Қуқық
ҚР Сыртқы істер министрі Сингапурдың Құрметті консулын қабылдады 23.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевті қабылдады. Кездесу барысында тараптар Құрметті консулдықтың қызметін талқылап, Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша пікір алмасты. Сингапурлық Changi Airports International компаниясының Қазақстанның әуежай инфрақұрылымын салу және дамыту жобаларына стратегиялық қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1311078?lang=ru
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысы өтті 23.10.2026
ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік саласындағы ведомстволары басшыларының екінші отырысына қатысты.Шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, жасанды интеллектіні дамытудың өзекті мәселелері және Түркі мемлекеттерінің патенттік ұйымын құру перспективалары талқыланды.Қазақстан тарапы зияткерлік меншік құқығының жаңа Конституцияда бекітілуінің маңыздылығын атап өтіп, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданып, ведомстволар басшыларының келесі отырысын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1311056?lang=ru
2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында адами капиталға 10,5 трлн теңге қарастырылған 21.10.2026
ҚР Құрылтайының жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Аталған құжат 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде дайындалып, онда бюджеттік және макроэкономикалық сын-қатер ескерілген. «Басты мақсат – экономикалық өсімді ынталандыру, қаржы жүйесіндегі тәртіп пен мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені күмәнсіз орындау арасындағы балансты сақтау. Бұл бюджеттің басты назарында адам және адамға бағдарланған инвестиция», деді Мәди Төкешұлы.2027 жылы республикалық бюджеттің кірісі 25,4 трлн теңге мөлшерінде, ал шығыстар 30,2 трлн теңге межесінде болжанып отыр. Тапшылық – 4,6 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 2,3% болмақ. 2029 жылға қарай меншікті кірісті 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған.Келесі жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% бөлу қарастырылған. Оның 6,9 трлн теңгесі әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, 2,5 трлн теңгесі денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Бұл қаржыландыру аясында тегін кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру қамтылып отыр.Білім беру мен ғылым саласында 18 мың баланы сауықтыру және оңалту, 76 мың педагогтың біліктілігін арттыру, «Келешек мектептері» жобасына сәйкес 217 мектепте білім беру әдіснамасын жетілдіру, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттарды 25 мыңға жуық жатақхана орнымен қамту көзделген. Ғылыми жобалардың жаңа пулына 60,4 млрд теңге қарастырылған.Өңірлерді қолдауға жыл сайын 7,4 трлн теңге немесе бюджеттің 24,8% бағыттау жоспарланып отыр. Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша Өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылған. Мұндай тәсіл халыққа қажетті әлеуметтік және коммуналды инфрақұрылымға қаражат бөлуді көздеп, жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді шешуге байланысты өңірлердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.2027 жылы нақты секторды дамытуға 3,7 трлн теңге бағытталады. Бұл 2026 жылғы арналған жоспардан 600 млрд теңгеге көп. Аталған сома көлік инфрақұрылымына, агроөнеркәсіптік кешенге, өнеркәсіп пен құрылысқа, сондай-ақ кәсіпкерлік пен цифрлы дамуға жұмсалады.Экономиканың дамуын ынталандыратын шығыстардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңге. Ұлттық қор есебінен үшжылдық кезеңде көлік және логистика, әлеуметтік инфрақұрылым, энергетика және су ресурстары салаларында 347 стратегиялық жоба іске асырылатын болады. Бұл шамамен 31 мың жұмыс орнын ашып, 13 млн адамға инфрақұрылымдық игіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Құрылтайдың жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында талқыланып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1310700?lang=ru
Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды 21.10.2026
Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында 29 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер көпбалалы аналарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған жандарға берілді. Түзусай ауылында өткен салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, тұрғындарды қоныстойымен құттықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аймақ басшысы өз сөзінде халықты баспанамен қамтамасыз ету Президент жүктеп отырған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтарға жайлы өмір сүруге жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Оның ішінде баспана мәселесі де маңызды орын алады. Алматы облысында халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл – өңіріміздің дамып, елдің тұрмыс-тіршілігіне қолайлы аймаққа айналып келе жатқанының бір көрінісі. Баспана – кез келген отбасы үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі табысталған кілт – әр отбасы үшін көптен күткен арманның орындалуы. Адамның өз үйі болғанда ертеңіне деген сенімі де арта түседі. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Бүгінде Талғар ауданында тұрғын үй кезегіне 7,5 мыңға жуық азамат тіркелген. Соңғы екі жылда аудан бойынша 459 пәтер сатып алынды. Қазіргі таңда оның 275-і өз иелеріне берілді. Бүгін тағы 29 отбасы баспана кілтін алды. Солардың бірі ерекше қажеттілігі бар балаға күтім жасап, тәрбиелеп отырған ана – Зиягүл Ержанова.«Үй кезегіне 2015 жылы тұрдық. 11 жыл бойы күткен сәт бүгін туып, баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызға облыс әкімі ортақтасып, арнайы келіп құттықтады. Үйге қажетті электр пеші мен теледидарды сыйға тартты. Бұл – бізге үлкен көмек. 2 бөлмелі үйдің жобасы, сапасы көңілімнен шықты. Терезесі – үлкен, бөлмелер – жарық, тауға қарайтын әдемі көрінісі де бар. Осындай қолдау көрсеткен Президентімізге, облыс және аудан әкімдігіне алғыс айтамын», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1310654?lang=ru
Қазақстанның ЭЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері ҚР СІМ-де талқыланды 21.10.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер Көлік министрлерінің 14-кездесуіне қатысу үшін Астанаға сапармен келген ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханды қабылдады.А.Исағалиев халықаралық көлік дәліздерін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның негізгі қатысушылардың бірі ретінде ЭЫҰ аясындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Осыған байланысты басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылдың маңыздылығын және бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.А.М. Хан Қазақстанның Ұйым қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Тараптар сондай-ақ ү.ж. 15-16 қарашада Исламабад қаласында өтетін ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына дайындық барысын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1310600?lang=ru
Шұбаттан камелчиноға дейін: Қазақстанда түйе сүтіне арналған стандарт әзірленді 21.10.2026
Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған ұлттық стандарт бекітілді. Стандарт өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеп, отандық кәсіпорындардың өнім түрлерін кеңейтуіне және экспортты дамытуына бағытталған. Құжат 2026 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.«Пастерленген түйе сүті. Техникалық шарттар» деп аталатын ҚР СТ 4050-2026 стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 41-НҚ бұйрығымен бекітілді.Құжатты 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында «ҚазСтандарт» РМК әзірледі. Өтінім беруші — «Антиген» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШС.Қазақстанда түйе сүті дәстүрлі түрде шұбат пен қымыран сияқты ашытылған сүт сусындарын дайындау үшін қолданылады. Соңғы 15–20 жылда оған деген әлемдік қызығушылық артып, одан өндірілетін өнім түрлері көбейді.Түйе сүтінен балмұздақ пен конфитюр өндіріледі. Сондай-ақ ол кофеге қосылады. Мысалы, капучиноның бір түрі — камелчино дайындау үшін пайдаланылады. Мұндай өнімдерді өндіруде пастерленген түйе сүті қолданылады.Жаңа стандарт өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, таңбалануына, қапталуына, тасымалдануына және сақталуына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар құжатта ортақ терминология, өнімдерді жіктеу және олардың сипаттамаларын бағалауға арналған көрсеткіштер айқындалған.Стандартты қолдану өндірушілерге ішкі және сыртқы нарықтарға арналған өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттері қарастырылып отыр.Бірыңғай талаптар қазақстандық өндірушілерді қолдауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұл бағытты дамыту экспорттық өнім түрлерін көбейтіп, өнімдердің шетелде танымалдығын арттыруға да мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1310577?lang=ru
Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды 20.10.2026
Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. «Ақтас» шыңында бой көтерген кешен 2140 метр биіктікте орын тепкен. Оның құрамына мейрамхана, іскерлік кездесулер өткізуге қолайлы конференц-зал мен демалушыларға арналған қонақүй кіреді. Екі жыл бойы жүргізілген құрылыс жұмысына 58 млрд теңге инвестиция салынды. Жоба аясында сноуборд пен шаңғы тебу алаңы 28-ден 38 шақырымға ұлғайтылды. Сондай-ақ елімізде алғаш рет 10 және 6 орынды аспалы жол іске қосылды. Осылайша, Алматы облысында халықаралық стандарттарға толығымен сай келетін жаңа туристік нысан демалушыларды қабылдауды бастады.Өткен жылы «Ой-Қарағай» тау-курортына 660 мыңнан астам турист келді. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 20 пайызға артып үлгерген. «Қазіргі таңда 350 адамға арналған үлкен конференц-зал мен мейрамхана жұмыс істеп тұр. Бұл әртүрлі бағыттағы қызық шараларды өткізуге өте қолайлы. Сонымен қатар меймандарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, 7 бөлмеден тұратын қонайүйіміз бар. Қысқы спорт түрлеріне арналған жолдың ұзартылуы және екі аспалы жолдың салынуы туристер санын бірнеше есе арттырады деп сенеміз. Бүгінде демалыс аймағына Қазақстаннан бөлек, Ресей, Үндістан, Қытай және Парсы шығанағы елдерінен келетін қонақтар саны артуда. Бұған Алматы облысы әкімдігінің туризм саласында өзге елдермен жасаған тиімді меморандумдары зор ықпал етіп отыр», – деді «Ой-Қарағай» тау-курортының PR бөлімінің басшысы Максим Козлов.Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысының туризм саласында жалпы құны 638,2 млрд теңге болатын 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өткен жылы Үкімет қаулысымен «2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары» бекітілді. Соған сәйкес өңірде 6 негізгі бағыт бойынша 15 жобаны іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1310435?lang=ru
Қарағандылық Айзере Төлеу Дельфий ойындарының алтын жүлдесін иеленді 20.10.2026
Қарағандының жас өнерпазы Айзере Төлеу Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен XX жастардың Дельфий ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Мерейтойлық байқауға ТМД-ның тоғыз елінен – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген жүздеген жас дарын қатысты. Қатысушылар өнердің он аталымы бойынша бақ сынады.Айзере Төлеу – мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттың халық аспаптары бөлімінің 12-сынып оқушысы. Ол Дельфий ойындарында «Халық әнін жеке орындау» аталымы бойынша өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді.«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, жас әншінің жеңісі – табанды еңбектің, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктің және ұстаздарының кәсіби шеберлігінің жемісі.«Айзеренің осындай беделді халықаралық байқаудағы жетістігі – қазақтың дәстүрлі ән өнерінің өміршеңдігін айғақтайтын үлкен жеңіс. Бұл сонымен қатар ұлттық мұрамыздың жас ұрпақтың орындауында қайта түлеп, әлемдік деңгейде лайықты бағасын алып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті орталық өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1310375?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркия Елшісімен кездесті 19.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша ұстанымдарды сәйкестендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1310268?lang=ru
Қаржы министрлігінде салық тексерістерінің сапасы мен бизнестің шағымдарын қарау қорытындылары талқыланды 19.10.2026
ҚР ҚМ Апелляция департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитеті салық саласындағы тексеру жұмыстарының сапасына байланысты бірлескен кеңес өткізді. Онлайн форматта өткен талқылауға МКК-нің аумақтық департаменттер қатысты.Алқалы басқосу Жәнібек Нұржанов пен Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен өтті. Апелляциядепартаментінің директоры Серік Айсин шекті межеден асып кеткен ҚҚС қайтаруға байланысты салық тексерісі кезіндегі негізгі бұзушылықтар жөнінде айтып берді.Бұған қоса сенімсіз қызмет ұсынушылармен (жеткізушілермен) болатын өзара есеп айырысуға қатысты тексеру сапасына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ апелляциялық комиссия отырыстарының қорытындысына сәйкес салық тексерістерінің нәтижелері жойылатыны жөнінде де айтылды. Бұған «Пирамида» тәсілі бойынша жасалған сапасыз есеп пен қайтарылуы тиіс ҚҚС сомасының есебіндегі кемшіліктер, қарсы тексерулерді жүргізуге байланысты сұраныстың дер кезінде жіберілмегені, сондай-ақ экспорт операцияларын растайтын құжаттардың еленбей қалғаны, тауарларды қадағалау тізбегіне жасалған сапасыз талдау мен жұмыстар немесе қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылмағаны әсер еткен.Бұдан бөлек биылғы 9 айдағы салық және кеден дауларын қарауға қатысты апелляциялық комиссия жұмысының нәтижелері айтылып, соған сәйкес салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларынан келіп түскен 323 шағымының 194-і қаралған.Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша бизнестің пайдасына 57 тексерістің нәтижелері толықтайнемесе ішінара жойылды.Бұл орайда салық және кеден саласындағы тексеру жұмыстарының сапасы министрліктің тұрақты бақылауында екенін айта кетейік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1310234?lang=ru
9 айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 16,3% ұлғайды 19.10.2026
Биылғы 9 айдың қорытындысына сәйкес (трансферттерді есепке алмағанда) мемлекеттік бюджеттің кірістері 20,2 трлн теңгеге немесе жоспар бойынша 98,5% жетті. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда табыс 16,3% немесе 2,8 трлн теңгеге артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтып берді.«Есепті кезеңде мемлекет тарапынан әлеуметтік міндеттемелердің қаржыландырылуы орындалды. Республикалық бюджеттің кірісі жоспарланған көрсеткіштерге жетеғабыл», деді Мәди Төкешұлы.Айталық, республикалық бюджеттің кірісі 2,7 трлн теңгеге немесе 26% артты. Бұл өсім экспорт тауарларының әлемдік бағасымен, сауда айналымдарының ұлғаюымен және салық мөлшерлемелерінің өзгеруімен байланысты. Жыл соңына дейін салық базасын кеңейтіп, басқару сапасын арттыруға баса мән беріледі.Мемлекеттік бюджет шығыстары 98% орындалып, қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгеге жетті. Республикалық бюджеттің шығыстары 99,6% орындалғанын ескерсек, оның көлемі 19,6 трлн теңге болды. Зейнетақы мен жәрдемақыға 5,3 трлн теңге бөлініп, өңірлерді қолдауға 4,4 трлн теңге және нақты секторды қолдауға 2 трлн теңге бағытталды.Жергілікті бюджеттердің кірісі 6,9 трлн теңгеге немесе жоспарға сәйкес 96,1% ұлғайды. Түспеген соманың мөлшері – 278,3 млрд теңге. Жоспар 9 өңірде орындалған жоқ: Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстары қалыс қалған. Жергілікті бюджеттің шығыстары 96,3% атқарылып, 458,4 млрд теңге орындалмаған. Министр жыл соңына дейін бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуы үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.Есепті кезеңде бизнеске 811,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылды. Кедендік төлемдер 3,9 трлн теңгеге артып, 706 млрд теңгеге ұлғайды. Шекаралық инфрақұрылымды дамыту және кеден қызметіндегі рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмыс жалғасып жатыр.Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жалпы құны 617,7 млрд теңгеге 501 жоба іске асырлып келеді. 351 нысан аяқталды. Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 262 жобаға (оның ішінде денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және көлік салаларына арналған) тиісті қаражат бөлінді. Ведомство басшысы құрылысты аяқтап, аталған нысандарды іске қосуға дайындау қажет екенін жеткізді.Әлеуметтік саланы цифрландыру орынсыз төлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мониторинг пен антифрод-бақылаудың арқасында 9 айда 23,4 млрд теңгеге қаржылық шығындардың алдын алды. Qalqan платформасында медициналық қызметтердің 57 түріне байланысты төлем жасау функционалы жолға қойылды. Білім беру ісін қаржыландырудың цифрлы жүйесіне 6 634 мектеп қосылды. Көшірме мәліметтер мен жалған есепті анықтауға бағытталған контингентті салыстыру жұмысы 34 млрд теңге үнемдеуге септесті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1310196?lang=ru
Қазақстанда бизнес субъектілерінің саны үштен біріне артты 18.10.2026
Еліміздегі кәсіпкерлік қызмет оң динамиканы сақтауда, сондай-ақ сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге тұрақтылық көрсетуде. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Атап айтқанда, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескергенде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5%-ға артып, 3,2 млн-ға жеткенін баяндады. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің – қосымша құн салығын төлеушілердің саны 28%-ға өсті. Азаматтардың көлеңкелі экономикадан шығуы үшін жағдайлар жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде 981 мың адам тіркелді, олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрды.«2026 жылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер. Осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға және 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды. Бұл ретте жеке кәсіпкерді тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтауын білдірмейді. Жабылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310108?lang=ru
Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады 18.10.2026
Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастыруда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Оның айтуынша, инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. «Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады. Инфляцияның баяулауы аясында осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті», — деді вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310100?lang=ru
Жеке инвестициялар 18,2%-ға өсіп, Қазақстан экономикасына негізгі үлесті қамтамасыз етті 18.10.2026
Инвестициялар өсудің драйвері болып қала беруде. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар 16,1 трлн теңгені құрап, 7%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.«Ерекшелігі – инвестициялар өсуінің негізгі факторы жеке инвестициялар болып саналады, олар 18,2%-ға ұлғайды», — деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.Жеке инвестициялардың үлесі 85,7%-ды құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $9,4 млрд-ты құрады. Өңдеу өнеркәсібінде – 40,1%-ға, құрылыста – 32%-ға, ақпарат және байланыста – 29,2%-ға, денсаулық сақтауда – 20,4%-ға, ауыл шаруашылығында – 9,1%-ға айтарлықтай өсім байқалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310089?lang=ru
Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады 18.10.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Оның деректері бойынша өсім шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, бағалау бойынша 5,4%-ға өсті.«Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда ең жоғары қарқын көрсетуде. Осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады», — деп атап өтті вице- премьер.Серік Жұманғарин экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарғанын атап өтті. Осы жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға дейін ұлғайды, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1310074?lang=ru
Қазақстан мен Филиппин арасында саяси консультациялардың екінші раунды өтті 18.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялардың екінші раунды өтті.Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан мен Филиппин арасындағы қатынастардың оң серпінін атап өтіп, Астананың Маниламен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Қазақстан тарапы Филиппин Республикасының Астанада өз Елшілігін ашу ниетін құптап, дипломатиялық өкілдіктің құрылуы екіжақты қатынастарға тың серпін беріп, екі ел арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Лео Эррера-Лим Маниланың Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге және кең ауқымды бағыттар бойынша байланыстарды жандандыруға дайын екенін растады.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру перспективаларына және екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударды. Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және әуе қатынасы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.Сонымен қатар, тараптар визалық талаптарды өзара жеңілдету және екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастырды.Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты диалогты жалғастыруға, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309986?lang=ru
Қарағандылық Виктор Друзин әлемнің үздік спортшысы атағына үміткер атанды 17.10.2026
Қарағанды облысының спортшысы Виктор Друзин Халықаралық су спорт түрлері федерациясының (World Aquatics) нұсқасы бойынша жылдың үздік бес спортшысының қатарына енді. Ерлер арасындағы артистік жүзуден «Жыл спортшысы» аталымының иегері ашық дауыс беру нәтижесінде анықталады.Қазақстандық спортшы беделді марапатқа Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинмен, Колумбия спортшысы Густаво Санчеспен, Қытай өкілі Муе Гомен және Италия спортшысы Филиппо Пелатимен бірге үміткер болып отыр.Виктор Друзин үшін биылғы маусым халықаралық жарыстардағы жарқын жетістіктерімен ерекшеленді. Маусым айында ол Торонтода өткен Әлем кубогының суперфиналында техникалық бағдарлама бойынша жеке сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ еркін бағдарламада күміс жүлдеге қол жеткізіп, Наргиза Болатовамен бірге аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алды.Шілде айында Бангкокте өткен Азия чемпионатында қарағандылық спортшы техникалық бағдарлама бойынша жеке сында топ жарып, алтын медаль иеленді. Осылайша, ол құрлық чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды. Ал тамыз айында Будапештте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның аралас командасы сапында өнер көрсетіп, қола медаль иелендіСпортшыны Елена Котова жаттықтырады.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір тұрғындарын жерлесімізді қолдап, дауыс беруге шақырады.Дауыс беру үшін World Aquatics федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына https://www.instagram.com/world_aquatics/ өтіп, Artistic Swimming | Men санатындағы үміткерлер туралы жарияланымды табу қажет. Содан кейін @druzin.viktor белгіленген пікірге лайк басу керек. Жеңімпаз спортшыларды қолдаған пікірлерге жиналған лайк саны бойынша анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1309890?lang=ru
Қазақстан мен Филиппин екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады 17.10.2026
Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Филиппиннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың екінші раундына қатысу үшін Астанаға келген Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимді қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.М. Тілеуберді саяси диалогтың оң серпінін, оның ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Филиппиннің Сыртқы істер министрі М.Т. Лазаромен өткен кездесуін атап өтті.Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада Елшілік ашу ниетін құптап, тұрақты дипломатиялық өкілдіктің ашылуы екіжақты байланыстарды тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309779?lang=ru
Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті 15.10.2026
Астана, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Палестина арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Сонымен қатар, гуманитарлық ынтымақтастыққа, оның ішінде палестиналық студенттерге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттарын бөлу мәселелеріне назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309471?lang=ru
Қазақстанның барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде 15.10.2026
19 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық облысында отандық өндірушілерді қолдау және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Алғашқы үш аптада 13 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылып, жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.Тек осы аптада еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 3,5 мың тонна азық-түлік өнімі ұсынылды. Оның негізгі бөлігін көкөністер мен бақша дақылдары – 1,7 мың тонна, ет және ет өнімдері – 785 тонна, сүт өнімдері – 285 тонна құрайды. Сонымен қатар сауда орындарында құс еті, балық, жеміс-жидек, бакалея өнімдері, ұн, нан, макарон өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылуда.Отандық фермерлердің өнімдерін тікелей жеткізу және делдалдар санын қысқарту нәтижесінде жәрмеңкелердегі бағалар нарықтағы орташа бағадан шамамен 20%-ға төмен. Сонымен қатар мұндай сауда алаңдары еліміздің әр өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін сатуға, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға және өңіраралық сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік береді.Осы демалыс күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынған өнімдерді сатып ала алады. Елордаға 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 60 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері әкелінді. Ал Батыс Қазақстан облысының өндірушілері 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.Елордада осындай жәрмеңкелерді өткізу өңірлік өндірушілер үшін өнім өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қалыптастырып, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар халықтың сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1309352?lang=ru