Enbekshi QazaQ

Қуқық

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды 14.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер өндіретін автоматтандырылған өндіріс цехы өткен жылы іске қосылған. Негізгі қызмет бағыттары – ПВХ профильдерін ламинациялау және шыны пакеттер өндіру. Өндірістік қуаты жылына 1 млн шаршы метр, 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Өндірісте заманауи автоматтандырылған желі қолданылады. Оның арқасында бір шыны пакетті дайындау уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарып, жылдамдық шамамен он есе артқан. Бұл тапсырыстарды жедел орындауға, өнім сапасын тұрақтандыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – шикізат пен материалдардың басым бөлігінің отандық өндірушілерден жеткізілуі. Қолданылатын шикізаттың шамамен 90 пайызы отандық өнімдер, негізгі шикізаттың бірі – Қызылорда қаласындағы «Orda Glass» ЖШС өндіретін табақша шыны.Бұл жергілікті кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысты нығайтады. Жобаға екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік субсидия, сонымен қатар «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы да қосымша қаржылық қолдау көрсетілген.«Медстрой-Шаңырақ» нейромед протезді-ортопедия орталығы мамыр айында іске қосылған. Мұнда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетіледі және медициналық оңалту бағытындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған. Қазіргі таңда орталықта 10 адам еңбек етеді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Негізгі жабдықтар Қытай мен Ресейден жеткізілген.Аймақ басшысы Абай ауылындағы 800 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысымен де танысты. «Қызылорда Құрылыс НК» серіктестігі жобаға 7,5 млрд теңге қаржы бөлген, 50 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір бірінші және екінші қоражайлар салынуда. Нысанды кезең-кезеңімен іске қосып, ферманы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1309227?lang=ru
Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді 12.10.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи нысанның жалпы аумағы – 26 мың шаршы метр, бас мердігері – «Aspan Holding» ЖШС.Тоғыз блоктан тұратын кешенде 50 метрлік жүзу бассейні, халықаралық жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, жаттығу залдары, сондай-ақ форумдар мен түрлі жиындарға арналған 150 орындық конференц-зал қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 93 пайызы аяқталған.Бұдан кейін облыс әкімі жаңадан салынып жатқан медициналық нысандардағы жұмыс қарқынын тексерді.Сол жағалаудағы 500 орындық көпсалалы медициналық мекеме іске қосылған соң амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызметтер ұсынады. Құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен акушерлік-гинекологиялық қызмет, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері болады. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-зал қарастырылған.Қалада бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы да жүргізілуде. Жалпы аумағы 57 мың шаршы метр нысанды «Мелиоратор» серіктестігі салып жатыр. Заманауи талаптарға сай жобаланған аурухана диагностикалау мен емдеудің озық технологияларымен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетеді. Кешен құрамына емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, сондай-ақ операциялық бөлімдер кіреді.Тағы бір медициналық нысан - Президент саябағы аумағындағы 200 орындық жаңа перинаталдық орталық. Мұнда ана мен балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Қабылдау, стационарлық, диагностикалық, операциялық, реанимациялық және әкімшілік бөлімдермен қатар, зертханасы болады. Сондай-ақ Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдап, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсететін мекемеге айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308853?lang=ru
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті 12.10.2026
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.Тұрғындар, қоғам белсенділері және еріктілер айналаны тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмылды. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық шараларға 377 299 ерікті, қоғам белсендісі, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысқан.Жүйелі жұмыс нәтижесінде 10 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Оған 548 арнайы техника пайдаланылды. Бұдан бөлек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделген 91 817 түп көшет отырғызылды.Экологиялық бағдарлама аясындағы ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Еске салсақ, елімізде жыл басынан бері 7 млн-нан астам азамат «Таза Қазақстан» бағдарламасында өз белсенділігін танытқан. Ал «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғалы елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308848?lang=ru
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті 12.10.2026
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті. Гала-концерт тақырыптық прологпен басталып, онда қаланың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі келбеті, өрлеу жолы қамтылды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қызылорда – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. Осы өлкеде Шірік Рабат, Жанкент, Сығанақ қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорда – сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы», – деді. Бұл – бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған, ұлт тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған қасиетті мекен. Екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағаны тарихтан белгілі.Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Кейінгі жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде. Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Қызылорданың көркеюіне ерекше үлес қосқан, бүгінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Сіздерді Қала күнімен құттықтап, ыстық ықыласын білдіруде. Бүгінгі мерейлі мереке Өздеріңізге арналады. Сүйікті қаламыз көркейе берсін! Қызылордамыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын! Арман-мақсаттарымыз орындалсын! Халқымыз аман, бірлігіміз бекем болсын! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!» –деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кеште елімізге танымал өнер иелері Индира Елубаева, Қазыбек Құрайыш, Үкітай Ерниязов, Балжан Бидаш, «KESH YOU» тобы және ALEM сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Гала-концерт мерекелік отшашумен қорытындыланды.Кейінгі жылдары Қызылорда қаласының инфрақұрылымы жаңарып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артып келеді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда.Сонымен қатар, тұрғын үйлер мен заманауи әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне айналды. Биыл Инклюзивті спорт орталығы, «Достық үйі» және «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Сондай-ақ «Ай-Керім» оқу-сауықтыру орталығы мен Ботаникалық бақ пайдалануға берілді.Қазіргі таңда Президенттік кітапхана, драма театр және бірқатар ірі медициналық нысан салынуда. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ашылған Президент саябағы тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.Қаланың сол жағалауын байланыстыратын жаңа автожол көпірі мен ерекше үлгідегі жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жалғасуда. Президент саябағы маңында заманауи аквапарк құрылысы да басталды. Жыл соңына дейін «Қызылорда Арена» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1308841?lang=ru
Қаржы министрлігі: МӘМС жүйесінде бақылауды күшейту медициналық көмек көрсетуге қосымша қаражат бағыттауға мүмкіндік берді 10.10.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілгеннен кейінгі бірінші кезектегі міндеті қаржылық шығындарға жол бермеу мен қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету болды. Азаматтарды емдеуге жұмсалатын қаражат медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің негізділігі мен нақты көрсетілуіне сәйкес жетуі тиіс.Жүргізілген жұмыстың 9 айдағы нәтижесі бойынша қаражаттың жылыстауына әкеп соғатын арналар анықталып, жолы кесілді, 23,4 млрд теңге көлемінде қаржылық шығынның алды алынды. Қозғалған қылмыстық істер аясында өнім берушілерге заңсыз төленген 7,9 млрд теңгеден астам қаражатты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жасанды интеллект негізіндегі антифрод жүйесін қоса алғанда, жаңа құралдарды қолдану заңбұзушылық белгілерін ақша аударылғанға дейін анықтауға және негізсіз төлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді.Үнемделген және қайтарылған қаражат медициналық көмекті төлеуге бағытталды. Қаржы министрлігі үшін бақылау нәтижесінің клиникалардың жұмысындағы нақты өзгерістерден және емделудің қолжетімділігінен көрініс табуы маңызды.Алғашқы өзгерістер қазірдің өзінде байқалып, медициналық ұйымдарға бағытталатын қаржы ағыны ұлғайды.Атап айтқанда, медициналық ұйымдарды қаржыландыру лимиттері ұлғайып, ауруханаларға медициналық көмек нақты көрсетілгеннен кейін медициналық қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігі берілді. Медициналық ұйымдарға көмек көлемін сызықтық шкаланы қолдану арқылы шектеу тәжірибесінен кезең-кезеңімен бас тарту жұмыстары жүріп жатыр.Бұл халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, ауруханалардың кредиторлық берешегін азайтуға ықпал етеді.Қор берешектің жалпы сомасын тіркеуден әрбір проблемалық клиника бойынша оның туындау себептерін талдауға көшті.Жалпы, ел бойынша мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар 68 медициналық ұйым анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаржылық сауықтырудың нақты жоспарлары әзірленді.Осылайша, кіріс бөлігін ұлғайту және қанағаттандырылмаған қажеттілік расталған жағдайларда оның көлемін түзету есебінен 2026 жылдың соңына қарай мерзімі өткен кредиторлық берешек көлемін 17 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін төмендету болжанып отыр.Бұл нәтижелер тұрақтанған сайын пациенттер оның нақты әсерін медициналық көмек алу кезегінің қысқаруы және қажетті емді уақтылы алу мүмкіндігінің артуы арқылы сезінуі тиіс.Жалпы, Мемлекет басшысы қойған бірінші кезеңнің міндеттері орындалды. Қаражаттың жұмсалуына бақылау күшейтіліп, анықталған қаражаттың жылыстау арналарының жолы кесілді, босатылған қаржы мақсатты бағытқа жұмсалды. Заңбұзушылықтардың алдын алу және қаражатты қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.Келесі кезеңде қаржыландыру тәсілдерін өзгерту көзделіп отыр. Ол үшін сақтандыру тетіктерін жүйелі түрде енгізу қажет. Атап айтқанда, емдеу мен міндеттемелердің құнын болжау мен бағалау, осы міндеттемелердің қаржылық қамтылуын жоспарлау, резерв қалыптастыру, сондай-ақ жағдайдың күрделілігі мен емдеу нәтижесін ескеретін ақы төлеу тәсілдерін қолдану қажет. Мұндай тәсіл қолда бар ресурстарды дәлірек бөлуге және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Медициналық көмекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу пациенттің мүддесіне бағдарлануы тиіс: уақтылы диагностикадан бастап емдеу, оңалту және кейінгі бақылауға дейінгі барлық кезеңді қамту қажет. Қаржыландыру осы жолдың толық өтуін қамтамасыз етуі, ал ақы төлеу тетіктері медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықты, уақтылы емдеуді және асқынулардың алдын алуды қолдауы тиіс.Қаржы министрлігінің келесі кезеңдегі  міндеті – пациент қажеттілігі, сақтандыру міндеттемелері мен олардың қаржылық қамтамасыз етілуі арасындағы осы байланысты нығайту. Алдағы өзгерістердің нәтижесі қажетті медициналық көмектің қолжетімділігі мен оны қаржыландырудың тұрақтылығы бойынша бағаланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1308719?lang=ru
Metlen Energy & Metals компаниясы Қазақстанда металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр 10.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грекияның Metlen Energy & Metals өнеркәсіптік тобының делегациясымен кездесті. Тараптар компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да бағалы металдарды бөліп алу жобасының іске асырылу барысын талқылады.Делегация құрамында M Critical & Rare Metals бағытының коммерциялық директоры Александрос Контузоглу және Metlen Energy & Metals компаниясының заң кеңесшісі, Қазақстан-Грекия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Томас Ламнидис болды.«Компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жоспарлары Үкіметтің өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту басымдықтарына сәйкес келеді. Біз жобаны одан әрі дамытуға, сондай-ақ бейінді министрліктермен, әкімдіктермен және қазақстандық компаниялармен өзара іс-қимылды жолға қоюға жәрдемдесуге дайынбыз», – деді Ардақ Зебешев.Кездесу барысында тараптар жобаны кезең-кезеңімен іске асыру моделін, логистика мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаны іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеуге дайын.А. Зебешев Metlen делегациясын 22 қазанда Шымкент қаласында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308679?lang=ru
ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ: ФЕДОРОВ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЭКОКВЕСТКЕ ҚАТЫСТЫ 09.10.2026
Федоров ауданында «Тәуелсіздік» алаңында аудандық «Достық керуені» фестивалі мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар мен жастарға арналған экологиялық квест өтті.Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және өскелең ұрпақты қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту.Қатысушылар бірнеше тақырыптық бекеттен тұратын арнайы маршрут бойынша тапсырмаларды орындады. Әр бекетте оларды экологияға қатысты сұрақтар, ребустар, зейін мен логиканы қажет ететін тапсырмалар, сондай-ақ командалық жұмысты талап ететін түрлі сынақтар күтті.Квесттің заманауи форматын цифрлық технологиялар да толықтырды. Келесі бекетке өту үшін қатысушылар смартфон арқылы QR-кодтарды сканерлеп, маршруттың бағытын өздері анықтап отырды.Ұйымдастырушылар экологиялық білімді тәжірибелік жұмыспен ұштастыруға ерекше мән берді. Жастар белгіленген аумақтардағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, жиналған қалдықтарды сұрыптады. Осылайша экология туралы алған білімдерін нақты іспен бекітіп, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлестерін қосты.«Біз жастарға экологиялық жауапкершілік әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келді. Сондықтан квест барысында білімді, ойын элементтерін және практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық», – деді Жастар ресурстық орталығының спикері Г. Б. Кабденова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат экологиялық тақырыпты жастар үшін түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, бірлескен еңбектің нақты нәтижесін де көрді.Экологиялық квест жастар арасында күнделікті өмірде қажет пайдалы дағдыларды қалыптастыруға да ықпал етті. Атап айтқанда, қоқысты кез келген жерге тастамау, тазалықты сақтау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау сияқты қарапайым әдеттердің маңызы түсіндірілді.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында осындай іс-шараларды өткізу жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, оларды табиғатты қорғау және қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласуға ынталандырады.Федоров ауданында өткен экологиялық квест қоршаған ортаны қорғау тақырыбын білім беру, ойын және тәжірибелік жұмыс форматтарымен ұштастыруға болатынын көрсетті. Ең бастысы – экология туралы айтумен шектелмей, оны нақты әрекетке айналдыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308566?lang=ru
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасала береді 09.10.2026
Қазіргі таңда аймағымызда 29,6 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 4 мыңға жуығы – балалар. Облыста балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 41 ұйым жұмыс істейд. 2026 жылдың басынан бері 1 337 мүгедектігі бар бала арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста бұрынғы өңірлік резиденция базасында 60 орындық оңалту орталығы ашылды. Онда жылына 18 жасқа дейінгі 900 балаға қызмет көрсетеді.Орталықты заманауи реабилитациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд теңге бағыттады.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өңірімізге келген сапарында Қостанай облысының әкімімен бірге Қостанайдағы оңалту орталығына арнайы барды. Ғимараттағы мамандандырылған кабинеттерді көрді. Орталық аумағында қор қаражатына салынып жатқан спорт нысандарымен танысты. Оның ішінде спорт алаңдарын салуға дайындалған учаскелер – футбол алаңы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорт алаңы: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын сәулет нысандарымен (ШАН) жабдықталған ойын алаңы, мектеп жасындағы балаларға арналған тренажерлармен жабдықталған спорт алаңы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1308584?lang=ru
Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын нығайтып келеді 09.10.2026
Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығын нығайтып келеді.ҚР Қаржы министрлігі бизнестің жұмысын жеңілдету, бюджеттің ашықтығын арттыру және жүйелік кемшіліктердің алдын алу үшін цифрлы құралдарды енгізуді мықтап қолға алды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді. Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) ескірген жеті жүйені алмастырып, жаңа Салық кодексіне бейімделді. Айталық, декларацияларды алдын ала толтыру енгізілді және ҚҚС бойынша айналымды есептеу автоматтандырылды. Жыл басынан бері 7,9 млн салық есебі қабылданып, мемлекеттік органдармен және банктермен 75 интеграция жасалды. Ал Smart Data Finance 80 көзден алынған деректерді біріктірді. Камералды бақылау қорытындысы бойынша 322 млрд теңге салық жинақталды. Бұған қоса ЖИ тексерулер жүргізілмес бұрын тәуекелдерді анықтауға көмектесіп келеді. Оларды цифрлы сервистердің көмегімен анықтау кәсіпкерлерге бұзушылықтарды алдын ала жоюға мүмкіндік береді. Тауарлардың ұлттық каталогында шамамен 33,5 млн тауар позициясы қамтылған. Оның негізінде құрылған Баға деректер базасы бюджеттік жоспарлауда қолданылып жүр. Тиісті бағалау бойынша 2024 жылғы деректер негізінде болжамды үнемдеу жылына - 200 млрд теңге. Бұдан бөлек KEDEN жүйесі электронды кедендік декларациялауды және «бір терезе» қағидатына сәйкес құжаттарды тапсыруды қамтамасыз етсе, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті министрліктің сервистеріне қолжетімділікті, хабарламалар мен техникалық қолдауды біріктіреді. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін цифрлы теңгені енгізу қолға алынды. Мәселен, айналымға шамамен 339 млрд цифрлы теңге шығарылып, 20-дан астам қанатқақты жоба жолға қойылды. Digital Qazyna порталы арқылы мемлекеттік ұйымдар арасында құны 433 млрд теңгеден асатын 56 мыңнан астам нысан берілді. Бұл мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін қолда бар мүлік есебінен қамтамасыз етуге жол ашты. Сонымен қатар бұзушылықтардың алдын алу үшін Smart Audit Qazaqstan платформасы құрылып жатыр. Жыл соңына дейін оның іргесін қалыптастырып, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу жоспарланған. Биыл бюджеттік жалақы төлемдерінің онлайн-мониторингін қамту 140% ұлғайды. «Бұл деректер негізінде мемлекеттік қаржыны басқарып, превентивті бақылауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бюджеттің әр теңгесінен түсетін кірісті арттыруға көшуді айғақтайды», деді Әсет Нұрланұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1308366?lang=ru
Ирландия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 09.10.2026
Астана, 2026 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов Қазақстан Республикасындағы Ирландияның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Джулиан Клэрден сенім  грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исетов ирландиялық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және Қазақстан мен Ирландия арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ білім беру, мәдениет және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Дж. Клэр министрдің орынбасарына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ирландия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді бірлесіе пысықтауға өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308381?lang=ru
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты 09.10.2026
Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық қор қаржысы салынған ірі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінуде. Тек биылдың өзіне қаралған 1,5 трлн теңге қаржының шамамен 60–70%-ы денсаулық сақтау саласына бағытталған.Жұмыс сапары кезінде Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары таныстырылды. Жоспарда терминал және ұшу-қону инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа рульдеу жолағын, жүк перронын салу және сервистік нысандарды дамыту көзделген.Мамыр айындағы сапарында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласының әкімімен бірге әуежайдағы жұмыс сапасын, оның талаптарға сай келмейтін кемшін тұстарын сынға алып, мердігер мекемеге нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы жолы сол кезде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне баса назар аударылды.Одан кейін 8 шақырымдық Р-17 «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының төрт жолаққа дейін кеңейтілуі жоспарланған аумақты, «Алматы – Бішкек» автожолының 7 шақырымын қайта жаңғырту жобасын қарап шықты. Мұнда жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіліп, екі жолайрық және тоғыз жерүсті жүргінші өткелі салынады. Жоба Алматы мен қала маңындағы негізгі бағыттардың бірінің көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол инфрақұрылымының мүмкіндігін кеңейтеді.Келесі нысан – Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана. Ол жаңартудан кейін 900 орындық болады. Жоба аурухана корпустары мен инженерлік жүйелерін жаңартуды, құрылымдарды күшейтуді және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтиды.Нұрлыбек Нәлібаев республикалық бюджет қаражаты мен алдағы жылға жоспарланған қаржыландыруды ескере отырып, қаланың денсаулық сақтау саласына 196 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы қаражаттың 60–70%-ын дәл осы денсаулық сақтау нысандарын салуға бөлуді тапсырды, өйткені халыққа бірінші кезекте заманауи медициналық инфрақұрылым қажет. Енді осы қаражатты игеріп, барлық жұмысты дер кезінде аяқтап, нысандарды халық игілігіне беру керек. Бұл – Премьер-министрдің де бақылауындағы аса маңызды жобалар», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.Сапар барысында Саин көшесін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы да қаралды. Жаңа аумақтың ұзындығы 6,6 шақырым, жоба бойынша жол, инженерлік коммуникациялар және теміржол үстінен өтетін жол өткелі салынады. Бұл қаланың Қарасай ауданымен және ҮАААЖ арқылы көлік байланысын жақсартады.Бүкіл агломерация үшін маңызы бар тағы бір жоба – Алматының батыс кәріз коллекторы. Негізгі учаскенің ұзындығы 35 шақырым, бүгінде 17,9 шақырым құбыр тартылған. Жоба аяқталғаннан кейін Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аумақтарының шамамен 200 мың тұрғыны орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.Бұдан кейінгі нысан – 3,4 шақырым Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жобасы. Оның мақсаты – жол, Ақсай өзені арқылы көпір және ҮАААЖ үстінен жол өткелін салу. Жаңа аумақ Алматыдан шығатын қосымша бағыт қалыптастырып, Қарасай ауданымен көлік байланысын тиімді етеді.Алматының әлеуметтік нысандарымен танысу Сейфуллин көшесіндегі 155 орындық №1 қалалық перзентханаға және Әйтеке би көшесіндегі бір ауысымда 500 келуші қабылдауға есептелген емханаға барумен жалғасты.Аталған нысандарда тек қала тұрғындарына ғана емес, бүкіл агломерацияға қызмет көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1308028?lang=ru
Қазақстанның 75 әскери қызметшісі жасанды интеллект көмегімен цифрлық шешімдер әзірлеуді үйренбек 09.10.2026
Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне жасанды зердені күнделікті қызметте қолдануға үйрететін оқу басталды. Курстан барлығы 75 адам өтеді. Олардың қатарында Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің мерзімді әскери қызметшілері де бар.Практикалық сабақтар барысында әскери қызметшілер вайб-кодингтің негіздерін, яғни жасанды интеллектке берілетін сұраулар арқылы бағдарламалар мен цифрлық құралдар әзірлеу тәсілін меңгереді. Қатысушылар үлкен көлемдегі деректерді талдау және визуализациялау, цифрлық платформалар әзірлеу, сондай-ақ жұмыс үдерістерін автоматтандыру дағдыларын игереді.– Біздің мақсатымыз – әскери қызметшілерге күнделікті қызметтік міндеттерінде қолдана алатын дағдыларға машықтандыру. Біз оларды нақты міндеттерге арналған цифрлық шешімдерді өз бетінше әзірлеуге баулимыз. Бұл еліміздің өңірлеріне қатысты деректерді талдаудан бастап, жұмыс үдерістерін автоматтандыруға дейінгі міндеттерді қамтиды. Ең бастысы – оның қалай жұмыс істейтінін көрсету және алғашқы қадам жасауға көмектесу. Осыдан кейін әр адам өз идеясын өз бетінше дамыта алады, – деді MNU басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен.Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта әскери қызметшілерге арналған арнайы жасанды интеллект жүйесін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оған енгізілген деректер жүйеден сыртқа шықпайды. Бұл әскери ақпаратты қорғау талаптарын ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.– Вайб-кодинг бойынша сабақтар күнделікті қызметімде көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оның көмегімен тапсырмаларды бірнеше есе жылдам әрі тиімді орындауға болады. Маған жасанды интеллект арқылы бірнеше қосымшамен бір мезгілде жұмыс істеп, оларды бір жүйеге біріктіру мүмкіндігі ұнады. Бағдарламаның өзі қажетті кодты жазады, ал пайдаланушының міндеті – тапсырманы дұрыс тұжырымдау, – деді Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері майор Ғани Қорғанбаев.Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталады.«AI-X» бағдарламасы MNU-да үш жылдық мемлекеттік эксперимент аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама жасанды интеллект технологияларын меңгеруді салалық даярлықпен ұштастырады. Практикалық сабақтар үшін университеттің арнайы AI Agentic Lab зертханасы мен есептеу ресурстары пайдаланылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1307908?lang=ru
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты үш жылда алғаш рет профицитке шықты 09.10.2026
Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 2,4 млрд доллар немесе ЖІӨ-нің 1,6% профицитімен қалыптасты.Салыстыру үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың тапшылығы 13,1 млрд доллар. Жақсартудың негізгі факторы экспорттың импортқа қарағанда өсу қарқынынан озып кету болды.Ағымдағы шоттың профициті нені білдіредіТөлем балансының ағымдағы шоты елдің сыртқы экономикалық операцияларын, соның ішінде тауарлар мен қызметтердің саудасын, кірістер мен ағымдағы трансферттердің қозғалысын көрсетеді.Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдер шетелдегі төлемдерден асып түсетінін білдіреді. Бұл экономиканың сыртқы қаржыландыру қажеттілігін азайтады.Төлем балансының динамикасы2016-2025 жылдар ішінде Қазақстанның ағымдағы шоты он жылдың тоғызында тапшы болды. Орташа тапшылық ЖІӨ-нің шамамен 2,7%-ы. Бұл ретте тауарлар саудасы жыл сайын профицитті қамтамасыз етіп, оның едәуір бөлігі шетелдік инвесторларға табыс төлемдерімен өтелді.2022 жылы 6,4 миллиард доллар профицитінен кейін ағымдағы шот қайтадан тапшы болды: 2023 жылы 8,3 миллиард доллар, 2024 жылы 6,8 миллиард доллар және 2025 жылы 13,1 миллиард доллар. 2025 жылдың нәтижесіне мұнай бағасының төмендеуі және импорттың жоғары көлемі әсер етті.2026 жылдың I жартыжылдығында ағымдағы шоттың сальдосы шамамен 6 миллиард долларға жақсарды: бір жыл бұрынғы 3,6 миллиард доллар тапшылығынан 2,4 миллиард доллар профицитіне дейін. Профицит 3,2 миллиард АҚШ долларын құраған кезде негізгі жақсарту II тоқсанда болды.Осылайша, үш тапшылық жылдан кейін ағымдағы шот қайтадан оң аймаққа шықты.Профициттің экономика үшін маңызыЭкономикаға валюта ағыны артып келеді.I жартыжылдықта тауар профицитін 2 еседен астам – 7,7-ден 16,2 млрд АҚШ долларына дейін кеңейту шешуші рөл атқарды.Экспорттық түсімдердің импорт, қызметтер және кірістер бойынша шығыстардан асып кетуі сыртқы шығыстарды меншікті валюталық кірістермен көбірек жабуға мүмкіндік береді. Бұл сыртқы қарыздар мен капитал ағынына тәуелділікті азайтады. Сыртқы қаржыландыру қажеттілігінің төмендеуі экономиканың шетелдік капиталдың кетуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауына осалдығын төмендетеді. Сыртқы тұрақтылық күшейтіледі. Экспорттаушылардан валютаның тұрақты ұсынысы валюта нарығына қысымды төмендетеді және сыртқы активтердің жинақталуына жағдай жасайды.Төлем балансын қалыптастырудағы мемлекеттің рөліМемлекет сыртқы қаржы ресурстарын басқару, инвестициялар үшін жағдай жасау және экономикалық саясат жүргізу арқылы төлем балансының жай-күйіне әсер етеді.Тікелей қатысу Ұлттық банктің резервтік активтерін, Ұлттық қордың қаражатын және сыртқы қарыздарды басқарумен байланысты. Жанама-инвестициялық ахуалды қалыптастырумен, тікелей шетелдік инвестицияларды тартумен, ақша-кредит және валюта саясатымен.Экспорт: жеткізілімдердің өсуі және шикізаттық емес құрамдас бөліктің ұлғаюыҰлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың І жартыжылдығында төлем балансының әдіснамасы бойынша тауарлар экспорты 27,1% - ға, 48,5 млрд долларға дейін өсті. Тауар позицияларының 80% - дан астамы бойынша оң динамика байқалды.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезеңде мыс пен мыс катодтарын жеткізу 58% — ға, мыс кендері мен концентраттарын жеткізу 42,9% — ға, уран — 15,1% - ға, бидай-28,2% - ға ұлғайды. Күкірт экспорты 2,9 есе, күміс 2,4 есе өсті.Жеті айдың қорытындысы бойынша өсім жалғасты: тауарлар экспорты 15,8% - ға, 50,9 млрд долларға дейін өсті. Сыртқы сауданың оң сальдосы 14 млрд долларға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 5,4 млрд долларға асып түсті.Өңдеу өнеркәсібінің 9% - ға өсуі аясында шикізаттық емес экспорт 19,5% - ға, 18,6 млрд долларға дейін өсті.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 34,8% - ға, 3,7 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін өсті. Негізгі үлесті бидай (+25,5%), күнбағыс майы (+49,1%), мал азығы (+68,2%), зығыр тұқымы (өсуі 2,2 есе) және ұн (+37,1%) қамтамасыз етті. Бұл позициялар аграрлық экспорттың шамамен 60%-ы.Импорт: тұтыну импорты төмендеген кезде өндіріс үшін сатып алуды ұлғайту2026 жылдың I жартыжылдығында импорттың өсуі оның құрылымының өзгеруімен қатар жүрді: жабдықтар мен аралық тауарларды сатып алу көбейді, ал тұтыну тауарларын әкелу азайды. Ұлттық Банк пен ҰСБ деректерін салыстыру мұндай динамика өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар мен өндірістің кеңеюімен сәйкес келетінін көрсетеді.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тауарлар импорты 5,5% - ға өсіп, 31,5 миллиард долларға жетті. Оның көлемінің жартысына жуығы — 47,6% - аралық тауарлар болды. Олардың импорты 14% - ға, 15 миллиард долларға дейін өсті. Тұтыну тауарларының үлесі 26,5% -. құрап, 10,5% - ға төмендеді. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта тұтынушылық азық-түлік емес тауарлардың импорты 15,4% - ға төмендеп, 5,6 млрд. АҚШ.Ұлттық Банктің төлем балансының әдіснамасы бойынша импорт 6,2% - ға, 32,3 млрд долларға дейін ұлғайды. Импорттың өсу қарқыны экспорттың өсу қарқынынан төрт есе төмен болды. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша аралық тауарларды сатып алу 13,8% - ға өсті, ал азық-түлік емес тұтыну тауарларының импорты 11,2% - ға қысқарды.Инвестициялық тауарлардың импортыИнвестициялық тауарлардың импорты 10,6%, 8,1 млрд. АҚШ доллары. Жабдықтарды сатып алудың артуы өнеркәсіпке күрделі салымдардың өсуімен қатар жүреді. Атап айтқанда, электр генераторлық қондырғылардың импорты 83% – ға, көтеруге, жылжытуға, тиеуге және түсіруге арналған машиналар мен құрылғылардың импорты 70,1% — ға, топырақты сұрыптауға және ұсақтауға арналған жабдықтардың импорты 2,1 есе өсті.Аралық тауарлардың импортыӨндірістік ресурстарды сатып алудың өсуі табиғи газ импортын 96,3% — ға, турбореактивті қозғалтқыштар мен газ турбиналарын — 2,7 есе, мұнай өнімдерін — 41,6% — ға, уранды-2,6 есе және Алтынды-6 есе ұлғайтумен қамтамасыз етілді.Сатып алудың өндірістік бағытын күрделі салымдардың динамикасы растайды. ҰСБ деректері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 9,6% - ға, 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 33,3% - 1, 1,43 трлн теңгеге дейін немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 15%-ы.Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 9,8% — ға, машина жасау — 23,1% - ға, химия өнеркәсібі-20,7% - ға ұлғайды.Жабдықтар импортының ұлғаюы жаңа кәсіпорындардың құрылысымен, жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюімен және технологиялық жаңарумен байланысты. Мұндай инвестициялардың экономикалық әсері жаңа қуаттардың енгізілуіне байланысты көрінеді.Тұтыну тауарларының импортыI жартыжылдықта тұтыну тауарларының импорты 10,5% - ға, 8,3 млрд долларға дейін төмендеді. Жеңіл автомобильдерді жеткізу 21,9% — ға, дәрілік заттарды жеткізу — 18,7% — ға, чемодандар мен сөмкелерді жеткізу — 49,4% - ға, әйелдер тоқыма киімдерін жеткізу-38,9% - ға, кондиционерлерді жеткізу-34,3% - ға қысқарды.Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік емес тұтыну тауарлары импортының төмендеуі 2023 жылдың IV тоқсанынан бастап қатарынан 11 тоқсанға жалғасуда.Жеңіл автомобильдерді әкелудің қысқаруы отандық өндірістің өсуі аясында орын алуда. Қаңтар-маусым айларында ресми дилерлік сегменттегі сатылымдарды сақтай отырып, жеңіл автомобильдер 37,2% - ға, 88 886 бірлікке дейін өсті. Бұл импортты отандық құрастырумен ішінара ауыстыруды көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1307884?lang=ru
Иран Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 08.10.2026
2026 ж. 8 қазан, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Махмуд Сафари Фархудтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исағалиев оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Иран арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытудың, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтудің және мәдени-гуманитарлық іс-қимылды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.Өзара сауда көлемін арттыру, көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтарда да белсенді әрі сындарлы іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1307418?lang=ru
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды 08.10.2026
Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна балық өндіретін «Бақыт» кәсіпорны іске қосылды.  Инвестиция құны – 500 млн теңге. Мұхаметжан Түймебаев ауылында ашылған шаруашылықта балық өсірумен қатар, ол үшін қажетті тор қоршау мен оның бөлшектері жасалады. Кәсіпорын – аталған құрал-жабдықтарды шығаратын еліміздегі алғашқы өндіріс ошағы, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімге Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. «Бұл жоба – өңіріміздегі балық шаруашылығын дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Бүгінде кәсіпорын өнімдері Алматы облысынан бөлек, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан мен Жетісу облысының балық шаруашылықтарына жеткізіліп, пайдаланылуда. Бұл отандық жабдықтарға сұраныстың жоғары екенін және кәсіпорынның еліміздегі балық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын көрсетеді. «Бақыт» шаруашылығы алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенемін», – деді Бақытнұр Бақытұлы. Сондай-ақ ол Алматы облысында бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Айтуынша, биыл өңірде балық шаруашылығын дамытуға 1 млрд теңге субсидия бөлінді. Бүгінде облыста 53 балық өсіретін шаруашылық жұмыс істейді. Былтыр өңірде 5,8 мың тонна балық өндірілді. Биыл оның көлемін 10 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгін ашылған «Бақыт» шаруақожалығы осы мақсатты жүзеге асыруға, ауылда кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Кәсіпорында балықтар көлдің ортасында арнайы тор қоршауда өсіріледі. Шаруақожалық басшысы Бақыт Алдыбаевтың айтуынша, әуелі салмағы 200 грамм шабақ суға жіберіліп,  3 айдың ішінде 2,5-3 келі тартатын балыққа айналады. Балықтарға экологиялық таза жем беріледі. Кәсіпорын қазірдің өзінде 100 тоннадан астам өнім алып үлгерді. Ол үшін 12 тор қоршау қолданылды. Келесі жылы балық көлемін 400 тоннаға жеткізіп, қоршауды 30-ға көбейту жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби мамандардан құралған 15 адам жұмыс істейді. Олар балықтың жағдайын қадағалайды. Қазіргі таңда шаруашылыққа қажет қоршау кәсіпорынның өзінде жасалады. Ал тор шетелден импортталады. Болашақта тор тоқитын цех ашып, өндіріс орнын көбейту жоспарлануда. Сол кезде жұмысшылар саны 45-50 адамға көбейеді. Кәсіпорынның ашылғанына М.Түймебаев ауылының тұрғындары дән риза. Солардың бірі – Әмзе Исаев.«Ауылымызда осындай игі жобаның іске асырылып жатқаны –құптарлық іс. Бұл елдімекен тіршілігіне жан бітіріп, жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Ауылымыздағы көлде кезінде балық шаруашылығы жақсы дамыған. Бірақ кейін қиын кезеңдерде тұралап қалды. Бұл бастаманың қайта жанданып жатқанына қуаныштымын», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1307567?lang=ru
Қазақстан мен Грекия бірлескен инвестициялар үшін жаңа бағыттарды айқындады 08.10.2026
2026 жылғы 8 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грек Республикасының Қазақстандағы Елшісі Антониа Кацурумен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады.«Қазақстан мен Грекия арасындағы әріптестіктің нәтижесін тек мұнай жеткізу көлемімен емес, ашылған жаңа өндірістермен, енгізілген технологиялармен және құрылған жұмыс орындарымен де өлшегіміз келеді. Грек бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығы барған сайын практикалық сипат алып келеді. Енді жалпы уағдаластықтардан нақты экономикалық нәтижелерге көшетін уақыт келді. Біз әр инвесторға алғашқы келіссөздерден бастап кәсіпорынды іске қосуға дейін жүйелі қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті А.Зебешев.Бұл қызығушылық нақты жобалармен расталып отыр. Қазақстанда грек капиталының қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан–Грекия ынтымақтастығының инвестициялық жобалар портфелінде жалпы құны 133,5 млн АҚШ долларын құрайтын 8 жоба бар.Олардың бірі SABO компаниясы Өскемен, Семей және Ақтөбе қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін үш зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын тағы бес жоба пысықталу кезеңінде. Олардың қатарында Doppler компаниясының Астанада лифт жабдықтарын өндіру жобасы, Desserta Hellas компаниясының Ақмола облысында сүт өнімдерін өндіру зауытын салу жобасы, сондай-ақ өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен күн энергетикасы салаларындағы жобалар бар.METLEN Energy & Metals компаниясы металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да аса маңызды металдарды алу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.Экономикалық әріптестіктің негізін энергетика саласы құрайды. Қазақстан Грекияға шикі мұнай жеткізушілер арасында екінші орында тұр және Грекияның мұнай импортының шамамен 24%-ын қамтамасыз етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд АҚШ долларын құраса, 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында бұл көрсеткіш 1,5 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1307749?lang=ru
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті 08.10.2026
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен.ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1307824?lang=ru
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады 08.10.2026
Рим, 2026 жылдың 7 қазаны – Италия Республикасына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі қазақстан-итальян үкіметаралық жұмыс тобының 10-отырысын өткізді. Сондай-ақ итальяндық компаниялар мен іскерлік бірлестіктердің басшыларымен бірқатар кездесу өтті.Жұмыс тобының отырысында итальяндық тарапты Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли басқарды. Тараптар бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысына шолу жасап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Басты назар өзара саудамызды әртараптандыруға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ энергетика, көлік пен логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа да болашағы зор салалардағы өзара іс-қимылға аударылды.2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауданың жалпы көлемі шамамен 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы 9,79 млрд долларға жетті. Оның ішінде Қазақстанның экспорты шамамен 9 млрд доллар, Италиядан импорт 789,6 млн доллар болды. Сонымен қатар итальяндық өнімнің Қазақстанға жеткізілімі 13,5%-ға өсті.Тараптар басты міндеттердің бірі ретінде өзара саудаға одан әрі әртараптандыруды және қосылған құны жоғары өнімнің жеткізілімін арттыруды атап өтті. Қазақстан тарапының бағалауынша, отандық өнімнің Италия нарығына қосымша экспорттау әлеуеті шамамен 307,5 млн АҚШ долларын құрайды. Ең мол мүмкіндік металлургия, мұнай-химия, тамақ және химия өнеркәсібінде, машина жасауда және басқа да салаларда бар.Іскерлік байланысты дамытудың маңызды практикалық құралы ретінде 2026 жылдың ақпанында Алматыда ашылған Қазақстан-Италия сауда үйі атап өтілді. Бұл алаң экспортты ілгерілетуге, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және екі елдің бизнесі арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған.Инвестициялық ынтымақтастыққа бөлек екпін жасалды. Бірлескен жобаларды ілгерілету үшін тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ екі елдің қаржы институттары мен іскер топтарының арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.Орта Азия мен Еуропаны жалғайтын сенімді әрі тиімді мультимодальды дәліз ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға да көп көңіл бөлінді. Қазақстан итальяндық теміржол және логистикалық компанияларды Ақтау мен Құрық порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Энергетика саласында тараптар дәстүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.Агроөнеркәсіп кешенінде өсімдік шаруашылығы, астық өңдеу және мал шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды. Тараптар локализация деңгейін арттыру және құрамдас бөлшектер базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Мақсат – қазақстандық құрамдас бөлшектерді жаһандық жеткізу тізбегіне кіргізу.Сонымен қатар тараптар экология мен су ресурстарын орнықты басқару, туризм мен спорт, мәдениет пен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Климаттық бастамаларға, энергия тиімділігіне, декарбонизацияға, су ресурстары саласына заманауи инженерлік және цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ кәсіби және білім беру алмасуларын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.Үкіметаралық жұмыс тобының күн тәртібін практикалық тұрғыда жалғастырған сапардың іскерлік бағдарламасы болды. Итальяндық компаниялармен келіссөздердің басты тақырыбы – Қазақстан мен Италия бизнесінің практикалық өзара іс-қимылын кеңейту болды. Бұған қазақстандық өнімді ілгерілетуден және тікелей коммерциялық байланыс орнатудан бастап, инвестиция мен технология тартуға, бірлескен жобаларды іске асыруға дейінгі мәселелер кірді.Келіссөздердің едәуір бөлігі итальяндық және еуропалық бизнесті Қазақстандағы инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға тартуға арналды. Blacktrace және Value Partners өкілдерімен нақты жобалар пулын қалыптастыру, оларға инвесторларды, технологиялық және инжиниринг серіктестерін тарту мүмкіндіктері қаралды. Перспективалы бағыттар қатарында сын материалдар мен сирек жер металдарын терең өңдеу, Орта дәліздің логистикалық инфрақұрылымын дамыту, су үнемдеу технологиялары, деректерді өңдеу орталықтары және жасанды интеллект инфрақұрылымы аталды.Сонымен бірге қазақстандық тарап инвестиция мен мердігер ұйымдарды тартуға ғана емес, сондай-ақ өндірістік кооперацияны тереңдетуге де мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, инженерлік құзыреттер мен технологияларды локализациялауға, отандық мердігерлердің қатысуына, кадр даярлауға және қазақстандық үлесті бірте-бірте арттыруға мән берілді. Келесі практикалық қадам ретінде бірнеше пилоттық жобаны анықтап, олар бойынша ынтымақтастықтың нақты модельдерін қалыптастыру ұсынылды.Іскерлік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – қазақстандық өндірушілердің Италия нарығына шығуының жаңа арналарын құру болды. Crai Mediterranea компаниясымен келіссөз барысында қазақстандық азық-түлік өнімін итальяндық бөлшек сауда желілеріне тікелей жеткізу мүмкіндігі қаралды.Перспективалы санаттар қатарында өсімдік майлары, бал, кондитерлік, дәнді және ұн өнімдері, бұршақ тұқымдастар мен органикалық тауарлар аталды. Практикалық тетік ретінде жекелеген дүкендерде қазақстандық өнімнің пилоттық сөресін іске қосып, кейін Gruppo CRAI желісі арқылы жеткізілімді кеңейту ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың итальяндық топтың өзінің сауда белгілерімен өнім шығару мүмкіндігі де талқыланды.Экспорт тақырыбы ASSOEBIOS ұйымымен келіссөзде жалғасты. Ұйым орнықты биосұйықтықтар саласындағы итальяндық электр энергетикасы операторларының мүддесін білдіреді. Итальян тарапы қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатын кейіннен өңдеп, биоэнергетикада пайдалану үшін сатып алуға қызығушылық танытты. Күнбағыс, рапс және олардың өңдеу өнімдерін, оның ішінде өсімдік майларын қоса алғанда, майлы дақылдарды жеткізуге мүмкіндік бар.Ірі инвестициялық және экспорттық бастамалармен қатар, Қазақстан нарығына жаңа технологиялық бизнес-модельдерді шығару мүмкіндіктері де талқыланды. CoolXp компаниясымен Қазақстанды компанияның Орталық Азиядағы бизнесін кейіннен ауқымдау үшін пилоттық нарық ретінде пайдалану перспективасы қаралды. Бірінші кезеңде жабдықты Астана мен Алматыда сынақтан өткізу, одан әрі қажетті көлемге жеткенде сервистік қызмет көрсетуді, шығыс материалдарын және жекелеген құрамдас бөлшектерді кезең-кезеңімен локализациялауды қарастыру ұсынылды.Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы жүйелі өзара іс-қимыл мәселелері Италия-Қазақстан сауда палатасының басшылығымен де талқыланды. Тараптар тікелей іскерлік байланысты кеңейтудің, қазақстандық компанияларға Италия нарығына шығуға жәрдемдесудің және Қазақстан мен Италияның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар аталған бастамаларды практикалық арнаға көшіруге келісті. Атап айтқанда, нақты жобалар мен әлеуетті серіктестерді айқындау, компаниялар арасында тікелей келіссөз ұйымдастыру және ынтымақтастықтың мүмкін форматтарын пысықтауды жалғастыру көзделіп отыр. Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-пен бірлесіп, қол жеткізілген келісімдерді одан әрі жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен және қазақстандық бизнеспен қажетті байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1307855?lang=ru
MagnumGo: Қостанайда жаңа индустриялық-логистикалық хаб бой көтереді 08.10.2026
«Magnum E-commerce» компаниясы Қостанай қаласында MagnumGo индустриялық-логистикалық хабын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба компанияның бас директорының орынбасары Эльнар Алтаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуінде таныстырылды.Жоба аясында жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр болатын «А» санатты жаңа буындағы индустриялық хаб қойма кешенін салу көзделген. Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.Индустриялық-логистикалық хаб Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн-супермаркетінің жұмыс істеу қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда онлайн-супермаркетте 10 мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Оның жартысына жуығы – Қазақстанда өндірілген өнімдер.Жобаны іске асыру нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жаңа хаб онлайн-супермаркет арқылы тәулігіне 6 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді.Сатып алушылар үшін тауарларды қоймадан тікелей үйге дейін жеткізу қызметі тегін жүзеге асырылады.Жаңа индустриялық-логистикалық хабтың іске қосылуы Қостанай қаласында заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, электрондық сауда көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1307248?lang=ru
Алматыдағы әскери институттың 200-ден астам курсанты кітап оқу клубына қосылды 08.10.2026
Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында кітап оқу клубы ашылды. Оған 200-ден астам екінші және үшінші курс курсанты өз еркімен қосылды. Жоба оқу мәдениетін дамытуға, дүниетанымды кеңейтуге және болашақ офицерлердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.Клуб Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасы мен «Оқитын ұлт» жобасын қолдау мақсатында құрылып отыр. Жоба жұмысы блогер әрі кітап оқуды насихаттаушы Данияр Жігітбектің қатысуымен ұйымдастырылды.Апта сайынғы кездесулер институтта ашық пікірталас форматында өтеді. Талқылау үшін классикалық әдебиет туындылары мен қалың оқырманға қызықты заманауи кітаптарды таңдау жоспарланған. Курсанттар оқыған шығармаларын талдап, өз пікірлерін ортаға салып, жылдам оқу әдістерін меңгереді. Әсіресе патриотизм, жауапкершілік, көшбасшылық және адамгершілік таңдау тақырыптарына ерекше назар аударылады.Әдеби шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен шешім қабылдау себептерін талқылау клуб мүшелеріне жағдайды әр қырынан қарастыруға, өз көзқарасын дәлелдеуге және әңгімелесушінің пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Болашақ командирлер үшін мұндай дағдылар жеке құраммен жұмыс істеу және салмақты шешімдер қабылдау барысында аса маңызды.– Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін, әсіресе тарихи шығармалар мен фэнтези жанры қызықтырады. Осы уақытқа дейін елуден астам кітап оқыдым. Атап айтсам, олардың қатарында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» және Бауыржан Момышұлының барлық шығармалары бар.  Сондықтан кітап оқу клубына қуана жазылдым. Институтымызда кәсіби дайындыққа ғана емес, біздің қызығушылықтарымызға да көңіл бөлініп, дүниетанымымызды кеңейтуге және жан-жақты дамуға мүмкіндік беріліп жатқаны қуантады, – деді 3-курс курсанты Мирас Бисембаев.Жоба ұзақ мерзімге жоспарланған. Тұрақты кездесулер мен әдеби шығармаларды талқылау болашақ офицерлерді даярлау мен тәрбиелеу үдерісінің тұрақты бөлігіне айналады деп жоспарланып отыр. Бұл кәсіби білім берумен қатар, курсанттардың қарым-қатынас мәдениетін және өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1307160?lang=ru