Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ақмола облысы сумен қамтамасыз ету бағдарламасын аяқтауда 15.02.2025
Қазақстанда халықты жүз пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы биыл мәресіне жетеді. Жыл соңына дейін елдің барлық қалалары мен ауылдарында ауыз су мәселесі толық шешіледі. Ақмола облысында бұл үшін 400 шақырымнан астам су құбырын салу мен реконструкциялауды көздейтін 45 жоба іске асырылуда. Астананың іргесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді, соңғы 4 жоба жүзеге асырылса 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі.«Биыл облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде, сонымен бірге, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға аудандық және облыстық бюджеттерден қомақты қаражы бөлінді», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Ауылдық елді мекендердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы ретте, биыл 37 ауылда су құбыры желілері салынады.«Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 37 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған. Сонымен қатар, суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады», - деп толықтырды спикер.Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам ақмолалық таза ауыз сумен қамтылады. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайтуға бағытталған 70 жобаны жүзеге асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938142
Ақмола облысының төрт колледжі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы  жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында Астана қаласының «EXPO» көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» ауқымды фестивалі өтуде. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.Іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындауға, олардың беделін арттыруға және жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыруға бағытталған.Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық мәслихат депутаттары және т.б. делегация өкілдері іс-шараға қатысып, алаңдардың жұмысымен танысты.«Фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнеспен үйлесімді жұмысының айқын үлгісі болды. Мұнда нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін ең жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды және бейімделген білім беру бағдарламаларын көрсететін жетекші кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары ұсынылғаны маған қатты әсер етті. Қонақтар отандық колледждер ұсынған жаңа және сұранысқа ие мамандықтармен танысып, әлеуетті жұмыс берушілерімен тілдесе алады», - деп атап өтті Досұлан Айтбаев.Фестивальда Ақмола облысының төрт колледжі өздерінің білім беру мекемелерін және мамандар даярлау саласындағы жетістіктерін ұсынды.- Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі механизаторлар  мен автомобиль жолдарын салушылар үйін таныстырады, бұл машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы салаларымен танысуға мүмкіндік береді.- Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышын ұйымдастырады, мұнда қонақтар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныса алады.- Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі орманшылар үйін дайындап, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және экотуризм мамандықтары туралы ақпарат береді.- Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі байытушылар үйін ұсынады, онда кен өндіру, пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу салалары бойынша мамандықтармен танысуға болады.Көрме орталығының аумағында сегіз тақырыптық көше мен 40 шығармашылық үй ұсынылған.Фестиваль аясында қонақтар жұмысшы мамандықтарының негізгі бағыттарын көрсететін тақырыптық аймақтарды аралап, заманауи мамандықтармен танысып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан шеберлік сабақтарын тыңдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі күнде бұл көрмеге 15 000-нан астам адам келген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938250
ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша семинар-отырыс өтті 15.02.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 38 тексеру жүргізіп, 193 өтінішті қарады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан 697 әдеп бұзушылық анықталды. 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 адам әкімшілік жаза алды. Әдеп кодексі заңнамасының және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша 665 іс-шара өткізілді.2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізу бойынша Алтай ауданы көшбасшы болды. Ең төменгі көрсеткіш Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді.Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жауапкершілік танытып, азаматтарға құрметпен қарайтынын атап өтті.Облыста қызметтік этика мен моральдық-адамгершілік құндылықтардың жоғары стандарттарына бағытталған жұмыстар жалғасады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/937964
ШҚО-да 2024 жылы 12 сумен қамту жобасы іске асырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасына орай 2024 жылы облыста жалпы сомасы 60 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 12 жоба аяқталды.Нәтижесінде үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.- Жыл қорытындысы бойынша 213,8 шақырым сумен қамту желісі және 14,5 шақырым су бұру желісі салынды. Бұл су желілерінің тозу көрсеткішін 49,1% - ға және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 69,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 99,4%-ды құрады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд. теңгеге 29 жоба іске асырылуда.Сондай-ақ 531,6 шақырым су желілерін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу көрсеткішін 1,8%-ға (жоспарланған 47,3%-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938233
Өскемендік кәсіпкерлер болашағы зор жобаларды ұсынды 15.02.2025
Қала әкімдігінде кәсіп иелерімен қалалық штабтың екінші отырысы өтіп, төрт ірі жоба талқыланды.Ұсынылған идеялардың бірі пластикті кәдеге жарату мен оны бастапқы шикізатқа айналдыруға бағытталған. Бұл бастама жылына 4 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуді көздейді.Тағы бір бастама – балаларға арналған білім беру ойындарын әзірлеу. Идея авторы бірінші кезекте ұлттық және оқу элементтеріне назар аударып отыр.Отырыста таныстырылған ең ауқымды жоба – 22 қабаттан тұратын көпсалалы кешен құрылысы. Оның ішінде коммерциялық алаңдар, мейрамханалар мен қонақүй болады деп жоспарланып отыр. Биіктігі 60 метрді құрайтын нысан Өскемендегі ірі ғимаратқа айналады.Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталмақ.Айта кету керек, қалалық штаб бизнесті қолдау және әкімшілік кедергілерді жою үшін құрылған. Мұнда түрлі идеялар талқыланып, кәсіпкерлерге нақты ұсыныстар беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938275
2024 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен еліміздің 4 млн-нан астам азаматы қамтылған 15.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 4,7 млн жұмыскердің пайдасына 258,1 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы - 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% - ға дейін жеткізіледі.Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/937767
А. Сарбасов жастарды жұмыспен қамту бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабарлады 15.02.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал адам – адал еңбек» жастар форумында жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекет жүзеге асырып жатқан шаралар туралы айтты.Бірінші вице-министр өз сөзінде жастар зияткерлік, инновациялық және еңбек әлеуетінің резерві бола отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бере алатынын атап өтті.Бүгінде экономикалық белсенді жастардың үлесі жұмыс күшінің жалпы санының 39%-ды немесе 3,8 млн адамды құрайды, оның ішінде 3,5 млн-ы жұмыспен қамтылған жастар.«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды алу үшін кәсіптік стандарттар мен жаңа оқу бағдарламаларын бекіту, жұмыс берушілер, мектептер мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәлімгерлік институтын дамыту, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу және оқушылар мен ТжКБ студенттерін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту, қауіпсіз жұмыс орнын құру, сондай-ақ жұмысшы кәсіптерінің имиджін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделген», – деді Ақмәди Сарбасов.Вице-министр алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланатынын, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыскерлердің жартысынан астамы тиесілі болатынын және олардың 400 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары екенін айтты. Жұмысшы кадрлар көбінесе көлік, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында сұранысқа ие.«Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы кәсіптері бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87% жаңартылды.Кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін 12 мыңнан астам дағдылар мен құзыреттерді қамтитын Цифрлық дағдылар банкі құрылды, бұл халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.Кәсіптік мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін «Мансап компастары» жобасы іске асырылуда.Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.Студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларын игеру үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын табуға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 курс қолжетімді, 400 мыңнан астам оқыды», – деді Ақмәди Сарбасов.Бірінші вице-министр жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған жұмыссыз жастар жеке қажеттіліктеріне қарай жұмысқа орналасу бойынша қолдау ала алатынын атап өтті.«Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда жастар практикасы ұйымдастырылады, оған өткен жылы 33,3 мың жас қатысты.Жұмыс берушілермен серіктестікте маңызды шара NEET жастарын жұмысқа орналасу жолындағы кедергілерді еңсеруде атаулы қолдау болып табылады. Ол үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2024 жылы 9,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.Жастардың мансаптық дамуы үшін зейнет жасына жақындаған адамдардың тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында беруге болады», – деді бірінші вице-министр.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, өткен жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 287 мың жас (236 мың адам жұмысқа орналастырылған) тартылған, оның 150,6 мыңы (136,9 мың адам жұмысқа орналастырылған) ауыл жастары.Skills.enbek.kz қысқа мерзімді оқыту порталында еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытумен 18,5 мың жас қамтылды, оның ішінде 16,2 мың адам сертификат алды.«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 25,6 мың жас қамтылды, оның 16,2 мыңы сертификат алды.Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Өткен жылы мұндай гранттарды 3,5 мың жас алды.Сондай-ақ, вице-министр форумға қатысушыларды «Дипломмен ауылға», «Ауыл аманаты», «Ауыл – Ел бесігі» сияқты басқа да мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар туралы хабардар еттіСонымен қатар, Ақмәди Сарбасов платформалық жұмыспен қамтуды реттеу үшін қабылданған шаралар туралы айтты, бұл түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін 500 мыңнан астам азаматымыз үшін заңды құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сөз соңында Ақмәди Сарбасов жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат әлеуетті ашуға және оны дамыту үшін жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/938090
Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді 15.02.2025
Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан.Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.Логотип - батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күні кеше облыстық Әлия музейі заманауи цифрлық технологиялар таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/937955
Шымкентте генерал Сабыр Рахымовты еске алды 15.02.2025
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж аты аңызға айналған генералдың туғанына 123 жыл толуына орай бірқатар шаралар ұйымдастырды. Аталмыш шараға оқу орнының, әскери-техникалық мектептің жеке құрамы және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ахшалов Сабыр Рахымовтың айрықша еңбегін атап өтті. Тұңғыш қазақ генералының есімі мәңгі жадымызда қалу үшін оқу орындарына, көшелер мен мектептерге аты беріліп, батырға ескерткіштер орнатылды. Іс-шаралар Сабыр Рахымов дүниеге келген Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібелі ауылында да өтті. Оның есімімен аталатын орта мектепте әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, Сабыр Рахымовтың жауынгерлік жолындағы маңызды сәттерді бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетті.Естеріңізге сала кетсек, Сабыр Рахымов Түркістан әскери округінде қызмет етіп, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кавказда, Белоруссияда және Ростов облысында шайқастарға қатысты. 1943 жылы жауынгерлік ерлігі үшін генерал-майор атағын алды. 1945 жылы наурызда Гданьск маңындағы шайқаста қаза тапты. 1965 жылы ерен еңбегі мен көрсеткен ерлігі үшін Сабыр Рахымовқа (қаза тапқан соң) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/938061
Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі 15.02.2025
Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібі түсіндірілді. Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек? - Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ оны тіркеу (0,25 АЕК) және тіркеу туралы куәлік (1,25 АЕК) пен мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК) үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. Егер ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркеуге болады? - Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі, - деді спикер. Мопедті басқару үшін куәліктің қандай санаттары қажет? - "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес мопедті басқару үшін А1 санаты бар куәлік қажет. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол да мопедті басқара алады, - деді полиция полковнигі. Мопедтерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қандай тәртіппен беріледі? - Мопедтерге мемлекеттік нөмір беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, яғни жүйе автоматты түрде нөмірді таңдайды. Мысалы, дәл осындай тәсіл мотоциклдерге де қатысты қолданылған, - деп жауап берді ведомствоның ресми өкілі. ⁠5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген? - Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл), - деді спикер Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/938152
Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі 15.02.2025
Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібі түсіндірілді.Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек?- Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ оны тіркеу (0,25 АЕК) және тіркеу туралы куәлік (1,25 АЕК) пен мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК) үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Егер ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркеуге болады?- Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі, - деді спикер.Мопедті басқару үшін куәліктің қандай санаттары қажет?- "Жол жүрісі туралы" заңға сәйкес мопедті басқару үшін А1 санаты бар куәлік қажет. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол да мопедті басқара алады, - деді полиция полковнигі.Мопедтерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қандай тәртіппен беріледі?- Мопедтерге мемлекеттік нөмір беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, яғни жүйе автоматты түрде нөмірді таңдайды. Мысалы, дәл осындай тәсіл мотоциклдерге де қатысты қолданылған, - деп жауап берді ведомствоның ресми өкілі.⁠5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген?- Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл), - деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/938134
Құрастырмалы темірбетон конструкцияларының сейсмикалық төзімділігіне сынақтар жүргізілді 15.02.2025
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арналған ілінетін темірбетон панельдерінің эксперименттік сынақтарын жүргізді. Бұл эксперименттік-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты сейсмикалық қауіптілігі 9 баллға дейінгі алаңдарда тұрғызылған қатаң жобалық схемалары бар ғимараттарға арналған сыртқы темірбетон қабырғалық панельдердің жобалық шешімдерінің тиімділігін сипаттайтын мәліметтерді алу болды.Зерттеу барысында темірбетон конструкцияларының сейсмикалық жүктемелер әсеріндегі мінез-құлқын зерттеу, темірбетон панельдері мен ғимараттың негізгі конструктивтік элементтері арасындағы қосылыстардың сенімділігін тексеру міндеттері қойылды. Сондай-ақ, сейсмотұрақтылықты қамтамасыз ететін оңтайлы құрылымдық шешімдерді анықтау және антисейсмикалық күшейтуге кететін шығындарды азайту міндеттері де болды. Темірбетон панельдерінің құрылымдық шешімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстанның сейсмотұрақты құрылысында ілінетін темірбетон панельдерін қолданудың тиімді салаларын анықтау қажет болған.Қасбет жүйелерін эксперименттік зерттеу екі қабатты болат қаңқадан тұратын арнайы сынау орнында жүргізілді. Сейсмикалық жүктемелерді модельдеу үшін стендтің төбесіне В-2 вибромашинасы орнатылып, тербеліс туғызды. Бұл ілінетін темірбетон панельдеріне динамикалық жүктеме түсіруге және олардың ғимарат жүйесіндегі мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/937725
Ресейдің Россельхознадзор ведомствосының қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы транзитіне қатысты түсіндірмесіне байланысты 15.02.2025
2025 жылғы қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ресей Федерациясының министрі Оксана Лут арасындағы келіссөздер барысында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері шешілді. Россельхознадзор тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қатысты сұраққа жауап бере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров Ресей тарапынан транзитке қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеулер қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық болып табылмайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхознадзор өкілдерінің қатысуымен жағдайды реттеу бойынша келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/938118
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді 15.02.2025
📌 Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Сергеев су торабына барды, сондай-ақ Петропавл қаласында 1-ші көтергіш сорғы стансасы мен бөгеттің бекінісін реконструкциялау барысын тексерді. Бұл нысандар елді мекендерді су тасқынынан қорғауда және жергілікті тұрғындарды сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жұмыс сапарының мақсаты – Мемлекет басшысының су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстарын үйлестіру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын бақылау. Гидротехникалық нысандардың жай-күйіне және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге назар аударылады. 🔷 Сергеевка қаласында негізгі ведомстволар мен қызметтердің өкілдері су торабын жөндеу бойынша ағымдағы қызмет туралы баяндады. Сергеев су торабы Есіл өзені ағынының негізгі реттеушісі болып саналады. Ол Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай және Ақмола облыстарын сумен жабдықтауды, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тюмень облысына кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай су шаруашылығы кешенін құра отырып, Петропавл су торабымен каскадты жүктеме жұмысын жалғастыруда. Өткен жылғы су тасқыны кезінде Сергеев су торабының төменгі саласында мол көлемдегі су мен мұздың түсуі нәтижесінде сол жағалаудағы топырақ шайылып кетті. Петропавл су торабында бүліну болған жоқ. ✔️ 2024 жылы Үкімет республикалық бюджеттен гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеуге және Сергеев пен Петропавл су тораптарында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге 278,5 млн теңге бөлді. Жағалау беткейлерін бекіту үшін бұл нысандарға 1,4 мың м3-тен астам ірі кесек тастар әкелінді, Сергеев су құрылысы бөгетіне жақын төменгі саласына түбін тереңдету жұмысы жүргізілді, 940 м3 топырақ қоспасы қазып алынды. 🔘 «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин қазіргі уақытта екі су торабы да қанағаттанарлық жағдайда және штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын баяндады. Биыл қосымша 14 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. 🔘 Өз кезегінде «Қазгидромет» филиалының басшысы Қымбат Мерғалимова жауын-шашын мөлшері әсіресе, оңтүстік және шығыс аудандарда нормадан көп болатынын айтты. Қатты жауын-шашын ақпан айының ортасы мен аяғында, айдың бірінші және екінші онкүндігінде температураның төмендеуімен болжануда. Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан аудандар үшін су тасқыны қаупі жоғары болып қала береді.«Сергеев су торабы – су тасқыны қаупі бар аймақтағы стратегиялық нысан, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге де жауапты. Егер судың толу деңгейі 2 метрден асатын болса, орталыққа және жеке маған шұғыл хабарлауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңірдегі су шаруашылығы объектілерін нығайтуды жалғастыру, сондай-ақ цифрлық шешімдерді белсенді енгізу, батиметриялық түсірілім жүргізу тапсырылды. ➡️ Премьер-министрге жасанды құрылыстар, оның ішінде Сергеев және Петропавл су тораптары бойынша ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейту туралы баяндалды. Мәселен, ауыр жүктерге арналған салмақ шектеулері белгіленді, көлік инспекциясының жылжымалы бекеттері жұмыс істейді. 📱 @KZgovernment 📌 Петропавл қаласында Премьер-министр реконструкциялау барысын тексеріп, былтырғы су тасқыны кезінде апатты түрде сөніп қалған 1-ші көтергіш сорғы стансасының жаңа технологиялық жабдықтарымен танысты. 70-ші жылдары салынған сорғы стансасы 50 жыл бойы жөнделмеген. ✔️ Аяқталған реконструкцияның нәтижесінде құрғақ жерде және су астында жұмыс істей алатын 2 сорғы орнатылды. Сондай-ақ сыртқы әсерлерден және механикалық зақымданудан қорғау үшін электр кабельдері жер астымен жүргізілді. Бұл шаралар су басқан жағдайда да электр энергиясының тұрақты берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 🔘 Жұмыс сапары аясында Премьер-министр су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындықпен, ықтимал тасқын сулардан қорғауға арналған техника мен материалдардың дайындығымен танысты. ✔️ Петропавл қаласын айналып өтуді Есіл өзені арқылы жол көрсеткіш құрылысымен реконструкциялау бойынша қазіргі уақытта жобаның ТЭН әзірленді. Бұл жол Щучинск, Көкшетау және Петропавлды Ресей Федерациясының шекарасымен, оның ішінде облыс орталығындағы Есіл өзені арқылы өтетін екі көпірдің бірімен байланыстыратын Орталық-Солтүстік көлік дәлізінің бөлігі саналады. Су тасқыны кезеңінде ол қорғаныс бөгеті қызметін атқарады, бірақ 2024 жылы су деңгейінің көтерілуіне байланысты толып кетіп, Подгора ауданын су басқан болатын. ✔️ Мұндай келеңсіз оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Есіл өзенінен өтетін көпір салу арқылы қаланы айналып өтетін жолды реконструкциялау жоспарланған. Құны 71 млрд теңге болатын жоба бірінші кезеңде республикалық бюджеттен қаржыландырылып, 18 млрд теңге бөлінді. ➡️ Сонымен қатар Премьер-министрге ЖИ элементтері бар технологиялық мүмкіндіктер таныстырылды. Атап айтқанда, «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы. Бүгінде бұл жүйе Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді қолданылады. Биылдан бастап оны СҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау үшін, одан әрі өзге де су тасқыны қаупі бар өңірлерге кеңейту үшін іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ ақпаратты жедел беру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылатын болады, олар ақпаратты сол орыннан жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қызметтердің әрекеттерін үйлестіруге жағдай жасайды. 📱 @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/938000
Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді 15.02.2025
📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 🔘 «Қазгидромет» РМК-ның алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес ақпан айында ауа райы жылы болады, жауын-шашын мен температураның өзгеруі күтілуде, соның салдарынан мұз қатуы мүмкін. Наурызда ауа райының жылыну және жауын-шашынның көп болуы су тасқыны қаупін арттырады. Экология және су ресурстары министрлігінің деректері бойынша ылғалдылық көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының батыс бөліктерінде және Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының тау бөктеріндегі аудандарында норма шегінен жоғары екені байқалады. Сонымен қатар бірқатар өңірде топырақтың қату тереңдігі өткен жылмен салыстырғанда төмен. ➡️ Экология және табиғи ресурстар министрі Еран Нысанбаев биылдан бастап бастап су тасқыны кезеңіне арналған жалпыланған гидрологиялық болжамға қоса, әр аймақ бойынша егжей-тегжейлі ақпарат пен кеңестер жеке-жеке беріліп жатқанын баяндады. Олар қауіпті аймақтарда орналасқан нақты елді мекендерді көрсете отырып, судың ең жоғары деңгейі мен шығынын, гидрологиялық бекеттердегі ағынның көлемін және су тасқыны басталуының болжамды күндерін көрсетеді. Сондай-ақ метеостансалар деректері негізінде гидрологиялық бақылаумен қамтылмаған аумақтардағы еріген судың күтілетін көлемі туралы ақпарат беріледі. 🔷 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Tasqyn су тасқынын болжаудың жаңа ақпараттық жүйесі сияқты цифрлық шешімдерді енгізу туралы хабарлады. Өзендердің 128 учаскесіндегі 142 гидробекетте су тасқынын модельдеу жүргізіледі. Сонымен қатар су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері бойынша жедел мәлімет автоматтандырылған және қауіп-қатерді ертерек ескертуге мүмкіндік беретін GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен біріктірілген.🔷 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың дайындығы туралы баяндады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бүгінде 74 нысан қалпына келтірілді, 46-сы жөндеу сатысында, 18-інің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Стратегиялық маңызы бар учаскелерді қоса алғанда, 1 мың шақырымнан астам каналдар, 153 мың шақырымнан астам өзен арналары тазартылып, 205 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы көлемі 245 млн м3 болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 312,4 шақырым 59 қорғаныс бөгетін қалпына келтіру аяқталу сатысында тұр. Барлық су қоймаларындағы жұмыс режимі жіберілетін су мөлшері бойынша есептеліп жасалды. Трансшекаралық ынтымақтастық аясында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету және су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу үшін іргелес елдермен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.🔷 Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің мәліметінше, бүгінде су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылды, 822 шақырым су бұру жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль және темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық аумақта түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар барлық өңірде тасқынның алдын алу шаралары толық көлемде аяқталған жоқ. Бұл Үкімет Аппараты мен ТЖМ бірлескен тексеру барысында анықталды. Бақылауды ТЖ алдын алу комитеті жүзеге асырады, ол тиісті шараларды, соның ішінде әкімдердің әкімшілік жауапкершілігін қабылдайды.📌 Премьер-министр Шардара су қоймасынан су жіберудің артуына және Сырдария өзеніндегі жартылай мұз қатуына байланысты қауіпті ескере отырып, Қызылорда облысында су тасқыны кезеңінің өтуіне қатысты мәселе көтерді. Сондай-ақ су тасқыны қаупі бар Атырау және Қостанай облыстарына да назар аударылды. Аталған мәселелер бойынша өңір әкімдері тыңдалды. Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев түсініктеме жасады. «Қазір су тасқыны кезеңіне сақадай-саймыз деп айтуға әлі ерте. Осы күнге дейін тиісті шешімдер қабылданбаған бірқатар мәселе бар. Бұл әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарға қатысты. Қазір, ең алдымен, елді мекендердің су тасқынына нақты дайындық деңгейін тексеру керек. Әрбір елді мекенге барып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты саралап, тиісті шаралар қабылдайтын өңірлік комиссиялар құруды тапсырамын. Барлық әкім тікелей жауап береді. Сондықтан жұмысты жандандырып, су тасқынына қарсы белгіленген шараларды нақты іске асыру қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр: 🔵 Өңір әкімдіктері 1 наурызға дейін су тасқынының алдын алу және жою үшін барлық қажетті ресурстарды дайындасын. Елді мекендерден қарды ертерек шығару қажет. Су бұру арналары мен арықтарды дайындау, нөсер кәріздерін тазарту керек. Су тасқыны қаупі бар елді мекендер топырақ үйінділерімен және арнайы қорғаныс бөгеттерімен бекітілуі тиіс. Азық-түлік, жанар-жағармай, дәрі-дәрмек және азаматтардың тыныс-тіршілігіне қажетті құралдар қорларын дайындау, қажет болған жағдайда өзендерде алдын ала жарылыс жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 🔵 Су ресурстары және ирригация министрлігі болжамды деректерді ескере отырып, су қоймаларындағы судың жиналу көлемін анықтап, оларға тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда суды алдын ала және қауіпсіз жіберу бойынша шаралар қабылдау қажет. Шекара маңындағы мемлекеттермен бірлесе отырып, трансшекаралық су айдындарында қауіптердің туындауы туралы мәліметтермен үнемі өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру керек. 🔵 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ТЖМ және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, су басуы ықтимал аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу жөніндегі іс-қимылдарды айқындау және болжау үшін Tasqyn ақпараттық жүйесінің әлеуетін пайдалансын. 🔵 Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының жедел әрекет ету дайындығын қамтамасыз етсін. ІІМ-мен бірлесіп, құтқару жасақтарын тарту, оның ішінде әуе кемелерімен тасымалдау алгоритмдерін әзірлеу, су басу қаупі төнген жағдайда азаматтарды уақтылы эвакуациялау мәселелерін пысықтау қажет. Сондай-ақ адамдарды қауіпсіз аймаққа жеткізуге арналған эвакуациялық пункттер мен техниканың дайындығын тексеру қажет. 🔵 Мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнаманы талдап, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Сонымен қатар өткен жылғыдай су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою бойынша республикалық штаб құру тапсырылды. 📌 Премьер-министр әкімдер мен ведомстволарға су тасқыны кезеңіне дайындықты наурыз айының басына дейін аяқтауды тапсырды. 📱 @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/938009
Премьер-Министр СҚО-да жұмыс сапарымен болды 15.02.2025
Бүгін облысқа ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс бабымен келді. Сапар барысында Үкімет басшысы Сергеев су торабында болып, тасқынға қарсы іс-шараларға дайындықты, техника мен материалдардың қажетті деңгейде болуын тексерді. Сондай-ақ Петропавлда бірінші көтергіш насос станциясының жаңғыртылуымен танысты.Насос станциясы Есіл өзенінің су деңгейінің шектік деңгейге көтерілу қауіптерін ескере отырып жобаланған. Еуропалық насос қондырғылары су басқан жағдайда да жұмыс істей алады. Қашықтан басқару мүмкіндігі де қарастырылған. Станцияның суға кетуден қорғау үшін 4,5 метр болатын бөгет күшейтіліп, габионды конструкциялар қолданылған. Бұл технология тиімді болып табылады, өңірде алғаш рет қолданылып отыр. Сонымен қатар, станцияның тұрақты электрмен қамтамасыз етілуі үшін жер асты кабелі жүргізілген.Бұдан басқа, қала айналма жолын қайта құру және Есіл өзені арқылы көпірді салу жоспарланған. Петропавл су торабының жанынан айналма арна салынуда, бұл қаладағы шағын аудандарды су басу қаупін төмендетуге бағытталған.Сондай-ақ Премьер-Министрге жасанды интеллект элементтері бар технологиялық мүмкіндіктер ұсынылды. Мысалы, «Біртұтас дрондар инфрақұрылымы» жобасы. Биылдан бастап бұл жүйе СҚО-дағы тасқын жағдайын бақылауда қолданылып, кейін қауіп бар басқа да өңірлерде де кеңейтілмек. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қызметтердің іс-әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді.Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында өңірлердің тасқынға дайындығы мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Үкімет басшысы елді мекендерге дайындық деңгейін тексеруді, өңірлік комиссиялар құруды және әрбір елді мекенді аралап, қауіп-қатерлерді зерттеп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Сапар барысында Премьер-Министр бизнес қауымдастығымен кездесу өткізіп, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады, салық-бюджет реформасына қатысты сұрақтар бойынша кең ауқымды пікірталас болды, кездесу конструктивті диалог форматында өтіп, сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/938053
Алматыда жаңа оқу жылына дейін Жетісу ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысының мәлімдеуінше, аудан халқының өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында мектептер мен балабақшаларды салу және реконструкциялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Айта кетейік, бүгінде ауданда 3,3 мың оқушы орны жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қыркүйегінде №103 мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінде 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.Бұған қоса, №43 мектепке 280 орындық қосымша ғимарат салу үшін 2024 жылдың шілде айында ЖСҚ әзірлеу басталды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған соң биыл тамызда құрылыс жұмыстары басталады. Нысанды 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.№112 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары бұған дейін «SheberBuild» ЖШС-ның келісімшарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты тоқтатылған болатын. 2024 жылдың наурызында жаңа мердігер анықталып, құрылыс қайта жалғасады. Қосымша құрылысты аяқтау жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоспарлануда.Қосымша ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейін негізгі мектеп ғимаратын реконструкциялау жұмыстары басталады.Қабылданып жатқан шаралардың арқасында Алматы мектептерін бір ауысымды оқу жүйесіне көшіру жалғасуда. Келесі оқу жылында 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і бір ауысымды оқыту жүйесіне (өсім 12,5%-дан 18,4%-ға дейін) көшеді.Мектеп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Былтыр 89 мектепке 168 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды, бұл заманауи жабдықталған кабинеттердің үлесін 86,3%-ға дейін арттырды.Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайту үшін былтыр Айнабұлақ шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша ашылды. Осы жылдың тамызында №163 балабақша ғимаратын 380 орынға қайта жаңарту және Ратушный көшесі, 139 мекенжайындағы 280 орындық балабақша үшін сатып алынған ғимаратты реконструкциялау жұмыстары басталады.Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937903
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы биыл аяқталады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты.Шаһар басшысы былтыр ауданда 21 км болатын 29 көше орташа жөндеуден өткенін, биыл 36 көшеде 19 км жолды жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу аясында 2024 жылы 30 мың ш.м. жол жабыны жаңартылды, ал осы жылы тағы 35 мың ш.м. жол жөнделмек. Былтыр 34 км арық жүйесін салу нәтижесінде аудандағы барлық су басу қаупі бар аймақтар жойылды.«Былтыр Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірді тексеру нәтижесінде бетон құрылымдардың қатты зақымданғаны және тіректерде жарықтар пайда болғаны анықталды. Небәрі 6 ай ішінде жаңа көпір салынып, жол ені 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. 2025 жылдың маусымында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы аяқталады. Бұл көлік торабының өткізу қабілеті 20%-ға артып, Жетісу ауданының басқа бөліктермен байланысын айтарлықтай жақсартады», – деді Ерболат Досаев.Кездесу барысында Алматы әкім ауданның қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. Өткен жылы қаладағы автобустар саны 1 509-дан 1 740-қа дейін көбейтілді, бұл 11 жаңа маршрут ашуға және 44 қолданыстағы бағытты күшейтуге мүмкіндік берді.Жалпы, биыл қалалық қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937906
Алматының Жетісу ауданында инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ауқымды жоба биыл басталады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі нәтижелер мен жоспарлар туралы хабарлады.Сапалы инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін Алматыда жаңа желілерді қайта құру және салу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Жетісу ауданында 2024 жылы 47 км сумен жабдықтау (28 км) және су бұру (19 км) желілері салынды, бұл 36 көшеде 3,8 мың абонент үшін орталықтандырылған желілерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 55 көшеде 60 км сумен және 71 км су бұруды қоса алғанда, тағы 131 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Қала басшысы тұрғындардың өздері шаруашылық тәсілмен салған ескі инженерлік желілер 30 жылдан астам уақыт пайдаланылған көшелердегі инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың маусым айында Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Сүйінбай көшелерінің алаңында 4 мыңнан астам абонентті қамти отырып, жаңа 25 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталады. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың тамызына жоспарлануда.Сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Айнабұлақ 2-3, Көкмайса ш/а және Бродский, Макаренко, Рысқұлов көшелерінде 11,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2025 жылға арналған жоспарда – Айнабұлақ-1-де 1 км жылу желілерін қайта жаңарту, жұмыстар жылыту маусымы мамыр айында тоқтағаннан кейін басталады және 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.Жалпы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы 260 км жаңа құрылыс салу және 87 км қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937907
Алматының Жетісу ауданында биыл сәуір айында күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашылады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып берді.Жетісу ауданында 2024 жылы сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін екі жаңа медициналық мекем ашылады: Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория, оның сыйымдылығы 200 келушіге және Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана.Бұдан басқа, 2025 жылғы сәуірде күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашу жоспарлануда: Нүсіпбеков көшесі бойында 200 келушіге, Омаров көшесі бойында 300 келушіге және 230 келушіге арналған №21 емханалар. Бұл нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауданда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңғыртудан кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды.Айта кету керек, әлеуметтік инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікті дамыту халық алатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады, қолайлы жағдайлар жасайды және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937908