Enbekshi QazaQ

Спорт

ШҚО-да "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 500-ден астам жоба қаржыландырылады 24.02.2025
Облыста ауыл тұрғындарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске асырылуда.ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекованың мәліметінше, 2023 жылы бағдарлама бойынша 1,5 млрд теңгеге несие беріліп, 235 жаңа жұмыс орны ашылды.2024 жылы 7 млрд теңге бөлу жоспарланған еді. Алайда республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.- Қазіргі таңда 1 млрд теңгеге 72 жоба мақұлданып, 163 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Ажар Каджибекова.Биыл бағдарламаны іске асыруға қосымша 3 миллиард теңге бөлінбек. Ауыспалы қаражатты ескерсе, бюджет 4,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл шамамен 550 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде туризм, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және фермерлерге техника сатып алу бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942482
Облыстық семинардың жұмысы туралы 24.02.2025
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен 2025 жылғы 18 ақпан күні Риддер қаласында «Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының 2024 жылғы жұмысы және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы» атты көшпелі семинар өткізілді.Семинар-тренингке 13 қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.Іс-шараға қатысушыларға ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Бичуинов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары К. К. Төлеухан құттықтау сөз сөйледі.Өз сөздерінде спикерлер қазақстандық қоғамды демократияландыру, саяси реформаларды іске асыру мақсатында сайлау процесіне қатысушыларды тұрақты оқыту, жергілікті атқарушы органдар мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары арасындағы диалогты дамыту қажеттігіне баса назар аударды.Семинар-тренинг іскерлік командалық ойын қағидаты бойынша жаңа форматта өтті, онда 4 команданың қатысушылары эрудицияларын көрсетіп, логикалық есептер мен сайлау заңнамасын білуге арналған кейстік тапсырмаларды шешті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942596
Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері 21.02.2025
Қазақстан БҰҰ Жарғысына қатаң сәйкестікте кең ауқымды көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуде белсенді рөл атқаратынын атап өтті.2024 жылы Қазақстан бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етті, бұл өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім саралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ), Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) табысты төрағалық ету Қазақстанның халықаралық ықпалын нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ дипломатиялық мүмкіндіктерді кеңейтті.Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету барысында экономикалық ынтымақтастықты, қауіпсіздікті, экологиялық бастамаларды және цифрлық трансформацияны қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптарды қамтитын 160-тан астам іс-шара өткізілді. Шарттық база қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Қазақстан Еуразия экономикасының, саудасының, көліктік және логистикалық байланысының континенттік белдеуін қалыптастыруға бағытталған Ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына бастамашы болды. Төрағалықтың басты іс-шарасы ретінде алғаш рет «ШЫҰ плюс» форматында өткен Астана саммиті болды.АӨСШК төрағалығының негізгі жетістігі институционалдық дамудың жаңа кезеңіне көшу болды. Трансформацияның жол картасы аясында Жарғы мен Рәсімдер ережелері әзірленді, Сенім шараларының каталогы жаңартылды, Даналар кеңесі, Талдау орталықтарының форумы және АӨСШК қоры құрылды. Қазақстан қатысушы елдердің өзара іс-қимылын цифрландыру бойынша бастама көтеріп, деректер мен талдамалық материалдармен алмасу платформасын іске қосты.Түркі мемлекеттерінің ұйымына төрағалық ету «TURKTIME!» ауқымды бағдарламаның іске қосылуымен ерекшеленді, сондай-ақ мәдени және экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет басшысының осы бастамасы аясында білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіпкерлік саласындағы жобалар іске асырылды. Тұрақты өкілдер механизмі құрылды, мемлекеттік рәміздер біріздендірілді, стратегиялық жобаларды қолдауға бағытталған Инвестициялық қор құрылды. Қатысушы елдер арасында 45 млрд АҚШ долларынан асқан өзара сауданың айтарлықтай өсуі экономикалық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын көрсетеді.ҰҚШҰ-ға төрағалық ету барысында Қазақстан трансшекаралық қылмыс, терроризм және есірткінің заңсыз айналымы сияқты өзекті қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге назар аударды. Мемлекет басшыларының кездесулерін, тақырыптық дөңгелек үстелдер мен әскери жаттығуларды қоса алғанда, 80-нен астам іс-шара өткізілді. Тәжік-ауған шекарасын нығайту бағдарламасы бойынша 10 жылдық жұмысты аяқтауға ерекше назар аударылды.Халықаралық Аралды құтқару қорындағы қазақстандық төрағалықтың (2024-2026 жылдары) күш-жігері ХАҚҚ жетілдіру процесін аяқтауға, өңірдің су-энергетикалық ресурстарын басқарудың өзара тиімді механизмін әзірлеуге, экологиялық бағдарламалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын еңсеру мақсатында келісілген шаралар қабылдауға шоғырланған.Қазақстанның Су дипломатиясы аясында 2024 жылы Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді. Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен Ертіс және Іле сияқты 20-дан астам өзендер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Еліміздің БҰҰ-дың Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенциясына қосылуы маңызды қадам болды.2024 жыл Орталық Азия мемлекеттерімен көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан серпінді жыл болды. Мемлекет басшысының «Орталық Азияның Ренессансы: орнықты даму мен өркендеу жолында» бағдарламалық мақаласы өңірдегі бауырластық қатынастардың, тату көршілік пен стратегиялық серіктестіктің форматын белгіледі.Әзербайжан Президенті, БҰҰ Бас хатшысының ОА жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азия үшін превентивті дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің 6-шы отырысын өткізу маңызды болды. Саммит қорытындысы бойынша «ОА-2040» Өңірлік кооперацияны дамыту тұжырымдамасына, 2025-2027 жылдарға арналған Өңірлік ынтымақтастықтың жол картасына, сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды.Бұдан басқа Қазақстан қақтығыстарды реттеуде делдал бола отырып, халықаралық дипломатияда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Астана процесі аясында біз Сирия дағдарысы бойынша келіссөздер алаңын ұсындық. Қазақстан негізгі қатысушыларды біріктіреді және ымыралық шешімдерге қол жеткізуге ықпал етеді. Сондай-ақ ел өңірлік қақтығыстарды шешу үшін халықаралық медиация орталығын құру туралы ұсыныс жасады, бұл профилактикалық дипломатия механизмдерін дамытудағы маңызды қадам болады.Қазақстан әлемдік саясатқа интеграцияның жоғары дәрежесін көрсетіп отыр. Еліміз энергетика, көлік, сауда және цифрлық технологиялар салаларындағы ірі өңірлік жобаларға бастамашы болып отыр. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, «Бір белдеу – бір жол» жобасы аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одаққа белсенді қатысу еліміздің жаһандық экономикалық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растайды. Жасыл технологиялар мен экономиканы декарбонизациялау жөніндегі бағдарламаларды енгізу Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналды. Еуропалық одақ және Таяу Шығыс елдерімен орнықты даму және энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту маңызды аспект болды.Қазақстан бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясат ұстануды жалғастырады. Ел Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. БҰҰ, ДСҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жаһандық бастамаларына қатысуды кеңейту, жетекші державалармен стратегиялық серіктестікті дамыту және экономикалық дипломатияны тереңдету елдің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары болып қала береді.Соңғы жаңалықтар19 ақпан 2025Қазақстан мен Мысыр арасындағы саяси консультациялардың тоғызыншы раунды туралы19 ақпан 2025Алматы ЮНЕСКО-ның алғашқы Жаһандық жастар форумының алаңына айналды18 ақпан 2025Дипломатиялық корпусқа визалардың жаңа санаттары таныстырылды18 ақпан 2025Қытайдың «East Hope Group» компаниясы Қазақстанда металлургия саласындағы ең ірі жобаларының бірін іске қоспақ17 ақпан 2025Қазақстан мен Мажарстан: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиектеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/941913
«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарлама 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысы «Мемлекеттік қызмет және білім берудегі цифрлық инновациялар» атты тақырыпта интернет-конференция өткізу бастағанын хабарлайды.https://dialog.egov.kz/conference/4102 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференция қолжетімді.Осы конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/941995
Маңғыстауда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары талқыланды 21.02.2025
18 ақпанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басқосуда 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен автомобиль жолдарын қорғау шаралары, су өткізу құрылыстары мен дренаж жүйелерінің дайындығы пысықталды.Отырыста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев өңірдегі республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қорғалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 65 техника жұмылдырылып, 80 тонна бензин мен дизель отынының қоры дайындалды. Сонымен қатар, көлік қызметіне 9 құралым, 200 автокөлік және 300-ге жуық жеке құрам тартылған. Төтенше жағдай қаупі туындаған жағдайда 4 000-нан астам адамды тасымалдауға мүмкіндік бар.Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Александр Алексеевтың айтуы бойынша өңірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты су тасқыны қаупі төмен. Дегенмен, алдын алу шаралары қазірден басталып кеткенін атап өтті.- 2025 жылға су тасқынының алдын алу және зардаптарын жою мақсатында 1 800 тоннадан астам инертті материал, 4 200 қап және 150 тоннадан астам жанар-жағармай қоры дайындалды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарды тамақтандыру үшін 50 келісім жасалды. Қажет болған жағдайда оларды жатын орындармен және жеткілікті көлемде төсек орын жабдықтарымен қамтамасыз етеміз, — деді Александр Алексеев.Жиын барысында Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов Жармыш ауылынан батысқа қарай 1 шақырым жерде орналасқан «Сарықабақ» гидротехникалық құрылысына күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бөгет ауылға жақын таулардан ағатын жауын-шашын, жер асты және бұлақ суларын жинақтауға арналған.- Жармыш ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөгетті жаңарту жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда 17,6 гектар аумақты қамтитын құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл толықтай бітіруді жоспарлап отырмыз, — деді Ғалымжан Ниязов.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты органдарға көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Көктемгі су тасқынының алдын алу – өңіріміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Барлық жауапты мекемелер дайындық жұмыстарын күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қатаң бақылауда ұстауы тиіс, — деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/941410
Катонқарағай ауылында алғашқы "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылды 21.02.2025
Кадет сыныбы С.Ластаев атындағы орта мектепте салтанатты түрде ашылып, 7-сыныптың 20 оқушысы қабылданды. Сыныпқа осы ауданның тумасы, Катонқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің милиция жүргізушісі аға сержант Бағыбек Тікебаевтың есімі берілді. Ол 1994 жылы 3 қыркүйекте тергеу-қамауға алынған қылмыскерлерді айдауылдау барысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.Кадет сыныбының ашылуы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылықты арттыруға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған.Оқушылар үшін полиция қызметкерлерінің киім үлгісіне сай форма дайындалды. Сынып қажеті құралдармен жабдықталды.ШҚО Білім басқармасының келісімімен кадеттердің оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметінің негіздері, алғашқы әскери дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету сынды қосымша пәндер енгізілді. Оған полиция қызметкерлері мен тиісті сала мамандары тартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940597
ШҚО-да дуалды оқыту жүйесі аясында 44 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады 21.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылында жоғары білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, практикаға бағдарланған білім беруді дамыту қажет.Осы мақсатта Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы оқу орындары, әлеуметтік серіктес саналатын кәсіпорындар, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері дуальды оқытудың маңызын талқылады.- Дуальды оқыту – елдің тұрақты дамуының маңызды бөлігі. 2024 жылы 4936 студент оқу бітіріп, оның 4275-і жұмысқа орналасты. Дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға әсер етеді, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, дуальды оқыту 44 мамандық бойынша 27 колледжде жүзеге асырылады. Яғни, 5000-нан астам студент білім алады. Дуальды оқытуға шамамен 448 кәсіпорын мен әлеуметтік серіктес компаниялар қатысады.- Дуальды оқыту жүйесін дамытуда тәлімгерлік маңызды рөл атқарады деп санаймыз. Білім алушылар уақытының 60%-ын тәжірибе алаңында өткізеді, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Әділхан.Семинарға қатысушылар дуальды оқытуды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешу әдістерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940637
ШҚО-да есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды 21.02.2025
Өскемен қаласында есту қабілеті бұзылған жеңіл атлеттер арасында Қазақстан чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – спортшылардың шеберлігін арттырып, біліктілігін көтеру.– Чемпионатқа еліміздің 13 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс барысында бірнеше медаль жиынтығы сарапқа салынады, сондай-ақ қараша айында Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына алдын ала іріктеу жүргізіледі, – деп атап өтті Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Богдан Весельский.Жарыс бағдарламасына бірнеше жеңіл атлетика түрлері енген:Спринтерлік жүгіруОрта және ұзақ қашықтыққа жүгіруҰзындыққа және биіктікке секіруНайзаны сермеп секіруЭстафеталық жарыстар және басқа да дисциплиналар– Чемпионатқа Петропавл қаласынан 11 спортшыны алып келдік: 10 ересек спортшы мен бір қыз бала. Бұл жарыстан жоғары нәтижелер күтеміз. Себебі, чемпионат – 2025 жылдың қарашасында өтетін Сурдлимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңдерінің бірі, –деді "UNIT" спорт клубының жаттықтырушысы Рустам Шаке.Чемпионатқа Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан және басқа да аймақтардан спортшылар қатысып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940836
Біріккен күрес әлемі (UWW) басшысының елімізге жасаған сапарының маңызы 21.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесуінде халықаралық спорт ұйымдарымен әріптестікті күшейтуді, спортшыларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және әлемдік жарыстарды Қазақстанда өткізуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында елімізге беделді халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылып, келіссөздер жүргізілуде.Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Соның аясында осы аптада елімізге Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling – UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович келді. Бұл сапар отандық күрес үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болды.Ненад Лалович Астанадағы спорт нысандарын аралап, инфрақұрылыммен танысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Біріккен күрес әлемімен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтінін айтты. Спорт инфрақұрылымын жетілдіру, заманауи әдістерді енгізу және халықаралық жарыстарды елімізде ұйымдастыру күрес спортының дамуына серпін беріп, оны әлемдік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасайды. Ненад Лалович Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанды UWW-дің маңызды серіктесі деп атады. Ол сондай-ақ ұлттық күрес мектебінің жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің бұл спорт түрінен әлеуеті зор екенін атап өтті.Халықаралық федерациялармен ынтымақтастық Қазақстан спортының дамуына тың серпін беріп отыр. Бұған дейін Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер де келіп, Мемлекет басшысымен кездескен еді. Келіссөздер нәтижесінде Астанада IJF (International Judo Federation) академиясын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл жоба жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілер даярлауға бағытталған. Сонымен қатар еліміз 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.Бұдан бөлек Қазақстанға Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари мен Халықаралық су спорты федерациясының президенті, Азия Олимпиадалық Кеңесінің Бас директоры Хусейн Әл-Мусаллам да келген еді. Халықаралық спорт басшыларымен кездесуде тыйым салынған препараттарға қатаң бақылау орнату және спортшылар үшін білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері, елімізде су спорты түрлерін дамыту және қазақстандық мамандарды World Aquatics ұйымына тарту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.Қорыта айтқанда, Ненад Лаловичтің сапары – Қазақстанның күрес спортындағы ықпалын арттыруға және халықаралық аренада жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта осындай кездесулер еліміздің спорттық әлеуетін нығайтуға, халықаралық жарыстарды өткізуге және спортшыларымыздың шеберлігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940903
Облыс әкімдігінде Кендірлі курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды 21.02.2025
Бүгін, 17 ақпан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту мәселесі қаралды. Жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.Оның айтуынша, Кендірлі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды түзету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.Кендірлінің туристік және экономикалық әлеуетін арттыру үшін көлік қатынасын жақсарту мақсатында «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы» бағыты бойынша автожолды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын бұл жол IV техникалық санатқа жатады. Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемін нығайту және жаңарту жоспарланған.Аймаққа қолжетімділікті арттыру үшін Кендірліде жаңа әуежай құрылысы басталды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, әуежай үшін 599 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта жоба әзірленуде. Болашақ әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушыны құрап, жылына 30 мыңнан 60 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаның сәтті іске асуы өңірге туристер легін арттыруға ықпал етеді.Кендірлідегі тағы бір маңызды жоба – тәулігіне 50 000 текшеметр су тұшытатын зауыт құрылысы. Кешенді іске қосу 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.Сондай-ақ, Кендірліден аймақтың тарихи-мәдени орындарына баратын жаңа туристік маршрут әзірленуде.Курорттық аймақты дамыту аймақ экономикасына да оң әсер етпек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жылына 600 мыңнан астам отандық және шетелдік турист тарту жоспарланған. Сонымен қатар, бұл бастама 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Кендірлі курорттық аймағын дамытуда инфрақұрылымды жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кендірлі демалыс аймағын дамыту жұмыстарын жеделдетуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда басты мәселе – инфрақұрылым жүргізу. Одан кейінгі қадам – туристерді тарту. Осы мақсатта барлық шараларды уақтылы әрі сапалы орындаңыздар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/940256
Облыс әкімінің орынбасары Маңғыстау облысының балық шаруашылығындағы инновациялық жобалармен танысты 21.02.2025
17 ақпанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Балық шаруашылығы басқармасына қарасты мекемелердің қызметімен және саладағы инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Маңғыстау өңірі Каспий теңізі жағалауында орналасқандықтан, балық шаруашылығы бұл аймақ үшін стратегиялық маңызға ие. Дегенмен, аймақта негізінен бекіре тұқымдас балықтарды өсіру қалыптасқан. Ал балық түрлерін көбейту және аквашаруашылық әлеуетін кеңейту мақсатында жаңа жобалар қолға алынуда.Соның бірі – Ақтау қаласындағы «Сұлтан Агро» ЖШС жылыжай кешенінде іске асырылып жатқан «Каспий албырт (Каспийский лосось) тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасы. ҚҚЭА қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл бастама өңірдегі акваөндірістің дамуына серпін беріп, балық шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.Әрі қарай Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы Балық шаруашылығы басқармасының «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет» коммуналдық мекемесіне барды. Бұл мекеме балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің резервтік қорын қорғау, сондай-ақ жануарлар дүниесін сақтау және тиімді пайдалану шараларын ұйымдастырумен айналысады. Олар экологиялық тұрақтылықты сақтау бағытында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда.Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары сала мамандарымен кездесіп, өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/940259
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткіштерін жоғарылатты 21.02.2025
Ookla аналитикалық компаниясы 2025 жылдың қаңтарына арналған елдер арасындағы жаңа интернет жылдамдығы рейтингін жариялады. Аталмыш рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатқан. Еліміз мобильді интернет бойынша 8 позицияға көтеріліп, 49-шы орынға тұрақтаған. Мобильді интернеттің жүктеу жылдамдығы 81,58 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 18,42 Мбит/с, ал кідіріс 18 мс деңгейінде тіркелді. Фиксирленген кеңжолақты интернет санатында Қазақстан +5 позицияға жоғарылап, 83-орынға шыққан, мұнда жүктеу жылдамдығы 77,93 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 80,83 Мбит/с, ал кідіріс 5 мс болды.Бұл жетістік мемлекеттік бағдарламалар мен байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Атап айтсақ, 2024 жылы фиксирленген байланыс желілері жаңғыртылып, 4G желісінің қамту аймағы кеңейтілді, сондай-ақ ірі қалаларда 5G технологиясын енгізу басталды. Осы шаралардың арқасында интернет жылдамдығы едәуір артты, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етті.«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2025-2027 жылдары келесі бастамалар жүзеге асырылады:3010 ауылда кеңжолақты интернет желісін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту;1120 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізу үшін «соңғы миля» жобасын субсидиялау;5G технологиясын республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және облыс орталықтарында кеңейту;250-ден астам шалғай және сирек қоныстанған елді мекендерге спутник арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.Интернет жылдамдығының артуы еліміздің цифрлық дамуына, IT-индустрияның өсуіне, онлайн білім беру мен электрондық коммерцияны ілгерілетуге және экономиканың басқа да маңызды салаларына оң әсер етеді. Телекоммуникация саласын дамыту – Министрліктің басты басымдықтарының бірі. Ведомство бүкіл ел бойынша байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырады.Анықтама: Ookla – интернет жылдамдығы мен сапасын талдауға маманданған жетекші халықаралық компания. Ол пайдаланушыларға жүктеу жылдамдығын, сондай-ақ кешігуді өлшеуге мүмкіндік беретін Speedtest қызметімен танымал. Ookla ай сайын Speedtest Global Index рейтингін жасақтайды, онда нақты пайдаланушылардың тестілері негізінде түрлі елдегі мобильді және тіркелген интернеттің орташа жылдамдығы салыстырылады. Деректер Speedtest арқылы анонимді түрде жиналып, әлемдегі интернет инфрақұрылымының нақты жағдайын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/940710
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын спорттық жарыстар 21.02.2025
🔹3 халықаралық жарыс🔹22 республикалық жарыс🔹83 облыстық жарыс🔹49 қалалық жарыс🔹46 аудандық жарыс✅ Барлығы 32 мыңнан астам спортшы қамтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940617
Азиядан Еуропаға дейін: Екі бірдей байрақты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінген шорт-трекшілер елге оралды 21.02.2025
Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 1 алтын, 2 күміс медаль және Италиядағы Әлем кубогінде қола медаль жеңіп алған ұлттық құрама спортшылары елордаға келді. Астана қаласының халықаралық әуежайынан оларды министрлік өкілдері, туыстары, жанкүйерлер, федерация өкілдері мен журналистер ыстық ықыласпен күтіп алды.Азия ойындарындағы жеңістен кейін құрамамыз бірден Италияға аттанып, Миланда өткен Әлем кубогі кезеңіне қатысты. 5000 метрлік эстафетада Қазақстан шорт-трекшілері қола медаль иеленді. Финалда Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев сынға түсті. Бұл – шорт-тректен 2024-2025 жылдар аралығында ұйымдастырылып жатқан Әлемдік тур кезеңіндегі екінші жүлдеміз. Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында әйелдер құрамасы 3 000 метрлік қашықтықта қола медальді жеңіп алған.Миландағы жарқын жетістік – Харбиндегі жеңістің жалғасы. IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстафетада алтын медаль олжалап, өздерінің аймақтағы үздік команда екенін дәлелдеген болатын.Азия ойындарындағы жеңіс те, Әлем кубогіндегі жүлде де – ұлттық құраманың жоғары деңгейін, жүйелі дайындығы мен шорт-тректегі әлемдік бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940605
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды 21.02.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939513
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды 21.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына екі кандидат – ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновты ұсыну туралы хаты оқылды.Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады, оған 148 депутаттың 104-і дауыс берді, Арман Бекбосыновты 41 депутат жақтады.Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939514
Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді 21.02.2025
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны атап өтілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыста инфрақұқрылымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.Жаңа әкімді таныстырған Премьер-министр Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы басшылығы алдына қойған міндеттерге тоқталды. Іске асыру халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін перспективалы бағыттар айқындалды. Басым жобалар қатарына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, цифрлық шешімдерді енгізу жатады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939515
Әкімдік отырысы туралы 21.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №108 залда өтеді.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Онлайн, оффлайн түрде қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 440 кабинетте, тел.71-31-53 бойынша қабылдайды, электрондық түрде r.balapanova @akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа қатысуға жіберілгендер объект ішіндегі және ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939883
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен жиын өткізді.Жиналыс барысында өңір басшысы шағын индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Ол жергілікті кәсіпкерлерге көңіл бөліп, қандай мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының бар екенін нақты түсіну қажет екенін айтты.- Әріптестер, біз сіздермен көптен бері таныспыз. Бүгін мен берген ант - ол менің ғана емес, барлығымыздың ортақ антымыз деп қабылдаңыздар. Онда айтылған әрбір сөздің жауапкершілігін сезініңіздер. Халыққа адал қызмет ету деген ұғымның астарында терең мағына бар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауға көңіл бөлу маңызды. Осыған дейін жоспарланған жобалар іске асырылуы тиіс, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.Сондай-ақ аймақ басшысы су тасқынына дайындық шараларына тоқталып өтті. Ол облыстағы ТЖ бойынша жедел штаб өз жұмысын жалғастыратынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939925
Нұрдәулет Қилыбай: Аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе 21.02.2025
15 ақпан, сенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 150 орындық көпсалалы жаңа аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.Жұмыс барысында ғимараттың жалпы құрылысы мен жабдықтарды орналастыру жұмыстары талқыланды.Бүгінде медициналық орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар толық жеткізіліп, оларды бөлмелерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп бөлмелерге қондырылуда.Құрылыс алаңында 300-ден астам құрылысшы еңбек етуде. Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 3 қабатты аурухананың жалпы ауданы 28 500 шаршы метр, 6 корпустан тұрады.Нұрдәулет Қилыбай аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе екенін айтып, құрылыстың сапасына мән бере отырып, жұмысты тез арада аяқтауды тапсырды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939276