Қуқық
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді 08.05.2025
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/988956?lang=kk
Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 08.05.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы 25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/988944?lang=kk
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді 08.05.2025
2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, Қазақстанда оны белсенді іске асыруды жалғастырады. "AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді."Дипломмен ауылға" мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент "Отбасы банк" АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.Жобаны іске асырудың 2009-2024 жылдардағы нәтижесі мынадай:• 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алды;• 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-78 мың адам (68,3%);* Денсаулық сақтау қызметкерлері — 24,4 мың адам (21,4%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-6,9 мың адам (6%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-4 мың адам (3,5%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-900-ге жуық адам (0,8%).Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-35,1 мың адам (67,1%);* Денсаулық сақтау мамандары — 11,6 мың адам (22,2%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-3,4 мың адам (6,4%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-1,9 мың адам (3,6%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-360-тан астам адам (0,7%).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/988860?lang=kk
Қазақстандық офицерлер 312-ші атқыштар дивизиясы ұрыс жүргізген орындарға барды 08.05.2025
Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясында оқитын қазақстандық тыңдаушылар, адъюнкттер мен докторанттар соғыс жылдарында Ақтөбеде жасақталған 312-ші атқыштар дивизиясы шайқасқан орындарға барды.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Калуга облысы Малоярославец ауданы Детчино ауылында болды. Александр Кусков басқаратын "Красная гвоздика" патриоттық клубының мүшелерімен бірге олар "Балалар мәдениет үйі" мұражай-көрме экспозициясына барды. Ауыл маңында 312-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлікпен шайқасқан Детчинск секторы қорғаныс шебінің шегінде әскери жерлеу орындары бар.1941 жылдың қазан айында Можай қорғаныс шебінің Детчинск секторында Ақтөбеде құрылған көпұлтты 312-ші атқыштар дивизиясы Мәскеуді қорғауға қатысты. Қазақстандықтар Боровск, Малоярославецк және Детчинск бағыттарында шайқасқа кірді. Қазақстандық құрама үлкен шығынға ұшырай отырып, жаудың моторлы күштерінің алға жылжуын кешіктірді. Жоғары тұрған қолбасшылықтың бұйрығымен өзінің жауынгерлік позициясын сақтап қалды. 312 атқыштар дивизиясының 10867 жауынгерінен 147 ғана адам тірі қалды.– Тарихтың Ұлы Отан соғысы туралы баяндайтын беттері тым алыс және шынайы емес сияқты көрінеді, - деп бөлісті әскери академияның докторанты полковник Әсет Аққозинов. - Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған жерлестеріміздің ерлігі ешқашан өшпейді.312-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен Подольск жаяу әскер училищесінің курсанттары жерленген бауырластар зиратында қазақстандық әскери қызметшілерді "Д. Березовка" ауылдық елді мекенінің әкімшілік басшысы Елена Андреева қарсы алды. Мұнда салтанатты митинг өтіп, шайқаста қаза тапқан қазақстандықтарды еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988866?lang=kk
Қарағанды облысында Qaisar әскери-патриоттық ойындары өтіп жатыр 08.05.2025
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған іс-шараға 300-ден аса жеткіншек қатысты. Олардың қатарында бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәндерінің және әскери кафедралардың оқытушылары, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысының қатысушылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген жоғары сынып оқушылары бар. Ойынның ұйымдастырушысы – Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты бұл шараны Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Ойынның ашылу салтанатына Мәжіліс спикері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары, Қорғаныс министрлігінің, «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.– Qaisar ойыны пайда болғаннан бері бес мыңнан аса ұл-қызды бір арнаға тоғыстырған нағыз батылдықтың, отансүйгіштіктің, жауапкершілік пен тәртіптің ордасына айналды. Аталған қасиеттердің бәрі әр адамға өмірдің кез-келген саласында қажет. Бұндай шара адамның мінезін шыңдап, алға қойған мақсаттарға жетуге жөн сілтейді, борыштың не екенін ұқтырады, – деді партия төрағасы Еран Қошанов. Бұдан өзге ол мемлекет бүгінде қатысушыларға әскери қызметшілерді қолдауға және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударатынын да айта кетті. – Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін жастар ақысыз жоғары білім ала алады. Қазірдің өзінде 4500-ден аса жас осы мүмкіндікті пайдаланды, – деп нақтылай түсті Е. Қошанов.Qaisar ойын бағдарламасында ату, автоматты бөлшектеп, құрастыру, әскерилендірілген эстафета, зерделі жарыс пен тактикалық тапсырмалар бар. Биыл бағдарламаға алғаш рет ұлттық спорт түрлері мен заманауи технологиялармен байланысты пәндер енгізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай оқу-жаттығу орталығының аумағында ұйымдастырылған көрмені тамашалаған жастар қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерлігін еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988776?lang=kk
Ақтау гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 08.05.2025
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Іс-шараға өткен жылдың көктемінде еліміздің жеті өңірінен шақырылған 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Қонақтардың қатарында Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева және әскери бөлімдердің командирлері бар.- Сіздер бригадада лайықты қызмет еттіңіздер. Бір жыл ішінде өмірлік тәжірибе жинап, нағыз ерлер мен патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар. Болашақта өздеріңе пайдалы болатынына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деді бригада командирі полковник Марат Құдабаев.Әскери қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табыс етілді.Алғыс сөздер әскери қызметшілердің өздерінен де айтылды.- Әскери бөлім командирі полковник Марат Рашитұлы Құдабаевқа, бөлімше командирлері мен сержанттар құрамына біздің қалыптасу жолындағы білімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін үйге оралғанда көпшілігіміз келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, тағдырымызды Қарулы күштермен байланыстыру туралы шешім қабылдадық, - деді Ержанат Болатбайұлы.Айта кетейік, көктемгі науқан қорытындысы бойынша Ақтау гарнизонынан 1500-ге жуық әскери қызметші запасқа шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988780?lang=kk
Арқалық стратегиялық рөлін қайта қайтарып жатыр: көлік, білім, инфрақұрылым 08.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Ұлттық маңызы бар бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астанаға дейінгі жолды 600 км-ге, ал Қостанай мен Петропавлға дейінгі жолды 450 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы байланысты жылдам әрі қауіпсіз етеді. Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы — педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты. Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады. Экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы — баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді. Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», — деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988753?lang=kk
Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы 08.05.2025
1. 2025 жылғы егіс науқаны. Ағымдағы жылы облыста көктемгі егіс алқабы 5,1 млн. га құрайды.Дәнді дақылдарды 4,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды 755 мың гектарға егу жоспарлануда.Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарының қажетті көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы картоп - 5,5 мың га, қарақұмық – 21 мың га көзделген.Ағымдағы жылы егуге 818,8 мың га өңделген парлар бар. Күзгі топырақты өңдеу 1 млн. 342 мың гектар алқапта жүргізілді, қар ұстау 843,5 мың гектарға жүргізілді.Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Егіс техникасы жұмысқа дайын. 514,2 мың тонна тұқым бар. Облыста көктемгі дала жұмыстарына 72,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын 1 литрі 254 теңгеден сатылады (2024 жылы – 79,6 мың тонна, 1 литрі 250 теңгеден).Егіс науқанына 19,2 мың трактор, 22,2 мың сепкіш, 1,3 мың егіс кешені қатысады.Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша облысқа 84,1 млрд. теңге («Кең Дала», «Кең Дала 2» бағдарламалары), Азық – түлік келісім шарт корпорациясы бойынша - 7 млрд. 350 млн. теңге (форвардтық сатып алу) бөлінді.Техниканың, агрегаттардың болуы және тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және жеңілдікті қаржыландыру егіс науқанын оңтайлы мерзімде, 15-16 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік береді.2. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.Облыстың ішкі нарығы өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерімен толығымен дерлік қамтамасыз етілген.Жергілікті өндіріс есебінен 10 атау бойынша қажеттілік толығымен жабылады: ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, сүт, жұмыртқа (тауық еті), картоп, күнбағыс майы, құс еті, қарақұмық жармасы.6 атау бойынша ішінара жергілікті өндіріс және сырттан әкелу есебінен - сары май, ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен сүзбе, сәбіз, қырыққабат, пияз. 3 атау бойынша тұз, қант және күріш басқа облыстардан әкелінеді немесе импортталады.2024 жылы 429 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда жарма бойынша өнім өндірісінің өсуі 6,4 есеге (6,9 –дан 44,3 мың тоннаға дейін), қатты ірімшік өндірісінде – 34,6%–ға (107-ден 144 тоннаға дейін), ет консервілерінде - 27%-ға (744-тен 945 тоннаға дейін), өсімдік майында - 17,1%-ға (30,2-ден 35,4 мың тоннаға дейін), қоюландырылған сүт 5,7%-ға (2 106-дан 2 226 тоннаға дейін) байқалады.Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 104,9 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірді (өсім 19,4%-ға). Азық-түліктің нақты көлем индексі 110,3% құрады.Ұн бойынша өндірістің 4,8%-ға (252,2 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 49,6%-ға (7,6 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға дейін), консервілер 14,4%-ға (278 мың тоннадан 318 тоннаға дейін), йогурттар 3,2%-ға (7,7 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін) балмұздақ 7,8% (410 тоннадан 442 тоннаға дейін) өсуі тіркелді.2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімінің импорты 397 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде азық-түлік импорты 242 млн. АҚШ құрады).Сүт өнімдерін импорттық жеткізу 34%-ға, ет өнімдері 9%-ға, өсімдік майы 3%-ға, қант 6%-ға, дәнді дақылдар 29%-ға, жұмыртқа 80%-ға қысқарды.Статистика деректері бойынша 2024 жылы 645,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (оның ішінде 417,7 млн. АҚШ доллары өңдеу кәсіпорындарының өнімдері).Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының негізгі үлесі бидай ұны 813,5 мың тоннаны, сүт өнімі 9,7 мың тоннаны, картоп 9,2 мың тоннаны, жарма 5,1 мың тоннаны, күнбағыс майы 7,5 мың тоннаны, ет 2,2 мың тоннаны, макарон өнімдері 3,2 мың тоннаны құрайды.Ағымдағы жылдың басынан бастап 56,1 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-ға артық (оның ішінде 32,4 млн. АҚШ долларына азық-түлік өнімі жөнелтілді).Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімі 23,2 млн. АҚШ доллар сомасына импортталды. Сүт өнімдерін жеткізу 22%- а, ет өнімдері 6%-ға, дәнді дақылдар 95%-ға, жұмыртқа 75%-ға қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988755?lang=kk
Қостанайда бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматқа көшіруге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады 08.05.2025
Бұл бастаманы облыстың цифрландыру басқармасы алға тартты.Ведомство басшысы Азамат Кашиев қазіргі уақытта электрондық қызметтерге және цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті.- Олардың сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы пилоттық жобалар іске қосылады — "еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру" және "тұрғын үй көмегін тағайындау"сияқты мемлекеттік қызметтер бойынша қағаздан онлайн-форматқа көшу. Ұшқыштың аумағы Қостанай қаласы болып белгіленді, - деді басқарма басшысы.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2025 жылғы 12 мамырға дейін талқылануда.– Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай қаласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша 252 өтініш қағаз түрінде қабылданды. Алайда, оның 82-сі (32,5%) ұсынылған құжаттардың толық болмауына, ескі мәліметтердің берілуіне, өтініш нысанын дұрыс толтырмауға және басқа да себептерге байланысты кері қайтарылды. Пилоттық жобаны енгізу арқылы осындай техникалық себептермен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту азаяды деп күтілуде, – деді Азамат Кашиев.Сол секілді, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру» қызметінен де оң нәтиже күтілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында осы қызмет бойынша 457 өтініш қабылданған, оның ішінде 184-і түрлі себептермен мақұлданбаған.Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға «eGov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді.Порталда мемлекеттік қызметтер өмірлік жағдайлар мен түрлі салалар бойынша топтастырылған: «Отбасын құру», «Бала туу», «Пәтер сатып алу», «Бизнесті тіркеу», «Баланы балабақшаға немесе мектепке орналастыру», «Ауырып қалдыңыз», «Жұмысқа орналасу», «Зейнетке шығу» және тағы басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988761?lang=kk
Лондонда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті 08.05.2025
Лондон, 2025 жылғы 30 сәуір – Лондонда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті. Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров басқарды. Отырыста Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, сондай-ақ екі елдің салалық министрліктерінің, ұлттық компаниялары мен квазимемлекеттік секторының өкілдері қатысты.Комиссияға Ұлыбритания тарапынан Кәсіпкерлік және сауда министрлігінің Сауда саясаты және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Дуглас Александр төрағалық етті.Тараптар өткен жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасында Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы өзара іс-қимылды тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. Бұл сындарлы пайдалы қазбалар, жасыл энергетика мен климат, көлік және логистика, фармацевтика және денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ қаржылық серіктестік салаларын қамтиды.Өз сөзінде Ә.Қуантыров Ұлыбританияны Қазақстан экономикасына 22 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция салған негізгі сауда серіктестерінің және ірі инвесторлардың бірі ретінде атап өтті: «Біз Ұлыбританияның Қазақстан экономикасының негізгі салаларын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және инвестицияларға, технологияларға және құзыреттер трансферіне басымдық берілетін жаңа деңгейдегі серіктестік орнатуға ұмтыламыз».Іс-шара аясында екіжақты құжаттарға, соның ішінде Үкіметаралық комиссияның Хаттамасына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына, сондай-ақ су ресурстары және «AstraZeneca» компаниясымен бірлесіп Қазақстанда биопрепараттарды локализациялау салаларындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылды.Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың аса маңызды тетігі болып қала береді, ол қол жеткізілген уағдаластықтарды жүйелі түрде іске асыруға және стратегиялық өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/988504?lang=kk
Соғыс ардагері Сапар Дүйсеновке естелік тақта ашылды 08.05.2025
Бүгін Петропавлда СҚО-ның Құрметті азаматы, соғыс ардагері және прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Рәсімге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен СҚО прокуроры Қайрат Әбдіханов, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагердің туған-туысқандары мен жұртшылық қатысты. Бұл шара Жеңістің 80 жылдығына арналып, оның мемлекет пен өңір алдындағы ерен еңбегін бағалаудың маңызды белгісі."Мемориалдық тақта оны халыққа және заңға адал қызмет еткен тұлға ретінде құрметтеудің және алғыстың символы. Сапар Дүйсенұлының өмір жолы мен Отанына қызметі жастарды адал және патриоттық қызметке тәрбиелей отырып, оларды болашақта елге қызмет етуге бағыт-бағдар береді", - деп жазды өңір басшысы.Сапар Дүйсенұлы майданда отанымызды абыроймен қорғап, ерлік пен төзімділік танытты. Соғыстан кейінгі жылдары ол елді қалпына келтіру мен дамытуға белсене қатысты. Сапар Дүйсенов тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті, прокуратура органдарына саналы ғұмырын арнап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988388?lang=kk
Түркістан облысы «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынына қатысатын үздік команданы анықтады 08.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынының іріктеу кезеңін өткізді. Іс-шара Төлеби ауданының «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінің базасында өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлер жас сарбаздықтарға сәттілік тіледі.Жарысқа Түркістан облысының аудандары мен қалаларынан 17 команда құрамында 255 адам қатысты.Жас патриоттар белтемірге тартылу (ұлдар), ішті қатайту (қыздар), әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, сондай-ақ жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию сияқты пәндерде жарысты.– Болашақ Отан қорғаушыларды әскери қызметке тарту, олардың бойында патриотизм мен батырлық рухты қалыптастыру – біздің ортақ әрі басты міндетіміз. Қатысушылардың дайындық деңгейі өткен жылдарға қарағанда едәуір жоғары болғанын атап өткім келеді. Жарыс қорытындысы бойынша іріктелген он ұл мен бес қыз Ақтөбе облысында өтетін «Айбын» халықаралық жастар жиынында өңірдің атын лайықты таныстыратынына сенімдімін, – деп атап өтті «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Аружан Шекербек.Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Кентау қаласының командасы, екінші орынды Сайрам ауданының құрамасы, үшінші орынды Арыс қаласы иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988258?lang=kk
Шахтинск қаласының спортшы қыздары бокстан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды 08.05.2025
Шахтинск қаласында тұратын әпкелі-сіңлілі Аяулым мен Камилла Оспановалар Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынына екі алтын медаль әкелді. 18 елдің жасөспірімдері арасында халықаралық біріншілік Амманда (Иордания) өтті. Оған 15–17 жас аралығындағы 400 спортшы қатысты.Аяулым 13 жаста, ол 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алса, Камила 16 жаста, 70 кг дейінгі салмақта бірінші орын алды.Қыздар чемпионатқа көптен бері мұқият дайындалып келеді. Олардың әкесі мен жаттықтырушысы Жеңіс Оспановтың айтуынша, жарысқа олар дайын болды.– Қарсыластарымыз өте күшті, жекпе-жектер – қызу болды. Ең мықты спортшылар Үндістан, Өзбекстан және Украина спортшылары болды. Бірақ біз осылай болатынын білдік, Камилла мен Аяулымның кіммен күресетінін білдік. Жеңіске сенімді болдық деуге болады, – дейді Жеңіс Оспанов.Екі бойжеткен де әкесі мен атақты қазақстандық спортшыларға қарап, бокспен әуестене бастаған. Аяулымға Фируза Шәріпова ең үлкен әсер қалдырған екен, оның жекпе-жегін бойжеткен 2017 жылы теледидардан көрген.– Ол «Экспо-2017» көрмесіндегі ұрыс болды. Сонда Аяулым: «Мен де осындай болғым келеді», – деді. Содан бері 7 жастан бастап ол жаттығады. Үлкен қызым Камилла боксқа сәл кешірек, 12 жасында келді. Әрине, қыздарды жаттықтыруда қиындықтар бар. Әдетте, жаттықтырушы ұрысса, балалар оған көп мән бермейді. Ал мұнда мен әкелері болғандықтан, олар ренжиді. Бірақ бізде ереже: мен үйде әкемін, ал сабақта - жаттықтырушымын. Әрине, оның да артықшылығы бар: менің қыздарым әрдайым бақылауда, әрдайым жанымда, – деп бөлісті Жеңіс Оспанов.Қазір қыздарға тынығу керек. Содан кейін олар Бахрейндегі Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындықты бастайды.Азия чемпионатында өнер көрсету жалпы Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Жалпыұлттық есепте біздің спортшылар 44 жүлде ұтып алып, бірінші орынды иеленді, оның ішінде 16 алтын, 15 күміс және 13 қола. Өзбекстан 42 марапатпен екінші орында, Үндістан көшбасшы үштікті 43 медальмен қорытындылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/988271?lang=kk
Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 08.05.2025
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелердің бірі қаралды. Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен, өңірде 2024 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінуіне қарамастан жол-көлік құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады.Өңір басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін, мүдделі органдарды тыңдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын көлік инфрақұрылымын құруға аударды.Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне облыстан Полиция департаментімен, Қостанай қаласының әкімдігімен бірлесіп, Облыс орталығының жол инфрақұрылымын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988152?lang=kk
Ермек Маржықпаев СҚО-да жұмыс бабымен болды 08.05.2025
Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысты.«Петропавл электротехникалық зауыты» 4 жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыт ішінде 10 мың трансформатор өндірді. Биылғы жоспар — 8 мың дана. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200 адам жақсы табыс алады. Кәсіпорын құрғақ трансформаторлар өндірісін игеруді жоспарлап отыр.Жаңа «Маслодел» май экстракциялау зауыты қарқын алып келеді. Ол жылына 400 мың тонна майлы дақылдарды өңдейді. Жобаға 34 миллиард теңге инвестиция салынды, 220 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын қазақстандық нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтады.«ЗИКСТО» зауыты жолаушылар вагондары мен платформаларын құрастыру үшін роботтандырылған технологияларды енгізуде. Бұл мақсатта жаңа өндірістік корпус салынып жатыр. Сондай-ақ, жартылай вагондар, мұнай өнімдеріне арналған цистерналар мен автокөлік тасымалдаушылар өндірісін игеру жоспарлануда.«Евразиан Милк» сүт зауыты өнім ассортиментін кеңейтіп, ірімшік, сары май және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Қазіргі уақытта қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желі орнатылуда. Кәсіпорынның дамуы нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны құрылды.«Қызылжар су» ЖШС су тазарту кешенінде Ермек Маржықпаевқа сумен жабдықтау саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясының қайта жаңғыртылуы жүргізілуде. Еуропалық су астында жұмыс істей алатын жаңа агрегаттар орнатылды. Станция айналасындағы дамбаны нығайту үшін алғаш рет габиондық құрылымдар қолданылды, бұл бөгет тасқынға төтеп берді. Сондай-ақ, тұрақты электрмен жабдықтау үшін жер астымен кабель төселді. Бұл шаралар облыс орталығын үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.Сапар барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, озық технологияларды енгізу және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988047?lang=kk
2025 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс 08.05.2025
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.Лауреаттар атағы үш санатта:1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.және төрт номнация бойынша беріледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Гран-при-конкурстың ең жоғары наградасы, ол жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру барысында барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:1) толтырылған өтінімді;2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).4) сауалнаманы қамтиды.Аудандар және қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды. Үміткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдеп, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.Конкурсқа катысуға:1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырып жүрген;2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;3) жойылмаған еңбек заңнамасының бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;4) қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;5) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын акциялары бар;6) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;7) конкурсқа қатысуға берілген өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіп, сондай-ақ толық көлемде құжаттар ұсынған үміткерлер жіберіледі.Бизнес субъектілері әлеуметтік - еңбек қатынастарында өздерінің оң тәжірибесін көрсете отырып, қатысу үшін аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарына жүгіне алады.Үміткерлер барлық қажетті материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсына алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзхімі 2025 жылғы 1 шілде күні аяқталады. Солтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988033?lang=kk
"Sensitive" бишілер театры қытайлық көрермендерді тәнті қылды 08.05.2025
Солтүстікқазақстандық "Sensitive" құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда триумф жасады! Ұжым өз тарихында алғаш рет бірден үш Гран-при жеңіп алып, үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр."Бұл — зор жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен сарқылмас шабыт тілеймін!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов. Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ерекше мақтаныш — Sensitive Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987868?lang=kk
СҚО әкімі Тепличное ауылында жедел кеңес өткізді 08.05.2025
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тепличное ауылында өңіріміздегі су тасқыны жағдайына байланысты жедел кеңес өткізіп, басшылардың есебін тыңдады. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы күресіміз жалғасуда. Тепличное ауылындағы бөгетті сақтау міндеті орындалды.Басты мақсат – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Күні-түні бөгетті нығайту жұмыстарына облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан академиясы, 6637 әскери бөлімі, Азаматтық қорғау академиясы, басқа өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары, мемлекеттік қызметшілер, облысымыздың барлық аудандарынан өкілдер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сүңгуірлер де тартылды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді көмек көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындарға көмекті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде. Тамақтану ұйымдастырылып, жедел жәрдем кезекшілік етті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам адам мен қажетті техника жұмылдырылды. Елді мекенді су тасқынынан қорғауда көрсеткен баға жетпес көмектері үшін өңір басшысы әрқайсысына шын жүректен алғысын білдірді. "Су толықтай қайтқанға дейін күшейтілген режимдегі жұмыс жалғасады. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды сақтау үшін әрі қарай да үйлесімді және жауапкершілікпен әрекет етуіміз қажет", - деп атап өтті облыс әкімі. Бүгін бүкіл ел Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. Мемлекет басшысы бұл мерекенің ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызын әрдайым ерекше атап өтеді."Мерекелік күнге қарамастан, көптеген азаматтарымыз елді мекендерді қорғап, бөгеттерді бекітіп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Жерлестеріміздің бірлігі, батырлығы мен жанқиярлығының арқасында біз кез келген қиындықтарды еңсеріп, ортақ мақсаттарға жетіп келеміз. Сіздерді Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға сарқылмас күш-қуат, амандық пен бақ-береке тілеймін!", - деді СҚО әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987862?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің курсанттары Мәскеудегі әскери тарих олимпиадасында үшінші орын еншіледі 05.05.2025
Әскери тарихтан жоғары оқу орындары курсанттарының IX Халықаралық олимпиадасы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі князь Александр Невский атындағы Әскери университеттің базасында өтті.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының намысын құрама команда сапындағы екінші курс курсанттары Мейіржан Есентаев, Илья Каутов, Нұрдәулет Шыңғысханұлы, Бақыт Асарбаев және Нұржан Әбішев қорғады.Алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар үшінші орынға табан тіреді. Зияткерлік сайысы барысында олар үй тапсырмасын орындап, әскери-тарихи шайқасқа және капитан конкурсына қатысты.Абсолютті командалық біріншілікте Ақтөбе қаласының Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары үшінші орын еншіледі. Болашақ офицерлер елге дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен оралды.– Байқаудың алдында мұқият дайындалдық. Курсанттар дайындық процесіне жауапкершілікпен қарап, жақсы нәтижеге ұмтылып, ұйымшылдықты және білім деңгейінің жоғары екенін көрсете алды. Халықаралық зияткерлік сайысқа қатыса отырып, олар институттың және елдің абыройын қорғады, – деп атап өтті команда жетекшісі авиация тактикасы кафедрасының аға оқытушысы запастағы подполковник Батыр Садақов.Халықаралық олимпиадада бірінші орынды Вольск қаласындағы армия генералы А. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының филиалы иеленді. Екінші орынды Беларусь Республикасы Әскери академиясының курсанттары олжалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985563?lang=kk
Алматыда 2011 жылғы Вена құжаты аясында халықаралық семинар өтті 05.05.2025
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен, Орталық Азия елдеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссиялары және Венадағы ЕҚЫҰ Хатшылығымен серіктестікте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды. ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өткен семинарға қазақстандық әскери қызметшілерден басқа Әзербайжан, Германия, Дания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, БЕНИЛЮКС елдері, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан және Франция қарулы күштерінің өкілдері қатысты.Семинарда 2011 жылғы Вена құжатының негізгі ережелері, инспекциялық және хабарламалық қызмет пен оларды практикада қолдану талқыланды.– Мұндай семинарларды өткізу Орталық Азия өңірі елдері арасындағы сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту қағидаттарын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі нысандарының бірі, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров.Іс-шараға қатысушылар ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшеміне, Вена құжатының ережелерін орындауға, жыл сайын әскери ақпарат алмасуға, ЕҚЫҰ байланыс желісіне, ұйымға мүше елдердің өзара инспекциялық қызметін қамтамасыз етуге қатысты негізгі тақырыптармен танысты.Вена құжатының ережелеріне сәйкес семинардың практикалық бөлімінде Қонаев қаласындағы 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасын бағалау жөнінде оқу сапары ұйымдастырылды.Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару-жарақ түрлерін бақылау бойынша елдер арасындағы ынтымақтастық, айқындық және тексеру режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985652?lang=kk