді мəдениеттің халықаралық фестивалі елордада маусымның 22 мен 24 аралығында Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырып отыр.Nomad Way көшпенді мəдениеттің халықаралық музыкалық фестивалі бүгінде еліміздегі ең жарқын мəдени мерекелердің біріне айналды. Шараны 2017 жылы The Spirit of Tengri жобасы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Жыл сайын Қазақстан Ұлы Дала жеріндегі бауырлас халықтардың музыкалық мəдениетінің өкілдерін қарсы алады.Биыл Nomad Way фестивалі көрермен назарына ethno-world жанрының ең танымал орындаушылары қатысатын 3 күндік шоу ұсынбақ.Бұл фестивальдың басты ерекшелігі - əлемнің 20 мемлекетінен келетін əртістер негізгі бағдарламаларынан бөлек, қазақтың халық əндері мен шығармаларын да орындайды.Фестиваль қонақтары мен көрермендері тек қана жанды дауыс, керемет жарық шоуы, дəстүрлі аспаптардың үніне толы, келушілерге ерекше энергия сыйлайтын 3 күндік музыка мерекесіне куə болады. Фестиваль көшпенді халықтардың мəдени мұрасын сақтап, танымал етуді мақсат тұтады.Nomad Way фестивалінің қатысушылары өз елдерінің музыкалық мəдениетінің ең атақты өкілдері.Биыл Астананың 20-жылдығына орайластырылып отырған Nomad Way 2018 фестивалінің сахнасына Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген 19 өзгеше музыкалық ұжым шығады. Қатысушылар құрамы (19 ұжым):Aldaspan (Қазақстан)Tilla Török's Band (Мажарстан)Арғымақ (Башқұртстан)Gulzada (Қырғызстан)Abbos (Өзбекстан)Namgar (Бурятия)Radik Tyulyush & Chalama Project (Тува)Ислам Сатыров (Ставрополь аймағы)Khoomei Beat (Тува)Zaman (Башқұртстан)Shono (Бурятия)Baba Zula (Түркия)Болот Байрышев & Белуха Jam (Алтай)Avesto (Тəжікстан)Группа «Айархаан» / Чылтыс Таннагашева / DJ Nariman Issenov (Якутия / Таулы Шория / Қазақстан)Svjata Vatra (Украина / Эстония)Yedil & Satzhan project (Қазақстан)Huun Huur Tu & DJ Carmen Rizzo (Тува / АҚШ) Nomad Way 2018 көшпенді мәдениеттің музыка фестивалін қазақстандық «Алдаспан» этно-рок тобы ашады. Бұл – электр домбыраларда ойнайтын бірегей ұжым. Топтың атауы айтып тұрғандай, өнер ұжымы әндерінің басым бөлігі ер-азаматтардың намысын оятып, рух беруге бағытталған. Топ репертуары батырлардың ерлігін жырлайтын, күш-жігерге толы көне түркі әскери эпостар мен жыр-дастандардан тұрады. AVESTO – өз елінің ең танымал этно-джаз ұжымдарының бірі. AVESTO музыкасы стилі жағынан әр алуан: онда дәстүрлі әуендер де, заманауи свинг те, "джаз-рок", модальды джаз, "би-бо", "фри-джаз" да бар. Топ өз шығармашылығында заманауи джаз музыкасын шығыстың этникалық әуендерімен әдемі үйлестіреді. «Арғымақ» этно-рок тобы - Башқұртстанның заманауи этникалық музыкасындағы көшбасшы ұжым. Өз шығармашылығында башқұрттың курай, думбыра, кубыз, кыл-кубыз секілді дәстүрлі аспаптарын, көмеймен ән айту шеберлігін гитара, бас, ұрмалы аспаптармен және әлемнің түрлі елдерінен жиналған этникалық аспаптармен қатар қолданады.Nomad Way фестивалінде қырғыздың музыкалық мәдениетін осымен әнші Гүлзада ұсынбақ. Гүлзада Рысқұлова өз шығармашылығында қырғыздың дәстүрлі музыкасын түрлі жанрлармен үйлестіре отырып, орындайды. Халық әндерін рок, джаз, электроникамен әрлеп, шебер шырқайды.Abbos ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фестивалінде өзбектің музыкалық мұрасын паш етеді. Abbos тобының шет мемлекеттерде танымал болуына бірден-бір себепкер – оның негізін қалаушы, дойра мен өзге де халық аспаптарының майталманы Аббос Касимов. Ұжым мүшелері карнай, сурнай, рубоб пен танбур сияқты аспаптарды да қолданады.Биыл Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фстивалінде буряттардың музыкалық мәдениетін тағы да Namgar жобасы ұсынады. Топтың атауы ұжым вокалисі Намгар Лхасаранованың есімімен байланысты қойылған. Ол – керемет әнші ғана емес, буряттың үні ерекше ұлттық аспабы – ятагада ойнайтын майталман музыкант.Nomad Way фестивалінің екінші күнінің шымылдығын әйгілі тувалық музыкант, көмеймен ән айтудың хас шебері Радик Тюлюш пен оның Chalamа атты жобасы ашады. Тувалық жұлдызды бас-гитарист Сергей Калачев пен үнді дауылпаздары-таблада ойнайтын музыкант Геннадий Лаврентьев сүйемелдейді. Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалінде алғаш рет Ислам Сатыров өнер көрсетеді. Музыкант өз бастауын Алтын Орда дәуірінен алатын, тарихы терең түркітілді көне тайпа – ноғай этносының мәдениетін паш етпек. Ислам Сатыровтың шығармашылығы – этника мен заманауи музыкалық стильдердің синтезі. Музыкант шығармаларының басты тақырыбы – тарихи-патриоттық композициялар мен махаббат лирикасы.Тувалық музыканттардың жаңа буын өкілдері - Khoomei Beat ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалі сахнасына алғаш рет шығады. Музыканттар экспрессивті рок пен жеңіл поп-музыканы микстеу шеберлері.ZAMAN этно-жобасы - World Music жанрында өнер көрсететін және көбіне тек башқұрт тілінде ән шырқайтын топ. Топ репертуары авторлық композициялар мен башқұрттың заманауи өңдеуден өткен халық әндерінен тұрады.Бурятиядан келген Shono тобы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестиваліне екінші рет қатысқалы отыр.Топтың негізін қалаушы – әнші, әрі көмеймен ән айту өнерінің майталманыАлександр Архинчеев. Оған қоса, Александр ішекті этникалық аспаптар: морин-хур, сух-хур және үрмелі аспап лимбэде ойнайды.Қазақстандық көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп үлгерген Түркияның әйгілі BaBa ZuLa ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениет фестивалінде тағы да өнер көрсетеді. Топтың әр өнер көрсетуі – ерекше рәсім. Ол – музыка, би мен поэзияның үндестік табуы. Түрік ұжымы венециялық биеналле, Дания, Чикаго, Берлин мен Амстердамда өткен «Roskilde» фестивальдары сияқты әлемдік шараларға қатысқан.Болот Байрышев – Алтай Республикасы мен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі. Алтайдың «кай» атты көмеймен ән айту техникасын және барлық ұлттық аспаптарды меңгерген. БЕЛУХА JAM — дәстүрлі Алтай музыкасын заманауи рок-өңдеуде орындайтын Таулы Алтайдан шыққан музыкалық ұжым.Музыканттар Алтай халқының ұлттық эпостарын, «алкыш» деп аталатын шығармаларын және орыс, алтай тілдеріндегі авторлық әндерді орындайды.Мажардың халық музыкасында классикалық скрипкамен қатар, мажарша «кобоз» деп аталатын лютня аспабының орны ерекше. Топ солисі Tilla скрипканы да, лютняны да тамаша меңгерген.Tilla Török мажардың халық музыкасы, көшпелі халықтардың әуендерін заманауи өңдеуден өткізіп, тыңдарманға ұсынады.«Айархаан» тобы – көптеген халықаралық конкурстардың, этникалық фестивальдардың лауреаты. Тек қана дауыс пен хомус аспабының арқасында музыканттар жан-жануарлардың, құстардың, табиғаттың дауысын шығара алады.Чылтыс Таннагашева – Таулы Шорияда көмеймен ән айту техникасын меңгерген алғашқы әйел адам. Музыкант – бірқатар байқаудың жүлдегері: 2008 жылы "Устуу-Хурээ" атты жанды дауыстағы халықаралық фестиваль 2008 – Тыва р.; Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс халықтарының "Икенипке" фестивалі 2009 – Мәскеу; "Риду риду" Халықаралық фестивалі 2014 - Норвегия.The Spirit Of Tengri және Nomad Way фестивальдарында түрлі этно-музыканттармен бірге өнер көрсетіп, көрермендерді ерекше туындылармен тәнті еткен қазақстандық DJ Nariman Issenov биыл да көшпенді мәдениеттің фестиваліне атсалысады. Үшінші концерттік күні ол сахнаға якутиялық «Айархаан» триосымен және Таулы Шориядан келген өте талантты орындаушы Чылтыс Таннагашевамен бірге шығады.«Svjata Vatra» – эстон-украиндық “fire-folk” тобы. Украина мен Эстония музыканттары қосылған ұжым халық музыкасын, Балтық мелодияларын ойнайды.Эстониядағы концерттерінен бөлек, Svjata Vatra Франция, Ресей, Украина, Швеция, Финляндия, Латвия, Германия, Чехия, Румыния, Нидерланд сахналарында өнер көрсеткен.Қазақстандық көмеймен ән айту шебері, әрі қазақтың көне музыкалық аспаптарын меңгерген майталман музыкант Еділ Құсайынов Nomad Way музыкалық фестивалінің сахнасына тағы да шығады. Еділ Құсайыновтың шығармашылығы – көне мен жаңаның үндестігі, ерекше синтезі."Хуун-Хуур-Ту" тобына ғана тән әуендерді бүкіл әлемдегі музыка сүйер қауым біледі. Музыканттар тувалық дәстүрлі әндерді тыңдарманға ерекше әсер ете отырып орындайды. "Хуун-Хуур-Ту" шығармашылығының басты ерекшелігі – тувалық көмеймен ән айту өнері. Осыдан бірер жыл бұрын "Хуун-Хуур-Ту" АҚШ-та аса танымал диджей Carmen Rizzo-мен бірге жұмыс жасай бастады. Carmen Rizzo "Грэмми" жүлдесіне екі мәрте номинант болған. "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге жоба жасауды диджейжің өзі ұсыныпты. The Spirit of Tengri фестиваліне қатысты мəліметThe Spirit of Tengri - заманауи этникалық музыка жанрындағы ең ірі əлемдік жобалардың бірі, ұлттық ауқымдағы мəдени бренд мəртебесіне ие болған мульти-мəдени жоба.Оның мақсаты – Ұлы Дала жəне күллі əлем халықтарының мəдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері жұлдыздарының басын қосу.Жобаның негізін 2012 жылы Tengri FM ұлттық радиостанциясы қалады. Қазіргі уақытта фестивальға қатысушылар қатарында əлемнің 70-тен астам мемлекетінен шыққан музыкалық ұжымдар бар. Фестиваль өткізілген уақыт аралығында шараны 100 мыңнан астам адам тамашалады.The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер – ақпараттық-көркем материалдармен, видео-контентпен əрленетін музыкалық шоу. Яғни, концерттердің ойын-сауықтық қана емес, танымдық маңызы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27244?lang=kk

«Астана Операда» бір бөлімді балеттердің әлемдік премьерасы орын алмақ 12.04.2025
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова елордалық театрдың репертуарын әлемдік хореография жауһарларымен толтыруын жалғастыруда. А.Асылмұратованың бастамасымен көрермен қауымға балет әлемінің бірегей жаңашылдықтары ұсынылмақ. Айтулы балетмейстерлердің ерекше әрі теңдесі жоқ хореографиясы асқақ өнерді сүйетін жандардың көңілінен шығары сөзсіз.«Заманауи хореография кеші» екі бөлімнен тұрады. Раймондо Ребектің «How long is Now?» («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір бөлімді балетінде көрерменді уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау күтуде.Хореографтың сөзінше, өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт әртүрлі уақытқа созылуы мүмкін. Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін…Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.Хореография кешінің екінші бөлімінде – Ақтоты Райымқұлованың музыкасы мен Адам Капановтың «Аспан көші» либреттосының желісімен қойылған Ксения Звереваның «Sounds of Time» («Заман тынысы») бір бөлімді балеті.Балеттің негізінде қос ғашықтың тарихы жатыр, олардың әкелері – кәдімгі қарапайым адам болса, аналары – аспан көшін кезген арулар. Көне сиқыр күшіне ие екенінен бейхабар бас кейіпкерлер Аңсар мен Нұрия таңғажайып оқиғаларды бастап кешіріп, алдарынан жақсылық пен жамандықты, махаббат пен өшпенділікті, қайсарлық пен өзімшілдікті кездестіреді. Дегенмен, сиқыр құдіреті мен уақыт тынысына толы осынау ғаламат оқиға қазіргі кезге ауысады. Қаһармандардың тылсым күштері мен сиқырлы бойтұмарлары басқа пішінге еніп, кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері бүгінгі таңдағы көрерменге әбден түсінікті болады. Спектакль қазіргі заманғы өмірді, оның өзекті мәселелері мен адамдардың өзара қарым-қатынасын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар мен олардың құндылықтарын бейнелейді. Осы арқылы қиял мен шынайылық шиеленіскен балеттің қанық сюжеті, қандай жағдай болса да, уақытқа бағынбайтын ең басты әрі маңызды идеяларға жетелейді. Басталуы сағат 18.00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27123?lang=kk

«Астана Операда» Ақтөбе филармониясы камералық хорының концерті өтеді 12.04.2025
Ақтөбе облыстық филармониясының негізі 1944 жылы қаланған, ал 1998 жылы филармонияға көрнекті отандық композитор, КСРО халық әртісі Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың аты берілген. Филармония құрамында – қазақ халық аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық оркестр, камералық хор, би және музыкалық ансамбльдер, балалар студиясы, сонымен қатар солистер бар. Шығармашылық ұжымдар және солистер көптеген республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысады, Қазақстан қалаларына және шетелдерге гастрольге шығады.Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры республикамыздағы алдыңғы қатарлы хор ұжымдарының бірі болып табылады. Ұжымның шығармашылық жолы 1991 жылы басталған. Бүгінде хор репертуарында 400-ден астам туындылар бар. Халық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың камералық шығармаларымен қатар, әртістер В.А.Моцарттың Реквием, К.Орфтың «Кармина Бурана», Г.Свиридовтың «Пушкинский венок» және «Неизреченное чудо», М.Сағатовтың «Мерекелік кантата» және тағы басқа хор классикасының көлемді шығармаларын орындайды. Көркемдік жетекшісі және дирижері – Мербол Құспанов, хормейстерлер – Мәди Әбішев, Лейла Кущанова.Осы кеште елордалық көрермендерге халық әндері, отандық және шетелдік авторлардың жауһар туындылары ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/26798?lang=kk

«Астана Балет» кастинг жариялайды 12.04.2025
Театр труппасының ұлғаюына байланысты, хореографиялық білімі бар бойжеткендерге «Astana Ballet Folk» ұлттық труппасы кастинг жариялайды.Іріктеу кезінде мына көрсеткіштерге мән беріледі:- бойы кем дегенде 168 см,- жасы 18 бен 25 аралығы,- сахналық көріктілік.Іріктеу мерзімі: 2018 жылғы 3 қазаннан 20-желтоқсанға дейін.Ниет білдіргендер толық бойымен, сахналық кейіпте түскен фотосуреті мен резюмесін aizhanzhunissova@gmail.com электронды поштасына жолдау керек.Алдын-ала келісілгеннен кейін, қатысушы театрға шақырылады. Кез-келген сұрақ бойынша +77088938189 телефон номері арқылы жауап ала алсыз. Театр ниет білдіруші әр адамға ризашылығын білдіріп, байқауға қатысуына қолғабыс көрсетуге дайын екенін мәлімдейді.«Астана Балет» - еліміздің ең жас әрі кәсіпқой театр, өзіндік келбеті бар, әлемге таныла бастаған ұжым. «Астана Балет» дәстүрді сақтай отырып, заманына үн қосады. Біз кемеліне жеткен хореографтарды шақыртып, солармен бірге модерн, классика мен халық биінің тоғысқан дүниесін шағарамыз. «Астана Балет» ұлттық труппасының қол созар биігі – ұлттық би өнерін сақтай отырып, оны жаңа бағытта дамыту.Актерсіз театр болмақ емес. Ендеше біз көрікті, амбициясы бар әрі өз ісіне адал жандарға іздеу саламыз. Труппамыз нағыз кәсіпқойлар ұжымы, мұнда көптеген хореографиялық мектеп өкілдері бірімен-бірі үйлесімді жарасып тұр.Театр өз спектакльдерін Астанадағы сахнасында қойып мен Қазақстанның өзге аймақтарына және шет елдерге жиі гастрольдік сапармен шығады. «Ұлы Дала мұрасы» атты гала концерт бағдарламасы театрды әйгілеп тұратын дүниеге айналды. Бұл концерттік бағдарлама Санкт-Петербор, Нью-Йорк, Милан, Париж, Бейжің, Токио қалаларыныңі сахнасында қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/26365?lang=kk

Классикамен сұхбат 11.04.2025
Керемет дыбысталуы, әлемдік классика жауһарларын әсерлі түрде жеткізуі, сахнадағы ерекше дарындылығы шығармашылық ұжымды туған елінде ғана емес, шетелде де танымал етті. Ішекті аспаптар құрамында көпшілікке белгілі музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), сонымен қатар ұжымның көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель) бар. Бір концерттің аясында әртістер классицизм, романтизм және XX ғасыр музыкасы сынды түрлі жанрлар мен дәуірлердегі туындылардың тамаша түсіндірмесін ұсынатын болады.Осы кеште В.А.Моцарттың Ішекті аспаптар квартеті №15 ре минор шығармасы орындалады. В.А.Моцарттың камералық ансамбльдерге арнап жазған көптеген туындыларының ішінде ішекті аспаптар квартеті ерекше танымалдылыққа ие. Айрықша драматизмімен, бейнелілігімен өзгешеленетін Ішекті аспаптар квартеті №15 ре минор –көрнекті композитор әрі автордың досы Й.Гайднге арналған алты квартеттің ішіндегі екінші (және ең танымал) туынды. Бұл опустар австриялық классиктің ең атақты шығармалар қатарына жатады. Олар өз жанрының негізін қалаушылар ретінде танымалдылыққа ие болып, концерттерде, радиобағдарламалар мен жазбаларда жиі орындалады.Музыканттар Х.Вольфтың «Итальяндық серенада» W17/2 шығармасын орындайды. Бұл романтик-композитордың өзіндік стилінің тамаша үлгісі және оның сан қырлы дарынының куәсі. Аспаптық миниатюра бағдарламалық драмалық көрініс ретінде түсіндіріледі, мұнда қос кейіпкер – адуынды ер адам мен назды әйел адам арасындағы махаббат сезімін жеткізу баяндалады. Шығарма жалын атқан би тақырыптарының молдығымен, жеке орындалатын виолончельдің мәнерлі аспаптық речитативтерімен, сондай-ақ шынайы нәзіктік, оғаштық пен ерсіліктен тұратын бейнелердің сахналық көрнекілігімен, қаһармандарының мінез-құлқымен, қарқынды көрсетілген психологиялық жағдайымен тыңдармандарды баурап алады.Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Д.Шостаковичтің Ішекті аспаптар квартеті №5 cи-бемоль мажор, op. 92 туындысы ұсынылады. XX ғасырдағы әйгілі композитордың барлық жанрлар мен музыкалық формаларды қамтыған ауқымды мұрасында ішекті аспаптар квартеті маңызды орынға ие. №5 ішекті аспаптар квартеті өзінің трагедиялық мәнерімен, көңіл-күй қарбалысымен ерекшеленеді. Музыканың үдемелі құштарлығы нәзік лирикалық әуенмен алмасады, содан кейін бақытты финалмен аяқталатын шиеленіс пен драматизмнің күшеюі орын алады. Д.Шостакович өз шығармаларында жеке сипаттағы сұрақтарды тұспалдап жеткізеді. Бәлкім, квартеттің бірінші бөлігіндегі әсерлі контрапунктте көрсетілген күшті толғаныс дәл осылайша түсіндірілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/20539?lang=kk

Жаңа жылға дайынбыз 11.04.2025
Тыңдарман қауымға мерекелік кештің қызықты да мәнерлі бағдарламасын вокалистер – «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Ганжа, Татьяна Вицинская, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Ерұлан Кәмел, Нұрлан Шауаханов, Мағжан Аманжолов, Гүлсара Жазитова, Нұрсұлтан Шатырханұлы, Жанна Тышқанова, сонымен қатар аспапшы музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаттары Балжан Сапарова (флейта), Асқар Мұқанов (виолончель), Раушан Бескемпірова, Жанар Ахметова, Данияр Есімханов (фортепиано) ұсынады.Тыңдаушы назарына түрлі стильдер мен бағыттардағы композиторлардың танымал вокалдық әрі аспаптық туындылары ұсынылады. Й.Гайднның фортепианолық триосы до мажор және Дж.Энескудің флейта мен фортепианоға арналған «Cantabile et presto» аспаптық шығармалары алғаш рет орындалатын болады. Бұдан бөлек, Э.Гранадос – Г. Кассадоның Интермеццо, К.Сен-Санстың «Аққу», Ф.Крейслердің «Махаббат азабы», «Керемет розмарин», Ф.Шопеннің № 2 скерцо си-бемоль минор туындысы шырқалады.В.Беллинидің «Сомнамбула» операсынан граф Родольфоның ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариясы және Ж.Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильоның ариясы, Ш.Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсі, Ф.Легардың «Веселая вдова» опереттасынан Ганна мен Данилоның дуэті, «Страна улыбок» опереттасынан ханзада Су-Чонгтың ариясы, К.Дебюссидің «Чудесный вечер», И.Штраустың «Весенние голоса», Л.Ардитидің «Поцелуй», Д.Обердің «Взрыв смеха» және т.б. вокалдық музыка жауһарлары кештің көркін аша түспек.Концертті жүргізуші – Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/19525?lang=kk

«Астана Опера» балет труппасы Кремль Сарайында өнер көрсетеді 11.04.2025
- Біз үшін барлық гастроль маңызды, жақында балет труппасы бір ай көлемінде Еуропа қалаларында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті, барлық жерде аншлаг болды. Бүгінде Мәскеудегі ең беделді концерттік зал сахнасында «Шехеразада» бір бөлімді балетін орындау туралы Андрис Лиепадан шақырту келіп түсті. Бұл біз үшін жауапты әрі айтулы өнер көрсету болмақ, себебі гала-бағдарламаның тұтастай бір бөлімі «Астана Опера» театрына берілген. Кремль Сарайы сахнасын көздің жауын алар декорациялар сәндейтін болады, біз оларды Қазақстаннан алып барамыз. Әртістеріміз спектакльді керемет деңгейде көрсетеді деген үміттеміз. Бізге деген ықыласы мен сенімі үшін Андрис Марисовичке алғыс білдіремін. Наурыз айында қазақстандық көрермендер осынау балетті «Астана Опера» сахнасынан тамашалай алады, - деп атап өтті Алтынай Асылмұратова.Дәстүр бойынша Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепаның «Қолтаңбалар және бедел» жобасы жыл сайын өтеді. Гала-концерт бағдарламасына «Қасиетті көктем», «Петрушка», «Ұйқыдағы ару», «Жизель», «Талисман» және т.б. балеттердің үзінділері енген. Дегенмен де, кештің басты оқиғасы Лев Баксттың қайта жаңғыртқан декорациялары мен костюмдері бар «Шехеразада» шығыс ертегісінің көрсетілімі болмақ.Алтын құл партиясын жас дарын, «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан орындайды. Барша әлемнің балет сыншылары мен көрермендері «Астана Опера» премьерінің ғаламат секірулеріндегі үлгілі академиялық форманы сақтай алатын тамаша самғауларына» толық көлемде бағасын берді. Жетекші солист керемет орындау техникасына, сирек кездесетін жеке-дара харизмаға ие, әртіс көрермен назарын өзіне аударып, оларды соңынан ілестіре алады. Нәзік шығыс аруы Зобеиданың партиясында – театрдың жас әрі болашағы жарқын солисі Анастасия Заклинская. Шахриар мен Шахезманды тамаша актерлік шеберлік иелері Жәнібек Иманқұлов пен Ильдар Шакирзянов ұсынбақ. Бас белсіз рөлінде – харизмалық биші Олжас Маханбетәлиев. Күңдер – Мөлдір Шәкімова, Аделина Төлепова, Еркежан Жүнісова, Марико Китамура, Сэйка Тоносаки, Назира Заетова.Қазақстандық әртістермен қатар, гала-концертке «Ковент-Гарден» Корольдік театрының премьері Вадим Мунтагиров пен Дарья Климентова, сондай-ақ әлемдік балеттің ең жарық жұлдыздары: Юлия Махалина («Мариин театры»), Татьяна Мельник («Мемлекеттік Венгр опера театры»), Элеонора Севенард («Ресей Үлкен театры»), Бруклин Мак («Вашингтон балеті»), Ксандер Париш («Мариин театры»), Денис Родькин («Ресей Үлкен театры») және т.б. қатысады.Еске салар болсақ, 2019 жылдың 12 наурызында ХХ ғасырдың басындағы ұлы биші әрі хореограф, Сергей Дягилевтің «Орыс маусымдары» жұлдызы Вацлав Фомич Нижинскийдің туғанына 130 жыл толады. Ол өзінің балет партияларымен сол дәуірдегі көптеген балериналардың атақ-даңқын басып-озған әлемдегі алғашқы ер бишілердің бірі болған. Оның икемділігі мен әртістік харизмасы оған әлемдік танымалдылық әкелді.Кеш жүргізушісі әрі режиссері – Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа.Концерт бір үзіліспен 2 бөлімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/18668?lang=kk

Карнавал стилінде: «Жібек саты» операсының премьерасы «Астана Операда» аншлагпен өтті 11.04.2025
Өзінің тарих беттерін 6 жыл бойы жазып келе жатқан жас театр үшін бұл өте маңызды оқиға. Енді Камералық зал репертуары одан сайын түрлене түсті. «PICCOLO» Камералық театры – студенттер, түлектер, жас вокалистердің танылған опера әншілерімен бірге өз шеберліктерін арттыруға арналған шығармашылық зертханасы іспетті.Залда ине шаншар жер жоқ. Жайлы камералық атмосферада, софит жарығымен қызықты оқиға орын ала бастады. Сюжет бойынша, Дормонттың (Рамзат Балакишиев, Руслан Совет) қамқорлығында тәрбиеленуші Джулия (Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова) Дорвильмен (Жан Тапин, Дамир Сәдуақасов) құпия түрде некелескен, ал ол әр түні жібек сатымен әйелінің бөлмесіне көтеріледі. Дормонт болса, өзінің тәрбиеленушісін Бланзакка (Евгений Чайников) тұрмысқа бергісі келеді, ал оған Джулияның бөлесі Лючилла (Салтанат Мұратбекова, Малика Минизини) ғашық. Ақкөңіл қызметші Джермано (Сүндет Байғожин) Джулияның түнде күйеуін күтетінін естіп әрі оны Бланзак деп ойлайды да, оған жібек саты түсірілетінін хабарлайды...Кейіпкерлер қайта-қайта күлдіргі жайттарға тап бола берді, бұған тамаша әсер еткен көрермен күлкісін жасыра алмай, ду қол шапалақпен үн қатып отырды. Дарынды жас вокалистер мен опера сахнасының сұранысқа ие шеберлері өз партияларының нәзік вокалдық реңктерін беріп қана қоймай, бұл қойылым фарс болғандықтан, бір мезетте түрлі эмоцияларын ым-ишарамен, ойнақы көзқараспен білдірді.Тыңдармандардың іші пысқан жоқ: әртістер үнемі қозғалыс үстінде болды, олар жүгірді де, тығылып қалып, күтпеген сәттерде қайта оралып отырды. Бұл жерде Италиядан келген қоюшы режиссер Алла Симонишвилидің мінсіз жұмысын атап өткен жөн, ол спектакльдің географиясын керемет жасағаны соншалық, сахнаның әрбір бұрышы жанданып, тіпті оқиға венециялық алаңда өтіп жатқандай әсерде болды.Жаннат Бақтай мен Салтанат Ахметова өз мінез-құлықтары, өмірлік тәжірибелері арқылы әрқайсысы өздігінше бас кейіпкердің бейнесін сомдаған. Премьераның әр күнінде қос әртіс россинилік стильді, актерлік шеберлікті тамаша меңгергендерін көрсетті, олар желпуішті епті пайдаланып, сахнада кербез қозғалды. Жан Тапин мен Дамир Сәдуақасов осы қойылымда көңілдес кейіпкердің бейнесін сәтті сомдап шықты. Тенорлардың үндері жоғары деңгейде болды. Баритондар Сүндет Байғожин және Евгений Чайников те биіктен көрінді. Осы екі әртістің шеберлігін қос премьералық күн бойы рахаттанып тыңдауға мүмкіндік туындады. Сүндет Байғожин үлкен актерлік дарынын көрсетті, оның ойыны ерекше тартымды болды. Евгений Чайников көңілдес кейіпкердің бейнесін әрі күлдіргі, әрі әсерлі етіп жасады. Дормонт партиясындағы Рамзат Балакишиев пен Руслан Советке барлық жағынан оңай болғаны байқалды, екеуі де өз бейнелерін жақсы аша алды. Тамаша меццо-сопрано иелері әншілер Салтанат Мұратбекова мен Малика Минизини бельканто техникасын өте жақсы игергендерін көрсете отырып, Лючилла партиясын орындады.Сахнаның керемет жиһаздарын сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа (Италия) жасаған, ол костюмдер мен декорацияларды венециялық карнавал стилінде, дәлірек айтқанда, кейіпкерлері капитан Фракасс, доктор Чума, арлекин және т.б. болған Комедия дель арте негізінде орындаған. Әртістер осы киім үлгілерінде ерекше көрінді, мұндай көздің жауын алатын алуан түсті экзотика әзірше салқын болып тұрған елордамыздың көрермендері тарапынан қызығушылықпен әрі таңданыспен қабылданды. Декорациялар, костюмдер және бейнепроекциялар XVIII ғасыр ортасындағы ыстық Италия еліне жетеледі.Осы операдағы музыка мәтінмен тығыз байланыста болды. Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдинов жетекшілік еткен оркестр музыканттары асқан шеберлікпен өнер көрсетті, оркестр құрамы оркестр шұңқырында емес, тыңдармандарға етене жақын болуы үшін залда орналасқандықтан, көрермендер өздерін қойылымның қатысушысы ретінде сезіне алды.Премьера Жастар жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен үлкен жетістікпен өтті. Тыңдармандар әртістерге ыстық ықыластарын білдіріп, ұзағынан қол соғып, қошемет көрсетті. Осылайша, «PICCOLO» Камералық театры шығармашылық жобасы асқақ өнерді бағалаушылардың, сондай-ақ жетекші БАҚ-тың оң пікірін алды, демек, бұл – оны ұзақ та бақытты сахналық ғұмыр күтеді деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/18371?lang=kk

106 адам заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды 10.04.2025
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру жиілеп кетті. Бұл азаматтарды күмәнді билеттерді, қызметтер мен заттарды сатып алуға мәжбүрлейді.Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде, 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті болмаған адамдарға лотерея өткізуге тыйым салынады. Лотерея қызметін заңсыз ұйымдастыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер рұқсатсыз лотерея ұйымдастырылса, заң бойынша 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал түскен табыс тәркіленеді.ҚР Туризм және спорт министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырмауға және оларға қатыспауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/954974

Өзгерістер уақыты: ШҚО-ның 9 ауданы жаңа жұмыс режиміне бейімделуде. 10.04.2025
Ағымдағы жылдың басынан бері ШҚО-ның бірнеше ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Бұл өзгерісті алғаш болып Катонқарағай ауданы сынап көрді – пилоттық жоба ретінде. Көп ұзамай бұл жүйеге тағы 8 аудан қосылды: Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай.Жаңа ережеге сай, осы аудандардағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастыра береді, өйткені олардың жұмыс уақыты осындай форматта қалыптасқан.Алтай ауданында бұл өзгерістер тек мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, әлеуметтік саланы да қамтыды. Аудандық мәслихат төрайымы Лариса Гречушникова бұл жаңа жүйенің тұрғындарға өте ыңғайлы екенін атап өтті:Алтай ауданының мәслихаты жаңа жұмыс режиміне өткеніне жарты жыл болды. Қызметкерлердің кішкентай балалары болғандықтан, оларды балабақшаға сағат 8:00-де апару керек, мектепке де жеткізу қажет, ал кейбіреулер жеке үйлерде тұрып, ерте тұруға мәжбүр. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындар да сағат 8:00-де жұмысын бастайды. Сондықтан бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызмет және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы жұмыс кестесінде айырмашылық болмайды. Бұл өте ыңғайлы», – деді Лариса Гречушникова.Достық үйінің әдіскері Зинаида Натарова да қолдау көрсетті.- «Мен бұл шешімді қолдаймын, өйткені мен үшін жеке сектордың тұрғыны ретінде бақша учаскесіне жұмсайтын қосымша сағат өте маңызды», - деді ол.Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев та бұл жаңашылдықты қолдап, аудан тұрғындары да жұмыс уақытының өзгеруін толығымен құптағанын айтты:“Алтай ауданының барлық елді мекендерінде жұмыс кестесінің өзгеруіне қатысты кездесулер өтті. Халық жұмыс уақытын оңтайландыру бастамасын қолдады. Бұл шаралар қызметкерлердің физикалық жағдайын жақсартуға, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған”, – деді Ренат Құрмамбаев.Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – жұмыс үдерістерін оңтайландыру және аудандар арасындағы үйлесімділікті жақсарту. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып (ерте күн шығуы мен батуы), бұл шешім күндізгі жарықты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартады.Ұлан ауданында да жаңа жұмыс кестесі күшіне енді. Бұл ауданда жергілікті билік өкілдері, фермерлік шаруашылық басшылары мен білім беру мекемелерінің жетекшілерімен кездесулер өтті. Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов жаңа кестенің тұрғындар тарапынан бірауыздан қолдау тапқанын атап өтті:“Бүгіннен бастап ауданымызда жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Ұлан ауданының 16 ауылдық округінде фермерлік шаруашылық жетекшілерімен, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция және қорғаныс бөлімдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру мекемелері өкілдерімен кездесулер өтті. Бұл кездесулерге облыстық басқармалар мен олардың орынбасарлары да қатысты. Жұмыс күнін 08:00-де бастау туралы ұсыныс енгізілді және ол бірауыздан қолдау тапты. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ірі ауылшаруашылық құрылымдары да осы кесте бойынша жұмыс істейді, бұл бюджеттік ұйымдардың жұмыс кестесін ыңғайлы етеді. Мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер бұрынғы жұмыс кестесін сақтап қалады,” – деді Арман Бекбосынов.«Жаңа жұмыс кестесі үй шаруасына және бақша күтіміне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді», - дейді Ұлан ауданының кітапханашысы Светлана Ключникова.Жаңа жұмыс кестесі халыққа да қолайлы. Жергілікті құс фабрикасының қызметкері Рүстем Әлиев айтқандай:– Отбасымызда жұмысқа және балар сабаққа баруы енді бір уақытта болуы ыңғайлы, бәріміз бір мезгілде көшеге шығып, кешке үй шаруасына, балалармен араласып, отбасына уақыт табамыз.Бұл қадам Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұйымдастыруды жақсартуға, өмір сүру сапасын арттыруға және барлық тұрғындар үшін үйлесімді жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/954976

2024 жылғы өтініштермен жұмыс қорытындылары бойынша кеңес 10.04.2025
2025 жылғы 4 наурызда облыс әкімі аппараты басшысы Е.Х. Текешовтың төрағалығымен 2024 жылғы өтініштермен жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өткізілді.Кеңеске облыстың Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ШҚОД) өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Д.А. Тюлентаева, ҚР БП ҚСжАЕКД ШҚОД прокуроры Е. Қайратұлы, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, басқарма басшыларының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы А. Хайрулла 2024 жылы өтініштерді қарау бойынша жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті, 2025 жылы позицияларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.ҚР БП ҚСжАЕК ШҚОД өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Д.А. Тюлентаева өтініштерді тіркеу және қарау кезінде жиі жол берілетін бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, Өтініштерді есепке алу және тіркеу қағидаларының талаптарын сақтау қажеттілігін мен нормаларын түсіндірді, заңнама талаптарын бұзғаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы ескертті.Мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалып, онда азаматтардың өтініштерімен жұмыста салғырттық жіберілгені атап өтілді.Облыс әкімі аппаратының басшысы кеңесті қорытындылай келе, өтініштермен жұмысты ұйымдастыру басым сипатқа ие екенін атап өтті. Оларды қарау кезінде аналитикалық жұмыстың маңыздылығын, жүйелі тәсілдің қажеттілігін, заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды ескертті. Белсенді жұмыс жүргізуге және жеке қабылдауларды ұйымдастыруға баса назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/951763

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Түпқараған ауданының балықшыларымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің балық шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға аймақтағы балықшылар мен сала ардагерлері қатысып, саланың өзекті мәселелері талқыланды.Маңғыстау өңірі өзінің климаттық жағдайымен және географиялық тұрғыдан «Үлкен су» маңында орналасуымен ерекшеленеді.Каспий теңізінде кәсіпшілік балық аулауға бекітілген 33 учаскенің 22 учаскесі Түпқараған ауданына қарасты.Кәсіпшілік балық аулаумен Маңғыстау өңірінде маусымдық негізде 609 балықшы, тұрақты түрде 105 балықшы айналысып келеді. Оның ішінде Түпқараған ауданынан 432 балықшы тіркелген.2023-2024 жылдарға Маңғыстау облысына 11 152 тонна балық аулау лимиті бекітілсе, Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысымен 2024-2025 жылдарға 36 268 тонна 69,3% балық аулау лимиті ұлғайтылды. Оның ішінде шабақ (килька) лимиті 33 172 тонна құрады (2024 жылы – 8 мың тонна).Сонымен қатар Каспий теңізінде балық аулау мәселесі талқыландыКаспий теңізінде балық аулаумен айналысатын балықшылар түнгі уақытта теңізге шығуға рұқсат беру мәселесін көтерді. Қолданыстағы шекара туралы заңнамаға сәйкес, арнайы жабдықтармен (шам жарығы, трекер және т.б.) жабдықталмаған шағын көлемді қайықтармен түнгі уақытта теңізге шығуына тыйым салынған.Осыған байланысты аталған мәселе облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткен жиналыста қаралды. Жиналыс барысында балықшылардың ұсыныстары тыңдалып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені шекара қызметімен және көлік инспекциясымен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде балықшылардың талаптары ескеріліп, заң аясында шешім қабылданатын болады.Сонымен қатар Аташ елді мекендегі балық өңдеу «Аташ Фиш Пром» ЖШС-нің цехна және Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне барды. Колледжде оқытылатын «Балық өндірісі» мамандығы бойынша шеберхананың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі» шеберханаларын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949211

Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 04.03.2025
Бүгін, 3 наурыз күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.- Өзбекстан - бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Өз кезегінде, Елші Бахтиёр Ибрагимов алдағы жоспарларымен бөлісіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы – Маңғыстау облысының сыртқы саудадағы негізгі серіктестерінің бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 8,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 4,8 млн доллар, ал импорт – 4 млн доллар.Қазақстаннан Өзбекстанға негізінен газ конденсаты, өрт сөндіргіштер, химия өнеркәсібінің өнімдері, металл бұйымдары және талдау құрылғылары экспортталса, Өзбекстаннан көкөністер мен жемістер, құрғақ жемістер, жаңғақтар, тоқыма бұйымдары, аяқ киім, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника және көлік құралдары импортталады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949953

Глобалдық big tech компания Қазақстанда: Цифрлық даму министрлігі мен Tencent ынтымақтастық мәселелерін талқылады 04.03.2025
Цифрлық даму министрлігінде Tencent компаниясының делегациясымен кездесу өтті. Тараптар негізгі көрсеткіштер, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен бірлескен жобаларды талқылады.Tencent – жаһандық инновацияларда маңызды технологиялық ойыншы, ал Цифрлық даму министрлігі осы ұйыммен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды және оның Қазақстан нарығына толықтай енуін жоспарлауда. Бұл елге жаңа технологияларды тартуға, инновациялық жүйенің технологиялық әлеуетін арттыруға және отандық инноваторларға жаһандық инновациялық экожүйеге қосымша қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – елге озық инновациялық компанияларды тарту, олар отандық экономиканың инновациялылығын қалыптастыруға үлес қосуы мүмкін.Бүгінгі таңда ЦДИАӨМ өзінің қызметі шеңберінде жасанды интеллектіні дамыту бойынша жұмысын айтарлықтай күшейтті. Осы орайда басты жобалардың бірі –Халықаралық AI орталығы – alem.AI құрылуы. Бұл орталық жасанды интеллектінің инновацияларын тарту орталығы әрі негізгі AI технологияларының генераторы болмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен Bigtech компанияларын осы орталыққа тәжірибе алмасу, оқыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тарту жоспарлануда. Кездесуде тараптар компанияның alem.AI орталығында кеңсесін орналастыру және Tencent AI lab бөлімшесін құру мәселелерін талқылады, ол жасанды интеллект бойынша зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын болады.Тараптар сондай-ақ Қазақстандағы деректер орталықтарын құру және кеңейту, Tencent-тің инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы, мемлекеттік және жеке секторлар үшін локальды бұлтты платформаны дамыту мәселелерін талқылады. Tencent компаниясы үлкен біліктілігі, технологиялары мен ресурстарымен деректер өңдеу орталықтары мен есептеу қуаттарын қалыптастыру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетуге қабілетті.Министрліктің маңызды және негізгі бағыттарының бірі – киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау. Осы орайда DDoS-шабуылдарынан, алаяқтықтан, зиянды контенттен қорғау, тәжірибе мен технологиялармен алмасу, Security Cloud және AI модельдері мәселелері қарастырылды.Кездесуде министр Жаслан Мәдиев еліміздегі цифрлық экономика мен IT экожүйесін дамыту, оның ішінде жасанды интеллектіні дамыту, акселераторларға қатысу, білім беру жобаларын іске асыру, бірлескен зертханаларды ашу, eCommerce, финтех сияқты бастамаларды қолдау мәселелерін де қозғады.Ақпарат үшін:Tencent Holding Limited – 1998 жылы құрылған қытайлық жеке инвестициялық холдингтік компания, штаб-пәтері Шэньчжэнде орналасқан. Ол Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі инвестициялық және венчурлік компаниялардың бірі болып табылады. Tencent компаниясының еншілес ұйымдары Қытайда және басқа елдерде жоғары технологиялық бизнестің әр түрлі салаларына, соның ішінде интернет-қызметтер, жасанды интеллект және электрондық ойын-сауық салаларында жұмыс істейді. 2020 жылдың шілде айында компанияның капитализациясы шамамен 500 млрд. АҚШ долларын құрады.МЦРИАП РК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/949686

Қасым Қайсенов кентінде жаңа емхана бой көтеруде 04.03.2025
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қасым Қайсенов кентінде жаңа үш қабатты заманауи емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталған.Облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. Жаңа медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Мұнда кеңес беру-диагностикалық және алдын алу бөлімшелері, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары қарастырылған.Жаңа емхана Ұлан ауданының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда емханаға тіркелген халық саны 29 498 адамды құрайды.— Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Біз бұл әлеуметтік маңызы зор жобаның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Бүгінде ғимаратқа жылу жүйесі мен сумен жабдықтау жүйесі тартылды, терезелер мен есіктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ қабырғалар мен едендерді қаптау бойынша әрлеу жүріп жатыр. Көктемде медициналық мекеме айналасын абаттандыру басталады, — деп мәлімдеді мердігер ұйым өкілдері.Жаңа емхананың мүмкіндіктері кең болмақ. Мұнда флюорография, рентген, маммография, эндоскопия кабинеттері, сондай-ақ медицинадағы әр сала мамандарының кабинеттері (оториноларинголог, офтальмолог, дерматолог, невропатолог, кардиолог, онколог, акушер-гинеколог, хирург, травматолог, фтизиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер) жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, зертханалық диагностика бөлімі де ашылып, онда микробиологиялық, серологиялық және жалпы клиникалық зерттеулер жүргізіледі.Жаңа емхана Ұлан ауданы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, сапалы әрі заманауи медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/949139

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa 04.03.2025
«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет».Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан Республикасының ПрезидентіЕлдегі туризм саласында іске асырылып жатқан жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанға келетін туристер саны да, әлемдік рейтингтегі орнымыз да айтарлықтай жақсарып келеді. Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел ішінде 52-орынды иеленді. Бұған дейінгі индексте Қазақстан 66-орынға орналасқан еді.Ал былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді. Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн. Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады. Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады. 2019-2024 жылдар аралығында салаға салынған инвестиция көлемі төмендегідей:2019 ж. – 502 млрд тг2020 ж. – 629 млрд тг2021 ж. – 593 млрд тг2022 ж. – 513 млрд тг2023 ж. – 787 млрд тг2024 ж. – 947,5 млрд тг2019-2024 жылдар аралығында туризм саласында жалпы сомасы 550 млрд теңгеге 605-тен астам инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы 87 инвестициялық жоба сәтті аяқталды.Ірі инвестициялық жобалар ішінен Шымкент қаласындағы «Махамбет» қонақ үйін (жоба құны – 4,9 млрд теңге), Атырау облысындағы «Keremet Park»отбасылық паркін (3 млрд теңге), сондай-ақ Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағын (1,8 млрд теңге) атап өтуге болады.Сонымен қатар былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режимді енгізер кезде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл – бағдарламаның маңызды бөлігі.Жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келеді. The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыттың қатарына енсе, Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне кірді. Бұдан бөлек, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы ТОП-5 дестинация тізіміне қосты.Сонымен қатар CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.Алдағы жылдары Қазақстан туризм саласын дамытуды қарқынды түрде жалғастырып, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.Басым бағыт ретінде үш ірі туристік аймақ белгіленді, олар: Щучье-Бурабай курорттық өңірі, Маңғыстау курорттық өңірі және Алматы тау кластері.2027 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жоба іске асырылады. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін арттырып, агротуризмді дамыту есебінен ауылдық жерлерде 10 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.Ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізіп, елдегі орналастыру орындарының төсек-орын қорын 280 мыңға дейін ұлғайту, сондай-ақ барлық қонақ үйді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген.Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту жаһандық индексінде әлемнің үздік 50 елі қатарына кіруді мақсат етіп отыр.Бұл бастамалар елдің халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтып, саяхатшылар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/949124

Өскеменде Рыпакова атындағы Х халықаралық турнир жалауын желбіретті 04.03.2025
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін Х Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған 21 елдің спортшылары келіп, өзара бақ сынасуда.Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.– Құрметті спортсүйер қауым, қадірменді спортшылар! Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған X халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануы - дені сау ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты екенін атап айтқан болатын. Шығыс Қазақстан облысындағы 1687 спорттық нысанда облыс халқының 43 пайыздан астамы жаттығады. Бүгінгі айтулы жарыс – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда, біздің мақтанышымыз – Ольга Рыпаковаға еліміздің Туын биіктетіп жүрген ерен еңбегі үшін алғыс айтамын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Бұл жылы еліміздің саңлақтарымен бірге Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Сингапур, және Сауд Арабия құрамаларының мықтылары сынға түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/949345