Enbekshi QazaQ

Спорт

Маңғыстауда әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды 21.02.2025
Бүгін, 17 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудан, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды.Іс-шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, «AMANAT» және елдегі өзге де саяси партиялардың өкілдері видеобайланыс арқылы қатысты.Әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр. Оқыту 17 модуль арқылы жүргізіледі. Нақтыласақ, жергілікті бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алулар мен салық, коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану, тиімді коммуникациялар және өзге де дағдыларды дамыту бойынша білім беріледі.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай кәсіби біліктілігін арттыруға келген әкімдерге сәттілік тілеп, алған білімі мен тәжірибесін өңірді өркендету жолына жұмсауды тапсырды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды тапсырған болатын. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін нығайтып, тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді. Республика деңгейінде өткізіліп жатқан жоба елдің дамуы мен өркендеуіне жол ашатыны анық. Сондықтан берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланыңыздар. Бұл өз кезегінде жергілікті басқаруда жаңа серпін әкеледі деген сенімдемін», - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Оқыту соңында әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобасын қорғайды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939951
Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады 21.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасындағы еліміздің беделін нығайтуда айтарлықтай рөлге ие екенін айтты. Сонымен қатар әлемдік турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады.Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру, даярлықтың озық әдістерін енгізу және елімізде халықаралық турнирлерді өткізу осы спорт түрінің танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін еселеуге ықпал етеді.Ненад Лалович қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап өтіп, біздің ұлттық күрес мектебінің зор табыстарына тоқталды. Ненад Лаловичтің айтуынша, қазақстандықтардың дені сау ұлт қалыптастыруға ұмтылысы спорт пен басқа да салаларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.Кездесуде Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығындағы беделін нығайту және басымдыққа ие спорт түрі ретінде күресті одан әрі ілгерілету перспективасы талқыланды.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық күрес федерациясының президентін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939934
Жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өтті 21.02.2025
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні сағ. 11.00-де облыс әкімі аппаратының № 108 мәжіліс залында (Өскемен қ., М.Горький көшесі, 40) облыс әкімі аппараты басшысы орынбасарының төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылдың атқарылған жұмыс қорытындылары туралы семинар-кеңес өтті.Аталған кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері аппаратының басшылары және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының, Алтай және Зайсан ауданы әкімдері аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдері 2024 жылы атқарылған жұмыстардың есептерін берді.2024 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшы болған ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері облыс әкімінің алғысымен марапатталды. Бұл Алтай, Глубокое, Зайсан аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдері.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының психологы Ковалев С.Э. жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне «Мемлекеттік қызметшілердің стресске төзімділігін дамыту» тақырыбына семинар өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939239
Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті елордадағы спорт нысандарын аралады 21.02.2025
Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.Ненад мырза алдымен 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға берілген Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие. Бұл сертификат мұнда ең жоғары деңгейдегі кез келген жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.Сондай-ақ Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлерінен (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені.«Астанаға кезекті рет келгеніме қуаныштымын! Елордаларыңыз бұрынғыдан да көркейіп, сән-салтанаты жарасқан, көз тартарлықтай әсем ғимараттармен толыға түскен. Бүгін Астананың ажарын ашып, спортты қалаға айналдырған бірнеше спорт кешенін аралап, тамаша инфрақұрылыммен таныстым. Халықаралық деңгейдегі спорт нысандары өте жоғары деңгейде, спортшылар мен жанкүйерлерге ыңғайлы етіп салынған. Бұл нысандардың кез келгені халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға қабілетті»,– деп атап өтті Ненад Лалович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939029
17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 21.02.2025
19-23 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогіСары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай. 17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең)Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.Өтетін орны: Монако княздігі. 19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатыЖарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея. 20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турниріБакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.Өтетін орны: Баку қ., Әзірбайжан. 20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатыБұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт. 20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионатыЖарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.Өтетін орны: Петропавл қ. 20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионатыБұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия. 21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур)Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр. 21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионатыАзия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939017
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия Кубогында 14 медальмен көш бастап тұр 21.02.2025
Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:Алтын:Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Күміс:Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;Қола:Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939018
Азиада-2025: Қай жеңіс ерекше? 21.02.2025
⛸️🥇Шорт-тректен Олимпиада бағдарламасына кіретін 5 000 метр қашықтықта ерлер құрамасы тарихи алтын медальді жеңіп алды. Жалпы қысқы Азиадаға барған 137 спортшымыздың арасынан тек Денис Никиша ғана әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген.✅🥉Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 3 дүркін әлем чемпионы Шандор Шаолинь Лю🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сунь Лун✅4️⃣Оңтүстік Кореядағы танымал қарсыластар:🥈Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Пак Чан Хёк🥇Әлем чемпионы Пак Чи Вон⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру сайысынар Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаевтың тарихи алтын медалі.✅Жарыс жолында Бейжің Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Ци Гуанпудан озды.⛸️🥈Шорт-тректен 3 000 метр қашықтықтағы әйелдер сайысының күміс жүлдесі.Жарыс жолында басты фаворит Оңтүстік Кореяны жүлдесіз қалдырды.✅4️⃣Оңтүстік Кореяның құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Сим Сок Хи🥇🥇2 дүркін әлем чемпионы Но До Хи🥇Әлем чемпионы Ким Гон Хи🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ли Со Ён⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста жерлестеріміздің күміс жүлдесі.Жарыс барысында кіл мықтылардан жасақталған Қытайды жүлдесіз қалдырды.4️⃣Финалдағы Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Бейжің Олимпиадасының чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Фань Кэсинь🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ким Джун Хоны (Оңтүстік Корея) артқа қалдырып, осы қашықтықта бірінші мәрте жүлде алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938989
Азиада-2025: Қай сайыс түрлерінде алғаш рет жүлде бұйырды? 21.02.2025
Қытай елінде фристайл-акробатикадан рекордтық 11 жүлде салынып, бірнеше жаңа дисциплиналар қосылған еді.🆕⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев дәл осы сайыстан тұңғыш рет жүлде алды.🆕⛷️🥈Фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыста 15 жастағы Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас күміс медальді еншіледі.🆕⛷️🥉Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.🆕⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Ольга Тихонова бірінші мәрте жүлдегерлер қатарына кірді.🆕⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин мәреге екінші болып жетті.🆕⛸️🥉Конькимен жүгіруден командалық спринт бәсекесінде Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина үздік үштікке кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938990
ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысында «112» пультіне 9 ауданнан 50-ге жуық қоңырау түскен.Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.Қар көшкіні, сел жүруі тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарының назарына жеткізілді.Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында дүрбелең, толқу жоқ.Жер сілкінісі туралы ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық әлеуметтік парақшаларында: Telegram, Instagram, Facebook желілерінде, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында және БАҚ-та дер кезінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938980
ШҚО-да былтыр ауызсумен қамту бойынша 12 жоба жүзеге аcты 21.02.2025
Мемлекет басшысының халықты 100% таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2024 жылы ШҚО-да жалпы құны шамамен 60 миллиард теңге болатын 30 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, оның 12-сі аяқталды.Оның ішінде Риддер қаласындағы Бутаково ауылы, Алтай ауданындағы Путинцево мен Малеевск ауылдары, Глубокое ауданының Малоубинка ауылы, Күршім ауданының Барақ Батыр ауылы, Шемонаиха ауданының Убинка ауылында сумен жабдықтау нысаны салынды, Өскеменде Халықтар достығы, Рабочая көшелерінде, Глубокое ауданының Степное ауылында, Самар ауданының Самар ауылында 2 сумен жабдықтау нысаны жаңартылды, Риддердегі Ботаника-3 тұрғын ауданында, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында су бұру объектілері салынды.Сонымен қатар Риддер қаласы мен Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 2 су бұру нысаны салынды.Нәтижесінде, қосымша үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.– Жыл қорытындысы бойынша 213,8 км су құбыры желісі мен 14,5 км су бұру желісі салынып, қайта жаңартылды. Бұл су құбыры желілерінің тозуын 49,1%-ке, ал су бұру желілерінің тозуын 69,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 99,4% құрады», – деп мәлімдеді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Оның 28-і бойынша мердігер ұйымдар анықталды, ал Серебрянск қаласындағы су жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын толық орындау үшін 4060 адамды қамтитын 8 жобаға қосымша қаржыландыру қажет. Оның жалпы сомасы – 9,99 млрд теңге.Бұл жобалар 4 жаңа су құбыры құрылысы (Шемонаиха ауданының Большая Речка және Березовка ауылдары, Ұлан ауданының Отрадное ауылы мен Асубұлақ кенті) – 2613 адамды қамтиды. 3 қайта жаңарту жобасы (Катонқарағай, Үлкен Нарын және Бозанбай ауылдары) 999 адамды қамтиды. 1 қайта жаңарту жобасы (Өскемен қаласы) 448 адамды қамтиды.Жобаларды толық қаржыландыру Мемлекет басшысының барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар облыс басшылығы 531,6 км су құбыры желісін қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл желілердің тозуын 1,8%-ке төмендетіп, 47,3%-ке дейін жеткізуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938981
Азиада-2025: сколько наших спортсменов завоевали медали? 21.02.2025
Кеше ғана аяқталған Харбиндегі Азия ойындарына елімізден 10 спорт түрі бойынша 137 спортшы (72 ер, 65 әйел) барғаны мәлім.Неше жүлде бұйырды?Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қоламен жалпы есепте 4 - орын алды. Оның ішінде 85 (43 ер және 42 әйел) спортшымыз жүлде тұғырына көтерілді.Тау шаңғысы, кёрлинг, ски-альпинизм спортынан мүлде жүлде алынбады.12 жерлесіміз бірнеше медальдің иегері атанды:🥇🥈Владислав Киреев (биатлон)🥇🥈Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика)🥇🥈Әділ Ғалиахметов (шорт-трек)🥇🥈Денис Никиша (шорт-трек)🥇🥈Абзал Әжіғалиев (шорт-трек)🥈🥈Алина Ажғалиева (шорт-трек)🥈🥈Яна Хан (шорт-трек)🥈🥈Ольга Тихонова (шорт-трек)🥈🥈Малика Ермек (шорт-трек)🥈🥉🥉Аяна Жолдас (фристайл-акробатика)🥈🥉Константин Борцов (биатлон)🥉🥉Олжас Климин (биатлон)Қай облыс көш бастады?1️⃣Астана қ. -🥇17 алтын,🥈12 күміс, 🥉2 қола2️⃣Ақмола обл. - 🥇1 алтын,🥈11 мар күміс,🥉4 қола3️⃣Қарағанды обл. - 🥇1 алтын,🥈3 күміс4️⃣Шымкент қ. - 🥇1 алтын,🥈2 күміс, 🥉4 қола5️⃣Қостанай обл. -🥇1 алтын,🥉2 қола6️⃣Павлодар обл. -🥇1 алтын,🥉1 қола7️⃣Алматы қ. -🥈11 күміс, 🥉1 қола8️⃣ШҚО -🥈10 күміс,🥉2 қола9️⃣Абай обл. -🥈2 күміс🔟БҚО - 🥈2 күміс1️⃣1️⃣Алматы обл. -🥈1 күміс1️⃣2️⃣СҚО -🥉1 қола❌Маңғыстау обл.❌Жетісу обл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938916
«Ертіс» ӘКК» АҚ: Картоп жеткілікті. Мәселе тапшылықтан емес, баға арасындағы үлкен айырмашылықтан 21.02.2025
Картоптың бағасы туралы негізді-негізсіз ақпарат әлі де таралып, өнімнің бар-жоғы, құны мен сапасы қызу талқылануда. Алайда ресми деректерге сүйенсек, өнім қоры жеткілікті. Қалыптасқан ажиотаж тек картоптың нарықтық құны мен тұрақтандыру бағдарламасы аясындағы бағасының айырмашылығынан туындаған.«Ертіс» ӘКК» АҚ тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерін, оның ішінде картопты, тұрақты түрде сауда павильондарына жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасы тұрақты: картоп, сәбіз және қырыққабат келісіне 125 теңгеден, ал пияз – 130 теңгеден саудалануда.«Алтай» көтерме-тарату орталығы мен «Ертіс» ӘКК» АҚ арасында жасалған келісімшарт аясында 2024 жылдың 1 қарашасынан 2025 жылдың 1 мамырына дейін 5 500 тонна картоп мөлшері контрактіленген болатын. Бүгінгі күні қорда осы көлемнің жартысына жуығы бар, бұл келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін жеткілікті көлем. Ал маусымаралық кезеңде (маусым-шілде) жыл сайын ерте пісетін көкөністерге жаңа келісімшарт жасалады.Тұрақтандыру бағдарламасы аясында тек картоп қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер санатына кіретін сәбіз, пияз және қырыққабат та сатып алынды. Келісімшарт жасалған өнім көлемі: сәбіз – 1 300 тонна, пияз – 900 тонна, қырыққабат – 1 350 тонна.Ел Шығысында баға тұрақтандыру бағдарламасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өнімдер «Ертіс» ӘКК» АҚ 17 сауда павильондарына күнделікті сатушылардың өтінімдері негізінде жеткізіліп, үлестіріледі. Дегенмен, бұл сауда дүңгіршектері көтерме саудаға арналмағанын ескеру қажет. Картоп тек бөлшек саудада сатылады, алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қаппен сату жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы 30-ға жуық дүкен «Ертіс» ӘКК» АҚ-мен жасалған меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар төрт өнім түрін ӘКК павильондарымен бірдей бағамен сатуда. Айта кетерлігі, кез келген уақытта бұл меморандумдар аясындағы дүкендер қатары азаюы да, көбеюі де мүмкін.Мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ажиотаждың басты себебі – картоп тапшылығы емес, баға айырмашылығы. Әлеуметтік корпорация павильондарында картоп 125 тг/кг сатылса, толайым сауда базарларында баға 250-350 тг/кг аралығында. Осыған бола арзан картопқа сұраныс артып отыр. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл - маусымдық баға ауытқуына байланысты уақытша құбылыс. Бұған дейін де осындай жағдай қант, қарақұмық, жұмыртқа сияқты өнімдер бойынша орын алған еді.Айта кету керек, келісімшарт жасалған кезде мамандар өткен жылдардағы тәжірибеге сүйеніп, баға мен өнім көлемін өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешім «Шығыс Қазақстан облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру комиссиясы» тарапынан мақұлданды. Алайда, қазіргі таңда әлеуметтік картоп пен нарықтық картоп бағасы арасындағы айырмашылық ажиотаж тудырып отыр. Аймақтағы ең қолжетімді баға – 125 тг/кг болғандықтан, жеткізілген өнім әдеттегіден тез сатылып кетуде. Мамандар айтуынша, таңертең жаппай сатылып кеткен картоптың келесі жеткізілуі ертеңгі күн екенін жұрт ескеруі керек.Жалпы, картоптың сатып алу бағасы мен өзіндік құны барлық өңірлерде өскендіктен, әлеуметтік бағадағы өнімге ірі көтерме саудагерлердің де қызығушылығы артты. Дегенмен, «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның негізгі міндеті – өңірдегі бизнеске бәсекелестік тудыру емес, керісінше, нарықты монополияға айналдырмай, кәсіпкерлерді қолдай отырып, маусымдық ауытқулар кезеңінде бағаны тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету.Қазіргі кезеңдегі басты міндет те осы – картоптың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жеткізу процесі ӘКК мен «Алтай» КТО арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылады. Өз кезегінде, «Алтай» орталығы 2024-2025 жылдарға «Агрофирма Приречное» ЖШС-мен келісімшарт жасасты. Осылайша, қазіргі картоп Өскеменге Абай облысынан жеткізілуде. Қашықтық пен ауа райы жағдайларын ескерсек, қыста өнімнің үсіп қалуын болдырмау үшін қарапайым ірі әрі сыйымды жүк көліктерімен жеткізу жүзеге асырылмайды. Облыс орталығына күніне 1-2 шағын жүк көлігі келеді. Олар жылуды реттегіші мен арнайы желдеткіш жүйемен жабдықталған, сыйымдылықтары 5-10 тонна.Сауда павильондарының аумағы 18 м² болғандықтан, оларды тек картоппен «бітеп тастау» (толтыру) мүмкін емес. Павильондарда кәсіпкер сатып отырған өзге де өнімдер бар. Тұрақтандыру бағдарламасы аясындағы басты міндет – келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың мамыры) тұрақты бағаны сақтау және картоптың үздіксіз қолжетімді болуын қамтамасыз ету.«Ертіс» ӘКК» АҚ мамандары ағымдағы келісімшарт бойынша өз міндеттемелері толық орындалатынын, қоймадағы қор жеткілікті болғандықтан өнім жеткізілімі күнделікті жүргізілетінін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938524
Өскеменде наурыз айынан бастап 83 балабақшаға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі 21.02.2025
Облыс орталығында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.Аталған өзгеріс 83 балабақшаға енгізіледі. Оның ішінде 31 мемлекеттік, 52 жекеменшік ұйым бар. Пилоттық жобаның мақсаты - балаларды кезекке қою, мемлекеттік тапсырысты қабылдау мен орналастыру процесстерін автоматтандыру. Бұл ата-аналар үшін жүйені түсінікті әрі қолжетімді етіп, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттырады. - Ваучерлік қаржыландыруды енгізу қаладағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Жаңа модельдің арқасында жүзеге асырылатын процесстер барлық қатысушылар үшін түсінікті және қолжетімді болады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев.Сондай-ақ бұл жоба жеке балабақшалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар қажетті құжаттарды тапсырған соң жобаға қосылады алады. Жоба операторы ретінде "Қаржы орталығы" АҚ белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938527
Жаңа қоныс, жаңа өмір: Өскеменде жиырма пәтер берілді 21.02.2025
Өскемен қаласындағы «Көктем» тұрғын үй кешенінде толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Аппақ қар жапалақтап, аспаннан нұр жауған шуақты күні баспаналы болған жандардың қуанышында шек жоқ.Ұзақ жылдар бойы үй кезегінде тұрған өскемендіктерді қала әкімі Алмат Ақышов құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.— Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халықты баспанамен қамтамасыз ету» бағдарламасының бүгінгі игілігін көріп отырмыз. Бұл – көптеген азаматтарымыз үшін баспаналы болудың жалғыз мүмкіндігі. Президенттің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен бүгін 20 отбасы баспаналы болып отыр. Жаңа шаңырақтарыңызда қуаныш пен шаттық орнасын, бақытты күндер көп болсын. Жақсы ұрпақ тәрбиелеп, ел игілігіне үлес қосыңыздар. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.Қала басшысы биыл 200 отбасыға пәтер берілетінін, келесі жылы да бұл көрсеткіш кемімейтінін атап өтті.Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітін он жыл басқарған Ермек қажы Мұқатаев жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалған еді. Қоныс той иелерін арнайы құттықтаған ол:— Он жыл қызмет еткен уақытта Өскеменнің қалай дамып, көркейгенін көрдім. Бүгін де игі шараның куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын халыққа жеткізіп, оны нәтижелі жүзеге асырып отырған облыс және қала басшылығына алғысымды білдіремін. Баспаналарыңыз құтты болсын! Еліміз дамып, өркендей берсін! Халқымыздың рухани әрі экономикалық тұрғыдан гүлденуіне біз әрдайым тілекшіміз, – деді Ермек Мұқатаев.Баспаналы болған бақытты жандардың бірі – 17 жыл кезекте тұрған, бірінші топтағы мүгедектігі бар ұлын тәрбиелеп отырған Сағымгүл Байжұманова.- Қуанышымда шек жоқ! Талай жыл осы сәтті күттік. Президентімізге, атсалысқан басшылардың бәріне рахмет! Пәтердің сапасы күткенімізден де жоғары болып шықты, – деп толқынысын жеткізді ол.Кең әрі жарық екі бөлмелі пәтерге толық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қала әкімі жаңа баспана иелеріне кілем мен тұрмыстық техника сыйлап, үйлерінде әрдайым шаттық орнасын деген ізгі тілегін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938726
Елордалықтар шаңғы жарысынан қысқы Азиада жүлдегерлерін қарсы алды 21.02.2025
Бүгін Астана халықаралық әуежайына шаңғы жарысынан IX қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары елге оралды.Бұл қатарда Ұлттық құрама қоржынына ерлер арасындағы классикалық спринтте күміс медаль салған Константин Борцов, 10 шақырымға еркін стильде үздік үштікті түйіндеген Олжас Климин бар.«Ең бірінші туыстарыма, қолдаушыларыма, халқыма алғысымды айтамын. Әрине, бұл ортақ жеңіс. Осы додада қарсыластарымыз өте мықты болды. Бірақ сонда да күшімді жинап, барымды салуға тырыстым. Енді алда қателіктермен жұмыс жасап, одан да жақсы нәтиже көрсетемін», - деді өз сөзінде Олжас Климин.Сондай-ақ командалық эстафетада күміс иеленген аруларымыз (Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина) бен қола жүлдегер атанған ерлер құрамасы (Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Олжас Климин, Константин Борцов) болды.Оларды әуежайдан жақындары, жанкүйерлері және Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері ерекше құрметпен күтіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938904
Харбиндегі қысқы Азия ойындары мәресіне жетті 21.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды.Күміс жүлдені биатлоншы Вадим Куралас пен эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғыдан Константин Бортцов пен әйелдер құрамасы, шорт-тректен әйелдер және аралас құрама, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин және шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіп алды.Ал конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғышы Олжас Климин, шаңғыдан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен әйелдер құрамасы және биатлоннан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды.Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 137 атлеті 6 спорт түрінен 10 дисциплинада сынға түсті. Харбиндегі дүбірлі додада жалпы 9 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.Айта кетейік, келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді. Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВФото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938879
Харбиндегі ІХ қысқы Азия ойындары: Ел мерейін асқақтатқан қазақ спортшылары 21.02.2025
АЛТЫН медаль иегерлері:🥇 Хоккей. Ерлер құрамасы🥇 Шорт-трек. Ерлер. (5000 м) Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев, Глеб Ивченко🥇 Фристайл-акробатика. Ерлер. Синхронды секіру. Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов🥇 Биатлон. Владислав КиреевКҮМІС медаль алғандар:🥈 Шорт-трек. Аралас эстафета. (2000 м) Яна Хан, Малика Ермек, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов🥈 Конькимен жүгіру. (100 м) Евгений Кошкин🥈 Шаңғы жарысы (спринт). Константин Борцов🥈 Шорт-трек. Әйелдер. (3000 м) Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова🥈 Аралас фристайл–акробатика. Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев🥈 Биатлон. Вадим Куралес🥈 Шаңғы жарысы. Әйелдер. Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина🥈 Биатлон. Ерлер. Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев🥈 Хоккей. Әйелдер құрамасыҚОЛА медаль кімге бұйырды:🥉 Фристайл–акробатика. Аяна Жолдас🥉 Конькимен жүгіру. Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина🥉 Шаңғы жарысы (10 км). Олжас Климин🥉 Фристайл-акробатика. Әйелдер. Синхронды секіру. Аяна Жолдас, Ардана Маханова🥉 Шаңғы жарысы. Ерлер. Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин, Владислав Ковалев🥉 Биатлон. Әйелдер эстафетасы. Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова, Елизавета Белецкая🥉 Мәнерлеп сырғанау. Михаил ШайдоровАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938887
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы - Азия ойындарының чемпионы 15.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.Шайба авторлары:Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)Дмитрий Бреус (21:02)Роман Старченко (37:59)Кирилл Панюков (42:24)Кирилл Панюков (44:23)Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды. Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938287
Туризм және спорт министрі хоккейден алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады 15.02.2025
«Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы топ жарып, ел қоржынына төртінші алтын жүлдені салды. Финалдық сайыста отандастарымыз Азиядағы азулы қарсыласымыз – Жапония хоккейшілерінен басым түсті. Азиадада біздің хоккейшілер тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Біздің хоккейшілер әр Азиадада жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасып, команда өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Хоккейшілерімізді кезекті мерейлі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938313
ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша семинар-отырыс өтті 15.02.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 38 тексеру жүргізіп, 193 өтінішті қарады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан 697 әдеп бұзушылық анықталды. 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 адам әкімшілік жаза алды. Әдеп кодексі заңнамасының және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша 665 іс-шара өткізілді.2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізу бойынша Алтай ауданы көшбасшы болды. Ең төменгі көрсеткіш Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді.Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жауапкершілік танытып, азаматтарға құрметпен қарайтынын атап өтті.Облыста қызметтік этика мен моральдық-адамгершілік құндылықтардың жоғары стандарттарына бағытталған жұмыстар жалғасады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/937964