Технология
Таулы аймақтардың климаттық тұрақтылығы 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстарв-министрі М.Ошурбаев таулы аймақтардың климаттық тұрақтылығына арналған Бакудегі COP29-дағы сайд-ивентке қатысты.Қырғыз Республикасы мен ЕҚЫҰ ұйымдастырған іс-шара Орталық Азия өкілдерін климаттың өзгеруіне, соның ішінде мұздықтардың еруіне және су қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мәселелерді талқылау үшін жинады.Вице-министр таулы экожүйелерді сақтау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/888644
Жасыл климат қорының инвестициялық қызметтер жөніндегі директорымен кездесу 22.11.2024
Бакуде СОР29 алаңдарында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ) инвестициялық қызметтер жөніндегі директоры Ачала Абейсингхе ханыммен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен ЖКҚ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері, оның ішінде ұлттық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.Тараптар одан әрі сындарлы диалогқа және климаттық бастамаларды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/888661
Алматыда балалардың шығармашылық және креативті дамуына жағдай қалай жасалуда 22.11.2024
Бостандық ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қосымша білім беру мәселесінің шешімімен, оның ішінде жеке капиталдың қатысуымен танысты. Әкім Вахтангов көшесіндегі №3 Оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болды.Қаланың құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев нысанның 80 пайыздық дайын екенін баяндады. Бұрынғы апатты деп танылған жерде заманауи екі қабатты ғимарат салынуда, шығармашылыққа арналған 12 кабинет, дәрісханалар, тіпті ауланың ішіндегі бақ та болады.Апта сайын оқушылар үйінде 5-17 жас аралығындағы 2 мың бала оқи алады. Олар үшін дебат клубы, бағдарламалау, 3D-модельдеу, құрастыру, фото-, видеомонтаж бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Балалар шешендік, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерін меңгереді.Құрылысшылардың айтуынша, олар келесі жылдың 15 қаңтарына дейін нысанның «кілтін» тапсыруға ниетті. Ерболат Досаев асығыстықтың қажет емес екенін,балалар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуы, барлық жабдықтар орнатылып, қосылып, аумақ абаттандырылуы тиіс екенін атап өтті.«Бостандық ауданының солтүстік бөлігі үшін бұл балалар шығармашылығы орталығы өте маңызды. Қазір балалар мектептерде оқиды, бірақ келесі жылы осында келеді. Біз осындай ғимараттарды барлық балаларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін инклюзия талаптарын ескере отырып қолжетімді ету міндетін алға қойғанбыз», - деді Ерболат Досаев.№ 3 оқушылар үйі 55 жыл бұрын құрылған, 1987 жылы Вахтангов көшесі 2-2А көшесіне көшкен.Ғимарат сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді, акт залы апатты жағдайда болды. Жобалық қуаты 650 орындық, мұнда 1747 оқушы оқыды. Құрылыс кезінде үйірмелер аудан мектептеріне уақытша бөлінді.Өскелең ұрпақтың шығармашылық және креативті қабілеттерін дамытуға жеке капитал да өз үлесін қосады. Қала әкімі меценаттардың қолдауымен режиссер Қуаныш Бейсекеев негізін қалаған Sham School мектебіне барды. Мектеп 180 орынға арналған. Бүгінде мұнда 7-11 сыныптар аралығында 115 бала оқиды. Олардың жартысына гранттар беріледі, келесі жылы барлық балаларды гранттық оқытумен қамтамасыз ету жоспарлануда.Ерболат Досаевқа қарапайым мектептен басты айырмашылығы қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтар бойынша қосымша сабақтардың оқылатындығы айтылды. Мұнда олар видеография, фото, анимация, монтаж және сурет салуды үйретеді – қазір жасөспірімдер виртуалды әлемде өмір сүреді. FPV дрондарын басқаруды үйретеді, бұл балаларға клиптер мен фильмдер үшін әсерлі кадрлар түсіруге мүмкіндік береді.Оқушылардың өздері бөліскендей, креативті оқыту форматы жағымды, шығармашылық атмосферада оларға өте ұнайды, әсіресе олар шеберлік құпияларымен бөлісетін жас мұғалімдердің күш-жігерін атап өтті.Қала әкімі балаларға табыс тілеп, мұнда алған білімдер тәжірибеде қолданылатынын және болашақта оларға пайдалы болатынын айтты. Ал мектеп басшылығына Ерболат Досаев қолдау білдіріп, креативті индустриялар саласындағы осындай бастамашыл жобалар қалаға қажет екенін атап өтті.Жалпы, Алматыда қосымша біліммен 300 мыңнан астам бала қамтылған. Оның ішінде 19 мемлекеттік білім беру ұйымдарында 28680 бала, 102 жекеменшікте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 7570, мектептерде – 112851, «Даму бала» бағдарламасы бойынша – 90988, ақылы негізде – 62 мыңға жуық бала айналысады.Ағымдағы жылы қолайлы жағдай жасау үшін қала бюджеті есебінен Алатау, Бостандық және Түрксіб аудандарында жалпы сыйымдылығы 2810 орындық 3 шығармашылық даму орталығы салынуда. Жетісу ауданында тағы 500 орындық құрылыс салу жоспарлануда. Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке компанияның өз қаражаты үшін Алмалы ауданында 3500 орындық Оқушылар үйі салынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/887921
Алматылықтар Алматы әкіміне жаңа жаяу жүргіншілер аймағы үшін алғыс білдірді 22.11.2024
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік реткк келтірілді. Бұл Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында көріп шыққан жаяу жүргіншілер аймағы.Орбита-4 шағын ауданындағы 6 және 7 үйлердің арасындағы аумақтағы көріктендіру жұмыстары биыл шілде айында басталып, осы айда аяқталды.Жаяу жүргіншілер аймағының бойына шахмат үстелі, спорт тренажерлері мен воркаут аймақтары орнатылды. Бүлдіршіндер үшін балалар ойын алаңы жабдықталды. Аумақты көріктендіру, ойын алаңдарын, спорттық құралдарды және демалыс орындарын көбейту тұрғындардың күнделікті өмірін сан алуан әрі қызықты ете түсті.Жоба аясында 1 817 шаршы метр кеспе тас, 1 704 шаршы метр асфальт жабындысы, 840 шаршы метр резеңке жабынды төселіп, 175 метрлік габион құрылысы салынды және 42 көше шамы орнатылды.«Халық қатысатын бюджет» жобасы бізге ойымызды ұсынып, жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жаңарту нәтижесінде үйлеріміздің айналасы айтарлықтай өзгеріп, жайлы әрі ыңғайлы орынға айналды», – деді аудан тұрғыны әкімге алғысын білдіріп.Өз кезегінде Ерболат Досаев шаһар тұрғындары үшін жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.«Жоба аулалық кеңістіктерді жаңғыртуға арналған жаңа стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Қаланың жоспары аясында ересектер мен балаларға арналған жеке аймақтары бар аумақтарды қайта құру жұмыстары қарастырылған», – деді қала әкімі тұрғындармен кездесу кезінде.Аудан тұрғындарының өтінішімен Ерболат Досаев жаяу жүргіншілер аймағы бойына бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.Сондай-ақ аудан әкіміне аула аумақтарын тазалау жұмыстарын мердігер ұйым тарапынан жүйелі және толық қамтамасыз ету тапсырылды.Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл бұл жобаға 18,8 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 миллиард теңгеге көп. Алматы тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және жүзеге асыруға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/887928
Алматыда 1989 жылы салынған мектептің күрделі жөндеуі аяқталды 22.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында №136 гимназия мектебінің жаңартылған ғимараты мен жеке инвестиция есебінен ашылған балабақшаны көрді.Қазір 750 оқушы білім алып жатқан №136 гимназия мектебі 1989 жылы салынған. Қала әкімінің тапсырмасымен мектепте 35 жыл ішінде алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, ғимараттың сейсмикалық төзімділігі күшейтілді. Білім беру үдерісі биылғы 2 қазанда қайта басталды.Алматы әкімі химия, биология, физика, информатика пәндеріне арналған жаңартылған сыныптарды қарап шықты. Барлық пәндік аудитория интерактивті панельдермен және жаңа жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар, үйірмелер кабинеттері мен спорт алаңдары жөнделіп, мектеп аумағы көгалдандырылып, қоршалды. Осылайша, мектеп оқушыларының жайлы демалуына барлық жағдай жасалды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне, мектептерді күрделі жөндеу мен жаңа оқу орындарын салуға ерекше назар аударып отыр. Сейсмикалық төзімділікті арттыра отырып, мектептерді қайта жөндеу мен жаңғырту – біздің басты басымдықтың бірі. Біз басқа да білім беру мекемелерін жоғары сапа стандарттарын сақтай отырып, жаңғыртуды жалғастырамыз», – деді Ерболат Досаев.Жалпы, өткен жылы Алматыда сейсмикалық төзімділікті арттыру жұмыстары аясында сегіз мектептің жөндеуі аяқталды. Мегаполистегі оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында Зерделі шағын ауданында бір мектеп, түрлі аудандарда бес қосымша ғимарат салынуда, сондай-ақ алты мектеп күрделі жөндеу және қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұған қоса, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 оқу орнының құрылысы жалғасуда.Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында барған тағы бір нысан – SANA URPAQ балабақшасы. Балабақша екі тұрғын үй арасындағы бірінші қабатта, жеке дизайн бойынша орналасқан. Мекеме 11 топқа арналған және жаңа технологиялармен жабдықталған: интерактивті тақталар, бейнебақылау камералары, сондай-ақ балалардың денсаулығын сақтауға және дамуына арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда шахмат, қыш өнері, тұз шахтасы, таэквондо, хореография, гимнастика, музыка, логопед және психолог кабинеттері бар.Алматы әкімі атап өткендей, бұл балабақша – «барлық қоғамдық кеңістік ойластырылған жаңа үлгідегі орталық».Еске салайық, мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру мақсатында биыл Алматыда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 8 577 орынға үш байқау өткізілді. 2025 жылы 1 920 орынға арналған сегіз мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888134
Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үшін видеобақылау камералары орнатылады 22.11.2024
Алматыда келесі жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде хабарлады.«Келесі жылы қоқыс алаңдарын жаңғырту жоспарлануда. Біз оларды ретке келтіреміз. Жұма күнінен бастап демалыс күндері жағдай күрделене түсетінін және алаңдар қоқысқа толып жатқанын білемін», - деді Ерболат Досаев халықпен кездесу кезінде.Барлығы 800 қоқыс алаңын жаңарту жоспарлануда. Ерболат Досаев қала тұрғындарына үлкен көлемдегі қоқыстарды тастамау керектігін ескертті.«Біз бұл үшін қатаң жаза болатынын жаңа ережелерде бекіттік. Сондай-ақ, қоқыс алаңдарына камералар орнатамыз. Бұл бізге құқық бұзушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз алғашқы 400 камераны іске қосамыз», - деді әкім.Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізуі немесе қоқысты ақы төлеу арқылы мамандандырылған ұйымдарға жүгінуі не оны өздері Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға жеткізулері тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888137
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Шымкент шаһарының тұрғындарымен кездесті 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Премьер-Министрдің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізудің кейбір мәселелері туралы» өкімі аясында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, онда Құрсай шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.Жұмыс сапары барысында вице-министр «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Құрсай шағын ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты.Халықпен кездесуде тұрғындарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында өтті.Қатысушылар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ірі қалаларында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын жақсарту бойынша қала аудандары әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды.Жиын қорытындысы бойынша алдағы жұмыста қолданылатын тиісті ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/887266
Сенаторлар Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады 22.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Республикалық бюджет және Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды.Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қарап, мақұлдады. Құжат нормаларына сәйкес мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша шығыстарды қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 2025, 2026 және 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2 трлн теңгені құрайды. Заңның қабылдануы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.Депутаттар «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды да қарады. Бюджеттің басым міндеті мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау және ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру болып қала береді. Мәселен, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджеттік қағидалардың сақталуын және бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырлануын ескере отырып айқындалған. Бюджет шығыстарының бірінші кезектегі бағыттары мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, ғылымды, білім беруді, медицинаны қолдауды күшейту арқылы адами капиталды дамыту болып қала береді. Атап айтқанда, республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2025 жылы 25 750 млрд теңге, 2026 жылы 23 168 млрд теңге және 2027 жылы 24 566 млрд теңге сомасында жоспарланып отыр. Қаражат қазіргі жағдайларға бейімделе отырып, экономикалық үлгі қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халықтың табысын арттыру үшін жағдай жасау арқылы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Сенаторлар концептуалды түрде республикалық бюджетті қолдады, дегенмен, оны қарау барысында бірқатар өзгерістер енгізді. Нақты айтқанда, депутаттар келесі жылға қосымша 60 млрд теңге бөлуді ұсынды. Бұл қаражат өңірлік дамуға, сумен жабдықтау және су бұру проблемаларын шешуге, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған. Осыған байланысты ұсынылған түзетулермен заңды Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/888139
Халықаралық ұйымдар: Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі «төмен» болып қала береді 22.11.2024
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді.Вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.«Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады.Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-ды құрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейде екенімізді білдіреді».Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті. «Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/888194
Қазақстан халықаралық аренада климаттық ынтымақтастықты күшейтуде 22.11.2024
Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Климаттық күн тәртібін белсенді ілгерілетуді жалғастыруда. COP29-да ел өкілдері БҰҰ КӨНК ресурстарын жұмылдыру және әріптестік бөлімінің басшысы Мария Мисовиковамен ұлттық Климаттық мақсаттарды іске асыру жөніндегі негізгі бастамаларды талқылады.Қазақстанның жетістіктері мен жоспарлары:2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Шығарындыларды азайту жөніндегі салалық шараларды қамтитын Жол картасын әзірлеу жүргізілуде.Ашықтық туралы екі жылдық есептер (BTR). 2024 жылдың қыркүйегінде Астанада Қазақстан 2025 жылдың басында ұйымның хатшылығына ұсынылатын баяндамаларды дайындауға бағытталған БҰҰ КӨНК-пен бірлескен іс-шара өткізді.Жаңа үлесті әзірлеу (NDC). Қазақстан экономиканың негізгі секторларындағы нақты шараларға назар аудара отырып, 2025 жылдың басында жаңартылған салымды ұсынуға дайын.Болашақ бастамалар:Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізуді ұсынды, ол Орталық Азия өңіріндегі тәсілдер мен шараларды келісу үшін платформа болады. Негізгі бағыттар:Климаттық ауысуды қолдау.Климаттың өзгеруіне бейімделу.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Инклюзивті және әділ ауысу.Күш-жігерді үйлестіру үшін Алматыда климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Қазақстан ұйымның қамқорлығымен саммит өткізуді қоса алғанда, БҰҰ КӨНК-ті қолдауға сенеді.Меморандум жасасу:Климаттық әріптестік шеңберінде Қазақстан БҰҰ КӨНК-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды, оның мәтіні бұрын Бонндағы конференцияда ұсынылған болатын.Қазақстан қолдағаны үшін алғыс білдіреді және жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887178
«Мұздықтардан фермаларға» панельдік пікірталас 22.11.2024
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі COP29 климаттық конференциясы аясында өткен «Мұздықтардан фермаларға» атты панельдік пікірталасқа қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы трансшекаралық су ресурстарын басқару және оған бейімделу болды Орталық және Батыс Азиядағы климаттың өзгеруі.Іс-шара климаттық тәуекелдерді азайту, ауыл шаруашылығын икемді ету және суды басқаруды жақсартудың негізгі тәсілдерін қарастырды. Қатысушылар климаттың өзгеруінің салдарын барынша азайту үшін тиімді шешімдерді әзірлеу және енгізуде аймақ елдерінің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.«Мұздықтардан фермаларға» (G2F) аймақтық бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бұл бағдарлама тұрақты инфрақұрылымды құруға, ауыл шаруашылығын қолдауға және тұрақты дамуға ықпал ететін жобаларға халықаралық қаржыландыруды тартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887665
Қазақстан озон қабатын қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі өз міндеттемелерін нығайтуда 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев салқындату жөніндегі жаһандық міндеттемені орындауға арналған жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Іс-шара барысында Қазақстанның климаттық мақсаттарға қол жеткізу және озон қабатын қорғау жөніндегі негізгі қадамдары айтылды.Министрліктің Монреаль хаттамасына Кигали түзетуін ратификациялау жөніндегі жұмысы туралы ерекше атап өтілді.Монреаль хаттамасын орындау шеңберінде ел гидрофторкөміртектерге түгендеу жүргізеді және оларды кезең-кезеңімен қысқарту жоспарын әзірлейді, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887673
Қазақстан мен Сахалин көміртекті реттеу және климаттық күн тәртібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 22.11.2024
Екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Ресей Федерациясы Сахалин облысы Үкіметі төрағасының орынбасары В. В. Аленковпен кездесу өткізді.Кездесу барысында көміртекті реттеу жүйелерін құруда тәжірибе алмасудың негізгі мәселелері талқыланды. Екі тарап Климаттық саясатты жақсарту және экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Төмендегілерге ерекше назар аударылды:Халықаралық форумға шақыру: Сахалин облысы Қазақстан Республикасының делегациясын 2025 жылғы 15-16 мамырда Сахалинде өтетін БРИКС елдерінің халықаралық экологиялық-климаттық форумына шақыруды жоспарлап отыр. Форум тұрақты даму саласындағы идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды алаңға айналады.Сахалин облысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы осындай құжатты әзірлеу үшін үлгі болып табылады.Кездесу соңында тараптар тұрақты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған климаттық саладағы әріптестікті одан әрі дамытуға өзара қызығушылықты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887680
Сахалин климаттық эксперименті: нәтижелері мен, Қазақстанның үлесі 22.11.2024
21 қарашада СОР29 алаңында «Сахалин климаттық эксперименті: іске асыру нәтижелері және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары» панельдік сессиясы өтті.Сессия эксперименттің негізгі аспектілерін, соның ішінде декарбонизацияны, табиғи климаттық шешімдерді, көміртекті реттеу механизмдерін және көміртегі бірліктерінің саудасын талқылауға арналды. Тұрақты шешімдерді енгізуге бағытталған халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл маңызды екпін болды.Сессия спикері Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев болды. Өз баяндамасында ол Қазақстанның шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің (ШСЖ) жұмыс істеуі және оның көміртегі ізін азайтуға қосқан үлесі бойынша тәжірибесін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887692
Қазақстан СОР29-да пластик қалдықтарын тұрақты басқару бойынша бастамалар көтерді 22.11.2024
CОР29 аясында Әзербайжан тарапы ұйымдастырған «Климаттық тұрақтылық үшін пластикалық қалдықтарды тиімді басқару: қиындықтарды түсіну және мүмкіндіктерді іздеу»тақырыбында іс-шара өтті. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаев сөз сөйледі.Сөз сөйлеу барысында вице-министр пластик қалдықтары тек экологиялық ғана емес, сонымен қатар климаттық проблема болып табылатынын атап өтті. Пластикті өндіру, пайдалану және кәдеге жарату парниктік газдардың жоғары шығарындыларымен байланысты, бұл көміртегі ізіне айтарлықтай үлес қосады.Іс-шара барысында айналмалы экономиканы және қалдықтарды басқарудың инновациялық тәсілдерін енгізу үшін сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887718
INC-5 алдында тұрақты пластикалық шешімдерді қалыптастыру 22.11.2024
Inc-5 (Пусан, Корея) пластик туралы халықаралық-құқықтық шартты әзірлеу жөніндегі негізгі келіссөздер қарсаңында COP29-дағы QAZAQSTAN павильонында «Пластиктен жасалған өнімдердің дизайны: климаттың өзгеруі контекстіндегі орнықты даму үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты сайд-ивент өтті. Іс-шараны Орталық Азия үшін климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе ұйымдастырды.Құрметті спикерлер арасында Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев; Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жаһандық экологиялық мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Ютака Мацузава; және ЕО-ның климат және қоршаған орта мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Энтони Агота сөз сөйледі. Пластикалық ластанумен күресу жөніндегі үкіметаралық келіссөздер комитеті Хатшылығының Атқарушы хатшысы Джоти Матур-Филипп жаһандық келіссөздер шеңберінде пластиктің тұрақты дизайнының маңыздылығын атап өтіп, арнайы бейне хабарлама жіберді. Сондай-ақ, пластмассадан жасалған бұйымдардың дизайнын жақсарту бойынша өз идеялары мен шешімдерін Panasonic-тен Шоджи Кусумото (Жапония) және GRID-Arendal-дан (Норвегия) Наталья Скрипникова ұсынды.Сессия INC-5 қарсаңында пластмассаны басқарудың жаһандық күш-жігеріне құнды ұсыныстар бере отырып, инновациялық тәсілдерді, халықаралық ынтымақтастықты және айналмалы экономиканы ілгерілетуді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/888450
Орталық Азия Климаттық әсерді ескере отырып, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын трансшекаралық басқарудың тиімділігін арттыру жолында 22.11.2024
Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының конференциясы шеңберінде «Орталық Азия Климаттық әсерді ескере отырып, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын трансшекаралық басқарудың тиімділігін арттыру жолында» тақырыбында қатар іс-шара өткізді.Атқарушы комитеттің құрылтайшы мемлекеттер мен даму жөніндегі халықаралық әріптестер арасындағы әріптестікті нығайтуға және кеңейтуге бағытталған сайд-ивенттің бірлескен ұйымдастырушылары «Жасыл Орталық Азия» Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өңірлік бағдарламасы және халықаралық суларды бағалау орталығы болды.Іс-шара аясында қатысушылар Орталық Азияның су секторы үшін климаттық тәуекелдерді, сондай-ақ бірлескен шараларды іске асыруға кедергілер мен кедергілерді талқылады. Қатысушылар Арал теңізі бассейніндегі климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың су ресурстарына теріс әсерін азайту шараларына қатысты бағаларымен бөлісті.Панельдік сессиялар барысында Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестердің климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеуге және жұмсартуға бағытталған Арал теңізі бассейніндегі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру және практикалық ынтымақтастықты жақсарту жолдары талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887038
Көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы Қазақстан COP29 да ұсынды 22.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында Қазақстан көміртекті егіншілікті дамыту жөнінде бастама көтерді.Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы шеңберінде өткен климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын атап өтті.Мемлекет басшысы 200 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар Қазақстан «көміртекті егіншілікті», яғни шығарындыларды азайтуға және топырақ сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аграрлық өндірістің осындай әдістерін енгізу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті және мүдделі тараптарды елдің осы саладағы әлеуетін зерделеуге шақырды.«Қазақстандағы көміртекті егіншілік: әлеуетін ашу» тақырыбындағы сайд-ивент барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев кіріспе сөзінде: «Көміртекті егіншілікті енгізу арқылы біз көміртегі шығарындыларын азайтып, тұрақты ауыл шаруашылығын қолдай аламыз», - деп атап өтті.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Темірханов көміртекті егіншілікті ілгерілетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.«Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту жаңа технологияларды ғана емес, сондай - ақ елеулі заңнамалық пысықтауды талап етеді», - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу перспективаларын талқылап, Қазақстанның көміртекті егіншілік әдістерін енгізу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екенін қорытындылады. Бұл елдің технологиялық құрылымын жаңартуға және көптеген жұмыс орындарын құруға ықпал етуі мүмкін.Іс-шараны Министрлік ФАО-мен бірлесіп Qazaqstan павильонында ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887058
«Жасыл даму» АҚ қолдауымен Павлодарда аккумулятор қайта өңделеді 22.11.2024
Павлодар қаласындағы «ТАНДЕМ recycling» ЖШС-і ұсынған инвестициялық жоба іске қосылған кезде жылына 12 мың тонна аккумуляторды қайта өңделіп, болжам бойынша айына 750-1000 тонна қорғасын, 105-140 тонна полипропилен қайта өңделеді. Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы Серікбол Қалиақпаров хабарлады.Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіндегі инвестициялық штабында өңірлерде қалдықты қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобалар талқыланған болатын. Сол жерде Павлодар қаласында қайта өңдеуге дейін барлық қабылданған аккумуляторларды есепке алу және қадағалау жүйесін қолдана отырып, пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды жинау, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша инвестициялық жоба мақұлданды. Өтініш беруші «ТАНДЕМ recycling» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1 кезеңінен өтті және индикативтік шарттарды күтілуде. Аккумуляторды қайта өңдеу кезінде келесі өнімдер түзіледі: аккумуляторлық шлам, қорғасын сынықтары, өрескел қорғасын, әр түрлі маркалы қорғасын, сондай-ақ өндірістік қалдықтар. Одан бөлек жаңа кәсіпорында 161 жұмыс орны ашылады.Жобаның мақсаты: пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеу бойынша қолданыстағы өндірісті жаңғырту және күшейту. Қазақстан аумағындағы заңды және жеке тұлғаларда пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қабылдау пункттерінің желісін кеңейту, әрбір қабылданған аккумуляторды қабылдау сәтінен бастап қайта өңдеуге дейін есепке алу және қадағалау жүйесін әзірлеу. Аккумуляторлық батареялардың қалдықтарын кәдеге жарату, ал басты мақсат – қоршаған ортаның одан әрі қорғасынмен ластануын болдырмау.Жобаны 2025 жылғы II тоқсанда іске қосу көзделген. Жобаның жалпы құны: 6 446 млн. теңге. «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 5 801,4 млн. теңге бөледі. Қалған сома инвестордың өз қаражаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887095
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Ақанова тағайындалды 22.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Айқанқызы Ақанова тағайындалды.Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886842