Спорт

ШҚО Мемлекеттік жастар саясаты: даму бағыттары мен жетістіктері 04.03.2025
Шығыс Қазақстан облысы жастарға білім алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік белсенділік пен жеке дамуға жағдай жасап, мемлекеттік жастар саясатын белсенді түрде жүзеге асыруда. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар өңір халқының 24%-ын құрайтындықтан, бұл бастамалардың маңызы зор. Осы саладағы негізгі бағыттар мен жетістіктерді қарастырайық.Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарға сапалы білім беру. Өңірде 3 жоғары оқу орны мен 36 колледж жұмыс істейді, онда 31 581 студент білім алуда. Бұл оқу орындары гуманитарлық және техникалық мамандықтар бойынша кең таңдау ұсынады.Шетелдік студенттерге ерекше көңіл бөлінеді. Өңірдегі жоғары оқу орындарында Ресей, Моңғолия, Қытай және Үндістан сияқты 17 елден келген 275 студент білім алуда. Бұл халықаралық алмасу мәдениаралық түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал етеді.- Білім – өңірдің болашағының негізі. Біз жастарға тек білім беріп қана қоймай, оны өмірде қолдану мүмкіндігін жасау маңызды екенін түсінеміз. Осы тұрғыда біздің университеттер мен колледждер Шығыс Қазақстан мен бүкіл елдің дамуына үлес қосатын кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.«Серпін» жобасы – өңірге қажетті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Қазіргі уақытта 588 студент осы бағдарлама аясында үш жоғары оқу орнында білім алуда. Болашақта жобаны қайта жандандыру жоспарланып отыр, бұл білім сапасын арттыруға және жастардың еңбек мобильдігін күшейтуге мүмкіндік береді.ШҚО-да жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ды құрайды, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен. 2024 жылы Жұмыспен қамту өңірлік картасы аясында 10 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 2 935-і Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылды. Бұл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай ықпал етеді.Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған ұлттық жобалар аясында 6 495 жас жұмыспен қамтылды, оның 4 130-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланған жұмыс орындары арқылы 2 345 жас маман еңбекке араласуға мүмкіндік алды.Кәсіптік оқыту бағдарламасы да маңызды рөл атқарады. 326 адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, сұранысқа ие дағдыларды меңгерді.Жастардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында 100 млн теңгеден астам қаржыға 71 грант берілді. 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Білікті маман» жобасы аясында 2 000-нан астам жасқа білім гранттары берілді. «Zhas Project» бағдарламасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 14 табысты жоба жүзеге асырылды.Әлеуметтік осал топтағы жастар үшін жеке кәсібін дамытуға гранттар қарастырылған. Жалпы сомасы 1 572 800 теңге болатын 216 грант бөлу жоспарланып отыр.- Шығыс Қазақстан жастарының әлеуеті жоғары. Әрбір жас азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі болуы керек. Біз бұл үшін барлық жағдайды жасап, білім беруді ғана емес, кәсіпкерлік пен әлеуметтік бастамаларды да қолдаймыз, – деді Ербол Нұрғалиев.Жастар саясатының маңызды бағыты – жастардың әлеуметтік өмірге белсенді қатысуы. Өңірде 2 000-нан астам еріктіні біріктіретін волонтерлік фронт-офис жұмыс істейді. Сонымен қатар, жастардың жеке және кәсіби дамуына қолдау көрсететін 14 жастар ресурстық орталығы бар, онда 143 қызметкер жұмыс істейді.«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 060,1 млн теңге сомасында 133 несие берілді. Бұл ауылдық жерлерде жұмыс істегісі келетін жастарға айтарлықтай қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, ауылдарда жастарды тұрақтандыру және жергілікті экономиканы дамыту үшін көтерме жәрдемақылар қарастырылған.2025 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері кеңейтіледі. Жұмыспен қамту өңірлік картасы шеңберінде жастар үшін 282 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.Шығыс Қазақстан облысында жастар саясаты ұзақ мерзімді даму стратегиясына негізделген. Қолдау тек білім мен жұмыспен қамтумен шектелмей, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, волонтерлік қызметке және кәсіпкерлік бастамаларға бағытталған. Бұл шаралар қазіргі заманғы сын-қатерлерге төтеп бере алатын, өз болашағын қалыптастыруға белсенді қатысатын жаңа буынды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың табысты үлгісі ретінде жастардың әлеуетін ашып, олардың болашағына мүмкіндік жасауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/947446

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» 04.03.2025
Кеше, 26 ақпан күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы «15» қаңтар № 7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2-тармағының 2.9) тармақшасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Құқық қорғау қызметкерлерін тарта отырып семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес «Есірткіні, психоактивті заттарды қолданудың салдары» тақырыбында семинар өтті.Семинарға арнайы шақыртумен келген Астана қаласының Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау бағытында жүргізіліп жатырған көптеген іс-шаралар мен нашақорлықтың алуан түрлері туралы және олардың адам ағзасына, психикасына, әлеуметтік өміріне тигізетін зиянды әсерлері жөнінде жан-жақты айтып өтті.Сонымен қатар, өткен жылы және жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген есірткі қылмысы, соның ішінде есірткі өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты құқық бұзушылыққа және заңсыз айналымнан қанша есірткі заттары, соның ішінде қанша «синтетика» тәркіленгеніне жалпы есірткі қылмысының ауқымы туралы статистикалық мәліметтер келтірді.Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкері семинар барысында қатысушыларға есірткіні жарнамалайтын яғни синтетикалық есірткілерді сатумен айналысатын парақшалар, граффити суреттері, маркалар, мөрлер, QR кодтар, билбордар үлгілері мен интернет-сайттар жөніндегі видео роллик көрсетіп, оларды анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық рейдтер туралы да айтты.Семинар спикері Ә. Қибатқызы қылмыскерлер есірткіні тасымалдау мен өткізудің және жасырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін ойлап тауып, үлкендермен қатар жас ұрпақтың азғындануына әкеліп соқтыратын ғасыр дертіне қоғам болып қарсы тұруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды жаман әдеттерден сақтауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керектігіне тоқталып, әрбір ата-ананы отбасындағы бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.Семинарға қатысушыларға Астана қаласы Полиция Депаратментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тақырыпқа байланысты жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы ақпарат беріп, мемлекеттік қызметкерлердің сұрақтарына тұшымды жауап берген семинар спикері полиция подполковнигі Әлия Қибатқызына алғысымызды білдіреміз. Жансая Қаршығақызы МолдағалиеваҚазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/947518

ШҚО: Биыл балабақшаларда 1500-ге жуық жаңа орын ашылады 04.03.2025
Биыл Шығыс Қазақстан облысында балабақшаларда тағы 1500-ге жуық жаңа орын ашу жоспарлануда. Облыстық әкімдікте «Әр балаға қолжетімді сапалы білім» атты ұлттық есептің өңірлік жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Басты тақырыптар – балабақшалар мен мектептерде жаңа орындар ашу, инклюзивті және қосымша білім беруді дамыту, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жаңарту.ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, өткен жылы өңірде 1970 жаңа орын ашылды, ал 2025 жылы тағы 1499 орын қосу көзделген, оның 127-сі қазірдің өзінде дайын. Алайда облыста балабақша кезегінде тұрған балалар саны әлдеқайда көп – 2-3 жас аралығындағы шамамен 2000 бала.– Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін біз «Балабақша» цифрлық платформасын енгізіп жатырмыз, онда балаларды тіркеп, кезекке қоюға болады. Сондай-ақ білім беру үдерісіне баланың цифрлық даму картасы енгізілді. Педагогтерді даярлау үшін 10 біліктілік орталығы ашылды. Наурыз айында Өскеменде ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске қосамыз, – деді Инесса Александровна.Облыста барлығы 343 мектеп бар, олардың басым бөлігі шағын жинақты. Апаттық немесе үш ауысымды мектептер жоқ, бірақ орын тапшылығы 6 мыңнан асады. 2024 жылы Өскеменде 600 орындық жаңа мектеп ашылды, биыл тағы 500 орындық екі мектеп салынбақ. Сонымен қатар 2100 орынға арналған бес жайлы мектептің құрылысы аяқталды, ал 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда.Мектеп инфрақұрылымы да жаңартылып жатыр. 50 мектепте асханалар, кітапханалар мен оқу кабинеттері жөнделді. Барлық мектептер интернетке қосылған, ал 109 мектеп «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне енгізілмек. Бұл бастама аз қамтылған отбасыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді.2023-2024 оқу жылында білім беру саласына демеушілерден 2,6 млрд теңге тартылды. Биыл өңірдегі 21 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мектептерді жаңартуға шамамен 5 млрд теңге қажет.Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап өңір мектептерінде «Болашақ мамандары» бейінді оқыту орталықтары ашыла бастайды. Бұл орталықтар әр ауданның кадрлық қажеттіліктеріне сай құрылмақ.Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі білім беру саласында қордаланған мәселелер бар екенін атап өтіп, басқарма басшылығын жұмысты тиімді ұйымдастыруға шақырды. Сонымен қатар, мектептердегі тәртіп мәселесін де назардан тыс қалдырмау керектігін айтты.–Директорлардың жұмыс тиімділігі тек ҰБТ нәтижелері бойынша ғана емес, балалардың қаншалықты ұйымшыл және тәртіпті екендігіне қарай да бағаланады. Егер бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге мән бермесек, лайықты ұрпақ тәрбиелеу туралы айту қиын, – деді облыс әкімі.Тағы бір өзекті мәселе – инклюзивті білім беруді дамыту. Өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар 12 мыңнан астам бала тұрады. Оларға 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы мен 5 арнайы балабақша қызмет көрсетуде. Сонымен қатар 9 ауданда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылған. 2025 жылы Катонқарағай және Марқакөл аудандарында осындай жаңа кабинеттер ашу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/945471

ШҚО-да 100-ден астам есірткі сайтының жұмысы тоқтатылды 04.03.2025
ШҚО-да прокуратура мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі саудасын анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде Өскемен қаласы бойынша жыл басынан бері 17 қылмыстық іс тіркелді, 7 іс сотқа жіберілді, 10 адам сотталды, 6 келіден астам синтетикалық есірткі және 78 кг марихуана тәркіленді.Бұл туралы бүгін Өскемен көпсалалы технология колледжінде өткен студенттермен кездесуде Өскемен қалалық прокуратурасының аға прокуроры Сергей Упоров мәлім етті.Шараны ұйымдастырған Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Асқаровтың айтуынша, «Нашақорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офис волонтерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен және Полиция департаментінің нашақорлық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірге 100-ден астам нашақорлыққа жарнамалайтын граффити жазбаларын жойған, түсіндірме жұмыстарын жүргізген.Шара барысында есірткі қылмысына байланысты жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастардың қылмысқа қалай тартылатыны жөнінде ақпарат берілді.- Өткен жылдың басынан бастап облыстық прокуратура есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, 100-ден астам есірткі сайтының жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, есірткі тасымалдаумен, таратумен айналысатын адамдарды, наркоқойма иелерін, есірткі орамасын жасырушыларды, ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерін анықтау бойынша шаралар атқарылуда. Бұдан бөлек, қала бойынша әр ауданда есірткі жарнамасына қарсы рейдтік шаралар жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді аға прокурор Сергей Упоров.Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 18 мыңнан астам нашақор тіркелген, алайда нақты саны 150 мыңға дейін жетуі мүмкін. Прокуратураның ақпараты бойынша, бүгінде нашақорлық диагнозымен Өскемен қаласы бойынша 900 адам есепте тұр, оның ішінде 36-сы – кәмелетке толмағандар.Есірткінің зиянын бәрі біледі, бірақ соған қарамастан, нашақорлардың саны жыл сайын артып келеді.– Есірткі – ағзаны толықтай жоятын аса қауіпті у. Тәуелділік кейде бір рет қолданғаннан кейін-ақ пайда болуы мүмкін. Нашақорлар арасындағы өлімнің себептері - АИТВ (ВИЧ), гепатит, инсульт, жүрек тоқтауы, бауыр мен бүйректің бұзылуы. Бастапқыда есірткі адамға жалған сергектік беруі мүмкін. Бірақ көп ұзамай селқостық, депрессия, бұлшықеттің құрысуы, ұйқысыздық, ағзаның толық әлсіреуі сияқты ауыр зардаптары пайда болады. Осы белгілерден арылу үшін адам есірткіні қайта қолданады, осылайша тәуелділіктің тұзағына түседі. Нашақорлардың балалары көбіне физикалық және психикалық ақаулармен туады. Қазір облыс бойынша 1300-ден астам есірткіге тәуелді адам есепте тұр. Оның ішінде 900 адам - Өскемен қаласы бойынша. Медициналық емдеуден бөлек, нашақорларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл олардың қалыпты өмірге қайта оралуына көмектеседі, - деп атап өтті Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Зоя Владимировна.Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, есірткіге тәуелді 10 адамның тек біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді. Сарапшылардың пікірінше, синтетикалық есірткі героиннен ондаған есе қауіпті. Оны қолданушылар орта есеппен бес жылдан артық өмір сүрмейді.Есірткіні заңсыз сақтау және тарату үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.Қоғамдық орындарда таратқан жағдайда жаза 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды. Егер есірткі қылмыстық топ құрамында таратылса, білім беру мекемелерінде немесе кәмелетке толмағандарға сатылса, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.Есірткі қылмысына ең жиі тартылатын адамдар 18 бен 35 жас аралығындағы жастар. Елімізде Бас прокуратураның «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба жастар арасында алдын алу шараларын жүргізуге, интернет арқылы есірткі сататын ресурстарды анықтауға, тыйым салынған заттардың жарнамасы бар граффитилерді жоюға және басқа да шараларға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/945601

Нұрдәулет Қилыбай мүгедектерге арналған спорт клубының жұмысымен танысты 04.03.2025
Бүгін, 23 ақпанда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубына барып, оның жұмысымен танысты.Аталмыш спорт клубы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мұнда 482 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты түрде жаттығады. Олардың қатарында көру және есту қабілеті нашар спортшылар, тірек-қимыл аппараты зақымданған азаматтар, ерекше балалар және сауықтыру тобындағы спортшылар бар.Қазіргі таңда клубтың балансында мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тасымалдауға арналған екі арнайы автокөлік бар. Мұнда параспортшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, 15 түрлі спорт түрін дамытуға мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, бадминтон, шағын футбол, бочча, жүзу, голбол, қол күрес, дзюдо, грек-рим күресі сияқты спорт түрлері бойынша жаттығулар жүргізіледі.Сондай-ақ, клуб спортшылары әлемдік және республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бүгінде мұнда 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 43 спорт шебері және 53 спорт шеберлігіне үміткер спортшы бар.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау үшін жауапты басқарма басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.- Мүмкіндігі шектеулі жандардың клубына бір клуб аздық етеді сондықтан, қосымша тағы бір ангардың құрылысын салу үшін құжаттар дайындаңыздар. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар әртүрлі спорт түрлері бойынша әр жерде жаттығуға мәжбүр. Олардың басын қосып, барлық жағдай жасалған бірыңғай спорт орталығын құру қажет. Сондай-ақ, шетелдік мамандарды тартып, спортшылардың шеберлігін шыңдап, жаттығу сапасын көтеру керек, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/944211

Үш дүркін әлем чемпионы маңғыстаулық пара спортшыларды жаттықтыруда 04.03.2025
Маңғыстау облысының әкімі, өңірдегі паралимпиада федерациясының құрметті президенті Нұрдәулет Қилыбай жаңаөзендік параволейболшылармен кездесті.Спортшылар Ақтаудағы облыстық мүгедектер спорт клубында өтіп жатқан жаттығу жиынына қатысуда. Оларды облыс әкімінің ұйтқы болуымен өңірге келген Иранның белгілі бапкері, Лондон паралимпиадасының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы Ахмад Ири жаттықтырып жатыр.- Нұрдәулет Игілікұлы Иран мемлекетінің мықты бапкерін өңірге алдырып, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жоғары кәсіби деңгейде жаттығуына қамқорлық танытуда. Бапкердің келгеніне 10 күн болды. Отырып ойнайтын волейбол спортының халықаралық деңгейдегі шебері. Өңір басшысына жасаған игі ісі үшін алғыс айтамыз, - деді параволейболдан жаттықтырушы Құралбек Сейдов.Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай өткен жылы спортшылардың ұсынысымен облыстық паралимпиада федерациясының құрметті президенті болып тағайындалған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/944828

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады 04.03.2025
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;- ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;- «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/944395

Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады 03.03.2025
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Стамбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді.Атап айтсақ, 100 маңғыстаулық студент Түркияның Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласы бойынша тегін тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 50-ге жуық дәрігер Medicana Health Group клиникасында кәсіби біліктілігін жетілдіреді.Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық Аймақ» туристік қызмет саудасы АҚ арасында жасалған меморандум аймақтағы туризм және сервис саласына білікті мамандар даярлауды көздейді. Осы келісім аясында маусым айынан бастап Мармарис қаласындағы Woxx Hotels Group 50 студентті оқытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тағы 50 студент Анталияда кәсіби білімін жетілдіреді. Барлық тағылымдамашылар тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға айлық төленеді.Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Medicana Health Group басқарма мүшесі Берк Бозкуртпен келіссөздер жүргізіп, әріптестік орнату туралы келісімге келді. Бұл келісім аясында 20 онколог және облыстың әр медициналық ұйымынан 30-ға жуық дәрігер түрлі медициналық бағыттар бойынша тәжірибе жинақтайды.Medicana Health Group – Түркияның жетекші медициналық ұйымдарының бірі. Құрамына 14 аурухана, 11 медициналық орталық және 500-ден астам емхана кіреді. Жыл сайын 10 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсететін бұл топ жоғары технологиялық емдеу әдістерін ұсынатын медициналық туризм саласының көшбасшысы ретінде танымал.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/949270

24 ақпан – 2 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 24.02.2025
24 ақпан – 9 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатыЕл намысын 4 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Тронхейм қ., Норвегия.24 ақпан – 3 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыӘлемдік додаға ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.Өтетін орны: Дебрецен қ., Мажарстан.23 ақпан – 7 наурыз: Биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатыӘлем біріншілігінде 11 отандасымыз сынға түседі.Өтетін орны: Эстерсунд қ., Швеция.24-28 ақпан: Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатыІшкі біріншілікте 17 өңірден 110 спортшы бақ сынайды.Өтетін орны: Ақтау қ.25-28 ақпан: Қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігіЧемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 400 спортшы қатысады.Өтетін орны: Астана қ.26 ақпан – 2 наурыз: Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыБайрақты бәсекеде ел намысын 8 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Калгари қ., Канада.26-27 ақпан: Еркін күрестен Muhamet Malo халықаралық рейтингтік турниріҚазақстан құрамасынан 10 палуан жүлдеге таласады.Өтетін орны: Тирана қ., Албания.26 ақпан – 4 наурыз: Көркем жүзуден Әлем кубогі (1 кезең)Жарысқа отандық 9 спортшы қатысады.Өтетін орны: Париж қ., Франция.26-28 ақпан: Армрестлингтен Қазақстан чемпионатыСайысқа 17 өңірден 300 спортшы қатысады.Өтетін орны: Астана қ.28 ақпан – 6 наурыз: Тау шаңғысы спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыЕл намысын 2 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Тарвизио қ., Италия.1-3 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогіЖарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Оберхоф қ., Германия.1-7 наурыз: Қазақстан пара садақ атудан ел чемпионатыЕл біріншілігіне 60 спортшы қатысады.Өтетін орны: Шымкент қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/943882

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 24.02.2025
Мәнерлеп сырғанау: Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында Михаил Шайдоров топ жарды. Отандасымыз қоссайыста 285.10 ұпай жинады. Осыдан дәл 10 жыл бұрын марқұм Денис Тен де Сеул төрінде чемпион атанған еді.Спорттық гимнастика: Германияның Котбус қаласында мәресіне жеткен Әлем кубогінің бірінші кезеңінде Милад Карими алтын медаль жеңіп алды. Еркін жаттығудың финалында ол 14.133 ұпай жинады.Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецк қаласындағы Әлем кубогі кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта үздік шықты. Қазақстан ең кейінгі рет Әлем кубогі кезеңінде алтынды 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған еді. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сында үшінші орын алды.Нысана көздеу: Таиландтағы Азия кубогінде ұлттық құрама спортшылары 12 алтын, 9 күміс, 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.Садақ ату: Таиландтағы Азия кубогі кезеңінде Ұлттық құрама спортшылары үш күміс медаль олжалады.Дзюдо: Польша астанасы Варшавадағы Еуропа кубогінде спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 60 кг дейінгі салмақтың финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аманның жолы түйісіп, Шерзодтың мерейі үстем болды.Каратэ: Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында Қазақстан командасы 8 жүлде жеңіп алды. Фуджейрадағы дәстүрлі жарыс бүгін аяқталады.Батуттағы гимнастика: Қазақстан құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль еншіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/944299

Қазақстандағы ТОП-5 курорттық өңір 24.02.2025
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жетті. Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:5-орын: Балқаш курорттық өңіріБалқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.4-орын: Алакөл курорттық өңіріАлакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңіріОрманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.2-орын: Маңғыстау курорттық өңіріМаңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.1-орын: Алматы тау кластеріЕліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/944679

Михаил Шайдоров – төрт құрлықтың чемпионы 24.02.2025
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 285.10 ұпай жинап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.Жалпы рейтинг:1. Қазақстан. Михаил Шайдоров – 285.10 ұпай2. Оңтүстік Корея. Ча Джун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) – 265.02 ұпай3. АҚШ. Джимми Ма – 245.01 ұпайБұл жеңіс - тарихи оқиға.

Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты: 10 жылдан кейінгі алтын медаль 24.02.2025
2015 жыл: Денис Тен2025 жыл: Михаил Шайдоров2015 жылы турнирде алтын медальді жеңіп алған Денис Теннің ізін 2025 жылы Михаил Шайдоров жалғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/943845

Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен кездесті 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды.«Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады», – деді Ербол Мырзабосынов.Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/943846

Қазақстан мен Иордания цифрландыру саласындағы серіктестікті дамытуда 24.02.2025
Қазақстан халықаралық цифрлық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырып, жаһандық әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуда. Иорданияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Digital Cooperation Organization (DCO) Бас ассамблеясына қатысып, Қазақстанның жаһандық цифрлық трансформацияға ұмтылысын растады.Сапар барысында Иордания, Пәкістан, Оман, Польша, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Кувейттің цифрлық даму министрлерімен жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті. Негізгі назар цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, IT-стартаптарды қолдауға және экономикалық өсім мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін озық технологияларды енгізуге аударылды.Сапардың негізгі нәтижесі – Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды. Құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, электрондық үкімет, «ақылды қалалар» және стартап-экожүйені дамыту салаларындағы стратегиялық өзара іс-қимылдың негізін қалады.Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Иорданияның цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі Сами Исса Ид Суммират арасындағы кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасуға және инновацияларды қолдау мен екі елдегі цифрлық трансформацияны дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.Сонымен қатар, министр Мәдиев Иордания Премьер-министрімен келіссөздер жүргізіп, цифрлық серіктестіктің келешегі мен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Иордания екіжақты серіктестікті белсенді дамытуға, технологиялық прогреске жағдай жасауға және экономикалық өсуді ынталандыратын цифрлық шешімдерді енгізуге дайын екендіктерін білдірді.Қазақстан цифрлық даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, инновацияларды ілгерілетуге және технологиялық прогресс үшін қолайлы жағдай жасауға адалдығын сақтайды. Сапар барысында қол жеткізілген келісімдер – екі елдің өзара байланысты әрі цифрлық болашағына жасалған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/943582

Жаңаөзен қаласында «Бозжыра» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды 24.02.2025
21 ақпан күні, Жаңаөзен қаласында Бозжырада туристік нысандар салу бойынша алдын ала қоғамдық тыңдау өтті. Ұйымдастырылған шараға ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, табиғат жанашырлары және сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҮкіметтің кеңейтілген отырысында жеке инвесторларды тарта отырып, Бозжыра сынды еліміздің көрікті жерлерін туризмнің орталығына айналдыруды тапсырды. Осы орайда отандық инвесторлар жеке қаражатына Бозжырада жылына 30-40 мың туристі қабылдай алатын визит орталығын және туристік нысандар салуды көздеп отыр. Жаңа жобаны Шарын, Көлсай, Аюсай сынды туристік аймақтарындағы визит орталықтарының құрылысын жүргізген әлемдік деңгейде тәжірибесі бар отандық компания жасақтаған. Жоба авторларының айтуы бойынша, орталық барлық экологиялық талаптарды әрі тұрақты туризм принциптерін ескере отырып салынатын болады. Орталық құрылысы 2026 жылдың соңғы шенінде аяқталады деп жоспарланған. Орталық жиналмалы жеңіл конструкциялардан тұрғызылады, олар терең іргетасты қажет етпейді. Ғимарат мекеннің жер бедеріне қарай 400-ден 1000 мм биікте тұратын болады. Сумен, электрмен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу мәселелері қоршаған ортаға мейлінше зиян тигізбейтіндей етіп шешілген. Қалдық суды тазартатын биотазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау, күн сәулесімен қоректендіру қарастырылған. Жоба бойынша шатқалдың жоғарғы бөлігінде қазақи нақышта безендірілген глэмпингтер, мұражай, қарау алаңдары мен шайхана бой көтереді. Заман талабына сай визит орталық туристер баруға ынталы нүктеге айналып, экологиялық туризмді дамытуға септігін тигізедіжәне табиғи мұраны сақтауды қамтамасыз етеді. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығының мақсаты – табиғи ландшафт пен мәдени мұраны сақтай отыра, саяхаттаушыларды көшпенді өркениет әлеміне жетелеп, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін насихаттау. Осындай туристік нысандар Бозжыраның төменгі жағынан да бой көтереді. Мұнда этноауыл стилінде туристік қалашық, эко-глэмпингтер мен басқа да туристік нысандар салынбақ. Туристік нысанға дейін жол салынып, тоқ тартылады. Бұл жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда тұрақты 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Жақын маңдағы елдімекен тұрғындарының ауылшаруашылығы өнімдерін, қолөнер бұйымдарын сатуына мүмкіндік жасалады. Қоғамдық тыңдауға келген қатысушылар Президенттің туризмді дамытуға қатысты бастамасын қолдайтындарын жеткізді. - Мен мұнайшымын. Мұнай болашағының қаншалықты ұзақ болары белгісіз. Сондықтан экономиканың өзге де саласын, туризмді барынша дамытуымыз керек. Оған Маңғыстауда мүмкіндік зор. Ол туралы Президент те көп айтып жүр. Біз әрине Мемлекет басшысының бағыт-бағдарын толықтай қолдаймыз,- деді Д.Ізімов. Ал Жаңаөзен қаласының тұрғыны Оразғали Қаспаев жаңа жобалар жергілікті тұрғындардың кәсіппен айналысып, табыс табуына мүмкіндік боларына сенімді. - Бүгінгі Бозжыра мәселесі ақыры орнынанқозғалды. Бірақ тек Бозжыра емес, менің ойымша Айрақты, Жығылған, Тұзбайыр, Торышта да қонақ үйлер салынуы керек. Грузия, Түркия, Әзірбайжаннан қай жеріміз кем? Біз әрине қолдаймыз, - деді қала тұрғыны. Мұнайшылар кәсіподағының мүшесі Сәбит Токенов бірнеше жыл бұрын бастау алып, аяқсыз қалған Бозжыра жобасының қайта қолға алынғанына қуанышты екенін айтты. - Енді тоқтамау керек. Түбінде Маңғыстаудың экономикасының негізгі бөлігі туризм болатыны сөзсіз. Біз болашақ жастарымызды туризм, биотехнология, атом энергетикасы, жасанды интеллект, цифрландыру сияқты мамандықтарға оқытуымыз керек,- деді кәсіподақ мүшесі. Жиын қорытындысы бойынша жоба қолдау тапты. Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/943657

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды 24.02.2025
Бүгін 20 ақпанда, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында Айрақты тауы аймағында визит орталығын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, азаматтық қоғамның өкілдері мен табиғат жанашырлары және сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет екенін баса айтты. Президенттің туризмді дамытуға қатысты тапсырмасына сәйкес, өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Заңға сәйкес өткізілген қоғамдық тыңдау барысында Маңғыстаудың көрікті жерлерінің бірі – Айрақты тауының аймағында визит-орталықтары, сондай-ақ туристер мен жергілікті тұрғындар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған басқа инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізу мәселелері талқыланды. Жобаның мақсаты – туристерге қолайлы әрі жайлы кеңістік қалыптастыру. Орталық қонақтарға аймақтың ерекше табиғатымен толығырақ танысуға жол ашып, көшпенділердің дәстүрлі мәдениетінің рухын сезінуге мүмкіндік береді. Оған қоса, қоршаған ортаны мейлінше ұқыпты пайдалану көзделеді. Жоба бойынша Айрақты тауы жотасының етегінде 15 геокуполды шатырдан тұратын глэмпингтер, этно ауыл мен шайхана жәнемейрамхана салынады. Бұл нысандардың барлығы отандық инвестордың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Жоба авторларының айтуынша, бұл визит орталығы өңір экономикасының ілгерілеуіне және ішкі, шетелдік саяхаттаушылардың санын арттыруға жол ашады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың кәсіп ашуына, өз өнімдерін сатып, табыс табуына мүмкіндік береді. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда 50-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жүзеге асқалы отырған жаңа туристік нысанның аудан тұрғындарына берер пайдасы мол екенін айтты. «Айрақтыда қонақ үй салынады деген жаңалыққа қуанып отырмыз. Себебі, бізде шаруашылықпен отырған ауылдар көп. Егер келген туристерге сол ауылдың, сол малшының түйесінің шұбатын, етінен бешбармақ, бұжы жасап өткізіп отырса, қарапайым малшының да табысы көбейер еді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Ауыл таксистерінің де табыс табуына мүмкіндік туады. Жобаны бірауыздан қолдаймыз»,- деді тұрғындар. Жиын қорытындысы бойынша жоба тұрғындар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/942452

Қазақстан трендте: отандық туризм халықаралық басылымдарда 24.02.2025
Кейінгі бірнеше айда Қазақстан туристік әлеуеті зор бағыттардың бірі ретінде халықаралық БАҚ-тың назарын аударуда. Шетелдік жетекші басылымдар еліміздің алуан түрлі ерекшелігіне, мәдени және табиғи мұрасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын жарыса жазып жатыр.Мысалы, CNN Travel 2025 жылға арналған ең үздік саяхат орындарының тізімінде Алматыны Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» ретінде атап өтті. Қала өзіне тән таңғажайып асханасымен, белсенді түнгі өмірімен және ерекше мәдени атмосферасымен таңқалдырса, сонымен қатар табиғи ландшафттары мінсіз орын.Condé Nast Traveller дәстүрлі қазақ асханасының қайта өркендеуін айрықша атап өтті. Бұл бүгінде туристік тәжірибенің маңызды бір бөлігіне айналды, өйткені Қазақстан өз тамырларына қайта оралып, гастрономиялық ерекшеліктерін жаңаша танытуда.Forbes Italia Қазақстанды баяу туризм мен шынайы әсерді сүйетіндер үшін трендті бағыт екенін жазды. Қазақстан мен Италия арасындағы тікелей әуе қатынасы туристік ағынды нығайтып, саналы әрі қалпына келтіретін туризмнің дамуына ықпал ететінін жазды.Сонымен қатар америкалық travel-журналистер Almaty Through American Eyes атты кітап шығарды. Онда еліміздің мәдени дәстүрлері мен табиғи сұлулығы туралы әсерлерін жазған. Бұл авторлық әңгімелер батыс аудиториясына Қазақстанды жергілікті әдет-ғұрыптар мен гастрономиялық ерекшелігі арқылы таныстыруға мүмкіндік берді.Жапон тілінде жарияланған Globe Trotter Central Asia 2025-26 кітабы да Қазақстанды туристік бағыт ретінде танытуда маңызды қадам болды. Басылымда еліміздің табиғи және мәдени ескерткіштері, сондай-ақ Шарын шатқалы мен Қайыңды көлі сияқты танымал орындар туралы толық мәліметтер берілген.Бұл басылымдар Қазақстанды мәдени мұрасы мол және алуан түрлі табиғи ресурстары бар ел ретінде атап өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылардың назарын аударатып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/942748

Қазақстан мен Мысыр: туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 24.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Шахинмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар туризм және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи және мәдени байланыстар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Бүгінде туризм екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағытына айналған. Бірегей табиғи және тарихи көрікті жерлерге ие Мысыр отандық туристер үшін ең танымал бағыттардың бірі саналады.Сондай-ақ кездесу екі ел арасындағы туристік ағынды одан әрі дамыту мәселесі де сөз болды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 30 рейске дейін жеткен.Қазақстан өз кезегінде мысырлық туристерге демалу мен саяхаттау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Қазақстанның әртүрлі ландшафттары – тау шыңдарынан бастап, шөлі мен көлдеріне дейін – экотуризм, этнотуризм, іскерлік туризм және басқа да бағыттардың белсенді дамуына мүмкіндік береді.«Екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Мысыр тарапына биыл 23-25 сәуір күндері Алматыда өтетін KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуды ұсынамын. Сондай-ақ инвестициялық әлеует туралы ақпарат алмасу және туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылауды ұсынамын», – деді министрдің орынбасары Е. Еркінбаев.Кездесуде спорт саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінді. Былтыр Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпелі ойындар аясында Мысыр спортшылары мас-рестлинг бәсекесіне қатысты. Этникалық мәдениетті, спортты және туризмді дамытуға бағытталған бұл ауқымды жоба әлемнің көшпелі халықтарын біріктіріп, жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келген туристердің назарын аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/942762

Өскеменде екі жаңа мектеп салынады 24.02.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Прапорщиково ауылында, 23-шағын ауданда және Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берді.Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу үшін жер учаскелері анықталғанын мәлім етті.Болашақта қажетті жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жаңа мектептер облыс орталығында орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942363