Спорт

ШҚО-да фристайл чемпиондарын қарсы алды 15.02.2025
Өскемен тұрғындары фристайлшылар Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Антон Бондарев және Павел Колмаковты қарсы алды.Шығысқазақстандық спортшылар Әлем чемпионаты, Қысқы Универсиада мен Әлем кубогында ел намысын қорғап, тамаша өнер көрсетті.Анастасия Городко Қысқы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ Әлем чемпионатында ел қоржынын бір алтын және бір күміс медальмен толықтырды.- Мен өз нәтижелеріме ризамын. Әрине, қиындықтар болды. Онсыз бәсекелестік болмайды. Бәріне дайын болуы мүмкін емес, бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасадым, - деді Анастасия Городко.Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев Универсиаданың күміс медалін иеленіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.- Шығыс Қазақстанда қысқы спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Болашақта олар талай белесті бағындырады деп сенемін, - дейді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936833

Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыс белсенді жүзеге асуда. 2004 жылдан бері Сенек ауылында басталған құм тоқтату жұмыстары, кейіннен Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарында жалғасын тапты. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – ауылдарды көшпелі құмнан қорғау, яғни сексеуіл өсіру арқылы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру.Деректерге жүгінсек, Ұштаған ауылында 2007, ал Тұщықұдықта 2012 жылдан, сондай-ақ Шебірде 2016 жылдан бері сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, әр ауылда 2021 жылға дейін жалпы 3329 гектар жасыл белдеу пайда болған .- 2022 жылы бұл алқап Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-нің құрамына берілді. 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды және Сауысқан ауылдарында 134 гектар аумақты құм көшкінінен қорғау бойынша 6 жылдық жоба жасақталды. Жобаның бірінші кезеңінде 2022-2024 жылдар аралығында 60,34 гектар аумаққа 203 634 түп сексеуіл мен жүзгін ағаштары отырғызылды. Бұл кезеңнің шығымдылығы 85-90% құрады. Екінші кезеңде 2025-2027 жылдары қалған 73,74 гектар аумаққа 248 887 сексеуіл мен жүзгін ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары негізінде, Бейнеу ауданының Тәжен, Сыңғырлау, Сам, Тұрыш және Ақжігіт, Қарақия ауданының Сенек және Бостан, Маңғыстау ауданының Жармыш және Ақшымырау, Түпқараған ауданының Таушық елді мекендеріндегі қауіпті эолдық процестердің даму қаупін анықтау мақсатында жобалар әзірленді,- деп атап өтті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасар Хайдар Тулеушов.Жергілікті бюджеттен 72,5 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жоба 2025-2032 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Жалпы 10 ауыл бойынша жобаның құны 2 968,0 млн. теңгені құрайды.Қорытындылай кетсек, 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен аталған ауылдардың шөлейттенуіне қарсы сексеуіл өсіру жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, жердің құнарлылығын арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге бағытталған. Маңғыстау облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар тек экологияны қорғап қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын да жақсартуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936456

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акцияларды белсенді түрде өткізуді жалғастыруда.12 ақпан күні Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде студенттердің қатысуымен кездесу өтті.Кездесуге өңірге белгілі экологтар К.Осин, А.Козыбаков, аталмыш университеттің 120-дан астам студенттері, ауыл әкімдері мен қала және аудандардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты. Шара барысында өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер, оларды шешу жолдары және табиғатты қорғауға жеке үлестің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің табиғи байлығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологияның ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету және оларды қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке тарту.«Маңғыстау табиғаты» ҚБ төрағасы Адильбек Козыбаковтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы халық арасында экологиялық мәдениетті дамытуда үлкен рөл атқарады:– Бүгін біз жастардың экологиялық шараларға қатысуы тек аумақтарды тазарту емес, табиғатымыздың болашағына саналы үлес қосу екенін көріп отырмыз. Әрбіріміз қоршаған ортаны сақтау сияқты үлкен істің бір бөлігі бола аламыз. Баршаңызды қала аумағындағы кез келген экологиялық шараларға қатысуға шақырамыз. Сіздің белсенділігіңіз – таза әрі экологиялық қауіпсіз Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.Сонымен қатар, кездесуден кейін студенттер университеттегі қалдықтарды өңдеу цехына экскурсия жасап, жұмыстарымен танысты. Өткізілген экскурсияға қатысты «Пакетная фабрика» ЖШС жетекшісі Мамед Афандиев:– Жастар – еліміздің болашағы және экологиялық мәселелерді шешу міндеті дәл соларға жүктеледі. Мұндай кездесулер тек экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті тәрбиелеуге де ықпал етеді. Аталған шара көптеген жастарды өңірдегі экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға ынталандыратын бастама болады деп үміттенеміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Маңғыстауды одан әрі таза және экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыра аламыз, - деп өз пікірін білдірді.Сондай-ақ, экскурсиядан кейін студенттер университет аумағындағы жылыжайға барып Жапон софорасы ағашының тұқымын отырғызды.Жапон софорасы ( Sophora japonica L.) – дәрілік құнды өсімдік, жемісі қабынуға қарсы және жараны жазатын әсерге ие. Табиғатта биіктігі 25 метрге дейін жететін ағаш. Қазіргі кезде Маңғыстау жерінде сынақтан сәтті өтіп, кең ауқымда көгалдандыруға қолданылып жүр.Сондай-ақ, студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың бірі:– Өңірдегі экологияны жақсарту үшін не жасай алатынымызды білу біз үшін өте пайдалы болды. Мұндай кездесулер мен акциялар бізді әрекет етуге және айналамыздағы табиғатты қорғауға шабыттандырады, - деді.Акция аясындағы іс-шаралар жылы әрі продуктивті атмосферада өтіп, жастардың экологиялық жауапкершілікке деген ұмтылысын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936462

Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы: медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған қадам 15.02.2025
Риддердегі медициналық кешен қала тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсететін көпсалалы емдеу мекемесіне айналады. Айта кетейік, аурухананың негізгі ғимараты мен педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған.Бүгінгі таңда дайындық деңгейі емхана бойынша 70%-ды, стационар бойынша 30%-ды, ал тамақтану орны мен сыртқы желілер бойынша 90%-ды құрайды.2024 жылдың соңында құрылысты аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді. Аурухана құрылысын аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936428

Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді? 15.02.2025
2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Бұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.Осы мәселелерді шешу мақсатында жаңа ережелер енгізіліп, мобильді құрылғылар нарығының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.Негізгі жаңашылдық – мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасыЖаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығыIMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауыҚұрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгеніЕскерту: Өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Қандай тізімдер пайда болады?Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:Ақ тізім – сәтті верификациядан өткен құрылғылар, олар ешқандай шектеусіз тіркеледі.Сұр тізім – уақытша рұқсат етілген құрылғылар. Олардың иелері 30 күн ішінде құрылғының заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс.Қара тізім – заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар. Олар бұғатталады.Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?Қазақстанда бұраннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазіргі уақытта сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылуда.«Сұр тізімдегі» құрылғы иелері құрылғыны 30 күн бойы қолдана алады. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы құрылғыны верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет.Шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек.Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.Бұл шаралар тұтынушыларға заңды әрі сапалы құрылғыларды сатып алуына сенімділік береді. Бизнеске әділ бәсекелестік үшін ашық жағдай жасалады, ал мемлекет импортты қатаң бақылап, заңсыз телефондар санын азайтып, алаяқтық деңгейін төмендетеді.Қашан күшіне енеді?Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң – 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ – ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/936455

Шаңғы жарысы: ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында. Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді.Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936249

Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты 15.02.2025
2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936344

ШҚО-да тыл еңбеккерін 100 жас мерейтойымен құттықтады 15.02.2025
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тыл еңбеккері Анна Васильевна Андрееваны 100 жас мерейтойымен құттықтады. Қала басшысы мерейтой иесіне еліміздің дамуы мен тарихи негізін нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді. Анна Васильевна 1925 жылдың 10 ақпанында Алтай өлкесінің Чадырка ауылында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Жаңасібір облысының Поспелиха ауылында өтті. Еңбек жолын 17 жасында бастап, трактор зауытында күзетші болып жұмыс істеген. Оның ғұмыры еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Жұбайы Екінші дүниежүзілік соғыста майданға аттанып, аман-есен оралған. Алайда 1992 жылы өмірден өтті. 1960 жылдан бастап отбасы Серебрянск қаласында тұрды. Еден жуушы болып жұмыс істеп, үш баланы тәрбиелеп өсірді. 1973 жылдың 15 маусымында «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» атағы берілді. Анна Васильевна 1998 жылдан бері Өскеменде тұрады. Бүгінде балалары мен немерелеріне тағылымды тәрбие беріп отыр. ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936196

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады 15.02.2025
«Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936202

Алтай ауданында инвестициялық штаб құрылды 15.02.2025
Аудан әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша кеңес өткізді.Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу және тұрақтандыру үшін бірқатар шара жүзеге асырылатынын мәлімдеді.Атап айтқанда, ауылдық округтерден тікелей картоп жеткізілімін ұйымдастыру қолға алынбақ. Әр апта сайын төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Сондай-ақ Алтай қаласында әлеуметтік дүкендер ашылған.Депутаттар тауарлар құнын сақтау үшін фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері белгілі болды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936206

Жеке тәжірибемен бөлісу маңызды 15.02.2025
А.ж. 10 ақпанында террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) объектілерді терроризмге қарсы қорғауды (бұдан әрі-ТҚҚ) зерттеу кезінде алынған тәжірибені талқылау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының жұмыс топтарының онлайн-кеңесі өткізілді.Іс-шара барысында:- орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген ТТО объектілерді ТҚҚ бейінді нұсқаулықтарының негізгі айырмашылықтарының сипаттамалары;- құлақтандыру, бейнебақылау, сигнализация, кіруді бақылау және басқару жүйелеріне, терроризмге қарсы қорғау паспортына, ТТО объектілерін инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландыруды жоспарлауға қойылатын талаптар;- қолдан жасалған және штаттық жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- ТТО объектілердің басшылығы жүргізетін персоналмен теориялық және практикалық сабақтарды тексеру бойынша пратикалық ұсынымдар;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін ТТО объектілерді тізбеден алып тастау жөніндегі ұсыныстарды негіздей отырып, талдамалық анықтама жасау тәртібі туралы ақпарат берілді.Кеңеске қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936211

Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті.Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936052

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты 15.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935894

Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған. Туризм үйінде еліміздің екі ірі туристік ұйымы өз өнімдерін ұсынуда. Олар: сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі — «Туристік Қамқор» және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ.Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936000

Ақ Азиада: Ұлттық құрамадағы ең жас спортшының нәтижесі қандай? 15.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары мәресіне таяп қалды. Қазіргі таңда шорт-трек және тау шаңғысы спортының өкілдері жарыстарын аяқтады. Шорт-трекшілер ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс медаль салса, өкінішке қарай тау шаңғысы құрамасы жанкүйерлерді жеңістерімен қуанта алмады.Сондай-ақ бүгін конькимен жүгіру және фристайл-акробатика спортшылары соңғы бәсекелерін өткізді. Акробаттар ақырғы жарыс күнінде құрамында Олимпиада жеңімпазы бар Қытай құрамасының спортшыларын шаң қаптырып, алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар Азия рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, жерлестеріміз 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатика спортында Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы — Асылхан Асан өнер көрсетеді. 15 жастағы отандасымыз кеше командалық аралас сында күміс медаль жеңіп алды. Бұл — Асылханның халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.«Қысқы Азия ойындарында жүлде алғаныма өте қуаныштымын. Бұл - менің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалім. Маған сенім артқан бапкерлеріме алғыс айтамын», — деді Асылхан марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.Асылхан фристайл-акробатикамен бес жасынан бері айналысады. Ол бұл спортқа әпкесінің ықпалымен келгенін айтады, себебі оның үлкен әпкесі бұрын осы спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданған.Жерлесіміздің ендігі мақсаты — FIS рейтингінде ұпай жинап, келесі жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына лицензия алу.«Спортқа келгендегі ең үлкен арманым — Олимпиада жүлдесін алу. Бұл арманымды жүзеге асырып, қазақ елін жүлдемен қуантқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта дайындықты арттырып, жоғары нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімді саламын», — дейді Асылхан Асан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936001

ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 11 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы синхронды секіруде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жұбы қола жүлдеге ие болды.Биатлон: Ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев топ жарса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.Сонымен қатар ерлер сайысында Әсет Дүйсенов мәре сызығын 6-шы, Александр Мухин 7-ші болып кесті.Әйелдер бәсекесінде Арина Крюкова 4-ші, Ольга Полторанина 5-ші, Дарья Климина 7-ші және Полина Егорова 13-орынға табан тіреді.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 1000 метрге жарыста Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, Никита Важенин 16-орынға ие болды.Әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 7-ші, Дарья Важенина 10-шы, Кристина Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы нәтиже көрсетті.Ерлер және әйелдер арасында командалық өкшелеп қуу жарысында Қазақстан құрамасы 4-орын алды.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Филиппин спортшыларын 5:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Қатар құрамасынан 11:2 нәтижесімен басым түсті.Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 2:12.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсіп (24:0), жартылай финалға шықты.Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров 76.75 ұпай жинап, 4-орынға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпаймен 8-орында тұр.Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова 5-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936002

IX қысқы Азиада: 11 ақпандағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936003

ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 12 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936011

ШҚО-да жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті 14.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылына орай және бірыңғай республикалық акция аясында Өскеменде кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.- Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бүгін республика бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізілуде. Мұндай шаралар облысымыздың барлық аудандарында ұйымдастырылды. Өскемендегі мансап орталығында да азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жинадық, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.Ресми деректерге сүйенсек, өңірдің жұмыспен қамту орталықтарында 17 мыңнан астам адам тіркелген, ал "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық платформасында 3,5 мыңнан астам өзекті бос жұмыс орындары бар.Жәрмеңкеге барлығы 180-ден астам жұмыс іздеуші қатысты. Жұмыс тапқан облыс тұрғындары туралы ақпарат пен жәрмеңке қорытындысы күннің соңында белгілі болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/935707

Жетекші ЖИ сарапшылары Қазақстанның сала дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады 14.02.2025
Париждегі AI Action Summit аясында Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев жетекші жасанды интеллект (ЖИ) сарапшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.Жасанды интеллект саласындағы әлемге әйгілі жетекші мамандардың бірі, Стэнфорд университетінің профессоры Фэй-Фэй Лимен кездесу барысында министр Қазақстандағы ЖИ технологияларын дамыту жоспарлары және отандық ЖИ стартаптарының жетістіктері туралы баяндады.Фэй-Фэй Ли — көптеген адамдар «ЖИ-дің кіндік шешесі» деп атайтын ғалым. Ол ImageNet деп аталатын ең ірі бейне деректер базасын жасап, заманауи компьютерлік көру технологияларының негізін қалады. Оның зерттеулері медициналық диагностика, автономды жүйелер және робототехника саласындағы маңызды жетістіктерге жол ашты.Meta компаниясының ЖИ бойынша бас ғылыми қызметкері және терең оқыту саласының пионері Ян ЛеКунмен кездесуде ірі тілдік модельдер мен KazLLM жобасы талқыланды.Ян ЛеКунның маңызды жетістіктерінің бірі – көптеген заманауи AI-қосымшалардың негізіне айналған LLaMA (Large Language Model Meta AI) тілдік моделін әзірлеу болды. Қазақстанда KazLLM дәл осы архитектураның негізінде жасалды, бұл еліміздің ЖИ технологияларын қолдануға және дамытуға бейілділігін көрсетеді. Халықаралық сарапшылар, әсіресе Ян ЛеКун бұл қазақстандық жобаны жоғары бағалап, әлеуметтік желілерде оң пікір қалдырды (суретте). Министр кездесу барысында Қазақстанның жасанды интеллектті тек ел көлемінде ғана емес, бүкіл өңірлік деңгейде дамытуға ниетті екенін жеткізді.«KazLLM жобасын жетілдіру және Қазақстанда ЖИ инфрақұрылымын дамыту мақсатында Meta командасымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Ян ЛеКунды алдағы Digital Bridge іс-шарасына шақырдым, бірлескен жобаларды талқылап, ынтымақтастықты тереңдету мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Жаслан Мәдиев.Министр Clever Cloud компаниясының негізін қалаушы Квентин Адаммен кездесті. Бұл компания IT автоматтандыру саласында жұмыс істейді және Java, Scala, Ruby, Node.js, PHP, Python секілді бағдарламалау тілдерінде қосымшаларды автоматты түрде масштабтау мен қалпына келтіру функцияларымен іске қосуға мүмкіндік беретін платформаны ұсынады. Кездесу барысында тараптар бұлтты есептеулер саласындағы зерттеу-зертханасын (R&D) ашу мүмкіндіктерін талқылады.Сербияның ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрі Елена Беговичпен кездесуде халықаралық Alem.AI орталығының қызметі және ЖИ саласындағы білім беру бағдарламалары сөз болды. Сербия делегациясы Қазақстанның бұл саладағы жетістіктеріне қызығушылық танытып, Астанаға іс-сапармен келуді, білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастықты талқылауды жоспарлап отыр.Министр Жаслан Мәдиев OpenAI компаниясының Еуропа және Таяу Шығыс бойынша саясат және серіктестіктер жөніндегі басшысы Сандро Джанелла және ЕО елдерімен өзара іс-қимыл жетекшісі Жюли Лавемен кездесті.OpenAI — жасанды интеллектті дамыту бойынша әлемге әйгілі зерттеу ұйымы, оның ChatGPT құралы кеңінен танымал.Кездесу барысында тараптар электрондық үкімет жүйесіне ЖИ технологияларын енгізу мәселелерін талқылады. OpenAI сарапшылары Қазақстанның ЖИ саласындағы әзірлемелерін жоғары бағалап, қазақстандық әзірлеушілермен техникалық кездесу өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке ақпараттың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/935435