Enbekshi QazaQ

Технология

Қала тұрғындарына қауіп жоқ 15.04.2025
Соңғы авиабақылау ақпараты бойынша №1 өзенде су деңгейі 6-7 метрге төмендеген, аққан су массасының көлемі 20-25 мың м 3. Сел қаупі маусымы басталғалы жүргізілген сақтандыру жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылдың 14 тамызында болған селдің әсерінен өзендегі су көлемі 42 мың м3 төмендеген.«Қазселденқорғау» МК мамандары бұл оқиғаға «сел тасқыны» деген сипаттама берді, сондықтан мұнда селге қатысты (тас, лай, құлаған ағаштар) болған жоқ. Өзеннің ішкі арналары мен канал бойымен судың ағуы тоқтады, каналдың бойына шағын тоқтау су жиналған. Өзеннің төменгі ағысында су едәуір тазарған.Мониторинг пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында бұрынғы күш құрылымдары мен инженерлік техника кезекшілік ететін болады.Қалаға келетін қауіп жоқ, Қарғалы өзеніндегі су қалыпты жағдайда. Өзен және плотина маңына «Қазселденқорғау» МК гидропостары, ал плотинадан төмен Алатау ауданына дейінгі аумаққа ТЖД мониторинг жүргізуде. Сел қаупі бар учаскелер бақылауға алынған.Аулаларды, көшелер мен объектілерді су басу фактілері тіркелмеген.Алматы қаласы әкімінің келісімімен жедел Штабтың жұмысы тоқтатылды, жағдайды Алматының ТЖД өз бақылауына алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26156?lang=kk
Алматының Түрксіб ауданында биыл 37 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 38 көшесінде жалпы ұзындығы 39,6 км жолға орташа жөндеу жүргізілгенін, ал 2025 жылы 37 көшеде тағы 51 км жолды орташа жөндеу жоспарланғанын хабарлады.Сонымен қатар, былтыр 40 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 200 «қалқымалы» люк орнатылды. Биыл тағы 30 мың шаршы метр жолды жөндеп, 200 люк орнату жоспарланған. Бұған қоса, 2024 жылы Әлмерек және Қайрат шағын аудандарында 13 көшеде тротуар мен арық жүйесін толық орната отырып, 13 км жаңа жол салынды. Ал Жас Қанат шағын ауданында 19 көшеде 3,5 км жаңа жол құрылысы мамыр айында басталады.«Биыл 90 жер учаскесін сатып алғаннан кейін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін Хмельницкий көшесін ұзарту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биылғы тамызда Ержанов көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Ерболат Досаев.Алматы әкімі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы Түрксіб ауданына қызмет көрсететін 10 маршрутта (№27, 34, 47, 50, 79, 86, 92, 113, 120, 129) 195 жаңа автобустың жаңартылғанын да хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973660?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден астам электр желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев электр желілерін салу және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғын алаптарында жиі болатын апаттарды жоюға бағытталған.2024 жылы Қайрат шағын ауданында 55,5 км кабель желілері тартылып, 22 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 тарату пункті орнатылды. Бұл шаралар ауданның электрмен қамту сапасын айтарлықтай жақсартып, апаттық жағдайда өшудің санын азайтуға мүмкіндік берді.Бұған қоса, 2025 жылдың мамырына дейін Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында 54,5 км электр желілері мен 16 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту жұмыстары аяқталады.Қайрат және Нұршашқан шағын аудандары тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынды. Нысанды пайдалануға беру биыл мамыр айына жоспарланған. Қазір «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш» қосалқы станциясымен байланыстыратын 7,8 км кабель желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді және болашақта инфрақұрылымды дамытуға негіз болады.Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және қайта құру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 52,9%-ға, су бұру желілерінің тозуы 53,9%-ға, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973649?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі.2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973613?lang=kk
Реновация бағдарламасы: Алматыдағы ескі үйлердің 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40% - дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан.«Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай - 2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», - деді Ерболат Досаев.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада 676 ескі үйді реновациялау қарастырылған. Тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.Бағдарламаның негізгі қағидаты-құрылысты тоқсандық жүргізу. Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық ескі тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте меншік иелеріне «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша айырбастау немесе нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973608?lang=kk
Алматының жоғары оқу орындарында гранттар бойынша білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды 15.04.2025
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет.Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады.ЖОО-ның және мамандықтардың тізіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/23566?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Жасыл аула» акциясы аясында 17 мың ағаш отырғызылды 15.04.2025
Экологиялық акция еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өткізілді. Іс-шара көппәтерлі үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған. Өз аулаларының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту мақсатында 50 мыңға жуық адам шықты. Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары, ТКШ өкілдері және еріктілер.Акция аясында 17 мыңнан астам ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызылды, сондай-ақ орындықтар, гүлзарлар мен сәндік элементтер орнатылды немесе жаңартылды.Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/973004?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда 15.04.2025
Су айдындарын иесіз, тасталған балық аулау торларынан және жағалау аумақтарын тазартуға бағытталған жыл сайынғы  «Таза су айдындары»  акциясы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде  өтуде.Аталмыш іс-шаралар өңірлердің климаттық ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, 15 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.Естеріңізге сала кетейік, «Таза су айдындары» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.Барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.Акция қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/972017?lang=kk
Мемлекет басшысы «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Орталық Азияның планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр.– Осындай күрделі жағдайда аймақ елдерінің күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары елдеріміздің дамуына кедергі келтірмеуге тиіс. Біз экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтауымыз керек. Бұл ретте Қазақстан аумағында жаппай ағаш егу туралы тапсырма бергенімді айта кеткім келеді. Бұдан бөлек, елімізде орманды сақтау мен қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға, ең әуелі, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үндейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Өзбекстанмен бірге Аралдың табанына жасыл желек егу жұмыстарын қолға алдық, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан климатқа қатысты күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық, прагматикалық амбиция және халықаралық ықпалдастыққа басымдық береді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның дамушы елдерді қолдауды көздейтін жаһандық күш-жігерге үлес қосатынын және «жасыл» экономикаға өтуді стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын жеткізді.– Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – стратегиямыздың өзегі. Біз жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін жүзеге асырамыз. Әлемнің корпоративтік көшбасшыларымен бірге жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық. Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Жер бетіндегі электр энергиясының 10 пайызға жуығы атом электр стансаларында өндірілетінін ескерсек, оның салмағы арта түседі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президент Қазақстанның кең даласы «көміртекті егіншілікпен» айналысу және экожүйені қалыпқа келтіру ісінде зор мүмкіндікке жол ашатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сирек кездесетін элементтер экологиялық таза технологияларды дамытуға негіз болады. Елімізде мұндай аса маңызды минералдардың айтарлықтай қоры бар және оны өңдеуге әлеуетіміз жетеді.– Өңірімізде су тапшылығы уақыт өткен сайын өзекті мәселеге айналып келеді. Оны екі нәрседен аңғаруға болады. Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді. Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық. Дәл осы себепті бізге су үнемдеу технологияларын және smart суару мен гидрологиялық мониторинг жүйелерін дамыту ісінде халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет. Біз бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзірміз, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті өз сөзінде биоалуантүрлілікті, әсіресе, Орталық Азияда тіршілік ететін бірегей және жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдік түрлерін сақтау мәселесіне айрықша тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанда Президент жанындағы Халықаралық биоалуантүрлілікті қорғау қорын құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.– Жаһан елдерінің «жасыл» дамуға бет бұруы ең жақсы, таза, қауіпсіз және өркендеген әлемнің негізін қалауға керемет мүмкіндік екені күмәнсіз. Алайда ол үшін климаттың өзгеруіне бағытталған мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру көлемі де соған сай болуы керек. Бұл климаттағы өзгеріс салдарын жұмсарту бағытындағы тиісті жұмыстарға төнетін қатерді азайтуға, жасыл энергетикаға инвестиция құюға және табыс әкелетін орнықты экономика моделін құруға жол ашады. Әйтпесе, көміртек бейтараптығына қол жеткізу қиынға соғады. Оның алдын алу үшін бізге күш-жігерімізді еселеп, серіктестік аясын кеңейту керек. Мұндай күрделі сынақты бірде бір ел жалғыз өзі еңсере алмайды, – деді Қазақстан Президенті.Сонымен қатар конференцияда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Ұйымның елді мекендер жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Анаклаудия Россбах, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/970133?lang=kk
Алматыда қала орталығындағы кафенің кірберісі бұзылуда 15.04.2025
Сәтбаев көшесі, 4а мекенжайындағы Juz кафесінің жанындағы құрылыс рұқсат құжаттарынсыз салынған. Сонымен қатар, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандусты қосып алып, жалпы аумақта орналасқан. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлады.2024 жылғы 4 қазанда жоспардан тыс тексеру барысында «ALMA Construction and Design» ЖШС жалға алушысына қатысты тұрғынның өтініші негізінде басқарма әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа материалдарды жіберді әрі әкімшілік шаралар қабылдады.2024 жылғы 22 қарашада сот заңсыз тұрғызылған құрылыстарды бұзу туралы қаулы шығарды және бір айдан кейін, 27 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 70 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969125?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өтеді 15.04.2025
Әуезов ауданы тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Қала басшысының айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында Таугүл-3 шағын ауданында орналасқан №18 қалалық емхананың филиалының күрделі жөндеуі аяқталады. Сондай-ақ, №16 қалалық емханада сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде. 2024 жылдың мамыр айында №2 корпустың Б блогының жөндеуі аяқталады, ал маусым айында №1 корпус пен А блогында жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұған қоса, ақпан айында Жетісу-3 шағын ауданында «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. Жалпы аумағы 1760 шаршы метр болатын бұл орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда Мамыр, Кемел және Нұршашқан шағын аудандарында үш алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа қабылдау бөлімшесі пайдалануға берілді.Сонымен қатар, Саялы шағын ауданында емхана, Айбасов көшесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және №4 жедел жәрдем қосалқы станциясы салынып жатыр. №4 қалалық клиникалық аурухананы, сондай-ақ Бостандық және Наурызбай аудандарындағы емханаларды реконструкциялау жобаларына оң сараптамалық қорытынды берілді.2024 жылдың желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейін медициналық нысандарды салу және жаңарту бойынша кезең-кезеңмен іске асатын жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, 32 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, 14 мекеме жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969101?lang=kk
Биыл Алматының Әуезов ауданындағы 13 көше жолдарды орташа жөндеумен қамтылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 12,2 шақырымдық 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілгенін, ал ағымдағы жылы 10 шақырымдық 13 көшені қамту жоспарланғанын айтты.Сондай-ақ, өткен жылы ауданда 27 мың шаршы метр жол төсемі люк ауыстырылды.Биыл тағы 26 мың шаршы метр жолды жөндеу, 16 мың шаршы метр техникалық тротуарды жабдықтау, 34,5 шақырым арық желілерін салу және 200 «иілмелі» люк орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылдың мамыр айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.«Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 238 бірлікке 1 325 автобустан 1 563 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 13 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы әкімі аудан тұрғындарын тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, 2024 жылы «Сергек» жаңа 32 аппараттық-бағдарламалық кешені және бейне-мониторинг жүйесінің 1 027 камерасы орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/969090?lang=kk
Алматының Әуезов ауданында биыл 42 тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылады 15.04.2025
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту және жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Әкімнің айтуынша, 2024 жылы 36 тұрғын үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 28 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтті. 2025 жылы 42 үйдің қасбетіне декоративті жарықтандыру орнатылып, 12 үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өтеді деп жоспарланған.«Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру шарттарын қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 20 көпқабатты үйде 30 жеделсаты ауыстырылды. 2025 жылы 45 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 32 көпқабатты үйде 34 жеделсаты ауыстыру жоспарлануда», – деді Алматы әкімі.Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2022-2024 жылдар аралығында қалада 355 үйдің қасбеті жөнделген болатын. Жалпы, 2025-2026 жылдары тағы 296 қасбетіне жөндеу жоспарланған. Бұл шаралар қала көркін жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/968957?lang=kk
Мәселелерді ескеріп, оларды шешу 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Астана қаласының Министрліктер үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдауды өткізді.Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру болып табылады. Оның базасында келушілер ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлардан және заң мамандарынан кеңес ала алады.Сонымен қатар, мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазыла алады.Ж.Әлиев экология мен табиғатты пайдалануға қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Ол сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен Комитеттердің басшыларына осы өтініштер бойынша жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/968244?lang=kk
Алматыда заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жалғасуда 15.04.2025
Қалада заңсыз көше саудасына қарсы күрес жалғасуда.Бүгінгі таңда Алматыда 341 заңсыз СЕСН және 239 силомер бұзылды. Алмалы ауданында 19 СЕСН және 28 силомер, Әуезов ауданында - 67 СЕСН және 30 силомер, Алатау ауданында - 111 СЕСН және 40 силомер, Бостандық ауданында - 56 СЕСН және 64 силомер, Жетісу ауданында - 22 СЕСН және 24 силомер, Медеу ауданында - 11 СЕСН және 14 силомер, Наурызбай ауданында - 19 СЕСН және 23 силомер, Түрксіб тілінде - 36 СЕСН және 16 силомер.Сондай-ақ, қалада жер учаскелерінде берік бекітілген 32 күрделі құрылыс тіркелген. Жұмыс тобы мән-жайларды анықтау үшін уәкілетті органдарға тиісті материалдар жолдады.«Мен бұл жұмысты маңызды деп санаймын, өйткені қала ұзақ уақыт бойы дүңгіршектерге байланысты заңсыз саудадан, антисанитариядан тазартуды қажет етеді. Жалпы, көшелердің таза әрі еркін болғаны байқалады», - дейді Алматы тұрғыны Светлана Константинова.СЕСН бұзу Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен өз бетінше орнатылған дүңгіршектерді жою жөніндегі науқан аясында жүргізілді. 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп көше саудасы объектілерін жоюға кірісті. Қалған СЕСН-ын бөлшектеу жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/968025?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза қала» акциясына 88 мың адам қатысты 15.04.2025
Шара оңтүстік өңірлерде және Атырау облысында өткізілді.Ауқымды акция аула, саябақ, сквер, көше және қоғамдық орындарды қоса алғанда, қалалық аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге  бағытталған. Өз қаласын қоқыстан тазарту мақсатында жергілікті тұрғындар, оқушылар, кәсіпорын мен ұйымдар өкілдері, студенттер бірікті.Жұмыла істеген еңбек нәтижесінде 800 тоннадан астам қалдық жиналып, 23 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Іс-шараға 88 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде 2 мыңнан астамы еріктілер.Естеріңізге сала кетейік, акция «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.Айта кетейік, 27 наурыз күні тағы 3 акция басталды:- «Таза кәсіп – таза аймақ» аясында оңтүстік және батыс өңірлердегі бизнес-субъектілердің аумақтарын жинау және көгалдандыру ұйымдастырылуда;- «Қала үшін ағаш» акциясы аясында оңтүстік және батыс өңірлердің кәсіпорындары мен ұйымдары ортақ пайдаланылатын аумақтарға ағаштар отырғызса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Таза аймақ» акциясы басталды. Оның аясында барлық 14 ЕҚТА және оған іргелес елді мекендердің аумақтарында наурыз және сәуір айларының соңғы күндері тазалау жұмыстары жүргізіледі.Іс-шараларды сәтті орындау «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қоспақ – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартумен қатар, болашағына қамқорлық танытуға дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелейді.Барлығыңызды акцияларға  белсенді түрде қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/964830?lang=kk
Алматыдағы Оқушылар сарайының Үлкен концерт залы 42 жылда алғаш рет толық жаңғыртудан өтті 15.04.2025
Қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарынан кейін Үлкен концерт залын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барып көрді.Қала басшысының тапсырмасымен алғаш рет 42 жыл ішінде қолға алынған жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінен бастап биылғы наурыз айына дейін жалғасты. Бұл ретте, Үлкен концерт залының тарихи келбеті мен түпнұсқалық акустикалық дизайны толық сақталды. Көрермен залының үстінде аспалы шамдардан тұратын ерекше дыбыс толқындарын басқару жүйесі бар.Айта кетейік, Оқушылар сарайының бір бөлігі саналатын Үлкен концерт залы жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарихи ескерткіш. Ол 1983 жылдан бері жұмыс істеп келеді және балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдени-танымдық іс-шаралар өткізетін ең ірі алаңның бірі ретінде танымал.Концерт залының жалпы аумағы 1 168 шаршы метр. Бұл аумаққа амфитеатр, екі көрермендер балконы, төрт техникалық ложа және сахна кіреді. Жаңғырту жұмыстары барысында интерьер элементтері 1 639 шаршы метр аумақта қалпына келтірілді. Декоративті гипстік элементтер, көрермен орындықтары мен еден жабыны жаңартылды. Сонымен қатар, залға соңғы буын цифрлық микшерлік пульті мен жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін кең жолақты кеңістіктік дыбыс жүйесі орнатылды. Жарықтандыру жүйесі 100-ден астам прожектор мен софиттері бар динамикалық жарық жүйесімен толықтырылды, бұл түрлі форматтағы іс-шараларға бейімделген.Жаңғырту аясында концерт залының тарихында алғаш рет айналмалы сахна механизмі, барлық сахналық құрылым, кулисалар, бас перде және электрмен жабдықтау жүйесі толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, цифрлық басқару жүйесі бар жоғары технологиялық LED-экрандар орнатылды.Жаңартылған зал жас алматылықтар үшін іс-шаралар ауқымын айтарлықтай кеңейтеді. Театр қойылымынан бастап, интерактивті шоу мен цифрлық форумға дейін республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, жылына кемінде 40 000 баланы қамту жоспарланған.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Үлкен концерт залында Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдары да өтеді, себебі балалар театрында қазір реконструкциялау жұмыстары қолға алынған.Қала басшысы жаңғыртудың келесі кезеңінде Оқушылар сарайының сыртқы қасбетін жаңарту және айналасын көркейту жоспарланып отырғанын атап өтті.Бүгінгі таңда Оқушылар сарайында 8 білім беру бағыты бойынша 237 үйірме мен секция жұмыс істейді. Атап айтқанда, көркем-эстетикалық және қолданбалы өнер, балалар музыка мектебі, джаз бағытына арналған музыка мектебі, экологиялық-биологиялық бөлім, туристік-өлкетану бөлімі, балалар бастамаларын үйлестіру бөлімі, спорт бөлімі және ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімі.Жаңғыртудан өткен концерт залы Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысатын 15 100 балаға және балалар музыка мектебінде, Орталық Азиядағы жалғыз балалар джаз мектебінде және музыка-эстетикалық бағыттағы үйірмелерде (қобыз, домбыра, фортепиано, саксофон, жетіген, скрипка, флейта, вокал, терме) білім алатын 2 348 жас музыкантқа өнер көрсету мүмкіндігін береді. Эстрадалық-симфониялық, джаз, домбыра оркестрлері, скрипка ансамбльдері мен хор ұжымдары үшін арнайы жағдай жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/962337?lang=kk
Қазақстан Жасыл климат қорының (GCF) ынтымақтастығын нығайтады 2025 жылғы 18–20 наурыз, Сондго, Оңтүстік Корея 15.04.2025
Қазақстан Республикасы делегациясы Жасыл климат қорының (GCF) штаб-пәтеріне климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, қазақстандық ұйымдарды аккредитациялау және тұрақты инвестициялау механизмдерін дамыту мәселелерін талқылау үшін келді.Сапардың алғашқы күнінде GCF-тің Бас инвестициялық директоры Генри Гонсалеспен кездесу өтті. Кездесуде аккредитация, жеке секторды тарту және климаттың өзгеруіне бейімделу мен парниктік газдар шығарындыларын азайту салаларындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан институционалдық әлеуетті күшейту үшін дайындық бағдарламаларына (Readiness Program) қатысу мүмкіндігін зерттеуде.Сапар аясында Қазақстандағы GCF-тің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді талқылау, сондай-ақ климаттық бастамаларды тұрақты қаржыландыру тетіктерін пысықтау бойынша кездесулер жоспарланған.Келіссөздерге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, Қазақстан Даму Банкі және Freedom Bank өкілдері қатысуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/960054?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 15.04.2025
2025 жылғы 28 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍 Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.📩 Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:📱 WhatsApp: 8 (778) 592-39-55📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 26 наурызына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (778) 592-39-55 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/959536
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министріне қандай сұрақтар қойылды? 14.04.2025
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "еститін мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылған Азаматтарды бірыңғай ұлттық қабылдау күнінде экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі толғандыратын қазақстандықтарды қабылдады.Азаматтар қойған сауалдардың ішінде мұнай тұнбаларын жою, су қоймаларын тазалау, қорықшылық қызмет жəне басқа да мəселелер бар."Барлық сұрақтарға түсіндірулер беріліп, кейбіреулері бойынша салалық комитеттерге неғұрлым кеңірек жұмыс істеуді тапсырдым. Өңірлердегі қабылдауларды экологиялық департаменттер басшылары жүргізді. Азаматтарды қабылдау тəжірибесі біздің ведомство үшін дəстүрге айналып, еститін мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі болмақ",-деп жазды М. Мырзағалиев твиттерде азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша.Мəселен, Балтабеков Арманды Қазақстанның су қоймаларын биологиялық тазарту бойынша министрліктің қандай іс-шаралар жүргізіп жатқаны қызықтырады. Министр су қоймаларын тазарту қызметі ағымдағы жылы Су ресурстары комитетіне берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта су қоймаларындағы төменгі шөгінділерді тазалау іс-шаралары жоспарын құру жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өңірлеріндегі қабылдауларды экология департаменттерінің басшылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/34954?lang=kk