Технология
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Ақанова тағайындалды 22.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Айқанқызы Ақанова тағайындалды.Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886842
Алматы әкімі Ерболат Досаев Германияның Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті 22.11.2024
Ерболат Досаев осы жылдың тамыз айында қызметіне кіріскен Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, денсаулық сақтау, экология және цифрландыру салаларына инвестиция мен технология тарту жайы талқыланды. Атап айтқанда, Алматының индустриялық аймағында Германияның инвесторы жүзеге асыратын жалпы құны 75 млрд теңге болатын және 300 жұмыс орнын ашатын жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт құрылысы жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар, энергетика саласына арналған жабдықтар мен компоненттер өндірумен айналысатын жетекші трансұлттық компаниялардың бірінің аймақтық сервис хабын орналастыру мүмкіндігі талқыланды. Бұл хаб Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі салалық компанияларға сервистік қолдау көрсетеді деп болжануда.Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде сақталып келеді: биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінде Алматыда неміс капиталының қатысуымен 396 кәсіпорын немесе Қазақстанда орналасқан барлық кәсіпорынның үштен бірі жұмыс істейді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласты және бірқатар бірлескен жобаны іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886873
Адами капитал және тұрақты болашақ: климаттың тұрақтылығын арттырудағы білім, жастар және инновацияның рөлі 22.11.2024
Qazaqstan павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Адами капитал және тұрақты болашақ: білім берудің, жастардың және климаттық тұрақтылықты арттыру үшін инновациялардың рөлі» атты тақырыптық іс-шара өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты тұрақты даму үшін білім берудің маңыздылығын атап өту, сондай-ақ жастардың, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның климаттық сын-қатерлерді шешудегі рөлін ашу болды.Қатысушылар жоғары білім беру саласындағы ағымдағы жұмысты, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың бастамаларын талқылады.LCOY Qazaqstan ұлттық жастар конференциясының қорытындылары және Қазақстан жастарының халықаралық аренадағы іс-қимылдың негізі ретінде мәлімдемесінің мәтіні қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886857
Қазақстан мен Моңғолия өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады 22.11.2024
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Н.Шәрбиев Моңғолия Парламентінің өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында тараптар экологиялық заңнаманы іске асыру, табиғатты тұрақты пайдалану және биологиялық ресурстарды пайдалану мәселелерін талқылады.Вице-министр экологиялық рұқсаттар мен лицензияларды беру процесі туралы хабардар етті. Ол аталған рәсімнің ашықтығын және рұқсат беру жүйесі экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.Сонымен қатар, Н. Шәрбиев экологиялық стандарттарды міндетті сақтауды, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуді және табиғатты пайдалану қызметін қауіпсіз жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растауды қамтитын лицензиялар алу үшін негізгі талаптарды белгіледі.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық аренада қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886784
Каспий маңындағы төрт елдің азаматтық қоғамы жасыл экономиканы ілгерілету үшін бірігеді 22.11.2024
19 қарашада БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының алаңында, СОР29, қазақстан қоғам өкілдері Каспий үйі диалог алаңына қатысты.Қазақстан экофорумы үш елдің (Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстан) қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен "Каспий үйі"платформасын құру туралы Меморандумға қол қойды.Платформа Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан жұртшылығының Каспийдің экологиялық жағдайы туралы адамдардың хабардарлығын арттырудағы күш-жігерін біріктіруге қызмет етеді. Платформаның күш-жігері Каспий теңізі бассейнінің экологиялық проблемаларына кеңірек назар аударуға бағытталатын болады.Осы ынтымақтастық шеңберінде Каспий маңы елдерінің экологиялық басымдықтарын көрсететін портал базасында виртуалды кеңістік құрылады. Порталда «Каспий маңы елдерінің жасыл экономикасы» виртуалды мұражайы ұсынылады, онда осы бағыттағы елдердің жетістіктері мен перспективалары көрсетіледі.Мұражайдың мақсаты келушілерді Каспий маңы елдерінде жүзеге асырылған жобалармен, сондай-ақ Каспий бассейнінің бірегей табиғатымен, флорасымен және фаунасымен таныстыру болады. Бұл сонымен қатар экотуризм мүмкіндіктерін ілгерілетудің және осы саладағы мәселелерге назар аударудың тиімді құралы болады деп күтілуде.Қазақстан экофорумы мен басқа серіктестердің «Каспий үйі» платформасы шеңберіндегі ынтымақтастығы виртуалды форматта және бірлескен іс-шаралар форматында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886793
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5% - ға өсті 22.11.2024
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6% - дан қыркүйектегі 8,3% - ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7% - ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6% - ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8% - ға дейін, 2025 жылы-6,5 - 7,5% - ға дейін төмендейді деп күтілуде», - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22% – ға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2% - ға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6% –ды құрады (ҚР-0,3% - ға).Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша – 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5% – ға, нақты мәнде 5,7% - ға өсті.2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9% – ы тұрақты.Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1% өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8% -ды құрады және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы – 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886582
ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобы кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады 19.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес және кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.Отырыс барысында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Дина Масанова БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ұсынды, онда басты назар мемлекеттің адам құқықтарын қорғаудағы рөліне аударылады және жүргізілген ұлттық базалық бағалауға негізделген қолданыстағы қорғау тетіктерін жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.Іс-шараның күн тәртібінде сондай-ақ жұмыс орындарында адам құқықтарының бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралар кешені, оның ішінде ағымдағы заңнамалық бастамалар мен оларды енгізу жөніндегі практикалық қадамдар қаралды. Қолданыстағы кедергілер анықталып, оларды жою үшін кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықты көздейтін бағыттар ұсынылды.Жұмыс тобының мүшелері заңнаманы жетілдіру әрі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғауға бағытталған практикалық шараларды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша бастамалар, сондай-ақ іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға көмектесетін бақылау мен мониторинг тетіктері ұсынылды.Жұмыс тобы адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген қауіпсіз және әділ бизнес-ортаны құруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/886380
«Трансформа» театрының 8-ші маусымы Almaty Creative Hub-та ашылады 19.11.2024
24 қараша күні сағат 19:00-де «Трансформа» театр кеңістігі жеті жылдық мерейтойына орай «Хит» қойылымын Марков көшесі 44 жаңа мекенжайында сахналайды.«Трансформа» мәдени кеңістігі өзінің сегізінші театр маусымын ашып, шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі жетекші қалалық бастама – Almaty Creative-пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкіндіктері мен географияны кеңейтпек.«Мұндай ынтымақтастық тәуелсіз театр мен мемлекеттік сектордың өзара іс-қимылының маңызды прецеденті болып табылады. Бұл Алматы тұрғындары мен қонақтарын шабыттандыратын бірегей мәдени және білім беру бағдарламалары үшін платформа құра отырып, екі ұйымның ресурстары мен құзыреттерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді «Трансформа» театрының директоры Анна Суворова.Almaty Creative бас директорының м.а. Бақыт Елубаева ынтымақтастық қалалық шығармашылық ортаны дамытуға бағытталғанын атап өтті.«Біз мәдени бастамаларды қолдауға және тәуелсіз театрлардың жобаларын жаңа деңгейге көтеруге, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге тырысамыз. Almaty Creative Hub – бұл тұрғындар батыл және мағыналы жобаларды жүзеге асыра алатын эксперименттер мен ынтымақтастыққа арналған алаң», ― деді ол.Театрдың репертуарында айдың соңында импровизациялық спектакль көрсету және актерлік шеберлік курсын бастау жоспарланған.Аккредиттеу мәселесі бойынша: Анна - +7 707 493 00 49Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886278
Қазақстандық делегация Жапония Үкіметі ұйымдастырған JCM серіктестерінің 10-шы кездесуіне қатысты 19.11.2024
2024 жылғы 18 қарашада Жапония делегациясы ұйымдастырған Крдеиттеудің бірлескен механизмі (Joint Crediting Mechanism, JCM) серіктестерінің 10-шы кездесуі аясында қазақстандық делегация парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық күш-жігерді талқылауға қосылды.Іс-шараға министрлерді қоса алғанда, JCM серіктес елдерінің үкіметтерінің өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар COP28-ден кейін механизмге қосылған жаңа серіктес елдерді құптап, JCM-дің бүкіл әлем бойынша 250-ден астам декарбонизация жобаларын жүзеге асырудағы рөлін атап өтті.Кездесудің мақсаты:JCM-ді іске асыру бойынша қорытынды шығару және тәжірибе алмасуҚатысушы елдер арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту.JCM енгізуге байланысты негізгі жетістіктер мен қиындықтарды, соның ішінде жаңа технологиялар мен декарбонизациялық жобаларға инвестициялау мүмкіндіктерін талқылау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886169
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы 19.11.2024
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы СОР29-ның екінші аптасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен қазақстандық делегация өкілдері Канаданың «Көміртекті шығарындыларына баға белгілеудің жаһандық проблемасы және климаттық амбициялар» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.Атап айтқанда, Қазақстан көміртегі шығарындыларына баға белгілеуге және оның дамушы нарықтардағы құндылықтарына қатысты мәселелерді атап өтті.Бұл жоғары деңгейдегі пікірталасқа Global carbon pricing challenge (GCPC) жаңа және қолданыстағы серіктестері, министрлері мен аға шенеуніктері, сондай-ақ көміртегі бағасын белгілеуге мүдделі әртүрлі елдер қатысты. Жоғары деңгейдегі өкілдер көміртегі бағасының дамушы экономикалардағы рөлін және GCPC көміртегі бағасының қалыптасып келе жатқан саясатын қалай қолдайтынын талқылады.Естеріңізге сала кетейік, биыл өткен жылдағы СОР28 қорытындысы бойынша Қазақстан Канаданың GCPC бастамасына қосылды.Бастама туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады https://www.globalcarbonpricingchallenge.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885968
Климаттың өзгеруі жағдайында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін мәселесін талқылау 19.11.2024
2024 жылғы 18 қарашада СОР29 алаңында «Климаттың өзгеруі жағдайында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі» тақырыбында жоғары деңгейде сайд-ивент өтті.Іс-шараға қоршаған орта және экология, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері мен вице-министрлері, ЮНЕП, БҰҰ-Хабитат және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.Іс-шараның мақсаты аймақтағы экологиялық жағдайға, сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттердің экономикасы мен әл-ауқатына айтарлықтай әсер ететін Каспий теңізінің деңгейін төмендетуді талқылау болды.Қатысушылар трансшекаралық климаттық тәуекелдер проблемасын шешу және Каспий маңы елдерінің теңіз деңгейінің төмендеуіне бірлескен жауабын қамтамасыз ету үшін өңірлік өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу және оның Каспий теңізінің экожүйесіне әсерін барынша азайту жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу және іске асыру үшін ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Талқылау барысында вице-министр М. Ошурбаев Каспий теңізін сақтаудың және су деңгейінің одан әрі төмендеуіне жол бермеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін су деңгейінің төмендеуін зерделеудің маңыздылығын атап өтті.Осы проблеманы зерделеу мақсатында қазақстандық тарап Каспий маңы елдерінің теңіз деңгейін жүйелі мониторингілеу және зерттеу саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды, өзгерістерді болжау және бейімделудің тиімді шараларын әзірлеу үшін бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ климаттың өзгеруінің Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау аймақтарына теріс әсерін азайту жөніндегі кешенді стратегияны әзірлеуді ұсынды.Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Әзірбайжан тарапының Каспий теңізі деңгейінің төмендеу себептерін анықтау бойынша сараптамалық топ құру туралы бастамасын қолдады.Сайд-ивент қорытындысы бойынша Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту туралы Декларация қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885578
Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелері 19.11.2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті басқармасының басшысы Ш. Тастемирова Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі панельдік сессия шеңберінде талқылауға қатысты.Сессияға табиғат қорғау ведомстволарының өкілдері қатысты, онда қатысушылар ағымдағы сын-қатерлерді, ұлттық саясатты, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Өңір елдері, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885596
ҰКП маңызды келісімге қол қойды: Қазақстанда алғашқы орман экожүйесі іске қосылды 18.11.2024
Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қабырғасында Emission Removal Purchase Agreement (ERPA) Қазақстандағы алғашқы орман-климаттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша парниктік газдарды сіңіру жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтті. Рәсімге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин қатысты. Іс-шараны «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов ашып, бұл күнді Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы деп атап өтті.«Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстанға тұрақты төмен көміртекті даму, климаттың өзгеруіне және жердің тозуына қарсы күрес мақсаттарына қол жеткізу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында көміртекті офсеттік жобаларды іске асыру үшін де үлкен перспектива бар екенін атап өткім келеді. Қазақстандық аграршылар үшін бұл ESG қағидаттарына сәйкес келудің және жер өңдеудің нөлдік технологиясымен, органикалық көміртектің жинақталуының арқасында топырақ құнарлылығын қалпына келтірумен процестерді жүргізудің тағы бір мүмкіндігі», - деді Баталов.Бастапқыда қазақстандық SAFC көміртегі жобасын әзірлеуші 1,5 мың гектар деградацияланған жерді жергілікті ағаш түрлерін пайдалана отырып қалпына келтіретін болады. Жоба шығарындыларды азайтуға және жергілікті биоәртүрлілікті сақтауға ықпал етеді әрі оны жүзеге асыру кезінде шамамен 1,2 млн көміртегі кредиті алынады. Жоба аясында жоспарланған 3,3 млн ағаштың ішінде бүгінде алғашқы 200 мың көшет отырғызылды. Айта кетейік, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығы алқаптары мен тозған жайылымдар орман питомнигі – орман екпелері – орман шаруашылығы – экотуризм болып, орман экожүйесіне қайта құрылады.«Бұл жобаны ҚР Президенті мен «Атамекен» ҰКП қолдады. Енді біз оны іс жүзінде жүзеге асыруға кірісеміз. SEFE және SAFC құзыреттерін біріктіре отырып, біз шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстанның кең мүмкіншілігін көрсетеміз», - деп атап өтті «SAFC» ЖШС Бас директоры әрі негізін қалаушы Юрий Ким.Оң экологиялық әсерден бөлек, жобаның қызметі жергілікті әлеуметтік және экономикалық ортаға әсер етіп, аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру және оқыту мүмкіндіктерін туғызады. Қысқару болжамына сәйкес, 1 гектарға 30 жылда 1,2 млн тонна СО2, 1 жылда 26 тонна СО2 жойылады.Жоба бойынша серіктес ретінде «SEFE» британдық компаниясы күрделі салымдардан басқа, жобаны әзірлеуді, мониторинг, сондай-ақ маркетингтік қызметтерді ұсынады.«Жоғары сапалы көміртекті жою жобаларына инвестиция салу Париж келісіміне сәйкес жалпы климаттық мақсатқа жетудің негізгі құрамдас бөлігі болады. Бұл жоба 1 миллион тоннадан астам сіңірілген шығарындылар мен тиісті өтемақы төлемдерін өндіруге жәрдемдеседі», - деді Sefe портфельді басқару жөніндегі атқарушы вице-президенті Александр Демидов.Айта кетейік, Келісімге қол қойылғаннан кейін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізіліп, пилоттық орман климаттық жобасын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.Ормандардың көбеюі біз үшін өте маңызды. Біз экологиялық жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Үкімет экожүйені қалпына келтіруге, көміртегі ізін азайтуға, жасыл экономиканы дамытуға және басқа да негізгі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды», — деп атап көрсетті Олжас Бектенов.Бүгінде барлық қажетті рәсімдер пысықталып, алғашқы оффтейк-келісімшартқа қол қойылды. Өткен халықаралық процедуралардың арқасында тәжірибені пайдалана алатын және кластер шеңберінде көміртегі шаруашылығына инвестиция сала алатын басқа қатысушылар үшін жол ашылды.Көміртекті жобаларды іске асыру – Қазақстан экономикасын әртараптандырудың жаңа кезеңі. Агро-индустриялық аймақтардың жобалары «көміртекті егіншілікті» енгізуді көздейді. Бұл болашақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден түсетін пайдамен қатар, Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының саудасынан қаражат табуға мүмкіндік болатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейік, жоба өткен жылы «Атамекен» ҰКП, «SAFC» ЖШС және «SEFE Marketing & Trading» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін, ҚР Президентінің қатысуымен өткен СОР 28 Дүниежүзілік климаттық саммиті аясында бастау алды.Дереккөз: https://atameken.kz/kk/news/53123-v-kazahstane-zapushena-pervaya-lesnaya-ekosistema-v-npp-podpisali-istoricheskoe-soglashenie Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885419
Балалар мен жастарға назар фокусында ҰДАҰ 3.0 іске асыру бойынша ЮНИСЕФ дөңгелек үстеліне қатысу 18.11.2024
COP29 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаев ЮНИСЕФ ұйымдастырған балалар мен жастар фокусындағы ҰДАҮ мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі панельдік сессияға қатысты.Қазақстан жаңа ҰДАҮ 3.0 әзірлеу кезінде білім берудің және әлеуетті нығайтудың маңыздылығын көрсететін ЮНИСЕФ тәсілдерін қабылдауға ниетті екендігі атап өтті. Атап айтқанда, ҰДАҮ-ге ілім беру, балалар мен жастардың осалдығы мәселелеріне арналған жеке тарауды енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885448
«Almaty Students Week» фестивалі өз мәресіне жетті 18.11.2024
Алматыда Халықаралық студенттер күніне арналған «Almaty Students Week» ауқымды апталығы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестиваль аясында 28 іс-шара ұйымдастырылып, оған қаламыздың 15 000-ға жуық студенттері қатысты.Фестивальдің жарқын сәттерінің бірі – «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі болды. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады.«Almaty Students Week» фестивалі – қаламыздың белсенді жастарының басын қосқан үлкен алаң болды. Әрбір қатысушы өзін танытып қана қоймай, Алматы студенттер қауымдастығының дамуына өз үлесін қосты. Бұл фестиваль жастардың арманын жүзеге асыра алатындығын және маңызды құндылықтарды қолдайтындығын дәлелдеді. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және олардың бастамаларын қолдаймыз». «ALMATY STUDENT’S WEEK» апталығы аясында «Ең үздік студенттік топ - 2024» байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқау Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын бір ортаға біріктірді. Байқауға қатысу үшін 30-дан аса өтінім келіп түсті. Сайысқа жалпы Алматының 300-ден астам студент жастары қатысуға ниет білдірді.Байқау қорытындасы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «BusinessLAB» студенттік тобы қаланың «Ең үздік студенттік тобы» болып танылды. Ал II орынды Қазақ ұлтық аграрлық университетінің «DreamTeams» студенттік тобы, III орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Histrue» студенттік тобы иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды. Апталықтың ерекше шараларының бірі Әуезов ауданы комьюнити орталығында өткен «PROдвижение»: Жас көшбасшылардың идеялар фестивалі болды. Мерекелік атмосфераны ерекше ету үшін іс-шара «Гарри Поттер» стилінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Алматыда ерекше қажеттілігі бар жастар үшін қолжетімді ортаны құруға бағытталған «Alrathon» байқауы өтті. 100-ден астам қатысушылар топтарға бөлініп, өз жобаларын әзірлеп, сарапшылардың қолдауына ие болды. Бұл байқау жасанды интеллект технологияларын кеңінен насихаттауға және оларды әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдануға мүмкіндік берді.«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Молодежная лига КВН Алматы» ойындары өтті. Қаламыздың әзілкеш студенттері бір сахнада бас қосты.Ал апталықтың әдемі нүктесі қаламыздың 1000-ға жуық студенттердің басын қосқан Медеуде өткен «ICE Party» болды. Мерекелік кеште студенттер үшін мұз үстінде қызықты конкурстар, интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылды. Шара барысында жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады «Ең алдымен, «Almaty Student Week» шарасын ұйымдастырған барша жандарға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Осы іс-шараның арқасында мен тек білімімді жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа достар таптым. Осындай бастамалар бізді, студенттерді, жаңа идеяларға, дамуға және қаламыздың өміріне белсенді атсалысуға жетелейді. Ұмытылмас сәттер үшін алғыс айтамын!», - деді фестиваль қатысушысы Алдияр Бақытбеков.«Almaty Students Week» фестивалі студенттер күнін атап өтудің жаңа дәстүрлерін нығайтып, жастардың шығармашылығы мен өзін-өзі дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашты. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын таппақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885341
Алматы әкімі әлемге әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдерімен кездесті 18.11.2024
Әлемге әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдері алматылық кітапханалармен, баспалармен және жазушылармен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Frankfurter Buchmesse президенті және атқарушы директоры Юрген Боосты қабылдады.Кездесу барысында Франкфурт тарапы Алматының көпұлтты қала ретіндегі бірегейлігін атап өтіп, ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді. Өз кезегінде Ерболат Досаев әкімдік тарапынан кітапханаларды жаңғыртуға және заманауи қоғамдық кеңістіктер құруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ Алматы қаласының кітапханаларында табысты енгізілген инновациялық және креативті шешімдер туралы баяндады.«Электронды кітаптарды пайдалану үрдісінің артуына қарамастан, баспа кітаптарын оқу сезімін, қағаз беттерін ұстап көру әсерін ештеңе алмастыра алмайтынына сенімдімін. Кітапханалардың белсенділігінен біздің тұрғындарымыздың кітапты өте жақсы көретінін байқаймыз, біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде қаламыздағы кітапханалардың 95%-ы жаңғыртылды. Біз барлық ауданда заманауи кітапханалар ашып, халық көп жиналатын жерлерде – сауда және ойын-сауық орталықтарында, комьюнити орталықтарында және басқа орындарда автономды кітапханалар орнатып жатырмыз. Сонымен қатар, жазушылар мен заманауи авторларды қолдаймыз», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті және атқарушы директоры Юрген Боос Алматыда жергілікті авторлар мен баспаларға арналған семинарлар өткізуге, сондай-ақ ауқымды кітап іс-шараларын ұйымдастыруда кеңес беруге дайын екенін білдірді.«Біз Қазақстанға арнайы келдік. Алматымен байланыс жасап, ынтымақтастық орнату біз үшін маңызды. Біз тек жәрмеңкелер өткізумен шектелмей, баспа ісін де дамытамыз. Мен баспа саласы үлкен өзгерістерді қажет етеді деп санаймын және осы салада тәжірибе алмасуға дайынбыз. Бұған дейін біз Мексикада, Оңтүстік Африка Республикасында және БАӘ-де өткен кітап жәрмеңкелерінің ұйымдастырушыларын кеңес беріп қолдадық. Яғни, бұл салада мол тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, Қазақстанды Франкфурт кітап жәрмеңкесінің құрметті қонағы болуға шақырғымыз келеді», – деді Юрген Боос.Кездесу соңында тараптар 2025 жылы Алматыда бірлескен жобаларды дамыту және мәдени-іскерлік байланыстарды нығайту туралы уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885352
Баспаналы болу – бір бақыт 18.11.2024
Әлеуметтік қызметтер үйі ғимаратында Алматыда үй кезегінде тұрған 124 азаматқа жалға берілетін пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды aqshamnews.kzБаспаналы болу бақытына ие болғандар қатарында жетім балалар, І, ІІ топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасы мүшелері, зейнеткерлер мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар бар. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы жүректері лүпілдеп, пәтер кілтін алуға келген тұрғындарды құттықтап, үйді пайдалану бойынша техникалық қызметке қатысты ережені егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ол сондай-ақ, берілетін пәтерлердің жай-күйіне тоқталды."Қазір тұрғындар келісімшартқа қол қойғаннан кейін, үйлерінің кілтін алады. Берілетін пәтерлер дайын тұр. Онда жылу, ыстық-суық су, жарық бәрі қосылған. Кіре беруге яғни, қоныстануға болады. Бірақ, тұрғындар уақытша электр плиталарын қолдануға тура келеді. Ал газ пәтер иелеріне 100% қоныстанған соң беріледі", - деді Ғалымжан Әбдішүкірұлы."Бір сағат ерте келіп алдым. 9:00-ден бастап осында отырмын. Көп балалы ана ретінде 2005 жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым. Осы үйді күткеніме 15 жыл болды. Міне, 74 жасқа келгенде маған осындай баспана бақыты бұйырыпты. Қуанышымда шек жоқ. Әлі сене алар емеспін. Барлығыңа рахмет", – дейді алматылық Айнагүл Еркешова.Пәтер кілтін алуға келген тұрғындардың арасында өзінің эмоциясын жасыра алмай, ерекше сезіммен әңгіме айтып отырған жас келіншекке жақындадық. Өзін Салтанат деп таныстырған жас ана бұл пәтерді 2014 жылдан бері күтіп жүр екен. "Бұл пәтерді күткенімізге 10 жыл болыпты. Енді біздің өзіміздің ас бөлмеміз, өзіміздің кір жуатын машинамыз, телевизорымыз болады. Дәл қазір жүрегім жарылардай қуанып тұрмын, кілт алғанда жылап та қалуым мүмкін", - дейді ерекше күтімді қажет ететін баланың анасы. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінген болатын. Бірінші жартыжылдықта Наурызбай мен Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үйден пәтер иеленді. Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Мәселен, 1 қарашада пәтер кезегінде тұрған – 201 тұрғынға, 5 қарашада – 200 тұрғынға, 7 қарашада 175 қала тұрғынына пәтер кілттері табысталды. Ал бүгін 15 қарашада әлеуметтік осал топқа жататын 124 алматылық қоныс тойын тойлағалы отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885163
Алматыда автомобиль шығарындыларының улы деңгейі бойынша 400-ге жуық бұзушы анықталды 18.11.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру бойынша «Таза ауа» акциясы жалғасуда. Бұл бастама мегаполистердегі улы шығарындылардың негізгі көздерінің бірі болып табылатын автокөлікпен ауаның ластануымен күресуге бағытталған.Акция аясында ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 8 қарашасы аралығында Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала орталығында да, оның шетінде де орналасқан жылжымалы экологиялық бекеттерде 882 автокөлікке тексеру жүргізілді. Негізгі мақсат-көлік құралдарының пайдаланылған газдарының залалы мен түтінінің деңгейін бақылау. Бұл әсіресе Алматыда маңызды, онда автокөлік ластаушы факторлардың едәуір бөлігін құрайды.Мониторинг нәтижелері тексерілген автомобильдердің 45% - ы, атап айтқанда 398-і экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтінін, олардың шығарындылары рұқсат етілген нормалардан асып түсетінін көрсетті. Бұл автокөлік иелерінің экологиялық жауапкершілігін арттыру және бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.Осыған байланысты құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Ал қайталама бұзушылықтар анықталған 11 автокөліктен әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес ақаулар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірлік белгілер тәркіленді. Олар пайдаланылған газ проблемаларын жойғанға дейін жұмысын жалғастыра алмайды.Бұл шаралар Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болып табылады және ауаның ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бақылауды күшейту жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттырады және қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885121
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті 18.11.2024
Іс-шара ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару) тәсілдерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды талқылауға, байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.«Біз азаматтарымыздың әлеуметтік аспектілерін жақсарту бойынша жобалар мен бастамаларды іске асыратын, ортақ әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпкерлерге толықтай қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Б. Құдайбергенов.Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға – 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.«Биыл біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке беру саясатын қайта бағдарладық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жетеді», - деді вице-министр.Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтайға қатысушыларға алғысын білдіріп,«Үздік әлеуметтік кәсіпкер – 2024» байқауының «Әлеуметтік инновациялық шешім», «Тұрақты даму» және «Ең жас әлеуметтік кәсіпкер» номинацияларының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/885106
Қазақстанның климаттық сын-тегеуріндері жағдайындағы ғылыми коммуникация 18.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Потсдам Климаттық зерттеулер институтымен (PIK) бірлесіп CОР29 шеңберінде Қазақстан павильонына іс-шара өткізді. Сессияның тақырыбы «Қазақстанның климаттық сын-қатерлері жағдайындағы ғылыми коммуникация» болды.Сессия Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Потсдам Климаттық зерттеулер институты (PIK) арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум алмасудан басталды. Вице-министр М.Ошурбаев пен PІK директоры, профессор Оттмар Эденхофер бұл келісім климаттық зерттеулер, бейімделу және ғылыми коммуникация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.Қазақстанда өткен су тасқынының климаттық тұрақтылығы мен сабақтары бойынша панельдік пікірталас барысында сарапшылар ғылыми ақпаратты жұртшылыққа тиімді жеткізу тәсілдерін талқылады. Климаттық өзгерістер туралы диалогқа ауылдық өңірлерді енгізу, экологиялық проблемаларды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885112