Қуқық
Қазақстан СІМ-де Франциямен өзекті ынтымақтастық мәселелері талқыланды 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Сұхбаттастар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды және уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.Өз тарапынан Р.Василенко «дипломатиялық қарым-қатынастардың 33 жылы ішінде Қазақстан мен Франция екіжақты ынтымақтастықты «нығайтылған стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеруге қол жеткізе алып, бұл Астана мен Париж арасындағы ынтымақтастықтың бар әлеуетін дамытуға өзара қызығушылықты көрсететініне» назар аударды.Энергетика, оның ішінде ядролық және жаңартылатын энергия көздері, сирек кездесетін металлдар, көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм, білім беру ынтымақтастықтың басым перспективалы бағыттары ретінде белгіленді.С.Гиогенің айтуынша, 2024 жылы Қазақстандағы Франция Елшілігі еліміздің азаматтарына 17 мыңнан астам виза берді. Аталған көрсеткіш 2023 жылғы салыстырғанда 40%-ға артық. Сонымен қатар қазіргі уақытта екі ел арасында 20 жуық дуальді білім беру бағдарламасы бар. Сонымен бірге көптеген француз университеттері Қазақстанды Орталық Азияның басқа елдерімен ынтымақтастығын ілгерілететін хаб ретінде қарастырады.Сонымен қатар кездесуде түрлі деңгейдегі бірлескен шаралар және екіжақты сапарлар кестесі, сондай-ақ ү.ж. 28 мамырда Астана халықаралық форумы қарасанында өтетін «Француз күні» қазақ-француз форумының ұйымдастырылуы талқыланды. Өтетін іс-шара энергетика және сирек жер металдары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және қалалық инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.Бұған қоса тараптар бір-бірін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, С.Гиоге 8 мамыр күні Астанадағы Шарль де Голль ескерткіші алдында Францияны азат етуге қатысқан қазақстандық партизандарының құрметіне арналған мерекелі шарасы туралы хабардар етті.Кездесу соңында тараптар Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мен байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Анықтама: Франция – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2024 жылғы екіжақты сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға өсіп, 5,5 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 3,6 млрд, импорт – 1,9 млрд). Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 4,2 млрд долларға жетті (экспорт – 3 млрд, импорт – 1,2 млрд), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға жоғары (4 млрд). Францияның Қазақстан экономикасына инвестициясының көлемі 20 млрд доллар құрады. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 200 астам компания жұмыс атқаруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990949?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Мұраға қалдырылған жинақтарды БЖЗҚ-дан қалай алуға болады? 09.05.2025
Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі. Бұл ретте мұраға беру құқықтары күшіне енгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылуы мүмкін. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ қайтыс болған адамның шотындағы қаражаттан аспауы керек. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем іске асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның шотындағы жинақтардың қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.Жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған жинақ сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында нысаналы жинақтар есебінен жерлеуге арналған төлем көзделмегенін ескерткіміз келеді.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұраға қалдырылған зейнетақы және (немесе) нысаналы жинақтарды алу үшін мұра ашылған жер бойынша нотариусқа немесе заңмен уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш беруге тиіс. Мұны мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде жасау керек екенін ескерген жөн. Сонымен қатар, жинақтарды мұраға қалдыру рәсімін оңайлату, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" (БНАЖ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды. Шартқа сай, 2019 жылғы ақпаннан бастап нотариустар БНАЖ-да тіркелген мұрагерлік іс бойынша жазбаша сұраныс жібермей-ақ, қайтыс болған адамның шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн сұрау сала алады. Бұл мұраға құқық туралы куәлік ресімдеуді оңтайландырды. Мұрагер мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алғаннан кейін БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне қажетті құжаттар пакетін ұсынуға құқылы. Жеке өтініштен басқа, мұрагерлік төлемдерді алуға арналған құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта арқылы беруге болады. Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар, оның ішінде БЖЗҚ-да жинағы бар және ҚР тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің түпнұсқасымен сәйкесетінін, өтініштегі төлем алушының қойған қолының шынайы екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер, сенімхат куәліктері шет мемлекетте жасалса, онда бұл құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылып, заңдастырылуы тиіс. Бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар жатпайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген адамы/алушының заңды өкілі болатын болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, БЖЗҚ-ға алушының/сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік паспорт ұсынылады. Қажетті құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін БЖЗҚ заңнамада белгіленген мерзімде зейнетақы жинағы төлемдерін жүзеге асырады. Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990967?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 09.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990971?lang=kk
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстан елордасында Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді 09.05.2025
Форум жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси шиеленістер жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастық пен дипломатияға жәрдемдесудегі өз миссиясын жалғастырып жатыр.Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.Ұйымдастырушылар 39 панельдік сессия өтеді жоспарлап отыр. Оның ішінде 10 эксклюзивті сессия жоғары дәрежелі қонақтармен және әлемдік көшбасшылардың жеке қатысуымен өтеді.Форум бағдарламасы «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік», «Энергетика және климаттың өзгеруі», «Экономика және қаржы» деп аталатын үш негізгі тақырыптан тұрады.Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік сарапшылар болашақ туралы пакт, сондай-ақ көпполярлы әлемдегі «орта державалар» саясатын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жаңа тепе-теңдікке апаратын жолдарды талқылайды.Айта кетейік, елші, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы (2022-2025 жж.) Кристоф Хойсген, Элькано корольдік институтының директоры Чарльз Пауэлл, Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (Gcsp) атқарушы директоры Томас Гремингер аталған тақырып бойынша форумға қатысатынын растады.Энергетика және климаттың өзгеруі туралы панельдік сессияларда қатысушылар су және энергетикалық қауіпсіздікті, Орталық Азияның орнықты болашағын, климат саласындағы жаһандық іс-қимылдарды, инновациялық сын-тегеуріндерді талқылайды.Бұл тақырыптар бойынша Power International Holding компаниялар тобының төрағасының орынбасары, президенті және бас атқарушы директоры Рамез Әл-Хайят, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Франческо Ла Камера, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі Лорд Фрэнсис Моуд, СОР29 президенті Мұхтар Бабаев сөз сөйлейді.«Экономика және қаржы» тақырыбы бойынша негізгі бағыттар: әлемдік сауданың болашағын анықтау, жасанды интеллект, жаһандық экономикалық қуатты қайта қарау, цифрлық активтер революциясы болады. Форумның қонақтары Berlin Global Dialogue негізін қалаушы және төрағасы Ларс-Хендрик Рёллер, Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі вице-президенті Патрик Уорнкинг, Министр-шетелдегі француз азаматтарының сыртқы сауда және істер жөніндегі делегаты Лоран Сент-Мартен, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Кириакос Какорис болады.2025 жылғы Астана Халықаралық форумы - жаһандық диалог пен өзекті әлемдік проблемаларды талқылауға арналған негізгі алаң. Жобажаһандықсын-қатерлерді бірлесіпшешуүшінелдердібіріктіре отырып,мультилатерализмніңжаңадәуірінқалыптастыруғаықпал етеді. Іс-шараэкономикаға,климатқажәнемемлекетаралыққатынастарға бағытталған жаһандықөзгерістержағдайындахалықаралықынтымақтастықтынығайтуғабағытталған.Форум және оған қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: https://www.astanainternationalforum.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990927?lang=kk
Қонаев қаласы жаңа мүмкіндіктер кезеңіне қадам басты 09.05.2025
2022 жылдан 2024 жылға дейін Қонаев қаласында қалалық ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. 29 шақырым жол жөнделіп, 72,7 шақырым электр беру желілері мен 26 шақырым су құбыры тартылды. 65 нысан абаттандырылды, оның ішінде орталық саябақ, көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары бар. 48 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары, 10 шақырым апатты кәріз желілері және 2,4 шақырым жылу жүйелері жөнделді.Облыс орталығындағы өмір сапасын арттыру үшін «Smart Qonaev» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Қала бойынша 308 қоғамдық бейнебақылау камерасы орнатылды. iQonaev электрондық жобасы, жолақы төлеу жүйесі және Бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығы, «Ақылды жарықтандыру», «Ақылды қиылыс», «Ақылды бағдаршамдар», «Төтенше жағдай түймелері» жобалары іске асырыла бастады.Бұл жетістіктер мемлекеттік қызметшілердің үйлесімді әрі тынымсыз еңбегінің, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың және өңір тұрғындарының белсенділігінің нәтижесі болды.2025 жылдың сәуірінде жаңа абаттандырылған жағажай пайдалануға берілді. Бұрын Қапшағай су қоймасы бойындағы жағажай қараусыз, жарақталмаған еді. Енді бұл — балалар мен спорттық алаңдары, субұрқақтар, орындықтар мен суға ыңғайлы түсу жолдары бар заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл жобаға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы қолдау көрсетті.Жұмыстар 2024 жылдың жазында басталып, қаланың нағыз көрнекілігіне айналған жағалау толықтай жаңғыртылды. Мұнда жаңа тас төсеніштер төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, жарық жүйесі жаңартылды. Ашық аспан астында спорттық құрылғылары бар кең балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен воркаут кеңістіктері салынды. Территория субұрқақтармен және жағажайға апарар баспалдақтармен толықтырылды.2025 жылдың наурызында соңғы кезең – гүлзарлар, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызу жұмыстары аяқталды.Ұзындығы 1 шақырым болатын жаңартылған жағалау — бұл демалыс, серуендеу, спорт және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістік. Аталған бастаманы жүзеге асыруға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы 4,53 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Бұл жоба — қала тұрғындарының мүддесі үшін мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/990702?lang=kk
Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық пен аграрлық сектордағы инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда 09.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында агроөнеркәсіптік кешеннің алдына қойылған маңызды міндеттер қаралды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес айқындалған.Президент аграрлық сектор үшін нақты мақсаттарды белгіледі: ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есе арттыру, еңбек өнімділігін үш есе ұлғайту және астықты терең өңдеу бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарына ену. Бұл өршіл мақсаттар жүйелі тәсілді және саладағы барлық қатысушылардың бірлескен жұмысын талап етеді.Егіс көлемін ұлғайту және топыраққа көңіл бөлуКөктемгі егіс науқанының маңызды бағыттарының бірі – егіс алқаптарын әртараптандыру. Биыл Қостанай облысында майлы дақылдардың егіс көлемі 691 мың гектардан 755 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл шешім ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттырып, өңірдің экспорттық әлеуетін күшейтеді.Топырақтың құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруге айрықша назар аударылуда. 2025 жылы минералды тыңайтқыштарға берілетін субсидия көлемі 23%-ға артып, 10 млрд теңгені құрады.– Жерді жай ғана пайдалану жеткіліксіз – оған дұрыс күтім жасау қажет. Топырақ құнарлылығы – бұл әрбір аграрийдің құқығы емес, міндеті, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, енгізу, жеңілдетілген дизель отынын жеткізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылы өңірде техниканы жаңарту көрсеткіші 6,1%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.Аграрлық экономикаға инвестицияларАгроэкономиканы дамыту мақсатында өңірде 52,5 млрд теңге сомасына 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.Аталған жобалардың ішінде алты сүт-тауарлы ферманың құрылысы ерекше орын алады. Бұл — 2028 жылға дейін іске асырылатын, 30 МТФ-ны қамтитын ірі бағдарламаның бір бөлігі. Жоба өңірде сүтті өңдеу көлемін едәуір арттырып, ішкі және сыртқы нарықтардағы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.Тұрақты ауыл шаруашылығы – қауіпсіздіктің негізіАуыл шаруашылығының дамуы – бұл тек экономикалық емес, сонымен қатар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының негізі. Облыс әкімдігі аграрийлерді қолдауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/990680?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады 09.05.2025
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның мемлекеттік сапары аясында қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгпен келіссөздер жүргізді.Генерал-полковник Р. Жақсылықов вьетнамдық әріптесін көрнекті қайраткер Хо Ши Миннің туғанына 135 жыл толуымен құттықтады. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде тараптар бітімгерлік, әскери білім беру және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл сияқты перспективалы бағыттарды атап өтті.Армия генералы Фан Ван Зянг Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен танысуға қызығушылық танытып, биылғы жылы вьетнамдық мамандардың біздің елге жоспарланған сапары туралы хабарлады. Қазақстан Қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге шақырды.Сапар барысында Вьетнам делегациясы КСРО заманының көрнекті әскери қайраткері генерал-лейтенант Жансен Кереевке арналған экспозициямен танысты. Өткен ғасырдың 80-жылдарының басында ол Вьетнам Халық армиясы штабының аға кеңесшісі және Вьетнам Қорғаныс министрлігі әскери кеңесі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Генерал-лейтенант Ж. Кереев Вьетнам Социалистік Республикасының қорғанысын нығайтуға, сондай-ақ оның Қарулы күштерін қалыптастыруға барынша көмек көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/990527?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады 09.05.2025
2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990136?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990118?lang=kk
Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы үздік IT-әзірлемелерді қолдады 09.05.2025
Елордадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің алаңында Defense Tech хакатоны өтті. Ұйымдастырушылар бұл шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Оған ғалымдар, IT-мамандар, өнертапқыштар, студенттер, әскери қызметшілер, қорғаныс технологияларын дамытуға үлес қосуға және өзін республикалық деңгейде танытуға ұмтылатындардың барлығы қатысты.Хакатонда қазылар алқасы Sarbaz+ порталы, жасанды интеллекті бар дербес чат-бот, коммуналдық қызметтерді есепке алу жүйесі, интеллектуалды жарықтандыру жүйесі, объектілердің цифрлық егіздері және AI-клиенттік өзіне-өзі қызмет көрсету порталы бойынша инновациялық шешімдерді ұсынды. – Қорғаныс министрлігі үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Біз соңғы трендтерді зерделейміз, инноваторлар мен стартаперлердің немен жұмыс істейтінін анықтап білеміз. Сол арқылы оларға өз таланттарын қолдана алатын бағыттарды ұсынамыз. Өткен хакатондардың жеңімпаздары сынақтан өтуде, олардың жобалары Қарулы күштерде пайдаланылуда және өз тиімділігін көрсетуде, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. 30-дан аса жобаны зерделеген қазылар алқасы қорғаныс саласында неғұрлым пысықталған және сұранысқа ие жобаларды анықтады. MyArmy.kz. командасы бірінші орын мен 2,5 млн теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды. Екінші орынды ішкі нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді талдау үшін жасанды интеллектпен автономды чат-бот әзірлеген «Жаңғыр» командасы иеленіп, 1,5 млн теңге ұтып алды. Үшінші орын және 1 млн теңге 2D нысандарының цифрлық егіздерін әзірлеуші Uazir Tech 3D–командасына берілді.– Біздің жеті адамнан тұратын команда мерзімді және келісімшарттық әскери қызметке өтініш беруді жеңілдету үшін қосымша жасап шығарды. Кез келген адам біздің пилоттық сайтқа кіріп, тіркеліп, қызметке өтініш беріп, қажетті ақпаратты таба алады. Біздің сайтта және телеграм-ботта әскери комиссариат өкілдерінен сұрақтарға жауап алуға болады, - деп бөлісті Myarmy.kz командасының өкілі 17 жастағы Сұлтанәлі Әбілмәжін.Қатысушылардың пікірінше, хакатон идеяларды көрсету алаңына ғана емес, сонымен қатар жемісті қарым-қатынас пен пікірлес адамдармен және кәсіпқойлармен байланыс орнатуға арналған орынға айналды.Қорғаныс министрлігі мұндай іс-шараларды жылына төрт рет өткізеді. Бұл компанияларға алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, өз өнімдерін дамытуға және жақсартуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің ұсыныстарына кезекті байқауды осы жылдың жазында Алматыда өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/990121?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті 09.05.2025
Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.Бірқатар әскери қызметшілерге Президент Ақордада мемлекеттік наградалар табыстады. Әскерлерді басқару және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. С. Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, Б. Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігінің режимі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы полковник Талғат Әмірхан ие болды.28738 әскери бөлімі зеңбірек артиллериялық дивизионының фельдшері аға сержант Руслан Мейірбаев пен 25744 әскери бөлімі танк батальонының танк командирі кіші сержант Шыңғыс Бақыт азаматтық және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан көп жылғы қызметі мен елеулі үлесі үшін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – «Жауынгерлік даңқ» мұражайының бастығы Алуа Байқадамова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.Жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтаған қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазақстандықтар биыл атап өтетін екі күннің тарихи маңыздылығына тоқталды. – Ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғастырушы – Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне де құрмет бөлек. Жеңімпаз ұрпақтың бүгінгі ізбасарлары жанқиярлық қызметімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүр, – деді ол.Кәсіби мерекеге орай 51 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 17 адам орден, 33 адам медаль және бір адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.61 әскери қызметші ведомстволық наградалармен марапатталды. Оның ішінде 37 - «Ел қорғаны», 15 - «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және 9 - «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісімен атап өтілді.Отан қорғаушы күніне орай Қарулы күштердегі еңбек сіңірген жылдары үшін 2274 адам «Мінсіз қызметі үшін» және 153 ардагер «Қарулы күштердің ардагері» медалімен марапатталды.Сонымен қатар Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің 54 әскери қызметшісіне мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар берілді.Марапаттау рәсімінен кейін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989970?lang=kk
ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады? 09.05.2025
2025 жылғы 7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанада Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, күш құрылымдарының ардагерлері мен әскери қызметшілері салтанатты шараның басты көрермені болмақ.Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысады. Мерекелік іс-шара күшейтілген қауіпсіздік және бақылау шараларымен өтеді.Салтанатты шеруге Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 24 парадтық есептобы, 200-ден астам әскери техника, майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан астам әуе кемелері қатысады.Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 11.00-ден бастап елорданың бірнеше негізгі алаңдарында:- елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаң – тікелей эфир және концерттік бағдарлама; «Астана Арена» стадионы – тікелей эфир және мерекелік концерт;«Astana Music Hall» тұрағы (құмыра), Б.Момышұлы даңғылы, 1 – шерудің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.Сонымен бірге, әскери парад республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери парадты өткізуге байланысты іс-шара ауданында автокөлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынынамыз.Қауіпсіздік ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.Уақытша жабылған учаскелер барлық іс-шаралар толық аяқталғаннан кейін қайта ашылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989881?lang=kk
Алматыда Қорғаныс министрлігі ашық аспан астындағы әскери техника мұражайының тұсаукесерін өткізді 09.05.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі академиясының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.– Біздің ата-бабаларымыз осы қару-жарақ пен әскери техникамен Мәскеу мен Ленинградты қорғады, Сталинград пен Ржев маңындағы қанды шайқастарға қатысып, Украина мен Беларусьті, Балтық жағалауы мен Польшаны азат етті, біраз Еуропа елдеріндегі шайқастарға қатысты. Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын, – деді ол.28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар. Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.– Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989848?lang=kk
ҚХР азаматы қазақстандық полицейлерге алғыс айтты 08.05.2025
амбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытайдан келген турист түскі ас ішу кезінде жеке құжаттарын жоғалтып алған. Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлер құжаттарды тауып алып, жедел түрде иесін іздеуге кіріскен.Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың көлігіне жанармай құйып беріп, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды. Шетелдік азамат көрсетілген шынайы көмек пен жанашырлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан полициясының кәсіби әрі адамгершілікке негізделген қызметіне жоғары баға берді. Кейінірек ол әлеуметтік желіде алғыс білдірген бейнежазба жариялап, мұндай ықыластың өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/989731?lang=kk
Дипломатия музыкасы: Қазақстан «Жібек жолы» турымен келген румындық «Мадригал» хорын қарсы алды 08.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорының концерттік туры аясында Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесу өткізді.Р.Василенко «Жібек жолы» турнесі шеңберінде Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде Астана мен Түркістанда бірқатар концерттер өткізетін әлемге әйгілі хордың келуіне орай қошеметін білдірді. Ол осындай мәдени іс-шаралардың халықтарды жақындастырудағы және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-румын байланыстарын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Румыния арасындағы бұрыннан келе жатқан берік әрі достық қарым-қатынастарды ерекше атап өтіп, олардың бүгінгі күні қарқынды дамып, жаңа мазмұнды жобалармен толықтырылып келе жатқанын айтты.«Біз «Мадригал» хорының концерттері арқылы Румынияның бай мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігі үшін алғысымызды айтамыз. Бұл мәдени шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, осы тұста тарихи маңызға ие. Хордың орындауында тек Румынияның ғана емес, сонымен қатар Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің әнұрандары бар. Сондай-ақ қазақтың сүйікті «Япырай» және «Әгугай» халық әндерінің ерекше аранжировкалары әсерлі», – деп атап өтті Р.Василенко.Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, атап айтқанда, өңіраралық байланыстарды дамыту туралы пікір алмасты.Анықтама: Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорын 1963 жылы көрнекті румын музыканты және дирижері Марин Константин құрды. Ұжымның репертуарында Ренессанс заманының, классикалық музыка, романтизм, Византия музыкасы, сондай-ақ румын және әлемдік композиторлардың заманауи туындылары бар. Қазақстандағы тур барысында ұжым көрермендерді румын мәдениетінің жан-жақтылығымен таныстырады. Бұл екі халық арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/989709?lang=kk
Солтүстіктің тыл ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды 08.05.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлерімен жылы әрі мағыналы кездесу өткізді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оларға мерейтойлық медальдар табыс етілді — бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті."Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!",- деп атап өтті өңір басшысы.Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздарғ әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, табандылықпен Жеңісті жақындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989625?lang=kk
Атырау облысында химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі үш айда 47,7 млрд теңгені құрап, 17,7%-ға өсті 08.05.2025
5 мамырда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен химия және мұнай-химия саласын дамыту туралы Үкімет отырысы өтті. Жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов саладағы негізгі жобалар мен жетістіктер туралы баяндады.Аймақ басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақта төрт ірі жоба іске асырылып жатыр:• KPI зауыты үш айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірді. Жыл аяғына дейін зауыт 500 мың тонна толық жылдық қуатқа шығады деп күтіліп отыр. Былтыр мұнда 249 мың тонна өнім шығарылды.• «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылысы басталды. Жоба құны — 3,6 трлн теңге, қуаты — 1,25 млн тонна. Зауыт 2029 жылы іске қосылып, 800 жұмыс орны ашылады. • Бутадиен және одан шығарылатын өнімдер зауыты — «Татнефть» компаниясымен бірлескен жоба. Құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады. Құны — 408,4 млрд теңге, қуаты — 388 мың тонна. Іске қосылу мерзімі — 2027 жыл, құрылатын жұмыс орны — 800.• Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты — стратегиялық серіктес іздестірілуде. Жоба құны — 720 млрд теңге, қуаты — 620 мың тонна, іске қосу мерзімі — 2028 жыл, 800 жұмыс орны ашылады.Биылғы үш айда облыстың химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 47,7 млрд теңгені құрап, осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 17,7%-ға артты (2024 жыл — 5,9 млрд теңге).Полипропиленді қайта өңдеуге негізделген бірнеше өндіріс іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар:• экструзиялық геосинтетикалық пленкалар (Intago ЖШС);• медициналық шприцтер (MedStarExport ЖШС);• тұрмыстық ыдыс-аяқ (Turan Plast West ЖШС);• полипропилен және полиэтилен қаптар (Kazchem ЖШС, Grand Materik ЖШС).Бұдан бөлек, стрейч-худ пленкасы, штапельді талшық, геотекстиль, геомембрана, геотор, пластик паллеттер мен канистрлер шығаратын жобалар жүзеге асырылуда. Бұл 500-дей жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Серік Шәпкеновтің айтуынша, жыл сайын жаңа әріптестік байланыс орнатуға және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған мұнай-газ химия өнімдерін өндірушілер форумы ұйымдастырылып келеді.Отандық полипропиленді қайта өңдеуді дамыту мақсатында «Форсаж» бағдарламасы енгізілді. Ол шикізатты жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама аясында KPI мен елдің 15 өңіріндегі 114 кәсіпорын арасында келісім жасалды. Олардың қатарында Шымкенттегі кілем шығару, Қызылорда облысындағы қорғаныс каскаларын жасау, Қостанай облысындағы өнеркәсіптік сүзгілер шығару, Ақмола облысындағы Big Bag қап шығару кәсіпорындары бар.Облыс әкімі сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Атырау облысында жеке индустриялық аймақ құру мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Қытайлық инвестор Eurasia Construction Capital үшін 200 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен қатар, Татарстанның «Химград» технополисінің операторымен де келіссөздер жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/989556?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңістің мерейтойымен құттықтады 08.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қоршаудағылар мен концлагерлер тұтқындарын мерекемен құттықтады.Жеңімпаздарды соғыс жылдарындағы әндерді орындаған үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды, ал Т. Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәрбиеленушілерінен құралған дәліз қонақтарды жабық дастарханға шығарып салды.Мұражай экспонаттары мен әскери жабдықтардың көрмесі де ұйымдастырылды.Бүгінде Қарағанды облысында 8 соғыс ардагері, 2634 тыл еңбеккері, 116 ардагердің жесірлері мен әйелдері, 29 концлагердің тұтқындары және 10 Ленинград қоршауында қалған адамдар тұрады.— Құрметті ардагерлер! Бұл жыл ерекше — Жеңістің 80 жылдығы. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқардыңыздар. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз - жастарға үлгі, өткенмен болашақ арасындағы көпір. Біз сіздерге қарыздарымыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларыңызға бақыт тілеймін! — деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ардагерлерге, қоршаудағыларға, концлагерлер тұтқындарына және тыл еңбеккерлеріне алғыс ретінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді.Кездесуге қатысушылар соғыс жылдарын жылы сезіммен еске алды.100 жасар Григорий Петрович Степенко он сегізге толмаған кезде майданға шақырылған. Ауыр шайқастар болып, биыл Астанаға өңірден келген делегация құрамында Жеңіс шеруіне аттанады.— Мен тек бір нәрсені ғана қалаймын: қазіргі балалар соғыстың не екенін ешқашан білмеуі керек, — дейді ол күлімсіреп. — Өздеріңізді сүйіп, жерімізді сақтаңыздар!Анна Никоноровна Котова майданға шығу үшін әскери комиссариатқа үш рет барған. Кішкентай және нәзік қызды тіпті медсанбатқа алғысы келмеген, бірақ бойжеткеннің табандылығы үстем болды. 65-ші эвакуациялық госпитальдің құрамында ол Венаға дейін жетті.— Бас дәрігеріміздің бізге соғыстың аяқталғанын, жеңгенімізді айтқаны есімде. Досым екеуміз айқайлап, қуанғанбыз. Тіпті 80 жылдан кейін де бұл естелік қуаныш ұялатады, — деп еске алады ардагер. — Ал үйге біз 1946 жылы ғана оралдық. Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан тілеймін. Енді біздің еліміздің бірде-бір буыны соғыстың не екенін білмесін!Қару-жарақ канонадасы тыйылғанына 80 жыл болды, ал Виктор Семенович Абраменков әлі күнге дейін бәрін кешегідей есінде сақтауда. Соғыс басталғанда ол алты жаста болды және ол Смоленск облысында тұрған, онда соғыс бойы партизандар белсенді әрекет етті. Үрейге толы төрт жылда кішкентай баланың көрмегені жоқ!— Мен әлі күнге дейін кейде жарылғыш бомбаның дыбысын түсімде естимін. Ол соншалық қорқынышты болғанда, бір жерге жасырынғым келеді, — деп еске алады тыл еңбеккері. — Ал жеңісті жариялаған кезде анам жылады: біздің отбасымыздың бәрі де майданнан оралмады.Ардагерлерді құттықтау концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті орындаушылар мен ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салды. Қарағанды музыкалық комедия театры мен Қ. Байжанов атындағы Концерт бірлестігінің әртістері соғыс жылдарындағы әндер шырқалған «На привале» әдеби-музыкалық қойылымын көрсетті. Ал ардагерлер таныс әуендерін тыңдап, бірге ән айтты.Соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. Тек Қарағанды облысынан – 60 мың, оның 25 мыңы қайтып оралмаған.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989455?lang=kk
Алматы облысындағы балық аулау, егіс, АЭА мен ядролық технология 08.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапарындан өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Арнайы экономикалық аймақтағы ғылыми-инновациялық нысандарды аралап, Ядролық физика институтының жұмысымен танысты.Алматы облысында егіс науқаны белсенді жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылы 436,8 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмысына облыс шаруаларына 15,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржы бөлініп, 32 өндірушіге қаражат берілген.«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі жылда жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 1 361 қарыз алушы жеңілдікпен несие алған. 2025 жылы 2,5 млрд теңге көлемінде тағы 211 қарыз берілмек.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі АӨК секторына салынған инвестиция көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Биыл облыста жоспар бойынша 33,5 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның 11-і шаруаларға 2,5%-дық жеңілдікпен, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл күнде 103 жаңа жұмыс орны құрылған алты жоба орындалып үлгерген.«Байсерке Агро» ЖШС оқу орталығында өткізілген вице-премьермен кездесуге 20-дан астам фермер қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің диқандарды қолдауға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы 3,7% экономикалық өсуді көрсеткенін атап өтті.«Мемлекеттің шаруаларды қолдауын сезініп отырғандарыңыз даусыз. Егер 2022 жылы көктемгі егіс пен егін жинауға жеңілдікпен 70 млрд теңге берілсе, бүгінде 5%-бен 700 млрд теңге, соған ұқсас мөлшерлемемен техника лизингіне тағы 200 млрд теңге бөлінді», — деп атап өтті вице-премьер. «Qazaq Balyq» қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы, «Балық мектебі» жастар арасында балық шаруашылығын танымал ету мектебінің негізін қалаушы Мәрлен Тұрсынәлі балық өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына айтарлықтай серпін берген. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында балық өсіруді одан әрі тиімді дамыту үшін жем-шөп құнын субсидиялауда, бассейндерге жер асты суын пайдалану үшін ұңғыманы бұрғылау шығынын жабу мақсатымен суға жеңілдікті тариф енгізуде, өнімге ветеринариялық құжат алу процесін оңайлатуда, цифрландыруда мемлекеттің қолдауы қажет. Серік Жұманғарин АШМ-ге барлық ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, балық шаруашылығын қолдау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кездесуде фермерлер субсидия төлеу кешіктірілетінін жеткізді. Вице-премьер қазіргі уақытта барлық өңірде субсидия алуға өтінім осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемінен едәуір асып түсіп жатқанын айтты. Фермерлерді АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды 6% жеңілдікпен салалық қаржы институттары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин фермерлерді көп пайда әкелетін дақыл егу арқылы әдеттегі бидай алқабын қысқарта отырып, егінді әртараптандыруға, дәнді дақыл өңдеуді дамытуға шақырды.Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА нысандарын аралады. Оның аумағында бүгінде АЭА құрылған сәттен бергі жалпы инвестиция көлемі 205 млрд теңге 182 компания орналасқан. Шамамен 7 мың жұмыс орны ашылып отыр. 820 жұмыс орны ашылатын 129,4 млрд теңге сомасындағы тағы 12 жоба салынуда.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстандағы атом саласының іргелі технологиялары мен өнімдерін, оның ішінде өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен радиофармпрепараттарды жасауға дейінгі зерттеу мен әзірлеменің толық циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым – Ядролық физика институтының қызметімен танысты. Соңғысы, фтор-18, йод-131 және Мо-99 радиоизотопы негізінде жасалып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қолданылады. Өнеркәсіпке арналған радиоизотоп Еуропаға экспортталады. Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/989396?lang=kk
СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді 08.05.2025
Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты. "Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін",- деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989027?lang=kk