Технология
Алматыда коммуналдық қызмет көше қарын тоқтаусыз күреуге кірісті 22.01.2025
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметі көшелерді, жолдар мен тротуарларды жедел қардан арылтуға кірісті. Қар күреу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.«Бүгін сағат 9:00-де қалада және таулы аудандарда қар жауа бастады. Екі күн бойы қар жауып, 20 мм қар түседі деп болжанып отыр. Бұл едәуір мөлшер, сондықтан бұл ауқымды жұмыс. Таңертеңнен бастап коммуналдық қызмет көшелеге көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар сеуіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Негізгі жұмыс қар күрелген соң басталады. Біз магистралды және орталық көшелерде қар үйінді жасалған соң қарды шығаруға кірісеміз, – деді Алматы әкімінің орынбасары.Тазалау технологиясы және болжамдарҚазгидрометтің мәліметінше, 23-24 қаңтарда Алматыда ауа температурасы -15…-20 градусқа дейін төмендейді. Қазіргі уақытта жолдар көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. 152 құмсепкіш техника жұмылдырылған. 950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар және 60 м³ сұйық реагенттер пайдаланылған. Қауіпті жол учаскелерінде жолдың жағдайын бақылап отыратын 46 жедел топ жұмыс істеуде. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)Магистралды көшелерді қардан толық тазалау 3 күнге, аудандық маңызы бар көшелерді тазалау 7 күнге созылады.«Қазіргі уақытта жолдарда 600-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр, күндізгі уақытта шамамен 1,5 мың адам жұмылдырылды. Жұмыс түнде де жалғасады, қар толық шығарылғанға дейін тоқтатылмайды. Тазалықты бақылау үшін аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – деді Бейбіт Шаханов.«Қардың жаууы қала тұрғындарына уақытша қолайсыздық тудыратынын түсінеміз. Коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап, көмектесуді сұраймыз: арнайы техниканың жұмысын қиындатпау үшін көліктерді жол жиектеріне қоймауларыңызды өтінеміз», – деді әкімнің орынбасары.Мәселелерді жедел шешу үшін тұрғындар Telegram-боттарға келесі сілтемелер арқылы аудан әкімдіктеріне жүгіне алады:1. Әуезов ауданы - https://t.me/akimatAuezov1 2. Алатау ауданы - https://t.me/akimat_alatau 3. Алмалы ауданы - https://t.me/almalyaudany/1 4. Бостандық ауданы - https://t.me/bostandykaudanyy/1717 5. Жетісу ауданы - https://t.me/obzhetysu 6. Медеу ауданы - https://t.me/medeu_audany 7. Наурызбай ауданы - https://t.me/+jD3nmPVIVrw1YWQ6 8. Түрксіб ауданы - https://t.me/turksib_audany 23 қаңтарға арналған болжам: кейде қар жауады, түнде температура -13…-15°C, күндіз -7…-9°C.24 қаңтарға арналған болжам: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -10…-12°C.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922591
Алматыда құрылған тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы ШОБ-қа тиесілі 22.01.2025
2024 жылы Алматы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетті. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,5% болжамды өсімнен асып, 8,3%-ға жетті. Көлік қызметтерінің көлемі 25,3%-ға, құрылыс көлемі 17%-ға және сауда көлемі 8,6%-ға өсудің драйверлері болды.2024 жылдың 9 айында Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты көрсеткіште 3,8%-ға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ өсімі 5,8%-6% деңгейінде бағаланса, 2025 жылы экономикалық өсімнің 6,4%-ға дейін жеделдеуі болжанып отыр.Қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында жергілікті бюджеттің кірісі артып келеді. 2024 жылы Алматы бюджетіне 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті, бұл 24% өсім көрсетіп отыр. Негізгі кірістер – шамамен 70%-ы - ШОБ дамуы есебінен қамтамасыз етілген.2024 жылдың 9 айында алматылықтардың орташа табысы 335 мың теңге болып, нақты көрсеткіште 10,2%-ға өсті. Орташа айлық жалақы нақты түрде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары.2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды, оның 83,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (61,5 мың). Соның нәтижесінде 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.Жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. 2024 жылы негізгі капиталға инвестиция өңдеу өнеркәсібіне (2,9 есе), білімге (84,7%), көлік (37,5%), денсаулық сақтау (31,3%) салаларына салынған инвестицияның айтарлықтай өсуі есебінен 8,2%-ға ұлғайды. 90%-ы жеке инвестиция болса, олардың өсімі 6,2% болды.Қаланың қолайлы инвестициялық климаты жоғары несие рейтингпен расталады. 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несие рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады.Шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, бұл салада тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы құрылды. 2024 жылы субсидиялауға, кепілдік беруге және несие беруге бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлініп, ШОБ-тың 2507 жаңа жобасы қолдау тапты.Өңдеу өнеркәсібін дамыту қала экономикасын әртараптандырудың негізгі басымдықтарының бірі. «Алматы» индустриалық аймағында 485 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылып, 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 197 млрд теңгеге 15 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 2700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «АТП» АЭА-да 31 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 220 жұмыс орны ашылды. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосу көзделген, бұл 361 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.2040 жылға дейінгі бекітілген Бас жоспарға сәйкес, құрылыс тығыздығының төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 10,3%-ға төмендеді. 2023 жылы 2,67 млн шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Жалпы, 2024 жылға белгіленген экономикалық өсім мен бюджет кірісінің барлық параметрі орындалды. Биыл да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922831
Алматыда 2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды 22.01.2025
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Олардың 61,5 мыңы тұрақты екенін атап өту маңызды.Қала әкімдігінің жұмысындағы маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Өткен жылдың 9 айында ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% - ға өсіп, 470 мың теңгені құрады.Өткен жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді.Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Алматы индустриалды аймақта 485 млрд теңге сомасына 67 жоба іске асырылуда, мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 2,7 мың жұмыс орнын құрумен 197 млрд теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарлануда. «ИТП» АЭА-да 220 жұмыс орнын құрумен 31 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, бұл 361 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.Мегаполисте жылдық инфляция 7,5%- ға дейін төмендейді деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922837
2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда 22.01.2025
Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% - ға), көлікке (37,5% - ға), денсаулық сақтауға (31,3% - ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% - ға ұлғайды.Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% - ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922841
2025 жылы Алматыда 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді 22.01.2025
2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек. Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922845
2024 жылы Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салықтар мен төлемдер түсті 22.01.2025
2024 жылы Алматы бюджетіне 24% өсіммен 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті. Бұл ретте түсімдердің шамамен 70% - ы ШОБ дамыту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Алматы қаласының қаржы басқармасынан жергілікті бюджеттің кірісі қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында айтарлықтай өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қала мәслихаты Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматының қалалық бюджеті ағымдағы жылға 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,1 есе жоғары. Аудан бюджеті де өсуді көрсетеді. Мәселен, функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсумен 293,6 млрд теңге сомасында бекітілді.2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарға үлкен дайындық жүргізді. Нәтижесінде, 2025 жылы Даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге ұлғайып, 458 млрд теңгеге жетті.Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды. Бұл салаға 2025 жылы 40% - дан астам немесе 894,3 млрд теңге тиесілі.Естеріңізге сала кетейік, қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының "ВВВ+" деңгейіндегі дербес кредиттік рейтингін, "Тұрақты"болжамын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922848
Алматыда ШОБ субъектілері арасында үздік жаңа жылдық безендіруге арналған конкурстың қорытындысы шығарылды 22.01.2025
Шағын және орта бизнес субъектілері арасында үздік жаңа жылдық безендіру конкурсына қатысуға өтінімдерді азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерді, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету салаларын қоса алғанда, кәсіпкерліктің 60-тан астам өкілі берді.Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында байқаудың ұйымдастырушысы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы болды, өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсаннан 2025 жылғы 13 қаңтарға дейін созылды.Конкурстық комиссияның құрамына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшылары, Қоғамдық кеңестің, Қазақстанның рестораторлар клубы қауымдастығының және «ШОБ қорғау жөніндегі Тәуелсіз кәсіподақ» ҚҰ-ның мүшелері кірді.Келесі қатысушылар төрт номинация бойынша жеңімпаз деп танылды:* «Азық-түлік дүкенін үздік безендіру» - «Рахат Лотте» (1 млн. теңге мөлшеріндегі сертификат);* «Азық-түлік емес дүкенді үздік безендіру» - «Телли»био-бутик (1 млн. теңге мөлшеріндегі сертификат);* «Қоғамдық тамақтану саласындағы объектіні үздік безендіру» - «Aurora» кафесі (1 млн. теңге мөлшеріндегі сертификат);* «Қызмет көрсету саласындағы объектіні үздік безендіру» - «Busy Bee» сұлулық аумағы (1 млн.теңге мөлшеріндегі сертификат).Байқаудың Гран-при иегері ABR мейрамханалар желісі (2 млн. теңге көлеміндегі сертификат) болды.Жүлде қоры демеушілік қолдау есебінен қалыптастырылды.«Байқау қаламыздың кәсіпкерлері арасында жоғары белсенділік пен қызығушылықты көрсетті. Бизнес бұл бастамаға үлкен ынтамен қарады, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше жаңа жылдық көңіл-күй қалыптастыра алды. Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен белсенділігі үшін алғыс айтамыз. Біз бірге қаламызды одан да әдемі әрі жайлы етеміз», - деп атап өтті марапаттау рәсімі барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев.Шағын және орта бизнес субъектілері арасында үздік жаңа жылдық безендіру конкурсын ұйымдастыру жоғары әлеуметтік және мәдени маңызға ие.Мұндай бастамалар мерекелік атмосфераны құруға, қалалық эстетиканы жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы ортаны нығайтуға және мегаполистің туристік тартымдылығын дамытуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922242
Алматы жастары үшін жаңа платформа: қатысушылардың 70 пайызы жұмысқа орналаса алады 22.01.2025
Алматыда жас мамандарды қолдау үшін қалалық мансап орталығы ұйымдастырған Next Generation Leaders бірегей олимпиадасы басталады. Бұл жоба кадрлық резервті қалыптастыруға және жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендетуге бағытталған.Олимпиада үш кезеңнен тұрады: онлайн тестілеу, кейс-чемпионат және практикалық тапсырмамен жеке сұхбат. Жас мамандар түйіндеме жасауды, жұмыс берушілермен диалог жүргізуді және өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуді үйренеді.Қалалық мансап орталығының жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Ақарыс Төребековтың айтуынша, жоба қаланың 15 жоғары оқу орнын қамтыды және қатысушылардың 70%-дан астамы барлық кезеңнен өткеннен кейін жұмыс таба алады деп күтілуде.«Next Generation Leaders олимпиадасы - бұл жай ғана байқау емес, жастардың әлеуетін ашуға арналған толыққанды алаң. Біз әрбір түлектің болашағына сенімді болғанын және лайықты жұмыс тапқанын қалаймыз», - деді Төребеков.Ол бұл бастамалар Алматыда жаңа мүмкіндіктер жасауға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған жастарды қолдаудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі екенін айтты.Бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау 26 қаңтарға дейін жалғасады. Тіркеу мына сілтемеге өтіңіз: https://forms.gle/6gWS8TNY8dPaxb9x9.Жоба туралы толық ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласуға болады: Ақарыс - 8 (747) 963 31 35; 8 (708) 769-19-97 Райхан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/922247
Алматы әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады 21.01.2025
Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен «Алматы жастары» бағдарламасының қосымша кезеңі қорытындыланды.www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:• денсаулық сақтау – 456,• білім беру – 773,• мәдениет – 95,• спорт – 23,• ЖОО және ҒЗИ – 196,• БАҚ – 40,• әлеуметтік сала – 75,• коммуналдық қызметтер – 139,• жұмыс істейтін жастар – 75.Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды:* денсаулық сақтау – 210,* білім беру – 332,* мәдениет – 24,* спорт – 3,* ЖОО және ҒЗИ – 74,* БАҚ – 22,* әлеуметтік сала – 18,* коммуналдық қызметтер – 56,* жұмыс істейтін жастар – 20.Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады.Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады.Толық ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында.Instagram:https://www.instagram.com/akimat_almaty/reel/DFFIYU_TFZN/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921809
«Жаңа идеялар, үлкен мүмкіндіктер»: жастар өкілдері Алматының комьюнити орталықтары туралы не дейді 21.01.2025
Ағымдағы жылы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әр ауданда 16-ға дейін - әр ауданда екіден комьюнити орталықтар пайда болады. Мегаполисте 2024 жылы осындай ұйымдар іске қосылды.Бұл жоба көпфункционалды. Комьюнити орталықтарда жастар өкілдеріне психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіптік бағдар беру, қаржылық сауаттылықты оқыту, тілдік курстар мәселелері бойынша консультациялар беріледі. Сондай-ақ мұнда білім беру және мәдени іс-шаралар өтеді, би залдары, дыбыс жазу студиялары және TikTok аймақтары жұмыс істейді.Өткен жылы мегаполисте 380 мыңнан астам жастарды қамтитын дәрістер, семинарлар, экоакциялар, зияткерлік ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, шеберлік сыныптары, үстел ойындары және спорттық турнирлер түрінде 1,7 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді. 12 мыңнан астам адам кеңес алды, оның ішінде жұмысқа орналастыру бойынша – 4,7 мың, қысқа мерзімді курстар бойынша – 3,3 мың, психологпен және заңгермен 2 мыңнан барлығы 2024 жылы Алматы комьюнити орталықтарына 112 мыңнан астам жас келді.Қала тұрғыны Болат Қисамбаев атап өткендей, комьюнити орталықтарда ол жаңа және қызықты идеяларды, стартаптарды бірлесіп іске асыратын, пікірлес адамдарды табатын белсенді балалармен танысты. «Бұл өте керемет бастама. Жастарға қолдау көрсету керек. Мұндай орталықтар жастарды жұмысқа орналастырып қана қоймай, олардың энергиясын дұрыс бағытқа бағыттауға көмектеседі. Менің ойымша, IT-технологиялар мен жасанды интеллект сияқты өзекті бағыттарға баса назар аудару керек. Қазір еңбек нарығы өзгеруде, қазақстандықтар уақытпен қатар жүруі қажет. Менің білуімше, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдерде осындай жобалар бар. Бізге берілген мүмкіндіктер үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», - деп ойымен бөлісті Болат Қисамбаев.Волонтер Дилярам Асанованың айтуынша, қалалық комьюнити орталықтардың қызметіне қатысудың арқасында ол көптеген қызықты және пайдалы жандармен танысқан. «Бұл ұйымдар бей-жай қарамайтын азаматтардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Біз су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға қатыстық, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатыстық, блогерлер арасындағы түрлі форумдарда, «Бірлік спорт Fest» іс-шарасында және т.б. сөз сөйледік» -, деп атап өтті бойжеткен.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда 8 комьюнити орталық «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында іске қосылды, қалалық әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен - әр ауданда бір-бірден.Бұдан басқа, өткен жылдан бастап әрбір комьюнити орталықта қазақстандық өндірістің фандоматтары – оларды одан әрі өңдеу үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинау аппараттары орнатылды. Осылайша, осы жастар кеңістігіне келушілер арасында экологиялық құндылықтар қалыптасуда, ал комьюнити орталықтардың резиденттері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қолдай отырып, экорейнджерлер қатарын белсенді толықтыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921803
Алматы тұрғындарының назарына: қар мен көктайғақ күтілуде 21.01.2025
22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжануда. Көктайғақ күтіліп, ауа температурасы төмендейді:• 22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;• 23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін.Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.Аудандық әкімдіктерде қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.Құрметті жаяу жүргіншілер!Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921819
Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр 20.01.2025
Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады.Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды.Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921296
Алматыдағы «Халық қатысатын бюджет»: тұрғындар идеясын іске асырып, қаланы көркейтуге белсенді атсалысады 20.01.2025
Алматыда жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Үш жыл ішінде мегаполисте 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба жүзеге асырылды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, жайлы қалалық орта құрудың тиімді құралына айналды. Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. 2025 жылғы қала бюджетінде «ХҚБ» жобаларына 17,1 млрд теңге қарастырылған.«ХҚБ» бағдарламасы аясында Алатау ауданындағы қараусыз қалған бос жер көрікті скверге айналды. Жобаның авторы Гаухар Шералиеваның бастамасымен жергілікті тұрғындар әкімдікпен тығыз жұмыс істеп, аумақты көркейтті. Жаяу жүргіншілер жолдары, аркалар, орындықтар, демалыс аймақтары, жарық шамдары мен автотұрақтар салынды. Сондай-ақ скверге ағаштар мен бұталар отырғызылып, ауданның келбеті айтарлықтай өзгерді.Наурызбай ауданында тұрғындар аудан әкімдігімен бірлесіп «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің аумағын түрлендірді. Мұнда балалар және воркаут алаңдары, баскетбол алаңы, амфитеатр, демалыс орындары, орындықтар мен әткеншекті бар «Арбат» жасалды. Бірегей сәулеттік стильдегі шағын формалар мен жарықтандыру тіректері кеңістікті ерекшелей түсті.Әуезов ауданында да бірқатар жоба жүзеге асты. Жергілікті тұрғындардың бастамасымен 2-шағын аудандағы аула және 1-шағын аудандағы қараусыз қалған аумақ көріктендірілді. Қоғамдық кеңістіктерде ағаштар мен бұталар отырғызылып, суару, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды.«Өтінішімізге назар аударған билікке көп рахмет. Бірнеше айдың ішінде қараусыз қалған бұл учаске жайлы скверге айналды», – деді тұрғын Лариса Миргалиева.«Халық қатысатын бюджет» жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартып, Алматының барлық тұрғыны үшін жайлы орта құруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921298
Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады 20.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады.Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады. Ол Қанат Ахметов 2025 жылы Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған соң марапатқа ие болған еңбек мамандықтарының алғашқы өкілі болғанын атап өтті.«Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады», – деді Қанат Ахметов.Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.Қанат Ахметов төрт бала тәрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды. Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескені туралы оқиға әлеуметтік желіде көптеген жағымды пікірге ие болып, қала тұрғындарының алғысын алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921299
Бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды 19.01.2025
Премьер-министрдің бюджеттік-салықтық саясатты реформалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҰЭМ жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысын өткізді.
Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.
Жиынға қатысушылар бюджет табыстылығын арттыру шараларын, атап айтқанда, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған жаңа және қазірдің өзінде ұсынылған шаралар кешенін талқылады. Қатысушылардың көпшілігі кодекстің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті. Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған.
Алайда, бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз. Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес.
Кездесуге қатысушылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек. Ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керек. Жаңа Салық кодексі, бүгін біз талқылаған ұсыныстардың кейбірі көп ұзамай көпшіліктің игілігіне айналады. Мен барлығын өз пікірін айтуға шақырамын», — деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.
«Бүгін біз ҚР Ұлттық экономика министрлігімен дайындалып жатқан жаңа Салық кодексі туралы әңгіме қозғадық. Сөз ұсынылып жатқан көптеген өзгерістер турасында болды. Сол себепті қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет. Бүгінгідей кездесулердің маңыздылығы да осында жатыр», — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/920416
ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді 18.01.2025
Қатысушылар ведомствалық бағынысты ұйымдардың 2023 жылғы даму жоспарларының іске асырылу нәтижелерін және Қоғамдық Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды.Қоғамдық Кеңестің Төрағасы Дәрмен Сәдуақасов атап өткендей, осы жылдың соңына дейін ҰЭМ-нің 23 өзекті мәселесін: «Дипломмен ауылға», «Бизнестің цифрлық картасы» жобаларының, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы, сонымен қатар ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы және т.б. қарау жоспарлануда.«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин Аслан Қалигазин жобаларға экономикалық сараптама жасауды, олардың іске асырылуын бағалауды және оқытуды қоса алғанда, МЖӘ орталығы жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.«Қызметтің негізгі көрсеткіштері орындалды, оның ішінде МЖӘ мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, МЖӘ жобаларын, концессиялық жобаларды және бюджеттік инвестициялық жобаларды, Бюджеттік инвестицияларды сараптау және іске асырылуын бағалау. МЖӘ орталығы бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында оқыту мен біліктілікті арттыруды жалғастыруда», - деді А. Калиғазин.МЖӘ орталығы МЖӘ заңнамалық және әдіснамалық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ 2025 жылы әлеуметтік салада және ТКШ-да бағдарламалық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр.«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бюджеттік тәуекелдер және орта мерзімді макроэкономикалық модель туралы есептер әзірленді, сондай-ақ өңірлердің инвестициялық тартымдылығы бойынша деректер базасы құрылды. Ағымдағы жылы Институт әлеуметтік-экономикалық зерттеулер саласындағы жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/920215
Алматы инфрақұрылымына салынған инвестициялар апатты зайтып, су құбыры желілерінің тозуын 54,5% - ға дейін төмендетті 17.01.2025
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасын іске асыру коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға, желілердің апаттылығын төмендетуге және коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденееваның айтуынша, 2029 жылға дейін инфрақұрылымның тозу деңгейін айтарлықтай төмендету жоспарлануда. Мысалы, 2024 жылы мегаполисте сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы 1% – ға, су бұру-3% - ға азайды. Қазір желілердің тозуы тиісінше 54,5% және 53,8% құрайды.Әсел Буденееваның айтуынша, бағдарламаны іске асыру коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған. Бұл кадрлардың жиі кетіп қалуын азайтуға мүмкіндік береді, өз кезегінде апаттарды жоюды тездетеді және қала тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартады.«Бағдарламаның әсері айқын. Біз желілердің тозуы біртіндеп төмендеп, апатты азайтып, қызметкерлеріміздің лайықты еңбек жағдайларын алып жатқанын көреміз. Бұл қаланың әрбір тұрғынына пайда әкелетін кешенді жұмыс», – деп атап өтті ол.Спикердің айтуынша, Ұлттық жоба аясында 2030 жылға дейін электр, жылу және сумен жабдықтау салаларындағы инфрақұрылымды жаңартуға субсидиялар бөлінетін болады. Бұл шаралар инженерлік желілерді жаңартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920240
Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына келтірілді, полиция тергеу амалдарын бастады 17.01.2025
Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді. Ол «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты тесіп, газ құбырын зақымдаған. Әуесқой әрі жауапсыз әрекеттердің салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды.Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды.Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарды қауіпсіздік техникасын сақтауға және газды өздігінен қоспауға шақырамыз.Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.Сонымен қатар, бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.Еске салайық, кез келген инженерлік желілерге қосылу үшін жеке және заңды тұлғалар желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуы, сызбаның негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, оны коммуналдық кәсіпорындармен (ШЖҚ «Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «QazaqGaz Aimaq» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) келісуі қажет. Сондай-ақ құрылыс басталғаны туралы қала құрылысы бақылау басқармасынан талон алып, аудандық әкімдікті хабардар етуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстары коммуналдық кәсіпорындардың бақылауымен жүргізілуге тиіс. Жұмыс аяқталған соң фото/бейне есепті Қала құрылысы бақылау басқармасында тіркеу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920243
Алматы қаласының Түрксіб ауданында газ құбыры бүлінгеннен кейін жылумен жабдықтауды кезең-кезеңімен қосу басталды 17.01.2025
Алматы қаласының Түрксіб ауданында газ құбыры қалпына келтірілгеннен кейін үш жергілікті газ қазандығының жұмысы қайта жанданды, абоненттер үшін газбен жабдықтау жұмыстары басталды.Сағат 14:00-де коммуналдық қызметтердің жедел іс- қимылының арқасында газ құбыры қалпына келтіріліп, жүйені қысу жүргізілді. Мамандар абоненттерді қауіпсіз қосу үшін үй -үйді аралауды жалғастыруда.Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарға қараған түні «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше жүргізу барысында орташа қысымды газ құбыры бүлінген болатын. Жеке тұлғалар жіберген бұзушылықтың салдарынан бірнеше қазандықтардың жұмысы тоқтатылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920244
Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды 17.01.2025
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Түрксіб ауданында ағаштарды заңсыз кесу фактісін анықтады.Көшпелі тексеру барысында Жер ресурстарын басқару департаменті, полиция департаменті және Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды (жасыл желектерді тексеру актісі жасалып, ағаштардың түрі, жасы және діңінің диаметрі көрсетілді). Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар жалпыға ортақ жерлерде өскенін және сирек кездесетін әрі жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген.Аталған факті бойынша полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау») бойынша қылмыстық іс қозғады.Алматы қаласындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, заңсыз кесілген, жойылған немесе сирек және жойылу қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне енгізілген жасыл желектерге қатысты сол түрдегі (қосымша түрлерін) өсімдіктердің орнына жүз есе көлемде ағаш отырғызу қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.Айта кету керек, Басқарма уәкілетті орган ретінде 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне» енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейді.Іс Алматы қаласының полиция департаменті мен Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/920247