17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

21.02.2025 02:41:03 825

19-23 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогі
Сары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай.

17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең)
Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.
Өтетін орны: Монако княздігі.

19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея.

20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турнирі
Бакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Баку қ., Әзірбайжан.

20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты
Бұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт.

20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионаты
Жарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.
Өтетін орны: Петропавл қ.

20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионаты
Бұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия.

21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур)
Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр.

21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионаты
Азия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.
Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939017