Enbekshi QazaQ

Технология

Елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия 11 отырыс өткізді 24.12.2025
Орнықты даму мақсаттарының тарихы 2015 жылғы 25 қыркүйектен бастау алады. Дәл сол күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде әлем көшбасшылары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге бағдар береді. Ол әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамудың негізгі қырларын қамтитын Орнықты даму мақсаттарының 17 бағытын біріктіреді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға арналған институционалдық негіз қалыптастырылған. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия өз қызметін жүзеге асырып келеді.«Комиссия отырыстары Үкімет басшылығының, Ұлттық экономика министрлігінің мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен тұрақты түрде өткізіледі. Қазіргі уақытқа дейін барлығы 11 отырыс өтті. Осылайша, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері Парламент депутаттарының тұрақты бақылауында болып, бұл қосымша мониторинг пен қоғамдық жауапкершілік тетігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының мониторинг жүйесі 200 индикаторды қамтиды, оның ішінде 69-ы Қазақстан үшін өзекті деп танылған, ал, 131-і мониторинг жүргізуге арналған», – деді спикер.Орнықты даму мақсаттарының индикаторлары деректерінің базасын жүргізу жұмысын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жүзеге асырады.Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қамтылуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптастырылған.Орнықтылық пен инклюзивтілік қағидаттары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізіне алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1131561?lang=kk
Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр 24.12.2025
Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарын жергілікті деңгейге бейімдеу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданыста. Осы жүйеге сәйкес Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бағдарламалық және стратегиялық жоспарлау құжаттарына, соның ішінде өңірлік құжаттарға локализациялау арқылы  енгізіліп жатыр. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында осылай деді.ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауы бойынша, олардың шамамен 94,2%-ы мемлекеттік органдардың Даму жоспарларына енгізілген, ал облыстардың даму жоспарларында өңірлер үшін өзекті индикаторларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды.«Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр. Мысалы, Мектепке дейінгі біліммен қамту 2015 жылы 53,8% болса, 2024 жылы 95,9%-ға жетті. Өз кезегінде, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштерін жақсарту стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді талап етеді», – деді спикер.Осылайша, стратегиялық құжаттарға енгізілген Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бюджеттік бағдарламалармен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде олардың практикалық іске асырылуын қамтамасыз ететін қажетті қаржыландыру көзделгенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1131565?lang=kk
Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді 23.12.2025
Кепілдік берудің жаңа тетіктері банктердің қаражатын экономиканың нақты секторына бұруға мүмкіндік бердіМемлекет басшысының экономиканың нақты секторына банк қаражатын тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде «Даму» қорының базасында екі мамандандырылған кепілдік беру қоры құрылды. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин олардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндап берді.Оның айтуынша, жаңа құралдар бизнестің басты проблемасы – кепілге қоятын затының жетіспеушілігін тиімді шешеді:Бірінші қор (ШОБ-қа арналған): бүгінде 2,4 мыңнан астам жобаны қамтып, олаға қарыз сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік берді. Бұл кәсіпкерлерге жалпы сомасы 424 млрд теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туғызды.Екінші қор (ірі инвестициялық жобалаға арналған): 7 млрд теңгеден асатын қарыздарға бағдарланған. Бүгінгі таңда сомасы 24 млрд теңге болатын екі жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекет 15 жылға дейінгі мерзімге жоба құнынының 30%-ына дейін жаба отырып, банктерді өз қаражатын ұзақ мерзімді индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға ынталандырады.«Біздің мақсатымыз – технологиялық жаңару арқылы экономика құрылымын өзгерту. Кепілдік беру қорлары қазірдің өзінде-ақ бизнестің қолындағы кепілге қоятын заттары жеткіліксіз болса да капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін пәрменді құралға айналды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьердің ақпараты бойынша, процестерді автоматтандыру және портфельдік әдісті қолдану арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді ете түседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130493?lang=kk
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді 23.12.2025
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды.«Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Қаржылық шарттарБағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған.Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін.Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады).Мерзімі: 3 жылға дейін.«Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе  жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.Ресурстар мен инфрақұрылымСерік Жұманғариннің айтуынша, бизнес ақшаны ғана емес, нақты ресурстарды да ала алады, олар – жеңілдікпен үй-жайларды, жер телімдерін жалға алу және коммуникациялар жүргізу. Өндірісті тиімді іске қосу үшін сервистік сүйемелдеу және сол салаға бағытталған онлайн-оқыту курстары енгізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алуда басымдық «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысушыларға беріледі.Өтінімді қалай беруге болады?Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған: арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130406?lang=kk
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды 23.12.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды.«Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы.Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі», — деп атап өтті Премьер-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130398?lang=kk
Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бойынша ОДМ-ға қол жеткізуде ілгерілеу көрсетуде 23.12.2025
ЮНИСЕФ пен Ұлттық статистика бюросы бірлесіп ұйымдастырған жұмыс тобының көшпелі отырысы аясында балалардың жағдайына қатысты негізгі индикаторлар мен бала құқықтарын қорғау саласындағы деректер жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.Талқылау барысында соңғы он жылда Қазақстанда балаларды тәрбиелеудің физикалық әдістерінің қолданылу деңгейі 52 пайыздан 37 пайызға дейін төмендегені атап өтілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарованың айтуынша, қол жеткізілген бұл ілгерілеу БҰҰ-ның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған Орнықты даму мақсаттарын жүйелі түрде іске асырудың нәтижесі болып табылады.Білім беру, денсаулық сақтау және өскелең ұрпақты әлеуметтік қорғау салаларына салынатын инвестициялар елдің адами капиталын қалыптастырып, орнықты дамудың негізгі факторы екені ерекше атап өтілді.Өз сөзінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары Рамиз Бехбудов диалог алаңын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Ұлттық экономика министрлігіне және Ұлттық статистика бюросына алғысын білдіріп, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130291?lang=kk
Алматы әкімі Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 19.12.2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.Мегаполис басшысы Алматы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атады. Биыл 9 айда көрсеткіш 20%-ға артып, 850 млн АҚШ долларына жетті. Алматы қаласы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымының бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Қалада өзбек капиталы бар 4 174 кәсіпорын тіркелген.Өз кезегінде көршілес елдің Елшісі бұл көрсеткіштер екіжақты сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1129250?lang=kk
Өнеркәсіп министрлігі өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлемек 19.12.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері қаралды.Өңдеу өнеркәсібінде 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 105,9%. Өсу жыл қорытындысы бойынша 6% деңгейінде болуы мүмкін. 2025 жылғы қорытынды бойынша негізгі өңдеу салалары динамикасы болжамы:металлургия (өңдеу құрылымында 40%) – өсу 1,1%,машина жасау (17,5%) – өсу 12%,тамақ өнеркәсібі (13,1%) – өсу 9%,құрылыс материалын өндіру (5,6%) – өсу 6%,химия өнеркәсібі (5,4%) – өсу 6%,жеңіл өнеркәсіп (0,7%) – өсу 5%.Штаб отырысында негізгі экономикалық өсу драйверінің бірі ретінде өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту болжамына ерекше назар аударылды. Түсті және қара металлургияны дамыту перспективасы, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландырылатын жобаларды іске асыру, өңірлердегі инфрақұрылымның жай-күйі және сала өсімінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да факторлар қаралды.Өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, вице-премьер экономикалық өсу үшін аса маңызды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалын өндіруді қолдау шараларына назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды.Сауда-саттықта НКИ 11 айда 8,8% өскен кезде жыл қорытындысы бойынша 8,9% болуы мүмкін. Сауданың өсуіне жинақталған үлестің шамамен 72%-ын бес аймақ қамтамасыз етеді:Алматы – 24,6 трлн теңге (автомобильдер, машиналар мен жабдықтар саудасы, фармацевтикалық өнімдер, шоколад);Астана – 10,9 трлн теңге (табиғи газ, дизель отыны, авиациялық бензин мен керосин, ет және сүт өнімдерін сату);Атырау облысы – 6,7 трлн теңге (мұнай өнімдері, машиналар мен жабдықтар);Қарағанды облысы – 4,5 трлн теңге (фармацевтикалық тауарлар, машиналар мен жабдықтар, косметикалық өнімдер);Шымкент – 3,6 трлн теңге (фармацевтикалық өнім, ЖЖМ, АӨК өнімі).760 мыңға жуық бизнес субъектісі бар бөлшек сауда құрылымында жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 10%-ға өсіп, 8,2 трлн теңгеге жетті. Жедел деректер бойынша, 11 айдағы онлайн сату көлемі 3,3 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4%-ға артық.Ауыл шаруашылығы барлық бағыт бойынша тұрақты өсуді көрсетеді. 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 106,1%. Өсу жыл қорытындысы бойынша 5% деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 3%-ға артық.Орташа республикалық деңгейден жоғары өсу Ақмола (115,7%), Қостанай (115,4%), Солтүстік Қазақстан (110,5%), Павлодар (108,2%), Атырау облыстарында (107,4%) тіркелді.Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігі аясында биыл жоғары маржиналды майлы және бұршақ дақылы айтарлықтай өсуге әсер етті. Бұршақ дақылынан 1,1 млн-нан асатын рекордтық өнім алынды. Алғаш рет майлы дақыл өндірісі көлемі 4,7 млн тоннаға жетті. Мақта жинау – 428 мың тонна. Оның өнімділігі 29,6 ц/га. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1128561?lang=kk
Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті 17.12.2025
Президенттің экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беруде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,9% жалпы өсім көрсетті. Кіші салаларға бөлгенде машина жасау секторы сөзсіз көшбасшы болып отыр, онда өндіріс көлемі 11,6%-ға өсті. Басқа да негізгі секторларда оң динамика бар: азық – түлік өндірісі 8,7%-ға, химия өнеркәсібі 8,1%-ға, ал мұнай өңдеу 6,5%-ға өсті.«Бұл салалардағы инвестициялар мен өндірістің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдаумен тікелей байланысты. Тек "Бәйтерек" холдингі тарапының өзінен осы кезеңде басым бағыттарды қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгеден асты», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1127174?lang=kk
Қазақстанның агросекторы 6,1%-ға өсті 17.12.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ішкі нарықты сапалы өнімдермен толтыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жылдың басты жетістігі екінші жыл қатарынан рекордтық астық жиналғаны – ол шамамен 27 млн тонна. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.Жалпы 11 айда агроөнеркәсіп кешені 6,1% өсім көрсетті. Негізгі үлес егін шаруашылығында (+7,6%), ал мал шаруашылығы 3,5%-ға өсті. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар сүт (+5%), ет (+3%) және жұмыртқа (+1,5%) сынды өнімдердің де өндірісі артты.Өсу көшін Ақмола (15,7%), Қостанай (15,4%) және Солтүстік Қазақстан (10,5%) облыстары бастап тұр.«Ауыл шаруашылығы маусымдық қарқынды өсу кезеңіне аяқ басты. Қолайлы ауа-райы жағдайлары мен уақтылы мемлекеттік қолдау біздің фермерлерге екінші жыл қатарынан рекордтық егін жинауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру және қайта өңдеуді дамыту үшін берік негіз қалайды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1127191?lang=kk
Үкімет: 2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады 17.12.2025
Үкімет отырысында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен.Президенттің сапалы дамуды қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ел экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетуде.Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.«Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды», —  деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1127149?lang=kk
Президент Жолдауын іске асыру: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 1700 жобасына қолдау көрсетілді 15.12.2025
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл – өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. «Таза парақтан» реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.Осы жылы «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. «Даму» Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125468?lang=kk
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді 15.12.2025
Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды. 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз. 2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл – аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат – кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.Соның ішінде:біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125443?lang=kk
Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің қатысуымен "1С" XV форумы өтті 12.12.2025
Бүгін Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин "1С" XV форумында сөз сөйледі. Оған бизнес, бухгалтерлік қоғамдастық, мемлекеттік органдардан 650-ден астам өкіл жиналды. Ол форумның кәсіби диалог пен жаңа Салық кодексіне көшуге дайындықтың негізгі алаңына айналғанын атап өтті.Азамат Әмриннің айтуынша, форум тәжірибе алмасуға, практикалық шешімдерді талқылауға және қаржы-шаруашылық процесінің ашықтығы мен тиімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.Бірінші вице-министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін ұсынды. Құжат салық есептілігін 30%-ға, салықтың санын 20%-ға азайтуды, жеңілдіктерді оңтайландыруды, сараланған ставкаларды енгізуді, сондай-ақ инвестицияны ынталандыру жөніндегі шараларды көздейді.Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі өзгерістің ішінде 20% базалық мөлшерлеме сақталады. Банктер мен ойын бизнесі үшін 20% мөлшерлеме белгіленген. Ал ШОБ субъектілерін кредиттеуде 25% деңгейінде. Әлеуметтік сала ұйымдарында 2026 жылы 5% және 2027 жылдан бастап 10% мөлшерлеме енгізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3% мөлшерлемені сақтайды.Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, Азамат Әмрин қатысушыларды толғандырған тақырыптарға жан-жақты түсіндірме берді. Негізгі мәселе салықтық әкімшілендіруге, атап айтқанда салық шегерімін қолдану тәртібіне қатысты. Бұған түсіндірме бере келіп, бірінші вице-министр практикалық шешімдер келесі жылы деректерді талдағаннан кейін қабылданатынын атап өтті."Жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрейік. Декларацияларды зерттеп, талдағаннан кейін келесі қадам анықталады", - деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1124756?lang=kk
Алматыда коммуналдық жәрмеңкелер құру мәселесі қарастырылуда 10.12.2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада коммуналдық жәрмеңкелер құру жобасын қарастырған кеңес өткізді.Қазіргі уақытта бірнеше сәулеттік және функционалдық шешім пысықталып жатыр. Әр ауданда жаңа жәрмеңкелерді орналастыруға арналған алдын ала орындар белгіленді. Сонымен қатар «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолданыстағы павильондары заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту жоспары қатар қарастырылуда.Бастаманың мақсаты – делдалдардан бас тартып, фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау.Жоба сарапшылармен және тиісті қызметтермен бірлесіп пысықталатын болады. Талдау нәтижелері бойынша жәрмеңкелердің оңтайлы форматы, оның ішінде инфрақұрылымы, орналастыру тәртібі және баға белгілеу тетіктері ұсынылады.Әкімнің айтуынша, қаланың міндеті – ашық сауда жүйесін қалыптастыру, жергілікті өндірушілерді қолдау және сатып алушылар үшін қолайлы жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1122472?lang=kk
ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады 09.12.2025
Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты.19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті молайтып, азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне арналған. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ұсынылған шаралар ортамерзімдік перспективада тұрақты экономикалық дамудың берік іргетасын қалайтынын атап өтті.Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы ретінде "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі белгіленген. Ол кәсіпкерлікті, экспорттық жобаларды, АӨК және қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын және т.б. қолдайды. Холдинг екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ірі инвестициялық жобалар үшін де, экономикалық өсудің жаңа нүктелері үшін де нақты секторға ұзақмерзімдік кредит берудің негізге көзіне айналмақ. 2026 жылғв холдинг жобаларының портфелі мыналар: 42% - химия және мұнай - газ химия өнеркәсібі, 19,6% - көлік және логистика, 12,1% - энергетика, 7,1% - ТМК, 6,4% - АӨК және тамақ өнеркәсібі.Қаржыландырға қол жеткізу үшін Үкімет 2026 жылы холдингке капиталдандыру үшін 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлуді жалғастырады. 2027-2028 жылдары қосымша қолдау мәселесі ағымдағы экономикалық жағдай мен нақты сектордың қажеттілігіне сүйене отырып, қаралмақ."Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы шеңберінде холдинг өңірдегі жобаларды талдау үшін әкімдіктермен жұмыс кездесуін өткізеді. Орталық мемлекеттік органдар да өз ұсынысын құрмақ. Барлық бастама жүйелі сүйемелдеу үшін ұлттық цифрлық платформаға енгізіледі.Экспортқа бағдарланған жобаларға ШОБ-тың көп қызығушылық білдіруде. Мұндай бастамаларды қаржыландыру тетігі бойынша 20% меншікті қаражат және 80% "Бәйтерек" холдингі арқылы қарыздық қаржы берілуі мүмкін.Сонымен қатар, холдинг өңірлердің артықшылықтарына - табиғи ресурстарға, көлікке қол жеткізуге, туристік әлеуетке және инфрақұрылымға негізделген жаңа өндіріс құруды белсенді түрде ұсынады.Кеңес барысында қатысушылардың барлық мәселесі тыңдалды. Олардың көпшілігі ШОБ-ты дамыту, пайыздық мөлшерлеме, шағын өнеркәсіп аймағын құру, МЖӘ тетіктері мен өнімді сатуға қатысты. Әр сұраққа егжей-тегжейлі түсінік берілді. Жобаның бүкіл мерзіміне пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға кепілдік беру — негізгі мәселе.Бұған жауап ретінде "Бәйтерек" холдингінің өкілдері "Даму" қорының бағдарламаларын трансформациялау шеңберінде тікелей субсидиялау айтарлықтай қысқартылғанын және ЭҚЖЖ тізбесі бойынша тек жобаларға ғана 200 млн теңгеге дейін сақталатынын түсіндірді. Қолдаудың негізгі құралы екінші деңгейдегі банктерді жеңілдікті мөлшерлемемен қорландыру. Бұл бизнеске жобаның бүкіл мерзіміне жылдық 12,6% қаржы алуға мүмкіндік береді.Бұл шарттарға кепілдік берілмек. Өйткені қорландыру қаражаты "Бәйтерек" арқылы бөлініп, "Даму"қорына берілді. Жоба болашақ бюджеттік шешімдерге тәуелді емес. Қаржыландыруға кредит берудің барлық кезеңінде қол жеткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1121475?lang=kk
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 04.12.2025
Қызылорда облысында Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы қаралды. Жиында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жобаның негізгі бағыттары мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.Қызылорда облысында 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық циклмен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға басымдық беріліп отыр.2026–2028 жылдары ауылдарды дамыту жұмыстарын одан әрі күшейту үшін жалпы 450 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 21,2 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Аталған қаражат есебінен 1 мыңнан аса жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өңірдің ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті кеңейту мен кооперацияны дамытуға зор әлеуеті бар екенін көрсетеді.Жиында кооперативтерді басым бағыт ретінде қолдау мәселесі де жеке қаралды.«Мемлекет басшысы жақында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл экономикасының тұрақты дамуы тікелей кооперативтердің тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Кооперативтерді құру процесі еліміз бойынша белсенді жүргізілуі тиіс, ал облыс әкімдіктерінің үйлестіру жұмысы қатаң бақылауда болуы қажет», — деді Қанат Бозымбаев.Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, екі апталық мерзімде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыруға бағытталған қажетті шараларды пысықтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1119226?lang=kk
Серік Жұманғарин Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директорымен кездесті 04.12.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті.Серік Жұманғарин Лея Гутьерресті жылы қарсы алып, осы жылғы шілдеде қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ол 1994 жылдан бері жалғасып келе жатқан көпжылдық әріптестіктің маңызын атап өтті.«Азия даму банкі біз үшін стратегиялық әріптес. Ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, ШОБ, цифрлық даму, әлеуметтік бірқатар маңызды жобаны қаржыландырды. Бүгінгі кездесу әріптестігімізді одан әрі нығайтуға, жаңа перспективалық бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенімдіміз. АДБ-ның Қазақстан бойынша 2023–2027 жылдарға арналған елдік стратегиясының негізгі басымдықтары біздің ұлттық басымдыққа толық сәйкес келетінін атап өткім келеді. Қазақстан бұдан әрі де осы стратегияны тиімді жүзеге асыруды қолдамақ», — деді ол.Ынтымақтастық орнаған сәттен бастап АДБ Қазақстанға техникалық көмек пен грант түрінде $7 млрд-тан аса қарыз берді.Өз тарапынан Лея Гутьеррес қазақстандық тарапқа сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, АДБ Жарғысына түзету бойынша дауыс беру кезінде Қазақстанды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қажетті дауыс беру шегіне жетудің нәтижесінде түзету Банктің кредиттеудің жиынтық көлемін 50%-ға — $36 млрд-тан асыруға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бұл шешім АДБ-ның дамушы мүше елдердің дамудағы басым міндеттерін шешудегі күш-жігерін қолдауды едәуір кеңейтеді.«Біздің ынтымақтастығымыздың барысында 1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанға $7 млрд-тан көп қаражат берді. Біз дәстүрлі бағытта да, жаңа секторда да әріптестікті одан әрі арттыруға сенеміз», — деп атап өтті ол.Ол сондай-ақ биыл АДБ стратегиялық материалдардың құн тізбегін қолдауға арналған аса маңызды минералдар саласындағы жаңа саясатты жүзеге асыруға кіріскенін хабарлады. Банк осы салада тұрақты әлеуеті бар Қазақстандағы жаңа жобаларды зерделеуге дайын.Вице-премьер сондай-ақ Қазақстан Үкіметі АДБ, ЕАДБ, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банкті қосқанда, халықаралық қаржы ұйымдарының үздік әлемдік тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, МЖӘ туралы заңнаманы жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.Соңында тараптар көлік және өнеркәсіптік инфрақұрылымда, технологияда, энергетикада, сыни материалдар саласында, тұрғын үй құрылысында және басқа да сектордағы ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағытын талқылады.Анықтама:Азия даму банкі (АДБ) – 69 мүше елден тұратын көпжақты даму қаржы институты. Оның 50-і Азия-Тынық мұхиты аймағында және 19-ы одан тыс жерде орналасқан. Қазақстан 1994 жылғы 19 қаңтарда АДБ мүшесі болды. АДБ-ның негізгі құралдары нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүше елдердің үкіметтері мен жеке секторына берілетін қарыздар, гранттар, техникалық көмек. 1994–2024 жылдар аралығындағы АДБ-ның Қазақстандағы инвестициялық жобалар мен техникалық көмекті қаржыландыру көлемі $7 млрд-тан асады.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-ortalyk-zane-batys-aziia-boiynsa-aziia-damu-bankinin-bas-direktorymen-kezdesti-30810 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1118779?lang=kk
Мәжіліс OPEC Халықаралық даму қорымен жасалған келісімді ратификациялады 04.12.2025
Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Аталған құжатты Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин таныстырды.Жұмыс тобының жетекшісі Бауыржан Смағұлов өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, келісім Қордың инвестициялық жобаларды қаржыландыруы үшін Үкімет кепілдіктерін талап етпей, 2,5-5 пайыз мөлшерлемемен несие беруін көздейді.– Бұл ретте Қор активтері мен кірістері тікелей салықтан босатылып, валюта айырбастау және қаражат аудару мүмкіндігі беріледі. Құжатта сондай-ақ Қордың мәртебесі мен режимін айқындау, оған артықшылықтар мен иммунитет беру, Қор мен оның бенефициарларының құқықтарын қорғау және дауларды төрелік сот арқылы шешу қарастырылған, – деді депутат.Келісімді ратификациялау Қорға энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, қаржы, ауыл шаруашылығы, су, телекоммуникация, білім беру және денсаулық сақтау сияқты салалардағы экономикалық даму мақсаттары ретінде Қазақстанға қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 2026-2030 жылдар аралығында елдегі түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін жеке компанияларға 400 миллион долларға дейін қаражат бөлу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1118544?lang=kk
«Даму» Қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғашқы несие берді 03.12.2025
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді.Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорнын салу, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды (мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жою) көздейді.Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдады.Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары:Онлайн рәсімдеу;Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі;Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады;Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды;ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6%-бен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар.Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді. Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы.  «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе www.damu.kz. сайты арқылы алуға да болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1117649?lang=kk